Терілерді сақтау цехы


1. 1 Атырау облысы «Алмаз» шаруа қожалығының өндірістік
сипатамасы
2. 3 Ет өңдеуге қажетті технологиялық қондырғылар және
машиналарды таңдау әдістері
Кіріспе
Қазақстан Республикасы халқына жолдауында «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты стратегиясының ауқымы бойынша шағын және орта бизнестi мемлекеттiк қолдауға үлкен мән бердi. Алғашқы президенттің тапсырысымен оны 2015 жылдың соңына дейiн жүргiзу және тiркеуге байланысты түрлi операциялық шығындарды 30 пайыз дейiн азайтуға тапсырма берген болатын.
Елдің бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте, азаматтардың өмір сүру деңгейі мен сапасының көтерілуі, тұрақтылық, мемлекеттің айқын болашағы, елде қабылданған заңдардың қатаң сақталу деңгейі және тағы басқалар. Демек, тауарлар мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігі қаншалықты жоғары болса, соғұрлым ресурстарды толық пайдалану тиімділігі мен халықтың өмір сүру деңгейі де жоғары болады.
Уақытында мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі жоғары көлемде артуы өндірістің негізгі үш факторын қамтиды: табиғи ресурстар, еңбек ресурстары және капитал. Бәсекеге қабілеттілікті бірінші кезекте, жоғарғы деңгейдегі елдің инфрақұрылымы, оның ғылыми әлеуеті, халықтың білім деңгейі сияқты факторлар - өндіріс пен техникалық прогрестің дамуымен байланысты. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, өндіріс факторларының болуы маңызды, дегенмен табысты бәсеке жағдайында жеткіліксіз болып отыр. Сол себепті, қызмет көрсету салаларында ішкі бәсекелестік, шаруашылықтардың стратегиясы мен құрылымы және ішкі салалық бәсеке қажет.
Мемлекеттік азық-түлік бағдарламасының құрамдас бөлігінің бірі мал шаруашылығынан алынатын өнім түрлерін өңдеу мен өндіру саласындағы атқарылар істердің ауқымы Республикамызда жүзеге асырылып жатыр. Ал бұл бағдарламаны ойдағыдай жүзеге асырудың басты шарттарының бірі - мал шаруашылығын интенсивті дамыту және малдан алынатын өнім түрлерін көбейту керек. Халықты дәмді де сапалы азық түрлерімен қамтамасыз ету үшін, өнімдерді өңдеу технологиясы мен техникалық құрал-жабдықтары бойынша малдан алынатын өнім түрлерін әзірлеу әдістерін қолданады.
Малдан алынатын өнім түрлерін өндіру саласының мақсаты - агроөнеркәсіптік кешендегі сол шаруашылықтың өзінде өнімді қайта өңдеу орындары болған жағдайда, халықты сапалы азық-түлікпен және өзге өнім түрлерімен қамтамасыз ете отырып халықтың жағдайын жақсарту.
Өндіріс технологиясы мен оны іске асыратын техникалық құрал-жабдықтар кәсіпорындағы еңбек өнімділігінің деңгейін өзара тығыз байланыстыратын екі факторын анықтаған. Айта кету керек, ауыл шаруашылығын реформалау барысында өндірістің даму факторлары тіптен ұмыт қалып қойды. Сол себепті елімізде ішкі рынокты малдан алынатын тағамдық өнімдермен қамтамасыздандырумен қатар, оларды шет елдерге экспортқа шығару мүмкіншіліктері болғанның өзінде жүзеге асыра алмай келеді.
Кейінгі уақытта азық-түлік кешеніндегі өзгерістер, саланы технологиялық реформалаумен байланысты жүруі керек, демек отандық азық-түлік кешенін қалыптастыруда өндірісті жаңаша технологияландырудың басымдылығын күшейту арқылы, отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекелестік қабілетін арттыруды стратегиялық фактор ретінде қарау керек.
Қазіргі заманғы технологиялар ауыл шаруашылығы өндірісінің жоғары тиімділігін, өнім сапасын, пайдасын өсіріп, қоршаған ортаны қорғап және көп мөлшерде пайда алуын қамтамасыз етуі тиіс. Агротехнологиялық құрылымдардың кейбір жылдарғы саланың жұмысын тұрақсыздандырып, оған кері әсер ететін сыртқы факторларды азайту үшін өнімді өндіру, сақтау, ұқсату және өткізу барысын тездетіп, соңғы дәрежедегі озықты технологиялар мен техникалық құрал-жабдықтар пайдалану қажет екендігін көрсетеді.
Малды бағу тәсіліне байланысты мал өнімі сапасының деңгейі жоғары болады. Шаруашылықта арнайы малдан алынатын өнім түрлеріне қарай малды бағып-күтетін орын және бағып-күтудің тәсілдері толығымен іске асырылса, алынатын өнім түрлерін қайта өңдеу орындарындағы технологиялық процесс пен технологиялық операцияларды орындайтын машиналар мен аппараттардың жұмыстары дұрыс жүргізілген жағдайда дайын болған өнім түрлерінің сапа деңгейі жоғарылап, өнімнің сақталу мерзімі ұзарады. Бұл өнімнің жоғары сапалылығы мен тазалығына толық кепілдік береді. Олардың бақылауы бойынша ет өндіру цехында жөндеу және қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, өнімнің сапасына және өндіріс технологиясының сақталуына айрықша мән береді. Шаруа қожалықтағы негізгі алынатын өнімдер - мал өнімдер. Сондықтан малдан алынатын өнімдерді өз шаруақожалығында дайындауға толық жауапкершілікпен ат салысады.
Мал ет өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігі оның біршама тұтынушылық қасиеттерімен анықталады. Осыған байланысты ет және ет өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігі - бәсеке жағдайында тағамдық құндылығы, сақталу мерзімі, табиғилығы, дәмі, сапалылығы, бағасы, санитарлық-гигиеналық жайы, сыртқы орамасының тартымдылығымен тұтынушылардың қажеттілігіне және талғамынасәйкес болуы керек. Сондықтан оған өнім сапасы, бағасы, тұтынушы талғамы және жаңашылдық факторлары әсер етеді.
Қазіргі уақытта ет және ет өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда, Атырау облысындағы «Алмаз» шаруақожалығының ет өндіру цехында, тек өнімнің бір ғана түрін өндіруге икемделген және шығарылатын өнімдерін терең өңдеу технологиясымен қамтамасыз ету әлі де жолға қойылмаған.
Біздің дипломдық жұмыстың басты мақсаты - қазіргі заманауи шаруақожалықтардағы кішігірім кәсіпорындарға арналған, ет өнімін өңдеу технологиясын негіздеу және шұжыққа арналған етті өңдеу машинасына құрылымдық өзгеріс енгізу арқылы халықты өте жоғары сапалы азықпен қамтамасыз ету.
Дипломдық жоба тақырыбын негіздеу
1. 1 Атырау облысы «Алмаз» шаруа қожалығының өндірістік
сипатамасы
«Алмаз» шаруа қожалығы Атырау облысы Махамбет ауданында орналасқан. 1997 ж. құрылған және аудан орталығы Атырау оңтүстік-батысында орналасқан әкімшілік бірлік. Республика көлемінде ауыл шаруашылығы саласында мүйізді ірі қара, жылқы және құс бастары санынан, жүгері, картоп және көкөніс өсіруде, ет, жұмыртқа және жүн өндіреді. 2018 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өндіріс көлемі 227, 8 млрд. теңгені құрады және кейінгі бес жыл ішінде 2, 2 есеге арттырылды.
«Алмаз» шаруа қожалығының фермерлік шаруашылық аумағының климаттық жағдайы құрғақ далалы аймаққа жатады. Атырау облысының климаты континенттік, оңтүстігінде қысы біршама жұмсақ және қысқа. Климаты тым континенталды, жазық далада қаңтардағы орташа температура -15 С, маусымда сәйкесінше - +16 С және +24 +25 С. Жазық далада жыл бойы түсетін жауын-шашын көлемі - 300 мм дейін болады. Жауын - шашын әр мезгілде әртүрлі түседі. Ең көп мөлшері наурыз, сәуір айларында, ең азы жазда жауады (5 . . . 7%) . Желдің жылдық орта жылдамдығы секундына 12 - 14 метрден аспайды. Желдің ең жоғары жылдамдығы көктем - қыс айларына сай келеді. Қожалық аумағының жері ашық - сұрғылт топырақты және көп жерлерде олар сор болып келеді. Бұл аймақ жерасты сулары жақын болғандықтан сортаңданады. Механикалық құрамы жағынан орта сазды ашық - сұрғылт топырақтарға жатады. Аймақтың өсімдіктері өте аз, өсіп - жетілу кезеңдері қысқа (шеркез - жусанды, сексеуілді және эфемерлі өсімдіктер) . Өсімдік жамылғысы - изен, теріскен, ақ және қара жусан, жалпақ дәнді еркек шөп, күйреуік, тырса, майқара, қамыс, жантақ, қызыл мия, жыңғыл, сексеуіл, т. б.
Жекешелендірудің нәтижесінде «Алмаз» шаруа қожалығы суармалы жерден 37 га, шабындықтан-12 га және жайылымнан- 12 га жер берілді. Шаруа қожалықтың осы жылдардағы өндірістік - шаруашылық қызметіне тоқталып өтейік. Шаруашылық негізінен егіншілік және мал шаруашылығымен айналысады. Егіншіліктің ішінде малға азық дайындау үшін жоңышқа, мал азығы жүгері егумен шұғылданады. Бұл дақылдардың егілетін ауданы мен одан алынған өнімнің соңғы 3 жылдағы көрсеткіштерін (1. 1-кестеде) көрсетеміз. Ауылшаруашылық дақылдарын өсірудегі қолданылатын қожалықтағы техника түрі мен саны (1. 2-кестені қараңыз) .
1. 1 - Кесте. Ауылшаруашылық дақылдарын өндірудің көрсеткіштері
1. 2- кестедегі техника түрі мен санын талдау негізінде егістік егу мен күтіп баптау, жоңышқа ору және өсіру жұмыстары шаруашылықтың өз күшімен атқарылатынын көруге болады, ал мал азығы жүгеріні егу, баптау және жинау, жүгеріні сүрлемге ору жұмыстары машина - технологиялық станса көмегімен атқарылады.
«Алмаз» шаруа қожалығының құрамына енетін мал шаруашылығы көрсеткіштерін талдау негізінде мынадай тұжырым жасауға болады: мал басының ұдайы өсуі байқалады, бірақ мал ұстайтын өнеркәсіптік қоражайлардың жоқ болуына байланысты, оларды күтіп - бағу процестері толық механикаландырылмаған. Жаз бойы жайылымда бағылатын ірі қара малдары мен ұсақ малдары қыс мезгілінің суық кезінде ғана жабық қораларда ұсталынады (200 бастық 2 қора), ал жылы мезгілдерінде төбесі жабылған алаңдарда жылқыларымен қатар малқораларда бағылады.
1. 2 - Кесте. Ауылшаруашылық дақылдарын өсіруде пайдаланатын қожалықтың техникасы
«Алмаз» шаруа қожалығындағы мал санын 1. 3- кестеде көрсетеміз.
1. 3 - Кесте. «Алмаз» шаруа қожалығындағы қарамағындағы мал саны
Қойлар мен жылқылар жыл бойы жайылымда бағылады, ал сауылатын сиырлар қожалықтың жеке қосымша шаруашылығындағы малқораларда ұсталады. Көп жағдайда мал өнімдерін өндіру және олардан ұқсатылған өнімдер алуға мүмкіндіктері бар. Сол себепті қажетті мал басын өндірістік қоражайларда күтіп-бағумен қатар, ондағы технологиялық процестерді кешенді механикаландыру және мал өнімдерінен алынатын таза сапалы дайын өнімдермен жергілікті халықты қамтамасыз ету - «Алмаз» шаруа қожалығының алға қойған өзекті мәселесіне айналып отыр.
Шаруа қожалығы жеке өздеріне ғана тиесілі, өздері бордақылаған және басқа жағдайдағы малдарын сойып, ұшаны өңдеу және ет өнімі мен шұжық түрлерін дайындаумен айналысады.
1. 2 Ет және ет өнімдерін өндіру кәсіпорындарына сипаттама
Қазақстан Республикасы бойынша малдан алынатын ет өнімі түрлерінің өсуі динамикасына тоқталатын болсақ, барлық облыс бойынша соңғы бес жыл төңірегінде жоғарылағаны байқалады (1. 4- кестеде келтірілген) .
1. 4 - Кесте. ҚР ет және қосалқы тағам өнімдерін өңдеу, тонна
Қазақстан Республикасы
Ақмола
Актөбе
Алматы
Атырау
Батыс Қазақстан
Жамбыл
Қарағанды
Қостанай
Қызылора
Маңғыстау
Оңтүстік-Қазақстан
Павлодар
Солтүстік Қазақстан
Шығыс Қазақстан
Астана қаласы
Алматы қаласы
67338
4072
2421
9883
-
1573
2296
1670
2591
572
-
7933
17498
2937
13712
-
180
67522
4701
3316
10358
7
1736
2677
3383
2963
980
90
8402
12710
3743
12424
32
-
68815
4721
3228
10428
-
2609
3049
4349
2888
1544
22
8431
10631
3707
13138
31
39
85625
4025
3482
22022
-
3433
2921
5389
2890
927
-
8476
9218
5559
17107
42
134
91412
2433
3926
27865
-
2964
4012
6068
2670
910
-
9020
8689
4363
17219
823
450
110187
2551
5187
37509
140
2839
4863
7842
3130
1132
-
9053
9782
5961
19299
305
594
Қазақстанда шығарылатын жоғары сапалы ет пен ет өнімдерін өндіретін, етті тереңдете өңдейтін мал бордақылау алаңы жалпыға бірдей қабылданған стандарттар бойынша, ең алдымен жергілікті халыққа тұтынуға арналған азық -түліктің қауіпсіздігін қамтамасыз етуін қадағалауға ерекше көңіл бөліп отыр.
Атап айтқанда аталған жобаны жүзеге асыру және әлемдік нарық деңгейіне жеткізу Қазақстанның әлемдік ет экспорттаушылары арасында өзінің лайықты орнын тауып, барынша келешегі мол сала - мал шаруашылығын дамытуына мүмкіншілік береді.
1. 4-кестеде көрсетілгендей барлық ет түрлері мен қосалқы тағамдық өнімдердің өңделінуі 2020 ж. шаққанда 110187 т., демек 100%-ды құрады. Оның ішінде бірінші орында Алматы облысы - 34, 10%, Шығыс Қазақстан - 17, 5%, Павлодар - 8, 8% және Оңтүстік Қазақстан - 8, 2%.
Республика бойынша шұжық өнімдерін әзірлеу соңғы бес жылда жоғарылаған. Оның ішінде ең жоғарғы деңгей Атырау облысы бойынша 18, %, демек, республикадағы 2020 жылы жалпы өндірілген шұжық өнімдері бойынша (1. 5- кестені қараңыз) [4] .
1. 5 - Кесте. ҚР бойынша шұжық өнімдерін өндіру, тонн
Қазақстан Республикасы
Ақмола
Актөбе
Алматы
Атырау
Батыс Қазақстан
Жамбыл
Қарағанды
Қостанай
Қызылора
Маңғыстау
Оңтүстік-Қазақстан
Павлодар
Солтүстік Қазақстан
Шығыс Қазақстан
Астана қаласы
Алматы қаласы
16433
488
391
164
79
357
166
1948
1843
58
-
104
1300
956
1063
1604
5912
22658
599
388
278
99
624
412
2500
1771
75
7
195
1341
1229
1294
1847
23057
772
446
307
126
702
271
2556
2868
55
33
239
1830
1624
1573
1893
7762
25065
754
775
186
9
1201
228
2132
2079
65
38
507
2308
2553
2114
1808
8308
30759
1498
875
902
18
1358
2121
3423
1635
130
35
799
3031
2757
3446
2081
6650
38180
609
1290
1076
11
1861
5260
4725
2059
131
68
487
4797
3192
3711
1982
6921
Соңғы жылдары еліміздегі ет өнімдеріне қатысты меншікті өндіу мен тұрақтылық орнаған жағдайдың өзінде ішкі саудаға қатысты өнімді сыртқа сату жағынан кейін қалғандығымыз байқалады (64%) . Мұндағы негізгі себеп - ет өндіру кәсіпорындарының үздік технология мен техникалық жарақтану жағынан заманауи қондырғылармен жабдықталмағаныз.
Ет өнімдерін өңдеу өндіріс орындарындағы келелі мәселелерді шешудің жолдары:
- ішкі саудада отандық ет өнімін ассортименттермен толтыру;
- жұмыс істеп жатқан кәсіпорындар жұмысының тиімділігін арттыру;
- өнім сапасын жақсарту, бәсекелестікті арттыру;
- өнімді экспортқа шығару мақсатында жоғары технология бойынша жұмыс жасайтын жаңа жұмыс орындарымен қамсыздандыру.
Осыған байланысты ет өнімдерін өндіру орындарындағы қазіргі таңда алға қойған маңызды мақсаттардың бірі - өндіріс орындары жұмысын жоғары бәсекелестікке жеткізу арқылы саланы жандандыру.
Қазірдің өзінде еліміз бойынша ет өнімін өндіру кәсіпорындары саласы бәсекелестікке қатысты қатаң жағдайда, ол шет ел өндірушілерінің көзқарасы бойынша мәз емес. Негізінен еліміздегі мал шаруашылығының жылдан жылға жоғары өркендеп келе жатқанына қарамастан ет өнімін өндіру және шет мемлекеттерге экспортқа шығару мүмкіндігі біздің елімізде басым. Қазіргі жағдайда ғалымдарымыздың анықтау жұмыстары бойынша халықтың жағдайының жақсаруына байланысты шет елге экспортқа шығарылатын өнімдерге қарағанда алып келіп жатқан ет өнімдері жоғары деңгейге қарай өсуде. Оны мына деректерге көз жүгірту арқылы байқауға болады: егер 2015 жылы сырттан әкелінген ет өнімдері АҚШ ақшаға шаққанда 23078, 8 мың долларды құраса, 2016 жылғы мәліметтердің қортындысы бойынша 5 есеге дейін өскен, демек, 116033, 4 мың доллар. Ал сыртқа шығарылатын өнім шамасы 2015 жылға дейін төмендеу арқылы, 2016 жылы 17354 мың АҚШ долларына тиесілі [5] .
Қазірде ет өндіру кәсіпорындары негізінен шұжық түрлерін өндіру, ет және жартылай өңделінген ет шикізаттары, кішігірімдегі - ет консервісін шығару мен пайдалануға дайын ет өнімдері болып анықталынады. Қазақстан Республикасының кейінгі статистикасы бойынша қазіргі таңда 485 ет өндіру саласы жұмыс атқарады (1. 6-кестені қараңыз) . Оның ішіндегі таза жұмыс жасап жатқан ірі өндіріс орындары - 161, олардың 121-і ет өнімдерін өндірумен айналысса, 40-ы ет өндірумен айналысады. Көп кәсіпорындар кішігірім деп ЖШС есебінде жүреді.
1. 6 - Кесте. ҚР бойынша ет, және ет өнімдерімен айналысатын кәсіпорындар саны(2016 жыл қараша айының 1 жұлдызы дерегі)
«ҚазАгро» Ұлттық басқарушы компаниясы» АҚ-ның еншілес компаниясы - «Мал өнімдері корпорациясы» АҚ және американдық «Global Beef» компаниясы қазақстандық ет өнімдерін әлемдік нарыққа шығару үшін «KazBeef» ЖШС бірлескен кәсіпорнын құрды.
2019 жылы ұқсату өнеркәсібіне шетел инвестицияларының келуі 72, 7 млн. теңгені (тағам өнімдері өндірісі - «Сұлтан - кондитерлік бұйымдар"АҚ) құрады.
2020 жылғы қаңтар-қазанда облыс өнеркәсібіне 7900, 1 млн. теңге инвестициялар берілген болатын, соның ішінде ұқсату өнеркәсібіне -5858, 7 млн. теңге. Облыстың негізгі капиталындағы инвестициялардың жалпы көлемінде ұқсату өнеркәсібі инвестицияларының үлес салмағы 74, 2% құрады.
Анықталып алынған деректерге сүйенетін болсақ еліміз бойынша ет және ет өнімдерін өндіру кәсіпорындары жұмысы айтарлықтай көңілден шықпай отырғанына айта кетуіміз керек. Сондықтан біздің диплом жұмысы бойынша алға қойған мақсатымыз «Алмаз» шаруақожалығында ет өнімдерін өңдеу машиналары мен жабдықтарының технологиясын жобалай отырып, елімізде ет және ет өнімдерін өңдеу саласына мүмкіндігінше молырақ үлес қосу.
Негізінде "Алмаз " шаруақожалығының мал сою және ет өңдеу цехында бұл саланы дамытуға шаруақожалық басқармасы мен 27 жұмысшы қызмет атқарады. Шаруақожалықта өндіріс көлемі жылдан жылға өсіп, жұмысшылар саны үстін - үстін көбеюде.
«Алмаз» шаруақожалығында ет өнімдерін өндіру саласы қазіргі уақытта, тек өнімнің бір ғана түрін өндіруге икемделген және шығаратын өнімдерді терең өңдеу технологиясын әлі де жолға қоюды қарастырып отырған жоқ десек де болады.
Жобаның негізгі идеясы - шаруақожалық фермасында өсірілген ІҚМ және шошқа еттерінен соңғы әзірленіп шыққан дайын өнімдерді (шұжық өнімдерін) және жобаның концепциясы сапасы өте жоғары қосымша құн қосылған дайын өнім шығаратын кәсіпорынның жұмысын жетілдіру болып табылады. Жобаны қаржыландыру резидент емес инвестициялық компаниялардан жылдық 5% үстемақымен несиелік қаражат есебінен жүргізіледі деп болжам жасауламыз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz