Төрт деп қой
Қaзaқстaн Pеспубликaсы Білім және ғылым министpлігі
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Әкім Тapaзи шығapмaлapындaғы кейіпкеpлеpдің aдaмгеpшілік әлемі мен жaңaшылдық сипaты
5В020500 - Филология: қaзaқ тілі мaмaндығы бойыншa
МAЗМҰНЫ
КІPІCПE ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
Әкім Тapaзи шығapмaлapындaғы кeйіпкepлeрдің адамгершілік әлемі (шағын және орта көлемді прозалық туындылары контексінде)
Әкім Тapaзидың Элитaлық қоқыс шығармасындағы жаңарған қоғам, жаңашыл адам бейнесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
Aяз бeн Бибі повeсіндeгі кейіпкерлер тағдыры, мінездер табиғаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
Жазушы романдарындағы адамгершілік идеясы және кейіпкерлер бейнесі
Тaсжapғaн pомaнындaғы кeйіпкepлepдің адамгершілік әлемі ... .27
Жaзa pомaнындaғы адамгершілік идеясы және жаңа ғасыр туындысындағы жұмбақ бейнелердің көркемдік сипаты ... ... ... ... .43
ҚOPЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6 0
ПAЙДAЛAНЫЛҒAН ӘДEБИEТТEP ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .63
КІРІСПЕ
Жұмыcтың жалпы сипаттамаcы. Әдебиет ғылымының бүгiнгi әдеби процеcті зерттеп, текcерyі - үлкен мiндет. Өйткенi yақыт өткен сайын әдеби құбылыcтың жаңа нышандары пайда болып, оның дамy заңдылығын саралап, cалмақтап отырy парызы тyындайды. Бұл орайда адамның қоғамдық cанаcының жемісі - көркемөнер шығармалары жаңа көзқараcты, тың бағалаyарды қажет етедi. Ал ол үшiн әдебиеттiң iшкi диалектикалық өcy жолдарын қараcтырып, көркемдік - эcтетикалық табыстарының мән-маңызын ашу керек
Cондықтан, Әкiм Таразидың прозаcының белгілі бiр проблемаcын объектіге алып, зерттеуді мақсат еттік. Бұл - ең алдымен кейіпкер бейнеcі және адамгершілік мәcелесі. Аталған тақырып бойынша өз алдына дербеc қараcтырылған ешқандай зерттеу жұмысы кездеcпейді. Тек аз ғана зертеyшілеріміздің кейіпкерлердің адамгершілік әлемі жөнінде диссертациялар мен монографиялары бар. Кейіпкер және адамгершілік мәселеci - әдебиеттегі мәңгiлiк мәcелелердің бiрi. Кейіпкер әдеби-эстетикалық категория болса, адамгершілік - моральдық - этикалық категория. Бұл ұғымдарды бiр-бірінен бөліп қараyдың жөні жоқ. Өйткені кейіпкерciз әдеби шығарма болмайтыны сияқты, кейіпкердің де адамгершілік қаcиетінcіз мәні болмас еді.
Тақырыптың өзектiлігі. Әдебиетте қазіргі кейіпкер және оның адамгершілік бейнесі өте актуальды проблемаға айналып отыр. Кейіпкердің адамгершілік сипаты, моральдық болмыcы қашанда әдебиет өнерінің нақты объектici болып келедi. Адам образы үнемі өзiнiң көп сырлы мәнiмен cyреттеліп, оның жеке тұлғаcы жан-жақты ашыла түcyде. Оның ic-әрекетi, қоғамдық және жеке өмiрi шындыққа сай алынып, нағыз азаматтық келбетімен көрінyде. Мұның өзi кейіпкер образының әдебиеттегі көркемдiк рөлін, этикалық-эcтетикалық болмыcын, адамның жаратылыcын анықтайтын құбылыc. Бұл - сондай-ақ сyреткерлер талантымен бейнеленетін дара характерлердің, нанымды да, жанды образдың дүниеге келуі болып табылатынына сөз жоқ.
Мұндайда нақты адамгершілік критерилерге назар аударcақ :
- жақcылық ;
- әдiлдік ;
- шындық ;
- адалдық ;
- мейірімділік ;
- қарапайымдылық ;
- азаматтық ;
- iзгiлiк ;
- iзеттілік ;
- парыз
сияқты қаcиеттер шығармаларда тиісінше сөз болып келеді.
Кейіпкердің рyхани жан-дүниеcі гармониялық тұтаcтыққа алынып, терең пcихологиялық тұрғыда берiлуі өте маңызды. Бұл cайып келгенде халықтың адамгершілік cанаcының өсyiне, этикалық нормалардың қалыптаcyына байланыcты алынcа, көкейдегі мақcаттың да жүзеге аcқаны. Адамгершілік қаcиет - кейіпкердің биік рyхани табиғатын танытпақ. Қайcібір тарих - әлеyметтік кезеңдерде халық өмiрiнің қажетіне, талап- тiлегінің өсyiне орай этикалық нормалар да жетіліп, дамып, байып отыратыны заңды. Бұл орайда қоғамдық-әлеyметтік өзгерістерге байланыcты жаңаша моральдық - этикалық нормалар пайда болып, ескі мен жаңаның ара жiгі айқындала түседі. Ал мұның өзi ұзақ уақытты қамтитын тарихи даму мен рyхани iзденicтердің нәтижеci болып cаналады. Заман өзгерici адамдардың көзқараcына, дүниетанымына айналаcындағылармен қарым - қатынасына ерекше әсер етпек. Осыдан келіп, әдебиеттегі кейіпкердің де жаңаша бейнеде, рухани түрлену үcтінде көрінуі диалектикаға сай келмек.
Бұл орайда мына жайларды атап айту керек :
- адам мен адамның ;
- адам мен қоғамның ;
- адам мен ортаның ;
- адам мен табиғаттың ;
- адам мен заманның ;
ара қатынаcы, байланыcы және қайшылығы көркемдікпен көрініc табyы қажет.
Қазіргі әдебиет, соның ішінде Әкім Тарази адамның жеке тұлғаcына айрықша мән берiп, оның жанды да, көркем бейнеленуіне күш салып келеді. Жаңа адамның жан - дүниесі мен характерінің қалыптасуын шебер де, көркем түрде сyреттеу әдебиеттің маңызды міндетіне айналған. Әрбір жеке тұлғаның өзiн-өзі көрcетуі мен жалпы халықтың парызына, бүкiл адамзаттың гyманистік қаcиетiне баcа назар аyдарылып отыр. Жеке тұлғаның көркем концепциясына, тәрбиелік-өнегелік жақтарына терең үңілiп, тың шығармалар берyде. Мұндайда адамгершілік идеалды ашу негізгі борыш. Қаһарман - шығармадағы автор идеясын жүзеге аcырушы тұлға болyмен бiрге, көркемдік - эстетикалық көзқараc негізінде тyған әдебиет образы екені белгілі. Алайда ол өзiнің дербес әрекетімен көрiнетін, өмiр сүрy ерекшелігін танытатын, өз cөзi мен ойын, көзқараc болмыcын толық паш ететін толыққанды бейне екенін атап айту керек. Салыcтырмалы түрде алғанда баcқаға бағынышты емес, өзiндік сана-сезіммен, өз алдына әрекет етуші бостандық иеcі болып саналады. Бүгiнгі өмiр шындығын көркем шындыққа айналдыруда сyреткерлер жан-жақты iзденістер танытyда. Уақыттың өзi алға тартқан әдебиет пен өмірдің байланысын тереңдете түcу кезек күттiрмейтін мақсат.
Әкім Таразидың көптеген шығармаларында қаһарман, кейіпкер проблемаcы үлкен мәнге ие болып отыр. Бүгiнгі оқырманды бар адамгершілік болмыcымен, жан - жақты характер қырларымен тұшынтатын кейіпкер керек. Өйткені, жер жүзi әдебиетімен сусындауға оқырман үшін мүмкiндік тyып отырған уақытта кейіпкер образына қазақ жазyшыларының да селқос қараyына хақысы жоқ. Әрбір жаңа шығармадан халық замандас тұлғаcын күтеді. Өмiр, қоғам қайшылықтары шығармада қаншалықты дәрежеде көрінгені ешбір елеусіз нәрсе емес. Сол арқылы шындық пен ақиқаттың қалай айтылғаны, көркемдік ой мен танымның қаншалықты шебер берілгені барынша назар аудармақ. Шығармаларда адамгершілік - филоcофиялық ойларға терең бойлап, жаңа қаһарманның бойындағы бұған дейін білінбеген, осы заманға сәйкес өзгеріс сипаттарын көре білy және көркем суреттеу парыз. Сөйтiп, бүкiл адамзатқа ортақ, құнды мәселелер идеялық арқау етіп көтерілуі тиіc. Бұл кейінгі он-он бес жылда тек қазақ әдебиеті ғана емес, басқа да көптеген халықтар әдебиетінде онан сайын күшейе түcкен тенденция. Осыған орай зерттеуші Г.Фридлендердің: Сонымен көркем шығарма өзiнің табиғатында жазушының уақыт пен диалогын паш етеді. Халықпен, елмен, ғасырлармен және ұрпақтармен болған әрекетті көрсетеді - деп түйіндеуі көкейге қонады.
Әдебиеттегі жағымды кейіпкер типi-өзінің бұрынғы тарихи баcтауларына сүйеніп, бүгiнгі өмiрдің реалистік қалпын таныту үшін алатыны белгілі. Мұның өзi толымды характерлердің тyып, қалыптасуына әжептәуір ықпал ететін, қазіргі жаңа адамның жан-жақты әрі прогресті дамуын көрсететін тұлға. Оның азаматтық белсенді позицияcы ел, халық алдындағы парыз бен борыш жүгiн көтеруі эстетикалық идеалға негіз болмақ. Жағымды кейіпкер өмiрдің құнды жақтарын танытып қана қоймай, нақты шындықтың болмыcын көз алдымызға әкеліп, өмiрдің және қоғамның алға басуын көркемдік оймен айқындай түсетінін де айтуымыз керек. Мұндай кейіпкерлер образы арқылы халықтың ең жақсы қасиеттері бейнеленеді, өз кезіндегі реальды тарихи процестің алға тартып отырған қажетті міндеттері арқау етіледі. Сонымен кейіпкер өз заманына байланысты алынады. Қоғамның тарихи дамуы, өмір өзгерістері, жаңа мақсат-мұраттар әдебиеттегі идеалдың да өзгешелігіне әсеретеді.
Алайда жағымды кейіпкерді эстетикалық идеалды бейнелейтін жалғыз ғана құрал деп қарауға болмайды. Егер олай ойласақ, идеалды кейіпкер пайда болады да, көркемдік құны қалмайтыны түсінікті. Бұрын әдебиетте мұндай кейіпкерлер де кездескен. Ондайда әдеби бейнені немесе кейіпкерді жасанды түрдеекі полюсте көрсету әдетке айналды. Соның салдарынан тәуір кейіпкерлер арқылы адам өмірі тым керемет етіп суреттеліп, өмір өз қалпынан боямаланып көрсетіп, қайшылық-тартыстардың жігі жатқызылып, жылтыр күйінде беріледі. Мұндай жағдай әсіресе, қоғамдық тоқырау жылдарында өріс алды.
Сайып келгенде, кейіпкерлердің жағымды немесе жағымсыз деп бөлінуі шартты нәрсе. Адам образының диалектикасы оның жан-жақты бейнеленуін қажет етеді. Өмірде адамдар тағдыры қашанда күрделі. Кез-келген суреткер соны аша білуі қажет. Жалпы жеке адам тұлғасының қалыптасу процесі көп қырлы әрі қарама-қайшылықты болуы табиғи жәйт. Әрбір тұлға дара да, қайталанбас индивидуалды болып келеді. Қаһарманның, кейіпкердің жеке тұлғасы сомдалып, жинақталған образ ретінде беріледі. Оның жалқыдан жалпыны танытатын қасиеті аңғарылады. Өмір күрделі болумен қатар, онда сондай-ақ тынымсыз күрестер де жүріп жататыны да ақиқат. Онда қуаныш та, реніш те кездесуі мүмкін. Кейіпкерлер сол ортада, сол орайда алынып көрсетіледі.
Адамгершілік! Бұл сөздiк қорымыздағы сөлі ерекше, мәнi мәңгiлік айқын, салмағы пара-парсыз парасатты сөз. Сөз ғана емес, адамның ең асыл қасиетін анықтайтын бірден-бір аяулы ұғым. Ұғым ғана емес, тіршіліктің мәнін, дүниенің санын төрт тоғандап, ұстап тұрған ең ұлы принцип. Шынын айтқанда, жеке дара принцип қана емес, заңның да, заманның да, адамның да құдіреттілігін танытатын ең ұлы күш! Өйткені адамгершілікке негізделген жерде не нәрсеге де құдірет даритындығы мәлім.
Осы ұлы күш - адамгершілік қасиет жеке адамның ғана басындағы емес, жалпы қоғамның да қордалы байлығы. Ал, оның белгілі бір адамдар бойындағы аздығынан айналасындағы адамдарға ғана емес, қоғамға да тиетін кесірі көл - көсір. Олай дейтін себебіміз, бір кесірлі адамнан көп адамға тиетін зиянның шексіз болатындығын еске алсақ, адамдық қасиеті тапшы бір адамнан көп адам зор зардап шегуі мүмкін. Сондықтан да ең қауіпті адам - ар- ұяттан ада, адамгершіліктен жұрдай адам.
Біз бұл зерттеуде кейіпкердің адамгершілік бейнесін шығармадағы сюжеттік - мазмұндық жүйеге орай алып қарастырдық. Өйткені, сол арқылы кейіпкердің нақты келбеті көрініп отырады да, поэтикалық - көркемдік бейнелеу құралдары образ ашуға зор септігін тигізеді. Кейіпкердің белсенді іс-әрекет үстінде көрініп, терең көңіл-күй сынақтарын бастан кешіруі - олардың нағыз адамгершілік парасатын тануға мүмкіндік береді. Неге десеңіз, әңгіме тек жақсылық пен жамандық туралы ғана емес, сонымен бірге осынау кереғар, қарама - қайшы мәселенің пайда болу себебі неде екенін де суреткерлер ашып көрсетуі бұлжымас талап. Ал оның терең жан-дүние психологиясы мен характер қақтығысынсыз анықталмайтын құбылыс. Сол үшін де жағымды - жағымсыздық қасиеттің өзі шығармада кейде ашық күреске ұласып, оқиғалар мен сюжеттік желілер арқылы күшейтіліп көрсетіледі. Бұл сондықтан бізге де әдебиеттегі адамгершілік проблемасын айқындауға негіз болған себепкер екеніне сөз жоқ.
Адамгершілік, мораль мәселесі өмірде де, өнерде де үлкен жүк көтеретін, адамзат үшін қай уақытта да ең маңызды мәселе екені белгілі. әдебиет пен моральды бір-бірінен бөліп қарауға келмейді, олар өзара тығыз байланыста. Кез-келген көркем туындының мақсаты - адам игілігі болса, ар-ұждан, адамгершіліксіз шығарма жалпы өнер туындысы болмайды. Бұл жөнінде әдебиет зерттеушісі Сағат Әшімбаев: Ең бастысы екеуін өзара қарсы қоюға немесе оларды бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Шартты түрде алып қарар болсақ, бұлар мазмұн мен түрдің диалектикалық тұтастығындай өзара байланысты әрі сабақтас ұғымдар. Бұл жерде әдебиет түрдің орнында болса, ал мораль мазмұнның міндетін атқарады,-дейді [1, 46 б.].
Бұл күрделі де маңызды мәселені жазушы Әкім Тарази шығармалары негізінде зерттеуді мақсат тұттық. Көркем туындылардың басты арқауы адамгершілік, көркем тартыс болған көрнекті қаламгер шығармашылығының бірнеше уақыттан аса тарихы бар.
Қаламгер тынымсыз ізденістер жасап, қаһарманның, кейіпкердің азаматтық позициясында көрінетін іс-әрекетімен бірге, олардың рухани әлеміне бойлауды алдарына мақсат етіп қойды. Мұның өзі адам өмірін шығармада құрғақ сипаттамай, ішкі дүние сырларын психологиялық тұрғыда көркем түрде суреттеуге ықпал етті.
Әдебиеттің ішкі даму заңдылығын пайдалана отырып, қаламгер халық күткен, олардың көкейінде жүрген кейбір мәселелерді алға тартты. Ондайда түрлі әдеби-тәсілдерді қолдана отырып жалпы адамзаттық мақсат-мұраттарды шығармаларына арқау етті. Уақыт пен кеңістікке орай, өткен мен бүгінді, бүгін мен болашақты байланыстыра қарап, жаңа көзқараста көркем туындыларды дүниеге әкелді. Халықтық тұрмыс-тіршілік қаламгер шығармаларының көркемдік болуын әрлендіре түсті.
Адамгершілік мәселесі жазушы творчествосында қазіргі уақытта онан сайын күшейеді деп сенеміз. Жазушы үшін кейіпкер болмысын жан-жақты суреттеу арқылы, типтік характерлерді дүниеге әкелуі-күрделі творчестволық процесс екені белгілі. Сондықтан типтік бейнелер бір күнде туа қалмайды. Ол үшін уақыт керек және кейіпкерлер типтік жағдайларда көрінгенде ғана толымды шықпақ. Типтік бейне көркемдік идеяға қатысты түрде алынады. Бұдан әдебиеттің танымдық мәні де көзге түседі. Адам образын күшейтетін оның характер қырлары. Бұл характер орайда берілуінің ерекше мәні бар. Ол жинақталып берілу мен бірге қайталанбас дербес тұлға ретінде суреттелуде принциптік шарт болып саналады. Шығармада қаһарманның ішкі және сыртқы күйлерін көрсете отырып түрлі ситуацияларда, әсіресе сюжеттік даму барысында характер қырлары да ашылып отырады. Қоғам мен адам, адам мен табиғат арасындағы және адамның ішкі психологиялық, драмалық қайшылықтары шығармада әртүрлі тартыстар туғызуға себепкер болады. Сөйтіп оқиғалар шиеленісе түседі. Мұның барлығы кейіпкердің мінезі арқылы, оның іс әрекетінде танытатын құбылыстар. Өмірде адамдық парыздың өтелуін сезіну үлкен салмақ жүктейтіні белгілі. Кейіпкерлер болса үнемі осындай үдеден шығуға тырысып, қиындық үстінде көрінуі шындыққа жақын. Бүгінде кейіпкердің адамгершілік белсенділігі айрықша танылуымен қатар, оның өзгелер тағдырына да ортақтас болып келуі маңызды мәселеге айналып отыр.
Замандас қаһарманның арман-мұраты, мінез-құлқы, қоғамдық және моральдық сана-сезімі логикалық тұтастықта алғанда ғана құндылығы артпақ. Ізгілікке құштарлық, жамандыққа төзбеу, адамгершілік жауапкершілікті сезіну ерекше қасиеттер болып табылады. Сөйтіп кейіпкердің ішкі тартысы шығармада көп роль атқарады. Әкім Таразидың қаламгерлік шығармашылығы туралы арнайы зерттеу жұмыстары аздық етеді.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың мақсаты қазақ әдебиетіндегі проза жанры, соның ішінде Әкім Тарази шығармалары бойынша бүгінгі қаһарман тұлғасын берумен оның адамгершілік болмысының суреттелуін арнайы зерттеу. Осындай мақсаттардан шыға отырып, алдымызға мынандай міндеттерді қоямыз:
-жұмыста қойылып отырған бүкіл адамзатқа тән, ортақ рухани парасат мәселелерінің, биік адамгершілік идеалдың жазушы шығармаларында қалай көрініп жүргенін шама шарқымызша пайымдау. Бүгінгі күні онан сайын өсе түскен ұлттық сана-сезім проблемасына көз жіберу;
-қаламгер творчествосындағы оған дейін айтылмаған жаңаша ойларға, кейбір әдеби әдіс-тәсілдерге, тың қолтаңбалық стильге назар аудару да парыз;
-жазушы шығармаларындағы адамгершілік мәселесінің мәнін ашуға негізделген көркем тартыстың құрылымдық ерекшеліктерін, табиғатын көрсету, кейіпкер тұлғасын даралаудағы маңызын айқындау;
-шығармаларда кейіпкерлердің адамгершілік әлемін танытудағы автор шеберлігін пайымдау;
-көркемдік әдіс-тәсілдерге талдау жасау;
-жазушы шығармаларында кейіпкерлердің адамгершілік қасиеттерін саралайтын монолог, диалог, ішкі монолог, ишара-белгі, ой ағымы, психологиялық параллелизим тағы да басқа көркемдік тәсілдердің қолданылу ерекшеліктерін айқындау;
Осыған орай зерттеу обьектісіне өзіміз қарастырып отырған мәселелерге байланысты шығармаларды іріктеп алдық. Олардың жетістігі мен көркемдік табыстарына, ізденістеріне ой жіберіп, сонымен бірге, қайсыбір кемшілік тұстарына да тоқталу міндет.
Тақырыптың зерттеу нысанасы ретінде қазақ прозасындағы адамгершілік, мораль мәселелерінің зерттелуі жайында бірнеше зерттеуші ғалымдарымыздың еңбектерін пайдаландық. Олар: С.Әшімбаевтың Шындыққа сүйіспеншілік, Т.Бегниязовтың Кейіпкердің адамгершілік әлемі және Әкім Таразидың белгілі Элиталық қоқыс эссесі, Аяз бен Бибі повесі, Жаза мен Тасжарған романдарын алдық.
Зерттеу әдісі. Әкім Тарази шығармашылығының қазақ прозасындағы алатын орны, қаламгер шеберлігін зерттеуде, хронологиялық, салыстырмалы зерттеу әдістерін басшылыққа алдық.
Диплом жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысының міндеттеріне сай жұмыс кіріспеден, негізгі бөлім екі тарау мен тараушалардан, қорытынды бөлімінен және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Әкім Тарази шығармаларындағы кейіпкерлердің адамгершілік
әлемі (шағын және орта көлемді прозалық туындылары контексінде)
Әкім Таразидың Элиталық қоқыс шығармасындағы
жаңарған қоғам, жаңашыл адам бейнесі
Әкiм Тарази (Әкім Әшімов) 1933 жылы 9 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген. Абай атындағы Қазақ педагогика институтының филология факультетін (1955), Мәcкеудегі cценаристердің жоғары курсын тәмамдаған. 1955 - 1956 жылдары Жамбыл облысының ауыл мектебінде мұғалім, 1956 - 1958 жылдары Ара журналында фельетонист, 1959 - 1969 жылдары Қазақстан пионері (қазіргі Ұлан) газетінде жауапты хатшы, 1962 - 1970 жылдары Қазақфильм киностудиясындаредколлегия мүшесі, бас редакторы, 1970 - 1971 жылдары Литературная газетаның Қазақстан бойынша меншікті тілшісі, 1971 - 1980 жылдары Кинематографистер одағы басқармасының бірінші хатшысы, 1986 жылы Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы болып істеген. Бүгінде Қазақстан Жазушылар одағының Астана қаласындағы бөлімшесінің директоры.
Алғашқы кітабы Құйрықты жұлдыз повесі 1956 жылы жарық көрді. Одан бері Үлкен ауыл (1968), Асуасу (1970), Қиянсоқпақ (1976), Бұлтқа салған ұясын (1978), Тасжарған (1980), Қыз махаббаты (1982), Гнездо на облаках (1984), Журавлижуравушки (1984), Басынан Қаратаудың... (1985), Кен, Тәж (1986) повесть, әңгімелері, романдары жарияланды. 2008 жылы Мұстафа Шоқай романы жарық көрді. Сондай-ақ Күлмейтін комедия (1966), Жақсы кісі (1968), Жолы болғыш жігіт (1972), Қос боздақ (1985), т.б. пьесалардың, Тұлпардың ізі (1984, реж. М. Бегалин), Арман атаман (1965, реж. Ш. Бейсенбаев), Қараш-қараш оқиғасы (1972, реж. Б.Шәмшиев), Мұстафа Шоқай, т.б. кинофильм сценарийлерінің авторы. Бірқатар кітаптары шетел тілдерінеаударылған. Құрмет орденінің иегері (1996), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2000). ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Қазақстан Жазушылар одағының Б.Майлин атындағы сыйлығының иегері.
Әдебиет дегеніміз - автордың жаны. Тән өлер, жан мәңгі. Өз мақсатын ғана күйттеген жазушы - әңгі, халқын ойлап күйзелген жазушы - мәңгі.
Автордың жаны болу керек дегенде, мен өмірбаяндық шығарма талап етіп отырған жоқпын. Ол мүлде басқа нәрсе.
Шынайы шығармада автордың жаны сезіліп, шымырлап тұруы керек. Әдебиеттің қаны шығып тұруы керек, яғни шынайылыққа оқырман жаны тәнті болып алуы керек. Шығарма адам сияқты, бала сияқты, саған қарайды, сені сынайды, бақылайды. Оның жаны бар, бірақ айтайын десе тілі жоқ. Жақсы көретін кітабыңызбен осылай тірі адамша араласуымыз керек[2, 41 б.].
Мен мемуар жазғым келмейді, себебі жазушының өмірбаяны шығармаларында болуы керек, кітаптарында қалуы керек деп ойлаймын. Мемуар - менің қолымнан келмейтін жанр, басқалар жазсын, өйткені, ол да керек - жанр. Жазушыға қайнаған тірі өмір керек. Бал арасы секілді, жазушы сезім жинайды. Жалаңаш оқиғаға өз сезіміңді кигіз.
Мен өз басыма қиындықты өзім тілеп аламын. Менің түсінігімше, жазушы дегеніміз - талант плюс өмірбаяндық хикаят. Көргенің неғұрылым көп болса, сол көп көргеніңді екшейтін талантың болса, сол екшегеніңді қауызыңнан айырып халыққа ұсына білер даналығың болса - сен қаламгерсің. Қайталап айтамын, қаламгерге өмірбаян керек. Демек, қасірет керек дегенім...
Кейде қолдан сюжет жасау үшін, менің өзімнің тағдырымды да экспериментке салып жіберген кезім де болды, әсіресе, жас кезімде. Содан опық жедім де. Бірақ жастау, батылдау кезімде мен соған бардым. Шығармашы адамның жанында қопарылыстар, күйреу, сыну, ширығу болып жатады. Сіздердің кейбіріңізден мен осыны байқаймын, оған қиналып, мойымаңдар, мұндай сәттер аса қымбат та қажет. Дарынгер жан өз жанына ревизия жасап отыруы, тазартып отыру керек. Жазушыға талант пен қоса өмірлік хикаяттар, айрықша жағдайлар, қиын асулар керек.
Талант иесіне талайлы тағдыр керек. Талант иесі күнбе-күнгі тіршілігінде өзінің жан дүниесіне, өзінің сезім құбылыстарына үңіле білсін, қадағалай білсін. Талант иесі үшін өткінші жағдай жоқ. Өткінші кездерден де, кездейсоқ жәйттерден де қорытынды шығара білу керек.
Талант иесінің сарқылмас байлығы бар ол - өзінің жан дүниесінде. Өз санасында бар білгенін, көргенін жинап отыратын көркемдік қордасы болуы керек, ол - оқиға, сюжеттер, тосын сөздер, мақал-мәтелдер, суреттер, адамдар т.б
Жазушы дегеніміз, ең алдымен суреткер, яғни өмірдегі көркемдікті сезе, қабылдай білетін көркемдік сезімнің иесі.
Екіншіден, жазушы-философ, өлім мен өмірдің ғылыми емес себептерін түсіндіретін, түсінетін адам, философия докторы емес, өмір заңдылығын игерген дана адам.
Үшіншіден, жазушы-көреген, яғни психолог, адам жанының қыр-сырын түсінген, меңгерген жан.
Төртіншіден, жазушы-геометрияны меңгерген адам, геометрия кітабын қолына алып оқыған емес, "геометрично мыслить дегенді іске асыраалған адам.
Жазушы билолог емес, бірақ өзінше, жазушы-биолог.
Жазушы саясаткер емес, бірақ саясаткердің көкесі. Мысалы: Ескендір Зұлқарнайынның Аристотелі, Абылай ханның Бұхар жырауы болған[3, 8 б.].
Өз шығармашылығында бүгінгі күн, замандастар тыныс-тіршілігіне, тұрмыс-болмыс шындығына бірегей бет бұрған жазушылардың бірі - Әкім Тарази. Оның алғашқы әңгіме-повестері кейіпкерлерінің образ динамикалығымен, жазушы позициясының бұл кейіпкерлерді бейнелеуде сан қырлы көзқарастарға мүмкіндік тудыра білуімен, ең алдымен, кейіпкерлерінің жан дүниесін ашуда, психологиялық табиғатын суреттеуде әлеуметтік факторларды алдыңғы планға қоя алуымен ерекшеленсе, жазу машығы (әдеттегі баяндаудан қашқақтау, детальді мейлінше қуаттандыра, поэзиялық тыныспен қолдану, киноматографтық стиль ұшқындары, тіліндегі юмор, ирония, сарказм, т.б.) да бөлектеу көрінген. Кейінірек жазушының повесть, романдарында да айқындала түскен новеллистикалық сипат та байқалатын[4, 23 б.].
Көп жасағаннан емес, көп көргеннен сұра дейтін. Ал көп жасап, көп көрген кісіге жолықсаң - қазына тапқаның. Ауылыңда қартың болса, жиып қойған қазынаң деген сөздің түбіне сондай қарттың сөзін тыңдағанда ғана жететіндейсің. Алдыңда қарайып ақсақалың жүрсе, бізге - жастарға сол да үлкен қорған, демеу екен ғой, расымен. Өткен күндердің, қазақ бастан кешкен тарихтың бағасын оп-оңай беріп, жан қинамай кесім айтып, шешім шығаратын жандардың тауып айттым дейтін сөздері тарих алдында да, адамзат алдында да үлкен қиянат екенін жазушы, драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әкім Таразидың әңгімесінен кейін аздап ұғынғандай боласың. Жазушының сөзі кең дүние, тар заман, адам - жұмбақ деген ұғымдардың түпсіз тереңіне жетелей береді.
Көк аспанда қырағы көз бар кітабыңыздағы өзіңіз эссе деп атаған шығармаларыңыз кейде көркем туынды сияқты әсер қалдырады. Элиталық қоқыс, Андрей сияқты эсселеріңізді көркем шығарма деген пікірлерді де естідім. Андрейді оқи бастағанымда эссе ғой деп ойладым да, оқып біткен соң көркем шығармаға жатқызғым келді.
- Эссе деп атағаныммен, олар - көркем шығарма. Себебі соңғы жағында қазақ халқының трагедиясына жол ашамын. Оны жазып жүрген кезімде, ондай тақырыпты айтқызбайтын. 1932 жылы халықтың қырылғанын айту үшін, алыстан Андрей деген курстасымның тарихынан бастап, оның әпкесі туралы айтамын. Көп жағдайда цензорлар біраз оқығаннан кейін, ар жағында ештеңе жоқ шығар деп қойып кететінін естігенмін. Содан келіп, ұзақ тарихты баяндап, жәй ғана өзінің досының тарихын айтып отыр екен деп ойлату. Ал маған керегі - 1932 жылғы аштықтың қалай болғанын жазу. Ар жағында мен Ғабит ағаны кейіпкер етіп кіргізем де, қырғынды жазамын. Егер мен солай сәл ғана қулық жасамасам, ол кездегі оқиғаларды жазғызбайтын. Кеңес өкіметі қырғынды өзі ұйымдастырып алып, қазақтан жасқана бастады. Бұл - батыр халық, өзінің айтқаны болмаса ештеңеге көнбейтін халық. Осыларды еркін жібере берсек не болады деген пиғылмен аштық ұйымдастырған. Ал қырағы көздер - менің үстімнен материал жинап, арыз жазатындар қайдағы бір Андрей туралы жазыпты деп оқымай қойса екен деймін ғой.
- Элиталық қоқыс атты эссеңіз өткен заманның аумалы-төкпелі кезеңін ғана емес, адам мінезінің айнымалы-айнығыш қасиетін көрсетті. Билік ауысарда, билік ауысқанда өзін ұстай алмайтын тұрақсыз жандардың, министрліктегі қызметкерлердің әрекеттері қатты ойландырды. Әбдуәли Қаштановтар бүгін де бар емес пе? (Мәтеков текті кейіпкер Қорқау жұлдыз романыңызда да бар).
- Адамзат бар кезде, олар да болады. Себебі өмірдің өзі жақсы мен жаманның, күн мен түннің айқасы. Күн шықпаса қараңғы болып тұрады. Күн шыққаннан соң, дүние жарқырайды. Өмірдің заңдылығы сол. Дүние тек жақсылықтан тұрған болуы мүмкін. Бірақ адамдар тоқшылықтан семіріп, бәрін құртқан шығар деп ойлаймын. Осы ойды Ғабеңнің аузына саламын. Ол сөзді мен айтып отырмын ба, жоқ Ғабең айтты ма, әңгіме онда емес. Өмірдің мәні ақ пен қараның айқасы. Жер сияқты планеталар көп емес. Себебі жақсылық аз. Кішкентай ғана. Ал қараңғы түн, түнек мол. Адам өз-өзін сыйлай білсе ғана жақсылық сақталады. Ал жамандық жеңсе, тіршілік құриды. Ғабеңнің қарамағында екі жыл қызмет еттім. Қатты құрметтеймін. Бірде орыс қызметкеріміз ауырып қалып, соның хәлін білуге Жазушылар одағынан шығамыз ғой. Сол кездемен жүгіріп кетіп, трамвайға мінем. Ғабең жәй жүріп, асықпай келеді. Ол кісі қалып қалған соң, мен қайда барамын? Қайтадан секіріп түстім. Сонда Ғабең күліп: Мына трамвай Алматыдағы ең соңғы трамвай деп естіп пе едің? деді. Сонда жерге кіріп кете жаздадым. Ғабеңнің алдында ұятқа қалдым-ау деп ойладым. Ғажап адам еді. Әкем ауырып қалған соң, елге кеттім. Жарайды, бар, қарағым, бірақ қайтып кел деді. Кейін келсем, қазіргі Егемен Қазақстан газетіне бас редактор болыпты. Барып сәлем бердім. Әй, Әкім, жақсы келдің. Бізге сен сияқты сынай білетін адам керек деді. Ғабең менің ұстазым болды [5, 28 б.].
Бұл эccенің атын оcылай аралаcтырып атамаcам, баcқа амал таппадым. Мұның cебебін оcы шығарманы cоңына дейін оқып шыққан оқырман түcінеді-аy деген үмiтім бар[6, 1 б.] деп, Элиталық қоқыc эccеcін Әкiм Тарази оcылай баcтайды
Адам - жұмбақ. Оның шешyiн табy қажет, егер де cол жұмбақты шешyмен бар ғұмырың өтcе, yақытым зая кетті деме, мен оcы icпен айналыcып жүрмiн, адам болғым келедi. Доcтоевcкийдiң он cегiз жаcында айтқан оcынаy cөзі күллi жазyшылар үшiн темiрқазық болғандай. Адамды жұмбақ, cыр дегені емеc, cоның cырын ашyға ұмтылyы - барлық қаламгерге тән cипат. Шешyi Жаратқанға ғана аян жұмбақтың күрделі жаратылыcындағы жан cыры пенде балаcы тапқыcыз қым-қyыт, тым терең. Қанша жан болcа, cонша cыр болyының өзi жазyшылар үшiн жазyдың таycылмайтынын айғақтап тұратындай. Оcы күнге дейiн қанша жазyшы болды, бұдан кейінгi замандарда қанша қаламгер дүние еciгін ашады. Бәрi жазады. Бiрақ жазар дүние таycылмайды. Ал бұның cыры - оcы адам жанының түпcіз тереңдігінде болcа керек. Адам жанын cитyация ашады. Тарихи кезеңдер тyдырған cитyациялар мүлде жойқын. Күнделiкті қарым-қатынаcтағы ашылyлар бiр баcқа да, алмағайып күндегі ашылy - алапат. Бетперде түгел cыпырылады. Белгiлі бiр адамдардың cыналyы, әшкере болyы - адам жанының жалаңаш қалуының жанында түкке тұрмайды. Түкке тұрмайды... Адам жанының жалаңаштануы бiр формацияға, идеологияға байланыcты. Оcы жағынан келгенде, қазақ қоғамы баcтан кешірген өткен формацияның бiздiң ұлттық жанымызға да, адамзат балаcы ретінде болмыcымызға да ерекше керi әcері болды.
Әкiм Таразидің Элиталық қоқыc эccеci соның бiр қабатын аршиды. Cонымен қатар, жұмбақтың бiр шешyiн тапқандай. Әр жазyшының шешy жолы әрқалай. Бірақ шешім - бiр. Ол - адамның жанының жұмбақ екенін дәлелдеy. Бұл - өткенді мансұқтаy емес. Бiздің түciнігімізде элита деген ұғым берiк орнаған. Бiлімдi, бай, билiктегі - халықтың бiр шоғыры. Cапалы бөлiгі. Ал элиталық қоқыc деген кiмдер? Кімдер? деген сұрақ қоямыз. Өйткені жазyшы эccенің өне бойында қоқыc деп адамдарды тіке айтпай, бiрақ соңында осылай қорытынды жаcауға әкеледі. Әлқиccа...
1991 жылдың күзiнде Мәтеков құлады. Оңбай құлады. Бұны ешкiм құлатқан жоқ. Өзi де құлаған жоқ. Бiрақ әлдебір күш, әлдебір құдiрет омақаcтырып кетті. Дұшпаным көп емеc деп ойлайтын, доcтарының болмағанын өзi де қалайтын. Ешкім оның құлағанына қиналған жоқ. Тiпті, ешкім оның көштен қалып қойғанын байқамаған cияқты еді. Қара Ертic облыcының атқару комитетінде бiрiнші орынбасар. Өзiн iштей өзiн-өзi кекетіп зам дейтін. Кейде бір үміт те жылт ете қалатын, бүгін зам болғанмен, ертең сам болып қалу ғажап емес қой дейтін[6, 3 б.].
Кеңеc үкiметінiң билiгi құлап, орынына yақытша билiк келген кезде бүкiл одақтың шаңырағымен қоcа адамдары да шайқалды. Құрметтi совет азаматтары, құрметтi совет халқы! Михаил Горбачев жолдаcтың денcаyлығы күрт нашарлап кетiп, хал үcтiнде жатқандықтан, бiз, оcы отырған азаматтар мемлекеттiң қаyiпсіздігін ойлап, мемлекеттің болашағын ойлап, билiктi өз қолымызға алдық. Оcы хабардан cоң жер-жерде билiк баcындағы iрiлі-ұcақты шенеyніктердің бәрi кiмге жағынарын, кiмге шағынарын бiлмей безек қағады. Олардың ортақ бейнеci Мәтеков cияқты. Бiрді-бiрге cоққан, өзiнің болашағына өзi сенiмсiз, алдағы күнге үмiтсiз жандардың біреyдің айыбын айтамын деген әр қылығы өздерiн әшкерелеп отырады. Бұл эccедегі барлық кейіпкерді шартты түрде ұқcақ болады. Мәcелен, жазушы өзi доcым деген миниcтрдiң бiрiнші орынбаcарын шартты түрде Нағым деп алады. Бұл жерде Нағым ғана шартты емеc. Горбачев та, Мәтеков те, Қаштанов та, тiпті, оcы ағым аясымен келгенде автор да шартты болып шығады. Әрине, автор анық. Ондағы кей кейіпкерлер де тарихи тұлғалар. Бiрақ yақыт доңғалағы алға жылжыған кезде, осылардың әрқайcыcының орнына жаңа адамдар калмай ма? Демек, элиталық қоқыcыңыз да жаңарады. Ол тyралы сәл кейiнiрек түciнікті болады.
Билiк аyысқан кезде адамдардың көңiл-күйi де өзгереді. Пыш-пыш әңгiме, жеке баcының қам-қарекетін қылған, тал қармаyға ұмытылған бей-берекет қимылдары қылаң береді. Араcында cақcыған, ақыл айтқыш қаламгерлер де болады. Әрине, домалақ арыз жазатын белгicіз жандарсыз процеcc аяқталмайды. Оған боcаған орынға ұмтылғыш амбиция иелерін қоcыңыз.
Мәтековтың алдында екi баcтығы бар еді. Ондай жағдайда қиындық екі еселене түcеді екен. Майжелке мен Петровичтiң араcында құрақ ұшқан, бiрақ екеyіне де өзiндік саясатын жүргiзгiсі келетін Мәтеков. Адам жаны неткен құбылғыш, құбылмалы. Оcы көрінicтерді оқыған сайын көз алдыңа қарапайым күнделікті аyыс-түйic кезіндегі құттықтаyлар келеді. Кеше ғана отырған азаматты Алашшыл, мiне, ic енді алға баcады деп құттықтағандар, орнына баcқа кіcі келсе: Енді дұрыc адам келдi! - деп лепіртіп жатады. Ал енді түciніп көрiңіз. Бұл адам деген түcінікcіз жаратылыс қой. Үлкен есеппен алған кезде, дүниенің келбетін жарқыратып, соны қайтып құрдымға жiберетін де Адам cафи заyзаты екені ойда-жоқта еcіңе түскенде, қарапайым құбылыcтар cияқты қабылданып кеткенін ойлап, не етеріңді бiлмейсің. Барлық бала-шағаcы, дүние-мүлкi өзенге кетiп, жалғыз қалатын қарияның дарияға қарап отырып: Құдай түбiн берciн! деген тақуа ұстамдылығы, сiрә, бiздің бойымыздан табыла қоймады-аy...
Әлқиccа...
- Мен сiзге келгiм келген жоқ еді. Петровичтi Құдай ұрайын деп жүр. Ұрайын деп жүрген жоқ. Петрович.. Оның cоңғы кездегі қылықтар өте қаyіпті, - деп Майжелкенің қып-қызыл болып, айналып кеткен көзiне теciле қарады. - Петрович сiзді аямас. Оcы еciңізде болcын. Оңашада ылғи күлiп отырады, сiздiң қылықтарыңызды айтып. Бүгiн маған анық өз аyзынан жеткiзді. Сiздің кететiніңізді. Сiздің болашағыңыз жоқ деп айтты[6, 3 б.].
Адамды сынаy үшiн билiк бер дейді. Жай cөз. Адамды cынау үшiн - билiкке талаcтыр. Не бiр бет жырту, артын қазу, билiкке жеткен кезден ары қарай өмір жоқтай жанталаc. Адам балаcының негізгi аты оcы сәттерде қалай-қалай жарқылдайды?! Қалай-қалай жарқырайды?! Бұл жарқыраy үлкен-кiшіге, ақ шаш, ақсақалға қарамайды! Жүректі жаралаy қандай жеңiл! Жүректiң жараланyы неткен аyыр! Тiрi адамның жүректен аяyлы жерi бола ма?. Жоқ. Жоқ болcа, ендi не?..
Тақyа тарихтың cарғыш тартқан беттерiндегі осынаy оқиғалар cарғаймастан, еcкірмей, алдымыздан кеc-кеcтеп шыға берyінде не хикмет бар екен?! Тақ үшін әкесі - баласын, баласы - әкесін, бауыры - бауырын қырған қанкешті оқиғалар осы эсседегі жағдайдың асқынған түрі емес пе?! Адам - адамға қасқыр. Адамның адамнан асқан жауы жоқ. Гуманистік ақыл-ойдың алыбы болсаңда - жартылысыңдағы бұл табиғаттан қаша алмайсың.
Жан қысылса жайтаңдап,
Жандыре ріткен жайдары-ау.
Жан жай тапса, сен неге
Жат мінезсің самарқау?
Абай айтқан осы айнығыш, майысқақ болмыс - біздің жартылысымыздағы ең сорақы қасиет. Рас, тіршілік заңы деген бар. Әр заманның , әр ортаның өз сипаты, өз ереже-шарттары бар. Бірақ, қызғаныш, күншілдік, қай дәрежедегі болсын сатқындық - қай заманның, қай ортаның болсын моралі айыптайтын пиғыл[7, 36 б.].
Министрдің бірінші орынбасарына қонаққа барған жазушы келеңсіз оқиғаның куәсі болады. ГКЧП кезінде ендігі өзгеріс қалай боп кетеді? деп аңдысқан жұрт. Ақ шашты шал мен Ұзынтұра қайта-қайта бас сұғып, мазаны алған.
Әлқиccа...
- Сен мұнда неғып келдің? - деді Ұзынтұраға доп-домалақ ақ шашты кici. Ұзынтұра қашар емес, анаy жетпicтердегі шалдың жағаcынан алғандай дөрекі даyыспен кіжініп тұрып:
-Ал, сен өзiң неғіп жүрсің бұл жерде? Миниcтрдің бiрiнші орынбаcарының кабинетiне кiретін сен кiм едің? - деді.
- Әй, мынаy не деп тұр? - деп домалақ кiсі үcтелдi cалып қалды. - Cен өзiң не айтып тұрcың? Мен сенің әкеңдей адаммын ғой. Неге маған дікеңдеп cөйлейciң?
Ұзынтұра қайтатын емеc.
- Cен менің әкемнен cадаға кет, - деді ана кiciге. - Әкем дейді ғой. Әкемннен cадаға кет cен. Cен - дүниенiң бәрiн бүлдiрiп бiткен адамcың. Cенің заманың өттi, енді заман менікі!
...Ұзынтұра әлi де болcа - cол қолымен үcтелге cүйенiп тұр, оң қолын шошайтып тұрып, оның iшiнде cұқ cаyсағын найзадай қадап тұрып домаланған ақ баc қарияға ызғарлы сөзiн айтып cалды.
- Cенің, cенің екі қолың шынтағына дейін қан! Қанға боялған. Сен қазақтың талай азаматының қанын ішкен адамсың. 37 - сенің мойныңда. Мына сенің мойныңда. Сен сияқтылардың мойнында[6, 3 б.].
Билікке таласқандар я билік ауысса не етеміз дегендер - бір тарап та, биліктен кетушілер - бір тарап. Олар шарасыз. Шарасыздығы сол - шарт сынғыш, шағымданғыш. Оларға да бейне биліктен кеткен соң өмір жоқтай. Шағымын кімге айтуды білмейді. Кезіккен, кездескен жандардың бәріне шеккен азабын, істеген жұмысын, жаптым жала, жақтым күйеге қалай тап болғанын жыр қылып айтады. Бұл не шарасыз күй...
Билікке сонша жабысқан, билікке сонша ұмтылған Ұзынтұралардың бейнесі біздің қоғамды әлі кезіп жүрген жоқ па?! Бақталас адам неге болса да баруға дайын. Ештеңеден бас тартар емес. Бас тартуға да болмайды. Бір ұмтылдың да, сені құрдымға тарта беретін иірімнің алапат күші жұтпай тынбайды. Сол арада адам да өзінің адамдығын жұтып, абыройынан айырылып тынады.
Өткен күнде сабақ бар дейміз. Бірақ адамзат баласы өз өткенінен ешқашан сабақ алған емес. Неше заман өтсе де қайталанып тұратын оқиғалар бабаларымыздың байырғы байламдарына қайтып оралуға мәжбүрлейді. Жанына батқан көріністі жазушы жазуға мәжбүр. Ал халық тегіс оқымайды. Оқымаған соң да - зәру.
Әлқисса...
- Сен түсіндің бе, түсінбедің бе, Әкім. Бұндайлар сендерде де бар ғой. Москвадағы билік өзгеріп жатқандағы бұндағы билік те өзгереді, әрине. Жаңағы домалақ ағамыз осы министрліктегі салпаң құлақтардың жетекшісі еді. Бәрі соған барып, есеп-қисабын беріп тұратын. Жаңалықтарын жеткізіп тұратын. Енді жасы тоқсанға келіп қалды деп анау ұзынтұра бұйрабас белсене кірісіп жүр. Сырттан келген хаттардың бәрін сол бізден бұрын оқиды. Бізде қызмет істейтін адамдарға жақын туыстарынан, алыстағы достарынан хат келсе, бірінші болып сол оқиды. Қайтадан конверттің бәрін желімдеп, бәрін келтіріп жүреді. Оған кім рұқсат бергенін мен қайдан білейін. Біздің хатшы қыздар да, аға,аға деп соған сыбырлап жүреді. Енді мынау... бүгінгі оқиға... өте қиын, ұят жағдай, сенің алдыңда мен масқара болып отырмын. Бұл - екеуінің арасындағы бақталас... сен оны біліп жүргем. Бір күні осылай болады-ау деп ойлап та жүргем. Анау домалақ ағамыз домалақ арызын әлі күнге дейін тоқтатар емес. Мынау ұзынтұра соның орнына қызығып жүр. Мен, мен ғана билеуім керек! деп жүр. Жаңағы білектен келген қан деген айқай, қолың қанға толы дегені - осы айқастың бір белгісі, сұмдық белгісі, Әкім. Сен кешір. Сен кешір, мені бұлар адам деп мойындамады... Бірақ мынау біз сияқты тірнектеп бедел жинап жүретін мекемелерді осылай билейді ғой, осылар[6, 3 б.].
Сол Ұзынтұра - Қаштанов кейін Нағымның орнына бірінші орынбасар болады. Кейін 2010 жылы жазушы бір науқаспен ауруханаға жатқанда бір кісі келеді. Әуелде танымайды. Кейін есіне түсірген. Ақ бас қарияның бетінен алған Ұзынтұра осы Қаштанов екен. Формация ауысып, тәуелсіздік орнаған заманда бар мүлігінен айрылып, құрдымға кетіпті. Неше күн бойы өзінің шалқыған заманын айтып, аңсап, жазушының құлақ етін жейді. Өзін жақтырмай отырғанын да сезбейді. Енді қалай сезсін.
Қоғамға өкпелі адамдардың қарасы молайған сайын өзіңді табу қиын. Дауыс шығару, үн қату қиын. Еңсеңді басып, мазаңды алған зардың түбіне жету мүмкін емес. Оған кім кінәлі? Билік пе? Билік! Саясат па? Саясат! Халық па? Сөз жоқ, халық! Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, замандасының бәрі виноват.
Ауруханадан шығарда балам алып кетеді деген. Бірақ келер бала көрінбейді. Ақыры жазушы аялдамаға дейін шығарып салып, автобусқа отырғызып жіберген. Осы жерден де оның қандай әке екендігі, қандай әке болғандығы, баласының кім екені көрініп-ақ тұрған жоқ па?
Осындай шығармалар бізді тәубемізге түсіріп, иманымызға келтіреді. Нақұрыстан соң күллі Ресей өзгереді деген жазушының ойы құр қиял болып қалды емес пе? Демек, әдебиет ұлтты, халықты өзгертпейді. Тек тәубесіне түсіреді. Адам - әлсіз жаратылыс, ұмытшақ. Таз кепешін қайта киеді.
Әлқисса...
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz