Әкелетін бұлшықет өзегі


Сүлейменова Ф. М.
Жаналиева М. К.
ТІРЕК - ҚИМЬІЛ АППАРАТЫНЫҢ ТОПОГРАФИЯСЫ МЕН
АНАТОМИЯСЫ
(Оқу-әдістемелік нұсқау)
Астана 2010 ж.
Алғыс сөз
Оқу әдістемелік мойын аймағының, құрсақ қабыргасының әлсіз жерлерінің, кол мен аяктың бұлшықет-фиброздары, сүйек-фиброзды және сүйек-бұлшыкетті олардың құрамы, практикалык маңызы берілген. Оқу қосымша кұрал ретінде колданылады. Оку әдістемесі остеология және миология тарауын игерген студенттерге арналған. Медицина академия студенттеріне арналған.
Рецензент:
Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университетінің м. ғ. д., профессор Т. М. Досаев
Мазмұны:
I. Латын терминологиясы . . . 4
II. Мойынның топографиясы . . . 7
1. Мойынның шандыр қабықтары . . . 7
2. Шандыр аралық клетчаткалық кеңістіктері . . . 9
3. Мойынның үшбұрыштары . . . 11
III. Қолтықтық аймақ . . . 13
4. Қолтықтық шұңқыр, қолтық қуыс . . . 13
IV. Қол өзектері . . . 14
5. Иық-бұлшықет өзегі . . . 14
6. Шынтақ шұңқыры . . . 18
7. Білезік өзегі . . . 18
8. Білезіктің кәріжіліктік өзегі . . . 20
9. Білезіктің шынтақтық өзегі . . . 21
V. Алдыңғы құрсақ қабыргасының әлсіз жерлері . . . 22
10. Шап өзегі . . . 22
11. Іштің ақ сызығы . . . 39
12. Іштің тік бұлшық етінің қынаптары . . . 40
13. Жапқыштың өзек . . . 41
VI. Артқы құрсақ қабыргасының әлсіз жерлері . . . 43
14. Бел үшбұрышы . . . 43
15. Лесгафт-Грюньфельд ромбы . . . 43
VII. Аяқ өзектері . . . 44
16. Сан өзегі . . . 44
17. Әкелетін бұлшықет өзегі . . . 49
18. Сирақ-тізе асты өзегі . . . 51
19. Жоғарғы бұлшықетті-кіші жіліншіктік өзегі . . . 55
20. Төменгі бұлшықетті-кіші жіліншіктік өзегі . . . 56
21. Тобық өзегі . . . 57
22. Өкше өзегі . . . 58
23. Табан өзегі . . . 60
3
І. Анатомиялық терминология
Біліктер және жазықтықтар
Сагиталді білік (садақ оғы тәрізді), алдан-артқа өткізілген бағыт. Мысалы: тік тұрган адамның бағытталған көз- қарасына параллель.
Көлденең білік - ол сагиталді білікке перпендикуляр, көлденең жүргізілген. Мысалы: ол оң және сол сыртқы есту тесіктері аралығын шартты қосатын көлденең сызық.
Вертикалді білік -алдыңғы екі білікке перпендикуляр және жоғарыдан төмен жүргізілген. Атап айтқанда, оны денеге параллель деуге болады. Вертикалді білік дененіћң ортасынан өткендіктен, оның меншікті атауы «дененің орталық білігі» деп аталады.
Сагиталді жазықтық - ол сагиталді және вертикалді біліктер арқылы өткізілген жазықтық. Мысалы: ол тік тұрған адамның самайының беткейіне параллель. Ол денені оң және сол бөліктерге бөледі. Орталық білік арқылы өтетін, денені қақ екі жартыға бөлетін, сагиталді жазықтықты-орталық жазықтық деп атайды.
Горизонталді жазықтық - сагиталді және көлденең біліктер арқылы өткізілген жазықтық. Ол денені көлденең бағытта қиып өтіп, жоғарғы және төменгі бөліктерге бөледі.
Фронталді жазықтық - (frons -маңдай) вертикалді және көлденең біліктер арқылы өткізілген жазықтық. Мысалы: ол тік тұрган адамның маңдай беткейіне параллель. Денені алдыңғы және артқы бөліктерге бөледі. Біліктер мен жазықтықтар әрбір ыңғайлы жерде шартты түрде өткізіле береді.
Терминдер
Кеңістіктегі қарым-қатынастарды сипаттайтын терминдер
1 . sagittalis- сагиталді, сагиталді жазықтықта орналасады
немесе сагиталді бағытта болады.
2. transversalis- көлденең, көлденең бағытталған.
3. verticalis-вертикалді, вертикалді бағытталған
4. horizontalis-горизонталді, горизонталді жазықтықта жатады
5. medianus - орталық , орталық жазықтықта жатады
6. frontalis- маңдай, фронталді жазықтықта жатады
7. dexter-оң
8. sinister-сол
9. anterior-алдыңғы
10. posterior-артқы
11. ventralis-вентралді, алдыңғы (қарынға жақын)
12. dorsalis-дорсалді, артқы, арқаға жақын
13. superior-жоғарғы
14. inferior-төменгі
15. suprema-ең жоғарғы, ең биік
16. cranialis-краниалді, бас сүйегіне жақын орналасу
17. caudalis-каудалді, бас сүйегінен алыс орналасу
18. proximalis-проксималді, немесе орталыққа жақын
19. distalis-дисталді, немесе орталықтан алыс
20. internus-ішкі
21. externus-сыртқы
22. extremus- ең сыртқы
23. profundus-терең
24. superficialis-беткей
25. medialis-медиалді, орталық жазықтыққа жақын
26. lateralis-латералді, бүйір, орталық жазықтықтан алыс
27. medius-ортаңғы
28. intermedius-аралық
29. centralis-орталық
30. basalis-базальді, негізгі
31. apicalis-ұштық
32. parietalis-париеталді, қабырғалық
33. visceralis-виецералді, мүшені жауып тұрады. Бұл көбінесе ішперде немесе плевра табағын белгілеуге қолданылады.
34. peripheralis- перифериялық, шеттік
35. palmaris- алақандық
36. plantaris -табандық
37. flexor-бүккіш
38. extensor- жазғыш
Мүшелерді белгілейтін терминдер
- magnus-үлкен
- parvus- кіші
- major- үлкенірек
- minor-кішірек
Негізгі қимылдарды белгілейтін терминдер
- abductio-денеден әкету
- adductio-денеге әкелу
- cireumductio-айнала қозғалыс
- extensio-жазылу
- flexio-бүгілу
- pronatio-ішке айнадыру
- supinatio-сыртқа айналдыру
- rotatio-айналдыру
Әр түрлі мүшелердің боліктерін сипаттайтын жалпы
терминдер
- ala-қанат
- area-алаң
- arcus-доға
- canalis-өзек
- caput-бac
- capitulum-кішкене басы
- collum-мойыны
- corpus-дене
- fissura- саңылау
- foramen-тесік
- fossa- шұңқыр
- fossula-шұңқыршақ
- lamina-табақша
- processus-өсінді
- sulcus-сала, жүлге
- tuber-бұдыр
- tuberculum -төмпешік
II. Мойынның топографиясы
1. Мойынның шандыр кабықтары:
В. Н. Шевкуненко бойынша мойынның 5 шандыр қабығын ажыратады.
1. 1Мойыниың беткей шандыр кабығы, fascia colli superficialis ағзаның жалпы беткей шандыр қабығының (тері асты) бөлігі болып саналады. Мойында бұл шандыр қабық тері асты бұлшықетіне (m. platysma) орын түзеді.
1. 2 Мойынның меншікті шандыр қабығының беткей табағы, lamina superficialis fasciae соlli propriae, мойынның барлық деңгейінде орналасып, алдынан төс-бұғана-еміздікше бұлшықетіне (m. stemocleidomastoideus), төменгі жақ асты безі капсуласына, артынан трапеция бұлшықетіне (m. trapezius) орын түзеді. Ол төменнен бұғана мен төстің алдыңғы беткейіне, жоғарыдан төменгі жақсүйектің шетіне бекиді, ал бүйірінен мүйіз арқылы мойын омыртқаларының көлденең осінділерімен байланысады; бұл мүйіздің біреуі екінші шандыр қабықты көлденең өсінділерге бекитін бесінші шандыр қабықпен, ал басқасы екінші шандыр қабықты және де көлденең өсінділерге бекитін мойынның қан тамыр-нерв будасы қынабымен жалғастырады. Екінші шандыр қабық бетте шықшыт безінің капсуласын түзетін fascia parotideornassaterica-ғa өтеді және шайнау бұлшық етін сыртынан жабады.
1. 3 Мойынның меншікті шандыр қабығының терең табағы, lamina profunda fasciae colli propriae , трапеция пішіндес, жоғарыдан тіласты сүйегімен, төменнен бұғана мен төстің артқы беткейі арасында тартылып тұрады. Бұл шандыр қабықты «Рише кемесі» деп те атайды. Бүйір шекаралары болып жауырын-тіл асты бұлшықеті саналады, сонымен қатар аталған бұлшықетке, және тіласты сүйегінің астында орналасатын топ бұлшықеттерге (mm. sternohyoidei, stemothyreoidei, thyreohyoidei) орын түзеді. Мойынның ортаңғы сызығында екінші және үшінші шандыр қабықтар бір-бірімен бітеліп, мойынның ақ сызығын түзеді. Оның ені 2-3 мм, төстің тілігіне 3 см-дей жетпейді, мойынның төменгі бөлігінде екінші және үшінші шандыр қабықтар ажыратылып кетеді, себебі; шандыр қабық төс пен бұғананың алдыңғы беткейіне бекісе, ал үшінші шандыр қабық артқы беткейіне бекиді.
1. 4 Мойынның ішкі мүшелік шандыр қабығы, fascia endocervicalis , те париеталді және висцералді табақтарды ажыратады. Висцералді табақ мойынның ішкі мүшелерін: жұтқыншақты, өңешті, көмейді, кеңірдекті, қалқанша безді қамтиды. Париеталді табақ мойынның ішкі мүшелерінің алдынан және бүйірінен орналасып, бұлшықеттер (mm sternohyoideus, sternothyreoideus, thyreohyoideus, omohyoideus) қынабынын артқы қабырғасына жанасады және мойынның қан тамыр-нерв будасына; a. carotis communis, v. jugularis interna, n. vagus қынап түзеді. Омыртқалардың көлденең өсінділерімен байланысқан қынаптың ішінде аралықтар бар, олар артерияға, венаға, нервке әрбіреуіне жеке камера құрайды.
1. 5 Омыртқа алды шандыр қабығы, fascia prevertebralis , мойынның ішкі мүшелерінің артында, омыртқалардың алдында орналасқан fascia endocervicalis-тің париеталді табағының бөлігі болып саналады. Ол мойын омыртқаларының көлденең өсінділері
2. Шандыр аралық клетчаткалық кеңістіктері
Жоғарыда айтылған шандыр қабықтардың арасында клетчаткалық кеңістіктер пайда болады.
2. 1 Төсүсті апоневроз аралық кеңістік, spatium interaponeuroticum suprasternal , екінші және үшінші шандыр қабықтардың арасында кездеседі. Бұл кеңістікте arcus venosus juguli, орналасады. Кеңістік төс-бұғана- еміздікше бұлшықеттің артында орналасатын Грубер соқыр қапшығымен (saccus caecus ) байланысады.
Бұл қапшық алдынан m. stemocleidomastoideus, қынабының артқы қабырғасымен, артынан-үшінші шандыр қабықпен, төменнен-бұғананың артқы беткейімен шектеледі. Қапшықта алдыңғы мойындырықтық венаның соңғы бөлігі, лимфа тамырлары және лимфа түйіншіктері орналасады.
2. 2Мүше алды кеңістігі, spatium previscerale , төртінші шандыр қабықтың париеталді және висцералді табақтарының арасында орналасып, тіласты сүйегінен төс тілігіне дейін таралады. Кеңірдекке жақын бөлігі spatium pretracheale, деп аталады. Онда лимфа түйіншіктері, сыңар қалқанша веналық өрім (plexus thyreoideus impar) орналасады. Spatium pretracheale-ның төменгі бөлігінің оң жағынан
truncus brachiocephalicus, және оның тармағы a. carotis communis dextra, жатады.
Практикалық маңызы: Кеңірдекалды кеңістігі төс сабы деңгейінде алдыңғы көкірекаралықтан әлсіз аралықпен бөлініп тұрады. Бұл аралық қан және лимфа тамырларына бай, соның әсерінен бұл кеңістіктіктегі іріңді процестер алдыңгы көкірекаралыққа өтіп, медиастенит ауруының тууына әкеледі.
Сурет -1
Мойынның көлденең кесіндісі, ІІІевкуненко бойынша шандыр қабықтары, қабық аралық кеңістіктері (схема түрінде) .
1- fascia colli superficialis; 2-lamina superficialis fasciae colli propriae; 3-lamina profunda fasciae colli ' propriae; 4-fascia endocervicalis; 5-fascia prevertebralis. 6- тері асты бұлшықеті; 7-тіл асты сүйегінің астында орналасатын бұлшықеттер; 8-төс- бұғана-еміздікше бұлшықеті; 9-
жауырын-тіл асты бұлшықеті; 10-трапециятәрізді бұлшықет: I- spatium interaponeroticum suprasternale; II-spatium previscerale; ІІІ-spatium retroviscerale; ІV- spatium vasonervorum.
3. Мойынның үшбұрыштары
3. 1 Иекасты үшбұрышы, trigonum submentale
ІІІекаралары: медиалді-мойынның ортаңғы сызығы
латералді-venter anterior m. digastricus
төменгі-тіл асты сүйегі
3. 2 Төменгі жақасты үшбұрышы, trigonum submandibulare
Шекаралары: жоғарғы-төменгі жақ сүйегі
медиалді- venter anterior m. Digastricus
төменгі- venter posterior m. digastricus
Құрамы: төменгі жақ асты безі
3. 3 Ұйқы үшбұрышы, trigonum caroticum
Шекаралары: жоғарғы- venter posterior m. digastricus
медиалді- venter superior m. Omohyoideus
11
латералді- m.
Құрамы: жалпы ұйқы артериясы, ішкі мойындырықтық вена, кезбе нерв.
3. 4 Жауырын-кеңірдек үшбұрышы, trigonum omotracheale
Шекаралары: жоғарғы-латералді- venter superior m. omohyoideus
төменгі-латералді- m.
медиалді- мойының ортаңғы сызығы
Құрамы: мойынның ішкі мүшелері (қалқанша безі, қалқанша маңы бездері, өңештің мойын бөлігі)
3. 5 Жауырын-бұғана үшбұрышы, trigonum omo- clavicuiare
Шекаралары: латералді- venter inferior m. omohyoideus
медиалді- m.
төменгі- clavicula
Құрамы: бұғанаасты артериясының тармақтары, иық өрімінің бұғана үсті бөлігі.
3. 6 Жауырын-трапеция үшбұрышы, trigonum omotra- pezoideum
Шекаралары: төменгі-медиалді-venter inferior m. omohyoideus
жоғарғы-медиалді- m.
латералді-m. trapezius
Құрамы: мойын өрімінің тармақтары.
3. 7 Тіл үшбұрышы, trigonum lingualis (Пирогов үшбұрышы)
Шекаралары: жоғарғы - n. hypoglossus
медиалді - m. mylohyoideus
төменгі - venter posterior m. digastricus
Құрамы: тіл артериясы
III. Қолтықтық аймақ
4. Қолтықтық шұңқыр, fossa axillaris
Қолтықтық шұңқыр, fossa axillaris, кеуде клеткасының латералді беткейі мен иықтың медиалді беткейінде орналасқан шұңқыр болып табылады.
Қолтықтық шұңқырдың шекаралары:
Аддыңғы-үлкен кеуде бұлшықетінің төменгі шеті;
Артқы-m. latissimus dorsi-дің төменгі шеті
Медиалді-кеуде клеткасында III қабырғада аталған бұлшықеттердің шетін қосатын сызық;
Латералді-иықтың ішкі беткейінде аталған бұлшықеттердің төменгі шетін қосатын сызық.
Егер шұңқырды жауып тұратын теріні, оның астында орналасқан шандыр қабықты және қоймалжың майлы клечатканы алып тастасақ,
ол қолтықтық қуысқа, cavum axillare-re айналады.
Қолтықтық қуыстың пішіні төртбұрышты пирамидатәрізді, төбесі жоғары қарап, І-ші қабырға мен бұғананың 1/3 аралығында орналасады, негізі төмен қарап, қолтықтық қуыстың кіреберісі болып табылады. Қолтықтық қуыстың төрт қабырғасы бар.
Қолтықтық қуыстың қабырғалары:
Медиалді- m. serratus anterior;
Латералді- m. coracobrachialis et caput breve m. bicipitis brachii;
Алдыңғы- m. pectorales major et minor;
Артқы- m. subscapularis, m. teres major, m latissimus dorsi;
Қолтықтық қуыстың құрамы: a. et v. axillares, plexus brachialis, терең лимфа түйіндері, иық өрімінің бұғанаасты бөлігі, v. cephalica;
Қолтықтық қуыстың алдыңғы беткейінде үш үшбұрыш бар: 1. trigonum clavipectorale; 2. trigonum pectorale; 3. trigonum subpectorale
- trigonum clavipectorale-нің шекаралары:
жоғарыдан- clavicula;
төменнен- m. pectorales minor-дың жоғарғы жиегі;
Сонымен, әкелетін өзекке кіреберіс санның ортаңғы және төменгі бөліктерінің аралығында орналасып, схема бойынша былай шектеледі.
Алдынан және медиалді- lamina vastoadductoria;
Алдынан және латералді-vactus medialis;
артынан -m. adductor magnus. ;
Өзектің бағыты дерлік вертикалді. Көлденең кесіндіде оның қуысы үшбұрыш тәріздес,
- trigonum pectorale, ол m. pectorales minor-дың проекциясыны сәйкес;
- trigonum subpectorale-нің шекаралары:
жоғарыдан- m. pectorales minor-дың төменгі жиегі;
төменнен- m. pectorales major-дың төменгі жиегі;
Қолтықтық қуыстың артқы қабырғасында екі тесік
орналасқан.
l. foramcn trilaterum, ол медиалді орналасқан, оның шекаралары;
жоғарыдан- m. subscapularis et т. teres minor-дың төменгі жиектері;
төменнен- m. teres major, m latissimus dorsi;
латершіді-caput longum m. tricipitis brachii
Құрамы-а. circumflexa scapulae
2. foramen quadrilaterum, ол латералді орналасқан,
оныц шекаралары;
жоғарыдан- m. subscapularis et m. teres minor-дың төменгі жиектері;
төменнен- m. teres major, m latissimus dorsi;
медиалді-caput longum m. tricipitis brachii;
латералді-тоқпан жіліктіћ хирургиялық мойыны;
Құрамы-а. circumflexa humeri posterior, n. axillaris;
Сурет-3
Қолтық қуысының тесіктері
1. os humerus; 2-tuberculum majus humeri; 3-tuberculum minus humeri; 4-scapula; 5-cavitas glenoidalis; 6-m. subscapularis; 7-m. teres minor; 8-m. teres major; 9-caput longum m. tricipitis brachii.
IV. Қол өзектері
5. Иық- бұлшықет өзегі ( canalis humeromuscularis)
Иық-бұлшықет өзегі иықтың артқы және латералді беткейінің терең қабатында орналасқан.
Тоқпан жіліктің кәрі жіліктік нерв жүлгесінің жолы спиральтәрізді, тоқпан жіліктің артқы бөлігінің жоғарғы үштен бір бөлігінде пайда болып, латералді және төмен жүреді де, тоқпан жіліктің латералді беткейінде диафизін қоршайды. Тоқпан жіліктің ортаңғы және төменгі үштен бір бөлік шекарасында жүлге жойылып кетеді. Иықтың үшбасты бұлшықетінің латералді басы, иықтың беткейінен, sulcus n. radialis-тен жоғары және латералді басталады. Бұлшықеттің медиалді басы тоқпан жіліктің
Иык-бұлшықет өзегі (оң, жартылай схема, арттағы көрініс)
1-humerus; 2-sulcus nervi radialis; 3- caput mediale m. tricipitis brachii; 4-caput longum m. tricipitis brachii; 5 6-caput laterale m. tricipitis brachii; 7- fossa olecrani.
Сонымен, кәріжіліктік нерв жүлгесі төменнен медиалді және артынан үшбасты бұлшықеттің ұзын басымен қоршалып, иық-бұлшықет өзегіне (canalis humeromuscularis-кe) айналады. Өзектің жолы спиральтәрізді (жүлге жолына байланысты), сондықтан оны «спиральтәрізді» өзек (canalis spiralis) немесе кәріжіліктік нерв өзегі (canalis nervi radialis) деп атайды.
Иық-бұлшықет өзегінің қабырғалары жоғарғы,
төменгі бөлігінде
Алдынан медиалді - тоқпан жіліктің кәріжіліктік нервісінің жүлгесі;
Артынан латералді - иықтың үшбасты бұлшықетінің латералді басы;
Иық-бұлшықет өзегінің жоғарғы тесігіне кәрі жіліктік нерв және иықтың терең артериясы кіріп, веналары өтеді. Кейін, өзекте иықгың терең артериясы тоқпан жілікті қоректендіретін тармақтар, өзектен шыққан соң ортаңғы және
кәріжіліктік коллатералді артерияларға (aa. collateralis media et radialis) тармакталады.
6. Шынтақ шұңқыры, fossa cubitalis
Алдыңғы шынтақ аймағында шынтақ шұңқыры, fossa cubitalis орналасады.
Шынтақ шұңқырының шекараралары:
Түбі және жоғарғы шекарасы-m. brachialis;
Латералді-т. brachioradialis;
Медиалді-т. pronator teres;
Шынтақ шұңқыры тұсында екі жүлге орналасады; латералді жүлге, оның латералді қабырғасы- m. brachioradialis; медиалді- m. brachialis; медиалді жүлге, оның латералді қабырғасы- m. pronator teres; медиалді- т. brachialis; .
Білектің алдыңғы беткейінде үш жүлгені ажыратады.
Кәріжіліктік жүлге, sulcus radialis, латералді-. brachioradialis-пен, медиалді- m. flexor carpi radialis-пен шектеледі, құрамы: a. et v. radiales; ортаңғы жүлге, sulcus medianus, m. flexor carpi radialis пен m. flexor digitorum superficialis аралығында орналасады; құрамында n. medianus өтеді; sulcus ulnaris, латералді жағынан m. flexor digitorum superficialis пен медиалді- m. flexor carpi ulnaris-пен шектеліп, ішінен a. et v. ulnares өтеді.
7. Білезік өзегі, ( canalis carpalis)
Білезік өзегі білезіктің алдыңғы беткейінің терең қабатында орналасады. Білезік сүйектері бір-бірімен бірігіп, білезіктің алдыңғы беткейінде (sulcus carpi) сала құрайды. Бұл жүлге алақанның терең жалғамаларымен (алақан білезік аралық жалғамалармен) қоршалып, қолдың білігіне сәйкес келеді. Білезік аймағында білектің меншікті шандырымен қапталып, жалпақ жалғаманы - бүккіштік ұстағышын (retinaculum flexorum) тузеді, ол латералді жағынан ладьятәрізді және гранеция сүйегіне, медиалді жағынан бұршақ және қармақтәрізді сүйектерге бекиді. Сонымен білезік жүлгесі (sulcus carpi) алдынан retinaculum flexorum- мен жабылып, білезік өзегіне (canalis carpi-re) айналады.
Білезік өзегінің қабырғалары:
Алдынан- retinaculum flexorum
Артынан- sulcus carpi (апақанныћ терең шандырымен қапталган)
Білезік өзегінен 9 сіңір және орталық нерв (n. medianus) өтеді. Латералді (кәріжіліктік) жағынан синовиалді қынапта жататын үлкеи саусақты бүгетін ұзын бұлшықет өтеді, ал медиалдірек бірінің үстіне бірі орналасып, екі қатар 4-4 тен 8 сіңір, тереңдеу -саусақтарды бүгетін терең бұлшықетінің және беткейірек-саусақтарды бүгетін беткей бұлшықетінің сіңірі орналасады. Орталық нерв өзек арқылы өткенде, аталған сіңірлерден беткей орналасады. Алақан беткейіне шығып, өзектен шыққан соң, өзінің ең соңғы тармақтарына таралады.
Білезіктің деңгейіндегі алақанның көлденең кесіндісі ( оң, схема түрінде. Б. С. Гудимовтың оқулығынан өзгертілген)
1-os trapezium; 2- canalis carpi radialis - тағы m. flexorum carpi radialis-тің сіңірі; 3- m. flexor pollicis longus-тың сіңірі;
4 - n. medianus; 5 - retinaculum flexorum; 6 - canalis carpi radialis-тағы mm. flexorii digitorum longus et brevis-тің сіңірлері; 7- a., v. et n. ulnares-canalis carpi ulnaris-Ta; 8 - os pisiforme; 9 - бас бармақ бұлшықеттерінің сіңірлері; 10 - m. extensor carpi radialis-тің сіңірі; 11- алақанның терең жалғамалары; 12 - m extensor digitorum-ның сіңірлері; 13 - mm. extensor carpi ulnaris et digitiminimi- дің сіңірлері:
8. Білезіктің кәріжіліктік өзегі,
canalis carpi radialis
Білезіктің кәріжіліктік өзегі білезік сүйектерінің алдыңғы беткейінде, үлкен бармақ төмпешегінің медиалді бөлігінде жатады, білезік өзегінен латералдірек орналасады.
Трапеция сүйегінің алақан беткейінде төмпешігі (tuberculum trapezii) болады. Ол сүйек денесімен алға және медиалді ашылатын кішкене жүлге түзеді. Ол жүлге алдынан бүккіштер ұстағышы сіңірлерінің талшықтарымен қапталып, кейін кішкене өзекке, білезіктің кәріжіліктік өзегіне ( canalis carpi radialis-ке) айналады.
Білезіктің кәріжіліктік өзегінің қабырғалары.
Латералді-трапеция сүйегінің төмпешігі
Артынан- retinaculum flexorum-ның терең талшықтары
Алдынан- retinaculum flexorum-ның беткей талшықтары
Өзектің латералді қабырғасы білезіктің кәріжіліктік коллатералді жалғамасымен проксималді толықтырылады, ол жалғама трапеция сүйегінің төмпешігінен басталып, кәріжіліктік сүйекке барады. Кейбір авторлар (Б. И. Хибутия, З. С. Ермолова 1977, Б. С. Гудимов 1984 ж. ) былай дейді:
- Білезіктің шынтақтық өзегі, canalis carpi ulnaris
Білезіктің шынтактық өзегі білезік сүйектерінің алдыңғы беткейінде, білезік өзегінен медиалдірек орналасады. Бұршақтәрізді сүйек үшқырлы сүйекпен алақан беткейінде бірігіп, алға және латералді ашылатын бұрыш құрайды. Ол бұрыш алдынан бүккіштер ұстағышының сіңірлерінің талшықтарымен қапталып, кейін өзекке, білезіктің шынтактық өзегі (canalis carpi ulnaris) Гюйонов өзегіне айналады.
Білезіктің шынтактық өзегінің қабырғалары:
Медиалді-бњршақтэрізді сүйек;
Артынан-retinaculum flexorum-ның терең талшықтары;
Алдынан- retinaculum flexorum-ның беткей талшықгары;
Өзектің медиалді кабырғасы проксималді білезіктің шынтақтық коллатералді жалғамасымен толықтырылады, ол жалғама бұршақ тәрізді сүйекті шынтақ сүйегімен байланыстырады. Білезіктің шынтактық өзегі бағыты вертикалді, оның ұзындығы 1, 0 см-ден аспайды. Өзек арқылы қолдың алақан беткейіне шынтақтық артерия (a. ulnaris), кері бағытта шынтақтық вена (v. ulnaris), екеуінен ішке қарай шынтақтық нерв (n. ulnaris) өтеді.
Сонымен, алақанның алдыңғы беткейінде үш өзек: білезіктік, шынтақтық және кәріжіліктік орналасқан. Өзектердің ең үлкені-білезіктік, қалған өзектердің ортасында орналасады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz