Отбасымен педагогикалық жұмыстардың мәні және әдістері



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБАЙ МЫРЗАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ

ӘОЖ 001.818 Қолжазба құқығында
ББК 74.58я73

Есимсеитова Сания Багдатовна

ОТБАСЫЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР

7М 01101- Педагогика және психология

Педагогика және психология мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация

Ғылыми жетекші:
философия ғылымының докторы
Калымова Асель Кайратовна

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
КӨКШЕТАУ, 2022
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР, АНЫҚТАМАЛАР, ҚЫСҚАРТУЛАР, СИМВОЛДАР, АРНАЙЫ ТЕРМИНДЕР ТІЗБЕСІ, БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

Ақыл-ой дарындылығы - бұл жалпы және жеке ақыл-ой сапасының сәйкес келуі.
Анкета әдісі - вербалды коммуникация негізінде бірінші әлеуметтік-психологиялық ақпарат алу әдісі.
Арнайы дарындылық - ерекше қызмет түріне жатады. Бұл бөлініс шартты, жалпы, арнайы қабілеттер өзара бірлікте өмір сүреді. Адамдардың дарындылығы мен қабілеттері сандық емес, сапалық тұрғыдан ерекшеленеді.
Бақылау - психикалық құбылыстарды жүйелі, мақсатты қабылдаудан тұратын эмпирикалық зерттеу әдісі.
Дарынды балалар - өз қатарларынан әлдеқайда дамыған немесе ерекше бiр зейiн бар (музыкалық, көркемдiк, спорттық т.б. қасиеттер бар) балаларды айтады; ғылыми тұрғыдан кәдiмгi сөзде оларды жиi вундеркиндтер деп те айтады.
Дарындылық - қабілеттер иерархиясының құрылымдық бөлшегі. Дарындылық - өзіндік ерекшелік, қабілеттер үйлесімі. Қабілеттілік сияқты
дарындылық та туа бітпейді, ол дамуда өмір сүреді (Б.М.Теплов)
Жалпы дарындылық - салыстырмалы түрде кең және әмбебап психологиялық бөлшектердің (жады, зият) дамуы.
Зерттеу әдістері - тұлғаның психологиялық көріністерін зерттеу әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы.
Қабілет - тұлғаның қызмет түрлерін атқару тәсілдерін жетік меңгеруінен көрініс табатын, оларды игеру мүмкіндігін шарттастыратын, жемісті нәтижеге қол жеткізу мүмкіндіктерін көрсететін дара психологиялық ерекшелігі
Қарым-қатынас - өзара іс-әрекеттер қажеттіліктернен туындайтын және ақпараттармен алмасу, адамды адам қабылдау, түсінуді қамтитын адамдар арасындағы байланыстарды орнату және дамытудың күрделі процесі.
Мигрант- қоныс аударушы адамдар, оралмандар
Потенциалды дарындылық - бұл қандай да бір іс-әрекет түрінде жоғары жетістікке жету үшін, белгілі психикалық алғышарттары потенциалды болатын баланың психологиялық ерекшелігі.
Психодиагностика - тұлғаның индивидуалдық-психологиялық ерекшеліктерін анықтаумен өлшеуге әдістерді өндейтін психологияның саласы.
Эксперимент - зерттелініп жатырған объектінің мінез-құлқындағы өзгерістерді тіркеу және манипуляцияны жүзеге асыратын зерттеушінің сол ситуацияға белсенді кірісуін білдіретін ғылыми тану әдісі.

АКТ - ақпаратты коммуникациялық технологиялар
БАҚ - Бұқаралық ақпараттар құралы
ББП - бақылау және басқару пункттері
БҰҰ - Біріккен Ұлттар Ұйымы
БҒМ - Білім және ғылым министрлігі
ҚР - Қазақстан Республикасы
КММ - Коммуналды мемлекеттік мекеме
НҚ - Нормативтік құжат
ОЖ- Отбасылық жағдай
РФАК-Ресей Федерациясының азаматтық кодексі
СҚО - Солтүтсік Қазақстан облысы
СТҮ - санитарлық-тұрмыстық үй-жайлар
СТО - сыни тұрғысынан ойлау
ТМД - Тәуелсіз мемлекеттер достастығы
ғ. - ғасыр
т.б. - - тағы басқа
б. - бет

1.Білім туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 маусымдағы N 546 Қаулысы.
2.Балалардың дарындылығын дамыту бағдарламасы Назарбаев интеллектуалды мектептеріне 2012 жылдың қыркүйек айынан енгізілді.
3. Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған), (2019.23.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
4. Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының Кодексі 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ.

МАЗМҰНЫ

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР, АНЫҚТАМАЛАР, ҚЫСҚАРТУЛАР, СИМВОЛДАР, АРНАЙЫ ТЕРМИНДЕР ТІЗБЕСІ, БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

КІРІСПЕ

1. Отбасымен жүргізілетін педагогикалық жұмыстардың ғылым ретіндегі теориясы және әдістемесі
1.1. Отбасымен жүргізілетін педагогикалық жұмыстардың теориялық негіздері.
1.2. Отбасымен педагогикалық жұмыстардың мәні және әдістері.
1.3. Отбасымен бірге жүргізілетін жұмыстардың функциясы.
2. Қазіргі заманауи отбасымен жүргізілетін педагогикалық жұмыстарға талдау
2.1. Отбасы педагогикалық қызмет нысанасы ретінде.

2.2. Жас отбасымен әлеуметтік жұмыс жүргізу тәжірибесі.

2.3. Мінез құлқы қиын балалар және олардың жанұяларымен жұмыс.

3. Отбасымен жүргізілетін педагогикалық жұмыс түрлерін дамытудың жолдары.

3.1. Жас отбасымен әлеуметтік - педагогикалық жұмысты жетілдіру бағыттары.

3.2. Отбасындағы бала тәрбиесін нығайту шаралары.

3.3. Педагог қызметін реттейтін нормативтік, құқтық актілер мен педагог құжаттары.

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР:

ҚОСЫМША:А
ҚОСЫМША:Ә
ҚОСЫМША:Б
КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі таңда отбасындағы ажырасу, қиын бала, ұрыс-керіс сынды жайттар күннен-күнге артуына байланысты өзекті әрі ауқымды мәселеге айналып отыр. Дәл осындай проблемалардың түйінін шешуде педагогтың алар орны ерекше. Сол себепті, отбасындағы проблемаларды шешуде педагог тұрғысынан әлеуметтік-педагогикалық көмек қолын көрсетуіміз қажет.
Зерттеудің мақсаты: отбасыға жалпы анықтама бере отырып, алдағы уақытта туындайтын мәселелерге көрсетілетін педагогикалық жұмыстың мәні мен мазмұнын ашу, отбасымен әлеуметтік-педагогикалық жұмысты талдау, отбасымен жүргізілетін жұмыстың жетілдіру жолдарын көрсету.
Зерттеудің міндеттері:
* Отбасымен жүргізілетін жұмыстың мәнін айқындау;
* Отбасымен жұмыстың маңызын анықтау;
* Заманауи отбасында ата-ананың тәрбиелік ықпалын ашып көрсету;
* Бала мен ата-ана қарым-қатынасының педагогикалық тұстарына сипаттама беру;
* Ата-ананың балаға деген тәрбиелік ықпалын арттырудағы педагогикалық шарттарды айқындау;
* Жас отбасымен педагогикалық жұмысты жетілдіру бағыттарын көрсету;

Зерттеу нысаны: әртүрлі жағдайдағы отбасылармен педагогикалық жұмыс жүргізу үрдісі.
Зерттеу пәні: отбасымен жұмыс жасау негізінде оқытумен тәрбиелеу
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
1. Отбасымен күрделірек, тығыз қарым-қатынастар жүйесі;
2. Отбасын әлеуметтік институт пен шағын әлеуметтік топ белгілерін иеленетін әлеуметтік жүйе тұрғысынан қарастыру;
3. Отбасы ұжымын зерттей келе индивидуалды жұмыс түрлерін анықтау;

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, отбасылармен жұмыс жасауда оқушылардың педагогикалық-психологиялық шарттары деңгейлік саралау және тұлғаға бағдарланған тәсіл жағдайында олардың табысты әлеуметтенуімен қатар тұлғаның когнитивті және креативті салаларының дамуын қамтамасыз етсе, онда, әр педагогикалық жұмысқа мұқтаж оқушыларды оқытудың дамытушы технологияларын қолданудың педагогикалық-психологиялық шарттарының дұрыстығына көз жеткіземіз.
* Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негізі: отбасы мен некенің туындауын және қоғамда дамуын зерттеу (Дж.Ф.Мак-Леннан, Л.Морган, Г.И.Бахофен, Ф.Энгельс, Ю.И.Семенов, М.Мид және басқалары);
* отбасы мен некенің типтері мен түрлерінің дамуын зерттеу (И.В.Гребенников, С.В.Ковалев, В.П.Меньшутин және басқалары);
* отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасы психологиясының мәселелері (С.В.Ковалев, Л.В. Ковалева, А.И.Кочетов, Л.В.Панкова, В.А.Сысенко, В.С.Торохтий, Т.А.Трапезкова, В.Сатир, Н.М.Ходаков)
* отбасының тәрбиелік мүмкіндіктерін анықтау, отбасылық тәрбиенің әдіс-тәсілдерін жасау (Ю.П.Азаров, И.В.Гребенников, Н.К.Крупская, П.Ф.Лесгафт, А.С.Макаренко және басқалары).
Зерттеу әдістері: Зерттеу проблемасы бойынша отбасылармен психологиялық-педагогикалық жұмыс жасап үйрену және талдау жасау; педагогикалық бақылау; ата-аналармен сауалнама; әңгімелесу; психологиялық-педагогикалық эксперимент; эксперименттік зерттеу мәліметтерін өңдеу.
Зерттеудің практикалық маңызы:Отбасылармен педагогикалық жұмыс жасау негізінде барлық қолданылатын әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалана отырып,әртүрлі деңгейдегі оқушылардың білімін арттыруға болады. Алынған нәтижелерді білім беру мекемесінде мінез-құлқы қиын балалармен жұмыс жасау негізінде педагогикалық жүйесін дамыту бойынша тәжірибеге бағытталған әдістемелік ұсыныстарды жасауда қолдануға болады. Көрсетілген әзірлемелер жалпы орта білім беру мекемелерінде енгізуге ұсынылуы мүмкін. Сонымен қатар, зерттеу нәтижелері кәсіби дайындық жүйесінде, сондай-ақ оқу орындарының басшылары мен педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жүйесінде қолданыла алады.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
1 Әртүрлі деңгейде отбасылармен жүргізілетін жұмыстың педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері.
2Қиын балаларды тәрбиелеудің педагогикалық шарттары.
3. Зерттеу нәтижелерінің жалпы қорытындылары.
Зерттеудің нәтижесінің сенімділігі мен дәлелділігі:
Әртүрлі деңгейдегі балалармен және олардың отбасымен жүргізілетін педагогикалық жұмыс мәселелері бойынша теориялық талдау тереңдігі және көлемімен, экспериментті-психологиялық әдістемелер жиынтығын таңдауды негіздеумен, алынған мәліметтердің сандық және сапалық талдау жүйесінің өзара байланыстылығымен қамтамасыз етілді.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және тәжірибеге енгізу:

Философия ғылымының докторы А.С. Калымова ,
С.Б. Есимсеитова Pedagogical work with families.
А.Мырзахметов атындағы университеті Ғылыми-білімдік журналы .
2, С.Б. Есимсеитова Педагогические работы с семьями

Диссертация жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.
Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі негізделеді, жұмыстың мақсаты, нысаны, зерттеу міндеттері мен болжамы, құрылымы, әдіснамалық негізі, ғылыми жаңалығы, практикалық мәнділігі, зерттеу әдістері көрсетіледі, қорғауға ұсынылатын қағидалар, зерттеулер нәтижелерінің дәйектілігі баяндалады.
. Отбасымен жүргізілетін педагогикалық жұмыстардың ғылым ретіндегі теориясы және әдістемесі деген бірінші тарауда отбасымен жүргізілетін педагогикалық жұмыстардың теориялық негіздері және отбасымен педагогикалық жұмыстардың мәні, әдістері мен отбасымен бірге жүргізілетін жұмыстардың функциясын қарастыратын боламын.
Қазіргі заманауи отбасымен жүргізілетін педагогикалық жұмыстарға талдау - атты екінші тарауда, отбасын педагогикалық қызмет нысанасы ретінде қарастыра отырып, жас отбасымен әлеуметтік жұмыс жүргізу тәжірибесі мен мінез құлқы қиын балалар және олардың жанұяларымен жұмыс жүргізу түрлерін қарастырамын.
Ал, үшінші тарау тақырып аясында жүргізілген іс-тәжірибе жұмыстарының барысы мен қорытындыларынан тұрады. Отбасымен жүргізілетін педагогикалық жұмыс түрлерін дамытудың жолдары қарастырылады. Қорытындыда тақырып бойынша жүргізілген іс-тәжірибе жұмыстарының бастапқы кезеңінің барысы мен екінші кезеңінің жүргізілуін қарастырамын. Іс-тәжірибелік жұмыстардың жалпы қорытындылары мен негізгі нәтижелері, қағидалары тұжырымдалады, әдістемелік ұсыныстар беріледі.
Қосымшада сапалы білім беру жүйесі мен оқушылардың білімін жан-жақты жетілдірудің ережелері мен әдістемелік нұсқаулар, оқу-әдістемелік кешендер, оқытудың белсенді әдістемелері, креативтілікті дамыту технологиялары мен тест тапсырмаларының бағдарлық кешені ұсынылады.

1 тарау. Отбасымен жүргізілетін педагогикалық жұмыстардың ғылым ретіндегі теориясы және әдістемесі

0.1. Отбасымен жүргізілетін педагогикалық жұмыстардың теориялық негіздері.
Отбасы - бұл әлеуметтік институт және шағын әлеуметтік топтардың сипаттарына ие күрделі әлеуметтік жүйе. Қоғамның әлеуметтік институты ретінде отбасы әлеуметтік нормалардың, мінез-құлық үлгілерін, ерлі-зайыптылар арасындағы, басқа жақындар арасында өзара қарым-қатынас кестесін көрсетеді. Осыған байланысты ол адамға туғаннан бастап өлгенге дейін үлкен ықпалын тигізеді, бірақ оның ролі әсіресе адамның психологиялық, эмоционалдық-еріктік, рухани-адамгершілік негіздері қалыптасып жатқан өмірінің алғашқы кезеңдерінде өте басым. Сонымен қатар отбасы қоғамның даму деңгейіне тәуелді, оның проблемаларын бейнелейді.
Отбасы шағын топ ретінде - бұл тұрмыс құруға, қандық жақындақ, адамның жеке қажеттіліктерін өтеуге негізделген адамдардың қоғамдастығы. Оны ортақ экономикалық кеңістік, өзара тәуелді өмір салты, эмоционалдық-адамгершілік байланыс, өзара жәрдем, көмек беру, қорғау ерекшелендіреді. Отбасы туралы толық мәлімет алу үшін ер-әйел, еркек-бала, әйел-бала, бала-бала, еркек-жақын, әйел-жақын, бала-ата-ана, бала-жақын өзара қатынастарының барлық жағын ескеру қажет.
Орыс тіліндегі семья сөзінің қазақша баламасы әлімсақтан отбасы екендігі аян. Бұқаралық ақпарат құралдарында ғасырлар бойы тілімізде орныққан отбасы - ошақ қасы тіркесіндегі төмендету сипатында айтылған мағынасынан алыстай алмай, жанұя сөзімен ауыстырып қолданылса деген пікірлер жиі айтылып жүр. Жан мен ұя сөйлем ішінде, синонимді түрде семья сөзінің стильдік қызметін атқарғанымен, дәлме-дәл терминдік мағынасына дұрыс нұсқа бола алмайды. Сол сияқты үй-елмен ұғымдарының жиынтығынан тұратын үйелмен сөзі де жанұя сөзі іспетті баламалық рөл атқарады.
Отбасы және отбасы тәрбиесінің теориялық мәселелерін педагогикалық және психологиялық, әлеуметтік, экономикалық, демографиялық және физиологиялық аспектіде зерттеген ғалымдар (И. Бестужев-Лада, И.В. Гребенников, В.Н. Колбановский, И. С. Кон, Э.И. Новиков, А.Г. Хрипкова т.б.) өздерінің зерттеулерінде қоғам өмірінде отбасы рөлінің маңызына тоқталып, бала тәрбиесінде халықтың этникалық, этикалық, ерекшеліктерін есептеудің қажеттілігін дәлелдейді.
Түрлі мамандық иелерінің отбасы тақырыбына деген қызығушылығы, ғалымдардың зерттеулері көрсеткендей, әлеуметтік ортада отбасының өмір сүруінің көп функциялы сипатына байланысты.
Жалпы алғанда, зерттеу бірнеше бағытта жүргізілді:
* отбасы мен некенің туындауын және қоғамда дамуын зерттеу (Дж.Ф.Мак-Леннан, Л.Морган, Г.И.Бахофен, Ф.Энгельс, Ю.И.Семенов, М.Мид және басқалары);
* отбасы мен некенің типтері мен түрлерінің дамуын зерттеу (И.В.Гребенников, С.В.Ковалев, В.П.Меньшутин және басқалары);
* отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасы психологиясының мәселелері (С.В.Ковалев, Л.В. Ковалева, А.И.Кочетов, Л.В.Панкова, В.А.Сысенко, В.С.Торохтий, Т.А.Трапезкова, В.Сатир, Н.М.Ходаков)
* отбасының тәрбиелік мүмкіндіктерін анықтау, отбасылық тәрбиенің әдіс-тәсілдерін жасау (Ю.П.Азаров, И.В.Гребенников, Н.К.Крупская, П.Ф.Лесгафт, А.С.Макаренко және басқалары).
Отбасына тарихи көзқрасытың басы швейцар ғалымы И. Бахофеннің Ана құқығы (1861ж) еңбегі деуге болады. Бұл еңбегінде ол қоғамның дамуының бастапқы салаларына жыныстық қатынастардың ретсіздігі немесе жыныстық еркіндіктің кең тарауы тән деген болжам айтты. Бұдан кейін қоғамның дамуында басты роль әйелге тиесілі болды (матриархат). Кейінірек еркектердің басымдығы бекіді (патриархат).
Отбасы туралы жаңа ілімге сын айтқан ағылшын заңгері, психолог, тарихшы Г.Мэн қоғамның дамуында матриахтың болғанын жоққа шығарды.
Американдық зерттеуші, тарихшы, этнограф Л. Морган отбасының дамуына қатысты басқа көзқарасты ұстанды. Ол 200-ден астам қоғамдық топтың неке - отбасы қатынастарын зерттеді. Л.Морган адамзаттың даму тарихын үш кезеңге бөлді: тағылық, варварлық, өркениет.
Олардың әрқайсысы өзіндік қоғамдық институттары мен өнердің түрлерін жасады. Ч.Дарвин ілімнің тікелей әсерімен ол отбасының даму теориясын сомдады. Л.Морганның іліміне сәйкес отбасы мынадай кезеңдерден өткен:
* қандас туыс отбасы;
* пуналуалды отбасы;
* полигамия (алдымен әйелдер жағынан, кейінен еркектер жағынан)
* моногамия
Отбасына деген нақты ғылыми пікірді Ф.Энгельс негіздеп берді. Ол бірінші болып мәдениеттің, яғни тағылық пен варварлықтың алғы тарихын ғылыми тұрғыдан сипаттады. Әр кезеңді ол төменгі, орташа және жоғары сатыларға бөлді. Ол өзінің Отбасының, жеке меншіктің және мемлекеттің туындауы атты еңбегінде отбасына оның тарихи даму барысында талдау жасайды. Алғашқыда неке топтары ұрпақтарға бөлінгенде, яғни, ата-аналар мен балалары арасында жыныстық қатынасқа жол берілмегенде, бұл қандас туыс отбасы болды. Онан кейін пуналуалдыотбасы алмастырды, ол апа мен бауырлар арасындағы жыныстық қатынасқа жол бермеді.
Ал кейініректе жұптан тұратын отбасы пайда болды, онда еркек пен әйелден бір-біріне қатысты жұбайлық адалдықты талап етті, ал көзге шөп салу қатаң жазаланды. Өркениеттің табалдырығын арттарда туындаған отбасының соңғы түрі моногомия болып табылады. . [2]
Отбасы қоғамның жеке ұйымы ретінде зерттеу, оның даму тарихын зерттеу ертеден орын алған. Ал, ғылыми тұрғыдан жүйелі зерттеу тек ХІХ ғасырдың ортасында басталған. Осы кезде көптеген ғалымдардың еңбектері (Ф.Энгельс, Дж.Ф. Мак-Ленанн, Л. Морган, И. Баховен ) неке түрлерін және некенің қоғамдық дамуын зерттеуге бағытталған еді. Ал, ХХ ғасырда батыс ғалымдары некенің құрылымын (Боуен, Олсон, Бэйтсон), дамуын (Соломон, Дювель, Шепард, Беннис, Куутсар және т.б.) зерттеуге ден қойған.Отандық психология және социология ғылымдарында жанұяның құрылуы мәселелері қарастырылды (А.Г. Харчев, Н.Я. Соловьев, В.М. Медков, А.И. Антонов, И.В.Гребенников,Э.Г.Эйдемиллер, В.В. Юстицкис, А.Н.Елизаров және т.б.). Отбасы және отбасындағы қатынастар психологиясы саласында ата-аналар мен балалардың қатынасы мәселесі ерекше зерттеу нысанына айналды. Аталмыш мәселелер бойынша зерттеулер, олардың қорытындылары жеке концепцияларды құрайды. Шетелдік психологияда ананың балаға қатынасы түрлерін зерттеген С. Броди және Л. Ковар еңбектерін; ата-ананың тәрбиелеу стильдерін сипаттарын жіктеген Д. Боумрин зерттеулерін атап өтуге болады. Поляк зерттеушісі М. Земсканың әке - шешнің балаларға қатынасы мен оның баланың тұлғалық сипаттарының қалыптасуына ықпалын зерттеуі ерекше мәнге ие болады.
Ресейдегі отбасы психологиясына қатысты зерттеулерді бірнеше негізгі бағыуттарға жіктеуге болады:
1) ата - ана бағдарларын (А.С. Спиваковская, Т.В. Архиреева, В.В. Столин, А.Я. Варга, Е.А. Савина, О.Б. Чарова, Г.Г. Филиппова) және отбасындағы тәрбиелеу стильдерін зерттеу (С.В. Ковалев, В.В. Воронов, Е.А. Костицина, Е.Т. Соколова, Э.Вильданова);
2) Дұрыс емес тәрбиелеу түрлерін зерттеу (В.И. Гарбузов, А.С. Спикаковская, А.Е. Личко, Э.Г. Эльдемиллер);
3) ата - аналар мен балалардың өзара қатынасының әр түрлі аспектілерін зерттеу (О.В. Илларионова, В.В. Столин, А.В. Петровский, М.В. Полевая);
4) ата - аналар мен балалардың өзра қатынасындағы бұзылуларды және олардың тұлғалық дамуына әсерін зерттеу А. Захар А.С. Спикаковская ,Е.О. Смирнова, Т.А. Кошкарова, Н. Штирман, Э.Г. Эйдемиллер ).
Қазақстандық ғалымдардың еңбектері отбасындағы қатынастар педагогикасы мәселелерін, балалар мен ата - аналардың дау - жанжал жағдайларындағы мінез - құлқы, өртүрлі отбасындағы қарым - қатынас ерекшеліктерін қамтиды (С.М. Илюсизова, У.И. Ауталипова, М. Габдуллин, С. Кубеноев, Х.Т. Шерьязданова).
Көрініп тұрғандай, отбасындвғы қатынас мәселелеріне ғылыми зерттеу қызығушылығы өсіп келеді, сонымен қатар, отбасы өміріне көптеген сыртқы, әлеуметтік - экономикалық факторлар орасан зор ықпалын тигізеді. Отбасы қай кезде болмасын жан-жанты қызығушылықты тудырған құбылыс. Қоғам үшін осы әлеуметтік институттың ерекшеліктерін, зерттеу мәлеметтерін іс жүзінде қолдану аса маңызды мәселе болып табылады. Жеке адамдардың өміріндегі маңызымен қатар, отбасы елеулі қоғамдық рөлі де орындайды. Жанұя бала дамуындағы, әлеуметтік ортасына сәйкес өмірге балаларды дайындаудағы өте маңызды орынға ие; баланың қалыпты тұлғалық дамуына негіз болатын білімдерді, іскерліктерді және дағдыларды алғашқы меңгеру ортасы. Ал, қоғамның алдында, өз кезегнде, жанұялық тәрбие, леудің маңызын өсіре отыра қоғамдық тәрбиелеуді байланыстыру міндеті тұр. Тәрбиелеу және жанұядағы үйлесімді қатынастар қоғам мақсаттарына үндес болуы керек, сондықтан әр түрлі ғылымдардың, соның ішінде психология тұрғысынан отбасы мәселелерін зерттеу қажеттілігі туады.
Шетелдік психологиясында жағымды және жағымсыз ата-аналық позицияларды белгілейді. Поляк зерттеушісі М. Земска осыған орай ата-ананың жағымды позициялары мен баланың қалыпты тұлғалық дамуымен және мінез- құлығының қалыптасуы арасындағы байланыс механизмдерін және жағымсыз ата-аналық позициялар мен балалардағы мінез- құлықтың бұзулары арындағы байлныстарды қарастырады. Осы проблеманы зерттеу барысында ғалым ата-ананың балаға жағымсыз және жағымды бағдарларынан тұратын күрделі позицияларды жіктейді. Негізгі үлгілері ретінде М. Земска белгіледі:
1) Ата - ана мен балалар арасындағы эмоционалды алшақтық, яғни жақындықтың болмауы - бала мен ата - анасы арасындағы эмоционалды қалыпты қатынас ата - ана зейіннің тек балаға шоғырлануы;
2) Ата - ананың балаға қатысты басымдылығы, үстемділігі - ата - ана мен баланың ішкі өзаратәуелсіздігі - ата - ананың балаға қатысты шектен тыс көнгіштігі;
М.Земски көрсеткен ата - аналық бағдарларды талдау келесі ерекшліктерді көрсетті. Ата - ана мен балалар арасындағы эмоционалды алшақтық, яғни жақындыұтың болмау кезінде ата - ананың баламен қарым - қатынасы жеткілікті мөлшерде болмайды, демек, баладан әке - шешелердің психикалық қашықтығы байқалды. Әдетте, эмоционалды жақындығы жоқ ата - аналар баланы қолдау тәсілін емес, балаға қарсы қатынасты ұсынады. . [3]
Жаңа қоғамдық-саяси қарым-қатынастар бекіп жатқан кезеңде қазіргі заманның отбасына әлеуметтік талдау жасайтын, отбасын нығайтудың және оның тұрақтылығын сақтаудың жолын белгілеген қазақстандық сойиолгтардың зерттеулерін атап өту керек (Н.А.Аитов, У.Ауталипова, У.Бекжанов, К.Г.Габдуллина, З.Ж.Жаназарова және тағы басқалары).

Шағын әлеуметтік топ ретінде отбасыға түрлі өмір кезеңдерінде өзгеріп отыратын қоғамдық мақсаттардың қатары тән: қызығушылықтағы, отбасы мүшелерінің қажеттіліктері мен ұстанымдарындағы шағын айырмашылықтар. Сондықтан, отбасының ұзақ та бақытты өмір сүруі ерлі-зайыптылар және басқа да отбасы мүшелері бір-біріне қалай көмектесетіндігі, түсінетіндігі, қиындыққа қарсы бірлесіп күресетіндігі, шыдамдылық танытатындығына байланысты.
Отбасының потенциалын анықтайтын оның интегралдық сипаттарына психологиялық денсаулық, функционалдық-рольдік кеісушілік,әлеуметтік-рольдік адекваттылық, эмоционалдық қанағаттанушылық, микроәлеуметтік қатынастағы бейімдеушілік, ұзақ отбасылық өмірге ұмтылыс жатады.
Отбасындағы маңызды роль қарым-қатынасқа бөлінеді. Оның құрамды бөліктері: коммуникативтік (ақпарат алмасу); интерактивтік (өзара әрекетті ұйымдастыру); перцептивтік (партнерлердің бір-бірін қабылдауы). Өйткені шыңдық өмірде адамдар арасындағы қарым-қатынас түрліше құрылады, отбасылардың тіршілік етуінің түрлі варианттары болуы мүмкін.
Ең кең тараған ерлі-зайыптлардан, ата-ана мен балалардан тұратын нуклеарлық отбасы. Мұндай отбасы айырылысу, жесірлік, тұрмысқа дейінгі баланың тууына байланысты толық және толық емес болуы мүмкін.
Егер отбасында ата-ана мен балалардан басқа басқа да жақындар (ерлі-зайыптылардың ата-анасы, олардың іні-ағалары, апа-қарындастары, немерелері) болса ондай отбасын кеңітілген деп атайды. Отбасылар балалардың болу-болмауы және олардың санына байланысты бөлінуі мүмкін: баласыз, бір балалы, көпбалалы және аз балалы отбасылар.
Отбасылық міндеттердің бөлінуіне және кім көшбасшы болуына байланысты отбасының үш типі бар.
1. Дәстүрлі (патриархалдық) отбасы. Мұндай отбасында кем дегенде үш ұрпақ өмір сүреді және көшбасшылық роль үлкен ер адамға беріледі. Балалар мен әйелдер еріне экономикалық тәуелді, ер және әйел адамның міндеттері нақты бөлінген, ерадам басшы.
2. Дәстүрлі емес (эксплуататорлық) отбасы. Көшбасшылық ер адамға берілумен, ер әне әйел адамның міндеттерінің нақты бөлінуімен қатар әйел адамға ер адаммен қатар қоғамдық жұмысты атқару бекітіледі. Мұндай отбасыларда әйелдерге түсетін күштің көптігіне байланысты прблемалар кешені пайда болуы мүмкін.
3. Эгалитарлы отбасы - отбасы міндеттерді ерлі-зайыптылар және басқа да мүшелер арасында тең бөледі, эмоционалдық қатынас сенімге, сыйластыққа құрылады.
Сонымен бірге басқа да отбасы типтері белгілі. Мысалы, ана ролін әке не үлкен аға, апа атқаратын отбасылар. Мұндай тенденциялар әлеуметтік жұмыскерлерден отбасыға көмек ету проблемасына ерекше қарауды талап етеді.

0.2. Отбасымен педагогикалық жұмыстардың мәні және әдістері.
Отбасы бір қарағанда, әлеуметтік түсініктер танымының қарапайым ғана түрі ретінде көрінеді. Осы термин күнделікті қарым-қатынаста қолданып, әр адамның осы отбасылық өмір туралы жеке тәжіриебесі бар.Біз осы сөзді барлық партиялардың саяси қызметкерлерінің аузынан естуге үйреніп алғанбыз, олар өздерін отбасы мен отбасы қажеттілігінің жақтастарымыз деп есептейді.
Кәсіптік жұмыстардың шетелдік тарихына ондаған жылдар болған деп есептелінеді. Қазақстанда әлеуметтік жұмыстар тарихы енді қалыптасып жатыр, жоғары оқу орындарында әлеуметтік жұмыстар жөнінде мамандар даярлау жұмысы басталды, осы саладағы ғылыми зерттеулерге деген қызығушылық туып, халықтың әлеуметтік мәселелерін шешумен нақты айналысатын мемлекеттік, жеке меншік, қоғамдық ұйымдар құрылуда. Кеңес дәуірі кезінде қолданылған мемлекеттік және қоғамдық қолдау жүйесі тоқтатылып, ол қолдағы қалған принцип бойынша қаржыландырылып, бұл оның тиімділігін елеулі түрде төмендетті, олардың іс-әрекеті негізінен алғанда, әлеуметтік қамтамасыз ету болды. Осы ретте, әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік мекемелеріне диплом алған мамандар қажет болмады. Қазір біз осы қызметтің жаңартпа тәсіліне қарсы келетін, мемлекеттік әлеуметтік қызметтердің инерциялық ойлауымен әлі де болса кездесып қалып отырмыз.
Әлеуметтік жұмыстардың мәні әлеуметтік қайта құру дәуірінде өсіп отыр, оның иіндеті болмай қалмайтын әлеуметтік дау-жанжал салдарын төміндету болып табылады. Әлеуметтік жұмыстардың кәсібилігі, өмір сүру мүмкіншіліктері кедейшілік, денсаулығының төмендігі, дискриминация және мүгідектігі салдарынан шектелген адамдар мен отбасыларын реформаға табысты түрде бейімделуге мүмкіндік береді. Әлеуметтік жұмыстардың дамуы әлеумнттік жағдайы мүдделері әр түрлі топтағы адамдар үшін өз мүмкіндіктерінтеңестеруге қол жеткезуін шамалайтын, азаматтық қоғамның құндылықтарын қалыптастырумен тығыз байланысты.Әлеуметтік жұмыс, бір жағынан алғанда, өмір сүрудің қиын жағдайында отырған адамға немесе топқа көмек көрсетуге бағытталған, ал екінші жағынан алғанда, ол жеке адам, жеке топ, қоғамдық, жеке меншік және мемлекеттік ұйымдар арасында делдалдың маңызды рөлін атқарады.
Әлеуметтік жұмыс әлеуметтік қиыстырылған іс- әрекет болып табылады, онда қызмет жүйесі, жұмыс бастылықтың құрылымы мен теория жиынтығы айтылады. Оның мазмұны сол және басқа елдегі әлеуметтік көмек қажет ететін адамдармен жүргізілген жұмыстармен, әлеуметтік қызметтердің қалыптасқан түрлерімен, әлеуметтік жұмыстардың кәіптік дәрежесімен және клиенттердің әр түрлітобымен жүргізлетін әлеуметтік саясат сипатымен анықалады.Кәсіби әлеуметтік жұмыс отбасы құрамы мен клиенттің тұрмыс қалпы, әлеуметтік мәртебесі, дін, этика, мәдениет деректерімен анықталатын әр түрлі жағдайларда іске асырылады.
Әлеуметтік жұмыстардың дәстүрлі тұжырымдамасы жеке, отбасылық, өндірістік және басқс да мәселелерді анықтау кезіндегі көмек көрсетудегі, адамның қоғаммен өұқықтық, экономикалық, әлеуметтік қатынастарын ретке келтіруші ретінде әлеуметтік жұмыстардың мақсатын анықтайды. Отбасы немесе оның жеке мүшелерімен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың жеке сипаты бар екендігі осыдан көрінеді. Бұл әлеуеттік қызметкердің өз объектісімен жеке байланысын шамалайды.
Әлеуметтік мәдени жағдайлар үнемі өзгеріп тұратындықтан, отбасында болып жатқан өзгерістерді қадағалап отыруға мүмкіндік беретін отбасылық мониторинг орнату қажет. Осындай ақпарат ең алдымен, отбасымен әлеуметтік жұмыс жүргізетін қызметтерге қажет. Отбасы терминіне практикада анықтама беру оңай нәрсе емес.
Отбасына біз қандас немесе интимдік, жыныстық қатынастар арқылы бір-біріне жақын адамдардан тұратын туысқандар тобын жатқызамыз. Отбасы негізінде, некеден жасалады және қоғамдық қатынастар мен өмірдің басқа да әдет-ғұрыптарына қарағанда, тұрақты болады. Дегенмен, бірге тұрып, шаруашылықтарын бірге жүргізіп, заң түрінде тіркелмеген отбасылар да кездеседі. Соңғы уақытта осындай отбасылар санының көбейіп кеткені байқалады. Некенің тұрақты немесе тұрақсыз болып келуі де әртүрлі. Бүгінгі күні қоғамда болып жатқан адамдар әртүрлі өзгерістерге байланысты, отбасы тәртібі мен ұйымы да соған қарай икемделеді. Отбасының жеке қатынастары мен өмірдің әдет-ғұрпына экономикалық жағдай, заң, дін, білім, салт-дәстүр әсер етеді. Сондықтан, отбасын ортадағы қоғамның экономикалық және әлеуметтік аспектілерін игеретін әлеуметтік және экономикалық тұрғыда қарастырамыз.
Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың да басқа да ғылымдар сияқты теориялық және эмперикалық білімдері бірдей, оның ерекшеліктері ббілімдері мен ептіліктерінде. Осы әлеуметтік қызметкер мен әлеуметтік жұмыс ғылымының принципі болып табылады. Ғылым ажырамас құрамдас бөліктерден: заңдылық, приинцип және әдістерден тұрады. Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс қызметтің әмбебап түрі болып табылады, ол басқа ғылымдар топтамасымен байланысты, олардың бірнеше негізгі принциптерін бөліп алуға болады:жалпы философиялық принциптер: детерменизм, бейнелеу, даму. Әлеуметтік ғылымдардың жалпы принциптері: тарихи, әлеуметтік келісу, әлеуметтік мәнділік. Бұлардың ерекше белгілері: плюрализм (әр түрлі ой-пікірлер) отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстар принципін түсіну.
Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстар ғылымының келесі принциптері оларды топтастыруға байланысты: мазмұнды принциптер: қоғамдық-топтық және жеке мүдделерінің үйлесімі; өзін-өзі және отбасы мүшелерін қамтамасыз ету, отбасы мүшелерінің күнкөрісі үшін өзіңің күнелтуі және толық жарамды азамат тәрбиелеу.
Психологиялық-педагогикалық принциптер - эмпатия (жан ашуы); сенімді психологиялық пана, қазіргі уақытта қиын жағдайларда адамға күнелтуге көмектесу және т.б; әдістемелік принциптер: мирасқорлық, бірізділік, үздіксіздік, құзырлылық; ұйымдастырушылық - жинақтылық, делдалдық (психология, құқық, медицина және т.б. ғалымдар арасында);нормативті актілер мен заңдарда әлеуметтік жұмыс тәжірибесі мен талдап қорытындылаудың нақты принциптері, атап айтқанда, өзінің отбасы мүшелеріне экономикалық, әлеуметтік және дене қауіпсіздігін қамтамсыз ететін адамдар мен азаматтардың құқын сақтау, отбасындағы жас балалар, қартайған және науқас адамдарға мемлекеттің қамқорлық кепілдігі, балалар мен жастарды әлеуметтендіру шарты; отбасында, жұмыста құпиялылықты, махаббатқа деген сезімін, өмірге деген құштарлығын сақтау және т.б.
Отбасымен әлеуметтік жұмыс жүргізу кезіндегі операциялармен тәсілдер жиынтығын, қандайда бір мақсатқа жету жолдарын, нақты мәселені шешуді әдіс деп түсінеміз. Отбасымен әлеуметтік жқмыс жүргізу кезіндегі көптеген әдістер пән аралық болып саналады, өйткені өз қызметімен және ауқымды міндеттеріне байланысты ғылым ретінде бөлінеді. Сондықтан да, отбасымен әлеуметтік жұмыс жүргізу кезінде қолданылатын әдістерді сипаттай отырып, оларды экономикалық, құқықтық, медициналық, саяси, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік, әкімшілік, педагогикалық және т.б. түрге бөлеміз.
Сондай-ақ, мақсатқа жету үшін өз жұмыс тәсілдері мен міндеттері игерген, отбасы саласы және отбасымен жүргізілетін жұмыс технологиясын өзіндік ерекшелігі бар маман ретінде әлеуметтік қызметкердің мамандығымен де анықталады.
Әр ғылым жалпы пікірлер мен жанжақты заңдарға - методологияға сүйеніп, өз құбылыстарын зерттеу және де ғылыми білімді практикада қолдану әдістерін жетілдіреді, яғни мәселені шешу әдісі.
Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс ғылым ретінде адамдық қызметтің саласы болып табылады, ал оның қызметі жалпы отбасы мен толық жарамды азаматтардың күнкөрісі үшін, отбасы жөніндегі білімді жүйелік, пысықтаудан тұрады. Осындай қызметтердің бапрлығын отбасымен жеке тұлғалардың мәселелерін шешетін мамандар, белсенділер, кәсіпкерлердің кәсіптік, мемлекеттік, қоғамдық әдістерімен іске асыруға болады. Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстарын маңызды мәселелерінің бірі - қоғамның әлеуметтік-саяси жағдайлары мен отбасының өзінің ішкі үдерістеріне қатысты отбасы, отбасы қатынастары дамуының ішкі мәселелерін шешудің ұтымды әдістері мен технологияларын әзірлеу жөніндегі жұмыс әдістері мен қолданыстағы нысандарын талдау болып табылады.
Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс өзінің негізінде әлеуметтік (қоғамдық) ғылым бола отырып, техникалық, әсіресе, табиғи ғылымдармен байланысты. Оның білімі шегінде жүргізілетін зерттеулер пәнаралық сипатта болады: әлеуметтік-демографиялық, әлеуметтік-саяси, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық т.б.,ал екінші жағынан социология, педагогика, құқықтану және басқа да әлеуметтік пәндермен байланыстары бар.
Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс жүргізу кезіндегі көптеген әдістер пәнаралық болып саналады, өйткені өз қызметімен және ауқымды міндеттеріне
байланысты ғылым ретінде бөлінеді. Сондықтан да, отбасымен әлеуметтік жұмыс жүргізу кезінде қолданалатын әдістерді сипаттай отырып, оларды экономикалық, медициналық, саяси, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік, әкімшілік, педагогикалық және т.б. түрге бөлеміз.
Отбасымен жұмыс жүргізетін әлеуметтік қызметкер бұл - біздің басты маңызды ұғымарының бірі. Отбасымен жүргізетін әлеуметтік қызметкер бұл - отбасымен әлеуметтік жұмыс жүргізу саласындағы маман, өзінің кәсіби, лауызымдық міндеттеріне қарай адамда, отбасында, топта пайда болған проблемаларды жеңе білуде әлеуметтік көмектің барлық түрін көрсететін адам.
Отбасы барлық уақытта ежелгі философтардан бастап қазіргі заманғы ғылымдардың зерттеулерін қоса алғанда, озық қоғамдық ойлардың, ілгері саяси және қоғамдық қайреткерлердің басты назарында болды. Бірақ, отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс ғылым ретінде әлі даму үстінде.

1.3. Отбасымен бірге жүргізілетін жұмыстардың функциясы.

Қазіргі уақытта көптеген отбасылар қоғам талап ететін функцияларды толық орындау үшін көмек пен қолдауды қажет етеді. Мұндай көмекті толық емес және көпбалалы, жалғыз басты отбасылар, әскери қызметкерлер, мүмкіндігі шектелген балаларды бағатын, асыранды бала бағатын, мүгедек ата-аналары бар, студенттік, қашқындар, мигранттар, жұмыссыздар т.б. отбасыларқажет етеді.
Бұл бойынша әлеуметтік жұмыс күнделікті отбасылық проблема, отбасындағы позитивті қатынасты дамыту және бекіту, ішкі ресурстарды қалпына келтіру, әлеуметтік-экономикалық қол жеткізген жағымды нәтижелерді және әлеуметтендіруші потенциалды тұрақтандыруға бағытталуы тиіс.
Осыған орай әлеуметтік қызметкер төмендегідей функцияларды орындайды:
диагностикалық (отбасы ерекшеліктерін, оның потенциалын зерттеу);
қорғаушылық (отбасын құқылық қорғау, әлеуметтік кепілдікпен қамтамасыз ету, оның құқылары мен бостандығын жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау);
әлеуметтік-психолого-педагогикалық (отбасы мүшелерін психолого-педагогикалық ағарту, жедел психологиялық көмек, профилактикалық қолдау және патронаж);
ұйымдастырушылық-коммуникативтік (қарым-қатынасты, біріккен іс-әрекетті, демалыс, шығармашылықты ұйымдастыру);
прогностикалық (мекен-жайлық көмектің нақты бағдарламасын жасау және жағдаятты модельдеу);
координациялық (отбасылар мен балаларға көмек департаментерінің, халыққа әлеуметтік, реабилитациялық орталықтар мен қызметтердің, білім беру мекемелеріндегі әлеуметтік педагогтардың, жағымсыз отбасылармен күресетін ішкі істер органдарының күштерін біріктіру, байланысты ұйымдастыру және қолдау).

Педагогикалық жұмыстың негізгі үш функциясын, бағытын бөліп көрсетуге болады: диагностикалық, реабилитациялық, профилактикалық..
1. Диагностика отбасы және оның мүшелері туралы ақпарат жинақтайды, талдайды, проблеманы анықтайды.

Отбасын диагностикалау - әлеуметтік қызметкерден төмендегідей принциптерді сақтауды талап ететін, қиын да жауапты процесс.
- обьективтілік, алынатын ақпараттың өзара бірін-бірі толықтыруы және тексеруі;
- клиентоцентризм (проблемаға клиенттің қызығушылығына сәйкес қарау);
- конфиденциалдық, әдістер мен әдістемлердің адекваттылығы;
- клиенттің жеке өміріне араласпау құқығын сақтау және ұсынылатын әрекетке оның реакцияларының мүмкін болатын варианттарыналдын-ала көру.
Отбасын диагностикалау - ойластырмаған іс-әрекет пен қорытындылар жасамауды талап ететін ұзақ процесс.
Отбасындағы жағдаяттың дамуын диагностикалау үшін мынадай зерттеу әдістері қолданылады: бақылау, әңгімелесу, анкеталау, тестілеу. Шешім қабылдау, түзету бағдарламаларын жасауға шкалалық, үлестірме қағаздық, проективті, ассоциативті, экспрессивті әдістемелер көмегін тигізеді. Көптеген пайдалы ақпараттарды маман отбасы, оның мүшелеріне қатысты өмірбаяндық және құжаттарды талдау әдістері арқылы ала алады.
Алынған диагностикалық материалдардың негізінде оның мүшелері, жастары, та-аналары мен балаларының білімдері, олардың мамандықтары, ерлі-зайыптылардың жұмыс орындары, отбасы кірістері, денсаулық жағдайлары, тұрмыстық жағдайлары, отбасындағы өзара қарым-қатынастағы негізгі проблемалар туралы мәлімет көрсетілген отбасының әлеуметтік картасын құрастыруға болады. Бұл картада мүмкіндігінше отбасының экономикалық дамуына болжау жасау, көмек вариантын (жедел, тұрақтандырушы, профилактикалық) ұсыну және реабилитацияның қажеттілігін аргументтеу керек. Картаны толтыруға әлеуметтік-педагогикалық паспорттағы мәліметтерді пайдалануға болады.

2. Реабилитация - бұл отбасындағы жоғалған жағымды жағдайды қалпына келтіру мен жаңаларды қалыптастыруға мүмкіндік беретін шаралар жүйесі. Отбасы және оның мүшелерін реабилитациялау мақсатында әлемдік тәжірибеде отбасылар мен балаларға әлеуметтік қызмет көрсету мекемелері, территориялық орталықтар, медико-психолог-әлеуметтік және мультипәндік кризистік орталықтар қолданылады. Олардың іс-әрекетінің мазмұны отбасы мүшелеріне және жеке адамға олардың ресурстарын көбейту және қолдау, отбасы мүшелерінің басқа құндылықтарға бағыттау, олардың ұстанымдарын өзгерту үшін түрлі көмек түрлерін (заң, медициналық, психологиялық, әлеуметтік) ұсыну. Мұндай мекемелерде отбасы мүшелері мамандардан кеңес алады, топтық сабақтарға қатыса, реабилитациялық бағдарламаларға қосыла алады.
Сонымен қатар реабилитациялық функцияны отбасына көмектің үйге баратын формасына түрлі процестер мен әдістемелер кешені кіреді.
Біріншіден, бұл отбасына және оның мүшелеріне көмектің кризистік варианттары (сенім телефоны, супервизор көмегімен отбасына бару, стационардағы жедел психологиялық көмек).
Екіншіден, тиісті әлеуметтік қызмет және маман жоқ тұрғылықты жерлердегі көмек. Бұл жағдайда тренингілік топтармен жұмыс, қысымды түсіру әдістемесі, индивидуалдық және топтық кеңес беру, семинарлар жүргізіледі. Жылжымалы бригадалар бағдарламаны жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Үшіншіден, патронаж. Әлеуметтік жұмыста бұл терминнің мәні кең: бұл ерекше назар аударуды талап ететін, адамдардың кейбір категорияларына арнайы қызмет көрсету жүйесі. Үй жағдайында патронаж ішкі және сыртқы ресурстарды мобилизациялау мақсатымен жүзеге асырылады.

Патронаж белгілі реабилитациялық бағдарламадан өткен адамды үйге қайтаруда үлкен роль атқарады.Бұл жағдайда ол балалар немесе кризистік орталықтағы реабилитация курсы аяқталғанға дейін басталу керек.
Патронаждың төмендегідей кезеңдері бар:
1. Дайындық - отбасына қатысты мәліметтердің барлығымен танысу, әңгімелесу сұрақтарын құрастыру т.б.
2. Кіріспе бөлім - отбасы мүшелерімен тікелей танысу, келу мақсаттары, көрсетілетін көмек туралы айту.
3. Ақпарат жинақтау және бағалау - отбасы құрамы және жағдайы, ондағы өзара қатынас, бала тәрбиелеу әдістері, қаржылық жағдай, отбасы мүшелерінің денсаулығы, бала не ата-ана үшін маңызды оқиғалар туралы мәліметтер жинақтау, әлеуметтік карта толтыру, әлеуметтік қорғау қызметі шеше алатынпроблеманы анықтау.
4. Қорытынды - отбасы мүшелері алдында тұрған проблеманы нақтылау, түйіндеу, болашақ әрекет тактикасын бірігіп таңдау, ұсынылатын көмек түрлері туралы ақпарат беру, әлеуметтік қызметтердің толық меке-жайларын хабарлау.
5. Отбасымен жұмыс жасайтын басқа мамандармен (мектептердің әлеуметтік педагогтары, бала құқығы жөніндегі инспекторлар, білім беру, денсаулық сақтау, ІІБ органдарының мамандары т.б.) байланыс орнату.
6. Есеп - отбасын зерттеу актісіне тексеру нәтижелерін толық сипаттау, отбасымен болашақ жұмыстың жеке бағдарламасын құрастыру.
Отбасы проблемалары, оның күрделілігі патронаждың түрлі кезеңдерінде минимум-бғдарлама және максимум-бағдарлама деп аталатын бағдарламалар жүзеге асырылады.
Минимум-бағдарламалар отбасындағы өте құнды нәрселерден кенеттен айырылуына байланысты оқиғаларға бағытталған. Мысалы, жақындары, туыстарының денсаулығы, жұмыс, өрт нәтижесінде үйден т.б. айырылу. Мұндай жағдайларда әлеуметтік қызметкердің әрекеті обьективті шектеулерге қарамастан қысқа уақыт ішінде отбасы мүшелерінің қабілеттерінің оптималды қызмет атқаруын қалпына келтіруге бағытталады.
Максимум-бағдарламалар жоғалтқан нәрсенің орнын толтыру қажет кезде ғана емес, өмірлік позицияның бағытын өзгерту, отбасы мүшелерінің мінез-құлықтарын түзету және ауыстыруға қол жеткізу үшін де керек. Әсіресе масштабты өзгерістер түрлі мамандар мен қызметкердің потенциалын біріктіру, ұзақ та ерекше күш салуды талап етеді.
Жоғары айтылған әрекеттерден басқа отбасы және оның мүшелерімен кеңес беру және психотерапиялық жұмыс жүйелі жүргізілуі керек.
Патронажды реабилитация қол жеткізген нәрсені тек бекітудің сәтті формасы ғана емес, сонымен бірге профилактика болып саналады. Реабилитация отбасымен жұмыс істеудің үш деңгейін қарастырады: индивидуалдық (кеңес беру, патронаж), топтық (тренинг, жобалау) және қауымдық (әлеуметтік акциялар, әлеуметтік шығармашылық, бұқаралық мейрамдар).

3. Профилактика немесе алдын-алу отбасының толыққанды қызмет істеуін қамтамасыз ететін, болуы мүмкін проблемаларды тоқтататынпрвентивті шаралардың кешенінен тұрады. Алдын-алудың бір жолы - оқыту және ағартудың арнайы бағдарламасын жасау. Мысалы, отбасы проблемаларын және отбасы тәрбиесін зерттеу ата-аналар көбіне баланың эмоционалдық, интеллектуалдық, физиологиялық қажеттіліктерін қажетті сапалы деңгейде қанағаттандыратын және ұстап тұратын жағдайлар жасау, өзара қатынасты реттеуге қажетті білім мен іскерлік меңгеру мәселелері бойынша мамандардың көмегін қажет ететіндігін көрсетеді.
Ағарту бағдарламасының негізінде ата-аналарды тәрбиелеудің қарапайым шеңберінен тыс тұжырымдамалар мен модельдер алынады. Олар ересектерді түрлі адамдармен қатынаста пайда болуы мүмкін проблемаларды шешу, түрлі жағдаяттардағы мінез-құлық түрін таңдауда өз бетімен жұмыс жасауды кеітуге бағыттайды.
Мысалы, Ю.Хямяляйнен бірнеше модельдерді пайдалануды ұсынады.
А.Адлердің моделі ата-аналардың, отбасының басқа да мүшелерінің мінез-құлқын өзара сыйластық, біріктіру, теңдік принциптерін ескеру арқылы мақсатты және саналы түрде өзгертуге негізделген. Міндет ата-аналарды баланың ерекшелігін сыйлау, оның индивидуалдылығын мойындауға оның істерінің мотивтерін анықтауға үйрету.
Б.Скиннердің оқу-теориялық моделі ата-аналарды жағымды және теріс бекіту арқылы жедел қарқынмен қайта оқыту және үйретуге шақырады. Бұл модельге негізделген бағдарламаның мақсаты ата-аналарды өз баласының мінез-құлқын бақылау біліктілігіне, оны талдау және реттеуге үйрету.
Т.Гордонның сезімдік коммуникация моделі ата-аналарды қарым-қатынастағы диалогтыққа бағыттайды және біліктілікті қалыптастыруға ұмтылады. Біріншіден, белсенді тыңдау, екіншіден, екеуі де дұрыс ұстанымын жетекшілік ету және, үшіншіден, балаға өз пікірін білдіруге мүмкіндік беру.
М.Джеймс пен Д.Джонгардтың моделі адам түрліше: балаша, ата-анаша, ересекше әрекет ететін фактіні мойындауға, транзактілік талдауға негізделген. Мұны түсіну отбасы мүшелеріне компромисс, келісім көмегі арқылы өз қарым-қатынасын реттеуге үйретеді.
Алдын-алу элементі ретінде ата-аналарды, отбасының барлық мүшелерін ағарту қиындықты жеңу біліктіліктерін қалыптастыру, қарым-қатынасты реттеу және басқалардың бойында аналогиялық біліктіліктерді жасауға біліктілікке оқытады.
Бұл жағдайда тренингтер отбасы мүшелерінің, ерлі-зайыптылардың, ата-ананың коммуникативтік компетенттілігін дамытуға бағытталған.
Отбасын әлеуметтік қорғаудың экономикалық мазмұны бар және оны әлеуметтік қызметкер өз практикалық іс-әрекетінде жүзеге асырады. Бұл тұрғын үйлік және басқа да көмекпен қамтамасыз ету, транспорттық, коммуникалдық қызмет, медициналық, заң және әлеуметтік көмек, азық-түлікпен қамтамасыз ету, білім беру қызметі сферасындағы қолдау, жұмыспен қамтамасыз ету.
Осылайша, отбасымен педагогтік жұмысқа экономикалық, заңдық, психологиялық, әлеуметтік және педагогикалық астарлар қатысты, және бұл маманнан бұл ғылымдардың негізін білу, олардың технологияларын меңгеруді талап етеді.

2 тарау. Қазіргі заманауи отбасымен жүргізілетін педагогикалық жұмыстарға талдау

2.1. Отбасы педагогикалық қызмет нысанасы ретінде.

Отбасы әлеуметтік жұмыстардың маңызды салаларының бірі әрі негізгі нысаны болып табылады.
Отбасы нысанын жеке адамға алмастыруға бейімділік зерттеу жүргізуге ғана емес сұрыптау жасап, мәліметтерді және т.б. өңдеуге негіз болады. Әлеуметтік жұмыс, әлеуметтік қамқорлық, көмек, психотерапия, яғни медикаландыру неке мен отбасына байланысты ұлғайып отыр. Индустриялық қоғамда пайда болған әлеуметтік жұмыс адами қатынастарды ең алдымен өндірісте қалпына келтіру мақсатында, отбасылық өндіріс сатысында экономика тән болған осы қатынастардың жойылып кеткен адами сапаларын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі ұйымдағы ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру ерекшеліктері
Тұрмыс жағдайы төмен отбасылармен әлеуметтік жұмыс технологиясы
Отбасымен жүргізілетін әлуметтік жұмыстың маңызы
Мүгедек баласы бар отбасы
Мектепке дейінгі мекеменің отбасымен байланысы
Заманауи мектепке дейінгі мекемелерде ата-аналармен жұмысты ұйымдастырудың ерекшеліктері
Мектепке дейінгі мекеменің отбасымен жұмыс түрлерін ұйымдастыру
Жас отбасының қалыптасуы мен нығаюында мемлекеттік әлеуметтік саясаттың рөлі
Мектепке қабылданар баланың психологиялық даярлық деңгейін тексеру
Әлеуметтік қызметкер және отбасы
Пәндер