Алғашқы орындағы фармацевттің негізгі қателіктері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
2.1. 182-бап. Фармацевтика қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері.
2.2. Фармацевттердің кәсіби қызметтеріндегі негізгі тапсырмалары
2.3. Алғашқы орындағы фармацевттің негізгі қателіктері
ІІІ Қорытынды
ІV Пайдаланылған әдебиеттер

І Кіріспе
Қазақстанда сұранысқа ие мамандар тізімінде "Фармацевт" мамандығы басқа медициналық мамандықтар қатарына қарағанда неғұрлым сұранысқа ие ондыққа кіреді.
Фармацевт деген кім? Фармацевт (гректің pharmakeutes сөзінен шыққан, емдік заттарды, дәрілерді дайындаушы) - фармацевтикалық қызметпен айналысуға құқы бар, жоғары немесе арнайы фармацевтикалық білімі бар маман.
Фармацевт дәрілік түрлерді дайындау және халықты сапалы дәрі-дәрмекпен қамту және емдеу-алдын алу мекемелеріне жіберу, сондай-ақ дайын дәрілік түрлер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды босату жөніндегі маман.
Фармацевтің міндетіне халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру, дәрілік препараттарға және медициналық мақсаттағы бұйымдарға сұранысты айқындау, сол немесе өзге дәрілік препараттарға қажеттілікті айқындау және дәрілік заттардың қорын толықтыруды жүзеге асыру кіреді. Фармацевт өз кәсіби қызметінде этика және деонтология принциптерін ұстануы тиіс. Осы сөздерге анықтама беріп кетсем,
Фармацевтикалық этика- ол фармацевтикалық қызметкерлердің өз қызметін атқаруда қоғаммен, науқаспен, әріптестерімен, өзге топ адамдарымен қарым-қатынасында ұстанатын өнегелі мінез-құлқының формальды емес нормасының жиынтығы.
Фармацевтикалық деонтология - этиканың бір бөлімі болып саналады, бұл жерде мамандардың парызы және міндеттері әлеуметтік қажеттілікке сәйкес қаралады. Ол мамандардың моральды-этикалық мәдениетін, олардың кәсіби тәртібін және бір мамандық ішіндегі әріптестердің қарым-қатынастарын қарастырады.

ІІ Негізгі бөлім
2.1. 182-бап. Фармацевтика қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасында 2008ж. ҚР медицина және фармацевтика қызметкерлерінің беделі туралы кодексі жасалды, ол 2009 жылы Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодекстің 182 бабына енгізілді.
1. Фармацевтика қызметкерлерінің құқықтары:
1) кәсіптік қызметін жүзеге асыру үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілуге;
2) жеке медициналық практика мен фармацевтикалық қызмет жүргізуге;
3) бес жылда кемінде бір рет бюджет қаражаты есебінен немесе мемлекеттік емес денсаулық сақтау секторы ұйымдарының қызметкерлері болса, жұмыс берушінің есебінен біліктілік деңгейін арттыруға;
4) штат санының қысқаруына немесе мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының таратылуына байланысты қызметкер босап қалған жағдайда, бюджет қаражаты немесе жұмыс берушінің есебінен қайта даярлаудан өтуге;
5) еңбек (қызметтік) міндеттерін атқаруына байланысты өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтетуге;
6) азаматтың өміріне қауіп төнген жағдайларда ұйымдарға немесе азаматтарға тиесілі байланыс құралдарын, сондай-ақ қолда бар көліктің кез келген түрін оны таяу жердегі медициналық ұйымға жеткізу үшін кедергісіз және тегін пайдалануға;
7) қызметтік тұрғын үй берілуге;
8) жүріп-тұру сипатындағы қызметіне байланысты көлік шығыстарын өтетуге;
9) кәсіптік міндеттерін жоғары сапалы деңгейде орындағаны үшін көтермеленуге;
10) өзінің кәсіптік ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғауға;
11) медицина қызметкері тарапынан ұқыпсыз немесе немқұрайлы көзқарас болмаған кезде, азаматтың денсаулығына келтірілген зиян үшін кәсіптік жауапкершілікті сақтандыруға құқығы бар.
3. Мемлекеттік денсаулық сақтау секторы ұйымдарының ауылдық жерде және қала үлгісіндегі кенттерде жұмыс істейтін медицина және фармацевтика қызметкерлеріне мынадай әлеуметтік қолдаудың қосымша шаралары ұсынылады:
1) жергілікті өкілді органдар айқындайтын мөлшерде лауазымдық айлықақыға қосымша ақы;
2) коммуналдық қызметтерге және отынға арналған шығыстарды облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті өкілді органдары белгілеген мөлшерде бюджет қаражаты есебінен өтеу;
3) жеке меншігінде малы барлар жергілікті өкілді және атқарушы органдардың шешімі бойынша жемшөппен, мал жаюға және шөп шабуға арналған жер учаскелерімен қамтамасыз етіледі;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жеңілдіктерден басқа, денсаулық сақтау қызметкерлеріне жергілікті өкілді органдар жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен қосымша жеңілдіктер белгілеуі мүмкін.
6. Фармацевтика қызметкерлерінің міндеттері:
1) өздерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындауға, пациенттерге құрметпен және ізгілікпен қарауға, медициналық этика және деонтология қағидаттарын басшылыққа алуға;
2) аурулардың профилактикасына және азаматтардың денсаулығын нығайтуға жәрдемдесуге, медициналық көмек көрсетуге;
3) шұғыл жағдайларда халыққа кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсетуге;
4) халық арасында медициналық білімді және саламатты өмір салтын насихаттау жөніндегі жұмысты жүргізуге;
5) медицина және фармацевтика қызметкерлерінің Ар-намыс кодексін сақтауға, дәрігерлік құпияны сақтауға, азаматтардың аурулары, ішкі және отбасылық өмірі туралы мәліметтерді жария етпеуге;
6) өзінің кәсіптік деңгейін үздіксіз, оның ішінде әрбір бес жыл сайын біліктілігін арттырудан өту арқылы дамытуға және арттыруға;
7) қажет болған жағдайларда консультация алу үшін басқа бейіндегі немесе біліктілігі неғұрлым жоғары мамандарды тартуға міндетті.

2.2. Фармацевттердің кәсіби қызметтеріндегі негізгі тапсырмалары.
1. Халықты дәрілік заттармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру бойынша шараларды жүзеге асырады.
2. Тауарларды қабылдауға, оларды сақтау орындарына орналастыруға қатысады, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды физика-химиялық қасиеттеріне және сақтау ережелеріне сәйкес сақтау шарттарын қамтамасыз етеді.
3. Дәрілік заттарды өндіру, тасымалдау, сақтау және сату кезеңдерінде олардың сапасын бақылауды жүзеге асырады.
4. А және Б тізімдеріндегі дәрілік заттардың бір реттік және тәуліктік дозаларын бақылайды, препараттың жалпы салмағы мен көлемін және оның жекелеген ингредиенттерін салмақ, көлем және тамшылар бойынша есептейді. Дәрілік заттардың сақтау мерзімін бақылау.
5. Жұмыс орнында фармацевтикалық тәртіп пен санитарлық-гигиеналық режимнің сақталуын қамтамасыз етеді.
6. Қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария талаптарын орындайды.
7. Кәсіби қарым-қатынастың моральдық нормаларына сақтайды.
8. Еңбекті ұтымды ұйымдастыруды жүзеге асырады.
9. Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар, оларды қолдану және үйде сақтау туралы халық арасында санитариялық-ағарту және ақпараттық жұмыстар жүргізеді.
10. Төтенше жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсетеді.

0.3. Алғашқы орындағы фармацевттің негізгі қателіктері
Медициналық қателіктер мен дәрігердің жауапкершілігі туралы алғаш рет ескі заңдар кодексінде - біздің дәуірімізге дейінгі XVIII ғасырда Вавилондық әулет патшасы Хаммураби кодексінде айтылды. Оның базальт тірегінде жазылған 282 заңының бірінде былай делінген: Егер дәрігер қола пышақпен ауыр кесу жасап, адамды өлтірсе немесе адамның көзіне зақым келсе, саусақтарын кесіп тастау керек. Мұндай керемет жауапкершілік: бір ғана қателік жіберілді, сіз өз тәжірибеңізбен қоштаса аласыз, өйткені дәрігерге саусақтарсыз жұмыс істеу мүмкін емес.
Дәрігерлер мен фармацевттердің қателіктері әлемнің көптеген елдерінде денсаулық сақтау саласындағы маңызды мәселелердің бірі болып қала бермек. Дәрілік терапиядағы қателіктер сияқты проблема өте қиын мәселелердің бірі. Қорқынышты талидомид трагедиясын еске алсақ (1956-1962 жж.), талидомидті жүкті әйелдерге тағайындағаннан кейін әлемнің бірнеше елінде туа біткен кемістігі бар 12 мыңға жуық бала дүниеге келді, алғашқы рет дәрі-дәрмек терапиясының асқынуларын анықтау және алдын алу үшін арнайы фармакологиялық бақылау қызметі құрылды. Ойланарлық жағдай дәрі - дәрмек дұрыс берілмегендіктен қанша бала туа біткен кемістікпен дүниеге келді. Статистикаға жүгінер болсақ, Америка Құрама Штаттарында госпитализацияның 5% -ы дәрілік асқынуымен байланысты, дәрінің әсерінен жағымсыз реакциялармен ауруханаға жатқызылған науқастардың 10-20% -ында кездеседі. Есіңізде болсын, АҚШ-та дәрі-дәрмекті дұрыс пайдаланбау салдарынан жыл сайын 7000 адам қайтыс болады; бұл жұмыстағы өліммен салыстырғанда 16% -ға көп.
АҚШ Ұлттық ғылым академиясының мәліметі бойынша жыл сайын АҚШ ауруханаларында фармацевтикалық қателіктер салдарынан 44 пен 98 мың адам қайтыс болады. Негізгі себептер - дәрі-дәрмектің дұрыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фармацевтикалық кеңес беру
Фармацевттің психологиялық дайындығы
Фармацевтикалық этика және деонтология
Чехов әңгімелеріне талдау
Сұрақ сөздер
Қазақстанның сыртқы саясатындағы Жапония рөлі
Өлшеу құралдарын метрологиялық аттестациялау және сынау
Тәуекелдікті басқару жүйесі
Компьютерлік желілерде ақпартты қорғаудың түсінігі мен тәсілдері
Техникалық ақпарат құралдары
Пәндер