Шет мемлекеттерде сот билігін ұйымдастырудың жалпы сипаттамасы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Дипломның тақырыбы: «Билікті бөлу жүйесіндегі сот билігі: ғылыми-құқықтық және тарихи аспектілері»

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

1 Билікті бөлу жүйесіндегі сот билігінің қалыптасуының ғылыми-құқықтық және тарихи аспектілері . . . 5

1. 1 Билікті бөлу жүйесіндегі сот билігінің қалыптасуының ғылыми-құқықтық аспектілері . . . 5

1. 2 Билікті бөлу жүйесіндегі сот билігінің қалыптасуының тарихи аспектілері . . . 10

2 ҚР судьяларының құқықтық мәртебесі мен тәуелсіздігі . . . 16

2. 1 Судьялардың конституциялық - құқықтық мәртебесі . . . 16

2. 2 Судьялар тәуелсіздігінің кепілдіктері және оны нығайту

мәселелері . . . 19

3 Сот төрелігі ұғымы және оның құқықтық мемлекеттің талаптарына сәйкес принциптері . . . 24

3. 1 Сот төрелігінің конституциялық негіздері . . . 24

3. 2 Қазақстан Республикасындағы сот билігінің жүйесі . . . 29

3. 3 Қазақстан Республикасындағы сот билігі: құқықтық

мемлекетті қалыптастыру кезіндегі жетістіктері, мәселелері мен перспективалары . . . 31

3. 4 Шет мемлекеттерде сот билігін ұйымдастырудың жалпы

сипаттамасы . . . 42

Қорытынды . . . 46

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 50

Кіріспе

1995 жылдың 30 тамызында Республикалық Референдумда қабылданған Ата Заңымыздың 1-бабына сәйкес "Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырып, өзінің ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары" деп жариялады.

Конституциямыздың 3-бабының 4-тармағына сәйкес, "Республикадағы мемлекеттік билік біртұтас және ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылуы тиіс" деп белгіленді. [1]

Сот билігінің заң шығару және атқару билігімен бір деңгейде тұру демократиялық мемлекеттің белгісі. Сот билігін басқа мемлекеттік биліктік құрылымдардан бөлу, мемлекеттің құқықтық жоғарлығы принципін, соның ішінде бостандық пен әділдік идеясын жүзеге асыруға нақты түрде жылжуын көрсетеді.

Сот билігінің негізгі мақсаты - қоғамның мүшелерін кез келген құқықбұзушылықтан қорғау, яғни басқа азаматтардың құқыққа қайшы, мемлекеттің, оның органдары мен лауазымды тұлғалардың теріс әрекеттерінен қорғау болып табылады. Мұндай қызметті жүргізбей мемлекет құқықтық деп есептелінбейді. Қоғамда пайда болатын даулардың құқық негізінде шешілуін қаматамасыз ете отырып, қоғамдық өмірдің барлық субьектілерінің заңға бағынуы, сот билігінің заң шығару мен атқару биліктерінен оқшаулануында және олардың қызметіне құқықтық қадағалауды жүзеге асыруында маңызды роль атқарады. Егер де сот билігі Конституцияға сәйкес заң шығару мен атқару билігінің қызметтерін бағалау мүмкіндігі болса, бұл функция нәтиже береді. Қазақстанның мемлекеттік құрылысының жаңаша қалыптасуы, дамуы кезеңінде келістілік жағдайында қызмет етудің басты құралы - мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының үйлесімді қызмет атқару жүйесін жаңаша оқып-үйрену, зерттеу қажеттігі туындайды. Сондықтан, заң ғылымының кезек күттірмес мәселелерінің бір бөлігі - сот құрылысы, сотта іс жүргізу, мемлекеттегі сот төрелігі дамуы принциптерінің ғылыми-құқықтық, теориялық-тәжірибелік өзекті мәселелері және олардың мән-мағынасын зерттеу болып табылады

Дипломдық жұмыстың өзектілігі: мемлекеттегі биліктің бір тармағы ретінде қызмет атқаратын сот билігінің билікті бөлу жүйесіндегі орны мен оның даму перспективалары болып табылады. Сот билігі - бұл мемлекеттік биліктің негізгі тармақтарының бірі болып табылады. Оның мәртебесі, қазіргі кездегі қоғамның саяси және әлеуметтік жүйесіндегі орны мен ең қымбат қазынасы адам мен адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылатын мәдениетті азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет құру міндеттерімен айқындалады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты: мемлекеттегі билікті бөлу жүйесіндегі сот билігінің орны мен маңызын анықтау. Аталған мақсатқа қол жеткізу үшін төмендегідей міндеттерді шешіп алу көзделеді:

1. Билікті бөлу жүйесіндегі сот билігінің қалыптасу және дамуының ғылыми-құқықтық аспектілерін зерттеу

2. Билікті бөлу жүйесіндегі сот билігінің қалыптасуының тарихи аспектілерін талдау

3. ҚР сот билігінің конституциялық негіздерін талдау

4. ҚР заңнамаларына сәйкес судьялардың құқықтық мәртебесі мен олардың құқықтық тұрғыдан қорғалу дәрежесін талдау

5. ҚР сот билігінің бүгінгі күнге дейінгі уақытта жеткен жетістіктері мен даму перспективаларын қарастыру.

Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні-сот билігінің бүгінгі таңдағы мемлекеттік билік жүйесінен алатын орны мен маңызы.

Диплом жұмысының теориялық негізін Ш. Шарипов, А. М. Ларин, Ө. Қ. Қопабаев, К. К. Айтхожин, Қ. А. Жиренчин, Қ. Ә. Мами, М. С. Нәрікбаев сияқты ғалымдардың еңбектері құраса, заңнамалық негіздерін ҚР Конституциясы, сот жүйесінің қызметін және судьялардың құқықтық мәртебесін анықтайтын еліміздегі заңдар құрайды. Диплом жұмысының құрылымы: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Билікті бөлу жүйесіндегі сот билігінің қалыптасуының ғылыми-құқықтық және тарихи аспектілері

1. 1 Билікті бөлу жүйесіндегі сот билігінің қалыптасуының ғылыми-құқықтық аспектілері

Қазіргі азамат өркениетінің алдыңғы қатарлы құндылықтарының және әлемдік саяси ойдың даму сатылары мен бүгінгі бағыттарын білу қазақ жұртшылығына аса қажет. Қазіргі таңда мемлекеттің өзі түбірлі, күрделі өзгерістерге ұшырағанын көреміз. Азаматтық қоғамның одан әрі дамуына сот жүйесінің тигізер әсері де, мәні де жоғары. Демек, Қазақстан Республикасындағы сот билігі сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. «Қазақстан Республикасының сот әділдігін тек сот қана жүзеге асырады, » - деп Ата заңымызда бекітілген. Елбасы Н. Ә. Назарбаев Судьялардың IV съезінде сөйлеген сөзінде сот - құқықтық реформа «сот жүйесінің тиімділігіне байланысты түбегейлі проблемаларды шешуді көздейді, бұл мемлекеттің әрі қоғамның басты назарында болуы керек деп атап көрсеткен». [2] Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейінгі жылдары биліктің басқа тармақтары тәріздес сот жүйесінде де біршама реформалар жүргізіліп, демократиялық, әлеуметтік, құқықтық мемлекеттің қажеттілігі негізінде, сонымен қатар жаңа заман талабына сәйкес жетілдіріліп, даму үстінде.

Әрине, ең алды, сот жүйесіне қатысты, оның ұйымдастырылып, қызмет етуінде, қолданылатын: сот билігі, сот төрелігі, юстиция, сот, сот жүйесі, мамандандырылған соттар сияқты терминдерге назар аударып, соларға тоқталайық. Ол үшін ең алды анықтамалық сөздіктерге тоқталсақ. Юстиция (лат. justitia - әділет, әділеттілік) - сот мекемелерінің, олардың әділсотты жүзеге асыру жөніндегі іс - әрекетінің бүкіл жиынтығын білдіреді . Юрисдикция (құқықтық құзыр, іс қарау уәкілеті) - тиісті мемлекеттік органдардың құқықтық дау-дамайлардың шешімін тауып, құқық бұзушылық субъектісінің әрекеттерін заңдылық тұрғысынан бағалап, тәртіп бұзушыларға заңи шаралар қолдануға қатысты уәкілеттіктерінің жиынтығы. Юстиция- (лат. justitia - әділеттілік, заңдылық) -сот мекемелерінің жүйес і. Юрисдикция - (лат. jurisdiction - сот өнідірісін жүргізу) - соттың құқықтық мәселе бойынша шешім қабылдау құқықтылығы. [3]

Міне, жалпы юстиция терминін көрдік. Осыған мысал ретінде, қарастырар болсақ, әскери әділет (военная юстиция) - әскери - сот мекемелерінің жиынтығы. Әкімшілік юстиция - әкімшілік - сот мекемелерінің жиынтығы, сол сияқты басқа да юстицияны қарастыруға болады. Енді осы сот билігін қарастырайық.

Баршамызға аян жәйт, осы «сот билігі» терминінің өзін ғылыми тұрғыдан зерттеудің өзі, ҚазКСР тұрмақ, бүкіл КСРО - ң өзінде тек ХХ ғ. 80 - жылдары ғана мүмкін болды, міне осы уақыттан бері ғана зерделеніп келе жатқан бұл билік түріне әрине қайта үңіліп, зерттеп өту қажеттілігі туындайды.

Осыған орай заңгер - ғалымдардың еңбегіне жүгінейік. Әрине, тарихқа үңілетін болсақ, билікті тармақтарға бөлу теориясының негізін қалаушы бұл Ш. Л. Монтескье болып табылады. Ол өз заманында осы сот билігінің мемлекет билігі ортасынан, ерекше мәртебесін бөліп көрсете білген.

Осы билікті бөлу қағидасына қазіргі таңда қазақстандық ғалымдардың мысалы, Ө. Қ. Қопабаев, К. К. Айтхожин, Қ. А. Жиренчин, Қ. Ә. Мами, Ғ. С. Сапарғалиев және т. б. еңбектері жетерлік, бұл мәселе жанжақты зерттелді деуге болады. Ал, бұл зерттеуде сот билігінің билік тармақтарымен қарым - қатынасы емес, тек өзінің жекелей алатын орны соған анықтама беру болып табылады, өйткені билік тармақтарын зерттеудің өзі бөлек мәселе. Қазақстан мемлекеттігінің қазіргі қалыптасуы, дамуы және жетілуі жағдайында ең алдымен, мемлекеттік биліктің барлық тетіктерінің жан - жақты жұмыс істеуіне қол жеткізетін аса маңызды құрал ретінде сот билігі тармағының рөлі мен маңызын жаңа сапада зерттеу қажеттігі туып отыр, бұл өз кезегінде Қазақстан Республикасының Негізгі заңының 1 - бабында жарияланған конституциялық негіздеменің «лайықты жүзеге асуын қамтамасыз ететін қажетті фактор да болуға тиіс» - деп көрсетеді өз еңбегінде қазақстандық ғұлама заңгер ғалым Ө. Қ. Қопабаев [4, б. 152] Осынау мәселе бойынша Қазақстанның ұлы ғалым заңгері, құқықтық ғылымның, әсіресе сот билігі, сот жүйесінің дамуына көп үлесін қосқан з. ғ. д., проф. К. Х. Халықовтың пікірін келтірген жөн. Ол қазіргі Қазақстандық заң ғылымы тұрғысынан сот төрелігіне де, сот билігіне де төмендегідей түсінік береді. Сот төрелігі - бұл қоғамдық қатынастарды қорғау жөніндегі мемлекеттік қызметтің құқықты нақты қоғамдық қақтығыстарға қажет болған жағдайларда мәжбүр ету шараларын пайдалана отырып қолдану жолымен жүзеге асырылатын ерекше түрі. Сонымен қатар, сот билігі - мемлекеттің азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін, барлық органдардың, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі, сондай - ақ демократия, әлеуметтік әділеттілік, ізгілік, патриотизм мен заңдылық принципі негізінде Конституцияны, заңдарды, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, халықаралық шарттарды сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі ерекше қызметі болып табылады. Міне, бұл ғалымның берген анықтамалары осындай.

Қ. Мәми өз еңбегінде, осы мәселеге келесідей анықтама береді: « сот билігі - біріңғай мемлекеттік биліктің тәуелсіз тармағы, ол Конституциямен бекітілген және мемлекет атынан тек соттармен жүзеге асырылады. Соттар арнаулы мемлекеттік орган ретінде заңмен көзделген негізде құқықтық дауларды, істерді және өзге де жүктелген міндеттерді, адам құқығын, бостандығын, мемлекеттің, мекеменің мүддесін қорғау мақсатында жүзеге асыруға өкілетті. Ол мемлекет тарапынан мәжбүрлі түрде іске асырылатын, бүкіл аумаққа таралатын, орындалуға міндетті шешімдер қабылдауға құқылы» - міне осынау толық түрдегі анықтаманы көруге болады [5] .

Сонымен, «сот билігі» түсінігін қарастыру мақсатында Ш. М. Шарипов «Судьяның тәуелсіздігі» атты еңбегінде көптеген ғұлама заңгер ойшыл - ғалымдардың: Ш. Л. Монтескье, К. Ф. Гуценко, В. М. Ковалев, Н. А. Бекбергенов, К. Х. Халиков тағы да басқаларының берген анықтамалары мен көзқарастарымен келісе отырып бір нақты тұжырым жасайды. Демек, сот билігі деп мемлекет атынан, оның өкілетті органы сот арқылы азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау, республика Конституциясы мен заңдарының, өзге де нормативтік - құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының атқарылуын қамтамасыз ету үшін заңның негізінде және ол орнықтырған тәртіптер мен процессуалдық нысандарда, қажетті жағдайларда мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдану арқылы жүзеге асырылатын, өз алдында дербес әрі тәуелсіз мемлекеттік биліктің тармағы ретінде түсіну дұрыс болар еді деп көрсетеді. [6, с. 15] .

Б. Д. Мақұлбековтың ойынша - « Сот - іс жүргізу тәртібіне сәйкес өзінің құзырына жатқызылған қылмыстар мен іс - әркеттер туралы, мемлекеттік биліктің өзге де органдары мен институттарының және лауазымды адамдардың азаматтарға қатысты әрекеттерінің заңдылығы туралы істерді қарайтын, азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, сондай - ақ мемлекеттік органдардың қоғамдық ұйымдардың және шаруашылық субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында, қажет болған жағдайда, заңмен белгіленген мемлекеттік мәжбүр ету шараларын пайдалана отырып, құқық қолданатын, Конституцияның, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің орындалуын қамтамасыз ететін ерекше, тәуелсіз және тек заңға бағынатын орган - деген көзқарас бар [7, б. 56] .

Енді осы мәселе бойынша Қазақстан Республикасының немесе өзге басылымдағы сөздіктерге назар аударып көрсек. Ал, ҚР Конституциясының түсіндірме сөздігінде, мынандай көрініс бар . Сот билігі азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыруға арналған. Республикадағы сот билігі Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік - құқықтық актілерінің, Республиканың халықаралық шарттарының негізінде туындайтын барлық істер мен дауларға қолданылады.

Кез - келген сот жүйесінің тиімділігі, жұмыс істейтін өзіндік ерекшелігі, экономикалық, құқықтық жағдайларға елеулі түрде қатысты. Осы мәселеде жүйені құрудың тарихи шарттары, қалыптасқан дәстүрлер, құқықтық мәдениет орасан зор рөл атқарады. Қазақстан Республикасының егемендік алуымен соттарға кез келген құқықтық мемлекетке тән толық көлемдегі құқықтық өкілет беру қажеттілігі туындады. Сот жүйесіндегі нақты өзгерістер тәуелсіздік жылдары арасында жүргізілді. Қайта құрудың бастамасы егемен Қазақстанның 1993 жылы қаңтар айында тұңғыш Конституциясын қабылдаумен байланысты. Конституция сот билігінің ұйымы мен қызметінің негізгі қаидаттарын бекітті. Әділ сот органдарына Конституциялық Сот, Жоғарғы Сот, Жоғарғы төрелік Сот және төменгі соттар жатқызылды. 1994 жылы біздің елімізде сот жүйесінің даму басымдықтарын белгілеген құқықтық реформаның Мемлекеттік бағдарламасының қабылданғаны белгілі.

Мәселен, "Сот жүйесінің реформасы" туралы бөлімінде былай деп көрсетілген:

- Соттарды ұйымдық жағынан нығайту қажет, олардың жалпы және төрелік сотқа бөлуден бас тарту керек;

- Сот Кеңестерінің немесе біліктілік комиссияларының ұсыныстары бойынша мемлекет басшысы - Қазақстан Республикасының Президенті арқылы судьялардың ауыспаушылық және тағайындаушылық принциптерін бекіту;

- Сот төрелігін іске асыру және сот қаулыларын орындау бойынша көмекші қызметтерді күшейту;

Жалпы сот реформасын келесі бағыттар бойынша жүргізу көзделді:

- Сот құрылымы мен сотты қарауды қайта ұйымдастыру;

- Материалдық және іс жүргізу заңдарын жетілдіру;

- Құқыққорғау және арнайы органдардың, сондай-ақ адвокатураның қызметі мен құрылымын реформалау;

- Халық заседательдерінің институтын тарату.

Сонымен қатар сот корпусын құруға биліктің барлық үш тармағының өкілдерінің, ғалымдар мен практик-заңгерлердің қатысуын қамтамасыз ету ұсынылды. Жоғары білімі бар әрбір азаматқа оны судьяға үміткер етіп тіркеу үшін өз қалауы бойынша біліктілік емтиханын тапсыруға құқықтық және практикалық мүмкіндік берілді, осы арқылы аталмыш мәселені бұрын қолданылып келген жасырын тәртіп жойылды. Жоғарғы соттың төрағасы мен оның алқа төрағалары, облыстық соттардың төрағалары тиісінше Жоғарғы және облыстық сот мүшелерінің қатарынан ҚР Президентінің ұсынысы бойынша Жоғарғы Кеңес арқылы 5 жыл мерзімге бекітілуі тиіс болды. 1995 жылы қабылданған жаңа Конституцияға сәйкес, судьяларды Президенттің тағайындауы және Жоғарғы Сот судьяларының Парламент Сенаты арқылы сайлануы енгізілді. Жоғарғы Сот Кеңесі мен Әділет біліктілік алқасы құрылды, міндеттерін жалпы құқықтық құзырдағы соттарға жүктеу арқылы төрелік соттар жүйесі таратылды, судьялар тәуелсіздігінің кепілдігі күшейтілді, олардың мәртебесі мен адам құқытары мен бостандықтарын қорғау жүйесіндегі рөлі нығайтылды.

Сот реформасын практика жүзінде жүзеге асырудағы шешуші қадам Президенттің 1995 жылғы 20 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі" туралы Конституциялық заң күші бар Жарлығының қабылдануы болып табылды. Жарлық судьялар тәуелсіздігінің заңдық және материалдық кепілдіктерін белгіледі, олар биліктің атқару және өкілдік тармақтары тарапынан болатын қысымынан тұңғыш рет құқықтық қорғауға ие болды. Құқықтық реформаның бірінші кезеңінде республикада билер сотын жаңарту қызу талқыланды. "Аталған институт Қазақстан үшін дәстүрлі және ол революцияға дейін ойдағыдай жұмыс жасаған. Би төрелігін енгізу қырғыздарда халық тарапынан қайсыбір ресми сайлаумен және халықты басқаратын билік тарапынан бекітумен сабақтаспаған, тек шешендік өнермен ұштасқан сот ғұрыптарындағы терең білім ғана осындай құрметті атақты қырғыздарға берген. Бидің мағынасы беделге негізделген және осы атақ сот практикасына берілген патент іспеттес" деп атап көрсетті Шоқан Уәлиханов.

Бұл ретте ҚР-сының қолданыстағы Конституция нормалары бойынша сот жүйесі бірыңғай және соттар тұрақты судьялардан тұрады. Міне, дәл осы себептен Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы заңды талқылау кезінде билер соты республика соттарының бірыңғай жүйесіне кірмей қалды. Сот билігінің тәуелсіздігін қамтамасыз ететін шарттардың бірі ретінде округтік дуандық сот жүйесін құру идеялары да айтылды. Осындай соттар көптеген елдерде жұмыс жасайды. мысалы, АҚШ территорияларын қамтитын 13 федералдық сот округтері құрылған. Олардың әрқайсысы бір-бір округтік соттар құрылған, судьялар саны барлығында бірдей емсе. Округтік соттар аппеляциялық саты міндетін орындайды. Ресейде Федаралдық төрелік соттар мен 10 округтік сот құрылған. Округтік соттар құру мүмкіндігі Президенттің 1995 жылғы 20 желтоқсандағы заң күші бар Жарлығының бастапқы редакциясы арқылы қамтылған болатын, алайда Жарлыққа 1997 жылы өзгертулер мен толықтырулар енгізілгенен кейін бюджеттік қаражаттарды үнемдеуге байланысты бұл ереже тізімнен шығарылып тасталды.

1998 жылдың 8 қазанынан бастап алқалы сот суд присяжных институтын енгізу Конституция жүзінде танылды. Мұны ендіру ең алдымен сот әділдігін жүзеге асырудың демократиялық бастамаларымен байланысты. Осы институтты енгізудің мәні мынамен тұжырымдалды. Сотқа тартылушының өзі жөніндегі істі сенімді мәжіліскердің немесе сот алқасының қатысуымен қаралу құқығы туындайды. Осындай сот таңдау рәсіміне адам құқықтарын қорғаудың қосымша кепілдіктерін көрсетеді. 2000 жылдың қыркүйек айында еліміздің тұңғыш президенті Қазақстан Республикасындағы сот жүйесінің тәуелсіздігін күшейту жөніндегі шаралар туралы Жарлық шығарды, осы Жарлық еліміздің соттарын реформалау тарихында жаңа белесті паш етті. Осы жарлықпен, сондай-ақ ҚР Тұңғыш Президентінің 2000 жылғы 12 қыркүйектегі "Сот әкімшілігін жүргізу бойынша жаңа жүйенің жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Жарлығымен Жоғарғы соттың жанынан сот әкімшілігі жөніндегі комитет құрылды. Бұл комитет соттар қызметін материалдық-техникалық жағынан және өзгедей қамтамасыз етулерді жүзеге асырды, сондай-ақ, атқару құжаттарының орындалуын дер кезінде қаматамасыз етеді. Өнеркәсіп дамыған Алматы және Қарағанды қалаларында мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттар құрылды, қазіргі таңда мұндай соттар еліміздің барлық облыстарында құрылып, жақсы деңгейде жұмыс жасауда. Сонымен қатар, барлық облыстарда және ірі қалаларда мамандандырылған әкімшілік соттар құрылып, сот билігінің тәу ету жолында қызмет жасауда.

1. 2 Билікті бөлу жүйесіндегі сот билігінің қалыптасуының тарихи аспектілері

Әр елдің сот жүйесі өзінше ерекше болып табылады, өйткені, әрбір елдің тарихы, саяси дамуы мен мәдениеті өзгеше. Қазақстан Республикасындағы сот жүйесінің қызметтеріне қатысты мәселелер соңғы кезге дейін тұтастай жүйе ретінде қамтылып, іс жүзінде жеке дара зерттеліп келді. Тәуелсіздік алған жылдардан бастап Қазақстанда сот жүйесіндегі реформаның негізгі бағыттары мен нәтижелеріне көз жібергенде, алға қойған мақсаттарға жету үшін, заңда көзделген міндеттерді шешу жолында әртүлі әдістердің қажеттілігін сезінеміз.

"Заманына қарай - заңы" дегендей, қазақ елінің тарихи даму жолында дәстүрлі қалыптасқан заңдары бар болғаны анық. Өткен дәуірдегі заңдылықтардың біздің заманымызға жеткендеріне үңілсек, билік айту, қазылық шешім мен өкім шығару өз дәуіріне сай болғандығы байқалады. Қазақ халқының аса кемеңгерлігінің басты сипаты- бір ауыз сөзге тоқтау, кесімді айтылған сөздің қадірін бүкіл ел білген, сыйлаған, соған тоқтаған. Мұндай кесімді сөз айта білген, ақылы мен сөзі асқан азаматты ел ішінде би деп ардақтап, абыройын әспеттеген. Тіпті, жас ұрпағына берген бата арасында "Би бол, би болмасаң би түсетін үй бол" деп тәрбиелік көңіл білдірген. Осы жайлардың өзі-ақ дана халқымыздың биліктің тұғырын қадірлей білгенін көрсетеді. Түптеп келгенде бұрынғы өткен би, бүгінгі судья-ел қамқоры, халық жанашыры, әрі ақылшысы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сот төрелігі ұғымы және Қазақстан Республикасындағы сот төрелігін тек қана соттың жүзеге асыруы институты
Мемлекет типологиясы және формалары
Мемлекет - саяси ұйым
Құқықтық мемлекет идеяларының дамуы
Мемлекеттiң басқару нысандары
Мемлекет нысанының элементтері
Мемлекет нысандары
Мемлекет басқару нысанын зерттеудің теориялық құқықтық негіздері
Мемлекет басқару нысаны ретінде
Мемлекетің мазмұны және әлеуметтік құндылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz