Жылқыны асыл тұқымды бағытта қолданудың басты міндеті асылдандыру және асыл тұқымды жас мал өсіру



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
"ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ МЕДИЦИНА КАФЕДРАСЫ"

Курстық жұмыс
Пән: Ветеринариялық гигиена.
Тақырыбы:Сверловск аймағы бойынша жұмысты-қолданбалы бағыттағы жылқы малдарына арналған қораның жобасы

Орындаған:Кәкім Темірлан
Топ: ВМ-501
Тексерген: Қойгельдинова А.С

Қолы: ________ Қолы: __________
Тапсырған күні: _________ Бағасы: _________
Күні: ____________

Семей қаласы 2017 жыл
ЖОСПАР
I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
II. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1. Жылқы малын ұстау жүйелері мен тәсілдеріне талдау жасау ... ... ... .. 4
2. Мал қораларының ішкі орналасуын сипаттау, физиологиялық кесте құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 19
3. Ауа алмастыру жүйесін есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 20
a) Су буымен алмастыру жүйесін есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
b) Көмір қышқыл газының мөлшерімен есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... .. 21
4. Жылу тепе-теңдігін есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
5. Нөлдік балансты есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
6. Қораның жасанды жарықтандырылуын есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... 25
I. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
II. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 28

КІРІСПЕ
Көптеген дамыған елдер үшін аграрлық саясаттың бүгінгі таңдағы міндеттері - ауыл шарушылығының деңгейін көтеру. Ал Егеменді Республикамыздың өркендеуіне бірден - бір әсер ететін салалардың бірі болып табылады. Елбасының мемлекет алдына қойған жетекші - дамыған көшбастар 50 мемлекеттің қатарына кіру мақсатында қол жеткізу үшін ел экономикасы әлемдік стандарттарға сай өркендеп, ауыл шаруашылығы салаларының бәсекелестікке жарамдылығын арттыру көзделіп отыр.
Мал шаруашылығы ауыл шаруашылығының маңызды саласы, ол халқымызды әртүрлі тағамдармен, жеңіл өнеркәсіпті құнды шикізат өнімдері мен қамтамасыз етеді. Ет, сүт, жұмыртқа және олардан өңделген өнімдер калориялығы жағынан жоғары биологиялық аса құнды азық болып ерекшеленеді. Жүн, түбіт, тері, елтірілер, киім, аяқ киім және т.б. өнеркәсіп тауарларын дайындауға қажетті шикізат көзі болып табылады. Малдың мүйізі мен тұяқтарын, сүйектерін өңдеу арқылы олардан әртүрлі бұйымдар, түймелер, желім және т.б. заттар жасайды. Кейбір өнімдерінен (ішкі мүшелері мен ұлпаларынан) дәрі -дәрмектер мен препараттар жасалады. Кейбір өнімдерінің қалдықтарынан мал азығы (тартылған сүт, ет-сүйек ұны, сүйек ұны) үшін қолданылады. Малдың қиы бағалы тыңайтқыш ретінде пайдаланылады. Малдың кейбір түрлерін (жылқы, түйе, өгіз, есек) күш-көлік ретінде пайдаланады.
Ауыл шаруашылығының негізгі саласы ретінде мал шаруашылығына қой, ешкі сиыр, жылқы, түйе, шошқа, үй қояны, құс, бал арасын өсіру жатады. Малдың бірнеше түрін өсіру арқылы әртүрлі қажетті тағам мен шикізат өнімдерін қамтамасыз етуге болады. Осыған байланысты ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің алдында асыл тұқымды малдарды көбейтіп,олардан сапалы да мол өнім өндіру міндеттері тұр.
Қазақстандағы жылқы шаруашылығы өзінің тарихи қалыптасқан дәстүріне байланысты ауыл шаруашылығының басқа салаларынан ерекшеленеді. Ол өз өнімдерін салыстырғанда тек ішкі рынокқа ғана смес, сонымен бірге әлемдік бәсекелестік жағдайға қарай сыртқы рынокқа экспортқа шығаруда да маңызды. Сондықтан, жылқы шаруашылығының маңыздылығын ескере отырып, жылқының өзіндік ерекшеліктерін жақсы білетін жоғары білімді білікті зоотехниктерді, менеджерлерді, селекционерлерді және технологтарды дайындау қажет.

1. Жылқы малын ұстау жүйелері мен тәсілдеріне талдау жасау
Жылқы гигиенасы
Жылқының орны қазақ халқы үшін өте бөлек. Республиканың алуан құбылмалы табиғатына тиімді пайдалана алатын түліктің бірі осы жылқы.Оның үстіне жылқының адамның тіршілігі үшін пайдасы да алуан түрлі: жесең ет, ішсең сусын, мінсең, жексең - көлік, алуан түрлі ойын сауықтар мен жарыстар жылқысыз қызық емес. Сондықтан негізгі басты мақсат осы түлікті өсіру, өркендету. Ол үшін жылқыны дұрыс бағып күту, ұстау жүйелерін ұйымдастыру, шаруашылық жағдайында санитариялық гигиеналық талаптарды кеңінен енгізу бұл саладағы негізгі міндеттер.

Жылқыларды ұстаудың жүйелері мен әдістері
Жылқыны республикамызда әртүрлі бағытта пайдаланады. Атап айтқанда күш көлігі ретінде, ет сүт өндіру үшін, асыл тұқымды мал өсіру мақсатында, спортқа қолдану әрі донор ретінде пайдаланылады.
Жылқы күш көлігі ретінде үш бағытта қолданылады бағу, жегу және жүк арту ретінде. Жылқыны асыл тұқымды бағытта қолданудың басты міндеті асылдандыру және асыл тұқымды жас мал өсіру. Тауарлы жылқы шаруашылығы бұл жылқы етін, шипалы сусын қымызды өндіреді.
Арнаулы бордақыда бағып, оны сойса жылқы еті өте шипалы тағам екендігін айтпай-ақ білуге болады. Мысалы, жылқы етінде 17-24%-ға дейін белок, 1-2%-ға дейін май бар, орташа калориясы 940-1566 Дж аралығында болады екен. Ал, енді жылқы майы биологиялық активті компоненттерге өте бай.
Қазақстанда өсірілетін спорттық аттар дүние жүзінде басты орындар алған. Мысалы, үш дүркін олимпиада чемпионы, бірнеше рет Одақ чемпионы Абсентті айтуға болады. Алпысыншы жылдары Абсентті Қазақстанның бірінші жұлдызы деп атады.
Географиялық және климаттық жағдайға байланысты әр бір зонада жылқыны күтіп бағудың өзіндік ерекшеліктері болады. Жылқы шаруашылығында оның екі жүйесі қолданылады: қорада және табында. Бұл жүйелерді қолдану жылқының тұқымына, шаруашылықта малды қолдану бағытына, жергілікті жердің жағдайына және шаруашылықтың экономикалық жағдайына байланысты жылқыны қорада ұстау жүйесі еліміздің барлық аудандарында асыл тұқымды, тауарлы, соның ішінде қымыз өндіру кәсіпорындарында қолданылып келеді. Жылқыларды қорада ұстаудың өзі әжіреде (денникте) және топтап ұстау тәсілі болып бөлінеді. Мысалы, айғырларды, жас жаратылатын малдарды әжіреде ұстайды; асыл тұқымды және жұмысқа пайдаланатын құлынды биелерді, жарататын жас малдарды, желгіш және ауыр салмақты жылқыны әжіреде немесе секцияда ұстайды; жұмыс көлігін қорада байлап ұстайды.
Жылқыны қорада ұстағанда міндетті түрде аттарды серуендету үшін шарбақ (паддоки) тұрғызу қажет. Айғырлар үшін шарбақтың көлемі 600 м², жас жарататын малдар үшін 400 м², ал басқа жылқы топтары үшін - 200 м². Жұмыс көлігінде шарбақ тұрғызудың қажеті жоқ, бірақ малды күтіп-тазалау үшін далада оны байлайтын орын қажет.
Жылқылардың шаруашылықтағы бағытына қарай жаздыгүні тәулік бойы, немесе тек күндіз жайылымда бағады да, ал түнде қорада ұстап, аздап азықтандырып қояды.
Жылқыларды табындық жүйеде ұстаудың екі түрі бар: сұрыпталған табында және жетілдірген табында (жақсартылған).
Сұрыпталған табын жүйесінде жылқыларды жылдың көп уақытысында табында бағады, мұнда жынысы жағынан да, жасы жағынан да бірыңғай топ болу керек. Ал жылдың суық кезінде осы топтарға қора жай салу керек. Бұл жүйені асыл тұқымды және тауарлы фермаларда қолдануға болады.
Жетілдірген табын жүйесінде жылқылар жыл бойы жайылымда - табында болады. Күннің бұзылған кезінде (15-20°С) малды жеңілдеу қора, қалқан базаларда ұстайды (айғырларға, буаз биелерге), ал қалған мал басына жайылым басында немесе уақытша бастырмалар ұйымдастырылады (ол жерде аздаған жемшөптің қоры болуы керек). Бұл жүйе тауарлы шаруашылықтарда қолданылады.
Сұрыптаған табын жүйесімен жылқыларды күтіп-баққанда енесінен құлындарды 6-7 айлық жасында ажыратуды ұйымдастыру керек. Барлық жүйелерде жылқыларды күтіп-баққанда биелердің құлындау мерзімдері бір маусымда өтеді, яғни жылдың бірінші жартысында.
Жылқыларға арналған қораларға қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар
Асыл тұқымды шаруашылықтарда малды қорада баққанда айғырлар үшін 5-10 басқа, ал биелер үшін 40-50 басқа салады; жарататын жас малға да 40-80 басқа қора салады. Қазіргі уақытта әр шаруашылық жылқыға арналған қораларды өздеріне лайықтап салуда.
Тауарлы және асыл тұқымды шаруашылықтарда малды табында баққанда 40 ірі жылқыға арнап қора салады, жеңілдеу бастырманы 100 басқа арнап салады да, ал жаратуға арналған жас малдарға арнап 40 басқа салады. Сонымен қатар жеңілдеу қора, бастырма және малдарды күтіп-қарайтын қоралар салынуы тиіс. Қорадағы әжірелердің саны жұмыс көлігі үшін 20%- аттардан аспауы керек, биелерді табыңда баққанда жеңілдеу қора қалқанын 10%- басқа арнап салу керек, жас малдар үшін осы қалқан - 5%- мал басынан аспауы керек, жылқылар үшін қымыз өндіретін фермада 25%- мал басына қора салынуы тиіс.
Барлық қораларда жемді, ірі шөпті және төсенішті сақтау, арба әбзелдерін (инвентарная) басқа да мүліктерді сақтайтын бөлме және су құятын ыдыс алаңы, душ бөлмесі болуы тиіс.
Биелер және айғырлар үшін арналған қораларда биені қашыруға арналған манеж болуы тиіс, ұрықты тексеруден өткізу бөлмесі, жаратуға арналған жас малға бөлек бөлме және оларды жегуге, ерттеуге, серуендетуге арналған манеж, суы бар душ әжіресі; ал енді қымыз өндіретін фермада бие сауатын бөлме, сүт пен ашытқы дайындайтын бөлме, сүт-қымыз құятын, ыдыс жуатын және басқа да қосымша бөлмелер, суықтату камерасы және лаборатория қарастырылады. Мал фермасының территориясында бұдан басқа да қосымша бөлмелер және құрылыстар орналасуы керек: мал дәрігерлік объектілер, манеж, автотаразы, канализация, су, электр және жылу жабдықтары, ұстахана, шеберхана, жылқыны серуедететін механикалык жетектегіш, жем-шөптің, төсеніштің, шаруашылық мүліктер (құрал-саймандар), қи қоймасы, әкімшілік және тұтыну бөлмелері.
Жылқы шаруашылықтары айнала қоршалып жел өтіне қарсы ағаштар егілгені дұрыс.
Ат қора және оның ішіндегі жабдықтар технологиялық жобалау нормасына сәйкес болуы тиіс. Ат қора тік бұрышты, Г бейнелі (кескінді) және П кескінді формада салынады. Ат қорада мал орнына және әжіре екі қатар орналасады; қораның орталығында жем-шөп тарататын және қи шығаратын ені 2,6-3 м жол өткелі болуы тиіс. Жылқы зауыттарында бие үшін әжірелер қораның ортасында орналасады. Әжіре саны әр қатарда 12%-дан көп болмауы керек, ал қабырғаның екі шетінен ені 2 м жүретін жол қалдырады. Жұмыс көліктеріне арналған қорада аттар төрт қатар орынға орналасады. Әр қатарда ат тұратын орын саны отыз%-дан аспау керек. Ал қораның ортасында орналасады (әжіре саны 12%-дан көп болмау керек), ал қабырғаның екі шетінен 2 м жүретін жол қалдырады. Жұмыс көліктеріне арналған қорада аттар төрт қатар орынға орналастырылады. Әр қатарда ат тұратын орын саны 30%-дан аспау керек. Ал қораның ортасында кезекшіге арналған бөлме, ат әбзелдері және құрал саймандар тұратын, жем-шөп қоятын бөлмелер және су құятын ыдысқа арналған алаң, сонымен қатар асыл тұқымды малға арналған қорада - манеж болуы тиіс. Жеңілдеу қорада топта күтіпбағатын 25 басқа арналған секция болуы тиіс және ірі аттарға арналған секцияда әжірелер болуы керек.
Жұмыс көліктеріне жеке-жеке арналған орын болған жөн, ал асыл тұқымды аттар әжіреде тұрады (33-сурет). Әжіреде жем -шөп салатын ақыр болуы тиіс. Қораның ішіндегі ауаның температурасы 6°С шамасында, салыстырмалы ылғалдылығы - 75%-дан аспауы керек (1-кесте).
Ол үшін желдеткіштер жақсы және ыңғайлы орналасуы керек. Қораның ішіндегі канализация дұрыс жұмыс істеуі тиіс. Малдың астына құрғақ сабаннан (ағаш үгіндісінен) төсеніш салған жөн. Күніге аттарды тазалап оның тұяғының жағдайын қадағалап тұруы керек.
Жарататын жас мал қорасын әжіремен жабдықтайды, әжірелердің екі жағында жем-шөпке, қиға арналған жол болады.

1 . Ат қорадағы қолайлы микроклимат көрсеткіштері

Мал топтары
Ауа темпера
турасы, °С

Салыстырмалы
ылғалдылығы,%-
Ауа қозғалыс жылдамдығы,
мс
Зиянды газдардың концентрациясы

Опт.
Мин.

СО2%-
NН3 гм3
Ересек жылқылар Әжіредегі құлынды биелер Құлындар енесінен ажыратылған Тренингтегі малдар Жұмыс аттары
4

8

6

4
4
6

15

10

8
6
60 - 80

50 - 70

60 - 70

60 - 80
60 - 80
0,3 - 0,5

0,1 - 0,3

0,2 - 0,3

0,2 - 0,4
0,3 - 0,6
0,25

0,15

0,20

0,20
0,25
20

10

15

20
20

Мұндай қораның ортасына аттарды жегуге, ерттеуге және серуендетуге манеж жоспарлау керек. Жас малға арналған қораны секцияларға бөледі. Әрбір секциядан серуендейтін алаңға шығатын есік (биіктігі 1,2 м) болуы тиіс. Ат қораның қақпаларының ені 2,7, биіктігі - 2,4 кем болмауы керек.
Қораның биіктігі еденнен - төбеге дейін мына төмендегідей болуы керек: асыл тұқым малға арналған қораның биіктігі - 3 м; тауарлы ферма қорада - 2,4-2,7 м; манеждің биіктігі - 4,5 м.
Жылқыны топтап ұстайтын қалың төсеніші бар қораның биіктігі 3,3 м. Қораның қабырғасының және төбесінің ішкі беті жылтыр болуы тиіс және ақ сырмен сырлануы керек. Ат қора таза ауа келетін және лас ауа шығатын табиғи желдеткіш құбырларымен, канализациямен және электр жарығымен жабдықталуы тиіс.
Қорадағы еденді тайғанамайтындай етіп жасау керек. Ол ылғал өткізбейтін, жылуды аздап өткізетін, зәр, садыра өткізбейтін және дезинфекциялық заттарға төзім бере алатын болуы тиіс. Еден ағаштан болғаны жөн, сонымен қатар кірпіштен, асфальттан, саз балшықтан да болуы мүмкін. Еденнің еңкіштігі жем-шөп, қи шығаратын жолға қарай әр 1 м ұзындыққа 1,5 см болуы керек. Терезенің төменгі жақтауынан еденге дейінгі биіктік 1,8-2,1 м болуы керек.
Ат корадағы еңбасты құрал-жабдықтар. Әрбір мал орны, әжіре, астау белағаштармен, сырықпен және тақтайлармен бөлінеді. Осы бөлінетін белағаштардың жуандығы 10-12 см, мал орнының алдыңғы жағынан 1 м, ал артқы жағынан еденнен 65 см биіктікте болуы тиіс. Сырықпен қоршалғанда оны қабырғаға көлденең қағады. Әрбір сырық аралығы 50-60 см, оның қабырғасының биіктігі 1,8 м, ал жем-шөп таситын жағынан 1,4 м болуы тиіс. Тақтаймен бөлінген қалқанның (бөгет) қалыңдығы 4-5 см таза тақтайдан, ал оның биіктігі жоғарыдағы сырық ағашпен қоршағандай болуы керек және қалқанның төбесі қаңылтырмен жабылуы тиіс. Мұндай мал орнында жылқыны байлап (ноқталап) ұстайды. Әжірені бөлетін қалқаңды жалпақ тақтаймен немесе торлап жасайды. Мұндай әжіре ішінде жылқыны байламай бос ұстайды.
Мал тұратын орында әр малға жеке-жеке арналған ақыр болуы тиіс, ал оның ұзындығы осы мал тұратын орынның ұзындығына сәйкес болуы керек. Осы ақырдың үстінен аттар шөпті шашып тастамас үшін алынып салынатын торлап қойған қалқан болуы тиіс. Ақырдың жартысы жем салу үшін бөлінеді. Мұндай ақырдың үстіңгі ені 60 см, төменгі ені 40 см, ал тереңдігі 40 см болғаны жөн. Жалпы ақырдың еденнен биіктігі 1 м болу керек. Жылқыны топтап ұстағанда ақырдың ұзындығы, сол қораның ұзындығындай болуы керек, бірақ ірі малдар үшін әр басқа 1 м шамасында, ал жас малдар үшін 0,6 м болу керек. Әжірелердегі ақырдың ұзындығы 1,2 метр болады және оны сол әжіренің бұрышына орналастыру керек.
Жекеленген автосуарғышты бір-бірден әр әжіреге немесе әр мал орнына орналастыру керек. Топтап суаруға арналған астаудың ұзындығы әр басқа 0,6 м кем болмауы керек, ал еденнен биіктігі жекеленген суарғыш үшін 0,9-1 м, топтап суарғыш үшін 0,5-0,7 м болуы тиіс.

Айғыр гигиенасы
Айғырды байлаусыз, кең әжіреде (көлемі 3,2x3,2x5,5 м) және жарық, таза, құрғақ, жақсы желдетілетін, өтпе жел соқпайтын қорада күтіп-баққан дұрыс. Қораның едені өте жақсы тапталған саз балшықтан жасалып және еденге ұдайы төсеніш салып қою керек.
Шағылыстыру кезеңінің басталуына 1-1,5 ай қалғанда айғырлардың азықтандыру нормасын көбейту керек. Ал шағылыстыру кезеңінде айғырларды жеке - жеке тәулігіне 3 реттен азықтандыру керек (күндік рацион құрамы: 60%- - құнарлы азық, 35%- - ірі азық және 5%- - шырынды азық). Айғырларды әрі жеткіліксіз, әрі артық азықтандыру оның жыныс активтілігіне өте залал келтіреді. Салмағы 500 кг айғырдың рационына тәулігіне 5 кг сұлы, 1 кг ұнтақ және 6-8 кг шөп енгені абзал. Рационның құрамын оқтын-оқтын ауыстырып тұрған жөн. Азықтандыруға мынандай жем-шөптер қолдануға болады: қырдағы, тоғайдағы, егілген шөптер, дәнді өсімдіктер, бұршақты шөптер (сұлы, арпа, жүгері майдаланған күйінде), тары, ұсақ бұршақ, сәбіз, қызылша, картоп, көк шөптен жасалған ұн, малдан өндірілген азық (сүт, жұмыртқа, ет-сүйек ұны), минералды-витаминді қоспалар, ал соңында айғырдың әр уақытта жалайтын тұзы болуы тиіс. Шағылыс біткен соң айғырдың рационынан қосымша азықты алып тастайды, құрама жемді 4 кг дейін төмендету керек, оның орнына шөп мөлшерін көбейткен дұрыс (2-кесте).
2.Айғырдың жыныстық пайдалану нормасы
Ұрықтан-
дыру әдісі
Айғыр жасы
Бие саны

Шағылыстыру және ұрықтандыру саны

Күніне
Мезгілге
Қолдан ұрықтандыру
Толық жасты (4...12жас)

Жас және кәрі
35...40

15...20
1...2

1
175

75
Үйірлі ұрықтандыру

Жасанды ұрықтанды
Толық жасты Жас және кәрі

Толық жасты
20...25
12...15

150 кем емес
-
-

1

-
-

-

Айғырларды азықтандыру серуендету мерзімімен тығыз байланыста болғаны жөн және мұны жүйелі түрде өткізу керек. Сонымен қатар айғырларды шағылысқа дайындағанда оның организміне қолайлы әсерін тигізетін жағдай айғырларды таза ауада және күннің көзінде көбірек жүргізіп тұру қажет. Үйірге қосып шағылысқа жіберетін айғырларды оқтын-оқтын шаптырып қойғанның маңызы зор.
Ат қорада күтіп-бағатын айғырларды шағылыс кезінде ең кемі күн батқанға дейін қоршалған алаңда және қоршалған шабындықта
(левада) бос ұстаған дұрыс, егер мұндай жағдай болмайтын болса, оңда күніне 40-50 минуттай айғырды ерттеп мініп немесе жеңіл арбаға жегіп тер шыққанша ары-бері шауып жүру керек немесе айғырды 2-3 сағатқа жеңіл жұмысқа пайдалану керек.
Осының бәрі айғырдың ұрығына және айғырдың қабілетіне (потенция) пайдалы әсерін тигізеді. Ал енді айғырды өте зорлап шаршаганша мінген жағдайда немесе ауыр жұмысқа салса, онда айғырдың барлық жағдайына керісінше әсерін тигізеді.
Жазды күні айғырларды салқын суға түсіріп (бассейнге) немесе өзендерге, көлдерге тоғытып тұрған дұрыс, күніге олардың денесін және айына бір рет тұяқтарын тазалау керек. Айғыр тұрған әжіреден қиды және су төсенішті күнделікті шығарып тазалап отыру керек.

Бие гигиенасы
Жылқы өнімділігін, асыл тұқымды қасиетін және денсаулығын сақтау үшін ең басты зоогигиеналық шаралардың бірі азықтандыру ережесін қатал орындап, малды күтіп-бағу жүйесін сақтау керек.
Азық рационында барлық жұғымды заттардың, оның ішінде протеиннің қажетті мөлшері, минералдық заттар (кальций, фосфор, натрий, хлор және т.б.) және витаминдердің (каротин, витамин Д, В, С) тағы басқа да құнды заттардың болғаны дұрыс.
Жылқының ас қорыту және қарынның анатомиялық құрылыс ерекшелігін ескеретін болсақ, онда жылқы азықты басқа малдарға қарағанда аз мөлшерде қабылдайды. Жылқыны азықтандыру үшін құрама жемді көбірек беру керек, шөптің өте жақсы жарамдысы - тоғайдағы шөп, жоңышқа, беде (тимофеевка), ат қонақ (костер), арпабас (житняк), бидайық және т.б.
Майдаланған азықтың тәуірі - сұлының сабаны және оның майдасы, дәнді азықтардың сабанын кесіп беру керек және піскен картопты беруге болады. Ал шырынды азықтың ішінде өте құндысы сәбіз, қант қызылшасы.
Жылқыны азықтандырудағы құрама жемнің ішіндегі ең жағымдысы арпа, сұлы, жүгері, бидай ұны, күнжара, қонақ және азық бұршағы. Американдықтар аттарды азықтандыруда мынандай қоспа жасайды: 12 бөлік жүгері, 4 бөлік сұлы, 1 бөлік күнжара. Әрине жаздыкүні ең жақсысы жайылымдағы көк шөп.
Малды, әсіресе биелерді азықтырғанда оның қоңдылығының төмендігіне аса көңіл аудару керек, себебі ол нашар азықтандырғаннан немесе ішек-қарынның қабынуынан, тісінің жоқтығынан, зат алмасудың бұзылуынан, құрт ауруынан болуы мүмкін. Мұндай биелерді жекелеп азықтандыру керек. Ал енді биенің қоңдылығын және денсаулығын сақтау үшін оларға әр уақытта минералды (макро- микроэлементтерді) заттарды және витаминдерді беріп тұру өте маңызды роль атқарады.
Жаздыкүні әр атқа 30-50 г, ал қыстыкүні 20-30 г тұз беріп тұру керек, егер биелерге сапасы төмен шөп, соның ішінде қышқыл дән көбірек болса немесе шөп жаңбырдың астында қалып қойса және жаздыкүні құрғақшылықта жиналса, ондай шөптің құрамында әдетте кальций мен фосфор жетіспейді. Сондықтан осындай жағдайды болдырмау үшін алдын ала азықты лабораторияда зерттеу жүргізіп, керек кезде жылқыға бор немесе сүйек ұнын, әртүрлі сүзінді, үшкальцийфосфат және басқа да қосымшаны құрама жемге араластырып беру керек. Жылқыны витаминдермен қамтамасыз ету үшін ең бірінші оларды сапалы шөппен азықтандырып және шөп ұнтағын, сәбіз, асқабақ берген жөн. Ал жаздыкүні әрдайым (үнемі) жайылымда бағып немесе жаңа орылған шөппен азықтандырған жөн.
Жылқының ең құнды азықтандыру жүйесі - ол малдың тәбетін ашумен қатар, жем-шөптің сіңімділігі және тез қорытылуы сол үшін ең бірінші ірі шөппен, содан кейін шырынды, ең соңында құрама жеммен, ал одан кейін тағы да ірі шөппен азықтандырған пайдалы.
Жылқыны азықтандыру кезінде бір азықтан екінші азыққа көшу жүйесі біртіндеп өтуі тиіс. Ал егер бір азықтан екінші азыққа бірден өтетін болса, онда мал азыққа тез үйрене алмайды, осыдан барып малдың ас қорыту жүйесі бұзылады, іші өтеді, ішек қатады, іштің бұрап ауруы және метеоризм пайда болады.
Алматы облысы Қарасай ауданындағы КИЗ тәжірибе шаруашылығы сауынды биелерге оның сүтін және сүттің сапасын арттыру үшін көк шөп пен жүгері, жоңышқа және құрама жемге сұлы беруді ұсынған. Сол кезде бір биеден алынатын сүт орташа есеппен алғанда 1,5 л артады екен. Ал енді жылқыны борсыған, көгерген, шіріген және қыста қатып қалған, сонымен қатар жемшөпке әртүрлі улы шөптер және оның дәні бар қоспалармен азықтандыруға болмайды. Мұндай жем-шөп малға өте қауіпті ауру туғызады, көбіне малдың өліміне себеп болады. Жылқыларды тәулігіне үш рет суарып тұру керек, ал жаздың ыстық күнінде 4-6 рет.
Әр жылқыға судың қажетті мөлшері ауа райының жағдайына, малдың жасына байланысты болады (тәулігіне 20-60 литр су керек етеді). Қорада ұстағанда жылқыларды автосуарғыш арқылы суарған тиімді. Жылқыны азықтандырғанға дейін суарады. Оларды дәнді дақылдармен (сұлы, арпа, бұршақ тұқымдастары, бидай) азықтандырудың алдында суаруды естен шығармау керек, себебі дәнді дақылдар асқазанда оның сөлінің нашар бөлінуінің арқасында дұрыс қорытылмайды. Ал, егер жылқыны дәнді дақылдармен азықтандырғаннан кейін суаратын болсақ, онда асқазанда дәнді дақылдар ісінеді, содан соң ашиды, осыдан барып қарын кебеді де ауыр жағдай туғызады. Мұндай жағдайда жылқыны 40-50 минут азықтандырғанға дейін немесе азықтандырғаннан кейін 2 сағат өткен соң суару керек.
Жылқыны қыстыкүні өзеннің, тоғанның, көлдің, суат (ойық) жерінен суаруға болмайды, себебі малға суық тиеді және буаз бие іш тастауы мүмкін. Сол себептен буаз биені қыстыкүні температурасы 12-15°С сумен суарған жөн.
Буаз биенің рационына көлемді азықты енгізуге болмайды. Оған өте жұғымды, жеңіл қорытылғыш, өте сапалы және әртүрлі жем-шөпті енгізу ұсынылуы керек. Ауа райының аяз және тайғақ кезінде буаз биені жайылымға тек шөптің басындағы шық еріп түскен кезде ғана жіберуге болады. Буаз бие үшін ең тәуір жем - шөп тоғайдағы дәнді өсімдіктер, ірі бұршақты шөптер, шөптен жасалған ұн, бидай ұны, сұлы, тамыр жемісті (сәбіз, қылша) азықтар жатады. Буаз биенің ішінің кебуінен сақтану үшін бұршақты шөпті дәнді өсімдіктермен қосып береді, ал құлындауына бір ай қалғанда оның рационының 13 көлемінің бөлігін кеміту керек.
Буаз биені жиі серуендетіп оны жүйелі пайдаланған жөн және ауа райының жақсы күні таза ауада көбірек жүргізу керек. Ал буаз биенің организміне қолайлы әсер ететін жағдай оны жайылымда бағып-күту. Буаз биені ат қорада ұстағанда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның жылқы шаруашылығы
Жылқы шаруашылығындағы асылдандыру жұмысын ұйымдастыру жайында
Жылқы өсіру әдістері
Жабе тұқымды жылқылардың биологиялық және физиологиялық сипаттамасы
Дон жылқы тұқымы
Әр түрлі түлікті асыл тұқымды малдарды бонитировкалау ерекшеліктерімен танысу
Асылтұқымды малдарды азықтандыру және олардың гигиенасы
Мал шаруашылығында гетерозисті пайдалану
Жылқы малдарының гигиенасы
Таза тұқымды мал өсіру жолдары
Пәндер