«Құмар Сұлу» романы



Жоспар

I.Кіріспе бөлім
C.Торайғыровтың шығармашылығы

II.Негізгі бөлім
«Қамар сұлу» романына қысқаша талдау

III.Қорытынды
«Қамар сұлу» алғашқы реалистік роман
Сұлтанмахмұт Торайғыров
(1893-1920)

Сұлтанмахмұт Торайғыров – екі дәуір тоғысында,аса күрделі кезеңде тіршілік кешті.Ол Россия тарихының,Россияға біріккен қазақ халқы тарихының аса бір өрлеу кезеңінде – тарихи дамулар, күрес-көтерілістер,қиян-кескі соғыстар,дүрбелеңді революциялар дәуірінде жасады.
Сұлтанмахмұт 1893 жылы, 29 октябрь күні қазіргі Көкшетау облысының Қызылту ауданында туып, төрт-бес жасынан Павлодар облысының Баянауыл ауданында өседі. Ақынның арғы атасы – Торайғыр би, ел аузында аты аңызға айналған көптеген шешендік, билік, сөздері халық жадында сақталған адам.Ақынның өз әкесі, Әубәкір аты ұмытылып, Шоқпыт, Шоқа атанған момын кедей шаруа екен.
Болашақ от ауыз, орақ тілді ақын алты жасында әкесінен оқып, хат таниды.Қара таныған баланы осыдан кейін кейде Шоқпыт өзі оқытып, кейде ауыл арасындағы молдаға беріп оқытып, баласын оқудан үзбейді. Молдалардың ішінде Мұқан біраз оқыған, әдебиеттен хабардар, өзі де жадынан өлең шығаратын көңілінің желі бар жан екен. Ол араб,парсы ертегілерінен қазақша өлең етіп жазады;біреуді мақтап,біреуді мазақтап өлең шығарад ды. Дәріс беретін молдаға еліктеуші шәкірттің бірі – Сұлтанмахмұт. Ол Мұқан молдаға еліктеп он үш жасында өлең жаза бастайды.Тұңғыш жазған өлеңі – «Секілді өмір қысқа жарты тұтам» деп аталады. Тырнақалды өлеңінде Сұлтанмахмұт өзін оқытушы молдаларды,оқуы туралы,ақындыққа талпынып жүргені жайында сыр айтады.Сол кезде Баянауыл қаласында медресе ашылып,Сұлтанмахмұт 1908-1910жылдары сонда оқиды.
Өкініші – Сұлтанмахмұт бұл медреседе көп оқымайды.Бір қыс оқыған соң, «аузың асқа тигенде мұрның қанар» дегеннің кебі келіп, көз ауруына ұшырап, медреседен шығып қалады. «Жығылған үстіне жұдырық» дегендей осы кезде жөтел пайда болады, өкпесін дерт шалғаны байқалады.Ақынның теңіздей толқыған көңілі басылып, жадап-жүдейді.
1914 жылдың жазында Сұлтанмахмұт өзінің ауылы – Баянауылға кайтады. Ондағы мақсаты – ауылда біраз уақыт болып, қаржы жинап алып, үлкен қалалардың біріне тағы да оқуға кетпек болады.Осы оймен ол елде бала оқытады.ел жастарын оятпақ, оқуға, мәдениетке талпындырмақ әрекетіне кіріседі.
Сұлтанмахмұт әлеумет өміріне тереңдеу қазақ оқығандарымен араласады.Солар құрған қазақ комитетінің кіші хатшысы болып қызмет істейді, солардың газетіне өлең, мақала жазып тұрады. Бірақ, ол тап болған ортада ұлтшыл-алашордашыл оқығандар басым еді, олардың әсеріне ерді.
Сұлтанмахмұттың «Социолизм» деген мақаласында оқу, мәдениет, ғылым, техника жайлы, қазақ халқының ілгері дамуы, мәдениетті ел болуы туралы сөз етеді. Ақын дүниедегі ғылым-білімді екі жікке айырып ұғады: бірі – дене азығы,екіншісі – ар азығы; дене азығы –техника, ар азығы - әділдік деп ұғады.Өзгеге солай ұғындыруға тырысады. Қазір Европада дене азығы әбден жетілді, ар азығы әлі жетіле алмай отыр. Ар азығы жетілмегендіктен дене азығы,адамды бақытты етуге тиісті құралдар адамды қанауға, бақытсыз етуге жұмсалып отыр. Ал ар азығы ер жеткенде, дене азығы адамды бақытты етуге жұмсала ды, адам жеңіл күн көретін болады. Адамның ақыл-ойымен, күш қуатымен жасалған құралдар – дене азығы адам қоғамын гүлдендіруге, адамды бақытты етуге жұмсалады-дейді ақын. Яғни Сұлтанмахмұт ғылым, техниканы екі түрлі жолмен – капиталис тік және социолистік жолмен пайдалануға болатынын аңғарды. Алдыңғы жолды даттады, кейінгі жолды дәріптеді. Ақын арманы да соңғысы.
Алашорда ұкіметі Колчак өкіметімен ресми бірігіп, әскерін, қару-жарағын соған беріп, Совет өкіметіне қарсы соғыс бастаған кезде, яғни 1918 жылдың июнь айында Сұлтанмахмұт емделем деп еліне, Баянауылға кетті. Ол кезде Сібірде, Баянауыл жағында Колчак, Алашорда үкіметі үстемдік жүргізіп тұр еді. Ақын олардың қызметіне қатыспады. Емделді, үйінде жатып өлең,поэмалар жазды, елеусіз мұғалім болып қызмет атқарды.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Құмар Сұлу романы

Жоспар

I.Кіріспе бөлім
C.Торайғыровтың шығармашылығы
II.Негізгі бөлім
Қамар сұлу романына қысқаша талдау
III.Қорытынды
Қамар сұлу алғашқы реалистік роман

Сұлтанмахмұт Торайғыров
(1893-1920)

Сұлтанмахмұт Торайғыров – екі дәуір тоғысында,аса күрделі кезеңде тіршілік
кешті.Ол Россия тарихының,Россияға біріккен қазақ халқы тарихының аса бір
өрлеу кезеңінде – тарихи дамулар, күрес-көтерілістер,қиян-кескі
соғыстар,дүрбелеңді революциялар дәуірінде жасады.
Сұлтанмахмұт 1893 жылы, 29 октябрь күні қазіргі Көкшетау облысының Қызылту
ауданында туып, төрт-бес жасынан Павлодар облысының Баянауыл ауданында
өседі. Ақынның арғы атасы – Торайғыр би, ел аузында аты аңызға айналған
көптеген шешендік, билік, сөздері халық жадында сақталған адам.Ақынның өз
әкесі, Әубәкір аты ұмытылып, Шоқпыт, Шоқа атанған момын кедей шаруа екен.

Болашақ от ауыз, орақ тілді ақын алты жасында әкесінен оқып, хат
таниды.Қара таныған баланы осыдан кейін кейде Шоқпыт өзі оқытып, кейде ауыл
арасындағы молдаға беріп оқытып, баласын оқудан үзбейді. Молдалардың ішінде
Мұқан біраз оқыған, әдебиеттен хабардар, өзі де жадынан өлең шығаратын
көңілінің желі бар жан екен. Ол араб,парсы ертегілерінен қазақша өлең етіп
жазады;біреуді мақтап,біреуді мазақтап өлең шығарад ды. Дәріс беретін
молдаға еліктеуші шәкірттің бірі – Сұлтанмахмұт. Ол Мұқан молдаға еліктеп
он үш жасында өлең жаза бастайды.Тұңғыш жазған өлеңі – Секілді өмір қысқа
жарты тұтам деп аталады. Тырнақалды өлеңінде Сұлтанмахмұт өзін оқытушы
молдаларды,оқуы туралы,ақындыққа талпынып жүргені жайында сыр айтады.Сол
кезде Баянауыл қаласында медресе ашылып,Сұлтанмахмұт 1908-1910жылдары сонда
оқиды.
Өкініші – Сұлтанмахмұт бұл медреседе көп оқымайды.Бір қыс оқыған
соң, аузың асқа тигенде мұрның қанар дегеннің кебі келіп, көз ауруына
ұшырап, медреседен шығып қалады. Жығылған үстіне жұдырық дегендей осы
кезде жөтел пайда болады, өкпесін дерт шалғаны байқалады.Ақынның теңіздей
толқыған көңілі басылып, жадап-жүдейді.
1914 жылдың жазында Сұлтанмахмұт өзінің ауылы – Баянауылға кайтады. Ондағы
мақсаты – ауылда біраз уақыт болып, қаржы жинап алып, үлкен қалалардың
біріне тағы да оқуға кетпек болады.Осы оймен ол елде бала оқытады.ел
жастарын оятпақ, оқуға, мәдениетке талпындырмақ әрекетіне кіріседі.
Сұлтанмахмұт әлеумет өміріне тереңдеу қазақ оқығандарымен
араласады.Солар құрған қазақ комитетінің кіші хатшысы болып қызмет істейді,
солардың газетіне өлең, мақала жазып тұрады. Бірақ, ол тап болған ортада
ұлтшыл-алашордашыл оқығандар басым еді, олардың әсеріне ерді.
Сұлтанмахмұттың Социолизм деген мақаласында оқу, мәдениет, ғылым, техника
жайлы, қазақ халқының ілгері дамуы, мәдениетті ел болуы туралы сөз етеді.
Ақын дүниедегі ғылым-білімді екі жікке айырып ұғады: бірі – дене
азығы,екіншісі – ар азығы; дене азығы –техника, ар азығы - әділдік деп
ұғады.Өзгеге солай ұғындыруға тырысады. Қазір Европада дене азығы әбден
жетілді, ар азығы әлі жетіле алмай отыр. Ар азығы жетілмегендіктен дене
азығы,адамды бақытты етуге тиісті құралдар адамды қанауға, бақытсыз етуге
жұмсалып отыр. Ал ар азығы ер жеткенде, дене азығы адамды бақытты етуге
жұмсала ды, адам жеңіл күн көретін болады. Адамның ақыл-ойымен, күш
қуатымен жасалған құралдар – дене азығы адам қоғамын гүлдендіруге, адамды
бақытты етуге жұмсалады-дейді ақын. Яғни Сұлтанмахмұт ғылым, техниканы екі
түрлі жолмен – капиталис тік және социолистік жолмен пайдалануға болатынын
аңғарды. Алдыңғы жолды даттады, кейінгі жолды дәріптеді. Ақын арманы да
соңғысы.
Алашорда ұкіметі Колчак өкіметімен ресми бірігіп, әскерін, қару-
жарағын соған беріп, Совет өкіметіне қарсы соғыс бастаған кезде, яғни 1918
жылдың июнь айында Сұлтанмахмұт емделем деп еліне, Баянауылға кетті. Ол
кезде Сібірде, Баянауыл жағында Колчак, Алашорда үкіметі үстемдік жүргізіп
тұр еді. Ақын олардың қызметіне қатыспады. Емделді, үйінде жатып
өлең,поэмалар жазды, елеусіз мұғалім болып қызмет атқарды.
Торығып жүрген кезінде,өз ауылында жатқанда Сұлтанмахмұт саяси-әлеуметтік,
философиялық кітаптарды, социолизм жайында, соғыс, революция жайында көп
нәрселер оқиды.
Бұл оқығандары Сұлтанмахмұтқа зор әсер етеді:білімін тереңдетіп,
көзқарасын кеңейтеді; көп ой салады; күш береді. Бұл кезде социолизм деген
мақала, Осы әділдік пе?, Неге жасай- мын?, Адасқан өмір, Кедей,
Өң бе,түс пе?, Дауылдағы әбігер, Ғайса кім? деген шығармалар жазады.
Ақын бұл шығармаларда дүниеге, заманға үміттеніп қарайды; оның алдан
жарқын болашақ күтетіні, демократиялық-революциялық ой-пікірі, көзқарасы
айқын көрінеді.
1919ж декабрь айында Колчак үкіметі құлап, Сібірде, Павлодар, Баянауыл
жағында Совет өкіметі орнайды.Осы кезде ол мұғалімдікті тастап, Павлодарға
барады.Жигеров Сұлтанмахмұтты Шідерті болысына революциялық комитеттің
бастығы етіп жібереді. Оған ел ішінде Совет өкіметінің жолын, саясатын
түсіндіруді, сайлау жүргізуді тапсырады.
Шідерті болыстық революциялық комитеттің бастығы болып екі-үш ай істегеннен
кейін оның ежелгі ауруы меңдейді, төсек тартып жатып қалады. Ауырып жатып,
1920жылдың алғашқы айларында, ол Айтыс деген поэма бастайды. Бірақ ол
шығармасы аяқталмай қалады.
Сұлтанмахмұт Шідертіде сырқаттанғаннан, үйінде ауырып жатып, 1920жылы,
21май күні, 27жасында өлді, тіпті жастай көз жұмды. Қыршын кетті.
Қыршын кетуі үстіне Сұлтанмахмұттың осы қысқа өмірінің бәрі
кемшілікте, мұқтаждықта, запта, тартыс-күресте өтті. Жасынан жетім
қалды,өгей ана қолына қарады. Кедей болды, ішер асқа, киер киімге жарымады
оның шетке кетіп оқуға, кең білім беретін мектепке түсіп оқуға қаржысы
болмады. Әлгі кемшілік пен мұқтаждық, тән азығын да, жан азығына да тарығу
оны ауруға шалдықтырды. Бірақ Сұлтанмахмұт мұның бірде-біріне
қажып,мұңаймады.
Тұрмыста үмітім көп жеңем деген,
Жеңуге жігеріме сенем деген..
Менде жоқ, қажу деген, ашу деген,
Тарығып,болымсызға сасу деген, -
деп, үнемі, жарғақ құлағы жастыққа тимей, өнер, бақыт, шындық іздеумен
болды. Өмірі құлшыныс, күреспен өтті.
Ақын шығармашылығының бірімен-бірі тұтасып жатқан екі түрлі негізгі
қасиеті бар. Ол – шығармаларының реалистігі мен халықтығы.
Жазушы шығармаларының тақырыптары түгелдей шын өмір, қазақ халқының
Сұлтанмахмұт тұсындағы тұсындағы өмірі.
Сұлтанмахмұт шығармаларының жиыны қазақ халқының Ұлы Октябрь
социолистік революциясынан бұрынғы, революция жылдарындағы қоғам
тіршілігінің, дүние, қоғам тануының, әдет-ғұрпы мен мінез-қылығының әрі
нағыз шындығы, әрі әділ сыны, халықтың ой арманы тілек-мақсаты.
Сұлтанмахмұт революциядан бұрынғы бірсыпыра өлең жырларында қамығып,
қайғырады,қайғы-шерді шертеді.Оның аяқ зар, мұң, қайғы, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абайдың романы
Сәкен Сейфуллин поэзиясындағы жаңашылдық
С.Торайғыровтың шығармалары
Қазақ романдарындағы ғашықтық сарын
Көркем бейненің танымдық, эстетикалық мәні жайлы
Қазақтың қайсар Үш Арысы
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ
Қажығұмар Шабданұлы «Қылмыс» романы
Шәкәрімнің қай шығармасынан
Халық ауыз әдебиеті туралы жалпы түсінік
Пәндер