Алаш қозғалысы және жер мәселесі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:   

Диплом тақырыбы: Алаш қозғалысы және жер мәселесі

Кіріспе

1. Кеңестік уақыттан посткеңестікке дейін: Алаш қозғалысы мәселесінің зерттелу тарихнамасы

1. 1 Кеңестік тұстағы Алаш қозғалысының тарихнамасы

1. 2 Тәуелсіздіктің 30 жылдық қарсаңындағы Алаш тарихының зерттелуі

2. Алаш қозғалыстарының құрылу тарихы мен ондағы жер мәселесінің маңызы

2. 1 Біртұтас «Алаш идеясы» және Алаш қозғалысы мүшелерінің қоғамдық-саяси қызметтері

2. 2 Алаш зиялыларының жер мәселесіне қатысты көзқарастары

3. Алаш қозғалысының нәтижесімен оның қазіргі уақыттағы саяси ерекшелігі

3. 1. Алаш қозғалысы мүшелерін жазықсыз жазалау және ақталуы

3. 2. Алаш бағдарламасының қазіргі Қазақстан тәуелсіздігімен сабақтастығы

Қорытынды

Әдебиеттер тізімі

Қосымша А

Қосымша В

Кіріспе

Тақырытыптың өзектілігі: «Біз - кең-дала алқап жері мен аса бай рухани және мәдени-тарихы бар рухты биік елдің қатарындамыз. Бұл өңірлердегі әр елді мекенмен, аймақтардың бір өзіндік ерекшелікері мен тарихи рөлі бар. Бір қуанатынымыз осындай географиялық рухани белдеуде жатқан халықтың әрқашан бірлігі бұзылмаған. Оған дәлел рухани жұбанышымызға орай, «ағылшын экономикасы», «француз утопиясы», «неміс философиясы», «славян идеясы» іспетті ұлттың саналық рухани болмысын анықтайтын «Алаш идеясы» қазақ топырағында да аса күрделі жағдайда қалыптасты. Ұлттық азаттығың, рухани тәуелсіздігің, жерің-Отаның, тілің- құдіретің, тарихың-тағдырың, саяси бас бостандығың мен экономикалық дербестігің - Алаштың Азаттығында дейтін Ортақ ұлттық мүддені ұран еткен, оны жүзеге асырған Ұлтжданды Ұлдар туды.

XX ғасырдың бас кезінен өрістей бастаған қазақ қауымына тән қоғамдық қозғалыс өз алдына буржуазиялық-демократиялық мәні бар жалпыұлттық мақсат-міндеттерді: ұлттық тең құқылық, халықтың мәдениетін көтеру, оқу-ағарту ісін жетілдіру, әйел теңдігін қамтамасыз ету, көшпелілерді отырықшыландыру сияқты міндеттерді қойды. Басқа сөзбен айтқанда бұл істің басы-қасында болған жаңадан қалыптаса бастаған қазақтың ат төбеліндей аз ғана тұңғыш интеллигенттері жалпы ұлттық сұраныстарға жауап беруге және оларды шешуге тырысты.

Мәселен, Қазақстан ұлттық мемлекетінің идеяларының қалыптасуы Алаш қозғалысының идеясынан және Алаш партиясының бағдарламасынан бастау алады. Алаш партиясының бастау көздері, Алашорда үкіметінің саяси рөлі және қазақ зиялыларының халық бостандығы жолындағы күресін және олардың ғылыми саяси еңбектерінің маңызын зерттеудің қажеттілігі өзекті болуда. Алашорда үкіметінің саяси процестегі ақ гвардияшылдармен және Совет өкіметі арасындағы қарым-қатынастары, Алаш зиялыларының Алаш қозғалысындағы рөлі толық зерттелмеуде. Қазақ автономиясын құрған кеңес өкіметі емес, Алашорда кеңесі мен Алашорда үкіметі болатын. Алашорда үкіметі 1917жылдың желтоқсан айында құрылды, ал 1919 жылдың желтоқсан айында оны кеңес өкіметі ресми мойындады.

Ал, 1919 жылдың сәуірінде А. Байтұрсынов Қазақ Өлкелік революциялық комитетінің мүшесі болып бекітілді. 1920 жылы қазанда Қазақ АССР-і болып өзгертіліп, әкімшілік атқару комитеті қайта құрылды. Біздің тәуелсіздік алу идеямыз 1917 жылы желтоқсан айында құрылған Алашорда үкіметінің құрылуынан басталады [28, 85б] .

Яғни, ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялылары бүкіл қазақ халқы атынан іс-қимыл жасай отырып, отаршылықтың нәтижесінде елді экономикалық және рухани дағдарыстан шығару жолын іздестірді, қазақ халқының мемлекеттігін қалпына келтіріп, халықты жалпы адамзат құндылықтарымен таныстыруға ұмтылды.

Жалпы, айтқанда Отандық тарих ғылымында көлемді орын алған тақырыптардың бірі - Алаш тарихы. Алаш тарихы қарастырылды дегеннің өзінде, көп зерттелмеген тақырыптардың бірі қозғалыс, кейін жер мәселесі. Отандық және шетелдік тарихшылардың еңбектеріндегі Алаш көсемдері, бағдарламаларын жүзеге асырудағы әрекеттері жайлы тұжырымдар бір зерттеу жұмысы ретінде жарияланбады. Отандық тарихшылардың Алашорда мәселесімен жарияланған еңбектері өте көп. Дегенмен тарихнамасының кезеңдер бойынша бөлінуі кездеспейді.

Патшалыҡ өкіметке де ашық сындарымен қолайсыз болған, кеңес өкіметі үшін де қазақ жерін әрі қарай отарлауға мүмкіндік бермеген алашордашылардың сол тұстардағы тарихнамасы билік тапсырысымен жазылғандықтан кері пікір қалыптасқаны белгілі. Тәуелсіз тарихымызды жазудағы негізі міндеттердің бірі, сол зерттеулерді сараптау мақсатында осы зеттеу жұмысы таңдалып алынды.

Жұмыстың негізгі ұстанымдары мен тұжырымдары: «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасымен үндес болуымен бірге, Қазақстан - 2050 бағдарламасында анықталған Мәңгілік елдің мақсат мұраттарымен Елбасы Н. Ә. Назарбаев ұсынған интеллектуалды ұлт жобасында, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру атты» бағдарламалық мақаласында көрсетілген идеялармен сәйкес келеді және аталған бағдарламалардың қолданбалы міндеттерін шешуге өз септігін тигізетіндігі анық.

Зерттеу жұмысының зерттелу деңгейі. Алаш тарихы көп жылдар бойы тыйым салынған тақырыптардың бірі болды. Билік ауысканимен; билік басына келген саяси күштердің жоспарларына пікірлері қарама-қайшы болған алашордалықтар халық санасынан мүлдем жойылуы тиіс еді. Мемлекеттік Думаға әртүрлі жолдар арқылы сайляна отырып, көкейкесті мәселелерді көтергендіктен қудаланған қазақ зиялылары, кеңес өкіметі орнаған тұста да саяси қуғындалды.

Ф. Голощекин қазақ өлкелік партия комитетінің басшылығына келген кезде Алаш» деген атқа қатысы бар өнер, ғылым, мәдениеттің түрлі салала халық үшін жемісті еңбек етіп жүрген барлық қазақ зиялыларының соңына түсіп, қудалай бастады. Қазақ халқына қарсы жасалған геноцидтік саясатын іске асыру үшін Голошекин 20-шы жылдардың өзінде жекелеген қызметкерлерге алаштың «контрреволюциялық ұлтшылдық мәнін» әшкерелейтін еңбектер жазуға арнайы тапсырмалар береді.

Сондай тапсырма алған республика мемелекеттік баспаның директоры А. К. Богачов «Алашорда» деген кітапша жазып, онда алашты бастан-аяқ қаралап шығады [6] .

Қазіргі таным тарихында кеңестік саясатқа ұлттық тұрғыдан баға берген академик Манаш Қозыбаев «Кеңестік Орталық пен большевизм жүргізген геноцид-отаршылдық шыңы болды» деп ой қорытуы негізсіз еместі. Осы орайда ұлт зиялыларын зерттеп жүрген белгілі тарихшы Мәмбет Қойгелдиевтің «Алаш өкілдерінің осы аралықтағы ұстанған позициясы мен көздеген мақсаты біреу, ол мақсат қазақ қоғамын ояту, халқын, жұртый-тэуелсіздікке үндеу болатын» деген тұжырымы да орынды.

Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметінің шын тарихы тек Қазақстан тәуілсіздік алғаннан кейінгі жылдары жаңаша парадигма негізінде зерттеле бастады. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін, тарихымыздың осы мәселесін зерттеуге бет бұрған тарихшы ғалымдардың бірі академик М. Қозыбаев болды. 1992 Қозыбаевтың осы тақырыпқа және Қазақстан тарихының басқа да өзекті мәселелеріне арналған «Ақтаңдақтар ақиқаты» атты еңбегі жарық көрді. Осы еңбектің «Тарихтың ашы сабағы» дейтін мақаласы аталмыш мәселеге арналған.

Яғни, қазақ ұлт-азаттық қозғалысын бүгінгі қоғамдық сұранысқа сай зерттеуде М. Қозыбаев еңбектерінің орны ерекше. Ол бұл күрделі мәселені ескі, ұлыдержавалық мүдде тұрғысынан емес, ұлттық ерекшеліктер мен мүддеге, жалпы адамзаттық қасиеттерге негізделген жаңа әдістемелік және теориялық деңгейде зерттеуді меңзейді. Академик М. Қозыбаев «Алаш» партиясының бағдарламасының жобасын және бүкілодақтық екінші сьезді құжаттарын талдай келіп, партияны ұлтшыл саяси ұйым деп айыптаудың негізсіз екендігін дәлелдеп берді [11] .

Қазақ мемлекеттігін жаңғырту жолында күрес жүргізген Алаш қозғалысы туралы жазылған іргелі зерттеу К. Нұрпейісов Алаш қозғалысы туралы жазылған іргелі зерттеу Ҡ. Нұрпейісовтің «Алаш һәм Алашорда» атты монографиясы, Қ. Нұрпейісов Алаш қозғалысы бірнеше құрамдас бөлімдерден тұратын күрделі ұғым екендігін, бұл ұғымға біріншіден, саяси партия ретіндегі Алаш, екіншіден, мемлекеттік құрылым түріндегі Алаш автономиясы, үшіншіден осы автономияны (Алаш атты қазақтың мемлекеттігін) бақаруға тиісті болған Алаштың ордасы (Алашорда үкіметі) кіретіндігін жазады. Д. Аманжолованың «Казахский автономизм в России. История движения Алаш» Р. Нұрмағанбетованың «Проблемы Алаш и Алашорды в казахстанской историографии 20-90 годов ХХ века» еңбектерін боліп көрсеткен жөн. Бұларда Алаш қозғалысы тарихын зерттеудегі жетістіктерімен қатар, әлі де назардан тыс қалып келе жатқан мәселелер кеңінен талданды [16] .

Интеллигенция тарихын зерттеудегі жаңа кезеңнің тағы бір белгісі бұл мәселені кең тарихи хронологиялық- ауқымда және нақты деректік негізде зерттеуді қуаттайтын еңбектердің жарық көре бастауы. Ұлттық интеллигенция тарихын Кеңес билігі дәуірімен шектеген Қарағұсов және басқа авторлардың пікірін Х. Әбжанов орынды сынаған.

М. Қойгелдиев пен Т. Омарбеков «Алаш» қайраткерлерінің негізгі мақсат қазақ елін отарлық езгіден азат ету және қазақ қоғамын ортағасырлық мешеуліктен өркениетті әлеуметтік-экономикалық, мәдени даму жолына алып шығу болғандықтан, «Алаш» партиясын «Ұлттық демократиялық партия» деп атады.

М. Қойгелдиевтің тұжырымы бойынша - «сол тарихи кезеңде қазақ қоғамына терең дағдарыстан өркениетті жолға шығу үшін, тарихи тәжірибе көрсеткендей, большевиктер ұсынған жол анағұрлым тиімді және азабы кем еді. Себебі алаштық интеллигенция ұсынған жол қазақ елінің сан ғасырлық даму тәжірибесін, салт-дәстүрін революциялық әдіспен күрт өзгертуді емес, қайта оларды эволюциялық жолмен, басқа өркениетті елдердің өмір тәжірибесін ескере отырып, одан әрі жетілдіре түсуді көздеді [37] .

Келесі бір зерттелу деңгейіндегі мәселелер ол, «Алаш идеясы». Яғни, қазақтың мемлекеттік, ұлттық идеясы екенін атап өттік. Ондағы біздің қарастырып өткен еңбектердің бірі, ол С. Өзбекұлының «Алаштың арыстары» [18], атты ғылыми деректерде ұлт перзенті атанған Әлиханның халқымызға сіңірген еңбегі мен оның құрған «Алаш» атты саяси партияны бүгінде немесе сол уақытта болсын халқымыз бесігінде тербетіп, есейіп ат жалын тартып мінгенде бойына күш-қуат және сенім берген ұлттық идея екенін түсінгенін көруге болады.

Алаш зиялыларының атқарған қоғамдық саяси қызметі және тағдыр- талайы туралы жүргізілген құнды зерттеулер қалың оқырманның ықыласына бөлеңді. Қазақстандағы Ақпан-Қазан төңкерістері жөне азамат соғысы жылдарындағы Алаш партиясы мен Алашорданың жекеленген мөселелері бойынша да зерттеулер пайда болды. Бүл зерттеулер отандық тарихнамамызға қосылған айтарлықтай үлес болып есептеледі.

Біз қарастырып отырған мәселеде қызмет атқарған жеке тұлғалардың өмірбаянынан, саяси-қоғамдық көзқарасының қалыптасу және даму эволюциясы, қоғамдық-саяси жене шығармашылық қызметінің негізінде жазылған тарих, сол тұлғаның өмір сүрген заманының ерекшеліктерінен, қоғамының құндылықтарынан көп мағлұматгар береді. Ұлт-азаттық күрестің көрнекті өкілдерінің бірі - Жақып Ақбаевтың тұлғасын сомдап, ғылыми зерттеу негізінде оның көзқарас эволюциясы мен қоғамдық-саяси қызметіне байланысты жазылған Мұхтар Құл-Мұхамедтің еңбектерін айтуға болады. Ж. Ақбаевтың қоғамдық-саяси қызметі арқылы Ақпан төңкерісіне дейінгі жөне одан кейінгі кезендегі қазақ зиялыларының отарлық жүйеге қарсы күресінен және автономияға жету жолындағы іс-әрекеттерінен мол мағлұмат аламыз [40] .

М. Қойгелдиев пен Т. Омарбековтың «Тарих тағылымы не дейді?» деген еңбегінде пайымдауы бойынша, Алаш қозғалысының көш бастаушылары негізінен екі мақсатты - қазақ елін отарлық езгідсн азат ету мен қазақ қоғамын ортағасырлық мешеуліктен өркениетті әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму жолына алып шығу міндеттерін көздеді, сондықтан да алаштық интеллигенцияны «ұлттық-демократиялық интеллигенция» деп, ал Алаш партиясын «ұлттық-демократиялык партия» деп атау шындыққа сай келеді [56] .

Жер - қазақ халқы үшін ерекше мәселе. Осыған орай М. Тынышбаев еңбектерінде патша үкіметінің қазақ жерін отарлау саясатының жабайы әдістері және оның экономикалық, саяси, рухани салдары деректерді жан-жақты талдау негізінде ашылған. Оның жер мәселесі туралы көзқарасы 1905 жылдың 19 қарашасында автономистердің 1 съезінде жасаған «Қырғыздар және азаттық қозғалысы» атты баяндамасында патша үкіметінің қоныстандыру саясатының қазақтарды қиын жағдайларға ұшыратқанын «жер үшін жанжалдар, төбелестер және кісі өлтірулер орын алып отырғанын, қазақтарды мал шаруашылығынан диханшылыққа ауыспайды деп айыптайтынын, алайда олардың қарауына берілген жалаңаш далада және құмдарда адамдар тұрмақ, аңдар да өмір сүре алмайтынын» атап көрсеткен еді [53, 74б. ] . Сонымен қатар жер мәселесінің қазақ халқы үшін стратегиялық маңыздылығын түсіне білген ол, егер жерді орыс шаруаларының пайдасына тартып ала берсе, ел арасында әлеуметтік қақтығыстың болатындығы заңды екендігін атап көрсетеді.

Алаш қайраткерлерін саяси қуғын-сүргінге ұшырату мәселесімен, әсіресе Сталин бастаған әміршіл-әкімшіл жүйе негізінде Алаш қайраткерлерінің тарихын зерттеуте тарихшы Д. Махаттың қосқан үлесі зор болды. Д. Махаттың еңбегінің құндылығы деректерінің молдығында. Зерттеуші Д. Махат ғылыми айналысқа Ресей архивтеріндегі Алаш қозғалысына қатысты құжаттарды қосуымен көрінді. Зерттеуші саяси қудалау мәселесін жан-жақты қарастыруға зор серпіліс әкелді [69] .

Әдебиеттер мен газеттер және интернет желісі барысында, осыған дейін аталған Әлихан Бөқейханның Алаш арыстары мен атсалысып бірге құрған партияның бағдарламасының бағыттары және қазіргі Қазақстан тәуелсіздігінде үкіменттің дәріптеп отырған «Нұр Отан» партиясының сабақтастығын салысытырып өттік. Онда жалпы екі партияның бағыттары мен мақсаттарын көрсете келе, яғни ондағы ұқсастықтар мен халыққа қызметін баяндай келе біз партиялардың демократиялық бағытты үгіттеуін баяндап өттік. Бір партия егер тар заманда пайда болған болса, ал қазір тәуелсіздігімізді алып, сол партияның жүзеге аспаған бағдарламаларын күні бүгінде «Нұр Отан» партиясы атқарып жатқанын еске сала кетейк. Бұл бүгінде біз үшін сол арыстардың үлгі етіп тұтып, адал қызметінің үлгісін көрсетеді. Тағыда қосып кететін жәйт, ол Әлихан атамыздың бір сөзі есіме келеді, «мемлекетке қызмет ету, ол білімнен емес мінезден», - деп атап өткені бар еді. Ендеше осы қағиданы қазіргі жас ұрпақ санасына сіңіріп алғаны дұрыс болар еді.

Жұмыстың деректік қоры. Алғаш рет қолға алынған бұл зерттеу жұмысы архив материалдары мен ғалымдардың, зерттеулері және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған ақпараттар деректік көз ретінде табылады.

Яғни, архив материалдарынан Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік архивінен алынған қорлары Ресейдің Қазақстандағы отарлау саясатының барысы мен нәтижелерін терең түсінуге мүмкіндік беретін деректер [8] мен ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінде сақталған 20-30 жылдардағы ОГПУ архиві ІІ томнан тұратын №124, IV томдық №06610 тергеу және соттау істері материалдары көп мәліметтерді толықтыра түседі [13] .

ҚРШҚО Қазіргі заман тарихының құжатнама орталығынан 12-27 қор, 1-тізбе, 86-88-ісі Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметінің құжаттары мен кеңселік іс-қағаз бланктері, мөрі баспаханалық әдіспен басылған құжаттары алынды [7]

4. Құжаттар мен материалдар негізінде Алаш қозғалысының құжаттары мен материалдар алынды. Бұл құжаттар жинағында 1913-1918жылдар арасында «Қазақ» [1], «Бірлік туы» [2], баспасөздерінде жарияланған мақалалар топтастырылған.

Бұқаралық ақпарат құралдары бойынша Саясат, Қазақ тарихы, Абай, Арай, Егемен Қазақстан газет-журналдарында жарық көрген тарихшы ғалымдардың, зерттеушілердің К. Нүрпейісовтың, М. Қойгелдиевтің, Е. Сайлаубайдың Алаш қозғалысына байланысты жарияланған мақалалары пайдаланылды [69] .

Жұмыстың зерттеу нысаны. Алаш қозғалысы және жер мәселесі жөніндегі мәліметтердің анықтау болып табылады.

Жұмысының мерзімдік шеңбері. Алаш қозғалысының осы уақыт аралығындағы зерттелген тарихнамасы.

Ежелден орта ғасырға деіңгі аралықта қалыптасқан Шығыс Қазақстан өңірінің күнделікті тәжірибеде қасеттендіру.

Жұмыстың пәні. Алаш зиялыларының қоғамдық - мемлекеттік, саяси қызметі мен көзқарасының қалыптасуы. Тарихи және геосаяси мәселелерді көтеру барысында қамтылып отыр.

Жұмыстың мақсаты. Алаш қозғалысының қалыптасу тарихы мен дамуы, бағдарламалық ұстанымдары, көтерген ел проблемалары мен оған жетудегі күрес жолын, кезеңдер бойынша жариялаған еңбектер неізінде талдау.

Осы ғылыми жұмыстың алдына қойған мақсатына сай төмендегідей міндеттер жүктеліп отыр:

  • Алаш қозғалысы жөнінде, кеңестік және посткеңестік уақыт аралығындағы дейіңгі зерттеу мәселесінің тарихнамасы;
  • Біртұтас «Алаш идеясы» және Алаш қозғалысы мүшелерінің қоғамдық-саяси қызметтерін талдау;
  • Сондай-ақ, алаш зиялыларының жер мәселесіне қатысты көзқарастарын анықтау;
  • Жалпы алаш қозғалысы мүшелерін жазықсыз жазалау мен ақталуының тарихи үдерістік кезеңнің мәнін ашу:
  • Алаш қозғалысының бастау көздерін және Алаш партиясының бағдарламасын қазіргі уақыттағы саяси партиямен сабақтастығының маңызын ашып көрсету:

Жұмыcтың методологиялық негiздерi мен әдicтерi: Алаш қозғалысы, Алаш партиясының құрылуы мен Алашорда үкіметінің тарихын және қазақ зиялыларының ұлттық идеяларын жандандыруға байланысты күресін тарихилылық, партиялық, обективтік принциптерге сүйеніп, тарихи-салыстырмалық, проблемдік және нақты логикалық анализ әдістері арқылы зерттеулік жұмыстар жасалынған. Қазіргі таңда тарих ғылымында тарихи процестерді бағалауда тақырыпты хронологиялық шегін анықтауда ғалымдардың тұжырымдамалар негізі ретінде алынды. ҚР тұжырымдамасы Алаш қозғалысының ұлттық идеясы методология ретінде алынған. Дүние жүзінде Ұлттық тарихи мектептердің тарихи оқиғаларды баяндауда өркениеттік, мәдениеттік, фармациялық принциптер негізінде баяндалған. Алаш қозғалысы және Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің методологиясы осы принциптерге сүйеніп, қазақ ұлттық идеяларын негізі ретінде асырылған, бағаланған. Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметін сипаттап бағалауда тоталитарлық, модернизациялау, кооперативтік клиентализмдік топтардың идеясы тұжырымдамалық моделдер арқылы зерттеп баяндалған.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы : Бұрын жеке әлі ешкім қарастырмаған тақырып бойынша, ғылыми зерттеу жүргізуге алғаш рет әрекет жасалды. Зерттеуде тың ғылыми ізденістер жүзеге асырылды. Атап айтқанда:

- Біріншіден, ғылыми жұмыста, патша үкіметінен кеңіс уақытындағы Алаш қозғалысының және жер мәселесі жөнінде негіздей отырып, сол тұстағы орын алған басты үдерістерді жаңаша тұрғыдан баға беру болып табылады;

- Екіншіден, жоғарыда айтып өткендей, сол процестегі жазылып өткен барлық деректерге тарихи шолу жасалып, тәуелсіздікке 30 жыл тараптағы ғалымдардың жазылған көзқарастарымен салыстырып өттік.

- Үшіншіден, Алаш қозғалысының тарихы және атқарған қызметтеріне жаңаша баға беріліп, оның қазіргі кездегі саяси үдеріспен сабақтастырылып көрдік.

Төртіншіден, жұмыс бұрын жарияланбаған, мұрағат деректерінің үлкен шеңберінде құрылып, айналымға алғаш енгізіліп отыр;

Жұмыстың практикалық маңызы. Алаш идеясы бұл белгілі бір топтың еркімен өмірге келген жасанды, сондықтан да өткінші құбылыс емес Ол ұлтпен бірге өмір сүретін, ұлт өмірінен тамыр алған құндылықтар жиынтығы, ұлттың өмір сүру концепциясы. Алаш идеясын өмірден біржола ығыстыруға көп күш жұмсаған большевиктер құрған билік өмірден кете салысымен Алаш идеясының қайта жаңғыруы, қайта күш алуы оның өміршеңдік сипатын айғақтайды.

Алаш идеясының өзегі - ұлттық мемлекеттік. Құрметті Әлекең, Әлихан Бөкейханов айтқандай, мемлекеттігі жоқ халық - жетім халық. Кез-келген болашағынан үміті бар ұлт үшін мемлекеттік негізгі құндылық. Міне осы тұрғыдан алғанда Қазақ Республикасы - Алаш идеясының өмірлік шындыққа айналуының көрінісі ретінде бағалануы әбден орынды.

Ал оның ішкі әлеуметтік мазмұны, демократиялық принциптерге сүйенген қоғамда халықтың мәдени деңгейіне және саяси белсенділігіне тәуелді екендігін ұмытпағанымыз жөн.

Бүгінде нарықтық экономикаға бойлап енген халыққа Елбасы айтқандай, әлеуметшіл қазақтың, қазақстандықтардың барлық әлеуметтік топтарының жағдайын бірдей ойлайтын билік керек.

Екіншіден, кез-келген мемлекеттің тірегі белгілі бір ұлт, барлық мемлекет осы жолмен қалыптасқан. Біз де сондай. Бүгінде халықаралық деңгейде кең таныла бастаған Қазақстан аталатын мемлекетке де өз атын берген де, сондай-ақ оның халқының басым көпшілігін құрап отырған да қазақ, яғни Алаш халқы.

Мұндай шындықты айту ұлтшылдықтың көрінісі ретінде қабылданған заман да болды. Енді міне жаңа заманда қазақтың жоғын айтуды ұлтшылдықтың, солшыл радикализмнің көрінісі ретінде түсіндірудің қисыны жоқ.

Мемлекет халқының басым көпшілігі болғандықтан қазақтың қорланып қалған мәселелері де аз емес. Ал оларды атап айту, оларға билік орындарының назарын аудару - бұл бұл жергілікті жұртқа артықшылықтар талап ету емес. Ортақ мемлекеттік жүйеде қазақ халқының түрлі талап-тілектері өз уағында және заман талабына сай деңгейде шешілсе болғаны. Алаш зиялыларынан бізге жеткен аманат та осы бола керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алаш зиялыларына қарсылық
Алаштың жолы
Алаш жолы
«Алаш» партиясы және Алаш орда үкіметі
XXғ басындағы саяси партиялар, Алаш партиясы, "үш жүз" социалистік партиясы
Алаш қозғалысы
Алаш қозғалысы. Алаш қайраткерлері
Алаш жайлы
Жер дауы
Алаш қозғалысы және алашорда үкіметінің тарихи деректері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz