Педагогиканың шығу және даму тарихы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
І БӨЛІМ. Қазақстан педагогикасының тарихы . . . 5
1. 1 Педагогиканың шығу және даму тарихы . . . 6
1. 2 Педагогиканың негізгі ұғымдары . . . 8
1. 3 Педагогиканың мақсаттары мен міндеттері . . . 9
ІІ БӨЛІМ. Педагогика ғылымының салалары және оның басқа
ғылымдармен байланысы . . . 12
2. 1 Қазіргі таңдағы педагогика . . . 14
2. 2 Педагогикаға үлес қосқан ғалымдар . . . 21
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 22
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 23
ҚОСЫМША . . . 25
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Көпсалалы гуманитарлы - техникалық колледж
Мамандығы: 0105000 « Бастауыш білім беру »
Біліктілігі: 01050013 « Бастауыш білім беру мұғалімі »
Педагогикалық бөлім
Бөлімге тіркелген мезгілі
Қорғауға ұсынылган белгісі
Қорғауға қойылған баға
Курстық жұмыс жобасы
Пән: Педагогика
Тақырыбы: « Қазақстан педагогикасының тарихы »
Орындаушы: Самарова Алтын тобы студенті: 4НО - 1к - 18 - 9
Жетекші: педагогика - психология пәні мұғалімі: Айгожина З. Ж
Қарағанды 2022 жыл
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Адам тəрбиелеу жөніндегі ғылым педагогика деп аталады. Ол өз бастамасын грек сөздері «пайдес»- балалар жəне «аго» -жетектеу дегеннен алған, тікелей аудармасында «педагогика» сөзі бала тəрбиесін бағыттау өнері дегенді білдіреді, ал «педагог» сөзі бала жетектеуші мəнін білдіреді.
Зерттеудің мақсаты: Қазақстан педагогикасының тарихының даму кезеңдерін анықтау.
Міндеттері: Ежелгі және орта ғасырларағы педагогикалық ойларды талдау. Тәуелсіздік жылдарынан кейінгі Қазақстан педагогикасының даму ерекшелегін көрсету.
Зерттеу нысаны: Қазақ педагогикасы жалпы тәрбие, білім берудің заңдылықтарын зерттейді
Зерттеу дереккөздері: Әбиев Ж. Педагогика тарихы 2006 жыл.
Жұмыстың ғылыми жаңашылдығы. Мағжан Жұмабаевтың ' Педагогика ' еңбегі. Ян Коменскийдің ' Ұлы Дидактика' еңбегі
Зерттеудің әдістері. Жалпы қазақ педагогикасы туралы зерттеу.
Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы.
Жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, бес тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттерден және қосымшадан тұрады.
I БӨЛІМ . Қазақстан педагогикасының тарихы
Педагогика тарихы - тәрбиенің, мектеп және педагогикалық теорияның әр түрлі тарихи кезеңдерде, ерте заманнан бүгінгі күнге дейінгі, дамуын зерттейтін ғылым ретінде қарастырылады. Педагогика тарихы тәрбиенің, тәрбие мәселелерімен айналысатын мекемелердің және педагогикалық теориялардың дамуын зерттейді. Педагогика әуел бастан-ақ балалар тәрбиесі жайындағы ғылым болып қалыптасқан. Тәрбие жайындағы белгілі мәліметтер адам баласының тәрбиесіне сүйенеді. Алғашқы қоғамдағы адамдардың тәрбие жөніндегі таным-мағлұматтары, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары заман ағымына орай бір буыннан екінші буынға ауысып отырды. Адамзат қоғамының, ғылым -білімінің дамуына байланысты тәрбиенің шығуын, оның даму заңдылықтарын ғылыми жолмен түсіндірудің қажеттігі туды. Осындай өмір, ғылым елегінен өткен мәліметтерді пайдаланып, педагогика адам тәрбиесіне қатысты мәселелерді жан-жақты түсіндірудің ғылыми және әдіснамалық жолдарын қарастырады.
Кейінгі кезде педагогика тек қана мектеп жасындағы балаларды зерттейтін пән деген ұғым шенберінен щыға алмаушылық та бар. Оның себебі, педагогика орта және жоғарғы білім беретін кәсіптік оқу орындарының жұмысы мен жұртшылық арасындағы тәрбие мәселелерін зерттеумен айналысқан жоқ. Ал педагогика пәні жайындағы талас пікірлер, оның тәрбиелік мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында болмай, тек қана терминологиялық тұрғыда айтылып келеді, Өйткені, оқулықтар мен оқу құралдарында педагогика пәніне берілен әр түрлі анықтамалардың өзі авторлар аорасындағы бірыңғай көзқарастардың жоқ екенін көрсетеді.
Педагогиканың ғылыми таным саласы - тәрбие. Пелагогика қоғамдық өмірдегі тәрбиенің мәні мен рөлін анықтайды. Сондықтан педагогика жалпы адам тәрбиесі жайындағы ғылым. Ал тәрбие - жастарды әлеуметтік өмірге және еңбекке даярлау, оларға қоғамдық - тарихи тәжірибені үйрету процесі.
Педагогика тарихы - тәрбие, оқыту және білім беру тәжірибесінің пайда болып дамуы және әр тарихи дәуірдегі тәлімдік ой - пікірлер мен теорияларды жүйелеп талдау үрдісінде қалыптасқан қоғамдық ғылымдар арасында өз орны бар ғылым. Педпгогика тарихы ғылым ретінде - тарих және педагогика ғылымдары түйісінде кейіннен философия салалары - әлеуметтану, мәдениеттану және этнография ғылымымен кіріктіре байланысу негізінде ауқымын кеңейтіп дамуда.
Ал, Қазақстан педагогика тарихы болса ол дүниежүзілік тарихи - педагогикалық үрдіспен өзара байланыста және оның құрамдас бір бөлігі болып өзінің даму жолында ерте кезден осы күнге дейінгі аралықтағы әр тарихи кезеңдегі тәлімдік ой - пікілерді талдап, тәрбие мен білім беру мәселесінің дамуын зерделейтін педагогика ғылымдарының бір саласы ретінде қарастырылады.
Педагогика тарихы пән і - әр тарихт дауірдегі әдеуметтік - экономикаоық жағдайларды педагогикалық идеялар мен ойларды жас ұрпақты тәрбиелеу мен білім берудегі мектеп тарихының дамуын өзара ықпалын кемшіліктері мен ұрпақты тәрбиелеу мен білім берудегі мекьеп тарихының дамуын өзара ақпалын кемшіліктері мен жетістіктерін жеткіншектерді дамыту үрдісіндегі мақсатты ұйымдастырылған қисынды шаралары мен шарттарын, белгілері мен заңдылықтарын талдау негізінде жүйеленіп болашақ мұғалімдердің педагогикалық дүниетанымын және шағырмашылық ойлау қабілеттерін дамытуды қарастарады.
1. 1 Педагогиканың шығу және даму тарихы
Педагогиканың пайда болуы қоғамның жас ұрпақты тәрбиелеудің тиімді жолын табу мақсатынан және де өндірісті дамыту талабынан туады. Тәрбие ұрпақ пен ұрпақты байланыстыратын дәнекер болып табылады. Педагогика ғылым ұзақ тарихи даму жолынан өткен. Алғашқы педагогикалық ой - пікірлер ертедегі шығыс елдерінің философиялық жүйесінде дамып кейін біртіндер өз алдына жеке ғылым болып дами бастады.
Педагогика көп заманға дейін философияның бөлігі болып, тек қана 17 ғасырда ол дербес ғылым лауазымына ие болды . Осыдан педагогика бүгінгі күнде де философиямен аса тығыз байланысқан. Себебі бұл екі ғылымның да шұғылданатыны адам, оның өмірі мен дамуын зерттеу.
Педагогика көп заманға дейін философияның бөлігі болып тек қана 17 ғасырда ол дербес ғылым лауазымына ие болды. Осыдан педагогика бүгінгі күнде де философиямен аса тығыз байланысады. Себебі бұл екі ғылымның да шұғылданатыны адам, оның өмірі мен дамуын зерттеу.
Педагогика философиядан бөлініп, өз алдына ғылыми жүйеге келуі, ұлы чех педагогы Ян Амос Коменскийдің есіміен тығыз байланысты. Оның 1654 жылы Амстердама жарық көрген Ұлы дидактика атты еңбегі алғышқы ғылыми - педагогикалық кітаптардың бірегейі болды. Ондағы айтылған тдеялардың көпшілігі осы күнге дейін өзінің көкейкестілігін және ғылыми маңызын жоғалтқан емес.
1. 2 Педагогиканың негізгі ұғымдары
Педагогика бұл-адамзат ғылымының ең ежелгі және қоғам дамуының ажырамас саласы болып табылады. Себебі: педагогикалық білім ұғымы ұрпақты білімге дайындау немесе тәрбиелеу мен байланысты адам әрекетінің ерекше аймағына кіреді. Педагогика барлық ғылымдар сияқты философия ғылымы аясында қарастырылды. Ежелгі грек философтарды Гераклит, Демокрит, Фальс, Сократ, Аристотель, Платон, т. б. ғылымдарының педагогикаға қосқан үлесі зор. «Педагогика» деген ұғым көне грек елдерінде б. э. б. 2, 5 жылда пайда болған дейді.
Әрбір ғылымның өзіне тен зерттейтін саласы және ғылыми ұғымдары бар. Мысалы, философиядағы ұғымдарға "болмыс", "материя", "қозғалыс"; саяси экономияда- "қоғамның өндіргіш күштері мен өндірістік қатынастары", ал педагогикада - "тәрбие", "білім беру", "оқыту"жатады.
Педагогикалық ұғымдар арқылы педагогикалық құбылыстарды, олардың байланысын танимыз.
Педагогикалық ұғымдардық бірі - тәрбие.
Тәрбие дегеніміз - адамдарды қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамдық-тарихи тежірибені беру процесі. Тәрбие ұғымы кең мағынада әлеуметтік қоғамдағы құбылыс ретінде барлық тәрбие салаларын, атап айтсақ: отбасы, мектепке дегіінга мекеме, оқу тәрбие орындары, еңбек ұжымы, ақпарат құралдары, баспа орындарын қамтиды. Біздің мемлекетте бұл салалар қоғамдық, мемлекеттік мақсатқа қызмет етеді.
Кең мағынада деген ұғымда бүкіл сыртқы әсерлердің, адамды қоршап тұрған, табиғи және әлеуметтік ортаның, тәрбиешілердің мақсатты іс-әрекеттерінің ықпалымен адамды қалыптастыру.
"Тәрбие" ұғымы тар мағынада "Тәрбиеші тәрбиелейді", кең мағынада "Өмір тәрбиелейді' деп қолданудық тәрбие жайлы ұғымды анықтауда зор мәні бар.
Тәрбие - тар мағынада жеке тәрбиелік міндетті шешуге, жеке адамның белгілі бір қасиетін қалыптастыруға, меселен, эстетикалық талғамын тәрбиелеуге бағытталған жұмыс.Білім беру ұғымын педагогикаға тұңғыш енгізген И. Песталоцци.
Білім беру - оқыту мен тәрбие жұмысын біріктіретін және жеке бастық дамуына ықпал жасайтын процесс.
Оқыту - білім берудің негізгі жолы. Оқыту екі жақты, бір текті процесс:
1. Оқытушы оқушыларға білім берін, іскерлік, дағдыға үйретеді.
2. Оқушы таным міндеттерін жете түсініп, жаңа білімді, іскерлікті, дағдыны игереді және оларды өмірде колданады.
Ал адамның білім алуы тек оқыту процесінің нетижесі емес, оның; білім алуына көпшілік ақпарат құралдары кино, радио, телехабар, т. б. ықпал жасайды.
Сонымен бірге адамның "жетілуі", "даму", "өзін-өзі тәрбиелеу" ұғымдары да педагогиканың зерттейтін меселелері саласын толықтырады.1. 3 Педагогиканың мiндеттерi
Педагогика ғылымының алдында тұрған мiндеттердің күрделiлiгi бiздің қоғамымыздың барлық саласында жүрiп жатқан қайта құру процесiнен туындайды.
Қоғамның экономика мен саяси жүйесiндегi жаңаша ойлау, халықтың рухани байлығын жандандыру, адам факторын жетiлдiру мәселелерi үздiксiз бiлiм берудің бiрыңғай жүйесiнің ғылыми негiзiн анықтаумен байланысты шешiледi.
1. Педагогика ғылымы алдындағы басты мiндеттердің бiрi - үздiксiз бiлiм берудің бiрыңғай жүйесiн жасау.
2. Педагогика ғылымындағы негiзгi бағыттар халық ағарту жүйесiн, оқу-тәрбие процесiн интеграциялау, гуманитарландыру, интеллектуаландыру, индивидуализациялау және демократияландырудың ғылыми теориялық принциптерiн ашу.
3. Қоғам өмiрiндегi тәрбиенің ролi мен жеке адамның қалыптасуы туралы, теориялық мәселелердi айқындау педагогиканың негiзгi мiндеттерiнің бiрi.
4. Бiлiм беру мазмұнының ғылыми негiздерiн жасау, жалпы политехникалық және кәсiптiк бiлiм берудің арасындағы қатынасты анықтау, оқу тәрбие процесiн оптималдандырудың тиiмдi әдiстерiн ашу, ғылыми практикалық мәнiн көрсету.
5. Сондай-ақ маңызды мiндеттердің қатарына қоғамдағы мұғалiмнің әлеуметтiк орнын және оқу-тәрбие процессiндегi ұстаздың ролi мен маңызын көрсету және iлiмiздегi үздiксiз педагогикалық бiлiм берудің мазмұнын жасау, өздiгiнен бiлiм алудың ғылыми практикалық негiзiн айқындау жатады.
6. Халық педагогикасының педагогика ғылымындағы орнын айқындау, ролiн көрсету және оның педагогикалық процесте жұзеге асырылу жолдарын айқындау.
Мақсаттары:
II Бөлім.
2. Педагогика ғылымының салалары және оның
басқа ғылымдармен байланысы.
Педагогика ғылымының құрыдымы, оның басқа ғылымдармен байланысы. Педагогика дамып, тәрбие мен білім беру жайлы ғылыми тарауларға бөлініп бастады. Мысалы, педагогиканың жалпы негіздері, тәрбие теориясы, дидактика және т. б
Тәрбие мен оқыту ісінің одан әрі дамуына байланысты педагогика ғылымының түрлі салалары, атап айтсақ, мектепке дейінгі педагогика, мектеп педагогикасы, педагогика тарихы, дефектология және пәндерді оқыту әдістемесі, кәсіптік - техникалық білім беру педагогикасы, жоғары мектеп педагогикасы, әскери педагогика, басқару педагогикасы, отбасы тәрбиесінің педагогикасы, мәдени - ағарту қызметкерлерінің педагогикасы, түзіліс еңбек педагогикасы, этнопедагогика, әлеуметтік педагогика, кәсіби педагогика, жас ерекшелік педагогикасы және т. б педагогика салалары пайда болды.
Мектепке дейінгі педагогика - отбасы, балалар бақшасындағы демек, мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесін зерттейді. Мектеп педагогикасы мектеп жасындағы балалар тәрбиесін зерттейді. Мектеп педагогикасы мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудың мақсаттары мен міндеттерін, әдістері мен принциптерін, формаларын, мазмұның және нәтижесін айқындайды.
Мектеп педагогикасы төрт бөлімнен тұрады.
Олар.
1. Педагогиканың жалпы негіздері
2. Тәрбие теориясы
3. Дидактика
4. Мектептану ( басқару теориясы )
Дидактика педагогиканың негізгі тарауларының бірі. Дидактика оқытудың заңдылықтарын қарастырады. Сондықтан ол « Нені оқыту керек, қалай оқыту керек, не үшін оқыту керек» деген сұрақтарға жауап береді. Жалпы дидактиканың негізгі міндеттері оқыту процесінің заңдылықтарын ашу, білім беру мазмұның анықтау, оқытудың тиімді әдістері мен ұйымдастыру формаларын іздестіру, жастардың таным ынтасы мен қабілетін дамыту, дүниеге көзқарасты қалыптастыру, олардың өмір тәжірибесіне дайындау тәжирибелерін зерттеп, шешу.
Педагогика тарихы - педагогиның жеке бір саласы. Пдагогика тарихы тәрбиенің шығуы мен дамуының қалыптасуын зерттеу.
Дефектология - педагогика ғылымының арнаулы саласы. Дефектология көру, есту, сөйлеу мүшелерінде және ақыл ойында табиғи кемістігі бар балаларды оқыту, тәрбиелеу мәселелерін зерттеп жетілдіреді.
Дефектология төрт салаға бөлінеді.
Сурдопедагогика - саңырау, мылқау және керең балаларға білім беру және тәрбиелеу мәселесін зерттейді.
Тифлопедагогика - көру қабілеті нашар және соқыр балаларды тәрбиелеу және білім беру мәселесін зерттейтін педагогика саласы.
Олтгофренопедагогика ақыл ойы кеміс балаларға білім беру және тәрбие беру мәселесін зерттейтін педагогика саласы.
Голопедия - тілдің кемісі бар балаларға білім беру және тәрбиелеу мәселесін зерттейтін педагогика.
Философия - табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдарын, түбегейлі мәселелерін зерттейді, өмір шыңдығын танып білу жөніндегі көзқарастың негізгі жүйесі болып табылады, адамды күшті идеялық сенімге, айқын түсіне білушілікке тәрбиелейді. Ғылыми философия тұсынан қарағанда, мысалы, теріске шығару заңынан мәнін былайша түсіндіруге болады: ескінің орнын жаңа басад, дамудың бір кезені екінші кезеңмен ауысады. Мысалы, қоғамның тарихи даму барысында бір формация екінші формациямен ауысады. Ғасырлар бойы тарихи дамудың негізінде жануарлар мен өсімдіктердін ескі түрлерін жаңа түрлері теріске шығарады. Ғылыми философия әр түрлі салаларды, құбылыстарды, оқиғаларды терең және жан - жақты зерттей білуді талап етеді. Сондықтан ол басқа ғылымдар сияқты педагогиканы диалектикалық әдіспен қаруландыра отырып, тәрбие және оқыту мәселерін философия мен ғылыми тұрғыдан шешуге көмектеседі. Кейбір жалпы мәселелер филолсофия мен педагогика ғылымдарымен қалыптастырудың, тұқым қуалаушылықтың, ортаның және тәрбиенің рөлі және т. б жатады
2. 1 Қазіргі таңдағы педагогика
Педагогика ғылымы саласындағы дағдарыстың себебі болатын тағы бір құбылыс рухани мəдениеттің бедерсізденуі болып табылады. Бұл үрдістер қазақ халқының ұлттық дүниетанымының өзіндік қайнар көздері мен түп-тамырларын елемеуге əкеліп соқтырды. Педагогикалық ілімдер тəрбиенің абстрактылы, қайшылықсыз сызбалары ретінде қарастырылды. Мұндай жағдайлар ресми мəдениеттің идеологияланған кеңістігінде ғана қалыптасуы мүмкін еді. Ал нақты өмірде, əсіресе қазақ халқының бай рухани əлемімен жəне ұлттық психологиясымен түйіскенде бұл теориялар əр түрлі қайшылыққа толы қорытындылар жасайтыны айғақталды. Сырт көзге дұрыс болып көрінетін абстрактылы қағидаттар халықтың тіршілік əлемінен, тəрбие ортасынан оқшау тұрғандықтан, өзінің дүниетанымдық маңыздылығы мен əлеуметтік құндылығын жоғалта бастады.
Педагогикалық теорияның мемлекеттік идеологияның ықпалында болуы, ұлттық рухани мəдениеттің ерекшеліктерін елемеушілігі отандық педагогикалық ілімнің əлемдік педагогикалық бірлестіктен оқшаулануын туындата бастады. Əлемдік педагогикалық мектептердің негізгі бағыттарымен идеялық текетірестік жағдайында болу өзара тиімді дүниетанымдық жəне əдіснамалық үнқатысуды жүргізу мүмкіндігін шектей түскен болатын. Біздің педагогиканың томаға-тұйықтығы тəрбие мен білім беру мəселелерінің практикалық шешімін іздеуде догматизм мен əдіснамалық əлсіздікке əкеліп соқтырды. Екінші жағынан, педагогика ғылымындағы осындай қайшылықтардың тамырлары əлеуметтік жаттану үдерістерімен астасады. Бұл адамның меншіктен жаттануы, өзінің ұлттық тарихы мен халықтық педагогикасынан жаттануы, тіпті адамның өз мəнін, тарихы мен мəдениетін, тілі мен дінін жатсынуы болып табылады. Соның салдарынан адамдар əлеуметтік үдерістердің қарапайым құралы мен объектісіне айналды. Сондықтан қазіргі тəуелсіз Қазақстан жағдайында халқымыздың рухани ахуалына сəйкес педагогика ғылымы өз мазмұнын əлеуметтік жаттануды еңсеру жолдары мен ерекшеліктерін анықтауға бағыттауы тиіс. Мұның өзі біздің ұлттық болмысымызға сай қазақ педагогикасының əдіснамасын жасауды қажет етеді. Қазақ педагогика ғылымы əлемдік педагогика тұрғысынан қазақтың ұлттық рухы, менталитеті мен тəрбие ерекшеліктерінің қалыптасуы мен даму тарихын тұжырымдай отырып, өз бойында əлемдік мəдениеттің жетістіктерін жинақтап, жалпыадамзаттық тəрбие тəжірибесін танытатын ғылым болуы тиіс.
Педагогика ғылымының жеткілікті жоғары деңгейде дамуы білім берудің дамуы мен болашағын болжауға мүмкіндік береді. Білім берудің қазіргі кездегі теориясы мен тəжірибесі əлеуметтік дамудың, қазақстандық білім беру жүйесін ізгілендірудің шынайы талаптарына толық жауап бермейтіні анық. Бұл, біз жоғарыда айтып өткеніміздей, педагогика ғылымының гуманитарлық ғылымдар саласы ретінде əміршілдік-əкімшілік жүйенің жағымсыз ықпалында болуы, мұның өзі оның дамуын тежеді. Кеңестік дəуірде педагогиканың дағдарысқа ұшырауының бірден-бір себебі оның əдіснамалық негіздерінің идеологиялануы болып табылады, оның негізін тəрбиеге таптық тұрғыдан қарау қағидасы құрады. Мұның өзі əрбір ұлттың педагогикасының дамуын əлемдік педагогикалық тəжірибеден жəне жалпыадамзаттық гуманитарлық мəдениеттен аластатты. Қазақстанның тəуелсіздік алуы, мемлекетiмiздiң ұлттық мəдени тұрғыдын кемелденуi жас ұрпақты өз халқының рухани қазынасымен, ұлттық мəдениетiмен, игi дəстүрлерiмен тереңiрек таныстырып, солардың негiзiнде тəрбие мен бiлiм беруге жол ашты. Соның нəтижесінде халықтық педагогика жəне қазақ этнопедагогикасы саласында тың ғылыми зерттеулер жүргізілді.
Бүгінгі педагогикадағы ең үлкен кемшіндік - дұрыс əдіснама жоқ. Біз əдіснамаға ұсынып отырған жеті түрлі жүйе жалпы педагогикада жоқ.
- Отбасы құруға дайындық, немесе ұрық тазалығы.
- Ана құрсағындағы тəрбие.
- Нəресте кезеңі.
- Балбөбек кезеңі.
- Сəбилік кезеңі.
- Балиғат.
- Жасөспірім кезеңі. Осы кезеңдердің əрқайсының өз тəрбие-тəсілдері бар
2. 2 Педагогикаға үлес қосқан ғалымдар
Педагогиканың философиядан бөлініп, өз алдына ғылыми жүйеге келуі ұлы чех педагогы Ян Амос Коменскийдің (1592-1670) есімімен байланысты.
XVII ғасырда педагогика статус алып, өзінше ғылым болып бөлініп шыққаннан кейін Чехияның ұлы педагогі Я. А. Коменскийдің (1592-1670) беделі және еңбектерімен әрі қарай бекіп, дами түсті. Осы кезден бастап Коменский-дің теориялық ой-пікірлері педагогиканы дамытып, ол күні бүгінге дейін ғылыми маңызын жоғалтқан жоқ. Содан бастап, ол дүниежүзілік аренаға шығып педагогикаға әлем жұртшылығының назарын аударды, қолдау тапты. Коменский дәуірі Еуропада буржуазиялық формацияның үстемдік етіп тұрған кезі болатын, ол соған соқтығысып өзінің философ-гуманист, қоғам-қайраткері, аса көрнекті педагог екенін таныта білді.
XVII ғасырдағы мектептегі білім беру жүйесінің кемшілігін жақсы түсінген Коменский Еуропадағы оқу-ағарту ісін мүлде қайта құрумен айналыса бастады. Ол оқудың жаңа әдістері мен әдістемелігінің қажеттілігін айтып, білім беру жүйесінің, оқудың прогрессивтік жүйесін - оның барлық адамға бірдей және тиімді де түсінікті болуын, өзіне мақсат етіп қойды. Оның дәлелдеуінше - »Балаларды оқыту қажет, біртіндеп қарапайым, элементарлық ұғымдардан күрделіге көшіп отыру педагогикалық талаптардың негізі деп көрсетті. Коменский бастауыш оқуды ана тілінде (тек латын тілінде емес) жүргізуді ұсынды.
Ол тек ақылды адамдар тәрбиелеу емес, жеке тұлғаны түгелдей дамыту оқудың ең басты міндеті - деп есептеді. Тәрбиенің рөлін жоғары бағалаған педагог »Адам тек тәрбие арқылы ғана адам болады», »Адам болу үшін ол білім алуы тиіс», »Білімділер нағыз адам» - деді. «Iлім -нравтылықтың спутнигі» - деді педагог. Оның жүйесінің негізі - ақыл-ой, нравтық, діни тәрбиені жүзеге асыру. Оның айтуынша, ақыл-ой тәрбиесі ақылды еңбектің жемісі. Коменский білім алу тек жастардың ғана міндеті емес, барлық адам оқуы, үйренуі қажет - деді.
Коменский мектепке арнап бірнеше оқулықтар жазды, оның мақсаты балаларға өмірдің тұтас картинасын беру. Оның ғылыми еңбектері, оны бүкіл Еуропаға және жер жүзіне танытты. Ол іс жүзінде оқуды ғылымға айнал-дырды. Оның педагогикалық әдістері революциялық маңыз алды. Оқуды түбегейлі өзгертті. Коменский педагогика тарихында аса көрнекті орын алды. Оны ғылыми, теория-лық маңызын жоғалтқан жоқ. Оның принциптері, әдістері мен әдістемеліктері, оқыту формалары, мысалы, сынып-сабақ жүйесі - педагогиканың теориялық негізі болып сақталып қалды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz