Ринолалияға шалдыққан баланың сөйлеу тілінің ерекшеліктері


КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Психологиялық-педагогикалық зерттеулерде қалыптасқандай балаланың психикалық дамуының толықтығы ең маңызды мәселелерінің бірі - баланың сөйлеу тілінің жағдайы.
Бәрімізге белгілі болғандай қалыпты сөйлеу тілінің даму кезеңі баланың мектептегі келешкте оқушының сөздік қорының және тілдің грамматикалық формалары сауаттылықты меңгеруде дайындығының міндетті түрде қажет екені белгілі.
Балалардың ана тілінің дыбыстарын дыбыстау деңгейі, ринолалияны логопедиялық коррекциялау біздің зерттеу жұмысымыздың негізгі мәселесі болып табылады.
Тіл кемістігі көбінесе мектеп жасына дейінгі балаларда кездеседі. Тексерудің көрсеткіші бойынша тіл кемістіктерінің едәуір проценті мектеп жасына дейінгі балаларда кездесетіні анықталды. Егер осы кемістіктерді дәл уақытында жоймаса, олар барған сайын ұлғайып, нығаяды да, баланың дұрыс сөйлеуіне кесірін тигізеді. Логопедияда тіл кемістіктерін зерттеп жою үшін әртүрлі тәсілдер қолданылады. Оларды бірнеше топқа шартты түрде бөлуге болады. Жәрдемдесе отырып, сөйлеу тілін тексеріп, оның кемістігін анықтауды бірінші топқа жатқызады. Бұл топқа бақылау, әңгімелесу, тәжірибе жасау сияқты тәсілдердің нақтылы түрлерін енгізуге болады.
Бұл тақырыпты жеткілікті дәрежеде өзекті деп айта аламыз, өйткені ринолалиясы бар балалардың жүйелі сөйлеуін дамыту, оларды мектепке дайындау логопедияда қарастырылатын маңызды мәселе.
Көрсетілген міндеттерден логопедияның теориялық және практикалық бағыттылығы анықталады. Сонымен сөйлеу тілінің дамуы мен бұзылуын түзету және сақтандыру логопедиялық ықпал жасау барысының негізгі бағыты болып есептеледі. Логопедияның мағынасы тілдің әлеуметтік маңызымен байланысты. Өзімізге белгілі біздің тіліміз екі міндетті атқарады. Біріншісі адам мен адамды өзара қатыстыру, байланыстыру құралы ретінде қолданылса, екіншісі айтайын деген ойларын бір-біріне жеткізіп түсінісу үшін қолданылады. Онсыз адамдар ұйымдасқан түрде бірігіп тіршіліқ жасай алмас еді, табиғаттың күшіне қарсы күресе алмас еді, өзара түсінсіп, дегеніне жете алмас еді. Сондықтан да біздің тіліміз адам қоғамының өсіп-өнуі үшін ең маңызды құрал [2, 16] .
Тілдің сөйлегенде бұзылып, дыбыстың дұрыс қолданылмауы адамның әлеуметтік белсенділігіне, жеке басының қызметіне, сонымен бірге психикалық дамуына әсерін тигізуі мүмкін. Мысалы: кейбір дыбыстардың үндестік нақышымен дұрыс айтылмауы адамның өзіне оғаш сезіліп, ол ыңғайсызданады, содан өз сөзіне немқұрайлы, салғырт қараған соң, сөзінің сұлулығы жойылады да, кісімен мәнерлеп сөйлесуіне кедергісін тигізеді. Күрделі тіл кемістіктері мектепте баланың оқу үлгерімінің төмендеуіне себебін тигізсе, өскенде мамандық таңдауына да әсер етіп, қиындық туғызады.
Біздің тіліміз ойлаумен тығыз байланысты. Баланың тілін дамытумен бірге біз оның ойын да дамытамыз. Тіл ойдың құралы деп аталады. Біз сөздің жәрдемімен ғана ойлай аламыз. Адамның ойлауы тек тіл арқылы ғана туып және де сол арқылы айтылады. Олай болса, баланың таза, дұрыс сөйлеуінің оның ойының дамуы үшін де үлкен маңызы бар. Сөз қорының таяздығы, тілдің толық жетілмеуі ақыл-ойдың дамуын кешеуілдететін нышаны болады.
Таза әдеби тілде сөйлеуге үйрету жұмысы мектеп жасына дейінгі балаға берілетін эстетикалық тәрбиенің ең маңызды саласы.
Баланың тамаша сезімінің дамуын тек қана дыбыс үндестігін дұрыс айтуды пайдалана білуімен шектестіріп қоймай, ол өзінің тілін, оның әрі бейнелі түрде мәнерлеп оқуға немесе мәнерлеп сөйлеуге үйретіп, тырысуында.
Ринолалияны коррекциялау жұмыстарын ұйымдастыру, түзетудің мазмұнына қойылатын талаптар туралы зерттеулердің жеткіліксіздігі біздің зерттеу жұмысымыздың көкейтестілігін көрсетеді. Сондықтан бұл мәселе тереңірек зерттеуді қажет ететін, өзекті мәселе екенін дәлелдейтін жағдай. Осы қарама-қайшылықты негізге ала отырып ринолалиясы бар мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту, коррекциялық жұмыстарды жақсарту мақсатында, оның ғылыми-теориялық негізде бір жүйеге келтіру және зерттеу мазмұнын айқындайтын «Ринолалиясы бар балалардың сөйлеу бұзылыстарын анықтау және түзету» атты зерттеу тақырыбын таңдап алуымызға негіз болды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
- «Ринолалиясы бар балалар» ұғымының мәні зерттеудің теориялық базасы ретінде ашылды;
- балалармен түзету жұмыстарының негізгі бағыттары, балалардағы психикалық процестерді түзетудегі түрлі жаттығулар қызметінің ролі айқындалды;
Диплом жұмысының практикалық маңызы : зерттеу мазмұны, қорытындылары және әдістемелік ұсыныстарды ринолалиясы бар балалар тәрбиеленетін мекемелердің оқу-тәрбие үдерісінде қолдануға болады.
Шешілетін ғылыми мәселенің қазіргі жағдайының бағасы - қазіргі кезеңге дейін балалардың ринолалиясын топтастыру (классификация) мәселесіне әр түрлі көзқарастар бар. Ринолалия туралы қазақ тілінде әдебиет, әсіресе логопедтерге көмекші болатын оқу-әдістемелік материалдар өте тапшы.
Диплом жұмысының мақсаты : ринолалиясы бар балалармен коррекциялық жұмыстар жүргізу арқылы олардың ойлау қабілетін оңалту, қалыптастыру.
Зерттеудің міндеттері:
- тақырып бойынша ғылыми еңбектерді талдау;
- ринолалиясы бар балалардың сөйлеу ерекшеліктерін анықтайтын әдістемелерді іріктеп алу;
- кешенді психологиялық-педагогикалық зерттеу жүргізу, нәтижелерін талдау;
- танымдық әрекеттерін дамыту жұмыстарын жүргізу;
- жиналған материалдарды жүйеге келтіру, дипломдық жұмыстың мәтінін жазу.
Зерттеу нысаны : ринолалиясы бар балалардың сөйлеу тілінің дамуын қалыптастыру үдерісі.
1 РИНОЛАЛИЯНЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Ринолалия және оның түрлері . Ринолалияны зерттеу тарихы
Ринолалия (грекше «rhinos» - мұрын, «lalia» - сөйлеу) - бұл сөйлеу аппаратының шеткі бөлімінің анатомиялық-физиологиялық кемістіктерінің салдарынан дауыс тембрінің және дыбыс айтылуының бұзылуы. Дыбыстың бұзылуы мен дауыс әуенінің бұзылуы қатарласып сай келуі ринолалиядан дислалия мен ринофонияны ажыратуға мүмкіндік береді. Ринолалияда артикуляция, дыбыс шығару /фонация/, дауыс пайда болу механизмдерінің мөлшерден ауытқуы байқалады. Оның себебі ауыз жұтқыншақ пен мұрын резонаторының қатынастарының бұзылуы [5] .
Адамның фонациясы қалыпты жағдайда барлық дыбыстарды айтқан кезде мұрын - жұтқыншақ пен мұрын қуысы, жұтқыншақ және ауыз қуыстарынан ажырайды. Бұл қуыстар жұмсақ таңдай, жұтқыншақтың жанындағы және артқы бойының бұлшық еттерінің жиырылуының әсерінен таңдай мен жұтқыншақтың жабысуы арқылы бөлінеді. Дыбыстардың айтылуы кезінде жұмсақ таңдайдың қимылы мен жұтқыншақтың артқы жағының (Пассаван валигі) қалыңдауы пайда болады. Ол жұмсақ таңдай мен жұтқыншақтың бір - бірімен қабысуына мүмкіндік туғызады. Сөйлеп тұрған уақытта дыбыстың айтылуы мен сөздің шапшаңдылығына қарай жұмсақ таңдай үздіксіз бірде төмен түсіп, бірде әр түрлі биіктікке жоғары көтеріліп тұрады. Таңдай мен жұтқыншақтың мықтап қабысуы айтылған дыбысқа байланысты және ол дауыссыз дыбыстарға қарағанда дауыстыларда аз қабысады. Егер жұмсақ таңдайдың артқы жағының шеті мен жұтқыншақтың артқы қабырғасының арасындағы 6 мм-ге жуық кеңістік қалатын болса, онда дауысты дыбыстарды мұрыннан естілетін үн пайда болады. Таңдай мен жұтқыншақтың ең нашар қабысуы дауыссыз «в» дыбысында, ал ең мықты қабысуы «с» дыбысын айтқан кезде болады. Бұл қабысуы дауысты «а» дыбысын айтқандағыға қарағанда алты-жеті мәрте күштірек десе болады. «М», «н», «ң» мұрын дыбыстарын айтқанда ауа ағыны мұрын резонатарының кеңістігіне емін еркін кіріп кетеді [6] .
Ринолалияны зерттеу тарихы ұзақ және азапты жолды басынан кешірді. Оны зерттеуіне дәрігерлер, психологтар, дефектологтар қатысқан.
Ринолалия бойынша алғашқы жұмыстарды дәрігерлер жазған болатын. Олардың күш-жігерлері қайта қалыптасқан таңдай пердесі (жұмсақ таңдай) жеткілікті ұзын және қозғалмалы болуы үшін және ауыз қуысын мұрын қуысынан даралай отырып, жұтқыншақтың артқы қабырғасымен үйлесетіндей етіп, таңдай жиынтығын толық жедел қайта қалпына келтіруге бағытталды. Осы нәтижеге қол жеткізу қаңқа мен мұрын арасындағы өткелді еркімен тұйықталу мүмкіндігін қамтамасыз ететіні және сөйлеудегі мұрындық ренкін жою үшін немесе оны толығымен алып тастау үшін алғышарттар дамытылады деп есептелген болатын. Н. И. Пирогов (1844), Н. В. Воронцовский (1875), П. Субботин (1894), М. И. Пайкин (1936) өздерінің жұмыстарында таңдайдың көлемдері қандай деңгейде жедел шараларының әсерінен түрін өзгертуге қабілетті; таңдай көлемдерінің қандай көрсеткіштері мыңқылдау кезінде анағұрлым сәттілікті логотерапияға қолайлы болатыны туралы мәселені талқылаған еді [7] .
Н. И. Пироговтың оқушысы Н. В. Воронцовский 1870 жылы периосталды уранопластика қалыпты сөйлеуді қалпына келтірудің жолында ең тамаша қадам жасағаны туралы хабарлаған болатын. Оның ойынша, уранопластикадан кейінгі мыңқылдаудың сақталу себебі - жұмсақ таңдайдың екінші қайтара қысқаруы, оның қозғалымдылығының жеткіліксіздігі мен жалпақтығы бойынша кернеу болып табылады. Ауыз қуысындағы анатомиялық ақауды түзетудегі хирургтардың қол жеткізген сәттіліктеріне қарамастан, олардың ешқайсысы тек жедел араласудың көмегімен ғана сөйлеудің фонетикалық жағын өндеуінде жағымды нәтижелеріне қол жеткізе алмады. Уранопластика өздігінен-өзі ринолалиямен зақымдалған балалардың сөйлеуінде назалды дыбыстауды жоймайтындығы жалпыға мәлім болып айналуда.
А. А. Лимбергтің айтуына сәйкес, сүзілмелі ақауды емдеу және ақауды жеңу ісінде хирург оның үлесіне түсетін рөлді нақты түсінуі керек. Хирургиялық емдеудің міндеті - қызметтерінің қалыпты даму мүмкіндігін бұзбай деформацияланған мүшелердің формасы мен көлемін мүмкін болғанша толығымен қалпына қайта келтіру болып табылады. Мүшенің бұрмаланған және жеткіліксіз қызметін түзетуі (сөйлеу қызметтерінің ерекшеліктері) өздігінен-өзі сирек және кездейсоқ қана беріледі [8] .
Ринолалияны зерттеу мен логотерапияның дамуын жетілдіруге шетел мамандары үлкен үлес қосты.
Мысалы, Лемонье, Б. Лангбек, Макуэн, Кез және басқалары (ХХ ғ. ) таңдайдың жарылуын хирургиялық емдеуді жетілдірді және сөйлеуі анық болу үшін жасөспірімдер мен үлкендерге хирургиялық араласуға қарағанда, оқыту көбірек беретінін үнемі атап айтқан.
Ақау мәнділігін медициналық және педагогикалық зерттеу және оны жеңу мүмкіндіктерін қарастыру барысында ашық мыңқылдаудағы сөйлеудің бұзылуларын жоюдың педагогикалық әдістерінде екі бағыт өңделді. Олардың біреуі - неміс, - Германияда және бірқатар өзге де мемлекеттерде қабылданған (Г. Гуцман, 1924; Г. Арнольд, 1959; М. М. Ванкевич, 1926; В. А. Каретникова, 1927; М. Е. Хватцев, 1931, 1959) [9] . Ол күшті қоздырғыштармен туындатылатын, қозудың бастапқы иррадиация қағидасынан шығады. Оның арқасында қалыпты сөз-қозғалыс мүшелерінің кешенді қызметіне ақаулық мүшелер (жұмсақ таңдай және басқалары) тартылады. Қолданылатын жаттығулар бөлшектеп кернеулі, күштік сипатта болады. Неміс мектебінде логотерапевттік шараларды электр- және вибромассажды пайдаланумен бірге үйлестіру көзделген болатын, содан кейін, артикуляциялық және тыныс алу тренингі бойынша сабақтар енгізілген еді. Екінші бағыт, шартты түрде француздық деп аталынатын, дұрыс тыныс алу мен дауысты қоюға негізделеді. (С. Борель-Мезони, 1929; В. Ведю, 1929) . Бұл бағыт физиологиялық табиғи, сөйлеу қозғалыстарының кернеуленбеген ажыратып тыныс алуға негізделеді [10] . Қос бағыттардың өкілдері таңдай-жұтқын қақпағының еркін жабылуына қол жеткізу қажеттілігінен шығатын. Мұндай жабылу таңдай пердесінің қозғалымдылығын, Пассаван валигінің таңдай пердесімен (жұмсақ таңдаймен) қабыстыруын қамтамасыз ету кезінде мүмкін.
Неміс бағытының анағұрлым жарқын бейнелеушісі - проф. Г. Гуцман болып табылады. Онымен өңделінген әдісте таңдай-жұтқын пердесін жақсартуға арналған жаттығулардың нақты жүйесі ұсынылады. Ол сөйлеу жаттығуларын обтураторды немесе мұрын қысқышын пайдаланумен жүргізуді ұсынады [11] .
Таңдай пердесінің Пассаван валигімен түйісуі және осының салдарынан таңдай-жұтқын қақпағының жақсаруы обтураторды салуда немесе мұрын шеттерін (қанаттарын) қысу кезінде қол жеткізіледі, өйткені осы уақытта, ауызда күшті қысым пайда болады. Бұл таңдай пердесінің жоғарыға қарай көтерілуіне әрекеттеседі. Сөйлеу жаттығуларының негізінде - жоғарылатылған дыбыстағы дауысты пайдалану болып табылады.
Фрешельс сөйлеу ақауын жоюдың серпіліс түріндегі әдісін ұсынды. Жұмыс істеудің осындай әдісі кезінде бір уақытта, қажырлы фонациямен немесе қысқа дыбыстық үйлесімдерді айту кезінде кеуде деңгейіне дейін көтерілген, қатты қысылған жұдырықтардың қозғалуының қарқынды серпіліс түріндегі бағыттары жасалынады [12] . Осы кезде дамытылатын энергия осы кезеңде жұмыс істейтін барлық бұлшықеттерге таралады да оларды қосымша жұмыс істетеуге мәжбүр еткізеді. Бұл таңдай қақпасының дамуына және нығаюына алып келеді.
Хватцев М. Е. әдістемесі. Жеке тәжірибе негіздемесіндегі неміс мектебінің қағидалары М. Е. Хватцевпен модификацияланған болатын [13] .
Ол ұсынған әдістеме, отандық, сондай-ақ, шетелдік көптеген мамандардың тәжірибесін жалпылай отырып, тіпті ең қиын жағдайларда оңды нәтижелерге қол жеткізеді, бірақ, логопедтен жоғары шеберлікті және сөйлеу аппаратының анатомиясы мен физиологиясын жетік білуін, ал науқастардан - күш салуды және ынталануды талап етеді. Ол науқастың сөйлеу аппаратын дамыту үшін жаттығулардың күрделі кешенін, жұмыстардың көптеген механикалық әдістемелерін ұсынады. Осы әдістеменің қиындығы мен жеткіліксіз тиімділігі автордың өзімен бірнеше рет айтылған болатын.
«3-4 ай бойы өтілген курс ерекше қиын жағдайларда әлі толығымен таза (мыңқылдамау) және анық ұғымды сөйлеуге қол жеткізбейді: алғашқы кездерде, дыбыстық үйлесім бойынша жасалған жұмыс пен сөйлеудегі жеке дыбыстарды нығайтуға қарамастан, тірі сөйлеудің қайта игерілген дыбыстары бірін-бірі тежейді және бұрмалайды, жиі мүлдем түсіп қалады және ескі бекітілімдермен ауыстырылады және т. б. ». Француз бағыты кейбір модификациямен кеңес авторларының (Ф. А. Рау, Е. Ф. Рау, З. Г. Нелюбова, Т. Н. Воронцова, А. Г. Ипполитова) жұмыстарының бірқатарында дамыды [14] .
Осы жұмыстарда операцияға дейінгі, сондай-ақ, операциядан кейінгі ринолалия кезіндегі логопедиялық жәрдемнің қажеттілігі көрсетілген болатын. Дегенмен, көптеген жағдайларда, назар операциядан кейінгі жұмысқа берілетін және операцияға дейінгі сабақтардың мүмкіндіктері туралы тек байқап қана айтылатын.
1931 жылы Ф. А. Раудың «Дооперационные логотерапевтические упражнения при врожденных небных щелях», («Туа біткен таңдай қуыстары кезіндегі операцияға дейінгі логотерапевттік жаттығулар») тақырыбындағы рефераты жарияланған еді [15] .
Осы жұмыста операцияға дейінгі кезеңдегі дұрыс сөйлеуді тәрбиелеуге бағытталған сабақтарды дыбыстарды қоюдың жалпы қабылданған әдістемесі бойынша жүргізу ұсынылған болатын. Ф. А. Рау дұрыс артикуляцияларды операцияға дейін тәрбиелеу қиынырақ, ал дұрыс емес тәрбиеленген қозғалыстар операциядан кейінгі логопедиялық жұмысты шиеленістіру мүмкіндігі туралы ойын айтқан. Осыған байланысты, ол операцияға дейінгі сабақтар кезіндегі сөйлеуді қалыптастыруға өте мұқият болу керек дейді.
1933 жылы жарыққа Е. Ф. Раудың «Практическое руководство по исправлению речи при открытой гнусавости» («Мыңқылдаудың ашық түрлеріндегі сөйлеуді түзету бойынша тәжірибелік нұсқаулығы») шықты. Ол жерде он бір сабақтардағы жұмыстың әдістемесі беріледі. Мұнда мұрынның қысылған жақтары кезіндегі дыбыстарды дұрыс айтуды тәрбиелеу қағидасын пайдалану мен логопедиялық сабақтардың қысқа тізбекті әдістемесін беруге тырысып көрді [16] .
1938 жылы З. Г. Нелюбованың қысқа әдістемелік жазбашасымен «Книга по исправлению недостатков произношения», («Сөйлеудің кемшіліктерін түзету бойынша кітабы») басылып шығарылған еді. Бұл кітапта науқастармен жұмыстардың сегіз бөлімдері келтірілген және туа біткен жарықтары бар балалардың сөйлеу тілін тәрбиелеудің тәсілдері айтылған [17] . Алдағы жұмыстармен салыстырғанда, З. Г. Нелюбова көптеген жаңа тәсілдерді енгізді: таңдай пердесінің массажы, таңдай пердесіне арналған арнайы жаттығулар (есінеу, басты шалқайтқан кезде бірнеше су тамшыларын жұту, тіл шығарылған кезіндегі жөтелу) . Автор дауыс - дем шығару ағымының қалыптасуына және диафрагмалды тыныс алудың қалыптасуына көп назар аударды. Сондай-ақ, өте қатты дауысты, дыбыстық сөйлеуді айту кезіндегі қатты шабуылды кең пайдалану көзделді.
Бұл жерде алғашқы рет ринолалиясы бар адамда өзінің сөйлеуіне есту зейінін дамыту қажеттілігі айтылып бет бұлшықеттерінің тик түріндегі және хореикалық қозғалыстардың туындауын болдырмау мүмкіндіктері көрсетілді. Осылайша, З. Г. Нелюбова ринолалия кезіндегі сөйлеу жаттығуларының жүйесін ұсынды. Ринолалия кезіндегі логопедиялық жұмыстың қиындықтары ақауға әсер етудің жаңа жолдарын іздеуге мәжбүрледі. 1952-1955ж. ж. А. Г. Ипполитова т. б. ғалымдар «Логопедические приемы работы при открытой гнусавости и псевдобульбарном параличе» («Ашық мыңқылдау мен псевдобульбарлы паралич кезіндегі логопедиялық жұмыстың тәсілдері») (1952) және «Приемы логопедической работы при открытой гнусавости» («Ашық мыңқылдау кезіндегі логопедиялық жұмыстың тәсілдері») (1955) мақалаларында осындай науқастармен жұмыс істеудің тәжірибесін жалпылаған еді [18] .
Т. Н. Воронцованың жұмыстарында (1966) ересек науқастардағы уранопластикадан кейінгі логопедиялық әсер етудің дифференциациясы жүргізілген болатын. Жұмсақ таңдайдың ұзындығына, қозғалымдылығына және жұтқыншақ бұлшықеттердің дамуына байланысты Т. Н. Воронцова науқастарды 3 топқа бөліп, олармен жұмыс істеудің ерекшелігін көрсеткен болатын. Сонымен қатар, логотерапия мен физиотерапияны пайдаланудың кезектілігі мен үйлесуі көрсетілді, әсер ету кезеңдері мен олардың мазмұндары анықталды [19] .
Ақауды игерудің анағұрлым тиімді жолдарын іздей отырып, логопед-мамандар дәрігерлермен бірлесе отырып, ақауды талдаудың жаңа әдістерін пайдаланған болатын. Мысалы, логопед Н. И. Сереброва дәрігер Л. В. Дмитриевпен бірлесе отырып (1969), ринолалиясы бар балалармен түзету жолдарының динамикасын көруге және бір логопедиялық тәсілдермен сөйлеудің қызметтерін толық қалпына келтіру мүмкіндігін болжауға мүмкіндік беретін рентгенография әдісін қолданған еді [20] .
Осы әдісті пайдалану, логопедиялық жұмыстың тиімділігі бірқатар факторларға: жұмсақ таңдайдың және жұтқыншақтың артқы қабырғасының қозғалымдылығына, жұтқыншақтың артқы қабырғасы мен жұмсақ таңдай арасындағы қашықтыққа, жұтқыншақтың орта бөлігінің еніне тәуелді екендігін көрсетті.
Берілген сөйлеудің бұзылуы кезінде логопедиялық жұмыстың нұсқаулықтарының біреуі ұсынылды: логопедиялық сабақтарда науқастар сөйлеу кезінде дем шығарудың негізгі тәртіптерін үйренді. Ол таңдай пердесінің кернеуі кезінде, тілдің түбірі түсірілген, төменгі жақтың мүмкін болғанша көп түсірілуі кезінде жасалынуы керек. Дұрыс сөйлеу кезіндегі тыныс алуын өңдеумен бірге, әдістеме дауысты түзетуді және дыбыстарды артикуляциялауды қарастырды.
Н. И. Сереброваның байқаулары, дауыстың қалыпты дыбыстануы үшін жұмсақ таңдайдың жұтқыншақтың артқы қабырғасымен толық түйісуі міндетті еместігі туралы болжамдарын растады. Егер жұмсақ таңдай мен жұтқыншақтың артқы қабырғасы арасындағы қашықтық жұмсақ таңдай мен тіл арқасы арасындағы қашықтыққа қарағанда аз болса, онда оқыту үрдісінде сөйлеуді мұрын ерекшеліктерінсіз алуға болады.
Осындай жағдайда, ринолалия кезіндегі сөйлеу ақауларын түзету тәжірибесінде рентгенография әдісін қолдану түзету жұмысы басталуына дейін сөйлеуді түзету нәтижелерін алдын-ала болжауға және жұмыстың жоспарын белгілеуге қол жеткізді. Сабақтардың үрдісінде жұмсақ таңдайдың, жұтқыншақтың артқы қабырғасының қозғалымдылығы жақсаруы және олардың арасындағы қашықтық маңызсыз дәрежеде қысқаруы ескерілген. Ересектерге арналған С. Л. Таптапованың әдістемесінде үндемеу режимін, дауысты дыбыстарды іштен айтуы ұсынылады. Ондай шаралар бет -ауыздың тыжырайтушылығын және мұрыннан сөйлеуін азайтуға дайындайды. Сонымен қатар автор вокалдық жаттығулар жасауды ұсынады [21] .
В. И. Ермакова (1980) дыбыс айту және дауысты түзетудің денгейлік әдістемесін құрастырады. Автор туа біткен жарықшақтары бар балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты дауыс шығарудың функциональді ауытқулары болатынын, соған байланысты ортофониялық жаттығуларды өңдейді, жетілдіреді. Операциядан кейінгі кезеңге ерекше назар аударады және жұмсақ таңдайдың қимыл-қозғалысын дамытуға бағытталған тәсілдерді ұсынады [22] .
Таңдай мен жұтқыншақтың қабысу қызметтері бұзылуының ерекшеліктеріне байланысты ринолалия әр түрлі болады: ашық, жабық (бітеу), аралас. Ал этиологиясына байланысты органикалық және функционалды деп бөлінеді.
Ринолалияның барлық түрлерінің негізі - сөйлеу аппаратының шеткі бөлімінің тұтастығының бұзылуы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz