Кәмелетке толмағандардың жасаған қылмыстарына тағайындалатын жазалардың түрлері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пән бойынша: Қылмыстық құқық
Тақырыбы: Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы

Орындаған:. Арман Жұмабай

Алматы 2022
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 4
БӨЛІМ І. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҒЫ 5
1.1.Кәмелетке толмағандардың қылмыстарының түсінігі және қылмыстық жауаптылығы. 5
1.2. Кәмелетке толмағандардың жасаған қылмыстарына тағайындалатын жазалардың түрлері 7
БӨЛІМ ІІ. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА ТАҒАЙЫНДАЛАТЫН ЖАЗАДАН ШАРТТЫ ТҮРДЕ БОСАТУ 10
2.1. Кәмелетке толмағандарды жауаптылықтан және жазадан босату 10
2.2. Кәмелетке толмағандарды жазадан мерзімінен бұрын шартты түрде босату 12
БӨЛІМ ІІІ. ТӘРБИЕЛІК ЫҚПАЛЫ БАР МӘЖБҮРЛЕУ ШАРАЛАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚОЛДАНУ МЕРЗІМДЕРІ 15
3.1. Тәрбиелік мәні бар мәжбүрлеу шараларының түсінігі 15
3.2. Ескіру мерзімі. Соттылық жою мерзімі 18
ҚОРЫТЫНДЫ 22
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ҚАЙНАР КӨЗДЕР ТІЗІМІ 23
ҚОСЫМШАЛАР 24


КІРІСПЕ

Осы курстық жұмыс кәмелетке томағандардың қылмыстық жауаптылығы тақырыбында жазылды.
Курстық жұмыс құрылымы кіріспе бөлімімен негізгі бөлімнен, негізгі бөлім бөлімшелерінен, қорытындыдан және пайдаланылған қайнар көздер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
Курстық жұмыстың мақсаты: құқықтық білімді шыңдай отырып,алынған заңи білімді сараптау, кәмелетке толмағандардың қылмысына жалпы құқықтық сипаттама беру, кәмелетке толмағандарға тағайындалатын қылмыстық жаза түрлерін талдау. Аталған курстық жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасының Конституциясын және өзге де құқықтық нормативтік актілерін ұтымды пайдалану көзделіп отыр.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығының негіздерін меңгеру;
- кәмелетке толмағандардың жасаған қылмыстары үшін тағайындалатын жаза түрлерін талдау;
- кәмелетке толмағандарды жауаптылықтан және жазадан босату негіздерін қарастыру;
- жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босату мен жазаның өтелмеген бөлігін ауыстыру тәртібін меңгеру;
- кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза мерзімінің ескіру тәртібі мен соттылықты жою тәртібін айқындай отырып, білімді жүйелеу.
Курстық жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V ҚРЗ, Қылмыстық кодексі және өзге де қылмыстық құқықпен тығыз байланысты нормативтік актілерді қолдану жоспарлануда.

БӨЛІМ І. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҒЫ

1.1.Кәмелетке толмағандардың қылмыстарының түсінігі және қылмыстық жауаптылығы

Мемлекет өз азаматтарынан конституцияда көрсетілген белгілі бір әлеуметтік талаптарды қатаң орындауды талап етеді, оны орындамаған ретте азаматтарға заңда көрсетілген негізде моральдық немесе құқықықтық жауапкершілік жүктейді. Құқықтық жауапкершіліктің ішіндегі ең қатал түрі қылмыстық жауаптылық болып саналады [1.14-бап].
Қылмыстық жауаптылық - өзінің нысаны, мазмұны жағынан мемлекеттік күштеу мәні бар жауаптылықтың түрі. Өйткені мемлекет кез келген қылмысқа тиісінше баға бере отырып, оны істеген адамға мемлекет тарапынан заңда көрсетілген күшпен орындалуға тиісті шараларды қолдануды жүзеге асырады. Яғни, қылмыстық жауаптылықтың әлеуметтік мазмұнының өзі сол субьектіге қылмыстық жауаптылықты жүктей отырып, мемлекет оның істеген қылмысын мінеп, оған заңдылық баға береді. Қылмыстық жауаптылық мемлекеттік заң шығарушы органы арқылы қылмыстық жазалау қатерімен тиым салынған қоғамға қауіпті кінәлі түрде істелген іс-әрекет үшін ғана белгіленеді. Қылмыстық жауаптылықтың мазмұны (теріс қылыққа моральдық саяси баға беріп мінеу және мемлекет, қоғам тарапынан қылмысын бетіне басу) және заңдылық (қылмыс істеген адамға қолданылатын мемлекеттік күштеу шаралары).
Қылмыстық жауаптылыққа есі дұрыс, қылмыс жасаған уақытта 16-ға, кейбір қылмыстар үшін 14,18-ге толған жеке адамдар жатады. Кез келген қылмыс құрамының субьектісінің жалпы белгілері болып: жеке адам, есі дұрыс адам, белгілі жасқа толғандар саналады. Бірақ қылмысты тек ересек адамдар ғана жасамайды, сол себепті бізде тек кәмелет жасқа толғандармен қатар толмағандарғада жаза түрі қолданылады. 1997 жылғы Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде (күші жойылған ) (әрі қарай ҚР ҚК) алғаш рет кәмелетке толмағандар ұғымына түсінік берілген: жасы он төртке толған, бірақ он сегізге толмаған адамдар. Соңғы жылдары Қазақстан Республикасында, көптеген еуропа мемлекеттеріндегідей кәмелетке толмағандардың қылмыстары өсуде. Сол қылмыстардың 40%-ы ауыр және аса ауыр қылмыстар болып табылады. Республика бойынша жалпы әрбір 15-ші ауыр қылмысты, әрбір 20-шы кісі өлтіруді, әрбір 16-шы денсаулыққа ауыр зиян келтіруді, әрбір 8-ші қарақшылықты, әрбір 5-ші тонауды және әрбір 13-ші ұрлықты кәмелетке толмағандар жасайды. Жыл сайын ішкі істер органдарында әртүрлі құқық бұзушылығы үшін 100 мыңға жуық кәмелетке толмаған жасөспірімдер жеткізіледі, олардың 9 мыңнан астамы немесе жеткізілгендердің жалпы санының 9,4%-ы панасыз және қадағалаусыз қалған балалар.
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы қылмыс заңы бойынша қылмыс деп белгіленген нақты іс-әрекетті істеген Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес жасы 18-ге толмаған бірақ қылмыс жасаған жасөспірімдерге мемлекет атынан оның тиісті органдары арқылы жаза тағайындауды айтамыз.
Жоғарыда айта кеткендей, кәмелетке толмағандардың қылмысы құрамына қарай сараланып жаза түрі тағайындалады. ҚР ҚК-нің Кəмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы жөніндегі бөлімінің 78 бабының 1 бөлігінде Кəмелетке толмағандар деп - қылмыс жасаған кезге қарай жасы он төртке толған, бірақ он сегізге толмаған адамдар танылады деп белгіленген. Кəмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі Қазақстан Респуликасының Қылмыстық Кодексінің нормаларымен реттеледі. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі бойынша қылмыстық жауапкершілік он алты жастан, тек кейбір қылмыстар үшін ғана кəмелетке толмағандар он төрт жастан қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны белгілі. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 15 бабына сəйкес қылмыс жасаған кезде он төрт жасқа толған адамдар кісі өлтіргені, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені, ауырлататын мəн - жайлар кезінде денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зардап келтіргені, зорлағаны,жыныстық сипаттағы күштеу əрекеттері, адамды ұрлағаны, ұрлық жасағаны, кісі тонағаны, ұрып -
соққаны, қорқытып алғаны, ауырлататын мəн - жайлар кезінде мүлікті қасақана жойғаны немесе бүлдіргені, терроризм, адамды кепілге алуы, террористік акті туралы біле тұра көрінеу өтірік хабарлағаны, қару - жарақты, оқ - дəріні, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды ұрлағаны не қорқытып алғаны, ауырлататын мəн - жайлардағы бұзақылығы, есірткі заттарды немесе жүйкеге əсер ететін заттарды ұрлағаны не қорқытып алғаны, ауырлататын мəн - жайлар кезінде қайтыс болған адамдардың мүрдесін жəне олардың жерленген жерлерін қорлағаны, көлік құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыз еткені үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылуы тиіс. Кінəлі тұлға жасаған қылмыстары үшін жауапқа тартылып, заң алдында əділ жазасын алады. Он төрт жас - əлеуметтік психикалық дамудың белгілі бір деңгейде қалыптасқанын көрсететін жас болып табылады. Яғни, он төрт жастағы жасөспірім ұжым, қоғам алдында жауапкершілігін сезіне алатын, достық, атақ, əділдікті түсіне алатын, өз ойлау қабілеті мен өз тұрғысынан баға бере алатын дəрежеде болады. Олар өзінің əрбір жат қадамының зардабын, оның кері əсерін осы жаста сезіне алатындықтан, заң оларға жат қылығы үшін моральдық жəне құқықтық жауапкершілік жүктеп, қылмыстық жауапкершілікті он төрт, он алты жастан белгілейді. Жалпы кəмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігін анықтаудағы негізгі белгісі - жас жеткіншектің өмірге көзқарасын, жеке басының əлеуметтік тұрғыда белгілі бір дəрежеде жетілуі болып табылады. Құқық бұзушының жоғарғы сатысы қылмысқа қылмыстық жауапкершілік он алты жастан белгіленетіні сондықтан.
Кəмелетке толмағандардың белгілі бір дəрежеде жетілуі дегенде жас жеткіншектің əрбір істеген жат қадамының мемлекеттік маңызын, оған тигізер зиянын, өз дəрежесінде түсініп, бағалай білуін айтуға болады [9.23-б].

1.2. Кәмелетке толмағандардың жасаған қылмыстарына тағайындалатын жазалардың түрлері

Жаза - сот үкімі бойынша қылмыс жасады деп танылған азаматтарға қатысты әр елдің Қылмыстық заңдарында көрсетілген баптарға сәйкес
қолданылатын мәжбүрлеу шарасы. Жазаның негізгі мақсаты әлеуметтік әділетті қалпына келтіру, заң бұзған адамдарды тәрбиелеп, қайта қатарға қосу, оларды алдағы уақытта жаңа қылмыс жасаудан сақтандыру болып табылады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі бойынша, жаза белгілеу кезінде қылмыстың сипаты мен қоғамға қатер төндіру дәрежесі, айыпкердің жеке басы, оның мінез-құлқы, жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлары ескеріледі.
Жаза мен тәрбиенің дұрыс сәйкестігін қамтамасыз етуге ұмтыла отырып, мемлекет жасы кәмелетке толмағандардың жеке басының ерекшеліктерің, оларға қатысты қылмыстық жазаның жазалау күшін біршама шектеуді әрқашанда қарастырып келеді. Осыған сәйкес қылмыстық кодекс жасөспірімдерге қатысты қылмыстық жазаның бірқатар түрлерін орындау мен қолдануда шектеулерді көрсеткен. Арнаулы әдебиет көздерінде кәмелетке толмаған қылмыскерлерге қатысты жазаның жалпы қағидасы мен жазалау жақтарының жеңілдіктері жасы кәмелетке толмағандарға қылмыстық жазаның әртүрлі түрлерін тағайындау туралы мәселені шешуде соттар тарапынан ерекше амалды қолдану кажеттілігіне ықпалын тигізетіні көрсетілген. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне сәйкес Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлері белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру; айыппұл; түзеу жұмыстары; қоғамдық жұмыстарға тарту; бас бостандығын шектеу; бас бостандығынан айыру болып табылады.
Кәмелетке толмағандарға белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге тағайындалады. Ал айыппұл мөлшері кәмелетке толмаған сотталған адамның дербес табысы немесе өндiрiп алуға жарайтын мүлкi болған жағдайда ғана тағайындалады. Айыппұл айлық есептiк көрсеткiштің бестен бір жүзге дейiнгi мөлшерінде тағайындалады.
Түзеу жұмыстары дербес табысы немесе өзге тұрақты кірісі бар кәмелетке толмағандарға айлық есептік көрсеткіштің бестен бір жүзге дейiнгi мөлшерінде тағайындалады. Қоғамдық жұмыстарға тарту он сағаттан жетпіс бес сағатқа дейiнгi мерзiмге тағайындалады, ол кәмелетке толмаған адамның қолынан келетiн жұмыстарды орындауы болып табылады және ол оны оқудан
немесе негiзгi жұмысынан бос уақытында орындайды. Он алты жасқа дейінгі адамдардың бұл жаза түрiн орындау ұзақтығы - күнiне екi сағаттан, ал он алтыдан он сегiз жасқа дейiнгi адамдар үшiн күнiне үш сағаттан аспауы керек.
Кәмелетке толмағандарға бас бостандығын шектеу - екi жылға дейiнгi мерзiмге, ал бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның өтелмеген бөлігін бас бостандығын шектеуге ауыстыру жағдайында жазаның қалған өтелмеген бөлігінің бүкіл мерзіміне тағайындалады. Кәмелетке толмағандарға бас бостандығынан айыру - он жылдан аспайтын, ал ауырлататын мән-жайлар кезінде адам өлтiргенi немесе терроризм актісі үшiн не қылмыстық құқық бұзушылықтардың бiреуi ауырлататын мән-жайлар кезінде адам өлтiру немесе терроризм болып табылатын олардың жиынтығы бойынша он екi жылдан аспайтын мерзiмге тағайындалуы мүмкiн. Онша ауыр емес қылмыс немесе қазаға ұшыратумен байланысты емес ауырлығы орташа қылмыс жасаған кәмелетке толмағандарға бас бостандығынан айыру тағайындалмайды [2.81-б].
Кәмелетке толмаған сотталғандарды бас бостандығынан айыруды кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтейді. Сот жазаны орындаушы органға кәмелетке толмаған сотталған адаммен қарым-қатынас кезiнде оның жеке басының белгiлi бiр ерекшелiктерiн ескеру туралы нұсқау беруi мүмкiн. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 69-бабының 5 бөлігіне сәйкес жасаған қылмысы үшін өлім жазасының тағайындалуы мүмкін адамға ескіру мерзімі туралы мәселені сот шешеді. Бұл норма жасы кәмелетке толмағандарға қолданылмайды, өйткені заң бойынша мұндай адамдарға өлім жазасы немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қолданылмайды. Қылмыстық кодекстің 69-бабының 5 бөлігі жасы кәмелетке толмағандарға қолданылмайды, өйткені бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар үшін жасы кәмелетке толмағандар жауапқа тартылмайды [2.69-б] (Қосымша 1).

БӨЛІМ ІІ. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА ТАҒАЙЫНДАЛАТЫН ЖАЗАДАН ШАРТТЫ ТҮРДЕ БОСАТУ

2.1. Кәмелетке толмағандарды жауаптылықтан және жазадан босату

Қылмыстық жауаптылықтан босату кінәліні жасаған қылмыстан кейінгі барлық құқықтық салдардан босатуды білдіреді. Алайда қылмыстық жауапкершіліктен босату адамды кінәсіз деп тануды білдірмейді, өйткені жасалған әрекет үшін жауапкершіліктен, сондай-ақ тәртіптік немесе қоғамдық жазадан босатылмайды.
Қылмыстық кодексте кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы жеке дараланып, арнаулы бөлімде көрсетілген. Бұл дегеніміз, мемлекеттің әділеттік және ізгілік қағидаларын басшылыққа ала отырып, кәмелетке толмағандардың жас жағынан және ақыл-ойы жөнінен толық жетілмегендігін ескере отырып, оларды арнаулы қамқорлыққа алуының көрінісі болып табылады. Осыған орай қылмыстық заң кәмелетке толмағандарға ересектермен бірдей талап қоймайды. Кәмелетке толмағандардың психологиясын ескере отырып, оған қылмыстық жауаптылықтың ерекше жағдайларын белгілеу қылмыстық жазаның мақсаттарына жетудің бірден-бір оңтайлы жолы болып табылады. Сондықтан да, кәмелетке жасы толмағандарға қылмыстық заң жаза болып табылмайтын тәрбиелік сипаттағы мәжбүрлеу шараларын кеңінен колдануды белгілеген [8.24-б].
Кәмелетке толмаған қылмыс жасаған тұлғаға келесі шаралар қолданылуы мүмкін:
- қылмыстық жауапкершіліктен босату;
- қылмыстық жазадан босату;
- жазаны әрі қарай өтеуден мерзімінен бұрын босату.
Қандай қылмыс жасаса да кәмелетке толмағандарға белгілі бір кешірім болуы тиіс, себебі олар қылмысты көбісіне отбасында дұрыс тәрбие көрмегендіктен, немесе отбасында үлкендердің ықпалы болмағандықтан және осы тектес басқада келеңсіз мән-жайлардың болғанынан орнайды. Сонымен
қатар, қылмысқа баруға олардың даму барысындағы психикалық ерекшеліктері де, өмір барысындағы тәжірибесінің аздығыда әсер етеді. Сондықтан да біздің қылмыстық заңнамада кәмелетке толмағандар үшін бірқатар ізгілікті нормалар қарастырылған. Олардың қатарына Қазақстан Рспубликасының Қылмыстық Кодексінің 81-бабының бірінші бөлігіндегі нормаларды жатқызуға болады. Бұл нормаларды сот кәмелетке толмағандардың тек екі санатына қолданады: кішігірім қылмыс жасағандарға және орташа ауырлықтағы қылмысты алғаш жасағандарға қатысты.
Қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес қылмыс жасаған не ауырлығы орташа қылмысты алғаш рет жасаған кәмелетке толмаған адамды, егер оны қылмыстық жауаптылыққа тартпай-ақ түзеуге болады деп белгiленсе, сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкiн. Бұл ретте оған тәрбиелiк әсерi бар мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкiн.
Қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшiн бiрiншi рет сотталған кәмелетке толмаған адамды, егер оны түзеуге тәрбиелiк әсерi бар мәжбүрлеу шараларын қолдану арқылы қол жеткiзуге болады деп танылса, сот жазадан босатуы мүмкiн.
Қазаға ұшыратумен немесе адамның денсаулығына ауыр зиян келтірумен байланысты емес ауыр қылмысты алғаш рет жасаған кәмелетке толмаған адамды, қазаға ұшыратумен немесе адамның денсаулығына ауыр зиян келтірумен байланысты емес ауыр қылмысты алғаш рет жасаған кәмелетке толмағандар егер жәбірленушімен, арыз берушімен татуласса, оның ішінде медиация тәртібімен татуласса және келтiрiлген зиянды қалпына келтірсе, сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін [6.25-б].
Қорыта келе, қылмыстық құқықтағы қылмыстық жазадан босату институты, белгiлi бiр санаттағы қылмыс жасаған адамға тиiмдi бола отырып мемлекет атынан болатын əлеуметтiк сипаттағы қатынастарды реттеуге бағытталған. Қылмыстық жазадан, рақымшылық немесе кешiрiм жасау актiсi негiзiнде босатуды қоспағанда, қылмыстық жазадан заңда көрсетiлген негiздер мен тəртiптерге сай босату, сонымен қатар тағайындалған жазаның жеңiлiрек болуы тек қана соттың құзыретiмен жүзеге асады деп айтуға болады. Қазақстан
Республикасының жаңа Қылмыстық кодексi алдыңғы заңдармен салыстырғанда, белгiлi бiр қылмысы үшiн көзделген жазадан гөрi неғұрлым жеңiл жаза қолданудың, шартты түрде соттаудың нақты ұғымына талдау жасай отырып оларды жазадан босату институтының қатарына қоспайды.

2.2. Кәмелетке толмағандарды жазадан мерзімінен бұрын шартты түрде босату

Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату- сотталғандардың құқыққа бағынушылық және белсенді, қоғамға пайдалы мінез-құлқын ынталандыратын, оларды түзетуге және толыққанды азаматтардың қоғамға оралуына ықпал ететін қылмыстық заңнамаға енгізілген гуманизм көріністерінің бірі. Қылмыстың ауырлығына қарамастан іс жүзінде өтелген мерзім алты айдан кем болмауға тиіс, алайда бұл талап жазаның өзге түрлеріне қолданылмайды. Сот үкімі бойынша өмір бойы бас бостандығынан айыруды өтеп жатқан адамдар үшін одан кейін шартты түрде мерзімінен бұрын босату мүмкіндігі қаралатын нақты өтелген мерзім жиырма бес жылдан кем болмауға тиіс. Сот тағайындаған өмір бойы бас бостандығынан айыруды өтеп жатқан адам процестік келісімнің барлық шарттарын орындаған жағдайда, ол кемінде он бес жыл бас бостандығынан айыруды іс жүзінде өтегеннен кейін шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін. Сонымен қатар, шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы мәселені шеше отырып, сот қосымша жазаны өтеуден толық немесе ішінара босата алады [10.145-б].
Кәмелетке толмаған жаста қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға, бас бостандығын шектеуге немесе түзеу жұмыстарына сотталған адамдар, оларда жазаны өтеудің немесе орындаудың белгіленген тәртібін қаскөйлікпен бұзушылық болмаған жағдайда:
- онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс үшiн сот тағайындаған жаза мерзiмiнiң немесе мөлшерінің кемiнде төрттен бiрiн;
- ауыр қылмыс үшiн сот тағайындаған жаза мерзімінің немесе мөлшерінің кемiнде үштен бiрiн;

- адам өмiрiне қолсұғушылықпен ұштаспаған аса ауыр қылмыс үшiн сот тағайындаған жаза мерзiмiнiң кемiнде жартысын;
- адам өмiрiне қолсұғушылықпен ұштасқан аса ауыр қылмыс үшiн сот тағайындаған жаза мерзімінің кемiнде үштен екiсiн іс жүзінде өтегеннен немесе орындағаннан кейiн шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуға жатады (қосымша 2).
Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адам пробациялық бақылау мерзімі ішінде абайсызда қылмыс, қасақана қылмыстық теріс қылық немесе қасақана онша ауыр емес қылмыс жасаған жағдайларда, шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатудың күшiн жою немесе оны күшінде қалдыру туралы мәселенi жаңа қылмыс үшін жаза тағайындау кезiнде сот шешедi. Егер сот шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жойса, жаза үкімдердің жиынтығымен жаза тағайындау қағидалары бойынша тағайындалады.
Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адам пробациялық бақылау мерзімі ішінде қасақана ауырлығы орташа, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған жағдайларда, сот шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жояды және жазаны үкімдердің жиынтығымен жаза тағайындау қағидалары бойынша тағайындайды [2.86-бап].
Шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы шешім қабылдай отырып, сот шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған кәмелет жасқа толмаған адамға белгілі бір міндеттерді жүктей алады: сотталғанның мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік органға немесе әскери бөлімдер мен мекемелер қолбасшылығына әскери қызметшілерге қатысты хабарламай тұрақты тұратын, жұмыс істейтін, оқитын жерін ауыстырмау, белгілі бір жерлерге бармау, маскүнемдіктен, нашақорлықтан, уытқұмарлықтан, соз ауруынан немесе АИТВЖИТС-тен емделу курсынан өту, отбасына материалдық қолдауды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жазалардың түрлері
Кәмелет жасқа толмағандардың қылмыстық жауаптылығы және жазалаудың теориялық мәселелері
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігінің ерекше жағдайларына жалпы сипаттама
Кәмелетке толмағандарды жазаны өтеуден мерзімінен бұрын- шартты түрде босату
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі
Кәмілетке толмағандардын қылмыстық жауаптылығы
Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жазаларға қылмыстық құқықтық сипаттама
Кәмелетке толмағандардын - қылмыстық жауаптылығының негіздері
Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жазаның түрлері мен шектері
Кәмелетке толмағандардың қылмыстары жөніндегі сот қаруының қылмыстан сақтандыру
Пәндер