Мал азықтарының жіктелімі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Комерциялық емес акционерлік қоғам

Нұрабаев Б

Алматы облысындағы «Қызылжар » өндірістік кооперативінде мал азығы цехындағы технологиялық поцестерді жобалау

ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА

Мамандығы 5В080600 - «Аграрлық техника және технология»

Алматы 2021

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ

Комерциялық емес акционерлік қоғам

ІТ-технологиялар, автоматтандыру және агроөнеркәсіптік кешенін механизациялау факультеті

«Аграрлық техника және технология» кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА

Тақырыбы: Алматы облысындағы «Қызылжар » өндірістік кооперативінде мал азығы цехындағы технологиялық процестерді жобалау

Беттер саны

Сызбалар мен көрнекі

материалдар саны

Қосымшалар

Орындаған: Нұрабаев Б

2021 ж. “” қорғауға жіберілді

Кафедра меңгерушісі Бекбосынов С. Б.

Жетекші Жортуылов О. Ж.

Арнайы тараулар кеңесшілері:

Жортуылов О. Ж.

(тарау) (қолы) (аты-жөні)

(тарау) (қолы) (аты-жөні)

Норма бақылау

Сарапшы

Алматы, 2021

Мазмұны

Кіріспе . . .

Реферат . . .

1. Әдеби шолу және жем шөп өңдейтін цехты жобасын негіздеу . . .

1. 1 Алматы обылысы «Қызылжар» өндірістік кооперативі

жайлы қысқаша мәліметтер . . .

2. Жем шөп цехын технологиялық есептеулері . . .

2. 1. Малдарға, азық әзірлеуге қойылатын талаптар және жобаланатын цехты сұлбасын негіздеу . . .

2. 2. Малдың тәуліктік рационын жасау және жүйеге қажетті машиналар мен жабдықтар таңдау . . .

3. Консурукторлық жасалым . . .

4. Еңбек қорғау . . .

5. Жобаның техника - экономикалық көрсеткіштері . . .

Қорытынды . . .

Пайдаланған әдебиеттер . . .

Кіріспе

Жалпы ірі қара шаруашылығы - мал шаруашылығындағы ең маңызды сала, біріншіден - халқымызды сапасы өте жоғары тағамдармен қамтамасыз етеді, екіншіден - жеңіл өнеркәсіпті шикізатпен қамтамасыздандырады, әрі бұл сала маңызды органикалық тыңайтқыштарды да өндіретінін жақсы білеміз [1] .

Халықты азық - түлікпен ( ет, сүт, сүт тағамдарымен) қамтамасыз етуде ірі қара мал шаруашылығының маңызы өте зор. Сондықтан сүт өнімі оның 99 пайызын, ал ірі қара еті 40-45 пайызын құрайды. Сонымен қатар ірі қара мал терісі де жеңіл өнеркәсіп шаруашылығында көп пайдаланылады. Әрі ірі қараның қиы ауыл шаруашылығында, әсіресе кейінгі уақыттарда, кеңінен органиңалық тыңайтқыш түрінде қолдануда.

Ірі қара мал шаруашылығының өнімділігі және малдардың қоңдылығы, оларға берілетін жем шөптің сапасы мен құнарлығына ғана байланысты емес сонымен бірге жем шөпті мезгілімен беріп отыру да өз әсерін тигізеді. Азықты тарату негізігде технологиялық үрдістердің сақталмауы әсерінен малдарды күтіп бағу режимінің бұзылына әкеліп соғады.

Статистикаға жүгінетін болсақ Қазақстан экономика министрлігінің жобалауынша республикада 20 . . . 22 млн мал басы болады деп күтілуде, саланың тиімділігін арттырудың ең негізгі шарттарының бірі малға арналған жем шөп базасының тиянақты қорын жасап азықтарды малдың әр бір тобының физиологиялық және басқа да талаптарына сай әзірлеп беру [1] . Ол бұрынғы шаруа қожалық жағдайларында жиналған эксперименттік тәжірибелер көрсетіп отырғандай арнайы жемшөп өңдейтін цехтардың табысты және нәтижелі жұмыстар атқаруына тікелей байланысты азықтардың малдың өнімдерін арттыру мен қатар, оның денсаулығына да әсер ететінін есте сақтау қажет. Мал өнімдерінің сапасын күшейтуде және көлемін ұлғайту да жем шөп базасының алатын орыны ерекше. Азықтық қоспаның құрамына, құнарлылығына және оны уақытында таратып беруге малдан алынатын өнімдердің мөлшері мен сапасы тікелей тәуелді. Мал фермалары жеке шаруашылықта жем шөпті өңдеп, дайындап беру нәтижесінде олардың шығынын 20 . . . 30%азайтуға болады

Еліміздің экономиканың аграрлық секторында Мемлекеттік агроөнеркәсіптік бағдарламасын іске асыру аяқталды. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 28 % - ға көтеріліп, 772 млрд. теңгені құрайды. Ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу саласында өсу қарқыны 20% - ға жетті. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 38% - ға артты. Төрт түлік мал саны түгелдей өсіп келеді: мүйізді ірі қара саны 4293, 5 мыңнан, 6337, 0 мыңға (1264, 3%), қой саны - тиісінше 10478, 6 мыңнан 13702, 0 мыңға (130, 8 %), шошқа 1123, 8 мыңнан 1347, 0 мыңға (114, 7%), түйе 103, 8 мыңнан 127, 2 мыңға (122, 5 %), құс 21130, 2 мыңнан 25862, 2 мыңға (122, 3 %) көбейді [1] .

Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және олардың сапасын жақсартып, шығынды азайтуда өндірістік үрдістерді механикаландыру және электрлендірудің атқаратын рөлі зор. Отандық ауылшаруашылық тауар өндірушілер нарықтық жағдайда бәсекелестік қабілеті бар үлкен өнімдер шығаруы тиіс. Сол себепті алдыңғы жақтағы ең озық техникалар мен технологиялар жүйесін фермерлік шаруашылықтар мен шаруа қожалықтары өндірістеріне енгізіп, еңбек, отын, энергия және басқа да материалдық - техникалық қорлар шығындарын азайту арқылы жоғары табыс алуға қол жеткізу керек. Шаруашылықтар қолданысындағы технологиялар мен машиналар жиынтығы заманауи талаптарына толық сәйкес келмей отыр [2] .

Ірі қара мал шаруашылығына ғылым мен техника жетістіктерін енгізу үшін, осы саланы толық жетік білетін, біліктілігі жоғары мамандарды даярлау өте қажет болып отыр. Қазақстан Республикасының ғылыми-зерттеу мекемелері мен жоғарғы ғылыми-зерттеу оқу орындарындарында түпкілікті жаңа технологиялар мен машиналар жүйелерін жасау үстінде. Олар мал мен құс асырап ұстаудың тиімді және қолайлы әдістерін, мал азығы қорларын өңдеудің жаңа технологияларын, витаминді азықтық қоспалардың жаңа рецептерін, рациондарын және т. б. осы заманауи талаптарына сай келетін ізденістер жүргізуде. Аталған жұмыстардың фермерлік шаруашылықтар мен шаруа қожалықтары іс - тәжірибесінде қолдану мүмкіндіктерін анықтау үшін өндірістік сынақтан өткізеді. Мал шаруашылығында пайдаланып жүрген технологиялар мен машиналар жиынтығы халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес өнім шығару үшін қайта қаралып, жетілдіруді қажет етеді. Аталған жәйт Қазақстанның Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымына кіру кезеңінде шешуші рөлін атқарады, демек саладан түсетін өнімдерге қойылатын талаптар күшейе түседі.

Ірі қара мал шаруашылығын нәтижелі дамытудың ерекше жолы, бұл саланы толығымен қарқынды технологияға көшіру, әрі әр табынның сапасын жақсарту, сұрыптау және жұп таңдау тәсілдерін молынан пайдалану, мал азығын молайту, мал азығының сапасын жақсарту болып саналады [14] .

Қазақстан Республикасы сүтті және етті тұқымды ірі қара малын дамытуда үлкен жетістікке жетті. Қазақстанда жалпы ірі қара мал бас саны 9, 7 млн - нан, ал сауынды сиыр мал бас саны 3, 2 млн - нан асқан.

Негізі қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының шаруашылықтарында сүтті және сүтті - етті бағытқа жататын: қырдың қызыл, әулиеата, қара ала, алатау, симментал, латыштың қызыл қоңыр, айршир ірі қара тұқымдары болса, ал етті бағытқа жататын: қазақтың ақбас, әулиекөл, санта - гертруда, абердин - ангусс, галловей, шароле, қалмақ, герефорд ірі қаралары жатады.

Республикамыздың сүтті, сүтті - етті ірі қарасын одан әрі асылдандыру және дамыту үшін әлемдік генофондтарды дұрыс қолдану қажет.

Диплом жобасының мақсаты Алматы облысы «Қызылжар» өндірістік кооперативінде мал азығы цехында жемшөпті өңдеп беру, технология мен жабдықтау мәселесі қарастырылған, сондықтан «Қызылжар» фермерлік шаруашылығында жем шөп өңдеу кезінде 60 . . . 70% қол жұмысы, жұмсалады, ал жаңартуға шаруашылықтың қаржысы жоқ, сол себепті цехтың өндірістік қуатын қазіргі нарықтық қатынастарға сай келетін жеке меншік нысанадағы кәсіпорындар өндірісіне келтіретін пайда жоспарланады.

1 Әдеби шолу және жем шөп өңдейтін цехты жобасын негіздеу

Ірі қара мал шаруашылығының өнімдері аудан тұрғындарының басты табысы болып табылады, ауыл шаруашылығында өндірілген барлық өнімнің 84 % құрайды, соңғы жылдары оның сапасын арттыруда біршама жұмыстар ұйымдастырылды. Атап айтқанда барлық ауыл шаруашылық малдары арасында селекциялық сұрыптау жұмыстары жүргізіліп, асыл тұқымды шаруашылықтарға жоғары дәреже берілді, сиырды қолдан ұрықтандыру пункттері ашылды. Бүгінгі күні ауылшаруашылық құрылымдарының алдында тұрған үлкен міндет - халықты жоғары сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ету, оның ішінде мал өнімдері ет және сүт. Сапалы және арзан етпен қамтамасыз етуде мал бордақылау алаңдарының атқаратын қызметтері өте маңызды. Ондағы өндірілетін еттің сапасы жоғары, өзіндік құны төмен болады, себебі мемлекет тарапынан субсидия ретінде көмек көрсетіліп отырады. Және де осы мәселелерді шешуге ірі шаруашылықтармен қатар ұсақ құрамалар жұмыстарын да жұмылдыру қажет. Осындай мәселелерді шешу мақсатында «Қызылжар» шаруа қожалықтарының негізінде шағын мал бордақылау алаңшаларын және мал азығын дайындайтын алаңдар ұйымдастыру үшін семинар-кенес өткізілді.

-шөпті орама немесе тікбұрышты тайлап сығымдау процестерін атқаратын жетілдірілген техникалық құралдарды (шөпшапқыштар, орама және тікбұрышты жинағыш-тайлағыштар және т. б. ) жасау арқылы мал азығын дайындау технологиясын жетілдіру;

-мал азығын даярлау технологиясын және техникалық құралдарды жетілдіру (мал азығын уатқыш-ұсақтағыштар, мал азығын дайындау тізбектері және агрегаттары, араластырғыштар, таратқыш-араластырғыштар, жинағыш-ұсақтағыштар т. б. ) ;

-өсімдіктердің жапырақ бөлігінен витаминді көк шөп ұнын дайындау үшін қуат үнемдейтін технологиялар мен техникалық құралдарды жасау.

Қазіргі уақытта эксперимерттік зертханада шөпшапқыш-жинағыш және ПТ-160 тікбұрышты жинағыш- тайлағыш жасалып жатыр.

Сиырдың жақсы өсіп - жетілуі және одан мол өнім алу үшін оны дұрыс азықтандыру басты шарт. Ол үшін сиыр ағзасына қандай да бір қоректік заттардың қаншалықты мөлшерде қажет екендігін білу керек. Себебі бұл қажетті қоректік заттар малдың жасына, өнімділік бағытына, тұқымына байланысты болып келеді. Сауын сиырларға, буаз сиырларға, сақа және тұмса сиырларға берілетін азық мөлшері, азық түрлері мен оның қоректілігі түрліше болады. Сол себепті әрбір сиыр оның өзіне өлшеніп жасалған мөлшердегі азықпен азықтандырылғаны өте дұрыс.

Ірі қара малды оның ішінде сиырды нормамен азықтандыру дегеніміз, оның сүттілігіне, сүтінің майлылығына, қоңдылығына, жасына, қашан және қанша бұзаулағандығына және басқа жағдайларына қарай азықтандыру болып табылады.

Сиырға берілетін азықтарды олардың қоректілігіне, құнарлығына және басқа да қасиеттеріне қарай ірі, шырынды және жем азықтар деп бірнеше топқа бөлінеді.

Ірі азықтарға организмге сіңімділігі төмен, құрамында клетчаткасы жоғары пішен, топан сияқты азықтарды жатқызамыз. Шырынды азықтардың құрамында су мөлшері көп болады. Оларға: көк шөп, сүрленген шөп, тамыр жемістілер (мал азықтық қызылша, сәбіз және т. б. ) мен тамыртүйнектілер - картоп, топинамбур және т. б. жатқызамыз (1 суретте көрсетілген) .

а - соққылап үгіту; б - жаныштау немесе қысу; в - жаныштау;

z - мыжғылау; d - кесу; m - майдаланатын азық массасы;

v - майдаланатын азықтың жылжу жылдамдығы; Р - азықты үгіткіш күш

сурет 1 Азықты ұнтақтау тәсілдері

Соя, жүгері, рапс және басқа мал азығы дақылдарын өсіріп, дайындап, қайта өңдеу арқылы құрама жем өндіретін цехтарды әрбір бордақылау алаңының, тауарлы-сүт фермасының жанына орналастырады. Жемшөп базасын нығайту мәселесін де ұштастыра жүргізуде. Ал мұндай дақылдардың бәрі суармалы жерде ғана өсетіндігін ескере отырып, суармалы алқаптың көлемін арттыруды да жоспарлап отыр. Аудан шаруашылықтарындағы машина-трактор парктерін мал азығын дайындайтын және басқа да қажеттілікке пайдаланатын ықшам техникалармен жаңартуда айтарлықтай жұмыстар атқарылып жатыр. 2019 жылы 306, 4 млн. теңгеге 59 техника алынса, былтыр бұл сала 253 млн. теңгенің алты астық жинағыш комбайнымен, жеті трактормен, екі егістік техника жиынтығымен және басқа да әртүрлі техникалармен қамтамасыз етілді. Шаруашылықтардағы 223 комбайн, 101 дестелегіш, 802 трактор, 357 жүк автокөлігі, 317 трактор тіркемелері күнделікті және науқандық жұмыстарды жүргізу үшін пайдалануда.

Айтарлықтай жем азықтары қуатты, маңызды, малға жұғымды келеді. Жемге: сұлы, қара бидай, арпа, тары, жүгері, қытай бұршақ т. б. дәндерді жатқызамаз. Өндіріс қалдықтарынан: кебек, күнжара, кептірген жом, сірне т. б. жатады. Кейінгі кездері құрама жем өте маңызды орын алып келеді. Ол бірнеше азықтардан, әсіресе әр түрлі дәнді-дақылдарды майдалап, араластырып дайындалады. (2 суретте көрсетілген) .

1-табан, 2 - лақтырғыш қалақшасы, 3 - жұмыс камерасы, 4 - бүріккіш,

5 - ұсақтағыш пышақтар, 6 - қарсыкескіш, 7 - электрқозғалтқыш, 8 - жетек

сурет 2 ИСК-3А жемшөп ұсақтағыш - араластырғышы

Ірі қара мал оның ішінде сиырға жем шөп бергенде тұз, бор, сүйек ұны және сол сияқты минерал азықтарды да қосып береді. Азықтың қоректік бағасы оның құрамындағы кездесетін заттардың мөлшеріне байланысты болып отырады. Мал азығының құрамына кіретіндер қоректік заттар - ақуыз, май, минералдық заттар, углеводтар, дәрумендер. Азық дегеніміз құрамында органикалық және минералдық қоректі заттары бар, арнайы дайындалған, малдың ағзасына және одан алынатын өнімге (3 суретке сәйкес) зиянды әсерін келтірмейтін мал азықтандыру өнімдері.

1 - көлденең тасымалдағыш, 2 - тығыздағыш көлбеу тасымалдағыш, 3 - кескіш барабан, 4 - магнитті сепаратор, 5 - жармалау камерасы, 6 - шанақ, 7 - циклон, 8 - сүзгіш жең, 9 - тосқауыл, 10 - желдеткіш, 11 - ұсақтағыш

Сурет-3. КДУ - 2, 0 азық жармалағышының технологиялық сұлбасы

Жем қабылдау және оны сақтау:

Жем қабылдау және оны сақтау

:
Меласса ерітіндісін әзірлеу: Меласса ерітіндісін әзірлеу
Меласса ерітіндісін сақтау және беріп отыру: Меласса ерітіндісін сақтау және беріп отыру
Азықты булау және араластыру: Азықты булау және араластыру
Сабанды ұсату және тарату: Сабанды ұсату және тарату
Тамыр түйнек жемістерін жуу және ұсату: Тамыр түйнек жемістерін жуу және ұсату
Тамыр түйнек жемістерін қабылдау және сақтау: Тамыр түйнек жемістерін қабылдау және сақтау

сурет 4 Ірі қара үшін сабанды булап, азық қоспасын әзірлеудің технологиялық схемасы

Физикалық күйі және энергетикалық құндылығына байланысты мал азығын көлемді к (1 кг массада 0, 6 дейін азықтық бірлік) және дәнді (1 кг массада 0, 6 жоғары а. б. ) деп екіге жіктеледі. Азық әзірлеудің технологиялық сұлбасы жоғарыда көрсетілген (4-сурет) .

Сонымен бірге, мал азығы органолептикалық және химиялық көрсеткіштері бойынша кластарға жіктеледі.

Шығатын тегіне қарай мал азықтары өсімдіктерден, жануарлардан және өнеркәсіптен алынатын деп негізгі үш топқа бөлінеді. Бұл топтар тиісінше келесідей топшаларға жіктеледі: ірі сабақты, құнарлы, дәнді, етті, сүтті, құрама азықтар, азықтық қоспалар, тамақ және техникалық өндіріс қалдықтары. Мал азығының жіктелімі мен қолданылуы берілген. Республикада, шаруа қожалықтарында кейінгі жылдары жемшөп өндірісі саласында көптеген өнімді жұмыс атқарылуда [14] .

Олардың құрамында сабан, (бос күйінде, оралған, теңделген), пішендеме немесе сүрлем, тамыр түйнек жемістілер, жем, меласса және карбалид ертіндісі бар ылғалды азық қоспаларын дайындауға арналған.

Мұндағы барлық жүйелер жемшөп әзірлеудің технологиялық процесіндегі қортынды операцияларда үйлесімді, мөлшерлейді, ұсақтайды, тасымалдайды, витаминдерді қосу арқылы араластырылады.

Малдан әсіресе ірі қарадан алынған өнімді арттыру үшін малды толық рационды азықпен азықтандыруды қамтамасыз ету керек. Оның кепілі пішен түрлерінің мал жеміне жарайтынының барлығын өңдеп, нәрлендіріп беру. Зооинженерлік талаптартарға сай келетін әр бір жеке малға 16 . . . 18 азықтық өлшемінен кем болмауы тиіс, ал кейбір облыстарда бұл көрсеткіш 23 . . . 30 азық өлшеміне тең болуы тиіс.

Эксперименттік тәжірибе мен ғылыми зерттеулердің нәтижесі көрсетіп отырғандай жем шөпті тек қарапайым өңдеуден өткізудің өзі ғана ( ұсақтау, тұрау, бұлау, азықты жылту т. б. ) пішеннің сапасын жақсартып оны жалпы 20 . . . 30% де үнемдеуге мүмкіншілік береді. Рационда малға керекті протеин, углевод макро және микроэлементтермен толықтырылған жағдайда әдетте жұмсалып жүрген мал азығының 20 . . . 25 % үнемдеуді шаруашылықтың тәжірибесінен көруге болады. Мұның өзі республика бойынша шамамен бір миллионға жуық азық өлшемін үнемдеуге болады. Азық қоспасын дұрыс негізделген қоспа азық желінуде әдеттегіден 15-20% жақсарғанын байқаймыз. Оның құрамында өте арзан азықтар жинағы, егіншілік және мал шаруашылығына қалдықтарын қосса кәдеге жарар еді. Мал шаруашылығында мал басы аз болғандықтан бұрынғы азық жармалағыштар шаруа қожалығына шығын келтірмесе пайда алып келуі екіталай, сондықтан әмбебап жармалағыш ұсақтағыш келесі (5 - суретте көрсетілген) .

1 - балғалы ротор, 2 - дека, 3 - шанақ жетегінің шынжыры, 4 - шанақ,

5 - бағыттауыш конус, 6 - дефлектор

сурет 5 ИРТ - Ф - 80 жармалағыш - ұсақтағыштың сұлбасы

Бұл машинаның өнімділігі - 4 . . . 7 т/сағ, жетегінің қуаты - 50 кВт, салмағы - 2445 кг.

Азық - Пішен. Сиыр азықтарының ішінде пішеннің маңызы зор. Пішен мал азығы қорының жетекші түрі, әсіресе малды қолда ұстағанда негізгі азығы болады. Жақсы сапалы пішен, әсіресе бұршақ тұқымдас шөптер аралас пішен құрамы белоктармен толықтырылған, өте жақсы сапалы пішен жұғымдылығы жағынан жемге жақындайды. Мұның үстіне ағзаның өсуіне қажетті дәруменді де мал көбінде пішеннен алады.

Пішеннің сапасы, ең алдымен оның қандай шөптерден тұратындығы және жиналу мерзіміне байланысты. Пішенде жоңышқа, беде, сиыржоңышқа сияқты бұршақ тұқымдас өсімдіктер және бидайық, аққонақ, тарғақ шөп, мысыққұйрық сияқты шөптер молынша көп болса, оның қоректілігі соғұрлым жақсы болады. Пішенді шөп гүлдей бастаған кезінде орады және қуратып алмай уақытымен жинаған дұрыс. Пішен қурап кеткен болса, жапырағы мен гүлі түсіп, шөптердің сояуланып, тек сабақтары қалады. Ал пішеннің жапырағы сабағына қарағанда екі есе бағалы. Сол себепті уақытында жинап алу өте маңызды. Мезгілімен шабылмаған шөптердің пішені ірі келеді, клетчаткасы көп болып, мал оны сүйсініп жей қоя бермейді. Жақсы пішеннің түсі жасыл, хош иісті келеді. Табиғи шөптер пішенінің бірнеше сорттары болады.

Егіндікте суармалы жерлердің пішені өте жоғары сапалы келеді. Онда негізінен дәнді шөптер мен бұршақ тұқымдас өсімдіктер басым өседі. Шалғын пішеннің ең жақсы шөптері көбінесе қоңырбас, арпабас, суоты, сиыржоңышқа, жоңышқа сияқты астық тұқымдас шөптерді айта кету керек. Тоғай пішенінің тәуірі орманды жерлердегі, күннің көзі жақсы түсетін тегіс беткейлерден және бұталар арасындағы ашық жерлерден шабылады, ал тоғай арасындағы алаңның, әсіресе күннің көзі онша түспейтін жерлердің пішені нашар болады. Ондай жерлерде малға жұғымсыз, тіпті ағзаға зиянды шөптер де көп өседі [14] .

Батпақты жердің пішенінде қоғажай, қамыс, сүйрік қоға, қырық буын сияқты малға қоректік пайдасы төмен, яки улы шөптер кездеседі, қоңырбас, суоты сияқты шөптер сирек кездеседі, бұршақ тұқымдас шөптер болмайды. Пішеннің ең жақсысын екпе шөптер береді. Жоңышқа пішені бұршақ тұқымдас шөптердің пішеніне кіреді. Оның құрамында протеині, кальцийі және дәрумені көп, сондықтан мал ондай шөптерді өте сүйсініп жейді.

Пішен ұны жем орнына пайдаланылады. Пішен ұнының ірілігі әртүрлі болуы мүмкін. Оны кәдімгі ұн сияқты майдалап турап беруге болады. Ұн тартылатын пішенді құрғақ, бұзылмайтын, жабық жағдайы бар жерде сақтайды. Ылғалдылығы 10-12% болуға тиіс. Пішен ұны қараңғы қора - жайдағы жәшіктерге немесе қаптарға нығыздап салып сақтайды. Ұн нығыздалып, ылғал тартқыш келетіндіктен, оның дәрумендері уақытымен жойылады.

Күнжара - құнарлы азықтардың бірі. Күнжарада ақуыз бен май өте көп болады. Сол себепті сауылатын сиырға, төлге асыл тұқымдымалға өте пайдалы витамині жоғары азық болып есептеледі. Майдың қандай дәннен шығарылуына қарай күнбағыс күнжарасы, зығыр күнжарасы, мақта күнжарасы т. б. болып бөлінеді.

Мал мен құсты азықтандыруға арналған жемшөп зоотехникалық талаптарға сай болып келетін құнарлы әрі дәмді, жеңіл қорытылатын және сіңімді болуы тиіс, оның құрамында мал ағзасына және одан алынатын өнімнің сапасына зиянды әсері бар заттар мен қоспалардың болуы рұқсат етілмейді. Бұл талаптарға малды азықтандыруға табиғи түрінде берілетін жемшөптің едәуір бөлігі сәйкес келеді.

Кесте 1

Мал азықтарының жіктелімі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мал азықтарының жіктелуі
Әр түрлі бағыттағы ірі қара тұқымдары
Алты айдан асқан сүтті-етті тұқымның ұрғашы бұзауларын күтіп-бағу және азықтандыру
Мал басына жазғы жайылым кезінде жем-шөп көлемін жоспарлау әдістері
Азық құрамы
Қазақстанның ауыл шаруашылығының дамуы
Азық құрамындағы қоректік заттар
Етті бағыттағы бұқаны азықтандыру
Ауыспалы жайылымдардың тиімділігі туралы
Диспансеризация туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz