Банктердің халықаралық операциялары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 224 бет
Таңдаулыға:   
Қазақтұтынуодағы
Қарағанды экономикалық университеті

З.Д. Искакова

БАНК ІСІ

Оқу құралы

Қарағанды – 2003

Қазақтұтынуодағы
Қарағанды экономикалық университеті

З.Д. Искакова

БАНК ІСІ

Оқу құралы

Орысшадан аударған: Б. Семқұл

Қарағанды – 2003

ББК 65.9(2к)2.64

И-83

Искакова З.Д.

Банк ісі. Оқу құралы.

Қарағанды, 2003. - 255 б.

ISBN 9965-633-08-8

Оқу құралында Банк ісі пәнінің негізгі тақырыптары ұсынылады.
Аталмыш оқу құралының мазмұны сондай-ақ банк жүйесі және қазіргі
кезеңдегі Қазақстан Республикасындағы банктер туралы түсінік беретін
тақырыптарды қамтиды.
Банктердің сипаттамасы, олардың қызметтері мен операциялары,
коммерциялық банктердің балансы, олардың өтімдігі мен төлем
қабілеттілігі туралы материалдар жалғастықпен баяндалады. Нарықтық
экономика жағдайында банктерді басқару позициясы тұрғысынан маңызды
объекті ретінде тәуекелдерді басқару мәселелері сөз болады.
Банктік менеджмент, маркетинг пен банктер қызметінің қазіргі
заманғы түрлері бойынша да материалдар берілген.
Аталмыш құралда банк тәжірибесінде қолданылатын негізгі
коэффициенттер арнайы жүйеленіп, ситуациялық есептердің үлгілері
келтірілген.
Оқу құралын жазу кезінде банк ісі бойынша ұсынылған оқулықтардан
үзінділер сондай-ақ оқу құралдары мен автордың лекция мәтіндері, басқа
да дерек көздері: заңдар, анықтамалықтар, сөздіктер пайдаланылды.
Оқу құралы студенттерді дистанциондық оқытуға арналған және банк
ісінің негіздері қызықтыратын барша оқырмандарға пайдасын тигізеді деген
ойдамыз.
ББК 65.9(2к)2.64

Әзірлеуші: э.ғ.к., профессор Искакова З.Д.
Пікір жазғандар: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мемлекеттік
мекемесінің Қарағанды филиалының директоры М.Қ. Көшімбаев.
э.ғ.к., доцент З.А. Шумеков
И 0605010204
00 (05) 03

© З.Д. Искакова, 2003
© Қазақтұтынуодағы Қарағанды
экономикалық университеті, 2003
ISBN 9965-633-08-8
Мазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...6
1 - тарау. Нарықтық қатынастар жағдайындағы
өзіндік ерекшелігі бар кәсіпорын ретіндегі
банктің
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1. Банк және банк
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 8
1.2. Банктердің ұйымдық-құқықтық негіздері ... ... ... ... ... 19
1.3. Қазақстан Республикасындағы банк жүйесі мен
банк
заңдылықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
24
Түйін ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .36
Білімін өз бетімен тексеру үшін тестілік сұрақтар ... ... ... .36
2 - тарау. Коммерциялық банктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...38
2.1. Коммерциялық банктер – банк жүйесі мен олардың қызметінің негізгі
буыны ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .38
2.2. Коммерциялық банктің балансы және оның құрылымы ... ... ... ...44
2.3. Банктердің пассивтік операциялары және
коммерциялық банктің ресурстары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .50
2.4. Банктердің активтік операциялары және коммерциялық банк активтерінің
сапасы ... ... ... ... ... ... ... 5 6
2.5. Коммерциялық банктің өтімділігі мен төлемқабілеттігі ... ... ..59
Түйін ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .63
Білімін өз бетімен тексеру үшін тестілік сұрақтар ... ... ... .64
3 - тарау. Банк клиенттерінің несие төлеу қабілеттілігі – несиелік
өзарақатынастардың негізі ... ... ... ... ... ... ... ...66
3.1. Банк клиентінің несие төлеу қабілеттілігі түсінігі ... ..66
3.2. Әлеуетті қарыз алушы туралы ақпарат және қарыз алушының қаржылық
есебін зерттеп-үйрену ... ... ... ... .70
3.3. Қарыз алушының несие төлеу қабілеттілігі дәрежесін
анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...74
Түйін ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..85
Білімін өз бетімен тексеру үшін тестілік сұрақтар ... ... ..87 4 - тарау. Несие
беру жүйесі және оның элементтері ... ... .89
4.1. Несие беру жүйесінің элементтері ... ... ... ... ... ... .89
4.2. Банк несиесі және несие беру қағидалары ... ... ... ...93
4.3. Несие беру әдістері және ссудалық есеп
шоттардың формалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 96
4.4. Коммерциялық банктердің несие саясаты ... ... ... ...99
Түйін ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .102
Білімін өз бетімен тексеру үшін тестілік сұрақтар ... ... .102
5 - тарау. Несие беруді ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ...104
5.1. Несие операцияларының сипаты ... ... ... ... ... ... .104
5.2. Банктің қарыз алушылармен несиелік қатынасы
және несие шартының рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... 106
5.3. Несие құжаттамасы және несие беру процедурасы...113
5.4. Несиені қайтару тәртібі және оған бақылау жасау ... 119
5.5. Несиенің жекелеген түрлерін ұйымдастыру ... ... ... ...127
5.6. Несиенің қайтымдығын қамтамасыз ету формалары ... 133
Түйін ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .135
Білімін өз бетімен тексеру үшін тестілік сұрақтар ... ... .136
6 - тарау. Банк
тәуекелдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...138
6.1. Банк тәуекелдерінің маңызы және олардың жіктеуі ... ..138
6.2. Банк тәуекелдерінің
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .145
6.3. Сыртқы
тәуекелдер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..149
6.4. Ішкі
тәуекелдер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..155
6.5. Банк тәуекелдерін басқару және оларды азайту
тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .165
Түйін ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 172
Білімін өз бетімен тексеру үшін тестілік сұрақтар ... ... .174
7 - тарау. Шетелдік және отандық тәжірибеде пайдаланылатын қаржылық
коэффициенттер ... ... ...176
8 - тарау. Банктік менеджмент ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 186
8.1. Банктік менеджмент түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .186
8.2. Банктік менеджменттің ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ..189
8.3. Банктік менеджменттің негізгі бағыттары ... ... ... ... ..193
Түйін ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .197
Білімін өз бетімен тексеру үшін тестілік сұрақтар ... ... .198
9 - тарау. Банктік маркетинг ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .200
9.1. Маркетинг анықтамасы, оның мақсаты мен міндеттері ... ... .200
9.2. Банктік маркетинг қызметінің түрлері мен тәсілдері ... ... ... 204
9.3. Банктік маркетингті дамыту бағыттары ... ... ... ... ... .210
Түйін ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .211
Білімін өз бетімен тексеру үшін тестілік сұрақтар ... ... .212
10 - тарау. Клиенттерге қызмет көрсету бойынша коммерциялық банктердің
операциялары ... ... ... ... ...214
10.1. Лизингтік операциялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... 214
10.2. Факторингтік операциялар ... ... ... ... ... ... ... ...220
10.3. Трасталық операциялар ... ... ... ... ... ... ... ... ...227
10.4. Банктердің халықаралық операциялары ... ... ... ...229
10.5. Валюталық операциялар ... ... ... ... ... ... ... ... .231
10.6. Бағалы қағаздармен жасалатын операциялар ... ... .239
Түйін ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .242
Білімін өз бетімен тексеру үшін тестілік сұрақтар ... ... .244
11 - тарау. Банктік іс курсының негізгі тақырыптарына ахуалдық есептер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...246
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...252
Пайдаланылатын әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... 253

КІРІСПЕ

Нарықтық экономика жағдайындағы банк ісі барлық елде шешуші рөл
атқарады. Оның себебі, банктер, қоғамның экономикалық өмірінде ақша
қозғалысын байланыстырушы буын, несие-есеп айырысу қатынастарындағы делдал
болып қатысады, ақша, валюта, төлем жасау операциялары және т.б. салада
көптеген қызметтер көрсетеді.
Банк ісін қаржы-несие жүйесінің мамандары, сол сияқты қаржы
менеджерлері, кәсіпорындардың басшылары, заңгерлер және қарапайым азаматтар
оқып-үйренулері қажет. Өйткені, банк ісін білу банктердің клиенттермен
өзара қатынасын неғұрлым сапалы түрде құруға мүмкіндік бере отырып,
әріптесті жақсарта түседі.
Банк ісі пәні – экономика және қаржы ғылымдарының маңызды бөлімі
болып табылады, банктің өз бағалы қағаздарының, ақша, несие және қор
биржаларының қызметімен байланысты қатынастарды зерделейді.
Банк ісі макроэкономикамен және микроэкономикамен байланысты. Ақша,
несие және банктер, Бағалы қағаздар нарығы, Банктердегі есеп пен есеп
беру пәндеріне сүйенеді. Пән шаруашылық жүргізуші субъектілерге несие беру
аясындағы практикалық міндеттерді шешу, төлемдерді және ақша аударымдарын,
валюталық операциялар мен бос ақша капиталдарын жұмылдыруды жүзеге асыру
позициясы тұрғысынан оқытып-үйретіледі. Банк ісі сондай-ақ банкті және оның
қызметін басқару тұрғысынан да қаралады. Банктер нарықтық бәсекелестік
жағдайында әрқашанда тәуекел аймағында жұмыс жасайды, сондықтан да ол
банктік менеджмент пен банктік маркетинг білімін талап етеді.
Студенттерге ұсынылып отырған аталмыш оқу-тәжірибелік құралында
Банктік іс пәнінің негізгі тақырыптары қысқа редакцияда көрініс тапқан.
Тараулардың мазмұнынан банк ісінің, яғни қазіргі кезеңдегі отандық банк
жүйесінің маңызды қырларын түсініп, Қазақстандағы банк ісінің қалыптасу
кезеңдерін бағамдауға болады.
Сондай-ақ аталмыш құралға енгізілген тақырыптар мәселенің теориялық
және практикалық нақтылы жақтарымен танысуға мүмкіндік береді, қосымша
әдебиеттермен, банктердің нормативтік құжаттарымен жұмыс жасауға көмегін
тигізеді.
Автор осы оқу-тәжірибелік құралын жазу кезінде банк ісінің негізгі
дерек көздеріне, аталмыш сала бойынша жазылған оқу құралдары мен
әзірлемелерге сүйенді. Бүкіләлемдік банктің ЭДИ (ИЭР) материалдары,
Қазақстан Республикасының банк қызметі жөніндегі заңдық және нормативтік
ережелері пайдаланылды.
1 - ТАРАУ. НАРЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІГІ БАР
КӘСІПОРЫН РЕТІНДЕГІ
БАНКТІҢ СИПАТТАМАСЫ

Банк және банк жүйесі түсініктерінің мазмұнын ашу, банктердің
қызметі мен олардың ұйымдық-құқықтық қалыптарының теориялық негіздерін
түсіну - тараудың негізгі мақсаты болып саналады. Осыдан шығара отырып,
нарықтық қатынастар жағдайындағы өзіндік ерекшелігі бар кәсіпорын ретіндегі
банкке анықтама беріледі, банктердің ұйымдық негіздері мен банктерді ашу
тәртібі көрсетіледі. Студенттер үшін қазақстан Республикасындағы банк
жүйесінің құрылымы мен банк заңдылықтарының мазмұны келтіріледі.

Әдебиеттер: Ә-1, 2; Ә-6; Ә-8; Ә-30.

1.1. Банк және банк жүйесі

Банк – көне ұғым болып саналады және оның көрінуі ақшаны айырбастау,
қарызға ақша беру, өзгелердің ақшаларын шоғырландыру туралы ойлардың пайда
болуымен байланысты болды. Банкті сөзбе сөз аударғанда, ақшамен операция
жасалған тақтайша орындық (скамья) ұғымын білдіреді.
Көптеген өзгерістер мен қайта құруларды басынан өткере отырып, банктер
капитализм дәуірінде неғұрлым айқын ұғымға ие болды. XV-XX ғасырлардағы
көптеген елдердің экономикалық тарихы банктердің көбеюін, жаңа банктердің
пайда болуын және олардың қызметтерінің толыға түсуін, банктердің сыртқы
жағдайлар мен факторларға тәуелділігін, сонымен бір мезгілде олардың
елдердің экономикасына, операциялардың ұлғая түсуі мен банктер рөлінің
артуына өлшеусіз әсер етуін дәлелдей түседі.
Бүкіл әлемдегі банктер нарықтық экономика жағдайында барған сайын
кәсіпорын ретінде көбірек қаралатын болды. Кез келген кәсіпорын сияқты
банк өз қызметінің маңызды түрде өзгеше көрінуі жағдайында, тұтынушыларға
нақтылы қызмет көрсететін, өзінің өнімін алға жылжытуды жүзеге асыратын
дербес заңды тұлға болып қала беретін болады және ол кіріс пен пайда алуға
мүдделі баланс жасайды, мемлекетпен есеп айырысуды жүзеге асырады.
Банктерге: сауда кәсіпорны, делдалдық кәсіпорын, несие беру кәсіпорны,
коммерциялық кәсіпорын биржалардың агенті түріндегі делдал, мемлекеттік
басқару тетігінің бір бөлігі болып табылатын әріптес ретіндегі кәсіпорын
түрінде сипаттама беру ақылға сыйымды болып саналады. Әрбір жеке
айқындамалар тұрғысынан қаралатын банктерді ең алдымен орындайтын
операцияларының сипаты, банк жүйесіндегі банктердің деңгейі және елдің
ақша, қаржы ресурстарына қатынасы бойынша бөліп көрсетудің маңызы зор. Бұл
– орталық және эмиссиондық банктер, коммерциялық банктер, мамандандырылған
қаржы-несие институттары болуы мүмкін.
Банктердің үлгілеріне қатысты әрбір жеке банктің толық сипаттамасын
берген жөн:
Банк сауда кәсіпорны ретінде айрықша тауар-ақшамен сауда жасайды,
осыған орай сату кезінде өзі үшін кіріс алады және сатушыларға сыйақы төлей
отырып, сатушылардан ақша ресурстарын өзі сатып алады. Банк материалдық
саладағы басқа кәсіпорындардан нарықтық ортадағы тауар ретіндегі ақшаның
өзгешелігін, банк өзінің тауарын айрықша бағаға сата отырып, оның жаңа
құнға айналып өсуі арқылы қайтатындығын күтетіндігімен ажыратады.
Банк салымшыларының ақша қаражаттарын өзіне тартып, оларды пайыздармен
және қызмет көрсетудің сапасымен қызықтыра отырып, айрықша тауар ретінде
ақшаны сататын өзінің босалқы қоры (запасы) мен ресурстар қорын
толықтырады.
Коммерциялық банктер сауда кәсіпорыны ретінде аталмыш сипаттаманы
жеткілікті түрде айқын да дәл растай түседі. Банк ақшамен сауда жасаудан
тысқары, ресурстар түрінде әртүрлі елдердің валютасын, алтынын, басқа
қымбат металдарын сатып алады және сатады. Дәл осы жағдайда, мұны елдердің
орталық банктеріне тән деуге болады.
Банк – делдал кәсіпорын ретінде өз операцияларының сыртқы белгілері
арқылы емес, қызметтерінің маңыздылығымен ерекшеленеді. Ақша қаражаттарын
сақтау үшін клиенттердің бүкіліне есеп айырысу және ағымдағы есеп шоттарын
аша отырып, банк ресурстар шоғырланатын сыйымды ыдысқа айналады. Бұл
жерде банк есеп-шот иелерінің алдында өзіне үлкен міндеттемелер қабылдаумен
қатар несие беру, есеп-шоттарға төлем жасау, ақша аудару бойынша
операциялар жүргізетін ресурстармен сыйымды ыдысты толтыруға өзі де
мүдделілік танытады. Бір мезгілде есеп-шоттарда қарыз алушылардың,
кредиторлардың ақша қаражаттарын сақтаушы ретінде қатыса отырып, банктер өз
кезегінде делдалдық қызметті басқа операциялардан оқшау тәртіпте емес, өз
клиенттерінің мүдделерімен өзарабайланыста орындайды. Осыған орай
ресурстардың салымшы-сатушылары ретінде банктер клиенттердің мүдделері
туралы ұмытып кетуіне болмайды. Осындай жағдайда ғана банктер елдің
экономикалық өмірінде, нарықтық қаржылық ортада делдал ретінде өзінің
қызметін сақтай алатын болады.
Банк – несие кәсіпорны ретінде логикалық және мерзімдік тұрғыдан да
несие түсінігімен өзарабайланысты. Қоғамдағы экономикалық қатынастарды
білдіреді және ссудалық капиталдың қозғалысын көрсете отырып, несие өзінің
мазмұнында көптеген сипаттарға ие болады және оның іс жүзінде өзін
көрсетуіне айрықша институт-банктер өз әсерін тигізеді. Банктер сауда,
делдалдық операцияларды жүзеге асыра отырып, көп дәрежеде несие
операцияларымен байланысты болады. Олар несие әлеуетін (потенциалын) жасау
мақсатымен қарыз беруші болып қатысады, қарыздар, пайыздар бойынша өзіне
міндеттемелер алады, сондай-ақ елдегі негізгі несие орталығы болып
саналады, соның негізінде барлық шаруашылық жүргізуші субъектілерге несие
беру есебінен банктің негізгі табыс көзі болып саналатын салымшылардың
уақытша жұмылдырылған ақша қаражатын өзінің нақты ісіне сала отырып,
сыйақылар алады. Банктің несие қызметі өзгеше кәсіпорын ретіндегі банктің
қызмет істеуі үшін неғұрлым беделді қызмет түрі болып саналады. Бұл әсіресе
екінші деңгейдегі банктерге тән.
Банк – коммерциялық кәсіпорын ретінде өзінің сауда, делдалдық, несие
беру операцияларын жүзеге асырып, есепті кезеңге баланс жасап, табыс алуға
деген өзіндік мүддесін таныта отырып, пайда табады және ол оған мүдделі
болып табылады. Банктің шығынды қызметі нарықтық ортадағы оның толық
банкроттық жағдайын көрсетеді және банктерді жабу үшін негіз болып
саналады. Сондықтан да банктер өздерінің қызметін орындау және көптеген
операцияларды жасау кезінде коммерцияның маңызды қағидаларынан ұстанады:
онсыз банк өмір сүруін тоқтататын пайдаға қол жеткізуді; жоғары
кірістілікті қамтамасыз етеді; банктің пассив балансы бойынша
қатыстырылыған қаржылар үлесінің артуымен банк ресурстарының тез айналым
жасаушылығына жетуді; өз мүдделері мен клиенттердің мүдделері үйлесім
тапқан жағдайда, соған орай соңғыны алдыңғы орынға жылжыта отырып, банк
ісіндегі тәуекелді төмендетуді көздейді. Банктер клиенттердің ақша, қаржы
операцияларына қызмет көрсету үшін құрылады және өндірісті кеңейтуге,
ссудалық капиталдың қозғалысына қызмет етеді.
Банк биржалардың агенті ретінде делдалдық, несиелік операциялардан соң,
бағалы қағаздарды сатып алу бойынша неғұрлым маңызды операцияларды
орындайды. Банктерге берілетін мұндай сипаттама, бағалы қағаздар нарығының
функционалдық қызметі банктермен белсенді өзарабайланыссыз қаралмайтын
әлемдегі қазіргі (ХХ ғасырдың аяғы) кезеңге тән болып саналады. Банктер,
өздерінің бағыттаушылығын дамытып, ықпалын кеңейте отырып, қағаздар
нарығының бір бөлігіне айналады, капиталдарды инвестиялау бойынша ірі
операцияларды жүзеге асырады, бағалы қағаздардың түрлерін бастапқы және
қайталап орналастыруда нарыққа қатысушылардың тапсырмаларын белсенділікпен
орындайды. Банктің қор операцияларын жүргізуі мен елде және одан сыртқары
жерлерде бағалы қағаздарды жеткізетін делдалдар ретінде қатысуы қор
нарықтарындағы агенттер ретіндегі банктердің рөлін берік бекіте түседі.
Банк автономиялы кәсіпорын ретінде бекітілген заңдық және экономикалық
қалыптар негізінде елде өз қызметін жүргізеді және банктерді құру мен оның
қызметінің негізгі қағидаларын айқындайтын өзіндік құқықтық негізге ие
болып табылады. Банк операцияларын жүзеге асырудың құқықтық негіздері,
клиенттермен, мемлекетпен, банкішілік жүйемен өзарақатынастардағы
банктердің құқығы мен жауапкершілігі әр елдегі банк және банк қызметі
туралы заңдармен айқындалады. Нарықтық экономикасы дамыған әлем елдерінің
заңдарында банктердің, әсіресе меншікті ресурстармен, яғни нормативтер мен
заңдарда көрсетілген клиенттер мен мемлекет алдындағы міндеттемелерді
экономикалық нормативтер шегінде орындаумен, әртүрлі салалардағы
салымшылардың тартылған ақша қаражаттарының үлкен үйлесімімен жұмыс
істейтін коммерциялық банктердің экономикалық автономиялығы тарихи түрде
атап көрсетіледі. Банк туралы заңдар нарықтық қатынастардағы олардың
экономикалық мүдделерін қорғайды, сонымен бірмезгілде елдегі экономикалық
мәселелерді шешудегі банктердің іс-қимылын шектейді.
Банк әріптес ретінде қызметін өзгеше жүргізе отырып, клиенттермен
өзінің қатынасын өзара тиімді жағдайларға, коммерциялық жоспар мен
қатынастарға құрады. Жалпыға белгілідей, банктер клиенттер үшін және өзінің
көрсететін қызметі арқылы олардың талап-тілектерін қанағаттандыру үшін
құрылады. Барлығы клиенттер үшін қағидасы тәжірибе жүзінде банктердің
рөлі мен орнын төмендетпейді, қайта, банктер салымшыларға, қарыз
алушыларға, сондай-ақ есеп-шоттарын жүргізуге әртүрлі деңгейдегі
кәсіпорындарға қызмет көрсете отырып, өз клиенттерінің әріптестеріне
айналады. Клиент пен банк арасындағы өзара сенім ғана бірінші кезекте өзін
ұстап тұруға және екіншіден, банктерге қаржылық қолдау көрсетуге қабілетті
болып саналады. Сондай-ақ нарықтық экономика жағдайында банктер қауқарсыз
клиенттермен берік экономикалық өзарабайланыс орната алмайды, шығынды
кәсіпорындармен әріптестік ынтымақтастық орнатуға онша мүдделілік
танытпайды. Банктердің коммерциялық бағыттаушылығы заңдар мен нормативтер
шегінде клиенттерден банкінің қызмет үшін ақы талап етуге, несие үшін
пайыздар алуға мүмкіндік береді, осыған орай банктер кәсіпорындардың іскер
қаржылық әріптестері болып қатысады.
Банктер мемлекеттік басқару тетігінің бөлігі ретінде шашыранды капитал
мен ақша қаражаттарын жұмылдырып, оларды қаржы ресурстары түрінде
орталықтандыра отырып, бұл қаржыларды тұтастай экономиканы, өндірісті
дамытуға жұмсалатын қаражатқа деген нақтылы, объективті қажеттіліктерге
бағыттайды, оларды мемлекет мүдделілік танытып отырған инвестицияларға
салады. Өзінің барлық операцияларын шаруашылық саласындағы есеп айырысу мен
төлемдер бойынша, шаруашылық жүргізуші субъектілерге (кәсіпорындар,
фирмалар, акционерлік қоғамдар және кәсіпкерлер) несие беру бойынша жүзеге
асыра отырып банктер біршама дәрежеде клиенттердің есеп-шоттарынан ақша
қаражаттарының жеке банктен алынған ссудалардың жұмсалу дұрыстығына
бақылаушы болып қатысады. Банктердің қолындағы ақшалар экономиканы
басқарудың белсенді құралы болып саналады. Елдегі бүкіл ақша мен қаржы
ресурстары ақыр соңында қалай, қандай түрде пайдаланылады, несие берудің
экономикаға беретін қайтарымы қандай, банк операциялары мен қызметтерінің
өндіріс пен айналым саласының дамуына, елдің және оның аймақтарының
әлеуметтік-экономикалық жағдайына тигізетін оң әсері қандай екендігіне
мемлекет бей-жай қарай алмайды.
Бүкіл әлемдегі банктер нарықтық экономика жағдайындағы өздерінің
функционалдық қызметтерінде банктер жүйесінің жалпы қағидаларына сүйенеді.
Егер оларды банк түрлері бойынша қарастыратын болсақ және әртүрлі
белгілеріне қатысты үлгілері (типтері) бойынша бөліп көрсететін болсақ
банктерге берілетін сипаттама да неғұрлым толық бола түседі.
Әлемдегі қазіргі заманғы банк жүйесі күрделі, көп буынды құрылым болып
саналады. Клиентке көрсетілетін қызмет сипатының базалық ұқсастығы,
мемлекеттің қаржы саясатымен өзарабайланыстылығы оның негізі болып қызмет
етеді.
1. Ақша эмиссиясына құқығы бар мемлекеттің орталық банкісінің міндетті
түрде болуы.
2. Қызмет көрсету сипаты мен даму деңгейінің көптеген белгілері бойынша
топтастырылған коммерциялық банктер.
3. Әртүрлі қаржылық топтарды, компанияларды, ұсақ салым орталықтарын
енгізетін мамандандырылған қаржы институттары.
Мемлекеттің орталық банкі – бұл мемлекеттің қаржы саясатымен тығыз
өзара байланыста қызмет істейтін, негізі бойынша мемлекеттік ұлттық банк.
Елдегі ақша айналымын коммерциялық банктер мен банк жүйесінің басқа
буындары деңгейінде және оған қызмет көрсету кезінде үкімет деңгейінде
несиені басқару, орталық банкті банктердің барлық басқа түрлерінен
өзгешелеп тұрады. Ұлттық ақша-несие, қаржы саясатын жүргізе отырып, орталық
банк елдің басты банкі болып саналады.
Коммерциялық банктер нарықтық қатынастардың белсенді қатысушылары
ретінде, операциялар мен қызметтердің көптеген түрлері арқылы іскер банктер
түрінде қатысады. Олардың көмегімен клиенттерге қаржылық қызмет көрсетуде
активті және пассивті операциялар жасау, есеп айырысуларды жүзеге асыру
кездерінде ссудалық капиталдың ауысуы болады.
Мамандандырылған қаржы институттары (сақтандыру компаниялары, зейнетақы
қорлары, инвестициялық компаниялар, сақтық мекемелері, тұтыну және
ипотекалық несие қоғамы, несие одақтары, несие кооперативтері, қаржы
үйлері, ломбардтар және т.б.) ақша капиталы мен қаржы ресурстарының нақты
нарығында қызмет істейді, көпшілік жағдайда клиенттерге тікелей несие
берумен айналыспайды, ал ақша капиталын тарту мен орталықтандырудың түрлері
олардың атқаратын қызметтік міндеттеріне байланысты болады.
Банктерді банк жүйесінің үш негізгі тобы бойынша бөліп көрсете отырып,
ақша, қаржылық капитал қатынастары нәтижесінде пайда болатын топтар
арасындағы айқын өзарабайланысты анықтау аса маңызды болып табылады. Бұл
ақшаның есеп-шотқа бастапқы салынған сәтінен бастап оның қозғалысын,
қаржыландыру мен несие берудің түпкі көздері болып қатысып, ресурстар мен
қаржы капиталын құра отырып, сондай-ақ ауысу сатыларынан өту арқылы
банктердің басқару объектілері болып саналатындығын білдіреді. Банктер
өздері арқылы өтетін бүкіл ақша қаражаттарының тиімді пайдаланылуына
мүдделілік танытады, өйткені бұл қаржылар табыс әкеледі, қаржы капиталы мен
ресурстардың жинақталуына қызығушылықты арттырады.
Банктерге олардың үлгілері (типтері) бойынша толық сипаттама берген
жағдайда банк ісіндегі күрделі проблемалар бой көтереді. Аталмыш жағдайда
елдің экономикалық дамуындағы оның рөлінің көрінуіне, қызметтерді орындау
мен операциялар жасауына тікелей әсерін тигізетін банк құрылымын білудің
айрықша маңызы бар.
Төменде әртүрлі белгілері бойынша барлық елдер үшін ортақ болып
табылатын банк үлгілерінің (типтерінің) сипаттамасы келтіріледі:
- қызметтік белгіленуі бойынша банктер: эмиссиондық, депозиттік және
коммерциялық;
- меншік нысандары бойынша банктер – мемлекеттік, кооперативтік, жеке
меншік, аралас;
- мамандануы бойынша банктер – салалық, әмбебап, өнеркәсіптік, сауда,
ауыл шаруашылық, инвестициялық;
- арнаулы міндеттерді орындау бойынша банктер – инновациялық, өзара
көмек кассалары, сақтандыру қызметтері;
- аумақтық белгілері бойынша банктер – калалық, муниципалдық,
аймақтық, мемлекет аралық болып бөлінеді.
Барлық елде әр елдің қаржылық, банктік жүйесінің табиғи даму процесі
болып саналатын банктердің әртүрлі үйлесімдегі алуан үлгілері қызмет
істейді. Банктердің жоғарыда атап көрсеткен жіктеуінің бірде бірі өздігінен
банк ісін тежемейді, қайта, банктер қызметінің мазмұнын, жасалатын
операциялар мен көрсетілетін қызметтердің сипатын, сондай-ақ салалар мен
аймақтарды дамытудағы, қаржы капиталын жинақтаудағы және т.б. банктердің
рөлін ашып көрсетеді.
Нақты тәжірибеде көпшілік дамыған елдер банктердің үлгілерін сипаттау
кезінде банктерді көтерме және бөлшек банктерге бөледі.
Көтерме банктер, негізінен, бұл үкіметтің айрықша рұқсатымен қызмет
істейтін ірі коммерциялық банктер, олар қол ақшаларды басқаруды валюта
айырбасын жүзеге асырады және қаржылармен сауда жасайды, трасталық
операцияларды орындайды, өнеркәсіп, сауда саласына несие береді. Мысал
үшін, АҚШ-тағы көтерме банктер федералдық үкімет шешімінің негізінде,
андеррайтингтік операциялардан өзге, ірі көлемде көрсетілген операцияларды
орындайды. 1993 жылы коммерциялық банктер инвестициялық банктерден бөлініп
шықты.
Бөлшек банктер – бұл есеп айырысулар бойынша, шағын, орта бизнеске
несие беру, жеке салымшылардың қаржыларын тартуда көптеген операцияларды
жүзеге асыратын шағын, жергілікті банктердің жүйесі.
Көрсетілетін қызметтер мен техникалық сипаттамаларының жиынтығы
тұрғысынан банктердің үлгілерін (типтерін) анықтау кезінде оларды
инвестициялық, сауда, әмбебап банктерге бөлуге болады:
Инвестициялық банк – оны белгілі баға бойынша толық немесе жартылай
алуға кепілдік беру негізінде клиенттің шығарған бағалы қағаздарын бастапқы
болып орналастыру қызметін жүзеге асырады, осыған орай банк бағалы қағаздар
эмиссиясы кезіндегі тәуекелді өзіне алады. Банк андеррайтер ретінде
қатысады.
Банк сондай-ақ консалтингтік қызметтерді дамытады. Мысал үшін,
инвестициялық банктер АҚШ-тың қаржылық жүйесінде ерекше орын алады.
Сауда банкі – бағалы қағаздарға ие болғанда, компаниялардың қосылуы
жағдайында коммерциялық қызмет көрсетеді. Несиемен сауда жасау делдалы
болып қатысады. Өздері ресурстарды сатып ала отырып, банктер
қажетсінгендерге қарыздар береді. Белгілідей, сауда банктері Еуропада
(Ұлыбританияда) даму алды және оларды АҚШ-тағы инвестициялық банктердің
ұқсастығы ретінде қарауға болады. Қазіргі уақыттағы сауда банктерінің
қызметі барынша жеке ыңғайда қаралады (банк есеп-шоттарын жүргізуден бастап
қор биржасындағы, алтын нарығындағы, валюта нарығындағы операцияларға,
сақтандыру компанияларын және тіпті тауар операцияларын басқаруға дейінгі).

Әмбебап банк - өзінің қызметінде дәстүрлі банктік операцияларды (несие
беру, депозиттер, есеп айырысу-кассалық қызметтер) бағалы қағаздар
операцияларымен (брокерлік, дилерлік, инвестициялық банк ісі), қаржылық
емес компаниялардың капиталына тікелей салымдар салумен, сақтандыру
операцияларымен қосып атқарады. Банктің мұндай үлгісі Еуропада кең түрде
таралған (ең алдымен Германияда, Францияда, Швейцарияда). Банктердің
көрсететін қызметі мен жүзеге асыратын операцияларына ең аз мөлшерде
шектеулер қойылған, олардың коммерциялық және инвестициялық істі бөліп
көрсететін заңдары жоқ.
Банктерді тұтастай сипаттай отырып, әрбір елдің өз банк жүйесі бар
екендігін білу көзделеді. Банк жүйесі – бұл банк заңдылықтары негізінде
банктерді құру мен оны дамытудың, олардың қызметі мен операцияларының
барлық қырын қамтитын кең ауқымды ұғым болып саналады.
Банк жүйесі отандық (ұлттық), аймақтық және әлемдік болып ажыратылады.
Онсыз банктің қызмет істеуі мүмкін емес, жалпыға бірдей танылған қызметтік
белгілер мен қағидалар жүйесінің негізі болып қызмет етеді.
Әр елдегі банк жүйесі сол елдің экономикасымен, қоғам бағытымен өзара
байланыста дамиды және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын басқарудың
маңызды элементі болып қатысады.
Өзіне орталық банкті, екінші және үшінші деңгейдегі іскерлік банктерді
енгізетін банктер жүйесінің барлық елдерде өз құрылымдары бар, жекелеген
операцияларды жүзеге асыруда өзіндік ерекшеліктерге ие, сонымен бірге банк
ісіндегі жалпыға бірдей танылған заңдар мен талаптарды басшылыққа алады.

1.2. Банктердің ұйымдық-құқықтық негіздері

Банк өзіндік ерекшелігі бар кәсіпорын ретінде ұйымдық негізге ие.
Қызметтік қағидалар - оның негізгі белгілері болып саналады. Яғни,
банктердің атқаратын қызметтері мен операциялары оның құрылу ерекшеліктерін
келістіреді және банктердің басқару жүйесін ұйымдастырады.
Әр елде банктерді ұйымдастыруда ақша эмиссиясы қызметін орындайтын,
елдегі ақша-несие саясатын жүзеге асыратын, екінші деңгейдегі банктерді
қадағалайтын, үкімет үшін операцияларды орындайтын, елдің алтын-валюта
қорын сақтайтын ақша-несие институты – орталық банкіне айрықша мәртебе
беріледі. Орталық банктердің ұйымдық құрылымы мен қызметінің сипаты және
оны басқару жүйесі елдің заңдылықтары мен Орталық банкі туралы ережелермен
айқындалады.
Көптеген елдердегі банктерді ұйымдастыру акционерлік компаниялар
(корпорациялар) түрінде жүзеге асырылады. Банктің заңды тұлға ретінде
танылуы, сатып алынған акциялар шегіндегі акционерлердің жауапкершілігі,
акция пакеттерінің болуы және директорлар Кеңесін құру акционерлік
компаниялар үшін міндетті талаптар болып саналады.
Банк ашу (жаңа заңды тұлғаның мекемесі) – бұл көптеген ресми
процедураларды орындауды және рұқсат алуды талап ететін күрделі процесс.
Тұтастай алғанда банк құру үшін, әр елдің әртүрлі ерешеліктері бола
тұра мынадай жағдайлар мен іс-әрекеттерді орындауы қажет болады: банк ашуға
құрылтайшылардың рұқсат алу өтініші; банк ашу мүмкіндгіне өкілетті
органдардың арнайы рұқсаты; орталық банктің рұқсаты; құрылтайшылық
құжаттарды тіркеуден өткізу және банктің операциялар жүргізуіне орталық
банктің лицензиясы. Операциялар туралы міндетті жағдайлар, капиталдың
мөлшері, тұрғын халықтың саны, өзіндік орны бар тұлғалардың мақұлдаған
қарарлары, экономикалық негіздеулер, іскерлік жоспар, банк жарғысы, банк
құрылымы, капиталдың жеткіліктілігі және пайда алудың болашағы, басшылық
құрамның құзыры мен олардың кәсіптік жарамдылықтары туралы мәліметтер
құжаттамалар түрінде тапсырылады.
Мемлекеттік тіркеу Кітабында тіркеуден өткеннен кейін банк
операцияларын жүргізуге лицензия алуы екінші деңгейдегі банк қызметін
бастау үшін негіз болып саналады. Заңды тұлға мәртебесін алған жаңа банк
лицензия шеңберіндегі өзінің операциялары туралы мәлімдейді.
Банктің ұйымдық құрылымы екі әдіспен анықталады:
1. Басқару органдары, олардың өкілеттіктері мен жауапкершіліктері
кіретін банктің басқару құрылымы.
2. Қызмет (функционалдық) бөлімдерінің құрылымы; бөлімдердің қызметін
жүзеге асыру және қызмет буынының міндеттері. Мысалы, несие беру
бөлімі, инвестициялық операциялар, сенім операциялары, банк
клиенттеріне қызмет көрсету және т.б. бөлімдер.
Банкті ұйымдастыру мына қағидаларға негізделеді:
- қызмет құрылымы;
- банк мақсаттарына сәйкестігі;
- билік өкілеттіктері иерархиясы және ұйымдардың деңгейлері;
- бірлескен және үйлестіру іс-әрекеті;
- басқаруды рационалдандыру және бақылауды қамтамасыз ету;
- персонал қызметінің жұмыс тәртібін белгілеу;
- толық ақпараттармен қамтамасыз ету.
Банк құрылымы түрін өзгертеді және болашақ кезеңдерге бейімделеді, олар
банктің стратегиясына қатысты болады. Банктің құрылымына мынадай бірқатар
факторлар әсерін тигізеді:
- банктің көлемі, операциялардың саны;
- қызметкерлердің саны;
- кәсіби кадрлардың болуы;
- басаспаптық пен мамандану деңгейі,
- пайда алу мүддесі үшін шығындарды үнемдеу міндеттері.
Нарықтық экономикалы елдер үшін үлгілері бойынша ерекшеленетін
акционерлік – коммерциялық банктер неғұрлым бірүлгілі болып саналады.
Акционерлердің жалпы жиналысы акционерлік – коммерциялық банктің жоғары
органы болып табылады, оның өкілеттігіне Жарғыны, капиталды бекіту,
Басқарманы, банк Кеңесін сайлау, жылдық есепті бекіту, банктің табыстарын
бөлу сияқты міндеттер кіреді.
Банк Басқармасы (Кеңесі) жылдық есепті бекітеді, құрылтайшылардың жыл
сайынғы жиналысын ұйымдастырады, банктің стратегиялық міндеттерін шешеді.
Кеңес Төрағасы банкті жедел басқаруды жүзеге асырады. Ол сондай-ақ банк
Президенті болуы мүмкін.
Одан әрі қарай: вице-президент, басқарма, департаменттер, бөлімдер
болып жалғасады.
Орындайтын операцияларға, олардың қызметін ұйымдастырудың құқықтық
формаларына қарамастан әрбір банк өзіне тән өнімдер шығарады және барлық
банктер үшін міндетті болып саналатын мынадай белгілі басқару блоктарының
жиынынан тұрады: банк Кеңесі, басқарма; басқарудың жалпы мәселелері,
коммерциялық қызмет, қаржылар; автоматтандыру; әкімшілік.
Орындайтын операцияларының көлеміне, көрсетілетін қызметтерінің
дамығандығына қатысты банктердің ірі, орта, шағын (жеке), жергілікті
филиалдары болуы мүмкін. Мысал үшін, орта коммерциялық банктің құрылымын
мынадай түрге бөлуге болады:

Банк Кеңесі
Банк Басқармасы

Несие комитеті Тексеру комитеті

Банк операцияларын жоспарлау мен дамытуды басқару
- коммерциялық қызметті ұйымдастыру бөлімі;
- банк өтімділігін басқару бөлімі;
- экономикалық талдау және клиенттердің несие қабілетін зерттеу бөлімі;
- маркетинг бөлімі.
Депозиттік операцияларды басқару
- депозиттік операциялар бөлімі;
- қор бөлімі.
Несие операцияларын басқару
- заңды тұлғаларға несие беру бөлімі;
- тұрғын халыққа несие беру бөлімі.
Делдалдық операциялар мен банктің көрсететін қызметтерін басқару;
- кепілдік беру операциялары бөлімі;
- банктің көрсететін қызметтері бөлімі;
- бағалы қағаздармен операциялар жасау бөлімі.
Халықаралық Банк операцияларын ұйымдастыру Басқармасы
Есептеу – операциялық басқармасы
- операциялық бөлім;
- кассалық операциялар бөлімі.
Әкімшілік қызметтер
- заң бөлімі;
- кадрлар бөлімі;
- тексеру бөлімі;
- әкімшілік-шаруашылық бөлімі.

Бүкіл әлемдегі банктер қызметінің құқықтық негіздерін банктер қызметін
реттейтін заңдар құрайды.
Банк заңдылықтары қоғамның даму барысы мен оның шаруашылық
қажеттіліктерімен бірге қалыптасады. Банктердің бүкіл идеялары мен
мақсаттары заңдарда көрініс табады, олар танылған болып саналады. Міне,
банк құқығы осылай туындайды. Банк құқығы автономиялы заңды қалып (норма)
болып санала отырып, қоғамдық мүдделерден оқшауланып қалмайды, қайта,
мемлекет мүдделерімен және шаруашылық процестеріне қатысушылардың
құқықтарын қорғаумен өзара байланыста туындайды. Банк заңдары үш қабатқа
(ярусқа) бөлінеді:
1. бірінші қабат: орталық банкі (эмиссиондық) туралы заңдар және
екінші деңгейдегі (іскерлік банктері туралы) банктер туралы заңдар
деп аталатын екі блоктан тұрады. Заңдардың осы екі блогы елдегі
банк жүйесінің қызметі мен банктердің өздерінің операцияларын
жүргізуін тікелей реттеп отырады. Бұл заңдар: валюталық
операциялар, банкроттық, банк құпиясы, салымдардың құпиялығы және
т.б. туралы жекелеген заңдармен толықтырылады.
2. банк заңдылықтары жүйесіндегі екінші қабат бұл – биржа, акциялар
мен бағалы қағаздар. Олар банк қызметін тікелей қозғайды.
3. заңдардың үшінші қабаты банктер үшін негізгі болып саналады және
олардың идеологиясын айқындайды. Бұл – елдің Конституциясы,
Азаматтық Кодекс, шаруашылық құқығы.
Банк заңдылықтарының:
• банктердің өз операцияларын жасау үшін;
• банктердің басқа субъектілермен өзара қатынасын реттеуде;
• клиенттердің ақша, төлем, несие қатынастарын анықтау мүдделерін
қорғау кезінде;
• клиенттердің, сондай-ақ банктердің өзінің банк нұсқаулары,
ережелері, нормативтері талаптарының барлығын дұрыс түсінуінде;
• жалпы экономиканы дамытуда және ақша айналымының тұтастығын сақтауда
аса зор маңызы бар.
Банк заңдылықтары банктердің өздерінің ғана емес, ең алдымен
мемлекеттің мүддесін қорғайды, өйткені банктер арқылы ақшаның қозғалуы,
қаржы ресурстарын, капиталдарды орталықтандыру экономикамен тікелей
байланысты және мемлекет бұл процестерді белсенді түрде реттеп отырады.
Банк қызметі саласындағы заңдар клиенттер, банктер мен мемлекет үшін
маңызды болып саналады және олардың кең ауқымды мүдделерін білдіреді,
сонымен бірге тараптардың бірінің заң бұзушылығы құқықтық қалыптардың
бұрмалауына әкеліп соғатындығын да көрсетеді. Банк заңдылықтары әлемдік
тәжірибе тұрғысынан алып қарағанда тұтастай түрде тұрақты болып саналады,
дегенмен қатып қалған догма емес екендігін де естен шығармаған абзал.
Заңдар қоғам дамуы кезеңдерінің мүдделерін білдіре отырып, эволюциялық
жолмен толықтырылып, қайта өңделіп отырады.

1.3. Қазақстан Республикасындағы банк жүйесі мен банк заңдылықтары

Қазақстан Республикасындағы банк жүйелерін реформалау дербес
мемлекеттік құрудың алғашқы жылдарынан-ақ нарықтық экономикаға көшу
кезіндегі объективтік экономикалық процестермен айқындалған болатын. Осы
жылдар ішіндегі банк саласындағы қайта құрулар микро- және
макроэкономикалық процестерге оң өзгерістер әкелуде. Банктер, салымшылар
мен инвесторлар арасындағы делдалдарға айналуда, өзіне есеп айырысулар,
салымшылар мен қарыз алушыларға көрсетілетін қызметтерді енгізетін қаржылық
қызметтерді көрсету операцияларын жетілдіреді.
Қаржы жинақтауға ынталандырады және қаржы ресурстарын орналастыру
жүйелерін жетілдіре отырып, банктер экономиканың сауығуына көмектеседі,
өмірлік қабілетті кәсіпорындарға және жаңа дамып келе жатқан жеке
кәсіпорындардың несие алуын қамтамасыз етеді.
Кеңестер одағының құлау сәтінде, оның біртұтас банк жүйесіне, яғни
Қазақстанның банк жүйесіне жүзден аса банктер кіретін еді, солардың
ішіндегі бесеуі (Жинақ банкі, Агроөнеркәсіп банкі, Өнеркәсіп құрылыс банкі,
Сыртқы эконом банкі) КСРО-ның мамандандырылған банктерінің мұрагерлері
болып қалды. Мамандандырылған банктер нақты мемлекеттік кәсіпорындарға
несие беру, сол сияқты бұрынғы жүйедегі ресурстарды орталықтандырылған
түрде бөлетін мемлекеттік мекеме ретіндегі іс-қимылын жалғастыра берді.
Сонымен бірге, нарықтық бағдар алған коммерциялық банктердің маңызы да
барған сайын өсе түсті.
Республиканың қаржы жүйесі толық мемлекеттік меншіктен, шешімдер мен
есептерді орталықтандырылған түрде қабылдаудан және меншік құқығын сақтай
отырып, нарықтық күштермен, орталыққа тәуелділікті жойған өзін-өзі билейтін
басшылықпен және несиелерді бөлумен анықталатын жүйеге серпінді түрде
көшуді жүзеге асырды, мұның өзі экономикадағы қаржы тәртібініің тиімділігін
жақсартуға мүмкіндік берді. Өтпелі кезеңде қиындықтар да болмай қалған жоқ,
осы жайлардың бәрі инфрақұрылымдағы, технологиялар мен құрал-жабдықтардағы,
құқықтық және бақылаушылық жүйелердегі түбегейлі өзгерістердің болуын талап
етті. Қайта бағдарлануға дағдылану, тәуекелдерге бара отырып шешімдер
қабылдау, пайдалардың есебін жүргізу мен жаңалықтар енгізу солардың
ішіндегі неғұрлым маңыздылары болып саналады.
1992 жылы Қазақстанда банктердің мамандырылуын жоюмен байланысты,
акцияларының бақылау пакеті мемлекеттік кәсіпорындардың иелігіне жататын,
осыған дейін өмір сүрген бес мамандандырылған банк акционерлік қоғамдар
болып қайта құрылды. Бұлардан тысқары, 1992 жылдың соңына қарай Қазақстанда
қырық акционерлік банк, алпыс коммерциялық және кооперативтік банктер
(немесе жауапкершілігі шектеулі банктер) мен қырық тоғыз жеке банктер
болды.
Бұрынғы мамандандырылған банктер осы банктердің мұрагерлікті қабылдау
нәтижесі болып саналатын, негізінен мамандану жүйесіндегі салаларға,
меншіктің жаңа құрылымдарына (несие алу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін аса
ірі мемлекеттік кәсіпорындар өздерінің негізгі қызмет салаларына сәйкес
бұрынғы мамандандырылған банктерден акциялардың бақылау пакеттерін сатып
алды) ссудалар беруін, саясатын жүргізуді одан әрі жалғастырады. Банк
жүйесін реформалаудың бастапқы кезеңі операциялардың тиімділігін арттыратын
ынталандыру шараларының жоқтығынан және нормативтік-құқықтық базаны
жасаудың аяқталмаушылығынан, көбінесе нақты мемлекеттік кәсіпорындарға
несиелер мен дотациялар берушілікпен байланысты болды. Кейбір банктер
Қазақстан Ұлттық Банкінің несие ресурстарына көбірек иек артты, ал екінші
бір банктер нарық қағидаларына сәйкес өздерінің тәртіптерін өзгертті, ал
үшінші бірлері өз меншікті кәсіпорындарының қазынашылықтары түрінде әрекет
етті. Банктер арасындағы бәсеке аталмыш жүйенің аздаған бөліктерінде ғана
орын алды және банк жүйесіндегі тұтастай қайта құрудағы қозғаушы күштің
рөлін атқару үшін тым әлсіз болды.
1993-1994 жылдары нарықтық экономика жүйесіне жақындата түсу мақсатымен
Қазақстан Республикасының банк жүйесінде біршама қайта құрулар жүзеге
асырылды. Заңдар қабылданды: банк жүйесіндегі Ұлттық банктің орны мен
рөлін, оның міндеттерін, қызмет қағидаларын, құқықтық мәртебесі мен
өкілеттігін айқындайтын 1993 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі туралы ҚР Заңы; Республикадағы банк жүйесінің қызмет
қағидаларын, банктердің құқығы мен жауапкершіліктерін айқындайтын 1993
жылғы 14 сәуірдегі Қазақстан Республикасындағы банктер туралы ҚР Заңы;
шетел валюталарының республика аумағындағы айналым ережесін реттейтін 1993
жылғы 14 сәуірдегі Валюталық реттеу туралы ҚР Заңы; банк жүйесі
қызметінің кейбір ерекшеліктері мен банк операцияларын жасаудың құқықтық
негіздерін реттейтін Үкімет пен Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің
бірқатар өзге заңдары мен нормативтік актілері, мысалы, Кепілдік туралы
Қазақстан Республикасының Заңы.
Банк жүйесіндегі реформаларды жүргізу жөніндегі нұсқауларға сәйкес,
бұрынғы Жинақ банкі Қазақстан Республикасының мемлекеттік-акционерлік
Халықтық банкі болып қайта құрылды, сөйтіп, салымдар қабылдайтын және
ссудалар беретін коммерциялық банк мекемесі түрінде көбірек іс-қимыл жасай
бастады, ал оның бұрынғы қызметі тұрғын халыққа әлеуметтік қызметтер
көрсету болып келген еді. Сондай-ақ 1994 жылы республикада Эксимбанк
(экспорттық-импорттық банк) пен Мемлекеттік даму банкі құрылып, өздерінің
қызметтерін дамыта бастады. Соның нәтижесінде (1995 жылғы 21 тамыз)
жоғарыда атап өткен банктер, банктің жарғылық қорын бес миллиард теңгеге
дейін көбейте отырып, Қазақстан Республикасы Эксимбанкіне Қазақстанның
Мемлекеттік даму банкінің бүкіл міндеттемелерін өткізіп беру жолымен бір-
біріне қосылды. Республиканың банк жүйесіндегі реформа қағидалары жыл өткен
сайын банктердің қызметін неғұрлым дәл айқындай түсуде.
ҚР Ұлттық банкі субсидиялық несиелерге бағытталған тәжірибеден толықтай
дерлік бас тартып, банктер арасындағы бәсекенің пайда болуы мен дамуына
ықпалын тигізетін несие аукциондарының жүйесі арқылы банктерге
орталықтандырылған түрде несиелер бере бастады.
Сонымен бір мезгілде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 1995 жылы
шағын акционерлік, кооперативтік және жекеменшік банктер санын қысқарту,
банктерді ірілендіру саясатын жүргізді. Банктердің жарғылық қорының ең
төменгі мөлшерінің деңгейін белгілеу тәжірибесі осы айтылғандарды растайды.
Осыған дейін іс-қимыл жасаған шағын коммерциялық банктер үшін 300000
американ доллары (1995 жылғы наурыздағы ҚР Ұлттық Банкі бағамы бойынша 18,0
млн. теңгеден асады) сомасында белгіленген, өзінің валюталық лицензиясы мен
өзінің филиалдар жүйесі және тұрғын халықтан 1,5 млн. АҚШ доллары
деңгейінде (1995 жылғы 30 наурыздағы ҚР Ұлттық Банкі бағамы (курсы) бойынша
91,5 млн. теңгеден асады) ақша салымдарын қабылдау құқығына лицензиясы бар
банктер мен жаңадан құрылатын банктер үшін ең төменгі мөлшер 500 мың АҚШ
доллары (1995 жылғы 30 наурыздағы ҚР Ұлттық банкі бағамы (курсы) бойынша
30,5 млн. теңге) сомасында белгіленген. Оның үстіне, белгіленген жарғылық
қордың ең төменгі мөлшерін әрбір банк 1995 жылғы 15 сәуірге дейін толтыруға
тиіс болды, бұл талапты орындамаған жағдайда ҚР Ұлттық банкі мұндай
банктердің одан әрі өмір сүруі мен оның қызмет істеуі туралы мәселені
шешуді алдыға қойды.
Құқықтық негіздерді, реттеу мен бақылау жүйесін дамыту нарықтық
жағдайдағы банк жүйесінің тиімді қызметін қамтамасыз етудің міндетті және
қажетті жағдайы болып саналады.
Банк қызметі саласындағы реформаларды жүргізудің одан кейінгі
кезеңдерінде нарықтық экономикаға негізделген банк жүйесі іс-қимыл жасай
алатындай, олардың құқықтық негіздерін жасаумен байланысты екінші
деңгейдегі банктер қызметін реттеуге бағытталған сапалық қайта құрулар
болды. Банк жүйесінің құрылымдық проблемаларын шешуге бағытталған банкті
реформалау стратегиясы міне, соған қызмет етті. Сонымен бірге, банк
жүйесінің құрылымдары мен мақсаттарының айқын еместігі, сондай-ақ несие
тәуекелі, несиемен қамтамасыз ету, өтімділік, қаржы тәртібі мен банкроттық
сияқты негізгі тұжырымдамаларды шектеулі түрде түсіну қажетті құқықтық
негіздерді жасау міндеттерін қиындата түскені де шындық. Шын мәнісінде
заңдардың сақталуын бақылау жөніндегі жасалатын тетіктер, сондай-ақ жаңа
коммерциялық өзарақатынастарды орнықтыруға және қалыпты қызмет істейтін
банктер жүйесін құруға көмегін тигізуі тиіс. Осы айтылғандармен бірге банк
ісінде сот шешімдерін тану мен орындауды жеңілдету тетіктері, кепілдіктерді
тіркеу бойынша орталық қызметтер; несиелермен қамтамасыз ету; салық жинау
және соған ұқсас басқа да міндеттемелерді орындау бойынша органдар құру
талас тудырмайды.
Қазақстан Республикасының банк жүйесі 1995-1996 жылдары
институционалдық, функционалдық және құқықтық қатынастарда тағы да көптеген
өзгерістерді басынан кешірді. Мысал үшін, 1995 жылға дейін республикадағы
банктердің саны өсе түсіп, 1995 жылдың басында жарғылық қорларын құру
тәсілдері бойынша бір-бірінен өзгешеленетін жүз сексен төрт банкті құраса,
оның көлемі аз уақыт ішінде күрт азайып, осы жылдың соңындағы банктердің
саны жүз отыз ғана болды.
Қазақстан Республикасының банк жүйесіндегі институционалдық қайта
құрулар банкроттықа ұшыраған коммерциялық банктерді таратумен, сондай-ақ
жарғылық капиталдарын қосу жағдайында банктерді ірілендірумен қоса
қабаттасып жүрді. Соған сәйкес, республика аймақтары бойынша осы кезеңдерде
екінші деңгейдегі банктердің филиалдары 1995 жылдың соңындағы 1026-дан 1996
жылдың соңында 949-ға дейін қысқарды. Осы кезеңдердегі банктер саласындағы
өзгерістер жарғылық қордың көлемін қалыптастыру бойынша жүрді. 1995 жылдың
аяғында нақты жарғылық қоры 20 млн. теңгеге жетпейтін 69 банк болса, 1996
жылдың соңында олардың саны 33 банкке дейін қысқарды. Ал ірі банктер өз
кезегінде сол деңгейлерінде қалды. Дегенмен, коммерциялық банктердің санын
қысқарту одан кейінгі жылдарда да жалғасты. Банк жүйесін реформалау
нәтижелері 2001 жылдың аяғында Қазақстандағы банктер санының күрт азаюына
әкеліп соқты. 2002 жылдың басында Республикада 43 банк қызмет істесе,
жылдың аяғында – 38 болды.
Функционалдық қатынастарда соңғы жылдары банктер дәстүрлі, сол сияқты
дәстүрлі емес қызметтер көрсету бойынша да өздерінің операцияларының
ауқымын барынша кеңейте түсті. ҚР Ұлттық банкінің лицензиясын алған
көптеген банктер мемлекеттік бағалы қағаздар операцияларымен айналысады,
айналымға векселдерді, елдің орталық банкінің нотасын, пластикалық
карточкаларды, электрондық аударымдарды енгізу арқылы қазіргі есеп айырысу
операцияларын дамытады.
Құқықтық қатынастарда Қазақстан Республикасының банк жүйесі 1995 жылы
мемлекеттің жаңа заң актілерімен және нормативтік ережелерімен нығайтылады:
Заң күші бар Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы (1995 жылғы 30
наурыз) Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы мен Заң күші бар
Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы (1995 жылғы
31 тамыз) Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы. Қайта құру және
толықтырудан соңғы бекітілген бұл актілер, мемлекеттің орталық банкінің,
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің және екінші деңгейдегі банктердің
мәртебесін бөліп көрсете отырып, Қазақстандағы банктердің іргелі құқықтық
және экономикалық негіздерін жасауды тұтастай түрде аяқтады.
Сонымен, Қазақстанның банк жүйесі өткен алғашқы
бес-алты жыл ішінде белгілі бір дәрежеде әлемдік тәжірибеде өмір сүретін
стандарттар мен моделдер бойынша қайта құрылып үлгерді, соның нәтижесінде
нарықтық экономиканың негізгі қағидаларына жауап бере бастады. Сонымен бір
мезгілде, Республикада банктердің құқықтық, ұйымдық негіздерін жетілдіру
әлі де жалғаса түсуде, бұл ішкі және сыртқы сипаттағы көптеген факторлармен
байланысты болып саналады.
Республикадағы банк ісін одан әрі сапалық қайта құрулар жағдайында банк
жүйесіне басшылық жасау қағидалары, басты қаржы институты ретіндегі
Қазақстан Ұлттық банкінің жетекші рөлі, несие беруді қамтамасыз ету,
сақтандыру қызметін реттеу туралы, төлемқабілеттілік пен несие қабеліттелік
туралы заңдық және нормативтік ережелер қабылдаудың тиімділігі өз
маңыздылығын сақтап қала береді.
Банктер нарығына және оны қадағалауға бағдарланған қызметті реттеу
банктерге тиімді басшылық жасауды қамтамасыз ету, банктер бетпе-бет келетін
міндеттерді уақытылы шешу, банктерді тиімді қызмет жүргізуге ынталандыру
мен төлем қабілетсіз банктерді тарату болып саналады. Құқықтық нормативтік
база негізіндегі реттеу мен бақылаудың жақсы ойластырылған жүйесі жеке және
банк жүйесі арқылы басқарылатын нарыққа бағдарланудың негізі болып
қатысады. Банктер бәсекесінің шеңберін белгілей отырып, республикадағы банк
қызметін реттеу жүйесі адал бәсекелестікті және неғұрлым тиімді банктердің
өркендеуін қамтамасыз етеді. Банктер қызметіне жасалатын бақылау өз
кезегінде олардың қызмет тәртібін реттейтін банк ережелерінің сақталуын
қамтамасыз ете отырып, тиімді басшылық жасауға демеушілік көрсетеді.
Сондықтан, неғұрлым тиімді банктер өздерінің қызметін реттеудің жақсы
жүйесін құруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қадағалауы
банктің тиісті қалыптары мен ережелерінің сақталуын қамтамасыз ететіндей
ережелерді жасауына мүдделілік танытады.
Республикада банктерді құру құрылтайшылық шарттар мен Қазақстан
Республикасының банк және банктік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының банк жүйесі жайлы
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті банктік несиелендіру: даму факторлары
Қазақстан Республикасындағы банк жүйесі
Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері туралы
Қазақстан Республикасының банк жүйесі туралы мәлімет
Коммерциялық банктердің активті операциялары
Коммерциялық банктердің операциялары мен қызметтері туралы
Қазақстан Республикасының банк жүйесі. Банк жүйесін жетілдіру жолдары
Қазақстан Республикасының валюта нарығы
БАНК ІСІНІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДАМУЫ
Пәндер