Аффект жағдайында жасалатын қылмыстар


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Аффект туралы жалпы ұғымАффекттің пайда болу себептеріАффекттің белгілері және оның кезеңдері
  2. Аффекттің қылмыстық- құқықтық маңызыҚР қылмыстық кодексіндегі аффекттің жалпы сипатыАффект жағдайында жасалатын қылмыстар

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың жалпы сипаттамасы: Қазақстан Республикасы өзін демократиялық мемлекет құру барысында адамды, оның өмiрiн ең құнды байлығы ретінде қарастырады. Қазақстан Республикасының 1995 жылы 30 тамызда референдумда қабылданған Конституцияның 1-шi бабында айтылғандай, Республиканың ең қымбат қазынасы-адам және адам өмірі құқықтары мен бостандықтары. Конституцияда қолсұғылмаушылыққа кепiлдiк берiлген. Адам құқығы туралы бүкіл әлемдік декларацияның

әрбір адам өмір сүруге, бостандығына, жеке өмiрге қолсұғылмаушылыққа құқығы бар деп көрсетілген. Бұл құқықтарын шектеуге ешкімнің де құқықтары жоқ. Заңда көрсетілгеннен басқа жағдайларда адам құқығын шектеуге қандай да болсын негiз болуы тиiс емес. Сондықтан, бұл құқық әр уақытта да заңмен корғалады. Адам және азамат құқықтары мен бостандықтары үзiлместей бір жалғаспалылықты білдіреді. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодекстiң басты мақсаты болып адам мен азаматтардың құқықтарын қылмыстық қолсұғушылықтан қорғау болып табылады. Осыған байланысты, Республикамызда адам өмiрi мен денсаулығын қорғауға байланысты бiршама iс-шаралар жүргізілуде. Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары мемлекет арқылы қорғалады. Қазақстан Республикасының барлық заңдары жеке адамды қорғауға, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауда әр уақытта артықшылықтар берілген. Яғни, зерттеу жұмыста осы адам өміріне зиян келтіретін қылмыскердің ауыр жан күйзелісі ретінде танылатын «аффект» ұғымының тарихы, қолданысы, пайда болу себептері мен белгілері, кезеңдері, қылмыстық- құқықтық мәні қамтылған.

Дипломдық жобаның өзектілігі: Тұлғаның қоғамның құрамдас бөлігі екендігінің басты белгісі- адам құқығы. Осы тұрғыда, өзінің заңды құқығын сақтауда моральдық- психологиялық ахуалы маңызды рөл атқарады. Оның бір көрінісі - қоғамда құқықбұзушылықтың басым бөлігі жеке тұлғаның өз эмоциясына ерік беруінен, психикалық күйін басқара алмауынан туындайтындығы. Сондықтан, дәл осы психикалық күйдің ғылыми атауының қолданысына баға беру, аффектті бір жағынан жай ғана күшті эмоциядан және екінші жағынан уақытша ессіздік күйінен ажырататын қырды іздеу, аффективті күйдің себептерін анықтау, аффекттің қылмыстық-құқықтық мәнін және оның қылмыстарды талдаудағы рөлін анықтау- бұл жобаның негізгі өзектілігі болып табылады.

Дипломдық жобаның мақсаты: Әрбір жеке адамның өмірі - ол адам өміріндегі айтарлықтай маңызды болып табылады. Себебі, адам өмірі-оның негiзгi құндылығы. Осыған байланысты мемлекеттiң, қоғамның адам өмірін қорғау мәселесі - жалпы азаматтың негізгі борышы. Жеке тұлғаға қарсы қылмыстар дегенiмiз- адам мен азаматтардың отбасының, кәмелетке толмағандардың мүддесіне, бостандықтары мен конституциялық құқығына, жыныстық бостандығына, ары мен абыройына, қадір-қасиетіне, өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне қарсы бағытталған қылмыстық заңда көзделген қоғамға қауіпті әрекет. Осындай қылмыстардың салдарынан адамның заңды құқығы мен бостандығына немесе жеке адамға қарсы қылмыста кез-келген материалдық және моральдық, физикалық шығын келуі мүмкін. Мұндай күйге әкеп соқтыратын қылмыскер екі түрлі күйде кездеседі: саналы немесе ақыл- есінен уақытша айырылу. Мұндағы ақыл- есінен айырылып, ауыр қылмыс жасау туралы осы жұмыста жан - жақты айтылады. Адам психикасындағы аффективті жағдайдың қылмыстық-құқықтың маңызын мемлекеттік қылмыстық кодекстегі сипатымен дәлелдей отырып, талдау.

Міндеттері:

  • Аффект ұғымының тарихы, қолданысы мен аффекттің түрлеріне тоқталу;
  • Аффекттің пайда болу себептерін, белгілерін, кезеңдерін анықтау;
  • Аффекттің қылмыстық-құқықтық мәнін ашу;
  • Аффекттің ҚР Қылмыстық кодексіндегі сипатын беру;
  • Аффективті жағдайда жасалатын қылмыстарды талдау.

Дипломдық жобаның практикалық маңыздылығы: бұл жобаның практикалық маңыздылығына тоқтала өтсек, қамтылған теориялық ақпаратты пайдалана отырып, құқықтанудың психология пәнімен байланысын оқытуда жаңа бағдарлама енгізуге болады. Сонымен қатар, қылмыстық кодекстегі түсініктерді бірізділікке түсіруде «аффект» туралы мәліметтер өз ықпалын тигізеді, қылмыстық саралау жұмыстарына да мысал келтіру практикалық маңыздылығын жұмыстың практикалық маңызын айғықтайды.

Зерттеу нысаны мен дереккөздер: Ең алдымен, аффект ұғымын психологиялық аспектте тану үшін А. Темірбеков пен С. Балаубаевтің 1966 жылғы «Психология» еңбегі [1], Қ. Жарықбаевтың 2003 жылғы «Психология» кітабы [2] мен Рут Лейстің 2011 жылғы «Аффект кезегі: сын» кітабы [3] пайдаланылды. Аффекттің қылмыстық-құқықтың маңызын ашуда Б. В. Сидоровтың 1978 жылғы «Аффект. Оның қылмыстық-құқықтық және криминологиялық маңызы» оқулығы [4] басшылыққа алынды. Жалпы қылмысты саралауды талдау мақсатында Қазақстан Республикасының Конституциясы [5] пайдаланылып, соның ішінде аффект жағдайындағы қылмыстың мемлекеттік қылмыстық кодексіндегі сипатын білу үшін 2014 жылғы 3 шiлдедегі Қазақстан Республикасының Кодексі [6] үлгі ретінде пайдаланылды.

Тоериялық және әдіснамалық негіздері:

  1. Аталған тақырыпқа арналған еңбектерді саралау үшін аналитикалық әдіс;
  2. Ой тұжырымдарын жасау үшін сипаттау әдісі;

Зерттеу мәселесі бойынша ғылыми-зерттеу еңбектерге талдау жасау, қорыту және жүйелеу, теорияларды негізге алу, алынған мәліметтерді талдау әдістері жүргізілді.

Дипломдық жобаның құрылымы:

Дипломдық жоба кіріспе, аффект туралы жалпы ұғым мен аффекттің қылмыстық- құқықтық маңызы бөлімдерінен тұрады. Қорытынды бөлім мен пайдаланылған әдебиеттер қарастырылған. Жұмыстың жалпы көлемі 40 бет.

1. 1. Аффекттің пайда болу себептері

Аффект бұл бір-екі ғасырда пайда болған құбылыс емес, адамзат пайда болғалы онымен қатар дамып, зерттеуді қажет етіп келе жатқан сезім күйі деуге болады. Аталған күй ежелгі грек оқымыстыларының қызығушылығын тудырған. Мысалы, Платон оның туа біткен рухани құндылықтарды, соның ішінде, нәпсі мен ақыл-ойды қамтитынын айтқан. Адам жанының үш бөлігі идеалды күйдегі үш сословиеге сәйкес келеді: егер адамның мінезінде аффекттерге бейімділік басым болса, ол өзін әскери істерге арнауы керек еді, ақыл-ойдың үстемдігі философтардың билеушілерінің иелігін құрады, ал қалау шаруалар, қолөнершілер мен көпестер иелігін құрады. Қалай болғанда да, аффект санамен салыстырғанда төмен болып саналды, өйткені, сананы бұлыңғырлайтындықтан қауіпті болған еді. Аффектімен ерік-жігер мен ақыл дәлелдерінің көмегімен күресу керек деп есептелді. Бұған сәйкес, христиандық “өз-өзімен жұмыс істеу” тұжырымдамасы эмоцияларды бақылауды да қамтыды. Бұл күйді қабылдаудағы өзгерістер Декарт, содан кейін Спиноза күшті эмоциялар кезінде жан мен тәннің қарым-қатынасының рөлі туралы айта бастағанда болды. Декарт өзінің «Жан құштарлығында» қарқынды эмоционалдық күйлер психикалық және физиологиялық процестерді де бейнелейді деген идеяны білдірді, ал Спиноза одан да әрі қарай тереңдетіп, қарқынды эмоцияларға таза ақыл-ойдың көмегімен әсер ету мүмкін емес - аффект тек күшті аффект арқылы ғана жойылуы мүмкін деген қорытындыға келді. Спинозада «аффект» термині қоршаған орта әсерінен болатын денедегі (оның ішінде ақыл-ойдағы) өзгерістердің кеңірек мағынасын білдірді. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында аффект концепциясы бұрынғыдан да күрделі түрде қайта бағалаудан өтті. Француз социологиялық мектебінің ғалымдары Эмиль Дюркгейм мен Марсель Маус қоғамның жеке тұлғаны қабылдауына әсері аффекттік күшке тікелей байланысты екенін анықтады. Ал француз антропологы Люсьен Леви-Брюль аффект тудырудың инициация мен құрбандық шалу сияқты көне рәсімдерде үлкен мәнге ие екенін анықтады. Ол қарабайыр ойлау қазіргі логикалық ойлаудан айтарлықтай ерекшеленеді деп есептеді, өйткені онда эмоциялар әлдеқайда үлкен рөл атқарды. Фрейд те аффекттерге қызығушылық танытты - ол аффекттер психикалық ауруды тудырады деген қорытындыға келді: олар адамның ой- санасында қалатындығын және оны бұлыңғырландырып, мазалайтындығын айтқан. Кейде олар паралич, ауырсыну және басқа да еріксіз сезімдердің физикалық белгілерімен көрінеді. [1; 47]

Аффект - айқын органикалық және қимыл-қозғалыс көріністерімен байланысты сыни, қауіпті жағдайлардан шығудың жолын табу мүмкін болмаған кезде пайда болатын эмоционалды, күшті күйзеліс. Аффект кезінде адамның көңіл- күйі кенеттен өзгеріп, әсерленеді. Нәтижесінде оқыс қимыл- қозғалыстар жасалып, эмоциясы дауыс арқылы сыртқа шығады. Жалпы, аффектінің сыртқы белгілері адамның өзіндік ерекшеліктеріне, яғни, еркіне, орталық жүйке жүйесінің қызметіне байланысты көрініс табады. Аффект ұзақ уақыт бойы бойын билеп алған адамның сыртқы түрі өзгеріп, жүйке ауруына шалдығуы мүмкін. [1; 54]

Латын тілінен енген аффект сөзі «құмарлық, жан толқынысы» дегенді білдіреді. Сонымен қатар, С. И. Ожеговтың түсіндірме сөздігінде «аффект - күшті қозу күйі, өзін-өзі бақылауды жоғалту» деген анықтама берілген. Әртүрлі әдебиеттерде аффектінің түрлі анықтамалары бар, олардың барлығы тура және белгілі бір дәрежеде осы күйді сипаттайды. Шынында да, аффект - бұл «күйзелістің сыни нүктесі», сыртқы тітіркендіргіштерден туындаған ерекше күшті эмоция, ол аффективті әрекеттерден шығу жолын табады. «Аффект» термині алғаш рет 1996 жылы Ресей Федерациясының қолданыстағы Қылмыстық кодексінде бекітілді. Бұрын қылмыстық заңда адамның осыған ұқсас психикалық күйі «күшті жан толқынысы» деп белгіленген. «Күшті жан толқынысы» түсінігі қылмыстық-құқықтық категория, ал «аффект» психологиялық және психиатриялық ұғым болатын. Бұл ұғымдар мағыналық тұрғыда жақын болғанымен, бірдей емес: мамандардың айтуынша, «аффект» ұғымы «күшті жан толқынысына» қарағанда тар категория ретінде танылады. Дегенмен, қазіргі уақытта Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің грамматикалық түсіндірмесіне сүйене отырып, бұл ұғымдар көлемі бойынша тең деп саналады. Әдебиеттерде бұл ұғымның мұндай терминологиялық жинақталуына әртүрлі көзқарастар бар. Б. А. Сидоровтің пікірі бойынша, қылмыстық заңға «аффект» терминінің мағынасын талдап көрсетпей-ақ енгізу дұрысырақ деп есептеді, өйткені ол «аффект» терминінің мағынасын тереңдетіп талдау осы жағдайда жасалған қылмыстар үшін жауапкершілікті реттейтін нормаларды дұрыс және біркелкі қолдануды айтарлықтай қиындатады деп есептеген. Ал, басқа сарапшылар «жан толқынысы» сөзін қалдыруды талап етті. Нәтижесінде, заң шығарушылар белгілі бір ымыраға келіп, бұл ұғымдарды теңестірді. Аталған екі ұғымның екі түрлі дәрежеде болуы кейбір мәселелердің тууына себеп болды, өйткені қазір бұл категорияның мәнін түсіну үшін тәртіп сақшылары психология, психиатрия, сондай- ақ осы құбылысты қарастыратын басқа ғылымдарға жүгінуі керек, бұл іс жүзінде нормаларды біркелкі қолдану мен түсіндіруді қиындатады.

Демек, «аффект» ұғымының қылмыстық-құқықтың мағынасын толық түсіну үшін, ең алдымен, оны психологиялық аспектте жан-жақты талдау керек.

1. 2. Аффекттің белгілері және оның кезеңдері

Аффект физиологиялық немесе патологиялық болып бөлінеді.

Физиологиялық аффект - санамен бақыланбайтын, эмоционалдық күйзеліспен аффектогендік жағдайда пайда болатын, бірақ нормадан аспайтын аффект түрі. Аффекттің бұл түрінде психикалық әрекетте психотикалық өзгеріссіз жылдам және қысқа мерзімді ауыртпалықсыз жарылыс реакциясы туындайды. Физиологиялық аффект жағдайында пайда болатын күй адамның санасына үстемдік ететін, оның өз іс-әрекетін бақылауын төмендететін, сананың тарылуымен, интеллектуалдық әрекеттің белгілі бір мерзімге тежелуімен сипатталатын қарқынды эмоция болғанымен, бұл сананың терең дүмпуіне әкелмейді, өзін-өзі бақылау сақталады, сондықтан физиологиялық аффектті азайтуға болады.

Патологиялық аффект - психикасы сау адамдарда болатын психогендік ауру күйі. Психиатрлардың айтуынша, мұндай күй психо-травматикалық факторларға жедел реакция ретінде туындайды. Патологиялық аффекттің дамуының жоғарғы сатысы тыныштық күйінің бұзылуымен анықталады. Аффективті реакция айқындықпен, жарықтықпен сипатталатын үш фазалы ағыннан тұрады: дайындық, жарылыс фазасы, қорытынды. Патологиялық жағдайларға бейімділік орталық жүйке жүйесіндегі тежелу және қозу процестерінің теңгерімінің бұзылуынан пайда болады. Патологиялық аффект үшін эмоционалдық көріністер тән, көбінесе агрессия түрінде болады. Патологиялық аффект сананың толық дүмпуімен және бақыланбайтын импульсивті әрекетімен сипатталады.

Адекватсыздық аффекті - басқа түрлерден ұзақтығы бойынша ерекшеленетін тұрақты күйзеліс. Психологияда жиі қолданылатын «адекватсыздық аффекті» ұғымы ол қандай да бір қызметте табысқа жете алмаудан туындаған тұрақты жағымсыз күй ретінде сипатталады. Ол жеке адамның қалаған әрекетін орындай алмауынан туындайды. Ерік процестері әлі қалыптаспаған мектепке дейінгі жастағы балалардың қалыпты реакциясы болып табылады. Көбінесе жас балаларда мінез-құлықтың ерікті түрде реттелуі қалыптаспаған кезде жеткіліксіздік әсері пайда болады. Баланың қажеттіліктерін қанағаттандырмауды тудырған кез келген қиындық, сондай-ақ кез келген жанжал эмоционалды толқудың пайда болуына себеп болады. Егер бала өз қажеттіліктерін қанағаттандыра алмаса, ол алаңдай бастайды, үрейленеді, ашуланады немесе ренжиді. Егде жаста ол бірте-бірте өзінің эмоционалдық реакциясын басқаруды үйренеді. Бірақ бұлай болмаса, аффективті мінез-құлық жалғыз эмоционалды жауап ретінде бекітіледі. Тәрбиесіне дұрыс көңіл бөлінбеген балалар агрессивті, сезімтал, негативизмге бейім болады. Тәрбие берудегі келеңсіздіктер мен қолайсыздықтар аффективті мінез-құлыққа бейімділікті арттырады. Мұндай тәрбие жағдайында балаларда күдік, үнемі реніш, агрессивті реакциялар мен негативизмге бейімділік, ашуланшақтық байқалады. Осындай өз қалағанының жеткіліксіздік күйінің ұзақтығы жағымсыз мінез-құлық қасиеттерінің қалыптасуы мен шоғырлануын тудырады. [2; 89]

Аффектінің әртүрлі анықтамаларын талдағаннан кейін аффективтік күйдің бірнеше маңызды белгілерін анықтауға болады, олар болған жағдайда ғана субъектідегі психофизиологиялық күйді анықтауға болады. Бұл белгілер:

1) эмоционалды күйзелістің жоғары дәрежесі және эмоцияның қарқындылығы (рухани күйзеліс адам психикасы мен денесінде айтарлықтай өзгерістер туғызатындай үлкен болуы керек) ;

2) сананың сапалық өзгеріске ұшырауы, оның өрісінің тарылуы (біріншіден, іс-әрекеттің мақсаты туралы нақтылықтың болмауы, екіншіден, өз іс-әрекетін саналы түрде бақылаудың қиындығы) ;

3) диффузиялық (эмоционалды күйзелістің бүкіл психика мен денені түгел басып алуы) ;

4) кенеттілік және кездейсоқтық (аффекттің пайда болуы сәтінің субъекті үшін күтпеген жағдай, болжау мүмкін емес сәтте орын алуы) ;

5) турбуленттік және көрініс қарқындылығы, күйзеліс өткірлігі;

6) разрядқа дейінгі үздіксіз ағым;

7) қысқалық.

Барлық осы белгілердің жиынтығы аффект жағдайының ең толық сипаттамасы болып табылады, дәл солар аффектті басқа қылмыстық-құқықтық мәнді күйлерден ажыратады, олардың әрқайсысының өзіндік құндылығы мен қылмыстық-құқықтық мәні бар. Аффективті күй процесс болып табылатын кез келген басқа құбылыс сияқты өзінің дамуында бірнеше кезеңдерден өтеді. Сидоров Б. В. және басқа зерттеушілер аффекттің қалыптасуы мен оның орындалуының негізгі үш кезеңін ажыратады:

1) Аффекттің басталуы (эмоцияның пайда болуы) . Бұл кезең тез дамуы мүмкін немесе ол айтарлықтай ұзақ уақытқа созылуы мүмкін. Бұл эмоционалдық реакция түріндегі тітіркену жағдайынан кейін бірден пайда болады. Адам іс жүзінде өзін-өзі бақылауды жоғалтады, бірақ әлі де шындықты түсіне алады. Ол әлі де өз эмоцияларын жеңе алады және шабуыл жағдайына кірмейді. Бірақ, адам эмоционалдық реакциясын тоқтатып үлгермесе, ол екінші кезеңге өтеді;

2) Негізгі кезең (аффективтік күйдің өзі) . Бұл - эмоциялардың тікелей бақыланбайтын өршу кезеңі. Бұл кезеңде адам өз іс-әрекетіне ие бола алмайды және өте жойқын, соның ішінде, шабуыл мен кісі өлтіруге қабілетті әрекеттерге дейін барады;

3) Аффекттің жойылуы (тежеу және қорғаныс жағдайы, немқұрайлылық, жаңа күйзеліс) . Бұл кезеңде адам бұрынғы эмоционалдық жарылыстан туындаған күшті қирауды сезінеді. Болған оқиға жадтан өшіріледі немесе жалған естеліктермен ауыстырылады, адам өз әрекетін әлі түсінбейді, оның психикасы демалуды және қайта қалпын келуді қажет етеді.

Ал, аффекттің пайда болу себептерін айтқанда былай бөлуге болады:

- Өмірге тікелей немесе жанама қауіп. Биологиялық инстинкттермен және қажеттіліктермен байланысты адамның физикалық болмысына қауіп төндіретін жағдайлардың пайда болуы;

- Белгілі бір адам үшін маңызды қақтығыс. Конфликт, адамның бір нәрсеге күшті тартылуы, қалауы, ұмтылысы мен пайда болған импульсті қанағаттандырудың объективті мүмкін еместігі арасындағы қайшылық;

- Шамадан тыс талаптар немесе негізсіз үміттер. Қалағанға қол жеткізе алмау, адамның өзін-өзі бағалауына әсер ететін, оның жеке басына нұқсан келтіретін басқалардың әрекеттерінің ықпал етуі.

Аффекттің пайда болуы конфликтпен тығыз байланысты. Теріс эмоция басқа адамның әрекетіне немесе әрекетсіздігіне жауап ретінде өзімен, жағдаймен байланысты туындайды. Әрі қарай эмоция белгілі бір ілгерілеуді бастан кешіреді және өзінің шарықтау шегіне жетеді де, аффектке айналады. Бұл кезеңде сана бұлыңғырланады, ақыл-ой әрекетінің шашыраңқылығы орын алады, ерікті процестердің тежелуі көрінеді. Содан кейін өткір, нашар бақыланатын, автоматты және инстинктивті әрекеттерде бейнеленген энергияны қайта қалпына келтіру процесі жүреді. Соңғы кезеңде жүйке кернеуі басылады, бұл қатты шаршаумен немесе тіпті ұйқымен бірге жүреді, өйткені дене тітіркендіргіштен құтылу және эмоционалды разряд алу үшін барлық күштерін жұмылдырады. Бұл кезеңде қылмыскер қысқа мерзімді есте сақтау қабілетін жоғалтып, кеңістікте бағдарсыз қалуы мүмкін.

Аффект бұрыннан бар нақты жағдайда туындайды және субъект үшін релаксация түрі ретінде қызмет етеді. Аффект жағдайында адам міндетті түрде әрекет етуі және сол арқылы жан күйзелісінің сыртқа шығу қажеттілігі туындайды, бірақ әрекет етудің қолайлы әдістерін таппайды. Бұл қайшылық аффект туғызады. Егер адам адекватты мінез-құлық мүмкіндіктерін анық көрсе, аффект пайда болмайды.

Әрбір адам үшін эмоциялардың көріну сипаты жеке болады. Дәл осындай жағдайда кейбір адамдар өзін-өзі ұстай алады, басқалары алғашқы минуттарда өзін-өзі бақылауды жоғалтады. Олардың ашуын бақылау мүмкін емес: қалыпты жағдайда мұндай адамдар мейірімді, бірақ аффект барлық моральдық принциптерді жояды. Адамның жүйке жүйесінің құрылымы неғұрлым аз дамыған болса, оған жағдай соғұрлым тезірек әсер етеді.

Әрбір адам саналы құбылыс ретінде өзінің жеке басында кездесетін аффектіні алдын ала болдырмауға, оның алғаш кезiнен басып отыруға әрекеттенуi керек. Тіпті аффектінің ең күшті сәттерінде өзiн-өзi басқара бiлуi қажет. Ол үшін ерікті күшейтіп, төмендегідей ерiк сапаларын өзін-өзі меңгере білуді, табандылықты қажет етеді. Бұл сапалар тәрбие және өзін-өзі тәрбиелеу арқылы iске асады. Мысалы: Л. Толстойдың «Соғыс және бейбітшілік» романындағы басты кейіпкерлерінің бірі Наташа Ростовага ұрыс даласында Андрей Балконскийдi қайтыс болды деп кенеттен хабарлағанда, Наташа Ростова ес-түсін бiлмей кұлап калады. Яки, аффектi адамды тез арада билеп кететiн көңіл күй жағдайы. Мысалы, ондай сезiмдерге ашу сезімдері жатады. Халқымыз «Ашу дұшпан, ақыл дос, ақылыңа ақыл қос», «Ашу дұшпан жағына шығып кетпе, ақыл-досыңды қолда» қит етсе қызарақтап, қызыл кеңірдектiкке салынған көпке жеккөрінішті көрінеді. Сондықтан «Бүгінгі ашуыңды ертеңге калдыр» дейді халық нақылы. Аффектiлердiң жүйке жүйесі ауру адамдарда байқалатын патологияның түрі болады. Бұл жерде аффектiлiк жағдайдың алдын алу ушін оған сәйкес емдету қажеттігі туындайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Жан күйзелісі жағдайында жасалған кісі өлтіру»
Аффект жағдайында жасалған адам өлтіру қылмысының құрамы және тергеу
Өмірге қарсы қылмыстардың жекелеген құрамдары
Аффект жағдайында адам өлтіру
Кісі өлтірудің жауаптылықты жеңілдететін түрлері
Жеке адамға қарсы қылмыстар
Қоғамға қауіпті әрекет
Аффект жағдайында болған адам өлтіру
Жеке адамға қарсы қылмыстардың құқықтық сипаттамасы
Абайсыздықтардан жасалынған қылмыстар және қасақаналықпен жасалынатын қылмыстар туралы түсінік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz