Қылмыстық құқық принциптері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті

РЕФЕРАТ
ҚР Азаматтық құқық негіздері тақырыпта
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және құқық негіздері пәні бойынша
білім алушының өздік жұмысы

Орындаған:
Э-103 топ студенті
Экономика мамандық
Еркінұлы Нұрым

Семей - 2022
Жоспар:

І. КІРІСПЕ
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Қылмыстық құқық ұғымы;
2. Қылмыстық құқықтың міндеттері мен принциптері;
3. Қылмыс ұғымы және белгілері;
4. Қылмыстардың жіктелуі;
5. Қылмыстық жауапкершілік: тұжырымдамасы, оның пайда болу негіздері.
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
ІV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Кіріспе

Азаматтық құқық -- құқықтың тауарлық-ақшалай қатынастарды және қатысушылардың мүліктік қатынастарының теңдігіне негізделген, сондай-ақ мүліктікпен байланысты, жеке мүліктік емес басқа да қатынастарды реттейтін саласы, нормалардың жиынтығы. Азаматтық заңдылықтармен реттелуші қатынастардың қатысушылары азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық бөліністер болып табылады.
Азаматтық құқықтың негізгі бастауы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі болып табылады, ол 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Жалпы бөлімнен және 1999 жылғы 1 шілдедегі Ерекше бөлімнен тұрады. Азаматтық құқық нормалары сондай-ақ арнаулы заңдарда және заңға қарасты актілерде мазмүндалған, олар Азаматтық кодексте белгіленген ережелерді толықтырады, реттейді, нақтылайды. Мұндай нормативтік актілерге төмендегідей заңдар жатады: 1997 жылғы 14 шілдедегі "Шаруашылық, серіктестіктері туралы", 1998 жылғы 10 шілдедегі "Акционерлік қоғамдар туралы", 1997 жылғы 21 қаңтардағы "Банкроттық туралы", 1997 жылғы 19 маусымдағы "Жеке кәсіпкерлік туралы", т.б.

1. Қылмыстық құқық ұғымы

Қылмыстық құқық -- қылмыстылықты және қоғамдық қатынастар жүйесіне қауіпті іс-әрекет үшін қолданылатын жазаны айқындайтын - заң нормаларының жиынтығынан тұратын, құқық саласы.
Сондай-ақ құқықтың тиісті саласын зерделейтін ғылым мен оқу пәні де қылмыстық құқық болып табылады. ҚР Қылмыстық құқығының негізгі қағидаттары: заңдылық, ізгілік, жеке бастың жауаптылығы, жазадан құтылмайтыны, әділеттілік, айыптылық қағидаты. Қылмыстық құқық - қылмыстық құқық қоғамдағы конституциялық, азаматтық, еңбек, әкімшіліктік, қаржы салаларымен реттелетін қатынастарды қорғайды. Мысалы, меншік, ең алдымен, азаматтық құқық нормаларымен реттеліп, қорғалады, бірақ меншікті қылмыстық қол сұғушылықтан (ұрлық, алаяқтық, тонау, қарақшылық) қорғау қылмыстық құқықтың міндетіне жатады.
Қылмыстық-құқықтық нормалар тек қана тыйымдардан құралады. Осыған орай қылмыстық-құқықтық қатынастар бір жақты сипатта болады: қылмыскер жазаға тартылуға тиіс, ал мемлекет сот органдары арқылы оны жазалауға құқылы.
Қылмыстық құқықта қоғамдық қатынастарды қорғаудың ерекше әдістері де қолданылады. Олар: қылмыстық-құқықтық санкциялар, яғни қылмыстық жазаның алуан түрлерін қолдану; қылмыстық жауаптылықтан босату; мед. сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану.
Қылмыстық құқық жүйесі екі бөлімнен тұрады: жалпы бөлім және ерекше бөлім. Жалпы бөлім жалпы қағидаттарды, қылмыстық жауаптылықтың негіздемесін, негізгі ережелер мен ұғымдарды, сондай-ақ жаза тағайындау, қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату тәртібін тиянақтайтын нормалардан құралады. Қылмыстық құқықтың ерекше бөлімі объектінің белгілері бойынша жіктелген қылмыстардың тізбесінен тұрады. ҚР Қылмыстық кодексінде ерекше бөлім ішкі бөлімдерге, ал ішкі бөлімдер тарауларға бөлінген.

2. Қылмыстық құқықтың міндеттері мен принциптері

Қылмыстық кодекстің 2-бабына сәйкес қылмыстық зандар-дың міндеттері болып:
1. Адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен занды мүдделерін, қоғамдық тәртіппен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғала-тын мүдделерін қылмыстық қолсұғушылықтан қорғау бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігін қорғау, сондай-ақ қылмыстардың алдын алу болып табылады.
2. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін осы Кодексте қылмыс-тық жауаптылық негіздері белгіленеді, жеке адам, қоғам немесе мемлекет үшін қауіпті қандай әрекеттер қылмыс болып табылатыны айқындалады, оларды жасағаны үшін жазалар мен өзге де қылмыстық құқықтық ықпал ету шаралары белгіленеді делінген.
Қылмыстық заңдарда көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру үшін Қылмыстық кодекс қылмыстық жауаптылықтың негізін белгілейді. Яғни, қылмыстық заңда көрсетілген іс-әрекеттерді істеген адам осы заңда белгіленген негізде ғана жауапқа тартылады. Ол үшін қылмыстық заң жеке адам, қоғам немесе мемлекет үшін қандай қауіпті іс-әрекеттер қылмыс болып табылатынын белгілейді және оларды кінәлі түрде істегендерге жазалар мен өзгеде қылмыстық-құқылық ықпал ету шараларын белгілейді. Жаңа Қылмыстық кодекс бұрынғы кодекске қарағанда ізгілік принципі басшылыққа алына отырып, қоғамға онша қауіпті емес іс-әрекеттер жасағандарға оларды қоғамнан оқшауламайтын жаза түрлерін (түзеу жұмысы, шартты жаза, міндетті жұмыс, шын жүректен өкінуіне немесе тараптардың келісімге келуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату) қолдануға кең жол ашылған. Мұндай ізгілік қағидалар қылмыспен күресуге пәрменді әрі тиімді жағдай туғызады.
Қылмыстық кұқықтың міндеттері қылмыстылықтың жағдайы мен деңгейіне де тікелей байланысты. Ұзақ жылдар бойы орын алған әміршілдік-әкімшілік, тоталитарлық жүйе, жеке адамға табыну, тоқырау және қайта құру кезеңдерінде қылмыстылық өрши түсті, нарыктық экономикаға көшудің қиын процестері, экономикалық кризистер, коғам мүшелерінің едәуір бөлігінің өмір сүру деңгейінің қиындауы, өтпелі кезеңге байланысты қоғамдағы орын алып отырған жұмыссыздық, жоқшылық, құқық қорғау, құқық қолдану органдарының да жұмысын қиындата түсті, қылмыстылықтың сандық және сапалық жағынан өсу қарқыны үдеді. Бұрын жұртқа беймәлім ұйымдасқан, кәсіптік, банк жүйесіндегі қылмыстар кең белес алды. Жалпы қылмыстылық құрылымында тұрақты ұйымдасқан қылмысты құрылымдар жетекші роль атқаруда. Ұйымдасқан топ пен қылмыстық бірлестіктердің істеген ауыр қылмыстарының саны өсе түсуде. Кісіні қасақана өлтіру, денеге ауыр жарақат түсіру, бөтеннің мүлкін қарақшылықпен тонау, ұрлау немесе алаяқтық жолмен талан-таражға салу, бандитизм, контрабанда сияқты қылмыстардың саны арта түсті.
Қылмыстылықтың санын азайтуда мемлекет тарапынан жүзеге асырылып жатқан кең көлемдегі саяси, экономикалық және әлеуметтік шаралардың маңызы зор. Экономикалық реформаны дұрыс жүргізу, нарықтық экономикаға кең жол ашылу, өндірістің құлдырауын тоқтатып, еңбекті дұрыс ұйымдастыру, оның өнімділігін арттыру, жұмыссыздықты жою, қоғам мүшелерінің өмір сүру қажеттілігін тиісті деңгейге көтеру, құқықтық реформаны заман талабына сай іске асыру мемлекеттің алға қойған осы саладағы міндеттерін жүзеге асыруына кепілдік берді.
Қылмыстық құқық принциптері. Жаңа қылмыстық заңнамада өзінің қолданысын тауып, құқықты қолдану практикасында жүзеге асуға тиіс Қазақстан Республикасы қылмыстық құқығының принциптері.
Ең бірінші кезекте, бұл -- заңдылық принципі.Қылмыстық құқықтың келесі принципі азаматтардың заң мен соттың алдындағы теңдік принципі болып табылады. Қылмыстық, құқықтың барынша маңызды принципі кінәлі жауапкершілік принципі болып табылады. Кінәлі жауапкершілік принципінен жеке жауапкершілік принципі тікелей пайда болады. Қылмыстық құқықтың негіз салушы принциптерінің бірі сапасында әділеттілік припципі бөлініп шығады. Конституциядан қылмыстық құқық. принциптерінің тағы біреуі тікелей бөлініп шығады. Бұл -- гуманизм принципі. Гуманизм принципіне барынша тығыз жанасқанымен, бірақ онымен толық қамтылмайтыны қылмыстық жазалауды үнемдеу принципі. Қылмыстық жауапкершіліктің болмай қоймайтындығы туралы қылмыстық құқық принципі жеке назар салуға тұрарлық.
1. Заңдылық принципі - бұл принциптің мәні қылмыс пен күресуді заң шеңберіндегі, оның талаптарын мүлтіксіз орындай отырып жүргізуді білдіреді. Ешкімде соттың үкімінсіз, заңға қайшы жолмен кінәлі болып табылмайды.
2. Адамдардың заң алдындағы теңдігі принципі - бұл принцип адамның тегіне, ұлтына, нәсіліне, әлеуметтік, мүліктік жағдайына, тіліне, дінге деген көзқарасына қарамастан заң алдында бірдей жауап беретіндігін көрсетеді.
3. Жауаптылық принципі - бұл принцип бойынша кез келген адам лауазымдық және басқа да жағдайларға қарамастан өзінің істеген қылмысы үшін нақты жауаптылықты мойындауы қажет.
4. Әділеттілік принципі - бұл принциптің мәні қылмыстық жазаға іс-әрекетінде қылмыс құрамының толық белгілері бар адамдар тартылуы керек. Негізсіз, дәлелсіз қылмыстық жауаптылыққа жол берілмейді.
5. Демократизм принципі - бұл принциптің мәні сот төрелігін жүзеге асыру барсында істі қатысушылар мен сол ауданның басым бөлігі білетін тілде жүргізу, егер қажет етсе аудармашының көмегімен қамтамасыз етуді білдіреді.
6. Гуманзим принципі - бұл принциптің мәні кішігірім қылмыстарды алғаш жасаған адамдарға кешіріммен қарап, жеңіл жаза тағайыедап, керісінше ауыр қылмыс жасағандарға неғұрлым ауыр жаза тағайындаудан тұрады.
7. Интернационализм принципі - бұл принцип ұлттық теңдікті бұзғаны үшін, басқа мемлекеттің мүддесіне, халықаралық қауіпсіздікке, ұлттар арасындағы бейбітшілікке қарсы қылмыстар үшін жауакершілік белгілейтін нормалардан көрініс табады.

3. Қылмыс ұғымы және белгілері

Қылмыс - бұл құқық бұзушылықтың бір түрі. Қылмыс басқа құқық бұзушылықтардан, оның қылмыстық заңмен белгіленетіндігімен және оны жасағанда қылмыстық жауапкершіліктің болуымен ерекшеленеді. Қылмыс ұғымы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 9 - бабында берілген: Осы кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған қоғамдық қауіпті әрекет - қылмыс деп танылады.
Қылмыстың төмендегідей белгілерін атап өтейік.
1. Қылмыс әрқашан іс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыс құқығы ұғымы, міндеттері, принциптері
Қылмыстық құқық жайлы мәлімет
Қылмыстық процесс принциптері
Қылмыстық - атқару құқығы ғылымы
Қылмыстық процестік құқық пен қылмыстық процестің тәрбиелік алдын алушылық маңызы
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ПӘНІ, МІНДЕТТЕРI МЕН ПРИНЦИПТЕРІ
Қылмыстық құқықтың ұғымы
Сот төрелігін тек соттың ғана жүзеге асыруының принципі
Қылмыстық құқық. Қылмыстық құқық принциптері
Қылмыстың ұғымы
Пәндер