Сын тұрғысынан ойлау технологиясының мүмкіндіктері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Утеубаева Жанат Ықласқызы

Ақпараттық коммуникативтік технологиялар негізінде бастауыш сынып оқушыларының сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В010200 - «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»

мамандығы

Алматы 2020

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

«Қорғауға жіберілді»

Мектепке дейінгі және бастауыш білім

кафедрасының меңгерушісі, п. ғ. к., қауымд. проф. м. а.

Байназарова Т. Б.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:

Ақпараттық коммуникативтік технологиялар негізінде бастауыш сынып оқушыларының сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту

5В010200 - «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»

мамандығы бойынша

Орындаған:

4 жылдық 4 курс студенті

Утеубаева Жанат Ықласқызы

Ғылыми жетекшісі:

п. ғ. м., аға оқытушы Сеейдуалиева А. Н

Алматы 2020

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . . . . 3

1 Бастауыш сынып оқушыларының сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамытуда ақпараттық коммуникативтік технологияларды пайдаланудың теориялық негіздері . . . 7

  1. «Сын тұрғысынан ойлау» және «ақпараттық коммуникативтік технология» ұғымдарының мәні мен сипаттамасы . . . 7
  2. Бастауыш сынып оқушыларының сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамытуда ақпараттық коммуникативтік технологияларды пайдаланудың мүмкіндіктері . . . 25

2 Бастауыш сынып оқушыларының сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамытуда ақпараттық коммуникативтік технологияларды пайдаланудың тәжірибелік-эксперимент жұмысы және оның нәтижелері . . . 36

2. 1. Бастауыш сынып оқушыларының сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамытуда ақпараттық коммуникативтік технологияларды пайдаланудың қазіргі жағдайы . . . 36

2. 2. Тәжірибелік-эксперимент жұмысы және оның қорытындылары . . . 44

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 60

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 63

ҚОСЫМША . . . 66

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. Бүгінгі білім беруді жаңарту жағдайында оны ақпараттандыру басымдық мәнге ие болып отыр. Әлемнің барлық елдерінің өркениет дамуының қазіргі кезеңі ақпараттық қоғамды қалыптастырумен байланысты болып табылады. Қазіргі таңда республикамызда білім беруді ақпараттандырудың негізгі мақсаты - бұл қазіргі ақпараттық технологияларды қолдану негізінде біртұтас біліми ақпараттық орта құру арқылы қазақстандық білім беруді әлемдік білім беру кеңістігіне енгізуді көздейді.

Әлемдік стандарт пен қазіргі талапқа сәйкес келетін ұлттық білім жүйесін құрудың мәселелерін шешуге арналған Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында: “ . . . Бастауыш мектептің бағдарламасы баланың жеке тұлғасын қалыптастыруға, оның жеке қабілетін ашуға және дамытуға бағытталған . . . І сатыдағы оқыту мен тәрбиелеу оқу қызметінде негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын кейіннен игеру үшін мыналарды: оқу, жазу, есептеудің тиянақты дағдыларын, қарапайым тілдік қарым-қатынас тәжірибесін, шығармашылықпен өзін-өзі көрсетуді, мінез-құлық мәдениетін, жеке гигиенасы және салауатты өмір салтының негіздерін қалыптастыруға бағдарланған”, - деп көрсетілген [1, 18 б. ] .

Жаңа әлеуметтік сұранысқа байланысты нәтижелі іс-әрекетке түсе алатын тұлғаны қалыптастырудың қажеттігі қазіргі педагогика теориясында басты өзгерістерді шешуді жүктеуде. Бұл әсіресе жалпы орта білім мектептерде өзекті мәселелердің біріне айналып, онда осыған байланысты әрбір оқушының шығармашылық қабілеті мен өзінің қызығушылықтарына сәйкес мүмкіндіктерін толық ашуға жағдай жасап, тұлғаның белсенділік, ізденімпаздық әлеуетін көтеруде ақпараттық технологияларды пайдалану басымдық бағытта ықпал етіп отыр.

Тұлғаның нәтижелі іс-әрекетін қалыптастыруға қатысты мәселелер философтар Аристотель [2], Платон [3], Гегель [4], И. Кант [5], шығыс ойшылдары Абу Насыр әл-Фараби [6], Ибн-Сина [7], Ж. Баласағұн [8] және қазақ ақын-жыраулары А. Құнанбайұлы [9] Ш. Құдайбердиев [10] еңбектерінен кең орын алған. Оқушылардың оқу іс-әрекетін дамыту мәселелерін психолог-ғалымдар Л. С. Выготский [11], А. Н. Леонтьев [12], Д. Б. Эльконин [13], C. Л. Рубинштейн [14], Т. В. Габай [15], Н. Ф. Талызина [16], О. К. Тихомиров [17], Ж. Аймауытұлы [18], М. М. Мұқанов [19], Қ. Б. Жарықбаев [20], Ә. Алдамұратов [21], С. М. Жақыпов [22], Ж. Ы. Намазбаева [23] т. б. зерттеді. Оқушылардың нәтижелі іс-әрекетін қалыптастырудың теориясы мен практикасына үлес қосқан педагог-ғалымдар мен ағартушылар: Я. А. Коменский [24], К. Д. Ушинский [25], А. С. Макаренко[26], В. А. Сухомлин- ский [27], А. Байтұрсынов [28], М. Жұмабаев [29], М. Дулатов [30] т. б. Оқушылардың іс-әрекетін педагогикалық негізгі категория ретінде қарастырып, оны жетілдіруде ақпараттық технологияларды пайдалануды Т. С. Сабыров [31], Р. М. Қоянбаев [32], Н. Д. Хмель [33], А. Х. Аренова [34], Г. К. Нургалиева [35], Ж. А. Қараев [36], Ж. У. Кобдикова [37], Б. А. Тұрғынбаева [38], А. К. Рысбаева [39], Ж. Ы. Сардарова [40], Ә. С. Әміровa [41], М. Мухамедин [42], З. Ш. Айдарова [43], Қ. Әбдібекқызы [44], Т. И. Кокумбаева [45] т. б. атап көрсеткен. Оқушылардың нәтижелі іс-әрекетін қалыптастыруды шетел ғалымдары И. Я. Лернер [46], Ю. К. Бабанский [47], В. В. Давыдов [48], Е. И. Машбиц [49] т. б. еңбектерінде әр қырынан талқылаған.

Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып ақпараттық коммуникативтік технологиялар арқылы сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамытудың тиімділігі біршама ғылыми еңбектерде қарастырылған. Ал, ақпараттық коммуникативтік технологияны қолданудың жалпы педагогикалық негізі В. П. Беспалько [50], Е. С. Гершунский [51], А. П. Ершов [52], В. М. Монаховтың [53] еңбектерінде қарастырылған.

Елімізде оқытуды ақпараттандыру мәселесін шешу үшін педагогика, психология ғылымдарының соңғы жетістіктерін пайдалана отырып, әлем тәжірибесін игерумен байланыстыра шешуді көздеп отыр.

Осы мақсатқа сай бастауыш сынып оқушыларының сыни ойлау қабілетін дамытуда ақпараттық технологияларды пайдаланудағы алдына қоятын мақсатты анықтап алуды жөн көрдік.

Бастауыш мектепті ақпараттандыру үрдісін тек жалпы орта білімді ақпараттандыру деңгейінде ғана емес, сонымен бірге өзіндік нақты ғылыми және практикалық мәселе есебінде қарастыру қажеттігі оқушылардың жаңалықтарды қабылдаудағы психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерімен түсіндіріледі. Психологиялық, педагогикалық ғылыми еңбектерді талдау бастауыш сынып оқушыларының сыни ойлау қабілетін дамытуда ақпараттық технологияларды пайдаланудың қажеттігі мен оның ғылыми тұрғыдан зерттелмегендігі және арнайы әдістемесінің жеткіліксіздігі арасында келесі қарама-қайшылықтар туындап отыр:

- бастауыш мектепті ақпараттандыруға деген қоғам сұранысы мен оның бүгінгі білім беруді жетілдіру жағдайында жүйелі түрде зерттелмеуі;

- бастауыш сынып оқушыларының сыни ойлауы және олардың әржақты, үйлесімді дамуларын педагогикалық тұрғыдан шешу қажеттігі мен оқу үдерісінде ақпараттық технологияны өз деңгейінде пайдаланылуы арасында;

- бастауыш сынып оқушыларының сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамытуда ақпараттық технологияларды пайдаланудың теориялық тұрғыда зерттелмегендігі мен оны жүзеге асыратын әдістемесінің жоқтығы.

Сондықтан да осы айтылған қарама-қайшылықты теориялық тұрғыдан шешу, оның педагогикалық-әдістемелік мүмкіндігін ашу, ақпараттық коммуникативті технологияны оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту құралы есебіндегі орны мен рөлін анықтау біздің зерттеуіміздің көкейкестілігі болып табылады.

Осыған орай бұл мәселені ғылыми-теориялық және әдістемелік тұрғыдан қарастыра отырып, оқушылардың ізденімпаздығын дамыту мақсатымен зерттеу тақырыбын «Ақпараттық коммуникативтік технологиялар негізінде бастауыш сынып оқушыларының сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту» деп таңдауымызға негіз болды.

Зерттеу мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамытуда ақпараттық коммуникативтік технологияларды пайдалануды теориялық тұрғыдан негіздеу және оның әдістемесін жасау.

Зерттеу нысаны : бастауыш сыныптардағы оқыту үдерісі.

Зерттеу пәні: бастауыш сынып оқушыларының сыни ойлауын дамыту жағдайында ақпараттық коммуникативтік технологияларды пайдалану.

Зерттеудің ғылыми болжамы. Егер, бастауыш сыныптарда оқыту үдерісінде оқушылардың сыни ойлауын дамытуда ақпараттық коммуникативтік технологияларды пайдалану теориялық тұрғыда негізделсе, оның құрылымдық-мазмұндық моделі жасалып, әдістемелік кешені даярланса, онда оқушылардың оқу іс-әрекетін қалыптастырудың тиімділігі артады, өйткені, бұл жағдайда ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы тұлғаның ізденімпаздығын арттырып, сыни ойлауға жеткізуге мүмкіндік туады.

Зерттеудің міндеттері:

  1. бастауыш сынып оқушыларының сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамытуда ақпараттық коммуникативтік технологияларды пайдаланудың теориялық негіздерін анықтау;
  2. бастауыш сынып оқушыларының нәтижелі іс-әрекетін қалыптастыруда ақпараттық коммуникативтік технологияларды пайдаланудың педагогикалық шарттарын айқындау;

3. бастауыш сынып оқушыларының сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамытуда ақпараттық коммуникативтік технологияларды пайдаланудың тиімділігін тәжірибеде тексеру және ғылыми негізделген ұсыныстар беру.

Зерттеу теориялық-әдіснамалық негіздері: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы (2007), Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, 2015 жылға дейінгі білім беуді дамыту тұжырымдамасы, зерттеу мәселесіне қатысты философ, психолог, педагог, әдіскерлердің еңбектері; Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, пәндік оқу бағдарламалары, оқу-әдістемелік кешендер, озат ұстаздардың және автордың педагогикалық ғылыми іс-тәжірибесі.

Зерттеудің әдістері: теориялық (талдау және жинақтау, жалпылау және салыстыру, абстрактілеу және нақтылау, зерттеу болжамын модельдеу және нәтижені жобалау) ; эмпирикалық (сауалнама, интервью, әңгімелесу, бақылау, оқу-әдістемелік құжаттарды саралау, оқушылардың нәтижелі жұмыстарын талдау, тест, тәжірибелік-эксперименттік жұмыс жүргізу, оқушы портфолиосы) ; статистикалық (зерттеу бойынша алынған нәтижелерді математикалық-статистикалық тұрғыдан өңдеу) .

Зерттеу базасы: Алматы қаласы, Түркісіб ауданы №76 ЖББ орта мектебі.

Зерттеудің негізгі кезеңдері:

Бірінші кезеңде зерттеу тақырыбының көкейтестілігі, қарама-қайшылығы, мәселесі және мақсаты, міндеттері және зерттеу әдістері таңдалды.

Екінші кезеңде зерттеу тақырыбына сәйкес әдебиеттер тізі дайындалып талдау, салыстыру жүргізілді және оның негізінде негізгі тұжырымдар дайындалды.

Үшінші кезеңде зерттеу мәселесі бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар жүргізіліп, оның тиімділігі дәлелденді. Зерттеу міндеттері бойынша қорытынды дайындалды.

Зерттеудің теориялық ғылыми жаңалығы :

- бастауыш сынып оқушыларының сыни тұрғысынан ойлау қабілетін дамытуда ақпараттық технологияларды пайдаланудың теориялық негіздері анықталды;

- бастауыш сынып оқушыларының сыни тұрғысынан ойлау қабілетін дамытуда ақпараттық коммуникативтік технологияларды пайдаланудың педагогикалық шарттарын айқындалды;

- бастауыш сынып оқушыларының сыни тұрғысынан ойлау қабілетін дамытуда ақпараттық коммуникативтік технологияларды пайдаланудың тиімділігін тәжірибеде тексеріліп және ғылыми негізделген ұсыныстар берілді.

Зерттеудің практикалық мәні: бастауыш білім беретін оқу орындарында ақпараттық технологиялар негізінде оқушылардың оқу іс-әрекетін арттыру мақсатында арнайы курс ұйымдастырып, өткізу тиімді болады. Зерттеу материалдарын мектептерде пайдалануға болады.

Диплом жұмысының құрылымы. Диплом кіріспеден, екі бөлімнен, тұжырымдамалардан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.

«Бастауыш сынып оқушыларының сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамытуда ақпараттық коммуникативтік технологияларды пайдаланудың теориялық негіздері» атты бірінші бөлімде « сын тұрғысан ойлау» және «ақпараттық коммуникативтік технология» ұғымдарының мәні мен сипаттамасы мен бастауыш сынып оқушыларының сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамытуда ақпараттық коммуникативтік технологияларды пайдаланудың мүмкіндіктері қарастырылады.

«Бастауыш сынып оқушыларының сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамытуда ақпараттық коммуникативтік технологияларды пайдаланудың тәжірибелік-эксперимент жұмысы және оның нәтижелері» атты екінші бөлімде бастауыш сынып оқушыларының сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамытуда ақпараттық коммуникативтік технологияларды пайдаланудың қазіргі жағдайы мен тәжірибелік педагогикалық эксперименттің нәтижелері қамтылды.

Қорытындыда болжамды дәлелдейтін зерттеудің негізгі нәтижелері, тұжырымдалып, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беріледі. Зерттеу мәселесіне байланысты келешекте қарастырылатын жұмыстардың бағыттары баяндалды.

Қосымшада сауалнамалар, тест сұрақтары, сабақтардың үлгі-жоспарлары, оқушылардың шығармашылық жұмыстары келтірілді.

1 Бастауыш сынып оқушыларының сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамытуда ақпараттық коммуникативтік технологияларды пайдаланудың теориялық негіздері

  1. «Сын тұрғысынан ойлау» және «ақпараттық коммуникативтік технология» ұғымдарының мәні мен сипаттамасы

Қазіргі болып жатқан саяси - экономикалық, мәдени-әлеуметтік өзгерістер халыққа білім беру жүйесінің барлық буындарында білім беру ісін жаңа сатыға көтеруді талап етіп отыр. Осыған орай жаңа кезеңдегі озық педагогикалық және әдістемелік идеяларды ой елегінен өткізіп, бүгінгі заман талабына сай, біршама өзгерген және жаңа жағдайларды қолдану ерекше маңызға ие болып отыр. Сол себепті білім беру саласындағы болып жатқан өзгерістерге, қоғам сұранысына байланысты жоғары мәдениетті білімді де білікті жеке тұлға қалыптастыру бүгінгі күнде өзекті мәселе.

Білім беру жүйесінде педагогикалық технологияны қолдану келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау әрбір педагогтың міндеті болып табылады. Білім беру жүйесінде қолданылып жүрген педагогикалық технологиялар: ынтымақтастық педагогикасы, білім беруді ізгілендіру, ойын арқылы оқыту, проблемалық оқыту, модульдік оқыту, тірек сигналдары арқылы оқыту, дамыта оқыту, түсіндіре басқарып оза оқыту, өздігінен оқыту, сын тұрғысынан ойлауды дамыту, оқытудың компьютерлік технологиясы, бағдарламалап оқыту, деңгейлеп оқыту т. б.

«Студентке арналған нұсқаулықта» негізгі материал тиісті сабақтарда қарастырылатын жеті модульге сараланған. Алайда, осы жеті модульде қарастырылған идеялар сабақта пайдаланылатын жекеленген страгегиялар мен тәсілдер сияқты өзара байланыста болады.

Бағдарламаның модульдері:

1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.

2. Сын тұрғысынан ойлауға үйрету.

3. Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау.

4. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану.

5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.

6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.

7. Оқытуды басқару және көшбасшылық.

Біліктілікті арттыру бағдарламасының негізгі мазмұны жеке жеті модуль түрінде берілген, олар оқыту барысында аралас түрде ұсынылады.

Сын тұрғысынан ойлауға үйрету модульінде:

Сын тұрғысынан ойлау Үшінші деңгей бағдарламасының өн бойында екі мағынада қарастырылады: оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту және мұғалімдердің сын тұрғысынан ойлауын дамыту. Үшінші деңгей бағдарламасы өзара байланысты бұл үдерістердің екеуін де дамытуды көздейді. Оқушыларға қатысты сын тұрғысынан ойлау ақпарат пен идеяларды синтездеу қабілеті, ақпарат пен идеяның шынайылығы мен салыстырмалы түрде маңыздылығы туралы ойлана білу қабілеті, өзінің оқуына қатысты таңдау жасау және басқалардың идеяларына күмәнмен қарау қабілеті ретінде түсіндіріледі. Мұғалімдердің сын тұрғысынан ойлауы өзінің жұмыс тәжірибесін, жаңа тәсілдерді қолдану және бағалау әрекеттерін сын тұрғысынан бағалауды қамтиды делінген.

Ал, оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану модульінде:

Бағдарлама аяқталғанда мұғалімдер сандық технологияларды және АКТ-ны сабақ беруде тиімді пайдалануды білетін болады. Осылайша, олар жұмыс, демалыс және қарым-қатынас үшін АКТ-ны сенімді және сын тұрғысынан пайдаланушыларға айналады. Осындай дағдылар негізінде АКТ туралы білім жатыр, яғни: оларды ақпаратты алу, бағалау, сақтау, өндіру, ұсыну, алмасу үшін қолдану және ол ақпаратты Интернет желісінде бірлескен жұмысқа қатысу үшін жібере білу керек тұжырымдаған.

Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз-сабақта балалардың қызығушылығын арттыра отырып, өз ойыңды еркін және зерттей талпындырып, тұжырым жасау. Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз - ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау. Сын тұрғысынан ойлау - оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама.

Сыни тұрғыдан ойлау - бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді еңгізуге дайын болуға ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғадан ойлауға баулуды білдіреді. Сыни тұғыдан ойлауды, әдетте, білім берудін кейінгі кезеңдері мен орта мектептің жоғары сыныптары мен жоғары оқу орындарында оқушылармен байланыстырады. Алайда сыни тұрғыдан ойлаудың негіздерін кішкентай балалармен жұмыс барысында, қажетті дағдыларды дамыту мақсатында білім берудің ерте кезеңінен дамытуға болады.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының негізін салушылар Америкалық ғалымдар Мередит, Джон Дьюи, Чарльз Темпл және Ж. Пиаже, Л. С. Выготский теорияларын жобаның негізі ретінде басшылыққа алған [1] .

Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Біздің елімізге Джордж Соростың ашық қоғам институты, “Сорос-Қазақстан” қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады. «Сын тұрғысынан ойлау» ұғымы белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар. Сыни ойлау - белгілі бір мәселе туралы бар идеяларды жинақтап оларды қайта ой елегінен өткізу және шешім қабылдаумен аяқталатын күрделі психологиялық үрдіс» екенін атап көрсеткен. Сыни ойлау - адам өмірінің бір саласы. Себебі, бұл философия адамдарға көптеген жолдар мен шешімдер ішінен маңызды әрі пайдалы екенін, тек қажетті ақпараттарды ғана жинақтап, жаңа білімді бұрынғыдан ажырата алуға көмектеседі. Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы - білімнің дайын күйінде берілмеуі. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама.
Технологияның басты мақсаты - дамыта оқыту негізінде «Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту» бағдарламасын іске асыру, балаларға терең білім беру. Бұл бағдарлама Қазақстан қоры жанынан 1998 ж. қазан айынан бастап жүргізіліп келеді. Жаңа технология ретінде ең озық әдістерді дер кезінде игеру, іздену арқылы бала бойына дарыту, одан өнімді нәтиже шығара білу - әрбір ұстаздың басты міндеті.

Сын тұрғысынан ойлауды үйретудің өзіндік қажет ұстанымдары бар.

Бұл бағдарлама жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруда, білім деңгейін көтеруде, балаларды шығармашылыққа баулуда, ойларын еркін айтуда тез арада дұрыс шешімдер табуға атсалысатын бірден-бір тиімді бағдарлама деп есептеймін. Сын тұрғысынан ойлау-сынау емес, шыңдалған, бірін-бірі толықтырған ойлау десек қателеспейміз. Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым үш деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің үлгісі. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып ішінен қажеттісін алуға үйретеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары
Сын тұрғысынан ойлау технологиясын биологияда қолданудың маңызы
Сын тұрғысынан ойлау және оны дамыту туралы психологиялық-педагогикалық көзқарастар
СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ҰҒЫМ
Математика сабағында сыни тұрғыдан ойлау технологиясының мүмкіндіктері
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының интербелсенді әдістері
Биология сабағында сыни ойлау арқылы оқушы құзыреттілігін қалыптастыру
Оқушыларды сын тұрғысынан ойланту арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту
Дамыта оқыту технологиясы жөніндегі түсінік
Қазақ тілін оқытудың жаңа технологиялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz