Трасологиялық заттай дәлелдемелер


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 79 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі . Соңғы жылдар ішінде еліміз мемлекет дербестігін нығайту мен азаматтардың өміріне тірек болатындай құқық негіздері қайта құруда біршама жетістерктерге қол жеткізді деп толық айта аламыз. Осыған байланысты елімізде жүргізіліп жатқан құқықтық реформалардың басты мақсаты - құқықтық, зайырлы, демократиялық қоғам қалыптастырып, мемлекетімізді өркениетті елдер қатарына қосу. Әйтсе де, бұл жолдың өзіне тән күрделілігі мен қиындықтары бар. Қоғамдық өмірдегі барлық салаға заң күшінің бірдей дәрежеде әрекет етуі ең алдымен алдын ала тергеуді жүзеге асыратын органдар үшін міндетті қағида. Әсіресе, тергеу органдарының халық алдындағы жауапкершілігі жоғары.

Қазіргі уақытта тергеу аппараты қылмыстардың алдын алу, ашу және тергеуді жүргізу кезінде тек ғана анықтау органдарымен және жедел іздестіру қызметін жүзеге асыратын мамандармен тығыз байланыста болуда.

Дипломдық жұмыстың өзектілігі қазақстандағы қылмыстық істердің салыстырмалы түрдегі қолайлы динамикасы белгілі бір мөлшерде республикадағы заңдылық тәртібі мен құқықтық базасын қалыптастыру жұмысының тиісінше ұйымдастырылғанына байланысты. Қылмыстық проблемасына тікелей қатысты немесе жанама әсері бар заңнамалар, елдегі саяси, экономикалық және әлеуметтік жағдайға лайықталып әзірленді.

Қазақстан Республикасындағы құқықтық мемлекет құруға бағытталған құқықтық реформаны жүзеге асыру жағдайында заңдылықты сақтау басымдырақ мәнге ие. Осыған байланысты қылмыстық істерді тергеу сапасын арттыру, қылмыстық сот ісін жүргізу саласына тартылған азамттардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудағы сот әділдігінің кепілдігін күшейту қажеттігі туындап отыр.

Сондықтан қылмыстағы күресті дамытуды жетілдіру қылмысты тергеуді дұрыс ұйымдастыру және ашу тактикасы, практиканы жан-жақты оқып, өзінде бар тәжірибені қолданып, жаңа ғылыми әдістерді енгізу болып табылады.

Осыған байланысты диполмның зерттеу объектісі қылмыстық істі тергеу өндірісіндегі ұйымдастыру, іс жүргізу және криминалистік негіздер болып табылады.

Жұмыстың мақсаты қылмыстық істерді алдын ала тергеу өндірісіндегі криминалистикалық, процессуалдық және тактикалық-ұйымдастырудың ерекшеліктерін ғылыми кешенді талдау болып табылады. Олардың теориялық негіздерін, жалпы ережелерін талдау, сонымен қатар тергеудің сапалы және тиімділігін арттыру бағытында нақты тәжірибелік ұсыныстар жасалады.

Зерттеудің теориялық негізіне қылмыстық іс жүргізу, криминалистика және жедел іздестіру қызметі мамандарынның жұмысы қолдаылады. Әдебиет көздерін талдау негізінде дипломның бірінші бөлімінде алдын ала тергеудегі қылмыстық-процессуалдық қызметтің ұғымдарының мәселелері, ұйымдастыру негіздері және іске асру механизмі, жеке тергеу ісінің өндірісін ұйымдастырудағы тергеуші әрекетін бағдарламауда ұйымдастырушылық ерекшелігі және ұйымдастырудың ерекшелігі және ұйымдастырудың элементі ретінде жоспарлау зерттеледі. Зерттеуде қылмысты алдын ала тергеу өндірісі мәселесі бойынша негізгі бағыттарының дамуы қарастырылады. Қозғалған қылмыстық іс бойынша техникалық-коминалистикалық құралдар мен дәлелдерді бекіту ісінде ұсынылған негізгі талаптар, оның формасының мәнділігі, оған қатысты кейбір ұғымдар мен анықтамалар және құрылымы, негізгі белгілері зерттеледі.

Бұрын ашылмаған қылмыстарды тергеу әдісіне кері әсер ететін кейбір заңдылықтарды анықтау тергеу әдісі негізінің жүйелеу ұсынылады. Осыған байланысты қылмыстық істі алдын ала тергеу өндірісінде оның тактикалық-ұйымдастыру аспектісіне қылмыстық іс бойынша өндірісті жаңартуда алдын ала тергеу ісін жүргізу және дайындық тактика ерекшелігіне, өндірісті қозғаудан кейін дәлелдерді динақтауды қамтамасыз ету үшін өндірістік іс бойынша арнайы біліктілікке және ғылыми-техникалық құралдарды пайдалануға, қылмыстық істі тергеу өндірісінде техникалық құралдарды, әдіс-тәсілдерді пайдалануды зерттеуге, оларды қолданудың механизмі мен жағдайын, жалпы заңдылықтарын анықтау мен оқып білуге көңіл бөлінген. Қылмысты тергеудің өндірісінің әдістемелік жетілдіру ерекшеліктері көрсетіліп, жеке тұлға және топпен жасалған қылмыс түрлерін тергеудегі әдістің мағынасы. Соңғы уақытта алдын ала тергеу мен анықтау жүйесінде жүргізіліп жатқан реформалар біршама мәселелердің басын ашып, міндеттерді айқындай түсуде. Осы орайда, зерттеудің объектісі тергеу органдары мен анықтау органдары арасында пайда болатын құқықтық қатынастар, тергеу тәжірибесі, тергеуге қарсы әрекет проблемалары және тергеу психологиясы мен тактикасы мәселелері бойынша теориялық материалдарды қалыптастыру болып табылады. Ғылыми және тәжірбиелік зерттеу пәні қылмысты алдын ала тергеудің, анықтаудың гносеологиялық, құқықтық, әдістемелік, ұйымдық проблемалары болып табылады.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері заң әдебиетін талдау негізінде тергеушінің процессуалдық мәртебесін заңнамалық базы мен құқық қолдану практикасын жүйелі және кешенді зерттеу, осы салада болған ғылыми ережелерді дамыту және нақтылау тергеу қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу болып табылады. Осыған орай зерттеу жұмысында алдын ала тергеуге және анықтауға ғылыми талдау жасалады және соның негізінде іс жүргізуге қатысушылардың теріс қылықтарының алдын алу мен болдырмаудың процессуалдық және тактикалық тәсілдері жасалды. Зерттеу барысында тергеу мен анықтау қызметінде кездесетін олқылықтардың орны толтырылып және алдын ала тергеу тәжірибесінде кездесіп қалатын проблемаларды шешудің жолдары ұсынылады. Зерттеудің жаңалығы алдын ала тергеу мен анықтау мәселелеріне қатысты қолданыстағы заңнамаға талдау жасау негізінде қазіргі заман талаптарына сай келетін алдын ала тергеумен анықтау арасындағы қарым- қатынасты тығыз байланыстыруға ұмтылыс жасау болып табылады. Қылмыс жасаған адамның алдын ала тергеумен анықтау іс-әрекеттеріне қарсы әрекетімен күресудің тиімділігін арттыруға бағытталған түрлі операциялар мен комбинациялар түріндегі күрделі тактикалық әрекеттерді пайдалану қажеттігі негізделеді.

Зерттеу нәтижесінде, қылмыстық іс жүргізу мен криминалистиканы жаңаша танымдармен байыта түсетін негізгі деген тұжырымдар, ұсыныстар мен ұсынымдар жасалды. Зерттеудің жаңашылдығы Қазақстан Республикасында тергеушінің процесуалдық мәртебесін, анықтау қызметінің тиімділігін арттырудың теория және практика мәселелерін жүйелі және кешенді зерттеу болып табылады. Талдау негізінде ұлттық тергеу мен анықтаудың тиімділігін арттыру жөніндегі ғылыми негізделген ұсыныстар мен ұсынымдар әзірленген. Зерттеудің мақсаты мен міндеттері заң әдебиетін талдау негізінде тергеушінің анықтау органдарымен байланысының процессуалдық мәртебесін, заңнамалық базы мен құқық қолдану практикасын жүйелі және кешенді зерттеу, осы салада болған ғылыми ережелерді дамыту және нақтылау тергеу мен анықтау қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу болып табылады.

Зерттеу нысаны, қылмыстық процестегі тергеушімен анықтаушының процессуалдық мәртебесі туралы теориялық және заңнамалық ережелер болып табылады. Тергеу қызметін реттейтін қылмыстық іс жүргізу нормалары, тергеу тәжірибесі материалдары, қылмыстық істер, қылмыстық процесс субъектілерінің практикалық қызметі болып табылады. Бұл зерттеу тақырыбы бойынша қорытындылар, ұсыныстар мен ұсынымдардың негізделуін күшейтуге мүмкіндік береді.

Зерттеу жұмысының теориялық-методологиялық негізі. Алдын ала тергеу мен анықтау мәселелері ХІХ ғасырдан бастап зерттеліп келеді. Бұл мәселелерді: А. Ф. Кони, В. Случевский, Р. С. Белкин және басқа да ғалымдар зерттеді. Кейінгі жылдары бұл мәселелер Қазақстандық заң ғалымдары А. Н. Ахпановтың, С. Ф. Бычкованың, А. Я. Гинзбургтың, С. З. Зимановтың, С. Е. Еркеновтың, М. Ч. Когамовтың, Т. Е. Сарсенбаевтың, Г. Ж. Сулейменованың, Б. Х. Төлеубекованың, Қ. Х. Халиковтың және тағы басқалардың еңбектерінде орын алды.

Дипломдық жұмыстың объектісі. Қазіргі уақытта тергеу аппараты қылмыстардың алдын алу, ашу және тергеуді жүргізу кезіндегі құқықтық қатынастар

Дипломның құрылымы . Дипломдық жұмыстың құрылымы зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне негізделген. Жұмыс кіріспеден, тоғыз бөлікті құрайтын үш тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

1 АЛДЫН АЛА ТЕРГЕУ МЕН АНЫҚТАУДЫҢ ЖАЛПЫ ШАРТТАРЫНА СИПАТТАМА

1. 1 Алдын ала тергеудің және анықтаудың түсінігі, мақсаты

Бүгінгі таңда Қазақстан халқы өз алдына жоғары мәртебелі мақсат қойып отыр. Ол -құқықтық мемлекет құру. Бұл мақсатқа жету өте қиын. Құқықтық мемлекетте Заң бір әлеуметтік топтың емес, көпшіліктің, барлық азаматтардың шынайы еркін білдіреді. Мұндай мемлекетте Заңның әр әрпі, рухы үстемдік етеді. Сондықтан тергеушілер барша адамдарға, ең жоғарғы дәрежедегі лауазым иелерінен бастап қатардағы жәй азаматтарға дейін заңдардың бүкіл халықтың мүддесі, игілігі үшін жасалып, қолданылатының, заң актілерінің орны мен ролін, қоғамдық тәртіптің сақталуы мен тұрақтылығына тигізіп отырған игілікті ықпалын, яғни заңға сүйене отырып әрекет жасау құқықтарымен міндеттерін түсіндіру- тергеушілер қызметінің маңызды түрі болып табылады.

Алдымен тергеу деген не? Тергеуші кім? Сол ұғымдарға тоқталайық.

Біріншіден алдын ала тергеу дегеніміз тергеушінің немесе анықтау органының қылмыстық іс жүргізу қызметінің белгілі бір түрі, екіншіден қылмыстық процесстің сатысы, үшіншіден құқықтық (қылмыстық іс жүргізу) институты. Тергеу ісіне тергеуші қылмыстық іс қозғауға себеп және негіз немесе прокурордың, тергеу бөлімі бастығының нұсқауы болғанда кіріседі. Сонымен алдын ала тергеу дегеніміз-қылмыстық кодекстің тергеуші немесе анықтау органы (прокурор) өзінің қарамағында қылмыс құрамының объективтік жағының белгілерін көрсететін себептермен жеткілікті деректер бар деп шешкеннен кейін басталатын сатысы, ол айыптау қорытындысы жасалып бекітілгеннен немесе қылмыстық іс қысқарғаннан кейін аяқталады. Бұл институт қашан пайда болды? 1864 жылғы сот реформасы нәтижесінде қылмыстық сот ісін жүргізудің Ресейлік Жарғысында сот тергеушілерінің институты құрылды, ол полициядан, проукратурадан да тәуелсіз болды және округік соттардың жанында тіркелді. Реформаға дейін алдын ала тергеу - полициның қолынды шоғырланған болатын .

Округтік соттың сот тергеушілерімен қатар тергеуді жүргізуге уәкілетті басқа да адамдар пайда болды. Мәселен, 1867 жылы Петербургтік және Мәскеулік округтік соттардың жанына айрықша маңызды істер бойынша тергеушілердің қызметі құрылды, ал 1875 жылы император бекіткен Мемлекеттік кеңестіктің пікіріне сәйкес аса маңызды істер жөніндегі тергеушілердің қызметтіері барлық округтік соттар жанынан құрылды. Бұл адамдар сот тергушілерінің барлық құқықтары мен артықшылықтарын иемденді. Бірақ анағұрлым кең тараған тағы бір ададмдардың санаты болды, олар тергеу жүргізді, алайда сот қызметінің артықшылықтарын иемденді. Олар ресми түрде “әділет министрлігіне тіркелген чиновниктердің институты бірте-бірте сот тергеушілерін ғана емес, маңызды істер жөніндегі тергеушілерге де қолданылды.

Ресей империясының қылмыстық сот ісін жүргізу Жарғысында бекітілген тергеушінің өкілеттігін алып қарайық (1864ж) Ішінара аталған Жарғының 269-270 баптары тергеу сатысында тергеуші мен полиция арасындағы қатынасты реттеді. Тергеуші анқтаумен де, сондай-ақ кезек күттірмейтін тергеу ісін жүргізумен де байланысты полицияның кез келген іс-қимылын жоққа шығаруға құқылы болды.

Сонымен аладын ала тергеу ұғымы саты ретінде заң әдебиеттерінде еш талас тудырмайды, оған барлық іс жүргізушілер бірдей анықтама береді. Алдын ала тергеу дегеніміз - қылмыстық іс қозғалғаннан кейін болатын, өзінің міндеттері мен шекарасы бар қылмыстық процесс.

Бірақ, кейде ғалымдар, қызмет ретіндегі алдын ала тергеу мен алдын ала тергеусатылары арасындағы айырмашылыққа көре алмайды.

А. А. Гарницкий былай дейді: “Алдын ала тергеу - қылмыстық процесстің сатысы, ол кезегінде тергеу және анықтама органдары, жұтышылықтың көмегіне сүйене отырып және заңда белгіленген тіртіпте, қылмыстың алдын алу жөніндегі қызметін жүзеге асырады, жасалған қылмыстарды Ашу, кінәлілерді жауапқа тарту жұмыстарын жүргізеді, қылмыстық оқиғаның немесе құрамының немесе істі сотқа жіберу үшін негіздің бар-ждоғын анықтайды”. “Алдын ала тергеу дегеніміз - қылмыстық процестің сатыларының бірі, - деп жазады Н. Ц. Логин мен Ф. Н. Фаткуллин. Сот ісін жүргізудің бұл сатысы тергеушінің немесе анықтама органының қозғалған істі қабылдап алуынан басталады және ол бойынша айыптау қорытындысын жасап, оны бекітумен немесе қылмыстық істі қысқартумен (есі дұрысеместерге қатысты материалдар мәжбүрлеп емдеу шараларын қолдану үшін сотқа жіберумен) аяқталады” [1] . Бұл анықтау уақыт аралығына (сатыға) қатысты қолданылады, бірақ жалпы қылмыстық іс жүргізу қызметіне қатысты пайдаланылмайды.

Біздің жұмысымызда алдын ала тергеу, негізінен, қызмет ретінде қаралады. Дегенмен, кейде бұл қызметті сипаттағанда автор аттас сатының да, құқықтық институттың да белгілерін анықтауы мүмкін.

Алдын ала тергеу (қызмет ретінде ) екі нысанда жүзеге асырылады деп саналады, олар: анықтау және алдын ала тергеу.

Тергеушіде іс жүргізу еркіндігі бар, оның мәнісі мынада: прокурор, ҚІЖК-ніңғ 289-бабының сәйкес, тергеушіге (анықтау жүргізуші адамға) орындалуы міндетті нұсқау беруге уәкілетті. Бірақ тергеуші прокурордың:

- айыпталушы ретінде тарту туралы;

- қылмысты саралау және айыптаудың көлемі туралы;

- сот талқылауын тағайындау үшін сісті жіберу туралы немесе істі қысқарту туралы нұсқауымен келіспесе, өз көзқарасын жазбаша баяндап жоғарғы тұрған прокурорға жүгінуге құқылы. Бұл жағдайда прокурор, не төменгі тұрған прокурордың нұсқауын бұзады, не бұл істің тергеуін басқа тергеушіге тапсырады.

Іс жүргізушілер арасында тергеу бөлімінің бастығы қандай істер бойынша алдын ала тергеу жүргізу туралы нұсқау тберуге құқылы екендігі жөнінде бірыңғай пікір жоқ. Мәселен, И. Гуткин мұндай нұсқаулар қозғалған істің шеңберінде ғана орын алуы мүмкін деп есептейді. Өзге авторлар (мәслен П. Минюков, А. Гаврилов) мұндай нұсқауларіс қозғау туралы мәселе енді шешіліп жатқан материалдар негізінде тергеу бөлімі бастығынан туындауы мүмкін деп есептейді. Атап айтқанда П. Минюков былай деп атап өтеді: “Оларды (материалдарды) тергеу бөлімінің бастығы “іс қозғалсын” деп бұрыштама соғып тергеушіге беруінің өзі осындай нұсқау болып табылады. Мұндай нұсқауларды жиі болмаса да тергеуші жедел-іздестіру қызметінен келіп түскен материалдарды қарауға байланысты алады”.

Тергеушінің өкілеттіктері оның алдын ала тергеу жүргізу функцияларынан ажыратылмайды, оның үстіне, олар тергеу бөлімі бастығының процессуалдық жағдайымен өзара байланыста қаралуға тиіс.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 64-бабының 1-бөлігіне сәйкес, тергеуші - өз құзіреті шегінде (ішкі істер органдарының тергеушісі, ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеушісі және салық полициясы органының тергеушісі) қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеуді жүзеге асыруға өкілетті қызмет адамы [2] .

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 7-бабының 14-бөлігіндегі қылмыстық ізге түсу органдары - бұл прокурор (мемлекеттік айыптаушы), тергеуші, анықтау органы, анықтаушы деген сөздерді талдау тергеушінің процессуалдық жағдайын қылмыстықізге түсу органының ұғымымен байланыстыру қажет екендігін куәландырады. Осы жағдай алдын ала тергеу органын сипаттайтын, атап айтқанда, тергеушіні қылмыстық іс жүргізу құқықтық қатынастарының қатысушысы ретінде қарауға итермелейді.

Тергеушінің негізгі мақсаты - істі тергеу болып табылады. Заң әдебиеттерінде “істі тергеу” ұғымы “анықтау”, “қарау”, “зерттеу” ұғымдарымен үндес, бірақ тергеушіге қатысты “айыптау”, “қорғау” ұғымы жоқ немесе қорғауға емес, шындықты анықтауға бағыттайды.

Тергеу бөлімі бастығының процессуалдық бақылау қызметіне мыналар жатады:

- қылмыстық істі қозғаудың уақытында болуын әрі негізділігін тексеру;

- алғашқы тергеу іс-қимылдарын жүргізудің нәтижелілігін және олардың қылмысты ашу мен тергеудегі маңызын анықтау;

- күдік тудырушыны ұстаудың заңдылығы мен негізділігін таңдап алынған бұлтартпау шараларының оларды қолданудың процессуалдық шарттарын сәйкестігін анықтау;

- айыпталушы ретінде адамды жауапқа тартудың заңдылығы мен негізділігін тексері;

- алдын ала тергеуге қатысушылардың процессуалдық құқықтарын қамтамасыз етуді талдау, заң бұзушылықтарды жою;

- қажет болған жағдайларда істі тергеудің жан-жақтылық, толықтылық және объективтік талаптарын орындау жөніндегі шараларды қабылдау;

- қылмыс келтірген материалдық зиянның орнын толтыруды қамтамасыз ету мақсатында тергеуші қабыолдаған шаралардың сәйкестігін анықтау;

- іс жүргізуді тоқтата тұру туралы немесе қықарту туралы тергеуші қаулысының заңдылығы мен негізділігін тексеру.

Бірқатар зерттеушілер (И. Гуткин, Ф. Лопушанский, А. Чувилев, Ю. Белозеров) тергеу бөлімінің бастығының тікелей өкілеттіктері ретінде көрсетілмесе де, оның процессуалдық жағдайының мәнінен туындайтындай тергеушіні басқару жөніндегі бірқатар процессуалдық іс-әрекеттер қатарына, мәселен, тергеушінің анықтау органдарымен өзара іс-қимылы туралы, қылмыстың жасалуына себепші болған себептер мен жағдайларды зерттеу туралы, қылмысты ашуға жұртшылықты тарту туралы нұсқауларды беруін жатқызады.

Заң тергеу бөлімі бастығының өз өкілеттіктерін жүзеге асыру нысанын белгілейді. Қылмыстық іс бойынша барлық нұсқаулар жазбаша түрде беріледі.

Тергеу бөлімі бастығының процессуалды өкілеттігін екі топқа бөлуге болады. Бірінші топқа нақты қылымыстық істі тергеудегі процессуалдық бақылау тәсілдері құрайды. Екінші топқа оған бағынышты тергеушілерді процессуалдық басқаруға бағытталған әсілдері жатады. Э. И. Воронин ұсынған осы саралау заңының қаралып отырған бөлігіндегі ережелеріне анағұрлым толық жауап береді [3, 45б. ] . Тергеушінің процессуалдық жағдайы оның қылмыстық сот ісін жүргізудегі функцияларымен байланысты, соңғысының сипатында мыналар көрінеді:

1) қылмыстар туралы арыздар мен хабарларды қарау (ҚІЖК-нің 183, 184-баптары) ;

2) істің жай-күйін зерттеу (ҚІЖК-нің 24, 124-баптары) ;

3) айыпталушы ретінде адамды жауапқа тарту (ҚІЖК-нің 206-бабы) ;

4) қылмыс жасады деп негізсіз айып тғудан кінәсіздерді қорғау (ҚІЖК-нің 24, 210-баптары) ;

5) қылмыстан келген материалдық зиянның орнын толтыруды және мүлікті тәркілеуге қатысты үкімнің орындалуын қамтамасыз ету (ҚІЖК-нің 162-171-баптары) ;

6) қылмыстың жолын кесу және қылмыс жасауға жәрдемдесетін жағдайларды жою үшін шаралар қабылдау (ҚІЖК-нің 8, 36, 204-баптары) ;

7) тұрып жатқан жері белгісіз айыпталушыларды іздестіру (ҚІЖК-нің 267-бабы) ;

8) сотқа дейінгі кезеңдерде тоқтатуға заңды негіздер болған жағдайда қылмыстық істерді шешу (ҚІЖК-нің 269-бабы) .

Тергеушінің аталған функциялар жиынтығын жүзеге асыруында мынандай ерекшеліктері бар:

  1. Функциялардың бәрі де өзара байланысты. Бір функцияларды орындаудың нәтижелері келесі функцияларды жүзеге асырудың сипатына әсер етеді. Мәселен, қылмыс туралы өтініштер мен хабарларды қарау екі нысанда жүзеге асырылуы мүмкін: а) қылмыстық іс қозғау; ә) қылмыстық іс қозғаудан бас тарту. Егер қылмыстық іс қозғау орын алған болса, онда әрі қарай істің мән-жайын зерттеудің келесі функциясын жүзеге асырудың қажеттілігі туындайды және т. т.
  2. Функцияларды жүзеге асыру тергеушінің өзге де процесске қатысушылармен өзара іс-қимыл жағдайында ғана орын алуы мүмкін. Өзара іс-қимылдың сипаты құқықтық қатынастарға қатысушының мәртебесіне байланысты. Мәселен, істің мән-жайын зерттеу қылмыстың іздерін сараптамалық бағалауды талап ету мүмкін, мұның өзі мәртебесі қатаң түрде заңменен белгіленген сарапшы процессуалдық құқықтағы өзара іс-қимылының сипаты, айталық тргеуші мен маманның өзара іс-қимылынан ерекшелінеді.
  3. Процесске қатысушылардың бәрін де құқықтарымен қамтамасыз ету және оларға міндеттер жүктеу тергеушінің өз функцияларын орындауының алғышарттары болып табылады.
  4. Тергеушінің заңды талаптарын кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың, лауазымды адамдардың және азаматтардың орындауының міндеттілігі заңды көзделген.

Алдын ала тергеу дегеініміз - мазмұны алдын ала сатысын басынан аяғына дейін қамтитын қызмет. Алдын ала тергеу дәлелдеуге жататын барлық мән-жайларды сотқа дейін анықтауға бағытталады (ҚІЖК-нің 117-бабы) . Тек алдын ала тергеуде ғана қылмыстық пароцесстің сотқа дейінгі сатыларында адамның құқықтары мен заңды мүдделерін сақтаудың заңда көзделген кепілдіктері көбірек көзделген.

Анықтауға қарағанда қылмыстық істер бойынша атап өткеніміздей, іс жүргізу дербестігі болады. Тергеу бөлімшелері қазіргі кезде ішкі істер органдарында, қауіпсіздік қызметі органдарында және салық полициясы органдарында бар [4] .

Алдын ала тергеу, ҚІЖК-нің 126-және 404-бабтарына сәйкес, неғұрлым күрделі істер бойынша және өзінің дене немесе ақыл-ой кемістігіне байланысты өз құқығын қорғай алмайтын кәмелетке толмаған адамдар жасаған қылмыстар туралы, сондай-ақ есі дұрыс еместердің қоғамға қауіпті іс-әрекеттері туралы істердің барлығында міндетті түрде жүргізіледі.

Алдын ала тергеу оны жүргізу заң бойынша міндетті емес қылмыстар бойынша да жүргізілуі мүмкін. Мұндай жағдайда тергеуші, оны сот немесе прокурор қажет деп санағанда ғана, қылмыстық процесске кірісуге құқылы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сот сараптамасы бойынша есептер
Трасологияның түсінігі, ғылыми негіздері мен жүйесі
Заттар мен материалдардың сот сараптамасы
Сот сараптамасының жіктелуі,тағайындаудың ұйымдастырушылық сұрақтары және оны жүргізетін мекемелер
Қылмыстарды ашуда арнайы білімдерді қолдану тіркеу қызметін жетілдіру
Іздер туралы криминалистикалық ілім (Трасология)
ҚР сот сараптамасы пәнінен лекциялар
Судья кітабы
Қылмыс. Криминалистика
Сот сараптамасы туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz