Қазақтың тарихи метрологиясы


Диплом тақырыбы: Қазақтың тарихи метрологиясы
Мазмұны
Кіріспе
1. Жалпы метрология және тарихи метрология
1. 1 Жалпы метрология: сипаттамасы тарихы және құрылымы
1. 2 Тарихи метрология: ерекшеліктері, қалыптасуы мен дамуы және тарих ғылымындағы орыны
2. Қазақтың тарихи метрологиясы:қалыптасуы мен дамуы
2. 1 Қашықтық пен теңдік өлшем бірліктері
2. 2 Салмақ және көлем өлшеу жүйесі
2. 3 Қазақ халқының уақыт пен кеңістік туралы түсініктері
https://e-history. kz/kz/news/show/2071/
3. Қазақ метролоиясы және халықаралық өлшем бірліктері
3. 1 Халықаралық өлшем бірліктер жүйесінің қалыптасуы және қазіргі жағдайы
3. 2 Метрологияның Қазақстандағы даму тарихы https://infourok. ru/aza-halini-bayiri-lshem-birlikteri-ilimi-zhoba-1687648. html
3. 3 Қазақ метрологиясының қазіргі жағдайы
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Қосымша А
Қосымша В
Кіріспе
- Жалпы метрология және тарихи метрология
1. 1 Жалпы метрология: сипаттамасы тарихы және құрылымы
Жалпы «метрология» дегеніміз не? Метрология - жеке мөлшерлерді өлшеу, талап етілетін дәлдікке қол жеткізу тәсілдері туралы ғылым. Адам үнемі бірдеңені өлшеу, мөлшерді анықтау, қанша уақыт қажет екенін, объектінің қаншалықты алыс орналасқанын білу қажет болатын әлемде өмір сүреді. Мұндай сан ақпаратынсыз адам негізді шешім қабылдап, дұрыс іс-әрекет жасай алмайды.
Қазіргі кезеңдегі метрология ғылым пән ретінде өзінің және шет елдердің өлшем бірліктерін сипаттаумен айналысқан пайда болу сатысын, ең соңында эталон жасалатын өлшем туралы ғылым деп аталатын өскелең шақты бастан өткеріп, есейе келе құдыретті физиканың тарауына айналды, сонымен бірге математикалық әдістерді игеріп, қоршаған әлемді дұрыс бағалайтын өлшем құралдарымен қамтамасыз ететін аспап жасауды басқаратын болды. Академик А. П. Александров: «Метрология біздің уақытымызда өте қажет, адамның көзқарасының іргетасының қалануы, сонымен бірге еңбекшілердің әл-ауқаты да соған байланысты» - деп жазды.
Қазіргі уақытта метрология мынадай түрлерге бөлінеді:
- өлшемдердің жалпы теориялық проблемалары қарастырылатын теориялық метрология;
- метрологияның тарихын, оның даму үрдістерін зерттейтін тарихи метрология;
- өзара байланысты жалпы ережелердің, талаптар мен нормалардың, сондай-ақ мемлекет тарапынан реттеу мен бақылауды қажет ететін басқа да мәселелер кешенін қамтитын заңдылық метрология;
- өлшем әдістері мен құралдарын іс жүзінде қолдану мәселелерімен айналысатын қолданбалы метрология.
Метрологияның өндірістің тиімділігін, өнімнің техникалық деңгейі мен сапасын арттырудағы маңызы артып келеді. Ғылым мен техниканың дамуы өлшеудің дәлдігін үнемі арттыруды қажет етеді. Адам нанотехнологияларды ойластырды, яғни жұмыстар молекулалар деңгейінде жүргізілуде, яғни, микропроцессорлық техника жасалуда. Сондықтан өндірістік кәсіпорындардың, ғылыми-өндірістік бірлестіктер мен ғылыми-зерттеу институттарының басшылары метрологияны дамыту, метрологиялық ұйымдар мен қызметтердің қызметін жетілдіруге ерекше көңіл бөлуге тиіс. Метрологиялық қамтамасыз ету мәселелері дұрыс шешілген жағдайда ең жақсы нәтиже береді және жаңа өнім жасаудың, технологиялық процестерді әзірлеу мен игерудің, өндірісті ұйымдастырудың бастапқы сатыларында жүзеге асырылганда барынша аз шығынды қажет етеді.
Метрологияның негізгі міндеттері:
- жеке мөлшерлердің, мемлекеттік эталондар мен үлгілік өлшеу құралдарының (ӨҚ) бірліктерін белгілеу;
- өлшеу мен бақылау теориясын, әдістер мен құралдарын әзірлеу;
- өлшеу мен біркелкі ӨҚ бірыңғайлығын қамтамасыз ету;
- дәлсіздіктерді, ӨК жай-күйін бағалау мен бақылау әдістерін әзірлеу;
- эталондардан немесе үлгілік ӨҚ-дан жұмыста қолданылатын ӨҚ-ға көлемдерді беру әдістерін әзірлеу.
Метрология алғашқыда өлшеудің әр түрлі:-тегін- (сызықтық, сыйымдылық, салмақ, уақыт) жазумен, сонымен қатар бірнеше мемлекеттерде қолданылған ақша және олардың ара қатынасын табумен айналысты. Метрологияның күрт дамуына 1875 жылы Мертрик конвенциясының (құрамында: 17 мемлекет бар) қорытындысы (Өлшеу мен таразылар және өлшеудің» метрикалық эталонын жасаудың халықаралық мекемесі себепші болды. Қазіргі кездегі Метрология физика, химия, т. б. жаратылыстану ғылымдарының жетістіктерін пайдаланып, физикалық тәжірибенің жоғары дәлдігіне сүйенеді. Қазақстанда алғашқы Метрологиялық мекеме 1923 жылы Семей қаласында ұйымдастырылады. Ол 1925 жылы Семей және Жетісу губернаторларындағы таразыларды, гірді, ұзындық пен көлем өлшемдерін тексеруді жүзеге асыратын өз алдына жеке палата болды. Оның бөлімдері Петропавл, Ақтөбе, Алматы қалаларында арнайы эталондар сақтайтын ғимарат салынды. Қазақстанның эталон базасын құруға және оны жетілдіруге үлес қосқан ғалымдар: М. Адайбеков, М. Басаров, А. Садықов, В. М. Кошелев, Ж. Нығметов, С. Үмбетаев, И. Ермекбаева, т. б. Республиканың метрологиялық қызметінде тексеру жұмыстарын (жүргізу үшін 20 жұмыс эталоны (мыс., қысым, темпиратура, масса, ұзындық, электрлік кедергі, түзу, түзу сызық, т. б. ) қолданылады. 2000 жылы Қазақстанда Мемлекеттік уақыт және жиілік эталоны пайдалануға енгізіледі [1, 8-9бб] .
Ерте заманда алғашқы рет уақытты, аудандарды, қашықтықтарды, көлемдерді және салмақтарды өлшей бастаған. Ертедегі өлшем жүргізудің алғашқы түрі ретінде шамаларды, нәрселерді бірімен-бірін салыстыру алынған. Өлшем ретінде адамның денесінің түрлі бөліктерінің ұзындығы, яғни шынтақ табан (фут), саусақ ұзындықтары және т. б. жүрген. Алыс қашықтарды өлшеу үшін жебенің ұшу үзындығы, бір күнде жүрілген жол есептелген. Ертеде мәдениеті күшті дамыған Қытай, Вавилон, Египет сияқты елдерде өлшемдер мен өлшеу бірліктері кеңінен қолданылған. Вавилонда (біздің эрамызға дейін 2000жыл) күнді 24-сағатка; сағатты 60 минутқа, ал минутты 60 секундқа бөлген. Осы вавилондиқ өлшемдер Грекияға, Римге және т. б. жерлерге тараған. Мемлекеттер арасындағы сауда-саттықтың, өнер түрлерінің дамуы бір-өлшемдерге келуге мәжбүр етті. Орта ғасырларда өлшемдер бірлігін ел билеуші бекітіп отырған. Мысалы «рулетка» - ағылшын тілінде «рулер» билеуші. Ал египеттіктер үзындық өлшемі ретінде «шынтақты» қолданған, ал Фараон қолының саусақ ұшынан бастап шынтаққа дейінгі аралығы. Пирамидаларды салғанда тастардың енін, ұзындығын шынтақпен өлшеген. Ағылшын королі І Генрих өзінің үлкен саусағының ұшы мен мұрынының ұшына дейінгі аралықтағы ұзындықты ярд (91см) деп белгілеген. 1970 жылы Францияның ұлттық жиналысына негізгі ұзындық өлшемінің бірлігі ретінде табиғаттағы прототип (ұқсас ата түр) алынсын деген ұсыныс түсті. Осы -мәселені шешуге құрылған комиссия осындай ұзындық бірлігі ретінде Париж меридианы ширегінің он миллиондық бір, бөлігін алуға ұсыныс жасады. Осы бірлік ұлттық жиналыста қабылданып метр деп аталды. 1792 жылы арнайы комиссия Париж меридианының Дюнкерк пен Барселона арасындағы бөлігін өлшей бастады. Бұл жұмыс 1799 жылы аяқталды. Осы өлшеулердің нәтижесінде платинадан үлгілі шекті метр мен үлгілік килограмм жасалды. 1 кг-дық масса ретінде 4 0 С-тағы таза судың 1 дм. куб көлемін алуға келісілді. Үлгілік метр мен килограмм Франция республиикасының архивіне тапсырылып, келешекте архивтік деп аталды [2, 3-4бб] .
Жалпы өте ерте кезде-ақ, біздің ата бабаларымыз кішігірім нәрселерді жақын қашықтықты қарыстап, табандап, адымдап өлшеген, ал бұларды кейде бүгінгі күнге дейін біз де пайдаланамыз. Қалыңдықты өлшегенде қарияларымыздың «бір елі», «бармақ», «екі елі», «төрт елі», «табан елі» деп жататынын біз әр уақытта естиміз. Алайда бұлар сол кезде өлшеу бірлігі болғанымен, қазір біз олардың сантиметрге я милиметрге шаққандығы мәнін шамамен де болса біле бермейміз.
Келе-келе үлкен ара қашықтықты өлшеуге адым ішілік етті. Содан соң қос адым немесе таяқ (мысалы, «таяқ бойы») кейін қос таяқ, одан кейін мың қос адым немесе мың таяқ сияқты өлшеу бірліктері шықты. Осыдан келіп латынның millia - мың деген сөзі негізінде орыстың қашықтық өлшеуіші - миля (қысқаша/миль) пайда болды. Ал аса алыс жерлер оған кететін уакьттың ұзақтығына қарай «бір түстік жол», «бір күндік жол», «бір қоналқы жол», «қырық күндік жол» т. б. өлшенетін кезде болды. Кейін орыстарда верста (шақырым), сажень (саржан), аршин (кез) т. б. ұзындық өлшеуіштері пайда болды.
Біз қазақ әдеби кітаптарын және қазақша түрлі жазбаларды оқығанда, тіпті ауызекі сөздердің өзінде кейде «ат шаптырым жер», «сүт пісірім Жер», «көш жер», «көз көрім жер», «дауыс жететін жер» деген. Сөздерді кездестіреміз. Міне, осы өлшеуіштердің өзі де белгілі- бір қашықтықты білдіреді. Бұл сияқты жайлар басқа халықтарда да кездеседі.
Жалпы ұзындықтың практикалық өлшеуіштерінің біршама өзгертілген түрлері Грекиядан оның оңтүстігі мен солтүстігінде тарады. Мысалы орыстың аса ірі ғалым этнографы Н. Я. Бичурин өзінің Орта Азия жерінде өмір сүрген халықтардың тарихы жайында жазған еңбегінде IV ғасырдың соңында хан Тоба Гуй таққа отырғасын жол өлшеуіштерін белгілеуге, таразыларды теңестіруге, ұзындық өлшеуіштерін белгілеуге, таразыларды теңестіруге, ұзындық өлшеуіштерін анықтауға жарлық берді деп жазды [3, 13б] .
Сондай-ақ, метрология ғылым және тәжірибелік қызмет саласы ретінде ерте заманда пайда болған. Ежелгі орыс өлшеу жүйесінің негізін ежелгі грек өлшем бірліктері салған, ал олар өз кезегінде Ежелгі Греция және Римнен алынған. Әрбір өлшем жүйесінің өзіндік ерекшеліктері болған, олар сол дәуірмен және ұлттық дәстүрмен байланысты болды [41] .
Бірліктердің атауы мен олардың мөлшері бұрынғы Русьтағы әдіспен жүзеге асыру мүмкіндігіне сәйкес келген. Осылайша ұзындықтың негізгі бірліктері пядь және локоть (білек) қалыптасқан.
«Пядь» негізгі ежелгі ұзындық өлшемі болған және ересек адамның бас бармақ пен сұқ саусақтары ұштарының арақашықтығын білдірген. Уақыт өте келе, өлшемнің басқа түрі - аршин пайда болғаннан кейін, пядь (1/4 аршин) біртіндеп қолданыстан шыға бастады. «Білек» өлшемі Вавилоннан келген, ол шынтақ пен ортаңғы саусақтың ұшына дейінгі арақашықтықты білдіреді.
XVIII ғасырда сауда қарым-қатынастарының дамуына байланысты Ресейде Англиядан алынған дюйм, сондай-ақ ағылшын фут өлшемдері қолданыла бастады. Ерекше орыс өлшемі болып сажень саналды (ол үш білекке тең, шамамен 152 см) .
I Петрдің жарлығы бойынша ұзындықтың орыс өлшемдері ағылшындықпен сәйкестендірілді және бұл ресейлік метрологияның еуропалықпен үйлесімділігінің бірінші сатысы болды.
Орта Азиядағы метрология - күрделі және аз зерттелген, өйткені арнайы өлшемдерге арналған ғылым кемде кем. Шығыс метрологиясы бойынша көп материаалдар В. Хинцтың «Мусульманские меры и веса с переводом в метрическую систему» оқу құралында жинақталған [31] .
Таяу Шығыстың кейбір жерлерінде, ең алдымен Шығыс Араб елдерінде дән мен бұршақ дақылдарын өлшегенде салмағын таразыға салмай, алдымен көлемін өлшейтін. Көптеген зерттеулерде салмақты түрлі көлем өлшемдерімен өлшеген [2], бұл әдістер дәннің тек жуық салмағын анықтауға мүмкіндік берді. Әртүрлі жерлер және уақыттағы бірліктердің нақты мөлшерін анықтау кезін-де, метрлік жүйеге айналдырғанда 65-77 кг бидай немесе 60-72 кг арпа 100 л алады деп есептелген.
Ертеде мұсылмандық кезеңде 1 васк немесе 1 «түйенің жүгі» - 252, 342 литрге тең болған (немесе 194, 3 кг бидайға), ал XIV ғ Иранда 1 джариб 120 тебриздік мандарға тең болған. Ал әрбір манн 260 дирхамға (3, 2 г) тең, яғни 100 кг бидай, бойынша 130 литрге тең.
Самарқандық Сағдада VI-VIII ғғ. 4, 46 г-ға тең салмақ бірлігі қолданылған. Бұл Пенджикент қаласында жазуы бар дөңгелек тәріздес кірлер табылуына байланысты анықталған. 4, 46 г салмақ бірлігі мұнда кейінгі жылдары да сақталды деп айтуға болады. Өйткені осындай мөлшердегі мискал орта ғасырларда Шығыс елдерінде пайданылған.
Соңғы орта ғасырда Бұқара қаласы үшін екі мискал анықталған: бірі 4, 8 г және екіншісі 5, 0г. 4, 8 г-дық мискал қымбат бағалы металдар, асыл тастар, бұйымдарды өлшеу үшін пайдаланылған, сонымен қатар тиындар жасауға негіз салған. Бұл мискал Бұхарада ғана емес, сондай-ақ Орта Азияның өзге қалалары мен аймақтарында қолданылған.
Арнайы өлшем - намданг, 4, 8 г-дық мискалдың 1/12 бөлігін құрайды. Құрғақ денелердің өлшемі - мут, Хуфадағы екі қол уысы, шамамен 500 г-ға тең. Бірліктерді алу кезінде бұл уыстарды әртүрлі адамдар өлшеуі тиіс болатын. Салмақ бірлігі - пайс, Ферғана, Ходжентте кеңінен қолданылатын. ХІХ ғасырдағы мәліметтер көрсетіп отырғандай, пайстың мөлшері әртүрлі кезеңдерде бірдей болған жоқ. Ходжентте (1874 ) пайс 25, 6 г-ға тең болады. Наманганда (1886) 6 алтынға, яғни Ходженттегідей 25, 6 г-ға, Қоқандта (1877) 5 алтынға (ұн және жеміс-жидек базарларында) және 4, 5 алтынға (ет, сабын сатушыларда) бағаланды.
Ұзындық өлшемі алшын (71, 12 см-лік орыс аршині) Хорезм, Бұқар және Орта Азияның барлық жерлерінде орыстардың жаулап алуына дейін қолданылды. Бірақ Хингоу өзені бойында алшын деп орыстың аршині саналмайтын, шынтақтан саусақтың ұшына дейінгі арақашықтық, яғни 45-50 см болатын.
Өлшемдердің метрлік жүйесі Францияда 1840 ж. енгізілген. Ресейде оны енгізудің маңыздылығын Д. И. Менделеев атап өткен. Ол метрлік жүйенің жалпы таралуының «халықтардың болашақтағы қаланатын жақындастығына» әсер ету құралы ретінде үлкен рөлі бар екендігін болжаған.
Ғылым мен техниканың дамуы жаңа өлшемдер мен жаңа өлшем бірліктерін талап етті, ол өз кезегінде іргелі және қолданбалы метрология-ның жетілуін ынталандырды.
2001 жылдың 1 қаңтарынан Ресей және ТМД елдерінің аумағында МЕСТ 16263-70 орнына өлшеудегі үлесті, еселік және басқа бірліктердің қолданылуын реттейтін ИСО 31(0-13) және ИСО 1000 халықаралық стандарттарымен үйлесімделген метрология саласындағы негізгі терминдерді және анықтамалар-ды құрайтын 29-99 ұсыныстары енгізілді.
Осы құжаттарға сәйкес метрология - бұл өлшемдер, әдістер және олардың бірыңғайлығын қамтамасыз ететін құралдар және талап етілетін дәлдікке қол жеткізу әдістері туралы ғылым. Мақсатына байланысты метрологияның үш бөлім ажыратылады: теориялық, заңнамалық және қолданбалы.
Теориялық (іргелі) метрологияда бұл ғылымның іргелі негіздері жетілдіріледі [14] . Теориялық метрология - метрологияның негізі, жаңа бірліктер жүйесі, физикалық өзгермейтін жаңа өлшеу әдістерін зерттеумен айналысатын тарау.
Метрология қажетті өлшеу дәлдігі, өлшем бірліктері, физикалық шама бірліктерін қамтамасыз етуге бағытталған өлшеу әдістері, эталондары, өлшеу құралдары және өлшеу зертханаларына қойылатын мемлекеттік талаптарды қарастырады
Қолданбалы метрология теориялық өңдеудің тәжірибелік қолданылу және заңнамалық метрология күйі сұрақтарын қамтиды. Қолданбалы метрология теориялық метрологияның өңдеулерінің іс жүзінде қолданылуы және заңдастыру метрологиясының шараларын жүзеге асыру жұмыстарын атқарады. Өнім мен шикізаттың саны мен сапасы, өндірістік және технологиялық процестер туралы ақпараттың болуы қажет. Метрология обьектілері [14] бірлік шамасы, өлшеу құралдары, эталондар, өлшеуді орындау әдістері.
Өлшеу бірыңғайлығы - өлшеу қателігі белгіленген мөлшермен айқындалып, заңдастырылған өлшем бірліктерімен көрсетілген өлшеу жағдайы.
Әртүрлі жерде, әртүрлі уақытта әртүрлі әдіс пен өлшеу құралдарын қолданып, алынған өлшеу нәтижелерін салыстыру үшін, өлшем бірліктері қажет. Метрологияның басты мақсаты-өлшем бірлігі мен қажетті дәлдікті қамтамасыз ету.
Метрология мәселелері. Метрологияның басты міндеті-өлшеулердің бірлігін қамтамасыз ету. Оны орындау үшін екі басты шартты орындау керек:
- өлшеу нәтижелері заңдастырылған бірліктермен көрсетілуі керек;
- өлшеу мен шектер нәтижелерінің белгіленген қателіктері берілген, ықтималдықтан шықпауы керек.
Өлшеу обьектілері [15] . Жаратылыстану және техникалық ғылымдардың дамуы үшін өлшеудің мәні бар, ал өлшеу дәлдігінің жоғарылауы-адамзат дүние танымының, ғылымда жаңалықтар ашудың және тәжірибеде қолдану жолдарын жетілдірудің бір құралы. Америка ғалымы А. А. Майкельсонның жарық шығарушы және қабыл-даушы арасындағы қозғалыстан пайда болатын интерференциялық ығысу көріні-сін бақылау үшін жасаған тәжірибесі еш нәтиже бермеді. Осы тәжірибе нәтижесін А. Эйнштейн бүгінгі физиканың маңызды теорияларының бірі болып саналатын - ықтималдық теориясын құрғанда пайдаланған. 1932 ж. судың тығыздығын өлшеудің дәл-дігін жоғарылатуда сутегінің ауыр изотопы- дейтерийді табу жаңалығын әкелді, оның жай судағы өте аз саны судың тығыздығын еселейді.
Бүгінгі ғылыми-техникалық революция метрологияның дамуына себеп болды. Эталондардың жаңалануы, дәл өлшемдердің жаңа әдістерін шығару, өлшеуге қажет дәлдік пен бірегейлікті қамтамасыз ету шараларын жүзеге асырды. Метрологияның халықшаруашылығындағы тәжірибелік мәні зор. Ол өлшеу техникасының ғылыми негізі болып табылады. . Өлшеу техникасына барлық өлшем жүргізетін техникалық құралдар мен өлшем жүргізу әдістері жатады. Сауда, өндіріс, көлік, байланыс, медицина және басқа да халықшаруашылық салаларында, материалдық және еңбек ресурстарында маңызды орын алады.
https://repository. kaznaru. edu. kz/478/1/%D0%BC%D0%B5%D1%82%D1%80%D0%BE%D0%BB%D0%BE%D0%B3%D0%B8%D1%8F%D0%BB%D1%8B%D0%BA%20%D0%BA%D0%B0%D0%B4%D0%B0%202018%20%D0%BA%D0%BD%D0%B8%D0%B3%D0%B8. pdf
Жалпы айтқанда, бүгінгі зерттеп отыран жалпы метрология не? Және ол қандай қызмет атқарады. Қандай қазіргі кезде өзектілігі бар. оның шығу тегі жөнінде жоғарыдағы деректермен баяндап өттік. Бұл жерде біз метрология тек уақыт немесе өлшем бірліктерімен ғана шектелмейді және тарих саласында да өз үлесін қосатынын байқадық.
Әдебиеттер тізімі
1. Мұрзыбай М., Нығметов Ж., Бутеева В. П., «Стандарттау, метрология, сертификаттау және сапа менеджменттерінің негізі» // М, Мұрзыбай., Ж. Нығметов., В. П. Бутеева., Алматы. - 2003 ж. 8-9бб
2. Шоқаева С. «Метрология және өлшемдер» / С. Шоқаева., Алматы. - 1998 ж. - 3. 4бб.
3. Қазақстан Республикасының индустрия және сауда министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитеті туралы ереже. «Қазақстан Республикасының үкіметінің қаулылары». - 2004ж 11 ақпан. - 13 бет
1. 2 Тарихи метрология: ерекшеліктері, қалыптасуы мен дамуы және тарих ғылымындағы орыны
Біздің бүгінгі қарастырып отырған басты мәселеміз ол тарихи метрология яғни, онда өткен уақыттарда адамдар пайдаланған ұзындықтың, ауданның, көлемнің, салмақтың және тағы басқалардың өлшем бірліктерін, олардың атауларын, жүйесін, өлшеу құралдары мен әдістерін оқытатын қосалқы тарихи пән. Жалпы метрология ұғымы грекше метрон - өлшем, өлшеу құралы, логос - ілім, білім деген сөздерден пайда болған. Бүгінгі таңда метрология барлық өлшем бірліктері жүйелерін, олардың эталондарын, заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандарттық түрлерін, өлшем құралдарын тексеру және аттестаттау мәселелерімен айналысатын ауқымды ғылыми сала. Ал тарихи метрология соның бір бөлігі ретінде де қарастырылады.
Жалпы, уақыт туралы түсінік адамдарда белгілі бір табиғат құбылыстарымен байланысты қоғамдық дамудың алғашқы сатыларында-ақ пайда болды, ал шаруашылық тіршілігінің мұқтаждары уақыт өлшем бірлігін орнатып, оларды есепке алу қажеттігін тудырды. Адамдар әрқашан уақыт аралығындағыны қабылдады, күн мен түннің ауысуын біліп отырды, қоршаған ортаның әсерімен байланысты жыл мерзімдерін айырды. Бірақ уақыттың арнаулы есебі және оны іс жүзінде қолдану, бері келе дамыған қоғамда, егіншіліктің, мал шаруашылығының сауда мен теңізге жүзудің пайда болуымен байланысты шығады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz