Атқару өндірісі


ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ УНИВЕРСИТЕТІ
Өндірістік практикадан өту
ЕСЕБІ
Әлкен Толғанай Жомартқызы
Ю-18-2к студенті
Практиканың өту орны:Жезқазған қалалық соты
Практиканың басталуы 10. 05. 2021
Практиканың аяқталуы 30. 06. 2021
Есепті практика жетекшісі қарастырды : Шошаева Л. С.
Есеп қорғалды
( баға)
Қортынды баға
Кәсіпорыннан практика жетекшісінің бағасы
( баға)
Комиссия
«» 20___ж
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
1. Сотта іс жүргізу . . . 4
1. 1 Сотта өтуге кіретін құжаттарды тіркеу, қабылдау тәртібі . . . 4
1. 2 Соттағы 1- сатылы қылмыстық және азаматтық істердің қозғалысын рәсімдеу . . . 4
2. Атқару өндірісі . . . 6
2. 1 Мүлікті өндіріп алу . . . 6
2. 2 Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің мүлкін өндіріп алу . . . 7
Қорытынды . . . 9
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 12
Кіріспе
Мен Әлкен Толғанай Жомартқызы 2021жылдың 10 мамыры мен 30 маусым аралығында Жезқазған қалалық сотынан өндірістік практикадан өттім.
Елбасы Н. Назарбаев таяуда Атырау облыстық сотының жаңа ғимаратында судьялармен кездескен кезде: «Кеңес үкіметі кезінде жұртшылық өздерінің арыз-шағымдарын партия, атқару, кәсіподақ комитеттеріне айтатын. Енді әділдік іздеген адамдар сотқа жүгінетін болды. Сондықтан да жауапкершілік жүгін сезіне отырып, қандай ма істі қарасаңыздар да Ата Заңымызды басшылыққа алып, имандылық тұрғысынан шешіңіздер» деп атап көрсетті. Экономикамыздың өркендеуіне, қоғамымыздың дамуына үлкен қатер төндіріп отырған сыбайлас жемқорлыққа, басқа да қылмыс түрлеріне батыл тосқауыл қойып, сот үкімдерінің әділ болып, мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етуге айрықша назар аударды. Елбасы алға қойған осынау асқаралы міндеттерді жүзеге асыруда Атырау облысының соттар ұжымы бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара еңбек етуде.
Сонымен қатар соттардың тиімді жұмыс жасаулары үшін егеменді еліміздің ұзақ мерзіміді қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, бүкіл әлемдік стандарттарға сай іргелі заңдар қабылдауға жол ашылады деп сенемін. Тек қана тұтқындау емес, сот шешімін керексінетін санкциялардың өзге де түрлерін сот құзіретіне беру қажеттігін уақыттың өзі талап етіп отыр.
Судьялар тәуелсіздігінің әлеуметтік кепілдіктерін күшейту, адамдардың жеке басы мен бостандығына қол сұқпау құқығын қамтамасыз ету үшін алдын ала тергеу сатысында соттарға қадағалау өкілеттігін беру мақсатында Қылмыстық-процессуалдық кодекске де өзгерістер енгізу қажеттігі байқалады.
Жалпы іс қағаздарының қоғам өмірінде қолданылмайтын саласы жоқ. Адам дүниеге келген сәттен бастап бақилық болғанға дейінгі бүкіл өмірі құжатпен байланысты. Өз өмірінде іс қағаздарын жүргізумен бетпе-бет келмеген жан жоқ, сірә. Адам баласы кәмелеттік жасқа толғаннан кейін қызметке тұру үшін өтініш жазудан бастап, ұрпағына арнап өсиет қалдырғанға дейін қаншама құжат толтырады, қаншама құжатқа қол қояды.
- Сотта іс жүргізуСотта өтуге кіретін құжаттарды тіркеу, қабылдау тәртібі
«Іс қағаздарын жүргізу» термині стандартталған, яғни бұл ұғымды айқындайтын бірден-бір термин. «Басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету» стандартта анықтамалық мәлімет сипатында берілген синоним-термин болып табылады.
«Іс қағаздарын жүргізу»терминінің Қазақстан Республикасындағы ресми түсіндірмесінен Ресей Федерациясы мемлекеттік стандарты бекіткен түсіндірме біршама өзгеше. Салыстыру үшін ресейлік түсініктемені түгел келтіріп өтейік: «іс қағаздарын жүргізу; басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету - құжаттау мен ресми құжаттар бойынша жұмыс жүргізу процесін ұйымдастыруды қамтамасыз ететін қызмет саласы».
Анықтамадан көрініп тұрғандай, Қазақстанда қабылданған түсініктің негізгі ерекшелігі іс қағаздарын жүргізуді заңды тұлғалардың қызмет аясы ретінде көрсетуі. Ресейлік заңнамада бұл кеңірек ауқымда, қызмет саласы ретінде алынған (әйтсе де құжаттау мен ресми құжаттар бойынша жұмыс жүргізу процесін ұйымдастыруды қамтамасыз ету аясымен шектеу де бар) .
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Заңы да қазіргі жағдайда айрықша мәнге ие болып отыр. Бұл заң электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылатын электрондық құжаттар жасау және оларды пайдалану барысында туындайтын құқықтық қатынастарды реттейді. Осы заңға сәйкес 2004 жылы Қазақстан Үкіметі республика мемлекеттік органдарындағы электрондық құжат айналымының ережелерін бекітті.
1. 2 Соттағы 1- сатылы қылмыстық және азаматтық істердің қозғалысын рәсімдеу
Қазақстан Республикасында сот әділдігін тек сот қана жүзеге асырады. Соттарда қаралатын істердің көпшілігі азаматтық істер болып табылады. Бұлар-азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғын үй, экологиялық, қаржы, салық және ведомстволық бағыныстағы соттардың қарастылығына жатқызылған басқа да құқық қатынастарынан туындайтын даулар.
Азаматтық істерді қарау мен шешу тәртібі азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңдармен белгіленеді. Республиканың барлық соттарында азаматтық істерді жүргізу тәртібі азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен белгіленеді.
Азаматтық іс жүргізу құқығы-мемлекет белгілеген құқықтық нормалардың соттардың азаматтық істерді қарау және шешу тәртібін, басқаша айтқанда, азаматтық істер бойынша сот әділдігін, сондай-ақ сот қаулыларын мәжбүрлеп орындау тәртібін реттейтін жиынтығы немесе жүйесі.
Азаматтық іс жүргізу құқығы жеке, дербес құқық саласы болып табылады, оның да дербес нысанасы және реттеу әдісі бар. Азаматтық іс жүргізу құқығының реттейтін нысанасы сот пен іс жүргізуге қатысушы тұлғалар, яғни азаматтық сот ісін жүргізуге қатысушылар арасында туындайтын қоғамдық қатынастар болып табылады. Бұл қатынастар азаматтық істі жүргізу процесінде туындайды. Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының басты, міндетті субъектісі мемлекеттік билік органы сот болып табылады, басқа субъектілер соттан қорғау сұраған тұлға немесе іске қатысуға жауапкер ретінде не куә, сарапшы және т. б. тұлғалар болуы мүмкін.
Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының субъектілері арасында іске қатысушы тұлғалар ерекше бөліп көрсетілген. Қазақстан Республикасының
Азаматтық іс жүргізу кодексінің 44 бабына сәйкес оларға мыналар: тараптар, үшінші тұлғалар, прокурор, мемлекеттік басқару органдары, кәсіподақтар және заңда көзделген жағдайда басқа адамдардың құқықтары мен міндеттерін қорғайтын басқа да қоғамдық ұйымдар жатқызылған. Олар іске өз атынан қатысады, өздерінің субъективті құқықтары мен мүдделерін, не басқа тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғайды. Бұлар-өздерінің іс жүргізу әрекеттерімен істің қозғалуына, істің бір сатыдан екінші сатыға өтуіне және істі жүргізудің қысқартылуына ықпал ететін тұлғалар.
Азаматтық іс жүргізу құқығын реттеу әдісі императивтік-диспозитивтік сипатта болады. Соттың іс жүргізу әрекеттері билік сипатында жасалады, олар өздері арнап шығарылған тұлғалар үшін міндетті, өйткені оларды мемлекеттік билік органы шығарады және мәжбүрлеу күші бар құқық нормасына негізделген. Іске қатысушы тұлғалар жасайтын іс жүргізу әрекеттері диспозитивтік сипатта болады. Азаматтық іс талап қоюшының талап-арыздан бас тарту туралы арызы бойынша немесе тараптардың бітісу келісімін жасауы себепті қысқартылуы мүмкін.
Азаматтық іс жүргізу құқығы жалпы және ерекше бөлімдерден тұрады. Жалпы бөлімге сот әділдігі принциптерін, азаматтық істердің сотқа қарастылығы, сот құрамын, қарсылық білдіруді, іске қатысушы тұлғалардың құрамын, олардың іс жүргізу құқығы мен міндеттерін дәлелдеу, талап қою және басқаларын баянды ететін нормалар енеді. Азаматтық іс жүргізу құқығының ерекше бөлігі-құқықтың осы саласының жекелеген институттарын, сатыларын реттейтін құқық нормаларының жиынтығы. Азаматтық процесс жеке сатылардан тұратын үдемелі қозғалыс болып табылады. Процесс мынадай сатыларға бөлінеді:
1) сотта азаматтық істің қозғалуы;
2) істі сотта қарауға әзірлеу;
3) істі бірінші сатыдағы сотта мәні бойынша қарау;
4) істі апелляциялық тәртіппен қарау;
5) заңды күшіне енген сот шешімдерін, ұйғарымдарын, қаулыларын қадағалау тәртібін қайта қарау;
6) заңды күшіне енген шешімдерді, ұйғарымдарды, қаулыларды жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау;
7) атқару ісін жүргізу;
Азаматтық процестің сатылары-біртұтас азаматтың сот ісін жүргізудің аса жақын мақсат біріктірген құрамдас бөліктері. Әрбір азаматтық істің жоғарыда аталған сатылардың бәрінен өтуі міндетті емес екенін айта кеткен жөн. Бұл тараптардың қалауына байланысты.
Азаматтық процесс азаматтық істі қарау және шешу кезінде сот пен басқа да субъектілер арасында қалыптасатын іс жүргізу құқық қатынастары пайда болуының, дамуы мен тоқтатылуының жүйелі тәртібі болып табылады.
Азаматтық істердің көпшілігі талап істер жүргізу ережелері бойынша қаралады. Олар сотта талап арыз беру арқылы қозғалады, оларға құқық туралы даудың болуы тән, сот қарауының мәселесі даулы құқық қатынасы, дауласушы тараптардың қатысуы болып табылады. Соттар талап істерден басқа конституциялық және әкімшілік-құқықтық қатынастардан туындайтын істерді, сондай-ақ ерекше сипатта жүргізілетін істерді қарайды.
2. Атқару өндірісі
2. 1 Мүлікті өндіріп алу
Сот тәртібі борышкер үшін оның өз құқықтарын қорғау мүмкіндігін береді. Өйткені, қолданылып жүрген заңнамаларда егер сот тәртібі бойынша кепілдік келісім-шарты заңды емес деп танылған жағдайда немесе кепілдік құнының сәйкессіздігі және негізгі міндеттер айтарлықтай бұзылған жағдайда кепілдік мүлікті өндіртіп алуға соттың бас тартуы мүмкін екендігі қарастырылған. Сот тек көрсетілген жағдайда ғана кепілдік мүлікті өндіртіп алу өтінішінен бас тартуға құқылы. Бас тарту үшін бұдан басқа негізді қолданылып жүрген заңнамалар қарастырмайды. Бұдан басқа, кепілдік алушы азамат дәлелді себептері болған жағдайда кепілдік мүлікті өндіртіп алу шешіміне бір жыл мерзімге уақыт сұрап, сотқа өтініш жазуына болады. Сонымен бірге бұл берілген мерзім борышкерді оның бережағын өтеу міндетінен босатпайтындығын ескеру керек.
Дебиторлық берешекті өндіріп алу:
1) өндіріп алушының келісімі болған кезде - дебитордың дебиторлық берешекті аумақтық органың ақшаның тиісті бақылау шотына немесе жеке сот орындаушысының ағымдағы шотына енгізуі (аударуы) арқылы;
2) өндіріп алушының келісімі болмаған немесе дебитор дебиторлық берешекті аумақтық органың ақшаның тиісті бақылау шотына немесе жеке сот орындаушысының ағымдағы шотына енгізбеген (аудармаған) кезде - дебиторлық берешекті сауда-саттықтарда сату арқылы жүргізіледі.
Дебиторлық берешек:
1) оны өндіріп алу үшін талап қою мерзімі өтіп кеткен;
2) дебитор Қазақстан Республикасы құқықтық көмек туралы шарт жасаспаған шетелдік мемлекетте тұратын;
3) дебитор таратылу процесінде тұрған;
4) дебитор заңды тұлға ретінде өз қызметін тоқтатқан және заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тізілімінен шығарып тасталған;
5) дебиторға қатысты банкроттық рәсімі енгізілген жағдайларда өндіріп алынбайды.
2. 2 Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің мүлкін өндіріп алу
Борышкермен еңбек қатынасында тұрған немесе ол табыс алатын азаматтар және ұйымдардың лауазымды адамдары сот орындаушысы тағайындаған мерзімде борышкердің жұмыс орны мен оның табыстары, атқару құжатына сәйкес ұстап қалу жүргізілгендігі және өндіріп алған соманың өндіріп алушыға жіберілгендігі туралы, борышкердің ақша сомалары мен мүлкінен өндіріп алу жөнінде, сондай-ақ борышкердің жұмыстан босатылғаны туралы, егер өздеріне белгілі болса, оның жаңа жұмыс орны немесе тұратын жері туралы дұрыс мәліметтер беруге міндетті.
Борышкерді тек өзі ғана жасай алатын әрекетті жасауға немесе оларды жасаудан тартынуға міндеттейтін атқару құжатын орындау кезінде сот орындаушысы борышкерге мерзім белгілей отырып, осындай әрекет жасау туралы хабарлама немесе оларды жасаудан тартыну қажеттігі туралы хабарлама жібереді. Борышкер сот орындаушысының талаптарын белгіленген мерзімде орындамаған жағдайда сот орындаушысы борышкерден мемлекет кірісіне сот орындаушысының талаптарын орындамаған мерзімі еткен әрбір күн үшін жеке тұлғалардан бес айлық есептік көрсеткіш және заңды тұлғалардан он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тұрақсыздық айыппұлын өндіріп алу туралы сотқа ұсыныс жасайды. Борышкер сот орындаушысының талаптарын белгіленген мерзімде орындамаған жағдайда және егер борышкерді белгілі бір әрекеттерді жасауға міндеттейтін атқару құжатын орындау үшін борышкердің қатысуы міндетті болмаса және бұл әрекеттерді өндіріп алушы жасай алатын болса, сот орындаушысы осы заңмен өзіне берілген құқықтарға сәйкес борышкерден мемлекет кірісіне атқарушылық санкцияны және орындау жөніндегі шығыстарды үш еселенген мөлшерде өндіріп ала отырып, атқару құжатын орындауды ұйымдастырады.
Сот орындаушысы өндіріп алушыны атқару құжатында көрсетілген үй-жайға қоныстандыруды қамтамасыз етеді.
Сот орындаушысы өндіріп алушыны және борышкерді қоныстандыру уақыты туралы ресми түрде хабардар етеді. Қоныстандыру уақыты туралы тиісінше хабардар етілген борышкердің болмауы атқару құжатының орындалуына кедергі болмайды.
Сот орындаушысы борышкерден өндіріп алған сомадан ең алдымен атқару құжатын орындау процесінде борышкерге салынған айыппұл шығыстары өтеледі, содан кейін орындау жөніндегі шығыстар өтеледі, қалған сома өндіріп алушылардың талаптарын қанағаттандыруға беріледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz