Қырымның қырық батыры жыры және Мұрын жырау


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ КІРІСПЕ 3

  1. «ҚЫРЫМНЫҢ ҚЫРЫҚ БАТЫРЫ» ЖЫРЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ 5XIV-XVII ғасырлардағы ноғайлы жырлары және зерттелу

тарихнамасы. 5

  1. «Қырымның қырық батыры» жыры және Мұрын жырау 7
  1. «ҚЫРЫМНЫҢ ҚЫРЫҚ БАТЫРЫ» ЖЫРЫНЫҢ ЛЕКСИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ 16Жырдағы ономастикалық атаулар және олардың семантикасы. 17Жырдағы жауынгерлік лексиканың қолданысы 22Әлеуметтік немесе қоғамдық мәнді сөздердің жырда көрініс табуы 34Жырда кездесетін тұрмыстық лексика 37Кірме сөздердің қолданыс аясы 42

ҚОРЫТЫНДЫ 47

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 51

Кіріспе

Диплом жұмысының өзектілігі. Барлық ұлттың таусылмас мәдени мұрасын бейнелейтін ұлттық көрінісі - сол халықтың тілі екендігі анық. Себебі тіл - қоғаммен тығыз байланысты ерекше құбылыс, ол - ұлт өмірінің бейнесін танытатын айнасы. Тарихта, қоғамда болып жатқан өзгеріс, жаңалық атаулының барлығы алдымен тілден көрініс табады. Тілді зерттеу арқылы халық, ұлт өмірінің кезеңдерін, тарихын анықтауға болатын болса, тарихы арқылы тілде болған өзгерістерді танып білуге болады.

Тіл тарихы халық өміріндегі елеулі өзгерістер әсерінен үнемі өзгеріп отыратындықтан, оның қалыптасу, даму үрдісі барлық уақытта бір қалыпты жүріп отырмайды. Қазақ тілі тарихынан да осыны аңғара аламыз. Тіліміз өз бастауын сонау көне замандардан алып, кейін қарым-қатынас құралы ретінде дамып, түрлі хандықтар мен құрылымдарға, ірі мемлекеттерге қызмет еткен. Қазақ халқының басынан өткен тарихи оқиғалар өз тілімізде сақталып, осы күнге жетіп отыр.

Қазіргі таңда қазақ әдеби тілінің туу, қалыптасу, даму жолдары мен кезеңдеріне қатысты толық шешім бар деп айта алмаймыз. Халықтың бір күнде қалыптаса қоймайтыны секілді, әдеби тіл де өзінің жоғары сатысына бір күнде жете салмайды. Ол әртүрлі этникалық топтардың тілдік мұралары негізінде қалыптасады.

Қазақ әдеби тілінің қалыптасу кезеңдерінде халықтың рухани дамуына өз үлесін қосқан халық ауыз әдебиеті үлгілері болып табылады. Қазақ әдеби тілінің дамуының негізгі қайнар көзі - фольклор болса, фольклордың басты салаларының бірі - батырлар жыры. Батырлар жыры - халқымыздың арман- тілегін, аңсарын өзіне міндеттелген ауыр жүктей арқалап келді.

Батырлар жыры қазақ әдеби тілінің қалыптасу кезеңінде халқымыздың рухани дамуына айтарлықтай үлес қосты. Сондықтан да, батырлар жырының тілін тереңдеп зерттеу, стильдік дәстүрлерін саралау, қорыту арқылы стильдік байлықты молайтуға қосқан үлестерін ашып көрсетудің мәні зор.

Батырлар жырларының ішіндегі ең көлемдісі де көркемі, ірі сюжеттік желісімен ерекшеленетін әрі біз зерттеуге алып отырған өзекті тақырып - Мұрын жырау Сеңгірбекұлы жырлаған «Қырымның қырық батыры» жыры. Бұл жырдың тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл түркі халқының рухани әлеміндегі орны ерекше. Көненің көзіндей ұрпақтан-ұрпаққа жеткен әдеби мұрамызды жинап, жариялау, оны зерттеу ісі тек әдебиеттану ғылымы үшін ғана емес, лингвистика үшін де маңызды.

Бұл дипломдық жұмыс «Қырымның қырық батыры» жырының тілін, оның ішінде лексикалық ерекшеліктерін зерттеп, сол арқылы халқымыздың ұлттық дүниетанымының көрінісін ашуға арналған. Жалпы әрбір шығарманың өзіндік ерекшелігі, кейіпкерлері мен образдары, тақырыбы мен идеясы - барлығы да оның тілі арқылы көрінеді. Көркем шығарманың лексикалық ерекшеліктерін зерттеуші ғалымдар шығарманың мазмұны мен түрін бірдей қарастырып, жазушының халық тіліндегі өзінен бұрынғы сөз

байлығын, сөз өрнегін қаншалықты, қалай пайдаланғанын, өзі халықтың тіл мәдениетін ілгері дамытуда не істегенін айқындайды.

Дипломдық жұмысты жазу барысында негізге алғаным «Қырымның қырық батыры» жырының жалпыхалықтық тілдің негізгі сөздік қорын қалай пайдаланды, оны қалай байытты, жырдағы сөздердің лексикалық мағыналарын анықтау және жырдағы жер-су аттарының шығу тегін анықтау. Диплом жұмысының нысаны − «Қырымның қырық батыры» жыры.

Диплом жұмысының мақсаты − «Қырымның қырық батыры» жырының Мұрын жырау жырлаған нұсқасын тілдік тұрғыдан зерттеп, жырдың лексикалық ерекшеліктерін анықтау. Аталған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді шешу көзделді:

  • «Қырымның қырық батыры» жырының зерттелуі жайлы еңбектерге шолу;
  • «Қырымның қырық батыры» жырындағы жауынгерлік лексиканы анықтау;
  • «Қырымның қырық батыры» жырындағы ономастикалық атаулардың шығу тегін таразылау;
  • «Қырымның қырық батыры» жырындағы әлеуметтік немесе қоғамдық мәнді сөздердің қолданылу жиілігін көрсету;
  • «Қырымның қырық батыры» жырындағы тұрмыстық лексиканы талдау;
  • «Қырымның қырық батыры» жырындағы кірме сөздердің мағыналарын анықтап, қазақ халқына қатысты мәліметтерді саралау;

Диплом жұмысын жазуда негізге алынған теориялық еңбектер: Зерттеу жұмысының теориялық негізі ретінде С. Сейфуллиннің «Қазақ әдебиеті» еңбегі, Қ. Жұмалиевтің «Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері» еңбегі, Р. Бердібаевтің «Эпостың тарихилығы» еңбегі, Ш. Уәлихановтың «Таңдамалы» еңбегі, С. Садырбаевтың «Халық әдебиетінің тарихи негіздері» еңбегі, С. Қасқабасовтың «Ойөріс» еңбектері қарастырылды.

Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

«ҚЫРЫМНЫҢ ҚЫРЫҚ БАТЫРЫ» ЖЫРЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ
  1. XIV-XVII ғасырлардағы ноғайлы жырлары және зерттелу тарихнамасы

Қазақ халқы - түрлі ұлыстардың және тайпалық одақтардың қатарында өмір сүрген түрік руларынан жиналған халық. Осы секілді тілі, салт-санасы мен әдет-ғұрпы ұқсас рулардың бір тармағы халқымызға Ноғай ордасынан кірген. Бұл халықтың түп төркіні монғол басқыншыларының қатарына кірген ру-тайпалармен тікелей байланысты. Олар сол жерде тұрақтаған қыпшақ тектес ұлттармен байланысып, кейін келе жекелеген ұлт ретінде тарих сахнасына оралған.

Ноғай Ордасы ХІІІ ғасырдың екінші жартысында бөлектене бастады.

«Ноғай», «ноғайлықтар», «Ноғай Ордасы» деген терминдер алғаш рет ХVІ ғасырдың басында ғана пайда болды. Ноғайлықтар өздерін маңғыт деп, ал өз ұлысын - «Маңғыт жұрты» деп атаған. Оларды көрші халықтар осы атымен білген. ХІІІ ғасырдың екінші жартысында маңғыттар Алтын Орданың уақытша билеушісі түмен басы Ноғай иелігінің құрамына кіреді. Осыдан барып «Ноғай Ордасы» ұғымы шыққан [1, 188-189 бб. ] .

ХVІ ғасырдың екінші жартысында Қазан және Астрахань хандықтарының Ресейге қосылғанынан кейін, Ноғай Ордасы бірнеше дербес иеліктерге ыдырады, оның ыдырау үрдісінде халықтың бір бөлігі қазақтың Кіші жүзінің құрамына енді. Ноғайлар мен қазақтар аралас-құралас отыра берген. Шоқан Уәлиханов ноғайлар мен қазақтардың бірге көшіп жүрген уақытын «қой үстіне боз торғай жұмыртқалаған» алтын заман ретінде бағалаған.

Ноғайдың тарауы үшке бөлінеді:

  1. Қарақыпшақ ноғай, оларға: Қобыланды батыр жатады.
  2. Қырымды ноғайға жататын: Ер Көкше, Ер Қосай, Айсаның ұлы Ахмет, Ақжонас ұлы Ер Кеңес, Асанғайғы, Ер Абат, Қарға бойлы Қазтуған, Нәрік ұлы Шора, Шынтас ұлы Төрехан т. т.
  3. Шер куртты ноғайға жататындар: Алатайлы Аңшыбайдың тұқымы [2, 3 б. ] .

Бұл күнде бұрын ноғайлы әдебиеті делініп келген туындылардың көпшілігі қазақ әдебиетінің қорында сақталып, оның төл туындыларына айналып кеткен. Мысалы, «Ер Төстік», «Жиренше шешен», «Алдар көсе», т. б. ертегі, аңыздар мен «Алпамыс», «Қобыланды батыр», «Қамбар батыр»,

«Ер Тарғын», «Ер Қосай», «Ер Сайын», «Едіге», «Қырымның қырық батыры», «Ер Жабай», «Ер Шора», «Орақ-Мамай» сияқты эпостық жырлар - сол ноғайлы заманының мұралары.

Ноғайлы дәуірі әдебиеті жайында туралы алғашқылардың бірі болып Шоқан Уәлиханов ХІХ ғасырда сөз еткен еді. Ол өзінің еңбектерінде қазақтың батырлық эпосы Ноғай ордасы заманында туған деп тұжырымдайды [3, 138 б. ] . Ол Торғай даласынан «Ер Көкше», «Едіге»,

«Орақ» жырларын жазып алады.

Кейіннен Сәкен Сейфуллин осындай жағдайларды ескере келіп, эпикалық аңыздаpға «Ноғайлы дәуірінің туындылары» деп сипаттама берген [4, 138 б. ] . Қазақтағы батырлар жырының дені «Ноғайлы дәуірінде туды» дей келе, пікірін дәлелдеу үшін сол дәуір жайында тарихи деректер келтіреді. Сонымен қатар жырлардың Ноғайлы дәуірінде туғандығын көрсету үшін бірнеше жырдан («Қозы Көрпеш - Баян сұлу», «Қамбар батыр», «Ер Сайын»,

«Қобыланды батыр», «Ер Тарғын», «Ер Көкше», «Жабай батыр» т. б. ) сөзіне дәлел ретінде үзінділер алады. Сәкен еңбегінде қазақта эпостық жырлар тек

«Ноғайлы дәуірінде» туған деген пікір баса айтылады [5, 161 б. ] .

Ноғайлы әдебиеті туралы пікір айтқан тағы бір ғалымымыз Қ. Жұмалиев қазақ эпостарының жасалыну жолдарын ХІV-ХVІ ғасырлардағы Алтын Орда дәуірімен байланыстырған Шоқан Уәлиханов пікіріне сүйенеді. Оның: «Қазақ, қырғыз, өзбек, ноғайдың ауыз әдебиеттерінің бір түрі батырлар туралы жырлар. Бұл жырлардың көбі Алтын Орда дәуірінде болған тарихи адамдар туралы. Соған қарағанда бұл жырлар ХІІІ ғасырдың ақырында, ХV-ХVІ ғасырларда жасалған сияқты» [5, 10-11 бб. ], - деген пікірін дәлелге келтіреді.

Ноғайлы дәуірі, сол дәуір әдебиеті жайлы пікір білдіргендердің бірі - Е. Ысмайылов. Оның 1939 ж. жазған «Батырлар жыры туралы» деген мақаласы көлемі жағынан ықшам болғанымен едәуір келелі ой түйген зерттеу деп бағаланған. «Қазақтың жалпы батырлар жырын алғанда өзінің шыққан заманына, тарихи дәуіріне қарай бірнеше салаға бөлуге болады, - дейді ол.

ХІV ғасырға дейінгі болған қаңлы-қыпшақ заманының батырлар жыры: Ертөстік, Құламерген, Аралхан, Көрұғлы, Бозұғлан, Алпамыс т. б.

ХІV-ХVІ ғасырлардағы ноғайлы заманының жырлары: Едіге, Қобыланды, Орақ-Мамай, Шора, Ер Тарғын; Ер Көкше, Қамбар, Бөген батыр, Ер Сайын т. б.

ХVІІ-ХVІІІ ғасырдағы қазақ-қалмақ арасының қарым-қатынасына байланысты батырлар жыры: Есім хан, Қабанбай, Олжабай, Бөгенбай, Арқалық, Алатай, Қаратай т. б.

ХІХ ғасырдағы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысына байланысты батырлар жыры: Сырым, Исатай, Махамбет, Бекет, Жанқожа, Ағыбай, Сұраншы, Сыпатай, т. б. » [5, 115 б. ] .

Аталған дәуір әдебиеті ғалымдардың пікірі бойынша 2 түрлі бағытқа жіктелді. Алғашқысы халық ауыз әдебиеті, ал екіншісі - батырлық яғни қаһармандық мазмұндағы жыр нұсқалары. Халық ауыз әдебиетінде біршама салт өлеңдері және ертегілері, шығыс дастандары «Мың бір түн», «Калила мен Димна» ауыздан-ауызға жайылды. Батырлық, яғни қаһармандық мазмұндағы жыр нұсқалары «Қобыланды», «Алпамыс», «Ер Сайын» осы дәуірде халықтың ой-өрісінің негізгі қаруы есебінде мазмұндық-құрылымдық жағынан жаңаланып, кей жерлері қайта жазылып, халық арасына жаңа нұсқалары тарала бастады. Сондай-ақ ноғайлы дәуірінің тарихи жайттарын қозғаған эпостық жырлар да көп болды. Ол жырлар хас батырлардың ерлік

әрекеттеріне сүйеніп, бірнеше жырлардан түзеліп, белгілі бір жүйе ретінде айқындалған эпикалық топтама үлгісіне құрылды.

Ноғайлы дәуірі Еуразиядағы кең далада ерекше рөл атқарған көшпелі қоғамның дамуында айтарлықтай із қалдарған кезеңнің бірі болып табылады. Ноғайлы дәуіріндегі көшпелі қоғамның, қоғамдық ойдың маңызды мұраларының бірі тәуелсіздікке арнау жырлары екендегі белгілі. Патриоттық жырлар осы кезеңде айшықталып, негізін қалады десек артық айтқандық емес. Қазақ әдебиетінің энциклопедиялық анықтамалығында бұл туралы былай делінген: «Ноғайлы аталып, кейін бір-бірінен бөлініп кеткен түркі тайпаларының көпшілігі өздерінің ноғайлы кезінде жырлаған шығармаларын мүлде ұмытқан, не оның ұзын-ырғасын, үзінді жұрнақтарын ғана сақтаған. Ал қазақ атанған ноғайлықтар сол кездегі мол мұраға ие болып, көпшілік мұрасын жоғалтпай сақтап қалған». Сөйтіп, бұрын ноғайлы әдебиеті делініп келген туындылардың көпшілігі қазақ әдебиетінің қорына қосылып, оның төл әдебиеті боп кеткен. Мысалы, «Біз - қазақпыз», «Жорықта өлген жігіттің жыры», «Асқар тау», «Сары қыз», «Алалай жыры», «Ботагөз», «Тақырлауға қонған қаз, тырна» (Асан қайғы), «Алаң да, алаң, алаң жұрт» (Қазтуған), «Би Темірге айтқаны», «Шағырмақ бұлт жай тастар» (Шалкиіз), т. б. қазақ жырлары соған дәлел бола алады. Аталған жырлардың негізгі кейіпкерлері және мазмұны сол дәуірдің қоғамдық көрінісін сипаттайды.

Ноғайлы дәуіріндегі батырлар жырын екі үлкен бағытқа бөліп көрсетуге болады: Бірінші, жалпы ежелгі түркі тайпаларынан бері жырланып келе жатқан дастандар. Олардың қатарына «Ер Төстік», «Қамбар батыр»,

«Алпамыс батыр», «Қобыланды батыр», «Ер Тарғын» және т. б. жатқызамыз. Екінші, ноғайлы дәуірінің төл тума батырлар жыры. Олардың қатарына

«Шора батыр», «Әділ Сұлтан», «Мұса хан», «Аңшыбай батыр», «Нұраддин», және т. б. жатады.

Сонымен, сөзімізді қорыта айтар болсақ, ноғайлы дәуірінде туған жырлар елді, жерді сыртқы басқыншылардан қорғауға шақыратын және сол жолда өзінің қара басын ойламай, халқы үшін шайқасатын батырлардың ерлік іс-әрекеттерін насихаттайтын, ұлтжанды болуға тәрбиелейтін жырлар болып табылады.

Ноғайлы - халқымыздың тарихи бел-белестерінде жүріп өткен бір кезеңі. Ғұн дәуірі, түркі дәуірі секілді, ол да тарихимыздың бір қатпары. Ноғайлы - түркіге қарағанда уақыт жағынан кейінгі ұрпақ бізге біртабан жақын. Ноғайлы дәуірін Ш. Уәлиханов қазақ халқының «Алтын ғасыры» деп атаған.

«Қырымның қырық батыры» және Мұрын жырау

Ноғайлы дәуірінің ерте заманнан келе жатқан батырлар жырларының ішіндегі ең көлемдісі де көркемі, ірі сюжеттік желісімен ерекшеленетін әрі біз зерттеуге алып отырған өзекті тақырып - Мұрын жырау Сеңгірбекұлы

жырлаған «Қырымның қырық батыры» жыры. Бұл жырдың тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл түркі халқының рухани әлеміндегі орны ерекше. Алдымен Мұрын жырау Сеңгірбекұлы кім деген сұраққа жауап берейік.

Мұрын жырау Сеңгірбекұлы - «Қырымның қырық батыры» атанған ноғайлы жырларын ұмыт қалдырмай, осы күнге жеткізген ұлы жыршы. Қазіргі Маңғыстау түбегінің Бозашы алқабындағы Қоңырорпа деген жерде дүние есігін ашқан.

Мұрын он жеті жасынан бастап біржола жыршылық жолға түсіп, әйгілі өнерпаздардың қасына еріп, жыр айтуға машықтанады. Кейін «Қырымның қырық батыры» топтамасындағы туындыларды Нұрым Шыршығұлұлы, Қашаған Күржіманұлы, Мұрат Мөңкеұлы сынды атақты ақын-жыршылардан үйренеді.

Белгілі әдебиеттанушы ғалым Ж. Тілеповтің: «Мұрын жырау - берісі қазақ халқының, әрісі бүгінгі таңда 200 миллионға жуықтап отырған, отыздан астам ұлт пен ұлысты құрайтын бүкіл түркі нәсілдестерінің мақтан етуге лайық, бірнеше ғасырда дүниеге бір рет келетін ерекше жаратылыс иесі» деп анықтама берген тамаша жаратылыс пен ғажап құбылыс иесі - Мұрын жырау Сеңгірбекұлының рухани қазынасы ұрпақтар қорына қосылған баға жетпес асыл мұра» [6, 153 б. ] деген пікірі Маңғыстау жыраулық мектебінің дүлдүлдері Абыл, Нұрым, Ақтан, Қашағандардың жыр көшін ілгеріге ұлылай, ұлықтай жалғаған ұлт мақтанышы Мұрын жырау Сеңгірбекұлы тұлғасына берілген пайымды бағалардың бірі болатын.

Жырау шығармашылығына айрықша қызығушылық танытып, рухани мұрасына қамқор жүрек пен ғалымдық зердені тоғыстыра зерделеген Қ. Сыдиықұлы оның зергерлік өнері турасында: «Мұрын жыраудың ата кәсібі

- зергерлік, ұсталық. Ол бұл өнерімен 1899 жылы Хожеліден Маңғыстауға көшіп келіп, Форт-Александровск (қазіргі ФортШевченко) қаласына орныққасын ғана түбегейлі айналысады. Өзі өле-өлгенше (1954 жылға дейін) тұрған Киров көшесіндегі 76-үйде (кейін 20-үй болып өзгерген) 82-83 жасқа келгенше іс соғады» [7, 23 б. ] деп, жырау өмірінің соңына дейін тұрған үйінің ауласындағы ұстаханасына қатысты нақты деректер келтіреді.

Сондай-ақ, бұған қоса ғалым: «Мұрынның атасы Айғыр, әкесі Сеңгірбек, немере ағасы Өмірбек, ағасы Төлеген - бәрі де өмір бойы ұсталық, зергерлік кәсіппен айналысқан. Атасы Айғыр өз дәуірінде жорық, жортуылды кезеңдердің қажетіне орай темір найза, қылыш, жекеауыз сияқты қарулар жасаған. Әкесі Сеңгірбек Мұрынды жас кезінен қасында ұстап, ұсталық, зергерлік өнерге баулиды. Дегенмен, тумысынан өнерге бейім жас өлең, жыр мен ән, күйге құмарта өседі» [7, 14 б. ] деп адам баласына табиғатынан дарыған таланттың жарыққа ұмтылысының жырау бойындағы көрінісіне тоқталады.

Мұрынның жыршылық өнерді жаны қалап, біржола бет бұруына анасының да ықпалы зор болғандығын ғалым «Талантты жасқа сөз өнеріне деген құмарлық дарытқан алғашқы тәрбиешісі анасы Қалдыкөз (Қалдықыз) болады. Ол ел аузындағы аңыз, әңгіме, ән, жырды көп білген. Өзі білетін бар

өнерін баласына үйретіп, оны жеті-сегіз жасынан жиын-тойға ертіп барады» деп, ерекше атап көрсетеді. Қазақ даласына ұлы жыршы сыйлаған асыл ананың қанымен келген киелі өнер ұрпағымен толығып, кемелденген.

Әлемдік деңгейдегі әдебиеттің ұлы туындылары болып табылатын Гомердің «Иллиадасы» мен «Одиссеясы», араб әдебиетінің орта ғасырлық классикалық шығармасы қатарында аталатын, араб-парсы, үнді халықтарының әр кезеңде туындаған ауыз әдебиетінің үлгілері топтастырылған көлемді «Мың бір түні», мазмұн байлығы мен көркемдік жыр кестесі жөнінен әлем халықтары әдебиетінің алтын қорынан саналатын қырғыздың батырлық эпосы «Манасымен» қатар, рухани құндылық қатарынан орын алуға тиісті «Қырымның қырық батырын» жырлап жеткізген ұлы жыршының есімі аңызға айналар ғасыр табалдырығын аттап, ұрпағына қызметін жалғастырып келеді.

Ерлік пен елдік жырларын толғап, батырлар әлемінің картинасын көркемдей жеткізген Мұрын жырау шығармашылығы турасында Қабиболла Сыдиқұлы: «Жыр дүниесіне беріле, оның мазмұнындағы қилы-қилы қым- қуыт оқиғаларды өз басынан өткергендей сезіне, тебірене жырлауы Мұрынның тыңдаушы алдындағы абырой-атағын биіктете түскен. Жырға шексіз берілгендік жыраудың осындай көлемді қазынаны жадында ұстауына мүмкіндік берген.

Естігенін есте сақтау жөнінде Мұрын - теңдесі жоқ, сирек кездесетін керемет адам. Мұрынның жыраулық атына орай да айта кетер әңгіме аз емес. Халық қадірлеген айтулы жыраулар ең әуелі ақпа-төкпе, суырып салма ақындығымен танылған. Жырау - табиғат құбылысы, ел өмірі, әлеуметтік мәселелерге ақыл-парасатымен түйін жасап, алдағыны болжайтын көреген абыз» [7, 26 б. ] деп, пікірін дамыта, тереңдете түсті.

Мұрын жыраудың репертуарындағы жырларды жазып алу 1939 жылдан басталды. Осы кезден бастап әдебиетші ғалымдарымыздың барлығы дерлік өз еңбектерінде бұл жырдың құндылығын, қай заманды бейнелейтінін, қаншалықты тарихилығын, кімдер жырлап, кімдер жазып алғандығы туралы, жырдың көркемдік тілі жайында да біршама ғылыми жұмыстар жүргізілді.

Жалпы «Қырымның қырық батыры» жырының ғылымға келген тарихы да, тағдыры да ерекше.

Бұған халық ақыны Мәриям Хакімжанованың «Мұрын жырау туралы есімде қалғандардан» деп аталатын естелігі арқылы көз жеткізуге болады. Өйткені бұл кісі екінші дүниежүзілік соғыстың қақаған жылдарында (1942 жылы) жыраудың жанында отырып, 33 жырды араб әрпімен қағазға түсіріп, қыруар еңбек жасаған.

«Қырымның қырық батырын» жырлаушы Мұрын жырау туралы М. Хакімжанова ең алғаш 1939 жылы жаз айында Қазақстан Жазушыларының ІІ сиезіне арнайы шақырылған гурьевтік қарт ақын Сәттіғұл Жанғабыловтан естіді. Сонымен, сиезде Мәскеу делегаттарын бастап келген Леонид Соболевтің ұсынысы бойынша Халық ақындары бөлімі құрылады. Бұл бөлімнің басшысы етіп ақын Иса Байзақов тағайындалып, көмекшілікке

М. Хакімжанова бекітіледі. Міне, жаңадан құрылып жатқан бөлімнің жұмыс істеуі үшін Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген ақын-жыраулардың айтуымен елде қалған ақындардың тізімі жасалды. Сәттіғұл ақын да, Орал, Гурьев маңындағы өзі білетін өнер иелерінің аты-жөндерін жаздыра бастайды. «Бір кезде ол кісі шошынғандай», - деп жазады М. Хакімжанова -

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Қырымның қырық батыры» жырлар циклінің зерттелуі, тарихи орны
Қырымның қырық батыры жырының лексикалық сипаты
НОҒАЙЛЫ ДӘУІРІНДЕГІ ЖЫРЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Ноғайлы әдебиеті
Батырлар жыры. Эпостағы дәуір және дәстүр мәселесі
Сыпыра жырау туралы
Батырлық жырлар, батырлар жыры
Тарихи өлеңдердің зерттелуі
Батырлар жырындағы тарихи шындық
Жыраулар поэзиясы туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz