Хан баласы ханға ұқсар, Биік - биік шыңға ұқсар


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Филология факультеті

Қазақ тіл білімі кафедрасы

СӨЖ

Пәні: ХІҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ әдебиеті

Тақырыбы: Жыраулар поэзиясындағы ар-намыс, тектілік туралы ой-толғамдар

Орындаған: Әли Шұғыла Қазиқызы

Қабылдаған: Дәрібаев Самал Дәрібайұлы

Алматы, 2022 жыл

Жоспары:

І. КІРІСПЕ

Ар-намыс, тектілік туралы ой

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Жыраулар поэзиясындағы ар-намыс, тектілік туралы ой-толғамдар

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ

Ар-намыс, тектілік туралы ой

Қазақ халқы ежелден жігіттің ар- намысын, қыз баланың ұят- абыройын бәрінен биік қойған. Тәрбие құндылығында аталған қасиеттерді неліктен жоғары қояды?

Қазақта «қоянды қамыс, жігітті намыс өлтіреді» деген мақал бар. Шын мәнінде жігітті жігіт ететін, нақтырақ айтсақ, батыл, қайсар, өжет ететін осы қасиет. Өз кемшілігіне арлана алатын, қате басқан тұсында намыстана алатын, бойындағы осы қос қасиетке кір шалдырмай өскен рухты жігіт қана өзіндік көзқарасы мен пікірі қалыптасқан қоғамның ойлы мүшесі, елін қорғай алатын батыл азамат, отбасын тәрбиелейтін асқар тау әке, ұрпағы үшін алаңдайтын көреген ақсақал бола алады. Ал жігіттің арлы, намысты болуы туа бітетін қасиет. Туа бітетіні - тектіліктен.

Қыз баласының ұят- абыройын сақтауы да сол тектес дүние. «Қыз бұзылса, ұлт бұзылады» деген бір-ақ ауыз сөздің өзі бір ел қоғамындағы қыз баланың тәрбиесінің қаншалықты маңызды екендігін аңғартады. Қызды «қырық үйден тыю» арқылы қазақ елі оның ұяты бар, абыройын аяқ асты етпеген, таза, пәк болуын көздеген. Сонда ғана ол жоғарыда атап өткендей еліне елеулі, халқына қалаулы, арлы да намысты перзентті дүниеге әкелетін батыр әрі дана ана бола алады.

Бұл екі мысалды қорыта келе, ортақ тектілік деген ұғымға тоқтаймыз. Тектілік - бұл адам бойындағы ең асыл қасиеттердің таза күйінде ұрпақтан-ұрпаққа қан арқылы үзілмей берілетін рухани сабақтастығы. Түркі халықтары «тектілік» ұғымын айрықша қастерлеген. Артында текті ұрпақ қалуы үшін небір зұлматта ұлын құл болудан, қызын күң болудан сақтап, жанын қиған. Бұл қасиет ата-бабасы мен ұрпағының гендік және рухани сабақтастығының тоғысуынан туады десек, қазақ халқының да тектілікке аса мән бергендігін «жеті ата» ұғымынан біле аламыз. Жеті ата - қазақ халқының дәстүрлі салт-санасындағы адамның ата жағынан тегі таратылуының нақтылы жүйесі. Ол этникалық тұтастықтың қуатты арқауы, темірқазығы болды.

Тектілік туралы ғалым-заңгер Нағашыбай Шайкенов тарих беттеріне үңіліп, түркі дәуірінің өзінде бұл заңдылықтың қатаң сақталғандығы туралы хабар береді. Атап айтар болсақ, Түркі қағанатын билеген Таспар дүниеден өткен тұста, ұлыс басқару жарғысы бойынша үлкен баласы Далобян таққа отыруы тиіс еді. Бірақ орданың би-бектері бұған келіспей басқа әйелінен туған Аньлоны таққа отырғызды. Жолы бола тұра тақсыз қалған Далобянға тағылған айып, оның шешесінің тексіз жерден шыққандығы. Міне, осылайша «текті ұл» мен «текті жердің қызы» деген атақ әр қазақ баласы үшін ешбір байлық теңесе алмас үлкен жетістікке айналды.

Жыраулар поэзиясындағы ар-намыс, тектілік туралы ой-толғамдар

Жалпы, тектілік тақырыбының маңыздылығын жыраулар поэзиясынан да көрініс тапқандығынан байқауға болады. Жүз сексен жыл өмір сүріп, талай ханның ақылшы, кеңесшісі болған Сыпыра жыраудың :

Сұңқардан сұңқар туар саңқылдаған,

Қарғадан қарға туар қарқылдаған.

Бай баласы байға ұқсар,

Байлаулы тұрған тайға ұқсар.

Би баласы биге ұқсар,

Алты қанат үйге ұқсар.

Хан баласы ханға ұқсар,

Биік-биік шыңға ұқсар.

Құл баласы құлға ұқсар,

Мал таптаған гүлге ұқсар, - деген өлең жолдарында құс балапанының өзіне ұқсайтындығын, бай баласының мінезі байға тартып туатындығын, би баласының биге ұқсап шешен болатындығын, хан баласының ханға тартып өр рухты болатындығын, құл баласының құлға тартып қор болатындығын айтқан. Қысқасы, кім туса да, тегіне тартып туатындығы айтылған.

Асан қайғының:

Жеті атасын білген ұл,

Жеті жұрттың қамын жер.

Өзін ғана білген ұл,

Құлағы мен жағын жер, - деген өлең жолында текті, арлы, намысты ұлдың танымы кең, түсінігі мол ойлы болатындығы салыстырмалы түрде айтылған. Мұндай жеті атасын танып, біліп өскен ер халқының қамын жейді, ұлтының туын көтереді. Жыраудың «Әй, Хан, мен айтпасам, білмейсің» өлеңіндегі:

Қатын алдың қарадан,

Айрылдың хандық жорадан,

Ел ұстайтын ұл таппас,

Айрылар ата мұрадан!- деген жолдарында дала заңында билік үшін тектіліктің аса маңызды рөл ойнайтындығын тағы да дәлелдеп береді. Сонымен қатар, бұл үзіндіден тектіден текті, тексізден тексіз туады деген көзқарасты Асан қайғы да құптайтынын аңғарамыз.

Ар-намыс мәселесінің мағынасын жете талдамаса да, кей жыраулардың бір- екі ауыз сөзінің өзінен қыздың ар-ұятын ерекше қадірлегенін аңғаруға болады. Мысалы, Доспамбет жыраудың :

Алғаным Әли ағаның қызы еді,

Қас арудың өзі еді.

Маңдайы күнге тимеген,

Желге шашы үрмеген,

Серпіліп адам бетін көрмеген, - деген жолында өзінің тән сұлулығын қорғағандай, ар-ұятын да соншалықты берік сақтағандығын бір ғана «ару» сөзімен беріп отыр. Егер, ақын «қас сұлу» тіркесін қолданса, әйелінің тек сырт сипатына деген таңданушылық сезімін аңғарған болар едік. Бірақ, «таза, пәк, кіршіксіз, ардақты, абзал» деген мағыналарды білдіретін «ару» сөзімен Доспамбет өз жарының текті жерден шыққан тәлімді- тәрбиелі, ары таза қызды өмірлік серік еткендігін аңғартады.

Би Темірдің жақын серігі болып, хан сарайында ұзақ жылдар қызмет еткен Шалкиіз жырау өлеңінде де:

Алғаным ару болмаса,

Алдыма алып сүймен-ді!

Дулығамның төбесі

Туған айдай болмаса,

Батыршылық сүрмен-ді!- деген жолдар кездеседі. Демек, еліне белгілі, өр рухты, намысты ерге арлы, абыройлы, текті жердің қызы лайық екендігін аңғартады. Солай ата отырып, өлеңнен өскелең ұрпаққа, жас батырларға да өзінің туын жықпайтын, ізін өзіндей жалғайтын қайырымды перзентті болу үшін текті жерден қыз алу керектігін насихаттау аңғарылады. Енді бір өлеңінде:

Айырдан туған жампоз бар

Жүгін нарға салғысыз,

Арғымақтан туған будан бар

Күнінде көрінім жерді алғысыз,

Жаманнан туған жақсы бар

Адам айтса нанғысыз,

Жақсыдан туған жаман бар

Күндердің күні болғанда

Бір аяқ асқа алғысыз, - дейді. Мұндағы көзқарас Сыпыра жыраудың ойынан басқаша. Автор кейде тектілік ұғымында да қарама- қайшылық болатындығын айтып, жақсыдан жаман немесе жаманнан жақсы туатындығын мысал еткен. Қос өркешті түйеден жалғыз өркешті түйе туатын, таза арғымақтан буданды жылқы туатын табиғат заңдылықтарын тектілікпен параллель қою арқылы әсерлеген. Демек, оның көзқарасында тектіліктің заңын бұзылмайтын қағида деп қарамайды.

Ал, Бұхар жырау болса:

Жал, құйрығы қаба деп

Жабыдан айғыр салмаңыз.

Қалың малы арзан деп,

Жаман қатын алмаңыз.

Жабыдан айғыр салсаңыз,

Жауға мінер ат тумас.

Жаман қатын алсаңыз,

Топқа кірер ұл тумас, - деп, ол да жоғарыда айтылған пікірлерді қуаттап, жақсы әйелден өзіне тартқан қайырымды ұл мен қыз туса, жаман әйелден топ бастап, ұлт жолында жан берер ұл тумайтындығын айтады. Сондықтан, алатын қыздың тәрбиесіне, тегіне назар салу керек екенін насихаттайды. Өлең жалғасында ол Шалкиіз жырау айтқандай, жақсы адамның перзенті жаман болуы мүмкін немесе жаман адамның перзенті жақсы болуы мүмкін, бірақ, түпкі тегіне бәрібір тартып кетеді деген ойды қуаттайды.

«Таудан аққан тас бұлақ,

Тасыса құяр теңізге.

Қанша малды болса да,

Бай қуанар егізге.

Жаманнан жақсы туса да,

Жақсыдан жаман туса да,

Тартпай қоймас негізге». Демек, Бұхар жырау пайымында да тектілік мәселесі бұлтартпас құбылыс, бұзылмас заңдылық. Бұл жағынан алғанда ақын Сыпыра жыраумен пікірлес.

Жырау әрі батыр болған Ақтамберді Сарыұлы:

Елден елді аралап,

Тектіден текті саралап,

Беглердің қызын айттырсам,

Нұсқасын байқап шамалап -

Сынға толса сияғы,

Әлбеті шамның шырағы,

Мұхиттан сүзіп шығарған

Қымбатты гауһар бағасы.

Жүз нарға кілем жаптырып,

Қазақтан сәнін арттырып,

Ұзатып алсам сәнменен,

Көңлімді хош таптырып!

Бала берсе тезінен, -

Пірлердің бітсе демінен,

Шілтеннің тиіп шылауы,

Артылып туса өзімнен!

Осындай берген дәулетті

Көтеріп түра алар ма екеміз?!- деген өлең жолынан бектің қызының тектілігі қымбатты гауһар тастай бағалы болатындығын айта келіп, одан өзі секілді текті туса, өзінен аса туатындығын айтып, ондай бақ- дәулетті көтере аламыз ба деп, қуанышқа толы үмітін баяндайды. Осы ойымен жырау да тектіден текті туатын алдыңғы жыраулар көзқарасын қуаттай түседі.

Ханмен араздасып өткен, өлеңінің басым көпшілігі дерлік Есім ханға арналған Жиембет жыраудың шығармаларынан ар-намыстың лебі есіп тұрады. Ханмен келісе алмай, елден кеткен Жиембет өзінің жігіттік намысын биік қойып, ерекше екпінмен жырлағаны әр өлеңнен көрініс табады. Айталық, «Еңсегей бойлы ер Есім» өлеңінде:

Менің ерлігімді сұрасаң,

Жолбарыс пенен аюдай.

Өрлігімді сұрасаң,

Жылқыдағы асау тайыңдай.

Зорлығымды сұрасаң,

Бекіре менен жайындай.

Беріктігімді сұрасаң,

Қарағай менен қайыңдай, - деп, ерге тән намыс-жігерін айта келіп, жасаған қаншама жақсылығы мен қызметін ұмытып, бір кешірім бере алмаған ханның ісіне күйінеді де:

Мен өлсем құнсыз кетер деме сен,

Кешегі өзіңнің ұрып өлтірген,

Тілеуберді құлыңдай!

Тілеуберді құлың мен емес,

Менің ер екенімді көргенсің,

Әуелден бірге жүргенсің,

Дегенімді кылғансың,

Қайратымды білгенсің- деп, өзін іздеуі жоқ емес, текті де айбынды батыр екендігін баса айта келіп:

Мұныңа ханым, шыдаман!

Арқаға карай көшермін.

Алашыма ұран десермін,

Ат құйрығын кесермін,

Ат сауырсын берермін.

Алыста дәурен сүрермін.

Қарамасаң, ханым, қарама,

Сенсіз де күнімді көрермін, - деп Ханның озбырлығына шыдамайтын арлы әрі намысты екендігін аңғартып, өршіл де өжет мінезі елден кетуге сеп болғандығын байқаймыз. «Айтқанға көніп, айдағанға жүретін» қуыскеуде Жиембет еместігін оның осы өткір өлеңдерінен білеміз. Осылайша, ар-намыс, тектілік тақырыбы қозғалғанда Жиембеттің өзінің намысы мен арын аяқ асты етуден сақтаған рухты да айбынды жырларын тақырыптан тыс қалдыруды жөн көрмедік.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркі әдебиеті және Шәкәрім: шежіре жазу дәстүрі
Елдік пен ерлік киесі
АҚЫНДАР ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ШЕШЕНДІК ОРАЛЫМДАР
КЕМЕЛ КІСІ ІЛІМІ
Батыс Қазақстан өңірінің фольклоры (әпсана-хикаяттар, аңыздар, шешендік сөздер, тарихи өлеңдер, тарихи жырлар, айтыстар, дастандар)
Қадырғали Жалайыри
«Жүсіп – Зылиха» дастаны
Дисфемизмдер және олардың зерттелуі
Төле бидің соттық шешімдері және қазақтың әдет - ғұрыптық құқығы
Абайдың сатирасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz