Баскетболда шабуылдау техникасын жетілдіру



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім
I. Ойын кезіндегі баскетболдың техникасын үйрету.
1.1. Баскетболдың даму тарихы
1.2. Ойын техникасы
1.3. Ойын тактикасы
1.4. Ойын техникасын үйрету методикасы
1.5. Баскетбол оқу - жаттығу сабағында оқушылардың дене дайындығын дамыту.
II. Практикалық бөлім
Сабақ жоспарлары
Зерттеу жұмысы
Әдістемелік нұсқау

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ
Баскетбол ағылшын тілінен аударганда basket себет жане ball доп деген сөзді білдіреді.Баскетбол камандалық спорттық ойын,оның мақсаты қарсыластың торын қолмен доп түсіру,сонымен қатар қарсылас команда допты салдырмау әрекетін жасайды.
Орталық Американың ежелгі халықтарының доп ойынының көрінісі салынған сурет тапқаннан кейін белгілі болды.Бұл суретті көріністің казіргі кездегі баскетболға ұқсастығы болған және Юкатан түбегінен төрт бұрышты алаң табылған.Алаңды қоршаған таста соғылған қабырғаның ортасында қарама-қарсы төрілген.
Сонымен қатар 1603ж Дитрих Брустың салынған суретінде де қазіргі баскетболға ұқсастығы болған.
1818жылы Фата энциклопедиясында Флориада тұрғындарының ойыны жазылған,онда бағанаға ілінген торға допты көздегені тұр.
1891ж Джеймс Нейсмит 1-ші рет ойының негізгі принціптерін құрастырды олар осы күнге дейін маңызын сақтады.
Қазіргі заман техникасы-ол күрестің формасы мен әдісінің тарихы даму қорытындысы.Уақыт өте келе,тәсілдердің саны да өзгерді.Әр бір тарихи уақыт кесіндісі көп деген ұтымды тәсілдерді ұсынды.Сондықтан,қәзіргі заман әдістерінің керекті арсеналын білуі қажет және қәзіргі заманғы ең тиімді әдістердің бастысын анықтайтын ойының даму тенденция арсеналын білуі қажет.
Жіктеу-ол белгідегі барлық әдістер мен тәсілдер бөлім мен топ бойынша танықталған белгі негізінде топтастыру.
Техника-ол ойынның тәсілі,ойыншылардыңқорғаны мен шабуылда нәтижені әрекеттерін қамтамассыздандырып,команда ішінде ойыншылардың бірігіп әрекеттесуі мен қарсылық көрсетіп ұйымдастырады.
Қазіргі заман техникасы-ол күрестің формасымен әдісінің тарихи даму қортындысы.Уақыт өте келе,тәсілдердің саны да өзгерді.
Ойынның белсенді түрде дамуы қазіргі заман техникасының алуан түрлілігіне алып келеді. Ол ашық көрсетілген динамикалық шабуылын сипаты жай және рационалды,ауыспалы жылдамдық пен шапшаңдық,тиімділік пен дәлдікпен үйлестіреді.
Қазіргі уақытта белгілі бір шарадағы тактика әдістердің дұрыс орындалуы сипатын анықтайды,соның арқасында қозғалыста түрлі жағыдайдағы ойыншылардың өзіндік бір ерекшеліктері пайда болып тұруы керек.

I. Ойын кезіндегі баскетболдың техникасын үйрету.
1.1. Баскетболдың даму тарихы
Баскетбол ағылшын тілінен аударганда basket себет жане ball доп деген сөзді білдіреді.Баскетбол камандалық спорттық ойын,оның мақсаты қарсыластың торын қолмен доп түсіру,сонымен қатар қарсылас команда допты салдырмау әрекетін жасайды.Әр түрлі қимылдарды түрлі қарқында,бағытта,түрлі жылдамдықпен орындай отырып,адам ағза жүйесінде және ішкі құрлыстарына жақсы әсер алады.
Адам ойын үрдісі кезінде жоғары эмоционалды жүктелген және үлкен қуанышқа бөленіп,қанағат алады.Дене тәрбиесі жүйесінде баскетбол ойынының маңызы зор.
Балалар және үлкендер қажетті дағдыларды иемден отырып,өз бетінше үнемі дене шынықтыруды жетілдіруге,денсаулықты сақтауға,көңіл көтеруге және ұзақ өмір сүруге мүмкіндік бар.Баскетбол ойынымен балалар 9-10 жасынан бастап айналысуына болады(өз жастарына лайықты құрал жабдықтарды қолдана отырып)

Баскетболдың шығу тарихы
Орталық Американың ежелгі халықтарының доп ойынының көрінісі салынған сурет тапқаннан кейін белгілі болды.Бұл суретті көрінісінің қазіргі кездегі баскетболға ұқсастығы болған және Юкатан түбегінен төр бұрышты алаң табылған алаңды қоршаған тастан соғылған қабырғаның ортасында қарама-қарсы тро ілінген.
Майя және кейінірек ацтек құдайшыларды бұл ойынды өз тіліндеПок-то-покдеп атаған.Бұл ойын ұнемі құдайдың құрметіне арнаған мейрамдарда өткізілген.Доп резеңкеден жасалған,ішіне шөппен толтырылған допты қарсыласының торына түсіру қажет болған.
Сонымен қатар1603жылы Дитрих Брусьтың салған суретінде де қазіргі баскетболға ұқсастығы болған.1818жылы Фата энциклопедиясында Флорияда тұрғындарының ойыны жазылған,онда бағанаға ілінген торға допты көздегені туралы жазылған.
1891ж Джеймс Нейсмит 1-ші рет ойынның негізгі принціптерін құрастырды,олар осы күнге дейін маңызын сақтады.
Бұл принциптері төмендегідей:
-- Қолмен доп ойнауға болады,бірақ допты ұстап жүгіруге болмайды:
-- Екі команданың барлық ойыншылары қай уақытта,қандай қалыпта болсын допты ұстай алады.
-- Екі команда да алаңның бір бөлігінде бола алады:
-- Ойыншылар бір-бірінің денесіне қай жері болмасын тиісуге болмайды.
-- Допты тастайтын орын көлденең жерде және белгілі бір биіктікте орналасқан.
Баскетбол ойыны өте жылдам тарай бастады және бұл ойынды дүние жүзінің түкпір-түкпірінде ойнай бастады.1-ші халықаралық кездесу 1919 ж АҚШ,Италия,Франция елдедер армиясының командаларының турнирінде болды.1923 ж Франция,Италия,Чехословияның әйелдер командасының турнирі өтті.
1932 ж Халықаралық баскетбол федерациясы құрылды.1935 ж Женевада 1-ші Европа чемпионаты өтті,Ливия құрама командасы жеңінпаз атанды.
1938 жылынан бастап әйелдер 1-шілігі өте бастады.Италия командасы 1-ші чемпион атанды.Қазір Европа чемпионаты 2 жылда 1 рет өткізіліп тұр.
1950 жылы ерлер арасында әлем 1-шілігі өткен,1953 жылынан бері әйелдер арасында өткізіліп келеді.Ерлер арасында әлем біріншілігінің 1-ші жеңінпаздары Аргентина ал әйелдер арасында АҚШ құрамалары болды.Қазіргі кезде әлем 1-шілікгі 4 жылда 1рет өткізілді.
1936 ж Берлинде өткізілген олимпиадалық ойындарда ерлер арасында АҚШ құрамасы чемпион атанды.1976 ж Монреонда әйелдер арасында КСРО құрама командасы чемпион атанды.

1.2. Ойын техникасы
Баскетболшы техникасына берілген нақты ойын жағдайларын тиімді пайдалану үшін арналған спорт түрінің дамуы барысында жинақталған әдіс-тәсілдер және олардың жиынтығы мен түрлілігі жатады.
Техника тәсілі термині құрылымы бойынша сәйкес келетін және бір ойын жағдайын шешуге бағытталатын қозғалыстар жүйесін қарастырады. Берілген немесе басқа да тәсілдер қолданылатын шарттар көптүрлілігі оны орындаудың тәсілдерін жетілдіреді, құрылуын реттейді. Баскетбол дамуының түрлі кезеңдерінде тәсілдер саны, оларды орындау әдістері, бағалац критериилері өзгеріп, жетілдіріліп отырылған. Арсенал қайта құрылуына ойын ережелерінің жоспарын дамыту, ойыншылардың басқа да дайындық түрлерінің деңгейін арттыру әсер етеді.
Қозғалысты, жүгіруді, секіруді, тоқтауды, айналыстарды жетілдіру
Әрбір даму кезеңіндегі спортсмен техникасы - бұл ойыншыға ережелер шектеулерінен шықпай күрделі ойын жағдайларында ең тиімді іс-әрекет жасауына көмектесетін тәжірибемен тексеріліп өткен тәсілдер жиынтығы. Кенеттен қлыптасатын ойын жағдайларында ең тиімді нәтижелерге қол жеткізу үшін, баскетболшы ойын техникаларының көптүрлілігін толығымен меңгеріп, белгілі бір жағдайда қажетті тәсіл немесе тәсілдер жиынтығын таңдай біліп, тез арада, әрі нақты орындауы керек.
Жоғарғы техникалық шеберліктің критериилері:
-- берілген ойын фунцияларын шабуыл және қорғаныстың негізгі тәсілдерімен қоса толыққанды орындау үшін тиімді әдіс-тәсілдер жиынтығын оңай пайдалана білуі;
-- берілген ойын тәсілдерін орындаудың нақтылығы, әрі тиімділігі.
-- қарама-қайшы факторлар (қатты шаршау, психологиялық ауырлықтар, қиын сыртқы жағдайлар және т.б.) әсеріне қарамастан ойын тәсілдерін орындаудың тұрақтылығы;
-- қарсылас ойыншының қарама - қарсы іс - әрекеттеріне байланысты техникалық ойын тәсілдерінің кезеңдерін пайдалана білу;
-- ойын тәсілдерін пайдаланудың тұрақтылығы, ол көпкүндік жарыс кезінде ойыннан - ойынға еш ауытқусыз жоғары мергенділікпен анықталады.
Баскетбол техникасы мен тактикасын жетілдіру.
Мұғалімнің жас баскетболшыларды тактикалық іс - әрекеттерге оқыту кезіндегі негізгі міндеттеріне ойын барысында пайда болатын жағдайларды ойыншының шығармашылық жолымен шешуін қамтамасыз ету үшін берілген жүйеде пайдаланылады: қатысушылардың зейінін арттыру, ойын жағдайларында бағдарлану тәсілдерін көрсету; негізгі жеке және топтық тактикалық іс - әрекеттерге үйрету.
Тактикаға үйрету барысында келесідей ретті ұстанады: алдымен, жеке тактикалық іс - әрекеттерді оқытады, кейін берілген ойын жүйесіне жуық жеке және топтық іс - әрекеттер нақтыланады.
Тактикаға үйрену барысында шабуыл мен қорғаныстың екі жақты қарым - қатынасы бойынша зерттеу керек. Бұл, жаттығуларға ойыншылардың іс - әрекетін шектейтін немесе кеңейтетін шарттары бар арнайы жаттығуларды қосуды қажет етеді.
Доппен ойнау техникасы, бірінші және екінші доп берулердегі мергенділік
Допты тартып алған топ шабуылдаушы топ болады. Шабуыл - ойындағы топтың негізі функциясы болып табылады. Шабуылдаушы іс - әрекеттер арқылы топ басымдылыққа ие болып, қарсыласушыға тиімді тактикалық жоспарды пайдалануға міндет еткізеді.
Шабуылдаушы топтың негізгі мақсаты - қарсыласушының қоржынына допты кіргізу. Бұл мақсатқа 30 с. Ішінде жету үшін арнайы ұйымдастаырылған, бұрыннан ойластырылып қойылған және дайындалған тактикалық жүрістерді пайдалану керек. Олар доптың қарсылас қоржынына жақындауына, нәтижелі шабуыл үшін тиімді шарттар құрастыруына, аталып отырған шабуылды өткізу және доптың кері түсуіне байланысты күресу мүмкіндігін тудыруына бағытталған. Шабуыл тактикасы топқа нақты қарсыласқа және ойынның түрлі кезеңдеріне байланысты мақсатты бағытталған тәсілдерін, жоспарлық шабулды жүргізудің формалары мен әдістерін таңдап, пайдалануға мүмкіндік береді.
Өзінің сипатына қарай шабуылдың барлық іс - әрекеттерін жеке және топтық деп жіктейді. Тактиканың топталуына сәйкес топтық іс - әрекеттердің өзі топтық және командалық деп бөлінеді.
Доппен ойнау және қарсыласу техникасы.
Қарсыласу әдістері техникасына үйрену реті оқылатын шабуыл тәсілдеріне тәуелді: шабулдаудың сәйкес ойнау тәсілі үйренгеннен кейін оған қарсыласу тәсілі үйретіледі.
Атап өтуге тұратын жайт, баскетболшы қарсыласу тәсілдерін аз ықыласпен және ниетпен үйренеді. Сондықтан, кеіпті түсініктемелер, әңгімелер, үлгілер арқылы қорғану тәсілдерін үйренуге қызығушылықты арттыру қажет. Үйренудің аса маңызды негізі болып бақылай білуі, қарсыласушы іс - әрекетін бағалауы, ойын тәсілін уақытында, әрі тиімді пайдалануы саналады. Қандай - да болсын ойын тәсіліне үйрену барысында оқытушы негізгі зейіннің қайда бағытталуы және ойын тәсілін қалай дұрыс орындау керектігін нақтылап көрсетуі керек.
Баскетболда шабуылдау техникасын жетілдіру
Баскетбол техникасының негізі - қозғалыс. Ойын алаңы бойынша баскетболшының қозғалысы нақты ойын жағдайларының орындалуы барысында құрылатын шабуылдау мәселелерін шешуге арналған іс - әрекеттер жүйесінің белгілі - бір бөлігі болып табылады.
Ойын алаңындағы қозғалыс үшін жүріс, жүгіру, секіру, тоқталыстар, айналуларды пайдаланамыз. Осы ойын тәсілдерін пайдалану арқылы баскетболшы қажетті орын тауып, қарсыласушысынан кетіп қала алады, кеінгі шабуыл жасау үшін тиімді қажетті бағытқа қарай орналаса алады. Сонымен қатар, қозғалыста аяқтардың дұрыс жұмыс жасауынан және тепе - теңдікті ұстап тұруына доппен орындалатын ойын тәсілдерінің тиімділігі тәуелді болады: қозғалыс және секірген кезде допты беру, допты жүргузу және онымен алдату, секіріп лақтыру және т.б..
Ойындағы жүріс басқа қозғалыс тәсілдеріне қарағанда азырақ пайдаланылады. Ол, негізінен, қысқа тоқтамдарда орын ауыстыруға немесе ойын жағдайының интенсивтілігін төмендетуге, сонымен қатар жүгіріспен қоса темпті жайлату үшін пайдаланылады. Қарапайым жүрістен айырмашылығы, баскетболшы аяғында тізесін бүгіп жүреді, бұл оған кенеттен жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді.
Жүгіру ойындағы негізгі қозғалыс тәсілі болып табылады. Ол жеңіл атлеттің жүгірісінен біршама ерекшеленеді. Ойыншы ойын алаңының шегінде, кез - келген бағытқа, алдымен немесе артымен алға қарай түрлі бастапқы орналасулардан жылдамдығын арттырып отыруы керек.
Қарсыласушыға кенеттен болған, тез арадағы жүгіріс жылдамдығын арттыру немесе бастапқы старт спорт ойындарында талпыныс деп аталады. Талпыныс - қарсыласушы қарауынан босатылуына және бос орынға шығуға арналған негізгі құрал болып табылады. Талпынысты жүзеге асыру үшін алдымен 4-5 қадам өтеді. Олар өте қысқа, әрі жыдам (соққылы) болады. Орындау барысында аяқты аяқ ұшынан қояды. Жүгіру жылдамдығы қадамның созылуына байланысты артады. Осы уақытта ойыншы допты қабылдауға әзір болуы тиіс.
Секірулерді өзіндік әдіс ретінде де қолдануға болады. Көбінесе, ойыншылар жоғарыға және ұзындыққа жоғары қарай немесе бірнеше секіруді қатарынан пайдаланылады. Секіруді орындаудың екі түрін пайдаланылады: екі аяғымен және бір аяғымен итеріліп секіру.
Екі аяғымен итеріліп секіруді көбінесе негізгі қалыптан бастап жасайды. Ойыншы кішкене ғана отырып, қолдарын артқа қарай жібереді де басын көтереді. Жерден тебіну аяқтың қуатты бүгілуінен, дененің және қолдың алға жіне жоғары қозғалысынан туады.
Жүгіріп келіп екі аяғымен итеріліп секіру көбінесе қоржынға допты лақтырғанда және допқа қайта таласқанда пайдаланылады.
Жүгіріп келіп бір аяғымен итеріліп секіру. Жүгірудің нәтижесінде пайда болған инерциялық қуатты максималды түрде пайдалану итерілуге тәуелді болып келеді. Итерілуден бұрыңғы соңғы қадам алдыңдағы қадамдарға қарағанда бірнеше кең болады. Тізеде бүгілген итермелеуші аяқты алға қояды да, жайлап итерілу үшін аяқ ұшына қарай отырады. Секіруден кейін баскеболшының денесі ең жоғарғы нүтеге жетсе,сермелетін аяқтыбүгіп итермелейтін аяққпен бір деңгейде ұстайды. Жерге түсу қандай тәсіл болмасын жұмсақ, дененің салмағы тепе-теңдікте болуы керек. Ал ол алшақ тұрған аяқтардың аздап бүгілуімен жүзеге асады.Мұндай қалып баскетболшыға келесі ойын қимылдарын тездетіп жасай беруіне мүмкіндік туғызады.
Жағдайға байланысты ойыншы жүгірудің бағытының өзгеруі кезінде жүгіріп қарсыластың қарауынан босануға мүмкіндік алады және ары қарай шабуыл жасау мақсатында ашық жерлерге шыға алады. Тоқталыс екі тәсілмен: секіріс және екі қадам жүзеге асады.
Шабуылдаушы қорғаушыдан кету үшін, допты соғудан қорғану мақсатында айналымдар жасайды. Айналудың екі әдісі бар: алға және артқа.
Алға қарай айналуда баскетболшы бетімен қарап тұрған жаққа қарай аттап өтеді, ал артқа қарай айналуда арқасымен тұрған жаққа қарай аттау.
Доппен ойнап тұрған және ойнап тұрмаған ойыншыға қарсы іс-әрекеттер.
Егер топ ойыншылары қорғаныс әрекеттерінде қателіктер жіберсе, онда топтың жеңіп кетуі екіталай.
Шабуылшының техникалық қабілеттілігі қорғанушыға қарағанда көбірек. Тәжірибе көрсеткендей қорғаныс іс-әрекеттері олар дұрыс және зейін қойып орындалған жағдайда, олар тиіді болады. Қорғаны техникасын екі негізгі топқа бөледі:
1) қимылдау техникасы;
2) доппен ойнау және қарсы іс-әрекеттер техникасы.
Қимылдау техникасы.
Алаң ішінде қимыл - қозғалыстарды жасау ерекшеліктері мен мінезі, жеке қорғаныс қимылдары ойыншының мақсатты орнатуы мен нақты ситуацияларды жоспарлауға мүмкіндік береді.
Тік тұру. Қорғаушы тұрақты орналасуы керек , аяқтары кішкене бүгілу керек және қарсыластың допты алуға және допты қоржынға алуға шабуыл жасау әрекеттерін жасауға мүмкіндік бермеу керек. Өзінің қол астындағы ойыншының қимылдарын бақылай отырып, қорғаушы ойыншы допты және қарсыластардың басқа да ойыншыларының іс-әрекеттерін қадағалау қажет.
Қимыл-қозғалыстар. Қорғаушының қимылдау бағыттары мен мінезі шабуылшының әрекеттеріне байланысты.сондықтан қорғаушы әрқашан тепе-теңдік қалыпты сақтау керек жәнекез-келген бағытта қозғалып, кез-келген уақытта жан жаққа, артқа, алға жүгірулерді ң бағыттарын өзгертіп, қарсы қозғалыстар жасағанда өзініңқозғалыс жылдамдығын реттеу керек, сонымен қатар лезде жасалатын тоқталысты қамтамасыз ете отырып қысқа дистанцияда жылдамдықты өсіру керек.
Доппен ойнап тұрған және ойнап тұрмаған ойыншыға қарсы іс-әрекеттер.
Егер топ ойыншылары қорғаныс әрекеттерінде қателіктер жіберсе, онда топтың жеңіп кетуі екіталай.
1.3. Ойын тактикасы
Қорғау тактикасы.
Жеңістің ең басты шарты - қарсылас шабуылшымен сәтті жасалған күрес. Өз кәрзеңкесіне еш доп жолатпай жеңуге болады. Қорғаныстағы команда әрекеті шабуылға жауап болып табылады.
Тапсырманы орындау үшін команда тек өз кәрзеңкесін қорғап қоймай шабуыл да жасау керек. Қорғаныс әрқашан екі қызмет атқару керек: бұзу және құру, шабуыл жасауға мүмкіндік құру.
Жеке әрекет. Әр ойыншының дұрыс шешім қабылдауы және оны жасау команданың сәтті әрекетін қамьамасыз етеді. Қорғаушының қандай да бір қатесі қарсыласқа пайда әкеледі, команданың әрекеттерініңұйымсыздығын көрсетеді. Қорғаныстағы әрекеттердің сәттілігі тек техникалық ұсталыққа емес, сенімді және ойынға да байланысты.
Жеке әрекеттердің негізгі тапсырмалары төмендегідей:
1.Қорғаныштағыға допты еркін бермеу.
2.Егер қорғаныштағы допты алса, оның әрекеттерін лезде байлау.
3.Допты тартып алуға әрекет жасау.
4.Бар күшпен шабуылшыға кәрзеңке доп салдырмау, қарсы тұру.
Ойын техникасының үйрету методикасы.

1.4. Ойын техникасын үйрету методикасы

Ойын техникасы.
Үйретуді дұрыс ауысудан сонымен қатар тосуды,беруді,лақтыруды,жүргізуді үйретуден бастау керек.
Ауысу.Ауысуды үйретуге әр тәсілдер.Бірінші тоқтап-тоқтап жүгіру,содан кейін секіру мен дұрыс үйретіледі.Әр әрекетке уақыт бөлінбеуі керек,бір тәсіл үйретіліп бола сала екіншісіне көңіл бөлу қажет.
Жүгіру.Жүгірудің табиғи дағдыларды қолдана отырып жүгіру техникасына алаңдап тоқтауды енгізеді жүгірудегі жаттығуларды,төмендегі тапсырмаларының орындалулары шешілмейтіндей кезек-кезек жасу керек:Дағдылы жұгіру,тіке және жылдам жүгіру,бағытты өзгертуге(айқастыра,доғал,бұрылыста р) жылдамдықты үдете жүгіру т.б.Жүгіру жылдамдығына,жүгіріс бастаудағы талпынысқа көп көңіл бөлінуі керек ондай жаттығулар жүйелі түрде жасалуы керек.Алғашқы ойыншылардың барлығы айналып жүгіруі керек.Сонда үйретуші ойыншылардың барлығын бақылап,қателігін түзеп отырады.Барлық жарыс жаттығуларында қолдың ырғақ бойынша қимылдауына көп көңіл бөлуі керек,себеі ол тек жылдам жүгіруге көмектеспейді,доппен жасалатын басқа әрекеттер үшінде маңызды.Мысалы:қолдың ырғақты қимылдауы допты тосу мен берілісте маңызды роль атқарады.
Шабуылдау техникасы.
Доппен орындалатын әрекеттерді үйретуден бұрын оның серпінді қасиеті мен формасы мен танысып алу керек,себебі сондай техника тәсілдері тез игеріледі.Бұл мақсат үшін доп снаряд ретінде қолданылатын ортақ дамыған жаттығуларды қолдануға болады.
Үлгі жаттығулары:
1)Допты қолдан-қолға ауыстыра отырып,оған тимей,денені айналдыра жүру
2)Доп арқада,екі қолда орындалады.Допты бастан асырып,алға лақтырып,сонда тосып алу.Егер допты алдын-артқа лақтырып тосып алу.Осы жаттығуды бір қолмен орындау.
3)Еңкейіп,допты қолға ұстап,аяқтардың арасынан өткізіп алға қарай лақтырып алдынан тосып алу.
4)Допты өкшелерінің арасында қысып ұстап,доппен бірге секіріп,оны аяқпен жоғарыға лақтырып,тосып алу.Осы жүйеге сай көптегекн жаттығулар ойлап табуға болады.
Тосып алу.Допты дұрыс ұстап қалу,тоқтатуды үйрену үшін келесі жаттығуларды қолдануға болады:
1)Ойыншы қолын сзып тұрып білезігін доптың үстінде деп елестету
2)Дәл солай,бірақ отырып,қолды доптың үстіне қойады.Осы жерден көтеріп қолға ұстап тік тұрады
3)Алдағыларды қайталап,допты қолдан түсіреді, ол қайта көтерілгенде білезікті дұрыс ұстап оны тосып алады.
Қолдан-қолға беру. Алғаш болып кеуде тұстан екі қолымен беу мен иық тұсынан бір қолмен беру үйретіледі.Басқа тәсілдер киін сол жаттығулар арқылы үйретіледі,тек әдіске үйрену керек.Техника негізгі орында тұрып бергенде менгеріледі.Бұл жерде көңіл тоқтататын жер бастапқы қалып және жұмыс фазасы(қолмен жасалатын әрекеттердің орындалуы мен аяқтың бір уақытта созылады).Аялдау,жүргізу,бұр-ылысын ан кейін жасалатын әрекеттерге көңіл бөлу керек.Төмендегі жаттығулар мен сап түзуеулеріне осы мақсатта қолданылуы мүмкін.
1)Сапқа тұру.Допты жұп-жұп болып бір-біріне беру.
2) Допты бір саптан 2-ші сапқа иректеп кезекпен беру.
3)Дәл солай, тек допты берген соң оқушы қарсы алдындағының орнына барып тұрады.
4)Екі сап қарама-қарсы түрады: доп әр саптан кезекпен беріледі.
5)Ортаға біреуді қойып, барлығы дөңгеленіп тұрады.1-ші доп ортадағы ойыншыға беріледі, ол допты басқаға береді, алдағы ойыншымен орын ауыстырыды.
6)Екі сапқа түзеледі.1-ші жүгіріп шығып допты тосады, сөйтіп оны екіншіге шыққанға береді, ол өзі саптың соңына барып тұрады.
Допты беруді үйрету кезінде алаңнан ұшып көтерілген допты ойыншының тосу кезінде көңіл бөлу керек. Егер қадам ырғағына байланысты қате жасалса, оны келесі жаттығуларды жасау арқылы түзеуге болады:
1)Допты алаңға ұрып, сол мезетте сол аяқпен алға қадам жасау керек. Аяқтың жерге тиюі доптың алаңға тиюі бір мезетте болуы керек.
2)Дәл солай, тек аялдамай,2-ші қадам жасау керек.
Лақтыру. Лақтыруда оның далдігі маңызды. Жақсы техникалық дайындықтың басқа ойынша мергендігін де дамыту керек,себебі лақтырудың дәлдігін көздей білу,нысанаға зейін қою, арақашықтықты анықтау сияқты факторларға байланысты. Допты тапсыруды үйренгеннен кейін лақтыруды үйрену жеңіл болады.Лақтыру үшін қолды дұрыс созуға,қол мен аяқтың әрекеттерінің үйлесуіне,дененің түзелуіне көңіл бөлуі керек.Егер басынан кәрзеңкемен жаттықса үйренушілер допты кәрзеңкеге салуды ғана,ойлап оны жасау тәсілдеріне,ережелеріне көңіл бөлмейді.Кәрзеңкемен жаттығу басталғанда дұрыс көздеуге көңіл бөлінеді.Үйренушілер техниканы меңгергенде,дұрыс көздей алғанда олардың көңілін допты дәл салуға аудару керек.Олардан кейін қимылдай жүріп жақыннан салу үйретіледі.Ол кезде тоса сала кәрзеңкеге қарай көз тастауға көңіл бөлінеді.Төмендегі жаттығулар:
1)Саптан жүгіріп шығып,допты кәрзеңкеге салғандай елестетіп кәрзеңкенің үстіне секіру.
2) Ұйретуші допты ұстап қолын созып тұрады.Ойыншы жер келіп допты кәрзеңкеге салады.
3)Дәл алдағыдай,тек үйретуші допты беріп жатқан кезде тастай салады.
Орташа және қашықтықьан лақтыруды басында бір нүктеден бастау керек.Әр жаттыда 5-10 рет қайталау керек.Жаза ретінде лақтыру бөлек үйретіледі.Бұл әрекетті ойын ережесі бойынша орындалу тәртібімен үйрету керек.
1.Айып сызығын баспай бастапқы қалыпта тұрып көздеу.
2.Дәл алдагыдай,тек бастапқы қалыптан бұрын допты алаңға 2-3 рет ұрып алу керек.Бұл үйретушінің жинақтауға,дәл көздеуге дауындауға көмектеседі.
3.Дәл алдағыдай,тек лақтырмай тұрып дем тартып,яғни ішке ауа жинап,оны шыгарып,демалмай тұрғанда лақтырады.
Допты алып жүру.Басында допты жай ұрып жүріп басқаруды үйретеді.Алғашқы жаттығулар секіріп жүрген допты дұрыс жүргізуге бағытталады.
1.Ойыншы 1-ші орында тұрып допты жерге ұрып,оны дұрыс тосуды үйретеді.
2.Допты бір қолмен,екі қолмен кезек-кезек ұрып үйренеді.Үйренуші допты дұрыс ұруды үйренген соң,допты тік және ирелектеп алып жүруді үйренуге көшеді.
а)Сапқа тұрып белгілі жерге дейін допты жүгірте ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Допты екі қолмен ұстау
Допты билеу техникасы
Ойын кездегі баскетболдың техникасын үйрету
Баскетбол ойынының техникасы
Баскетбол ойыны
Баскетбол техникасы мен тактикасын жетілдіру
Баскетбол секциясының маңызы
Баскетбол түсінігі
Дене тәрбиесі және спорт жұмыстарының жалпы жылдық жоспары
Баскетбол ойыны. Ойын техникасы
Пәндер