Құндылық түсінігінің тарихи дамуы


Реферат тақырыбы : Құндылықтар табиғаты мен олардың әлеуметтік-гуманитарлық маңызы
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Құндылық түсінігінің тарихи дамуы.
2. Г. Риккерт және М. Вебер пікірлері. Ғылыми танымға қатысты аксиологияның қоланылуы.
3. Кеңестік философиясындағы ғылым мен мәдениет мәселесі.
Қортынды
Әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Құндылықтардың табиғаты және олардың қоғамдық өмірдегі рөлі туралы мәселе көптеген осыған дейінгі қарастырылған адам мен қоғам, мәдениет пен өркениет, табиғат пен қоғам арасындағы қарым - қатынастар және басқа проблемалармен тікелей байланысты.
«Құндылық» философиялық және социологиялық әдебиетте белгілі бір болмыс құбылыстарының адами, әлеуметтік және мәдени мағынасын көрсету үшін кең түрде қолданылатын термин. Тиісті құбылыстарды бағалау әрекетін (процедурасын) іске асырудың тәсілдері мен белгілері (критерийлері) қоғамдық сана мен мәдениетке адамның қызметінің нысаналарын көрсететін «субъектілік құндылықтар» (нұсқаулар және бағалар, бұйрықтар(императивтер) және тиым салулар, мақсаттар және жобалар) ретінде байқалады. Сөйтіп, «заттық» және «субъектілік» құндылықтар, қалай болғанда да, адамның дүниемен құндылық тұрғысынан қарым - қатынасының екі жағы (полюсі) сияқтанып көрінеді. Адам әрекетінің құбылысындағы құндылықтар аспектілері жеке тұлғаны сияқтанып көрінеді. Адам әрекетінің құбылысындағы құндылықтар аспектілері жеке тұлғаның танымдық және жігер сапаларымен тікелей байланысты; құндылық категорияларының өздерінде білім нысаналарының, түрліше қоғамдық топтардың және жеке тұлғалардың мүдделері мен танып - ұнату шекаралары байқалып тұрады. Диалектикалық материализм өмірдің құндылығын, адам мұраттары мен нормаларының тарихилығын және қоғамдық - практикалық мәнен, оларды тануға болатындығын атап көрсетеді. Адамзаттың бай прогессивті мұраларын, құндылықтарын игерген жеке тұлғалардың мүдделері мен нормаларының тарихилығын және қоғамдық - практикалық мәнін, оларды тануға болатындығын атап көрсетеді. Адамзаттың бай прогрессивті мұраларын, құндылықтарын игерген жеке адам да, бірлестіктер де көздеген мақсаттарына табысты жетері сөзсіз. Құндылықтарға негізделген іс бағыты үнемі оңға баспақ.
Индивидтің (жеке адамның, кісінің) өмір тәжірибесімен баянды етілген құндылықтардың бағыттары жеке тұлғаның ішкі дүниесінің құрамды бөліктеріне (элементтеріне) айналып, оның әсерленушілігінің бүкіл жиынтығы болары хақ. Әрбір адам үшін олар мәнді мен мағыналыны, мәнсіз бен мағынасызды ажырата білуге көмектеседі. Құндылық нысаналарының негізгі мазмұны адамның саяси, философиялық (дүние танымдық), құқықтылық сенімдері, терең және түрақты құштарлықтарды, жұріс - тұрыс бет алысының құлықтық принциптері негізінде құралады. Сондықтан, кез - келген қоғамда жеке тұлғаның құндылықтық бағыттары субъектінің мақсаттылықпен әсер ету, тәрбиелеу объектісі болады. Құндылық құрылымдары қоғамның тарихи даму процесінде қалыптасып және қзгерістерге отырады. Бұл жай адам өмірінің тұрліше өрістеріндегі өзгерістерге байланысты, оның уақытты қарқыны (масштабы) әлеуметтік саяси және басқа өзгерістердің қарқынына сай келмейді. Мысалы, антика заманының эстетикалық құндылықтары өз мәнін оны туғызған өркениеттің (цивилизацияның) құлауынан кейін де жоғалттқан жоқ; бастауын антикалық және эллиндік мәдениеттерден алған европалық ағартушылықтың гуманистік және демократиялық мұраттарының ықпалының қаншалықты ұзақ уақытқа созылғаны да белгілі. философия оларды қарастыра отырып, әрдайым түрліше субьектілер үшін жалпы мәнге ие болғандарын ғана талқыға салады. Құндылық нысаналарының дамуы жеке түлғаның дамуының белгісі, ол оның әлеуметтік өлшемінің көрсеткіші. Бұл - индивидтің санасы мен сана сезімінің арасындағы байланыстың тууына ықпал ететін, сыртқы және ішкі дүниені қабылдаушы призмасы, өмірдің мәні туралы мәселені шешу үшін психологиялық негіз. Құндылықтық нысаналардың тұрақты және қайшылықсыз ьқосындысы жеке тұлғаның бойында мінездің бір қалыптылығы, сенімділік, белгілі бір принциптер мен мұраттарға (идеяларға ) берілгендік, сол мұраттармен құндылықтар үшін жігерлік күш жүмсауға қабілет, өмір позитцисының беленділігі, мақсатқа жетудегі қажырлылық сяқты сапаларды қалыптастыруға жағдай туғызады. Құндылық нысаналары бұқаралық көпшілік санаға себепті (дәлелді) ісер етеді. Осыған байланысты құндылықтарды еңбек, отбасы (семя), білім ғылым, искуства және басқа бақтарға бөлуге болады.
Бұндағы құндылық ретіндегі проблемасы айрықша қарастыруды қажет етеді. Объективті тұрде еңбектің әлеуметтік маңызы қоғам тарихында әр -дайым аса жоғары болды. Алайда, біздің заманымызға дейін өз жалғасын тауып, өмір сұріп келе жатқан «Еңбекті шеттету» деп аталған келеңсіз құбылыс субъект үшін еңбектін бағасын төмендетуде бұл жағдай кейде тіпті кейбір адамдарды еңбектен бас тартуға дейін апаруда. Өндірістік қатынастармен өндіріс күштері қоғамдық инвидтердің дамуының түрлі - түрлі жақтардың сипаттайтын болғандықтан әр бір қоғам адам өміріне, оның азаматтық және адамгершілік құндылықтарына, еркіндігіне және сонымен қатар, ұлттық мәдениеттің табыстарына баса назар аударуға тиіс. Бұл әлеуметтік құндылықтардың дамуы, жасыратыны жоқ, кейбір қоғамдағы саяси қатынастарға да байланысты.
1. Құндылық түсінігінің тарихи дамуы.
Құндылық нысаналары оқу орындарында білім алу барысында өзінен - өзі қалыптасады деп есептеуге болмайды. Құндылық бағыттарының қалыптасуы тиісті сана - сезімді тәрбиелеп, адамның эмоциялдық өрісін дамытқан кезде ғана іске аспақ.
Құндылықтар проблемасын зерттейтін ілім аксиология (ахіа - құндылық және logos - ілім, сөз) деп аталады. Ол - құндылықтар теориясы болып табылады.
Аксиология құндылықтар табиғаы, олардың реалдықтағы орны және құндылық әлемінің құрылысы, немесе түрліше құндықтардың өзара әлеуметтік және мәдени факторлармен, жеке тұлғаның құрылысымен байланысы туралы философиялық ілім. Ең кең мәнінде құндылықтар проблемасы мәдени дәстүрлер мен қоғамның идеологиялық негіздерінің құнсыздану дәуірінде шарасыз пайда болды. Философия ғылымының дербес саласы ретінде аксиология болмыс ұғымы реальдық және адам қалаулары мен ұмтылыстарының объектісі ретіндегі құндықтар болып екі элементке бөлінгенде пайда болады…
Антикалық жіне орта ғасырлық философияда құндылықтар (этико - эстетикалық жәнне діни) сипаттамалары реальдықтын, ақиқат болмыстың өз ұғымына кірістірілген еді.
Диалектикалық - материализм құндықтарды олардың қоғамдық - тарихи, экономикалық және әлеуметтік - саяси себептіліктерімен қоса қарастырылады. Құндылық объективті құбылыстарды, немесе олардың қасиеттерін және адамдар үшін, отбасы, үлт үшін баға жетпес құндылықтар. Бірден - бір объективті ең жоғарғы құндылық - адамзат тарихында әлі де болса жаппай мойындаушылық сипат алмаса да, бұл адам өмірінің өзі. Бірақ, адамзат тәжірибесі белгілі бір қоғамдық - тарихи параметрлерде шекті және абсолютті болып көзге түсетін құндылықтар құлықтылық белгілерін тудырады.
2. Г. Риккерт және М. Вебер пікірлері. Ғылыми танымға қатысты аксиологияның қоланылуы.
Әлемдегі кез - келген саланың өзіне белгілі бір құндылықтарын зерттеуден ақиқатта негізделуден басталады. Әр саланың, мысалы: әдебиет саласына әдемілік, әсемдік, бояу игерілсе, құқықтық салада әділеттілік, шынайылық, факт, дәлел көрініп тұруы тиіс.
Жалпы, құндылық дегеніміз ғылым салаларының ішіндегі ең маңызды гуманитарлық ортақ сала. Құндылық тақырыбын талдау үшін психологияда, дінде, әлеуметтану, құқықта, философияда, мәдениетте, эстетикада керек болады.
Екі мыңыншы жылдарға дейін құндылық тақырыбын тек философия ғылымы зерттеп, өз теорияларын ұсынып келген. XIX ғасырда құндылықтар жүйесі әлеуметтік - гуманитарлық ғылымдардың ортақ теориясына ауыса бастады.
Ең маңызды құндылық ұлт рухы тарихынан бастау алады. Ұлт тарихының ең негізгі белгілері әлеуметтік идеологиясы қалыптасқан терең зерттеуі өмірдің қағидаттарын сараптаумен байланысты.
Философиялық зерттеудің дербес саласына бөлгеннен кейін қалыптасқан құндылық табиғаты мен мәнін түсінудің бірнеше тәсілдері бар. Енді олардың кейбірін қарастырайық.
- Натуралистік психология (Алексюс фон Мейнонг, Ральф Бартон Перри, Джон Дьюи, Кларенс Ирвинг Льюис) құндылықтарды объективті факторлар ретінде қарастырады, олардың көзі адамның биологиялық және психологиялық қажеттіліктерінде. Бұл тәсіл адамның кез-келген қажеттілігін қанағаттандыратыну көмегімен кез-келген объектілер мен әрекеттерді құндылық ретінде жіктеуге мүмкіндік береді.
- Персоналистік онтологизм. Осы бағыттың ең көрнекті өкілі Маркс Шелер де құндылықтардың объективті табиғатын негіздеді. Алайда, Шелер тұжырымдамасы бойынша кез-келген объектілердің, құбылыстардың құндылығын олардың эмпирикалық табиғатымен сәйкестендіру мүмкін емес. Мысалы, түс өзіне тиесілі объектілерден тәуелсіз өмір сүре алатыны сияқты, құндылықтарды (әдемі, мейірімді, қайғылы) олар қасиеттері болып табылатын нәрселерден тәуелсіз қабылдауға болады.
- Аксиологиялық трансцендентализм (Вильгельм Виндельбанд, Генрих Риккерт) құндылықтарды объективті шындық ретінде емес, адамның қажеттіліктері мен тілектеріне тәуелді емес идеалды болмыс ретінде түсінеді. Бұл құндылықтарға өзін-өзі қамтамасыз ететін мәнге ие және идеалды нормалар түрінде өмір сүретін шындық, жақсылық, әділеттілік, сұлулық жатады. Сонымен, бұл ұғымдағы құндылық шындық емес, идеал болып табылады, оның тасымалдаушысы қандай да бір трансценденталды, яғни басқа дүниеден тыс сана болып табылады.
- Мәдени және тарихи релятивизм. Аксиологияның осы бағытының негізін қалаушы Вильгельм Дильтей болды, ол оны аксиологиялық плюрализм идеясына негіздеді. Аксиологиялық плюрализм бойынша Дильтей тарихи әдісті қолдана отырып ажыратылатын және талданатын тең құндылықтар жүйелерінің көптігін түсінді. Шын мәнінде, бұл тәсіл нақты мәдени-тарихи контексттен алынып тасталатын құндылықтардың абсолютті, тек дұрыс тұжырымдамасын жасауға талпыну дегенді білдірді.
- Құндылықтардың социологиялық тұжырымдамасы. Бұл тұжырымдаманың негізін қалаушы - әлеуметтануға құндылықтар ұғымын енгізіп, оны әлеуметтік іс-әрекет пен әлеуметтік білімді түсіндіруде қолданған Макс Вебер. Вебер бойынша «құндылық - бұл әлеуметтік субъект үшін белгілі бір маңызы бар норма».
3. Кеңестік философиясындағы ғылым мен мәдениет мәселесі.
Кеңестік философиясындағы ғылым мен мәдениет мәселесі.
Ғылымда ғылыми әдістердің қалыптасу мен қызмет етуінде аксиологтялық, яғни құндылықтық аспектілер анықталды. Тек әлеуметтік институттардың әсер етуі, капитал салымдарының саясаты, ғылымның мемлекет қолдауына сүйенуі ғана емес, сонымен қатар, ғалымдардың құндылықтық бағдарлануы да ғылыми танымды әлеуметтік-мәдени және тарихи тұрғыдыан түсіндіреді.
Ғылыми-танымдық қызметтің идеалдары, методологиялық және коммуникативті нормалардың, ережелердің, парадигмалар мен көру тәсілінің, дүниетанымдық және этикалық құндылықтардың жүйесі зерттеушінің ғыдыми қызметінің сипаты мен нәтижелеріне ықпал етеді.
«Құндылық» түсінігі мен оның мазмұны философиялық рефлексияның пәніне жақында ғана айналды. Көптеген зерттеушілер құндылықтық мәселенің мазмұндалуын Герман Лотценің (1817-1881) философиялық ілімінен бастаса, енді біреулері оны И. Кантпен байланыстырады.
Құндылықтар мәселесін антикалық немесе ортағасырлық дүниетаным шеңберінде талқылау өзінің мәні жөнінен дұрыс еме болып табылады. Әрине, құндылықсыз дәуірдің болуы мүмкін емес, қай заманда болмасын, адам белгілі бір түсініктерге сеніп, ұмтылуы қажет деген қарсы пікір айтылуы мүмкін. Ол да дұрыс, алайда бұл құндылықтың нақты мән-мақсатын ашпайды. Платон өзінің «Мемлекет» деп аталатын диалогында әділеттілікті ең жоғарғы ізгілік ретінде бағалайды. Платонның пікірінше, әділеттілік халықты ортақ игілікке жеткізуші рөлін атқарса да, оны ең жоғарғы құндылық деп санау қате болар. «Бағалы, құнды» сөзінің грек тіліндегі эквиваленті «axios» - «лайықты» деп аударылып, құндылықтар туры ғылымның атауына айналды - аксиология. Алайда ол кезеңде «лайықты» түсінігінің бағалаулық сипаты болған жоқ.
Өзінің мәні жөнінен, «құндылықтар адамныі әлеуметтік және табиғи шынайылылықтағы бағдарлануының нормативтә формасы қызметін атқарады». «Құндылық» түсінігі мен функционалды мақсатының осылайша анықталуына И. Канттың трансценденталды философиясы әсер етті. Кантка сәйкес, өнегелік сферасы ерікті заңнамамен бекітіледі. Бұл ұстанымдарды адамның өзі таңдайды және соған сәйкес өз еркін бағындырады. Олай болса, еріктің автономиясы құндылықтың негізі болып табылады. Құндылықтар болмыстың саласына жатпай, яғниғ өзімен өзі тіршілік етпей, талаптар мен бұйрықтар ретіндегі «міндетті» нәрселердің қатарына жатады. Тек идеямен ғана анықталатын біріңғай нәрселерді Кант «идеалдар» деп атады.
«Құндылық» түсінігінің мәнін зерттеуді Г. Лотце өзінің «теологиялық идеализм» ілімі шеңберінде қарастырды. Өзінің «микрокозм» атты фундаменталды шығармасында ол сананы «құндылықты-қабылдаушы» ретінде анықтады.
Лотценың кейбір идеялары оның шәкірті, неокантшылдықтың бадендік мектептің негізін салушы В. Виндельбандтың шығармашылығында көрініс тапты. Оның пікірінше, ғылыммен табылған кез келген білім өзінің құндылығын дәлелдеу үшін философиялық тексерістен өтуі керек.
Ғылыми білімге қатысты құндылықтар туралы ілім фундаменталды неміс философы Г. Риккертпен жасақталды. Құндылықтарды «жеке патшалық» ретінде сипаттай келе,
Марксизм, тұтас философиялық ілім ретінде капиталистік монополизм тұсында Маркс және Энгельстің шығармасынан келіп туындайды, яғни бұл кезең капиталистік қоғамның өріс алған шағы болатын. Алғашқыда Маркс Гегелдің диалектикалық ілімін жалғастыра отырып, неміс классикалық философиясындағы көптеген мәселелердің ара жігін ашып берген, әсіресе философияның қоғам өміріндегі алатын орнын анықтады. Бірақта ол жас гегельшілдердің бірі және оның идеясын қолдаушысы ретінде көрініс тапқан философиялық көзқарасы кейін келе, өзінің идеясын ұсынуға тура келді. Парижге (1843ж. ) келгеннен кейінгі оның коммунистік қозғалысқа қатысуы кездейсоқ емес, соның айғағы болатын. Маркс осы кезенде пролетариаттардың ерекше таптарын көрді, және әлемдегі өмір сүріп отырған сүре жолды өзгертуге деген идеясы осымен байланыста болды. Саяси-эконмиканы талдай отырып Маркс шындығында немістің классикалық философиялық дәстүрін өзі дүниеге алып келген социалистік және коммунистік утопиялық теориясымен біріктіріп жіберді. Ең бастысы, Маркстің фундаменталдық философиялық идеясы мынаған келіп саяды, яғни барлық рухани әлемдегі, мәдениеттегі және жан-жақты көрінуіндегі олардың қатынастары практикаға келіп тоғысады, содан өз жемісін береді. Соған сәйкес адамдар санасының барлық көріністері практикалық өмірінде мәнге ие болып, практика дамуының жалпы жолын жалғастыра түседі. Осылайша, материализмнің таралуы қоғамдық өмірді бейнелеуге арналды. Осы негізде ой қорыта отырып, адамзат тарихының өткені мен бүгінгісі және болашағының даму кезендерінің белестерін марксизмнің негізін қалаушылар қоғамдық-экономикалық бес формацияда бөліп көрсетті. Соның нәтижесінде қоғамның тарихи даму жолы алғашқы қауымдықтан бастап, араға құлиеленушілікті, феодальдықты және капиталистік формацияны тастай отырып, логикалық тұрғыда коммунистік қоғамға өтіп аяқталуы, кемелденуі тиіс болатын.
Егер тұтастай экономикалық теория Маркс қызметінің жемісі болса, философия шенберінде Энгельс - оның ауыз толтырып айтар қосшысы болды, яғни марксистік философияның негізгі бөлімдерінде оның тайға таңба басқандай ойлары жатты. Бұл негізінен табиғат философиясынан көрінеді. Олардың біріге отырып атқарған қызметтерінің нәтижесінде марксизм ойлау мен қоғам және табиғаттың даму зандылықтары туралы диалектикалық-материалистік ағымды бойларына сіңдіріп толықтай ілімнің сыйпатына ие болды.
Россияда бұл ілім Х1Х ғасырдың 80-жылдарында кең тарала бастады. Оның таралуына мұрындық болғандардың ең ірі өкілінің бірі, “Еңбекті босату” атты шетелдік маркстік топтың басшысы Г. В. Плеханов болды. 90 жылдардың ортасынан бастап марксизмнің ары қарай дамуына және оны қорғауға, сонымен қатар Россиядағы револяциялық қозғалысты басқаруға В. И. Ульянов (Ленин) ат салысты. Осы уақыттан бастап марксистік философияның дамуында жаңа лениндік кезен басталды.
В. И. Ленин өзінің алғашқы еңбектерінде халықтармен, ресми марксистермен және басқада саяси бағыттын өкілдерімен айтысқа түсіп, марксизмнің тазалығын сақтай отырып, жеке жалпы философиялық сұрақтарды қайта өндейді. Марксизмнің философиялық теориясына алғашқы қосқан манызды еңбектерінің бірі “Материализм және эмприокритицизм” деп аталады. Бұл еңбектегі назар аударылған мәселелер автордың материалистердің өкілі ретінде идеалистік философияның идеяларымен тартысқа түсуі. Осы тартыстан келіп туындаған пікірлердің бірі материалистік-диалектикалық-философтар мен табиғат зерттеушілерінің ішінара одақ құруының қажеттілігі туралы қорытындысы.
Табиғи тарихи процестің заңдылығы ретінде қоғамның дамитындығы туралы Маркс идеясын өкшелей отырып, Ленин мынадай тұжырымға келеді, яғни капитализм еңбекті қоғамдандыра отырып, пролетариаттық төнкерістің тарихи қажеттілігін жасап және социалистік қоғамның іргетасын қалайды. Орыстың жұмысшы таптарының тарихи мәнің анықтай отырып, Ленин дәл осы таптардың болашақтың айнасы екендігін, яғни патшаға қарсы шығып қана қоймай тұтастай буржуазия мен капитализмге қарсы бостандыққа және олардың халықаралық жұмысшылар қозғалысының алдынғы шебінен табылатындығын айтты. Ленин үшін мемлекет мәселесі ерекше нақты формада тұрды, нақтырақ айтқанда сұрақ пролетариаттың буржазиялық мемлекетке қатысы туралы және социалистік төнкерістен кейіңгі жалпы мемлекетке қатысы туралы өрбіді. Ленин классикалық марксизмнен келіп шығатын мемлекет идеясын, яғни “тұншыққан және езілген машина” ретінде қабылдап, таптық қоғам жағдайында тарихи қажеттілік керек екендігін аңғрды. Сондықтанда көпшілік езілгендер мен қаналушылар үшін буржуазиялық мелекет - жау, езілгендер мен қаналушылар біріге отырып оларды жоятындығы күмәнсіз. Өзінің соңғы еңбектерінде В. И. Ленин Россиядағы үлкен кедейшіліктің орын алуы ескі мемлекеттік аппараттың сақтала отырып жаңа жағдайға өтуінде жатыр, яғни жаңа басқару орындарында ескі бюрократтық сапа сол күйінде қалғандықтан деп, баға беріп отырды. Өзінің өлер шағында Ленин елді мемлекет қатарында қайта біліммен қамтамасыз ету, өнеркәсіптерді және ауыр шаруашылығын ғылыми-техникалық құралдармен жабдықтау немесе мәдени төнкерістер экономиканың көтерілуіне алып келеді деп санады.
Теориялық еңбектерінде, әсіресе қазан айынан кейін Лениннің алдында маркс философиясының болашақ дамуына көптеген принципиалды бағдар жасағандығы байқалады. Бірақта қоғамдық-саяси жағдай, елдегі Сталиннің жеке үстемдік ету саясаты марсизмнің ары қарай шығармашылық дамуына айтарлықтай кедергі жасады. Барлығы бірде -бірде өз өнің айналдырып, тұрпайылық денгейге келе бастады. Еркін шығармашықпен айналысу және философияға тән ой шерту мүмкіндіктері тарылып, марксизмнен ауытқуға тура келді. Осылайша 1922 жылы елден Н. А. Бердяев, П. Сорокин, Н. О. Лосский, С. Л. Франк, С. Н. Булгаков және т. б. философтардың тұтас бір тобы басқа елдерге қоңыс аударды. Лениннен қалған философия мен жаратылыстанудың одағы атты өсиеті теріске шығарылып, “бар халықтың көсемі” атты жалған ой үстемдік етті. Осыдан келіп философия мен гуманитарлық ғылымдардың көптеген салаларына шала сауатты адамдар келе бастады.
Сталиннің культке айналу уақытында, тоталитарлық жүйенің үстем етіп тұрған шағында философиядан ақиқаттын ауылы алшақтай бастады. Бір жағынан марксистік философияның мәні арта түсті. Ал екінші жағынан көптеген философиялық сұрақтар, әсіресе тірі философиялық идеялар формалданып, философия қайдағы жоқ абстрактылық схемаға айналды. Бір ғана ғылыми философияның негізінде қарапайым қолданбалы марксизм түсіндіріліп, нәтижесінде көптеген манызды философиялық мәселелер ойдан таса қалды.
Расында, КПСС-тің ХХ -съездінен кейін философия мәдениетінде бірсыпыра тіршілік нышаны біліне бастады, яғни философия тарихына, диалектика және диалектикалық логика мәселесіне, диалектиканың категорияларына, жаратылыстанудың философиялық мәселелеріне және т. б. біршама назар аударыла бастады. 60 жылдардың аяғы мен 80 жылдардың басында философия адам мен гуманизм мәселесіне назар аударып, яғни ядролық қарудың үрейінен туындаған соғыс пен бейбітшілік, қоршаған ортаны сақтау мен тимді пайдалану, қоныстану мен өніммен қамтамасыз ету және т. б. тақырыптағы мәселелерді көтере бастады. Сол кездегі бар манызды зерттеуге ие болған ғылыми танымның логикасы мен методологиясына бағытталған сұрақтар әлемдік неопозитивистік философияның негізінде қарастырылды. Осы бағытта Э. В. Ильенков, Б. М. Кедров, П. В. Копинин және т. б. философтар ат салысты. Бірақта бұл көзқарастар тоталитарлық жүйені түбірімен өзгертуге құдіреті жетпеді. Философия басқа қоғамдық ғылымдар тәрізді бұрынғысынша идеологияның құрсауынан босап шығалмай соған қызмет етті. Жаңа идеялардың пайда болуы марксизмнің жолын кесіп өтуіне үзілді кесілді тиым салып, одан төмен тұрды. Оған қарсылық көрсеткендердің болашағы өмірімен жауап беруіне тура келді. Бұл уақыттары “новаторлық” қабілеттер, яғни шер толқытқандар ақиқаттан алшақтаған болып саналды. Философияның атқаратын қызметі социализмнің шаш бауын көтеру болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz