Дәрілік формалардың классификациясы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
2.1. Дәрілік формалардың классификациясы
2.2 Рецепт және олардың жазылу ережелері

2.3. Рецептте дәрілі заттарды жазудағы септіктердің рөлі
ІІІ Қорытынды
ІV Пайдаланылған әдебиеттер

І Кіріспе
Дәрілік заттар жайлы мәліметтер біздің жыл санауымыздан 4-5 ғ. бұрыннан белгілі. Дәрілік заттар жайлы еңбек жазған - Гиппократ, Галеннің және Ибн Синаның еңбектері бәрімізге мәлім, дәрілік өсімдіктерді зерттеуге, дәрілік заттарды жасап дайындауға үлесін тигізген. Галеннің пікірінше, табиғатта дайын тұрған дәрі-дәрмек жоқ, бірақ өсімдіктер мен жануарлар организмінде сол дәрілік заттарды жасауға қажетті заттар бар. Гален сол шипалы заттарды бөле бастады. Сөйтіп дәрілік заттар жасау технологиясы күрделеніле басталды. Осылайша, ұлама ғалымдардың арқасында, 19 ғ-дын ортасында Фармокология ғылымы дамыды.
Дәрілік зат -бұл ауруды емдеу және оның алдын алу үшін қолданылатын зат. Дәрілік препарат бұл құрамында бір немесе бірнеше дәрілік заттары бар және белгілі бір дәрілік формада шығарылатын препарат.
Химиялық құрылымына қарай дәрілік заттар бірнеше топқа бөлінеді. Мысалы: фурфуролдың, имидазолдың, пиримидиннің туындылары деп.
Қолдануынада байланысты дәрілік заттар. Мысалы, антибиотиктер, антисептикалық дәрі-дәрмектер, қызу басатын дәрі-дәрмектер, наркоз дәрілер және т. б. Бұл жіктелуді фармакологиялық жіктелуі деп атайды.
Бұдан басқа дәрілік заттар қолдану тәсіліне байланысты (ішке, сыртқа, тамырға құйылатын, бұлшық етке салынатын т.б.), шығару қалыпына байланысты (ұнтақ, таблетка, пилюля, микстура, тұнба, тұндырма, ерітінді, паста, крем, май тәрізді т. б.),

ІІ Негізгі бөлім
2.1. Дәрілік формалардың классификациясы
Дәрілік форма - дәрілік препараттарға қажетті емдік немесе профилактикалық эффектке қол жеткізуі мүмкіндік беретін, практикалық қолданысқа ыңғайлы формалар.
Қазіргі кезде дәрілік формалардың классификациясының төрт түрін қолданады: агрегаттық күйі бойынша, қолдану тәсіліне немесе дозалау әдісіне байланысты, ағзаға енгізу тәсіліне байланысты, дисперсологиялық.
Ағзаға енгізу әдісіне байланысты келесі дәрілік формаларды ажыратады:
1) пероральді - ерітінділер, суспензиялар, эмульсиялар, тұнбалар, қайнатпалар, ұнтақтар, дәрілер, желе, гранулалар, капсулалар, микрокапсулалар.
2) инъекционды - еріту және имплантация үшін арналған ерітінділер, суспензиялар, эмульсиялар, ұнтақтар, дәрілер.
3) ингаляционды - аэрозольдар, инхалерлар.
4) сублингвальды - драже, дәрілер, капсулалар.
5) перкутанды - мазьдар, кремдер, линиментер, пасталар, көбікті және көбік
түзгіш аэрозолдар, жабыстырғыштар.
6) ректальды - суппозиториялар, капсулалар, мазьдар, азрозолдар, микроклизмалар.
7) вагиналық - суппозиториялар, дәрілер, түйіршіктер, эмульсиялар, суспензиялар.
8) көздік - ерітінділер, мазьдар, қабықшалар, қарындаштар.
Дәрілік форма қолдануға ыңғайлы етіп шығарылатын дәрілік препараттың түрі. Дәрілік формалар қатты, сұйық және жұмсақ болып бөлінеді. Агрегаттық күйі бойынша дәрілік қалыптар:
* Қатты
* Сұйық
* Жұмсақ
* Газ тәрізді

Қатты түрдегі дәрілік формаларға:таблетка, драже, ұнтақтар жатады. Бұлардың ішінде таблетка мен драже кеңінен қолданылады, олар қолдану және сақтау үшін қолайлы. Қазіргі кезде ішуге арналған дәрі дәрмектердің көпшілігі таблетка және драже түрінде шығарылады, тек таблетка немесе драженің құрамында дәрілік заттардың қажетті мөлшері болмаған жағдайда ғана ұнтақ түрінде беріледі.
Сұйық түрдегі дәрілік формаларға:ерітінділер, эмульсиялар, суспензиялар, тұндырма мен қайнатпалар, тұнбалар, экстракттар, микстуралар, линименттер жатады.
Жұмсақ түрдегі дәрілік формаларға:майлар, паста мен ем балауыздар жатады.

Қатты дәрілік қалыптардың классификациясы:
Таблетка - Тabuletta
Таблеткалар - мөлшерленген дәрілік нысан, пресстеліп алынатын дәрілік заттар мен қосымша қосылыстардан тұратын; ішкі, сыртқы немесе инъекционды (еріткіште еріген кезде) қолданылуға арналған.
Гранула - Granulum
Гранула - қатты дәрілік форма, капсуланың ішінде болатын майда бөлшектер.
Ұнтақ - Pulvis
Ұнтақ - бір немесе бірнеше ұсақталған заттардан тұратын, ішке немесе сыртқа қолдануға арналған қатты дәрілік түр.
А) Қарапайым ұнтақтар - құрамында тек бір ғана зат болады.
B) Күрделі ұнтақтар-құрамында екі және одан да көп заттар болады.
C) Мөлшерде бөлінген ұнтақтар. Мөлшерлі ұнтақтың орташа салмағы 0,3 - 0,5 г болады.
Драже - Dragée
Драже - ішкі қолдануға арналады, дәрілік заттарды бірін үсті бірін қатпарланып гранулалар жасалынады. Бір драженың құрамында 10-ға дейін дәрілік препараттар болады.
Капсула - Capsula
Капсула - қатты немесе жұмсақ желатинді қабықтан тұратын мөлшерленген дәрілік түр. Капсулада жағымсыз иісі, дәмі бар немесе тітіркендіргіш әсері бар дәрілік заттарды шығарады.
Пилюля - Pilula
Пилюля - бұл салмағы 0,1-ден 0,5 г-ға дейінгі тығыз шариктер түрінде ішке қабылдауға арналған мөлшерленген қатты дәрілік түрі. Массасы 0,5 г жоғары болса - болюса деп атайды, ал 0,1 . болған жағдайда - гранула.
Дәрілік қарындаштар
Дәрілік (медициналық) қарындаштар - қалыңдығы 4 -8 мм , ұзындығы 10 см жететін дөңгелектенген цилиндрлік таяқшалар.
Дәрілік пленкалар
Дәрілік пленкалар - полимерлі , қабыршақты дәрілік формалар.

Жұмсақ дәрілік қалыптардың классификациясы:
Жақпа май - Unguentum
Жақпа май - теріге, жараларға және шырышты қабықтарға жағуға арналған, сыртқы қолдануға арналған жұмсақ дәрілік түрі.
Паста - Pasta
Паста - жақпа майдың құрамында 20-25% ұнтақ тәрізді заттардың болуы.
Суппозиторий - Suppositorium
Суппозиторий - бөлме температурасында қатты, дене температурасында еритін немесе ыдырайтын, дене қуысына енгізу үшін қолданылатын мөлшерленген дәрілік түрлер.
Пластырь - Emplastrum
Пластырь - теріге жабысу қабілеті бар, сыртқа қолдануға арналған дәрілік түр.

Сұйық дәрілік қалыптардың классификациясы:
Сұйық дәрілік қалыптар - ол ерітіндідегі еріткіштердің қосылыстары. Олар өсімдік материалынан алынады. Сұйық дәрілік формула дәріханаларда жасалатын 60% дәрі-дәрмектерін құрайды.
Сұйық дәрілік формула былай бөлінеді:
1. Сыртқы қолданыстағы дәрі-дәрмектер
2. Ішкі қолданыстағы дәрі-дәрмектер
3. Инъекциялық қолданыстағы дәрі-дәрмектер.
Ішкі қолданыстағы сұйық дәрілік формула - микстура (лат. mixturae араластыру) деп аталады. Мұнда дисперсиялық орта болып тек су ғана болып келеді. Микстура үш ингредиенты құралады. Жұқа ерітінділерді тұнбалы микстура деп атайды mixturae turbidae (от лат. turbidus бұлдыр). Микстуралар ас (15 мл), десерт (10 мл) және шай қасықпен (5 мл) мөлшерленеді. Ішуге арналған ерітінділерді 5-15 мл немсе шамбалы суда араластырып ішуге тамшылармен белгілейді. Тысқы қолданыстағы сұйық дәрілік формулады шаюға, тартуға, сылауға жазып береді. Олардың құрамында судан басқа этанол, глицерин, әртүрлы майлар және басқа да сұйықтықтар болуы мүмкін.
Суспензия - Suspensio
Суспензия - сұйық дәрілік түр -- суда, глицеринде, сұйық майда және т. б. суспендирленген, бір немесе бірнеше қатты дәрілік заттар бар дисперсиялық жүйе болып табылады.
Ерітінді - Solutio
Ерітінді-тиісті еріткіште сұйық, қатты немесе газ тәрізді заттарды еріту арқылы алынған сұйық дәрілік түрі. Ерітінділер ішке және сыртқа қолдануға, сондай-ақ инъекция үшін қолданылады.
Эмульсия - Emulsum
Эмульсия-екі немесе бірнеше өзара еритін біреуі екіншісінде эмульгирленген дисперсиялық жүйе болып табылатын, дозаланбаған сұйық дәрілік түрі. Эмульсиялар ішке және сыртқа қолдануға, сондай-ақ инъекция үшін қолданылады.

Тұндырма - Tinctura
Тұндырма-дәрілік өсімдік шикізатынан спирттік, Сулы-спирттік немесе спирттік-эфирлік бөлінулер болып табылатын, экстрагентті қыздырусыз және алып тастамай алынған, дозаланбаған сұйық дәрілік түрі.
Сироп - Sirūpus
Сироп-құрамында дәрілік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Драже дайындау технологиясы
Дәрілік формалар классификациясы
Дәрілік зат формалары
Негізгі дәрілік қалыптар
Полимерлердің медицинадағы рөлі
Сұйық дәрілік формалар
Сұйық дәрілік формалардың классификациясы
Ерітінділерінің қасиеттері
Дәрілік құралдарды дайындаудың тиісті тәжірибесі
Дәрілер технологиясының міндеттері
Пәндер