Химияны оқыту әдістерінің классификациясы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 140 бет
Таңдаулыға:   

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

.

Химия кафедрасы

SYLLABUS

Химияны оқыту әдістемесі

Білім беру бағдарламасы 5В011200 - «Химия» мамандығының студенттеріне арналған

Құрастырушы: Есеева Г. Б., химия кафедрасының аға оқытушысы

Орал, 2019 ж.

3 Курстың саясаты:

Сабаққа қатысу қатаң түрде, міндетті болып табылады. Егер қандайда бір себеппен студент сабаққа қатыса алмаған жағдайда, барлық меңгерілмеген материалға жауапты.

Бақылау тапсырмалары орындалуға міндетті және уақытылы тапсырылуы тиіс. Кешіктіріліп орындалған жұмыс автоматты түрде төмен бағаланады.

Аралық аттестациясының қорытындысы студенттің сабаққа қатысуы, белгіленген мерзімде өздік жұмыстарын орындауы, сабақ барысындағы ауызша немесе жазбаша жауаптары, сонымен қатар аралық бақылау нәтижесі ескере отырып қойылады.

Аралық аттестация қорытындысы студенттің сабаққа қатысу, өзіндік жұмысты уақытылы орындауына, сабақ кезіндегі ауызша және жазбаша түрдегі жауабына және аталған аралық бақылаудың нәтижесіне байланысты шығарылады.

Егер студент белгіленген мерзімде сәйкес келетін мекеменің растайтын құжатымен денсаулық жағдайына немесе басқа да дәлелді себептермен сабақ босатып, аралық бақылауды тапсыра алмаған жағдайда, студент аралық бақылауды индивидуалды түрде тапсыруға құқылы.

Кез-келген көшіру немесе плагиат (дайын тапсырмаларды көшіру, қолдану және басқа студенттің тапсырманы орындауы) жазасы аудиториядан шығару немесе бағасын «қанағаттанарлықсыз» деп тану түрінде болады.

Сабақ жүру барысында ұялы телефондар өшіріледі.

4. Пәннің құрылымы мен мазмұны

Апта
Дәріс

Семинар

/практикалық сабақ, / зертханалық сабақ

\

СОӨЖ

СӨЖ
Апта:
Дәріс: 1 - модуль Химияны оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері
Апта: 1
Дәріс:

Тақырыбы: Педагог мамандықтары үшін химияны оқыту әдістемесі ғылым және оқу пәні. Химияны оқыту үрдісінің жалпы негіздері

Тақырыбы: Химияны оқытудың мақсаттары мен міндеттері.

Әдістері: дәріс, әңгімелесу,

Семинар/практикалық сабақ, / зертханалық сабақ:

Тақырыбы: Мектеп химия кабинеті және оның негізгі жабдықтары. Кабинеттің жұмысын ұйымдастыру.

Әдістері: құжаттармен жұмыс, хабарлама және шағын конспекті даярлау.

\СОӨЖ:

Тақырыбы:

Орта мектептің химия кабинеті және оның негізгі жабдықтары

СӨЖ:

Тақырыбы:

Оқыту мақсаттары.

Химиялық ыдыстар және оларды пайдалану.

Апта: 2
Дәріс:

Тақырыбы: Орта мектептегі химия курсының мазмұны және құрылымы

Әдістері: дәріс, оқытушының баяндауы

Семинар/практикалық сабақ, / зертханалық сабақ:

Тақырыбы: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі,

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы даярлаған құжаттар. Химиядан оқу бағдарламалары.

Әдістері: хабарлама даярлау, шағын конспекті даярлау. электрондық порталда

\СОӨЖ:

Тақырыбы: Оқыту мақсаттары: химиялық білім беру, практикалық білік пен дағды қалыптастыру, политехникалық білімнің міндеттері.

Химияны оқыту әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы.

СӨЖ:

Тақырыбы:

Химияны оқыту әдістемесінің пайда болуы және дамуытуралы қысқаша тарихи очерк. Қазақстанда химияны оқыту әдістемесі ғылымның дамуы.

Апта: 3
Дәріс:

Тақырыбы: Химияны оқытудағы ұғымдар жүйесі.

Тақырыбы: Химия тілі - химияны оқытуда таным құралы.

Әдістері: дәріс, сұрақ жауап

Семинар/практикалық сабақ, / зертханалық сабақ:

Тақырыбы: Химиядан мектеп оқулықтарын талдау:құрылымы,

қызметі.

Әдістері: пікір талас, әнгімелесу, мәлімдеме жасау .

\СОӨЖ:

Тақырыбы:

Химия дидактикасының дамуы.

Дидактикалық принциптер.

«Ойлау әрекетін деңгейлеп қалыптастыру» теориясы

СӨЖ:

Тақырыбы:

Мектептегі химия курсын құрудың негізгі ұстанымдары.

Маңызды теориялар, заңдар және олардың таңдау ұстанымы

Апта: 4
Дәріс:

Тақырыбы: Химияны оқыту әдістері мен тәсілдері. Сөздік әдістер.

Тақырыбы: Көрнекілік әдістерінің химия сабағындағы рөлі

Әдістері: дәріс, сұрақ жауап

Семинар/практикалық сабақ, / зертханалық сабақ:

Тақырыбы:

Мұғалімнің оқу жоспарлары. Сабақтың жоспары және конспектісі.

Әдістері:

үй тапсырмаларын қорғау және таныстыру Студент конспектілерімен танысу .

\СОӨЖ:

Тақырыбы:

Жылдық, күнтізбелік жоспар Химия пәнінен тақырыптық-күнтізбелік жоспар құру

Сабақтың конспектісін құру

СӨЖ:

Тақырыбы:

Химиядан мектеп оқулықтары. Оқулықпен жұмыс істеуді ұйымдастыру.

Апта: 5
Дәріс:

Тақырыбы: Химияны оқытудағы практикалық әдістер. Химиядан білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.

Тақырыбы: Химиядан оқу жұмысын ұйымдастыру

Әдістері: дәріс, сұрақ жауап

Семинар/практикалық сабақ, / зертханалық сабақ:

Тақырыбы:

Химияның алғашқы ұғымдары. Тақырыптың мазмұны мен оқыту әдістемесімен танысу.

Әдістері: Сан есептерін шығару методикасын талдау: Сабақтан фрагмент өткізу

\СОӨЖ:

Тақырыбы: Химия бойынша практикалық жұмыстар, олардың түрлері.

Ойша эксперимент

СӨЖ:

Тақырыбы:

Химияны оқытудағы көрнекілік.

Химия сабағындағы зертханалық тәжірибенің құрылымы.

Апта: 6
Дәріс:

Тақырыбы: Мұғалімді сабаққа даярлау.

Тақырыбы: Химиядан топсеруен.

Әдістері: дәріс, оқытушының баяндауы

Семинар/практикалық сабақ, / зертханалық сабақ:

Тақырыбы:

«Сутек. Оттек және озон»» тақырыбының мазмұны мен оқыту әдістемесі.

Әдістері: Химиялық құбылысты бақылау және түсіндіру.

\СОӨЖ:

Тақырыбы:

Термохимиялық теңдеу бойынша Авогадро заңына, газдардың салыстырмалы тығыздығына есептер шығарып үйрену.

СӨЖ:

Тақырыбы:

Сан есептері типтеріне өздігінен есептер шығару.

Апта: 7
Дәріс:

Тақырыбы: Химияның факультативтік сабақтары.

Тақырыбы: Химия пәніне арналған сыныптан тыс жұмыс. Химиялық

олимпиадалар мен байқауларды ұйымдастыру әдістемесеі.

Әдістері: дәріс, оқытушының баяндауы

Семинар/практикалық сабақ, / зертханалық сабақ:

Тақырыбы:

«Сутек - химиялық элемент және жәй зат» тақырыбының мазмұны мен оқыту әдістемесі.

Әдістері: Зертханалық сабақты өңдеу. Ауызша жауап беру, оқу-материалдарымен жазбаша жұмыс

\СОӨЖ:

Тақырыбы:

Химиялық тіл- химияны танудың құралы және әдісі, білім берудің, тәрбиелеудің және оқушылардың дамуының маңызды құралы.

СӨЖ:

Тақырыбы: Химиядан өткізілетін өндірістік таным жорықтарының үлгі тізімі.

Химия ѳндірісіне үйымдастырылатын бір топсеруенннің жоспарын жасаңыздар.

Апта: 8
Дәріс:

Тақырыбы: Сан есептерін шығару эдістері

Тақырыбы: Эксперимент есептерің шығару әдістемесі.

Әдістері:

Семинар/практикалық сабақ, / зертханалық сабақ:

Тақырыбы: Химиялық есептерін шығару әдістемесі

Әдістері:

есептерді шығару, Жазбаша бақылау жұмысы

\СОӨЖ: Тақырыбы: Сапа есептері, типтері және шешу әдістері.
СӨЖ:

Тақырыбы:

Ерітінділер тақырыбына есептер құрастырып, шығару.

Апта: 9
Дәріс:

Тақырыбы: Химиядан оқушылардың оқу жетістіктерін бақылау

Әдістері: дәріс, оқытушының баяндауы

Семинар/практикалық сабақ, / зертханалық сабақ:

Тақырыбы:

«Ерітінділер және ерігіштік». тақырыбының мазмұны мен оқыту әдістемесі.

Әдістері: Сан есептерін шығару методикасын талдау:

\СОӨЖ:

Тақырыбы:

«Ерітінділер» тақырыбы бойынша есептер шығарудың алгаритмі.

СӨЖ:

Тақырыбы:

Ерітінділер тақырыбына есептер шығару. .

Апта: 10
Дәріс:

Тақырыбы: Химияны оқытудың технологиялық негіздері

Әдістері: дәріс, зерттеу әдісі,

Семинар/практикалық сабақ, / зертханалық сабақ:

Тақырыбы:

«Бейорганикалық заттардың негізгі кластары» қойылатын тәжірибелер техникасы. Эксперимент есептерін шығару әдістемесі

Әдістері: Химиялық құбылысты бақылау және түсіндіру.

\СОӨЖ:

Тақырыбы:

Оқушылардың білімін есепке алу және жеке бақылау.

СӨЖ: Тақырыбы: «Бейорганикалық заттардың негізгі кластары» тақырыбы бойынша білімді қорытындылау сабақтарының конспектісін құру.
Апта:
Дәріс: 2 - модуль Мектеп химия курсындағы жеке тарауларды оқыту әдістемесі.
Апта: 11
Дәріс:

Тақырыбы: Д. И. Менделеевтің периодтық заңының, периодтық жүйесін оқып-үйрену әдістемесі. Атом құрылысын оқып-үйрену әдістемесі

Тақырыбы Зат құрылысы, валенттілік және тотығу дәрежесі туралы ұғымдардың қалыптасуы.

Әдістері: дәріс, көрнекілік әдіс

Семинар/практикалық сабақ, / зертханалық сабақ:

Тақырыбы:

Д. И. Менделеевтің периодтық жүйесі. Атом құрылысын оқыту әдістемесі.

Әдістері: сабақтан фрагмент ӛткізу сызба нұсқа, макеттер, стенд . әзірлеу.

\СОӨЖ:

Тақырыбы:

Тестілеу-білімді қадағалау және бағалау әдісі. Оның жетістіктері мен кемшіліктері.

СӨЖ:

Тақырыбы:

Сан есептері типтеріне өздігінен есептер құрастырып, шығару.

Заттардың массасының сақталу заңын оқыту. Химиялық теңдеулер құрастыру.

Апта: 12
Дәріс:

Тақырыбы: Химиялық элементтерді және олардың қосылыстарын химияның жүйелеу курсында оқып -үйрену әдістемесі Металдарды және бейметалдарды олардың қосылыстарын оқыту әдістемесі

Әдістері: дәріс, оқытушының баяндауы, сұрақ жауап

Семинар/практикалық сабақ, / зертханалық сабақ:

Тақырыбы: Бейметалдардың жалпы қасиеттері. Бейметалдарды оқып- үйрену әдістемесі.

Әдістері: Әңгімелесу, студенттердің жеке жұмыстары. Сабақтардың конспектісін құру

\СОӨЖ:

Тақырыбы:

Химия курсында периодтық заңның орны мен маңызы.

СӨЖ:

Тақырыбы:

Амфотерлі қосылыстардың қасиеттерін оқыту әдістемесі. Элементттердің тотығу дәрежесі және оны химияны оқыту үрдісінде пайдалану

Апта: 13
Дәріс:

Тақырыбы: Химиялық реакция туралы ұғымның дамуы.

Тақырыбы: Ерітінділер және электролиттік диссоциалану теориясының негіздерін оқыту.

Әдістері: дәріс, сұрақ жауап

Семинар/практикалық сабақ, / зертханалық сабақ:

Тақырыбы: Металдардың жалпы қасиеттері. Металдарды оқып- үйрену әдістемесі.

Әдістері: Әңгімелесу, студенттердің жеке жұмыстары. Сабақтардың конспектісін құру

\СОӨЖ:

Тақырыбы:

Бейметалдарды оқыту әдістемесімен танысу.

СӨЖ:

Тақырыбы:

Бейметалдарды периодтық жүйедегі орнына байланысты оқытудың жалпы әдістемелік жоспары.

Апта: 14
Дәріс:

Тақырыбы: Ерітінділер және электролиттік диссоциалану теориясының негіздерін оқыту. (ЭДТ) .

Тақырыбы: Органикалық заттарды оқып- үйренудегі әдістемелік ұстанымдар.

Әдістері:

Семинар/практикалық сабақ, / зертханалық сабақ: Тақырыбы: «Электролиттік диссоциация теориясы» тақырыбының мазмұны және оқыту әдістемесі. Тақырыптағы эксперимент.
\СОӨЖ:

Тақырыбы:

Металдарды және олардың қосылыстарын оқыту әдістемесімен танысу

СӨЖ:

Тақырыбы:

Электролиттік диссоцияция және тұздар гидролизі тақырыбын оқыту әдістемесі.

Апта: 15
Дәріс:

Тақырыбы: Оқушыларды химия өндірістері және халық шаршашылығын химияландыру мәселелерімен таныстыру.

Тақырыбы: Оқушылардың химия пәнінен алған білімін қорытындылау

Әдістері: дәріс, оқытушының баяндауы

Семинар/практикалық сабақ, / зертханалық сабақ:

Тақырыбы:

Органикалық қосылыстарды оқыту әдістемесі.

Әдістері: Әңгімелесу, тапсырмалар құрастыру

\СОӨЖ:

Тақырыбы:

Органикалық заттар арасындағы генетикалық байланыстар және оларды пайдалану. .

СӨЖ:

Тақырыбы:

Гомология мен изомерия ұғымдарын қалыптастыру мен дамудың әдістемелік ұстанымдары.

Гибридтенудің маңызды түрлерін оқыту әдістемесі.

5. Әдебиеттер тізімі

НЕГІЗГІ

  1. Өнербаева З. О. Химияны оқыту әдстемесі: оқу - әдістемелік құралы. - Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2011. - 236 б.
  2. Нұғыманов И., Шоқыбаев Ж. Ә., Өнербаева З. О. . Химияны оқыту әдістемесі. Алматы, Print’s, 2005 - 343 б.
  3. Мырзабайұлы А. Н. Химияны оқыту әдістемесінің педагогикалық негіздері. - Алматы, 2004. - 222 б.
  4. М. С Пак Дидактика химии . Санкт Петербург 2012 . - 266
  5. Зайцев О. С Методика обучения химии. М. Просвещение, 1999. -384б
  6. Чернобельская Г. М. Основа методики обучения химии. М. : Просвещение, 1984 г.
  7. Шоқыбаев Ж. Ә., Өнербаева З. О. Химияны оқыту әдістемесінің практикумы. Алматы, «Ценные бумаги», 2006 - 288 б.
  8. Плетнер Ю. В., Полосин В. С. Практикум по методике преподавания химии. М., Просвещение, 1980.

ҚОСЫМША

  1. Методика преподавания химии / Под ред. Н. Е. Кузнецовой. М, . Просвещение, 1984.
  2. Өнербаева З. О. Химия мектепте: оқу - әдістемелік құралы. - Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2011. - 152 б.
  3. Өстеміров К. Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары. - Алматы, 2007 - 203б.
  4. Грабецкий А. А. Назарова Т. С. Кабинет химии. М. Просвещение, 1983.
  5. Өстеміров. Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары. Алматы, 2008.
  6. Көгісов С. М. Химиядан есептер шығарудың әдістемесі. - Актөбе, - Ақтөбе, 2009, 80 бет
  7. Грабецкий А. А. Назарова Т. С. Кабинет химии. М. Просвещение, 1983.
  8. А. Мырзабаев, Н. Тұрбекова. «Химиядан кластан тыс жұмыстар және танымдық ойындар». Алматы, 1996.
  9. Қазақша - орысша, орысша - қазақша терминологиялық сӛздік. Алматы. «Рауан». 2000.
  10. М. К. Оспанова, Т. Г. Белоусова, Қ. С. Аухадиева «Химия 7», баспа «Мектеп», 2017 ж
  11. М. Б. Усманова, Қ. Н. Сақариянова«Химия 8», баспа «Ата мұра», 2018 ж
  12. М. Б. Усманова, Қ. Н. Сақариянова, Б. Н. Сахариева «Химия 9», Алматы «Атамұра» 2019ж
  13. Оспанова М. Қ, Аухадиева Қ. С, Белоусова Т. Г. «Химия 10 », Алматы «Мектеп» - 2019жыл
  14. «Химия мектепте» және «Химия в школе» журналдары.

Мультимедиялық материалдар, электрондық кітаптар (сілтемесін көрсетіңіз)

1. Bit. ly/zonaskach сайт НИШа

2. Виртуальная химическая школа. http://www. maratakm. ru/

3, Учебные и методические материалы для учителя химии. http://school- collection. edu. ru/catalog/teacher/

4. Химический портал. http://www. ChemPort. ru/

5. Олимпиадные задачи по химии. http://www. chemister. ru/Chemie/zadachi. htm

6. . Школьные олимпиады по химии. http://www. chem. msu. su/rus/olimp/

7. Электронная библиотека учебных материалов по химии. http://www. chem. msu. ru/rus/elibrary/

6. Дәрістер кешені

Дәріс №1

Тақырыбы: Педагог мамандықтары үшін химияны оқыту әдістемесі ғылым және оқу пәні. Химияны оқыту үрдісінің жалпы негіздірі

1. Химияны оқыту әдістемесінің анықтамасы, зерттейтін мәселелері.

2. Кеңес өкіметі тұсында химияны оқыту әдістемесінің дамуы

3. Химияны оқыту туралы орыстың ұлы ғалымдары М. В. Ломоносовтың, Д. И. Менделеевтің, А. М. Бутлеровтың пікірлері, дамуы.

4. Кеңес ӛкіметі тұсында химияны оқыту әдістемесінің дамуы.

5. Қазақстан Республикасында химияны оқыту әдістемесі дамуы.

Мақсаты: Химияны оқыту әдістемесін зерттейтін мәселеріне тоқталып, студенттер - болашақ мұғалімдердің шығармашылық ізденісіне баулу. Химияны оқыту әдістемесінің дамуының маңызын ашу.

Қазірге дейін химияны оқыту әдістемесі - ғылым ретінде танылып келеді. Сондықтан да химия пәні мұғалімдерін дайындайтын жоғары оқу орындарының оқу жоспарына химияны оқыту әдістемесінің курсы енгізілді.

Химияны оқыту әдістемесі педагогикалық ғылым әрі оқу пәні. Химия - заттардың бір-біріне өзгеруін зерттейтін ғылым. Демек, химияны оқыту әдістемесі мектептің химия курсындағы осындай заңдылықтарды оқушыларға үйрету жолдарын, түсіндіру тәсілдерін зерттейтін педагогикалық ғылым деп түсінуіміз керек.

Оған оқу үрдісін ұйымдастыру, оқушылардың танымдық іс-әрекетіне басшылық, сарамандық дағдылар мен іскерліктер қалыптастыру, шығармашылық қабілеттер мен ғылыми дүниетанымдық көзқарастарды дамыту жатады.

Химияны оқыту методикасының зерттейтін объектісі - сол пәнді оқыту әрекеті, Оқыту педагогика, дидактика және методика ғылымы тұрғысынан түсінуге болатын күрделі әрекет болып табылады.

Педагогикалық тұрғыдан қарастырғанда оқыту дегеніміз - жасөспірімнің бойына ұжымдық тәжірибені сіңіру.

Дидактикалық жағынан алғанда, оқыту - білім берудің мазмұнын жасөспірімге жеткізу ісіндегі сабақ беру (мұғалімнің қызметі) мен оқудың (оқушының таным әрекеті) бірлігі.

Методикалық тұрғыдан алғанда оқыту - нақтылы оқу пәнінің материалын жасөспірімге жеткізу ісіндегі сабақ беру мен оқудың бірлігі.

Оқыту әрекетіне «мұғалім - оқушы», «оқушы - оқу пәні», «оқушы - оқушы» қатысады. Осылардың ішінде ең негізгісі - мұғалім мен оқушы қарым-қатынасының бірлігі мен үйлесуі, оқытудың мақсаттары мен міндеттері, мазмұны, ұйымдастыру формалары, құралдары мен әдістері арқылы жүзеге асады.

Оқыту әрекетін, тұтасынан алғанда, дидактика зерттейді. Ол оқыту әрекетінің мәнін ашып береді, заңдылықтары мен негіздерін саралайды. Дидактика, бір жағынан, оқытудың теориясын жасайды, екінші жағынан, сол теорияны қолдану арқылы оқытудың сарамандығын жетілдіреді. Барлық жеке пәндерді оқыту, солардың ішінде химияны оқыту методикасы дидактиканың ашқан жаңалықтарына сүйенеді, оларды өзінің методологиялық негізі ретінде пайдаланады.

Жалпы педагогикалық және дидактикалық заңдылықтарына сүйеніп, химияны оқыту методикасы орта мектептегі химия пәнінің мақсаттары мен міндеттерін анықтайды. Соларға сәйкес мектептегі химия курсының мазмұны таңдап алынады. Ол мазмұн бағдарламаларда оқулықтар мен оқу құралдарында баяндалады.

Елімізде қолға алынған әлеуметтік қайта құру әрекеті халыққа білім беру саласын терең қамтып, мектеп реформасын жүзеге асыру тұжырымдамаларын тудырады. Осыған орай мектептегі хими пәнінің мазмұнын жалпы білім беретін мектептерге және химияны тереңдетіп оқытатын кластар мен мектептерге арналған бағдарламалар жарық көрді. Орта мектептерімізге ізгілік сипат беру және демократияландыру кезінде бұл бастама жалғасын тауып, оқыту мазмұнының түрленуі арта түспекші. Солардың әрқайсысын саралап, ғылыми жағынан негіздеу - химияны оқыту методикасының зерттейтін негізгі мәселелерінің бірі.

Методиканың зерттейтін тағы бір мәселесі - оқытудың ұйымдастыру формаларын, құралдарын және әдістерін жетілдіру, мектептің алдына қойылған жаңа талаптарға сәйкестендіру. Бұлар мұғалім мен оқушы еңбегінің арасындағы қатынасты, оқушының еріктілігін, дәйектілігін және белсенділігін арттыру жағына қарай бағыттап отыр.

Методика химияны оқытудың нәтижесін, оқушылардың білім сапасына, тәрбиесі мен адами тұлғасына тигізген әсерін зерттейді. Оқушылардың химиялық білімді игерудегі таным әрекетінің ерекшеліктерін және оны іске жұмылдыру жолдарын іздестіреді.

Сонымен, айтылғандарға сүйеніп, мынадай сұрақ қоюға болады: химияны оқыту методикасына ғылыми тұрғыда қандай анықтама беруге болады? Бұл - осы кезге дейін толық шешеімін таппаған мәселелердің бірі. Орыс тілінде жарияланған оқу құралдарында мынадай анықтама берілген: бұл - жасөспірімдерге химия ғылымын үйретудің қоғамдық әрекеті, адамгершілік, инабаттылық тәрбие беру, білім алуға тәрбиелеп, оны дамыту, мектептегі химия курсының мазмұны және оны оқушыларға игерту заңдылықтары туралы педагогикалық ғылым. Өздерің байқап отырғандай, бұл анықтамада химияны оқыту методикасының объектісі молырақ қамтылады немесе оқыту барысының жеке бөліктері тым аз беріледі.

Тәрбие беру және оқушыларды дамыту - орта мектепте оқылатын барлық пәндердің міндеті. Бұл салада мектепте өтілетін жиырмадан астам пәндердің бірі ретінде ғана химия өз үлесін қосады. Оның үстіне химия өзінің бұл міндетін оқу пәні мазмұнының негізінде жүзеге асырады.

Сондықтан химияны оқыту методикасына ғылыми анықтама бергенде оның қай ғылымның саласына жататынын, зерттейтін объектісін, тұтасынан алғандағы оқыту барысын, химияның жалпы білім беретін орта мектептен басқа да арнайы орта және жоғары оқу орындарында оқылатынын ескеру керек. Химияны оқыту методикасы қазіргі кезде кәсіптік білім беретін орта мектептерде, арнайы орта және жоғары білім беретін мектептерде ғылым ретінде қалыптасып, күрделі зерттеулер жүргізілуде.

Жоғарыда айтылғандарды ескере келіп, «Химияны оқыту методикасы - химиядан білім берудің мазмұнын және химияны оқыту барысының заңдылықтарын зерттейтін педагогика ғылымының дербес бір саласы» деген анықтама беруге болады.

Әдіскер ғалымдар зерттеген еңбекке келсек, олар химия пәнін оқыту әдістемесін сонау 1746 жылы М. В. Ломоносов немісшеден орыс тіліне аударған оқу құралынан бастап, осы кезге дейінгі аралықты қамти зерттеп, бес кезеңге жіктейді. М. В. Ломоносов (1711-1765) химияның қоғамдағы маңызын жэне пайдасын насихаттады, жастарға химиялық білім беруді ұйымдастыру мэселелерін шешуге белсене араласты. Ол тұңғыш химия зертханасын ұйымдастырып, химияны үйренудегі эксперименттің мэнін жоғары бағалады, физикалық химияның орыс тіліндегі тұңғыш оқулығын жазды.

Бірінші кезеңді 1864 жылға дейінгі деп белгілейді, оған себеп, Д. И. Менделеевтің оқу құралының жарық көріп, химия ғылымы жалпы табиғаттану ғылымынан бөлініп, оның пән ретінде жүйелі оқытыла бастауы болса керек. Бұл кезеңді авторлар тәжірибе мен оқу құралының жинақталуы деп атаған. Орыстың атақты ғалымдары (М. В. Ломоносов, Д. И. Менделеев, А. М. Бутлеров, т. б. ) химия ғылымының дамуына зор үлес қосумен бірге, жасөспірімдерге химиялық білім беру ісімен тікелей айналысты, көптеген құнды әдістемелік пікірлер айтты. Д. И. Менделеев (1834-1907) жастарға химиялық білім берудің қажеттігін, мақсаттарын, мазмұнын, сипатын талдаған еңбектер меноқулықтар жазды, химияның ѳнеркэсіпте жэне ауыл шаруашылыгында қолданылуын корсету арқылы оқушыларды еңбекке, практикалық іске әзірлеу, химияның мазмұнына деректі жэне теориялық материалдар енгізу, химиялык экспериментті кеңінен пайдалану туралы пікірлер айтты. Ол ой-ѳрісі кең, ғылымды жетік білетін жэне жақсы кѳретін үстаз ғана шэкірттердің жүрегіне жол табады деп мүғалімнің ролін жоғары бағалады.

A. М. Бутлеров (18281886) ғылымдағы жэне оқыту эрекетіндегі теориялық білімнің алатын орнын негізден түсіндірді, ѳте жақсы химия оқулықтарын жазды. М. В. Ломоносов негізін қалаған атом-молекулалық ілім мен массаның сақталу заңы, Д. И. Менделеев ашқан периодтық заң жэне периодтық жүйе, А. М. Бутлеровтың органикалық заттардың қүрылыс теориясы орта мектептегі химия курсының теориялық негізін қүрайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Химияны оқыту әдістері
Модульдік оқытудың модульдік технологиясы
Мектепте химияны оқытудың әдіс тәсілдері
Химияны оқыту әдістемесі және оқытуда қолданылатын оқыту әдістері
Химиялық оқыту әдістемесінің жүйесі
Жеке оқыту технологиясы
Мектеп оқушыларының ойын әрекетінің табыстылығын бағалаудың объективті критерийлері
Әдіс - оқу тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері
Орта мектепте химияны оқытуда ойын технологиясын қолдану әдісі
Химияны оқытудағы интерактивті технологиялар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz