Оқушылардың сөздік қорын дамыту


Кіріспе
Зерттеу жұмысының көкейтестілігі. Өмірдің бүгінгі таңдағы талабы қазақ тілін жас ұрпаққа үйретудің тиімді әдістемесі жасалуын қажет етіп отырғаны белгілі. Өйкені таяу жылдарда қазақ тілінің қоғамдық қарым-қатынастардың барлық салаларында: саудада, тұрмыстық қызмет көрсету мекемелерінде, кеңсе ісінде, т. б. жерлердің барлығында да қолдану аясының кеңи түсуін қамтамасыз ету міндеті қойылуда. Мұның өзі қазақ тілінің қарым-қатынас құралы ретіндегі мәнімен қатар, танымдық құралыретіндегі рөлін де күшейте түсетіні мәлім. Осыған орай, жас ұрпаққа білім беру, оларды қажетті дағды мен іскерліккі төселдіру, өз пікірлерін білдіріп, қорытынды жасай алуға баулу, бұл мәселелерде балалардың жеке ерекшеліктері мен жалпы даму деңгейін ескеру, мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған басты міндеттердің біріне айналуда. Бұл міндеттер, әсіресе, бастауыш сыныптарда балаларды ауызша, жазбаша тілін дамыту жұмысын күн тәртібіне бірінші мәселе етіп қойып отыр.
Мектептердегі тіл дамыту - бір сыпыра ғылым өкілдерінің бірігіп шешуін талап ететін психологиялық, педагогикалық және лингвистикалық проблема.
Қазақ бастауыш мектептеріндегі тіл дамыту мәселесі белгілі себептермен осы уақытқа дейін тиісті дәрежеде ғылымның зерттеу объектісі бола алмады. Балардың туған тілін үйрену аясы бірте-бірте тарылып, көптеген көкей кесті жайттары өз шешімін таба алмай келеді.
Арнайы коррекциялық мектепте тілді оқыту жұмыстарына ерекше көңіл бөлінеді. Тіл арқылы балаға барлық ғылымның негізі үйретіледі. Ә. Садуақасовтың «Адамды бір- бірімен қоғамдастыратын басты құралдың бірі - тіл. Оқушылардың білімді болуының басы айтушының сөзін тыңдай білуден, сөйлей алудан басталады. Әрбір пәннен тиянақты білім алу да тілге байланысты» деуі де сондықтан [1] .
Тілді оқыту баланың мектепке келген күнен бастап жүргізіледі. Қазақ тілі сабақтарында балаға тілдің фонетикалық құбылыстары, лексикалық ерекшеліктері, граммматикалық заңдылықтары үйретіледі. Сонымен бірге мұғалімнің алдына екі міндет қойылады. Бірі - тілдің әдеби тіл нормасы бойынша білім беру, яғни оқушыға орфоэпиялық және орфографиялық дағдыны меңгерту: екіншісі - сөздік қорын молайту, сөздердің дұрыс тіркестіріп, даярлау. Мәселен, Ш. Уақпаев: « Сөздік қорын молайту, сөздерді өз орнына қолдана білуге жаттықтыру оларды өзара байланыстырып сөйлем құрастыруға төсілдіру» екендігін нақтылай отырып; «Баланың сөздік қоры үрдіс. Оқушының неғұрлым сөздік қоры көп болып, ойлау қабілеті жақсы жетілсе, білімді тереңде тез үйренеді» деп осы мақсатқа жетудің бір жолы лексикалық білімді игерту екендігін көрсетеді [2] .
Зияты бұзылған жоғары сынып оқушыларының сөздік қорын дамыту жұмыстарын ұйымдастыру, сөйлеу тілін дамытудың мазмұнына қойылатын талаптар туралы зерттеулердің жеткіліксіздігі біздің зерттеу жұмысымыздың көкейтестілігін көрсетеді. Сондықтан бұл мәселе тереңірек зерттеуді қажет ететін, өзекті мәселе екенін дәлелдейтін жағдай. Осы қарама-қайшылықты негізге ала отырып, зияты бұзылған жоғары сынып оқушыларының сөздік қорын дамыту, коррекциялық жұмыстарды жақсарту мақсатында, оның ғылыми-теориялық негізде бір жүйеге келтіру және зерттеу мазмұнын айқындайтын «Арнайы білім мекемелері балаларының сөздік қорын байытудың педагогикалық негіздері» атты зерттеу тақырыбын таңдап алуымызға негіз болды.
Зерттеу нысаны - зияты бұзылған бастауыш сынып оқушыларының лексикасын қалыптастыру үрдісі.
Зерттеу пәні - көмекші мектептегі оқу процесі.
Зерттеу мақсаты - көмекші мектептің бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу тілінің лексикасын дамыту жолдары.
Зерттеу міндеттері:
1. Арнайы әдебиеттерде берілген көмекші мектеп оқушыларының сөздік қоры ерекшелігі туралы мағлұматтарға шолу жасау.
2. Көмекші мектептің 2, 3, 4 сынып оқушыларының сөздік қорын тексеру әдістерін құрастыру және дамуын анықтау
3. Көмекші мектептің бастауыш сынып оқушыларының халық ауыз әдебиетін пайдалану арқылы сөз қорын дамыту тәсілдерін қарастыру.
Жетекші идея. Егер мектеп оқушыларының сөздік қоры байыса, онда біліктілігі мен сөздерді дұрыс пайдалану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеті дамиды. Баланың танымдық процестері жетіліп, жеке тұлға ретінде қалыптасып, қарым-қатынас мәдениеті жетіледі.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы. Қазақ тілінде көмекші мектеп оқушыларының сөз қорының кейбір ерекшеліктері анықталып, арнайы мағлұматтар алынды. Бұл мәселенің теориялық жағдайы толықтырылды.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы. Көмекші мектептің бастауыш сынып оқушыларының сөз қорын тексеруге әдістеме құрастырылып, жүйеленді. Зерттеу барысында қарастырылған жұмыс бағыттарын арнайы мектептің оқу процесінде қолдануға болады.
Зерттеудің ғылыми болжамы : Егер көмекші мектептің әдебиет сабағында мақсатты және жүйелі түрде халық ауыз әдебиеті үлгілерін ( ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал- мәтел, өтірік өлеңдер т. б. ) енігізіп пайдаланса, онда бұл оқушылардың сөз қорын дамыта отырып, жетілдіруге болады, өйткені фольклорлық материалдар бала қабілетіне лайықтығымен, логикалық жүйелігімен, тәрбиенің маңыздылығымен, эстетикалық талғамдылығымен бағалы.
Зерттеу базасы: Шымкент қаласындағы №8 Зияты бұзылған балалар мектеп-интернаты.
Диплом жұмысының құрамы: зерттеу кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.
1 Сөйлеу тілінің дамуының теориялық негіздері
1. 1Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытудың теориялық негізі
Қазақ мектептеріндегі оқытылатын ғылым негіздері ана тілі арқылы жүргізіліп, оқушының дүниетанымын, ой-өрісін, тіл байлығын, ауызша және жазбаша сөйлеуін дамыту қазақ тілінің қалыптасқан заңдылықтары арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан бастауыш сыныптарда ана тілінің заңдылықтарын жете меңгеріп, әдеби тіл нормаларында еркін сөйлеп, сауатты жаза білу міндеті қойылып отыр. Өйткені - тіл дамыту сайып келгенде ой дамыту.
Тіл дамыту - ана тілі әдістемесінің аса жауапты да күрделі саласының бірі. Оның күрделі болуының себебі бала тілін дамыту міндетін жүзеге асырушы мектепте жүргізілетін пәндер қазақ тілі мен ана тіліне ғана байланысты болмай, оның сөйлеу әрекетіне де тәуелді.
Бастауыш сыныптарда жүргізілетін тіл дамыту әдістемесі - оқу-шыларға білім жүйесін меңгертуге, тілге деген икемділігі мен дағдыларын қалыптастыруға ықпал ететін әдіс-тәсілдері мен формалар, принциптер мен оқытудың мазмұны жайындағы ілім. Жалпы әдістеме ғылымның бір саласы.
Басқа ғылымдар сияқты тіл дамыту әдістемесі де теориялық ғылымдардың соңғы жетістіктеріне негізделе дамиды. Тіл ұстартудың ғылыми негіздері - тіл білімі, әдебиет және психология. Өйткені тіл - қоғам өмірінің объективті құбылысы, ол бүкіл халық үшін бірдей. Қай тілдің болмасын айтылуының грамматикалық және синтаксистік нормативтік ережелері болады. Мұны тіл білімі зерттейді. Ал сөйлеу - психикалық құбылыс. Ол - әр адамның өзіне ғана тән ерекшелігі. Сөйлеуде объективті шындықты осы адамның субъективті түрде бейнелеп, оған индивидтің көзқарасын білдіреді. Яғни адам тілдің көмегімен қарым-қатынас жасау процесі, сөйлеу - психо-логияның зерттеу объектісі болып табылады. Солай бола тұрса да, күні бүгінге дейін мектептегі тіл дамыту жұмыстарын психологиялық ғылымнан оқшау жүргізіліп келеді. Соңғы кезде ғалымдар «Психология әдістеме ғылымынсыз-ақ өркендеп, өмір сүре береді, алайда әдістеме ғылымы психолгиясыз дамып, жетіле алмақ емес. Әдістеме толық мәнді ғылыми пән болуы үшін, ол психологиялық негізге сүйенуі қажет пікірді іс жүзінде дәлелдеп отыр.
Әдістеме теориясында тіл дамыту енді ғана қалыптасып келеді. Оның маңызы, қажеттілігі анықталғанымен, ғылыми негіздері, құралдары, мазмұны мен салалары, байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыратын жұмыс түрлері, әдіс-тәсілдері т. б. жақтары анықталмаған.
Тіл - адамзат қоғамында қатынас, сөйлесіп пікір алысудың құралы ретінде қызмет атқаратын құбылыс. Тіл мен қоғам өзара тығыз байланысты, біріншіден, тілсіз ешбір қоғам өмір сүре алмайды. «Тілсіз ұлт құрымақ». Тіл - адамзат қоғамының өмір сүруінің қажетті шарты. Екіншіден, тіл қоғам бар жерде ғана өмір сүреді. Қоғам - тілдің өмір сүруінің шарты. Қоғамның өмір сүруі үшін, тіл қаншалықты қажет болса, тілдің дамып, өркендеуіне қоғам да соншалықты қажет.
Тіл - тірі тарих. Онда халықтың ғасырлар бойы жинақтаған іс-тәжірибесі мен даналығы бар. Сананың аздығы мен көптігіне қарамай, әрбір халық өз тілінде асыл армандары мен әсем жан дүниесін, барша жақсылық атаулыға құрметін, адамзат бақытына кесір келтіргендерге лағнеті бейнеленген. Тіл - оны жасаушы халықтың тарихы, шежіресі, бүкіл өмірінің жаңғырығы мен ізгі арманы мен алдағы үміті, қайғысы мен қуанышы, күллі рухани өмірінің үні естіліп тұрады.
Ана тілі, бүкіл ақыл-ой дамуының негізі және бүкіл білімдердің қазынасы. Өйткені оқушыларға ғылым негіздерінен жан жақты білім мен дағды беретін, сауатты жазу мен мәдениетті сөйлеуге төселдіріп, тіл материалын меңгертетін де осы пән.
Ана тілі пәні дұрыс жазу, сауатты сөйлеу ережелерін меңгерту үшін ғана жүргізілмейді, сонымен бірге, логикалық ойлауды дамыту үшін де қажетті құрал. Өйткені сөз дарындылығының өрістеуі ойлау логикасымен байланысты. Өз заманында «Логикалық ойлау - логикалық сөйлеудің негізі, ал мұны - логикалық сөйлеуді Отандық тіл ұстазы дамытуға тиіс», - деп көрсеткен ұлы педагог К. Д. Ушинский [3] .
Еркіндікке қолы жеткен қазақ халқының болашаққа артқан үміті, сенімі осы қазіргі мектепте отырған, келешекте отыратын жаз жеткіншектерімізде. Тіліміз ғана емес, жалпы халық болып сақталып қалуымыздың өзі қазіргі оқушыларымызға ана тілін қалай меңгертуімізге байланысты. Енді бұл мәселеде жетпіс жылдай танытқан енжарлығымыздан таймасақ, белсенділік танытпасақ, тілсіз, тарихсыз мәңгүрт тобырға айналуымыз анық.
Міне, сондықтан саналы ересек ұрпаққа ұлы жауапкершілік жүктелмек, ол жауапкершілік - ата-бабамыздың әр сөзін сан ғасыр бойы сомдап жасаған ұлы қазына ана тілін көздің қарашығындай сақтап, кіршіксіз күйде келешек аманат етіп тапсыру. Сол арқылы жеткіншегіне туған халқының ақыл-ой тұжырымын, дәстүр-салтын игерту. «біздің қазақтың ісң жаңа басталып келе жатыр . . . XX ғасырға дейін түріктің тілін аздырмай асыл қалпында алып келген, тіл турасындағы абырой мен алғыс қазаққа тиісті. Атаның аздырмай берген асыл мүлкін қолына алып, быт-шытын шығарсақ, ол ұнамды іс болмас», деп жазған болатын осы ғасырдың басында қазақтың аса көрнекті ағартушы - педагог А. Байтұрсынов [4] .
Тіл - рухани байлықтың шыңы. Рухани болмыстың деңгейлік баспалдақтары; танымдық, қазыналық, мән-мағыналық. Тілін меңгерген адам - сара жолын сараптап, игерген адам.
Тілді меңгеру ананың ақ сүтінен басталып, бесік жырымен тербетіліп, өмір сатысымен нықталады. Өткен кезең мәдениетінің тұңғиығына бойлап, оның ішкі мазмұнын түсінуге тырысу адамды рухани жағынан байытады.
Қазақ тілі - аса бай тіл. Қазақ тілінің тазалығы жайында француз ғалымы А. Жарри де Манси « Қазақ тілі түркі тілдерініңі шіндегі мейлінше таза тілдердің бірі» (Жарри де Манси « История древних и новых литератур, наук и язящных искуства Москва, 1832. 104-105 стр), - десе, В. В. Радлов « Зигро» журналының алтыншы томының 70 бетінде жарық көрген « Средняя зарафшинская долина» мақаласында: « Қазақтың тілі ұшқыр да шешен, ойнақы да, өткір, сұрақ-жауаптарға оңтайлы, кейде тіпті таңқаларлық түрде тапқыр және бәрі де, тіпті оқымаған сауатсыздарының өзі де тілін жетік меңгерген, мұндай жағдайды біз тек Европадағы француздар мен орыстардың бойынан ғана байқаймыз», - деп жазды [6] .
Татар ғалымы А. Саиди 1926 Қазан қаласында басылған «Тіл, әдебиет, жазу әрі олардың өсулері» кітабының 86 бетінде «Қазіргі ең таза, ең бай, ең табиғи және бұзылмай, бұрынғы қалпында сақталып қалған бір тіл болса, ол
қазақ тілі мен қазақ әдебиеті біз мұны ашық айтуымыз керек», - дейді [7] .
Көрнекті жазушымыз Ғабит Мүсірепов: «Ана тілі дегеніміз - ол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың баяғысын да, бүгінгісін де, болашағын да танытатын, сол халықтың өткенін де, болашағынан да қол үзеді», - деген 8.
Бүгінгі таңдағы мемлекеттің маңызды мәселелерінің бірі - тілдерді қолдану мен дамыту болып отыр. Ел басы Н. Ә. Назарбаев қазақ тілін өркендетудің нақты 11 жолын атап өтті.
1. Қазақ тілді балабақша санын тиісінше көбейту;
2. Қазақ мектептерінің санын өсіру және осы заманғы технологияның соңғы жетістіктерімен жабдықтау;
3. Қазақстанның барлық мектептерінде оқушылар қазақ тілін еркін меңгеріп шығуы үшін орыс мектептерінде қазақ тілі пәні аптасына екі - үш сағат емес, қазақ мектептеріндегі орыс тілі сияқты бес - алты сағаттық мөлшерде оқытылуы қажет;
4. Барлық орта мектеп оқушылары бірыңғай ұлттық тестілеуде қазақ тілі пәнінен міндетті түрде сынақ тапсыруы тиіс;
5. «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелдерге оқуға жіберілетін жастар қазақ тілін білуі тиіс;
6. Білім, денсаулық, сауда және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету саласы мамандарының қазақ тілін жетік меңгеруіне ұмтылу;
7. Қазақ тілін жетік білетін мемлекеттік қызметкерлерге жан - жақты қолдау көрсету, әсіресе, мемлекеттік қызметке қабылданған қазақ қазақша сөйлеуі қажет;
8. Өзге ұлт өкілдерінің қазақ тіліне жетіктерін баспасөз, теледидардан жиі насихаттап, салт - дәстүр, әдепке байланысты түрлі конкурстар ұйымдастыруы қажет;
9. «Тілдер туралы» заңды қайта қарап, замана талабына сай өзгерістер енгізу;
10. Бұқаралық ақпарат құралдарына қазақ тілінің қолданысы 50 пайыздан кемімеуі;
11. 2010 жылға дейін жасалған «тілдерді дамыту» бағдарламасына тиісті толықтырулар енгізіп, әр облыстың мемлекеттік тілге көшу кестесін сақтау.
Соңғы жылдары журнал беттерінде шыққан мақалаларда да оқушылардың тілін дамыту мәселелеріне әжептеуір көңіл бөлгенін байқаймыз. Бұл жөнінде Ә. Сыдықовтың «Оқу-жазуға үйретуде психология не айтады?» деген мақаласын айтуға болады [10] . Автор бұл мақалада балаларға оқығанда, жазғанда, көп салмақ түсетінін (көру, есту, сөйлеу мүшелері, қолы, саусақтары, мидың 4 түбегі бірдей қызмет істейтінін) айтып, оқуға, жазуға үйрету кезеңін 5-ке бөледі:
Көру, есту, сөйлеу, ойлау мүшелерінің қызметі қолдың қимылымен байланысты. Күштің көбі қол жаттықтыруға кетеді.
- Оқушы сөздің, сөйлемнің мазмұнын тез айыруға дағдыланады. Бұл кезде мұғалімнің көмегі керек.
- Оқушы өз бетімен оқып, шығарманың мазмұнын түсінеді, өз ойын шығарып, сөз жасау басталады.
- Оқыған нәрсені жазады.
- Сауалнама, қолхат сияқтыны жазады.
Аманжолұлы Сәрсеннің «Мектепте ана тілді оқытудың мақсаты, оның маңызы» деген мақаласында тіл сабағының мақсаты әңгімеленеді. «Ана тілді оқу тек оқу үшін керек. Балалар ана тілдің жобаларын, қағидаларын судай жаттап алулары шарт емес, оны іс жүзінде, тәжірибеде пайдалана алса ғана, толық білгенге саналады», - дейді автор [11] .
Ана тілді мектептерде оқыту әдістерін зерттеп, нақты әдістемелік еңбектер берген белгілі әдіскер - Шамғали Сарыбайұлы. Ғалымның бастауыш сыныптарда «Қазақ тілін» оқыту жұмысына, орта мектеп оқушыларына грамматикалық ұғымдарды меңгерту әдістеріне арналған еңбектерінде балалардың тілін дамытуға қатысты айтылған құнды ойлар бар.
Ш. Сарыбайұлы еңбектерінде тіл дамыту, жаңа сөздің мағыналарын оқушыларға меңгерту, сөздік жұмысын жүргізу мәселелеріне қатысты пікірлер мол ұшырасады. Мысалы, зерттеуші өзінің «Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері» деп аталатын еңбегінде оқушыларға емле ережелерін үйрету жолдарын талдау барысында жаңа сөздерді меңгерту жолдарына да тоқталады [12] . «Ол сөздердің жазылуын меңгерту үшін, - деп жазады автор, - төмендегідей әдістерді қолданамыз:
1. Күнделікті оқыған газет, журналдарда кездестірген сөздерді тергізіп, оны күн сайын тергізіп отырамыз.
2. Сол теріліп келген сөздерді алфавит тәртібіне келтіріп жазуды тапсырамыз.
3. Кейін алфавит тәртібіне енген сөздерді сөздік ретінде алуды тапсырамыз.
4. Сөздік ретінде алынғандардың мағыналарын сөздіктерден қарап, олардың мағынасын біліп келуді тапсырамыз.
5. Ішіне сол сөздер енген сөйлемдерді толтырып жаздырамыз.
6. Оқытып жатқан грамматикалық тақырыпқа байланыстырып, мысалды оқушылардың сөздіктерінен аламыз. Оқып отырған кітаптардағы емлесі қиын терминдік сөздердің жазылуын байқата оқытамыз, азырақ байқата отырып, кейін кітапты жапқызып, жаңағы көрген терминдерін екінші бір оқушыға диктант ретінде айтқызып, дәптерлеріне жаздырамыз».
Ғалымның бұл пікіріне тек термин сөздерді меңгертуге ғана емес, жаңа сөздердің мағыналарын оқушылардың сөздік қорына берік орнықтыруға, сөйтіп олардың тілін дамытуға да қатысы бар.
Бастауыш мектеп оқушыларының сауаттылығын арттырып, тілдерін дамыту жұмыстары әңгімеленген құнды еңбек - профессор Қ. Жұбановтың редакциясымен шыққан «Бастауыш мектептегі қазақ тілінің әдісі» деген кітап. Мұнда ана тілдің мақсаты дұрыс көрсетіле келіп, «тіл ширату» жұмысына мына сияқты талап қойылады: «Бастауыш мектепті бітіріп шыққан бала . . . оқығанын, есіткенін қысқаша түсінікті етіп жаза алатын болсын». Онан әрі тіл ширату жұмысының түрлері (сұрақтарға жауап беру, оқығанды айту, тақырып қою, суретті пайдалана отырып сөйлеу, т. б. ) қысқаша түрде аталып өтеді [13] .
Ендігі бір көңіл аударатын еңбек - С. Жиенбаевтың «Бастауыш мектепте кітап оқыту методикасы» кітабы. 31 беттік бұл шағын еңбекте оқығанды балалардың қабылдауы оқу әдісіне байланысты екенін, әсіресе, мәнерлеп оқудың маңызын дұрыс көрсеткен. Оқығанды талдау (әңгімелесу, мазмұндама, қорытынды шығару) жұмыстарының түрлерін анықтай келіп, «Салалы сөйлеуді үйрететін жұмыс - мазмұндау жұмысы» екенін айтады. Кітапта мазмұндама мен шығарма жаздырудың орны былайша белгіленген: « . . . тіл дамыту жұмысы, оның ішінде жазба сөзге жаттықтыру жұмысы мектепте зор орын алады. Жазба сөзге жетілу үшін істелетін жұмыстың ең маңыздысы - мазмұндама, шығарма жаздыру». Кітапта оқулықтардағы бар суреттерді пайдалану, шығарманы талдау үлгілері, сөздік жүргізу сияқтылар да әңгімеленеді. Сондықтан бұл кітапты тіл дамыту жұмысын зерттегенде,
басшылыққа алынатын құралдардың бірі деп есептейміз. Әрине, кітаптың көлемі шағын, әрі әңгімелеп отырған объектісі кітап оқыту әдістемесі болғандықтан, тіл дамыту жұмысының оқуға байланысты түрлері ғана сөз етілген, оның өзі де толық қамтылмаған.
С. Жиенбаев - алғаш рет мектепте жүргізілетін тіл дамыту жұмысының ауызша, жазуша болып бөлінетін жігін ашып, оның әрқайсысына жататын жұмыс түрлерін, юұл жұмыстардағы ой жүйесі мен сөз қлоданудың мәнін көрсеткен әдісекер.
Ғ. Бегалиев «Бастауыш класcта қазақ тілі методикасының мәселелері» еңбектерінде бастауыш сынып оқушыларының тілін ұстартуға, оларға сөз мағыналары туралы түсінік беруге қатысты ойлар «Ана тілі» пәнін оқыту әдістемесіне байланысты да айтылады. «Ана тілі» пәнін оқу барысында кездесетін оқушыларға түсініксіз сөздерді 5 түрге бөледі:
1. Затты, сынды, я амалды білдіретін кейбір сөздерді мүлде білмейді. Мысалы: маусым, сонар, бетегелі, маужырау.
2. Оқылатын текстіде кездесетін кейбір затты, сынды, я амалды көрсететін сөздерді оқушылар біледі, бірақ, сол затты, сынды, амалды әдеби тілімізде қолданатын, жалпыға ортақ атаумен атауды білмейді, тек төңірегіндегілер білетін атымен немесе жергілікті атымен атайды. Мәселен, текстіде шалбар, дуал, алжапқыш, ықтық деген сөздер бар, бірақ оқушы сымбелдемше, аптаап деген аттарын ғана біледі, өйткені оларды төңірегінделер солай атайды.
3. Оқушы кездескен сөздің негізгі мағынасын біледі, бірақ сол сөзге жұрнақ жалғанғанда немесе сөз тізбегінде айтылғанда, мағынасында қандай өзгешілік болатынын айыра алмайды: құладым - құлап кете жаздадым, көл - көлшік, жылы - жылылау, ат - атақ, оқылды - оқылған, оқимын - оқып отырмын деген сөздердің арасындағы айырманы дәлдеп білмейді.
4. Кездескен сөздердің тура мағынасын (бірме-бір мағынасын) біледі, бірақ сол сөздің бұрама мағынасын білмейді. Мысалы, құс ұшты - Сәрсен үкідей ұшты, қолымды сермедім - қолымды кеш сермедім.
5. Текстіде кездескен кейбір сөздердің екйбір мағыналарын білмеуі мүмкін. Мысалы, көз тоймаушылық, күншілдік, әуестік, құмарлық, ұрыншақ, сосаны, т. б.
Оқушылардың тілін ұстарту әдістемесініңнегізін салып, оны өз алдына ғылым ретінде қалыптастыру қажеттігін анықтап берген - орыстың ұлы педагогі К. Д. Ушинский.
К. Д. Ушинский ең алдымен бастауыш мектеп оқушыларының тілін дамытумен байланысты жаттығу жұмыстарының жүйесін құрды. Ол жаттығулардың сатылары мынадай:
1. бақыланған заттарды атау;
2. іс мақалаларын мазмұндау;
3. заттарды салыстыру;
4. сипаттау;
5. болған оқиға жөнінде әңгіме құру.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz