Басқарудың әкімшілік құқықтық нысандары және әдістері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ

Экномика және құқық факультеті

Қылмыстық құқық және процесс кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

ҚР Әкімшілік құқығы пәні бойынша

Тақырыбы: ҚР Әкімшілік құқығының субъектілері, әкімшілік құқық реттейтін басқарушылық қатынастарға қатысушы жеке тұлға немесе ұйым

Білімгер: Саткен Дамира Тобы: 6В04211-Қылмыстық құқық және процесс

/аты-жөні/

Жетекші: аға оқытушы Сарымбетов Ерлан

/қызметі/ /аты-жөні/

Қорғауға жіберілді «»20ж.

/қолы/

Жұмыс қорғалды «»20__ж. бағасы

/жазбаша/

Комиссия мүшелері:

/аты-жөні/ /қолы/

/аты-жөні/ /қолы/

Тараз 2021

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

Қылмыстық құқық және процесс кафедрасы 6В04211-Қылмыстық құқық және процесс тобының білімгеріне Саткен Дамира курстық жоба (жұмыс)

/аты-жөні/

ТАПСЫРМА ҚР Әкімшілік құқық пән бойынша

1. Тақырыбы ҚР Әкімшілік құқығының субъектілері, әкімшілік құқық реттейтін басқарушылық қатынастарға қатысушы жеке тұлға немесе ұйым

2. Тапсырманың арнайы нұсқауы

3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараулары (жұмыстары)
Орындау кестесі
Көлемі, %
Орындау уақыты
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараулары (жұмыстары): Кіріспе
Орындау кестесі: 10%
7. 04. 2021
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараулары (жұмыстары): 1. ҚР Әкімшілік құқығының субьектілері
Орындау кестесі: 10%
7. 04. 2021
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараулары (жұмыстары): 1. 1. Әкімшілік құқықтың ҚР-сы құқығы жүйесіндегі орны
Орындау кестесі: 10%
8. 04. 2021
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараулары (жұмыстары): 1. 2. Басқарудың әкімшілік құқықтық нысандары және әдістері
Орындау кестесі: 10%
8. 04. 2021
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараулары (жұмыстары): 2. Әкімшілік құқық реттейтін басқарушылық қатынастарға қатысушы жеке тұлға немесе ұйым
Орындау кестесі: 10%
10. 04. 2021
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараулары (жұмыстары): Қортынды
Орындау кестесі: 10%
11. 04. 2021
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараулары (жұмыстары): Пайдаланылған әдебиеттер
Орындау кестесі: 10%
11. 04. 2021
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараулары (жұмыстары): 4. Графикалық материалдарының тізімі (сызулардың масштабы келтіріледі)
Орындау кестесі:
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараулары (жұмыстары): 5. Жобаның (жұмысты) жинақтау мерзімі
Орындау кестесі:
3. Есепке-түсініктеме жазбаларының негізгі тараулары (жұмыстары): 6. Қорғау
Орындау кестесі:

Кафедра мәжілісінде бекітілген «»20___ ж. хаттама №

Жетекшісі:

аға оқытушы Сарымбетов Ерлан

/қызметі/ /қолы/ /аты-жөні/

Тапсырманы орындауға қабылдадым «»20___ж.

/білімгердің қолы

Мазмұны

Кіріспе3-5

Негізгі бөлім

1. ҚР Әкімшілік құқығының субъектілері. 6-9

1. 1 Әкімшілік құқықтың ҚР-сы құқығы жүйесіндегі орны………. 10-13

1. 2 Басқарудың әкімшілік құқықтық нысандары және әдістері…. 14-16

2. Әкімшілік құқық реттейтін басқарушылық қатынастарға қатысушы жеке тұлға немесе ұйым . . . 17-23

Қорытынды . 24

Пайдаланған әдебиеттер тізімі………. 25

Кіріспе

Әкімшілік құқық Қазақстан қүқығы жүйесінің дербес бір саласы ретінде қоғамдық қатынастардың ерекше тобын реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы болып табылады. Әкмшілік құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар, негізінен, әлеуметтік басқарудың бір түрі болып табылатын мемлекеттік басқару аясында қалыптасады. Қоғамда болып жатқан көптеген құбылыстар басқарумен байланысты.

Тақырып өзектілігі: Әкімшілік құқық конституциялық және азаматтық құқықтармен қатар Қазақстан құқығы жүйесінің негізгі салаларының бірі болып табылады. Оның мұндай орын алатын себебі «әкімшіліктің» әрқашанда және қазір де сөзсіз үлкен қоғамдық, тіпті өмірлік зор маңызы бар деп айтуға болады. Бұл жағдайды дұрыс ұғынып, бағалау үшін «әкімшілік» термині administratio деген латын сөзінен алынғанын, оның мәні «басшылық», басқару болып табылатынын негізге алу керек. Осы жерде мынадай сұрақ орынды: үйымдасқан қоғам басқарусыз өмір сүре ала ма? Әрине, сүре алмайды. К. Маркс өз кезінде басқарудың мәнін былай деп бейнелеп және соншалықты айқын етіп түсіндірген: «Жеке қобызшы өзін-өзі басқарады, ал оркестр дирижерді қажет етеді». Біздің қоғам өзінің көптеген және әр түрлі байланыстарымен сондай «оркестр» болып табылады, ал оның үйлесімді үн шығаруы тек «дирижер» болғанда ғана пайда болуы мүмкін. Ал бүкіл қоғам аумағында басқаруды кім жүзеге асыратын болса, сол және соны құрайтын элементтер (яғни азаматтар, олардың бірлестіктері, кәсіпорындар мен мекемелер, аумақтар мен аймақтар, т. б. ) сондай дирижер болып табылады. Қазіргі кезеңде біздің қоғамдық ұйымды құрайтын барлық бөліктердің келісімді, тәртіптелген қызметін қамтамасыз ету өзінің негізгі міндеті болатын мемлекеттік басқару біртұтас мемлекеттік биліктің салаларының (тармақтарының бірі - атқарушы биліктің механизмі болып табылады. Бұл механизм бүкіл Республика көлемінде атқарушы билікті нақты жүзеге асыратын мемлекеттік әкімшілік. Атқарушы билік органдары, немесе атқарушы органдар заңнамаларды орындауды, яғни олардың талаптарын іске асыруды қамтамасыз ете отырып, іс жүзінде әкімшілік етеді, яғни экономикалық, әлеуметтік мәдени және әкімшілік-саяси өмірдің аяларын басқарады. Олардың қызметінің әкімшілік, яғни басқарушылық, атқарушылық, соттан тысқары сипаты бар.

Курстық жұмысымның мақсаты: ҚР Әкімшілік құқығының субъектілерін атқарушы орган өзінің басқарушылық құзыретін қай кезде нақты жүзеге асыратынын тек сонда ғана ол атқарушы биліктің шынайы субъектісі болып табылатындығын зерттеп қажетті әдебиеттерді дұрыс пайдаланып жұмысымның тақырыбын толық ашу.

Ішкі басқарушылық қатынастар тек атқарушы билік органдары қызметінің процесінде ғана емес, сонымен бірге заң шығарушы және сот биліктері субъектілерінің, сондай-ақ прокуратура органдарының өздерінің аппараттарына басшылық жасаған кезде пайда болады. Сыртқы қатынастар атқарушы билік органдары жағынан басқарылатын сыртқы объектілердің (азаматтардың, мемлекеттік және мемлекеттік емес кәсіпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың) мінез-құлқына тікелей басқарушылық ықпал етуге байланысты пайда болады. Әкімшілік құқық өзінің пәнінің шегінде, қазақстан құқығының өзге де салалары сияқты, реттеушілік функциясын атқарады. Оның мазмұнын атқарушы билік органдарының құрылуы мен қызметінің белгілі бір құқықтық режимін жасау констиуциялық мақсат-міндеттеріне сәйкес, сондай-ақ реттелінетін қоғамдық қатынастардың қатысушыларының заңды мінез-құлқын қамтамасыз ету құрайды.

Курстық жұмысының міндеттері:

1. ҚР Әкімшілік құқығының субъектілерін сипаттау;

2. Әкімшілік құқықтың ҚР-сы құқығы жүйесіндегі орны түсіндіру;

3. Басқарудың әкімшілік құқықтық нысандары және әдістерін талдау;

4. Әкімшілік құқық реттейтін басқарушылық қатынастарға қатысушы жеке тұлға немесе ұйымдарды анықтау:

Курстық жұмыс құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен, тараулардан, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

  1. ҚР Әкімшілік құқығының субъектілері

Әкімшілік құқықтың субъектісі деп ҚР-ның қолданылып жүрген заңнамаларына сәйкес әкімшілік құқықпен реттелетін басқарушылық қоғамдық қатынастардың қатысушылары (тараптары) бола алатын адам немесе үйым түсініледі. Бұл сияқты субъектілер тобы әр түрлі. Бірақта мұндай субъект болу үшін ерекше заңдық қасиеті болуы қажет. Бұл қасиет - әкімшілік құқық-субъектілігі. Әкімшілік құқық субъектілігі дербес құқықтық маңызы бар екі элементтен тұрады: әкімшілік құқық қабілеттіліктен және әкімшілік әрекет қабілеттіліктен. Әкімшілік құқық қабілеттілік - жалпы құқық қабілеттіліктің көрінісі, яғни әкімшілік құқықтық нормалармен белгіленген және қорғалатын қандай да бір субъектінің әкімшілік-құқықтық міндеттер мен құқықтарды иеленетін, сондай-ақ мемлекеттік басқару аясында оларды жүзеге асыру үшін заңдық жауапкершілікте болатын мүмкіндігі. Бұларға тән белгі нақты әкімшілік-құқықтық қатынас - тарға шынайы түрдегі қатысудың өзі емес, соларға қатысушы (тарабы) бола алатын мүмкіндігі. Құқық қабілеттілік осындай ұғымында жеке немесе заңды тұлғаның әкімшілік құқықпен реттелетін басқарушылық қатынастарға қатысуы үшін алғы шарт болып табылады. Сондықтан әкімшілік құқықтың субъектілері мен әкімшілік-құқықтық қатынастардың субъектілерін теңдестіруге болмайды, олардың арасында айтарлықтай айырмашылық бар. Әкімшілік құқықтың субъектілері әкімшілік құқық субъектілігінің екінші элементін, яғни әкімшілік әрекет қабілеттілікті иеленген кезде әкімшілік-құқықтық қатынастардың субъектілері болып табылады. Бұл адамның немесе ұйымның өзінің ісәрекеттерімен құқықтар иемденуді, өзіне заңдық міндеттер алуды, сондай-ақ өзінің іс-әрекеттері үшін жауап беретіндігін болжайды. Нақтылап айтқанда сөз адамның немесе ұйымның өзінің әкімшілік құқық қабілеттілігін нақты әкімшілік-құқықтық қатынастар шеңберінде жүзеге асыратын іскерлік қабілеттілігі туралы болып отыр. Құқық қабілеттілік пен әрекет қабілеттілік әкімшілік құқық субъектілігінің статикалық (тұрақты) және динамикалық (өзгермелі) белгілері ретінде ара қатыста болады. Бірақ практикада олардың арасына айқын шек қою әрқашанда мүмкін емес. Мысалы, әкімшілікқұқықтық реттеуге бірқатар жағдайларда олардың бөлінбейтіндігі тән. Мұндай жағдайда құқық субъектілігінің осы екі элементі бір мезгілде жиі пайда болады (осы белгісімен, мысалы, азаматтық қүқықтан айырылады) . Бұл ең алдымен атқарушы органдарға қатысты болатын жағдай, өйткені олардың әкімшлік құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі бір мезгілде, яғни құрған және құзыретін заңды түрде бекіткен кезден бастап пайда болады. Сонымен бұл органдардың әкімшілік құқық қабілеттілігі олардың нақ сол құзыретінде көрініс табады, ал бектiлген өкілеттіктерінде олардың әрекет қабілеттілігі, яғни әкімшілік-құқықтық қатынастарға қатыса алатын қабілеттілігі көрініс табады. Мысалы, ҚР-сы Конституциясының 66-б-да бекітілген Үкіметтің құзыреті және соған сәйкес келетін өкілеттіктері оның әкімшілік құқықтың субъектісі ретіндегі құқық - және әрекет қабілеттілігін бір мезгілде көрсетеді. Мына жағдайға ерекше көңіл аудару қажет, атқарушы органдар (лауазымды адамдар) үшін әкімшілік-құқықтық қатынастарға қатысу шындығында олардың тікелей заңдық міндеті болып табылады, өйткені ол олардың құзыретін, сонымен бірге демек, құқық қабілеттілігін де нақты жүзеге асырудың негізгі құралы болып табылады. Бұл мәселе мемлекеттік және мемлекеттік емес сектордың кәсіпорындары, мекемелері мен ұйымдары жөнінде де осыған ұқсас шешіледі. Бірақ әкімшілік әрекет қабілеттілікті мұндай жағдайларда кәсіпорынның немесе мекеменің өзі емес, олардың әкімшілігі, Яғни атқарушы органы жүзеге асырады.

Осы сияқты ҚР-ының, өзін де, оның жергілікті әкімшілікаумақтарын да әкімшілік құқықтың субъектілері ретінде қарауға болады. Бірақ олар нақты әкімшілік-құқықтық қатынастарға тікелей қатыспайды. Әкімшілік әрекет қабілеттілік олардың өкілі болып табылатын атқарушы билік органдарына тиісті болады. Бұл, сонымен бірге, әкімшілік-құқықтық қатынастардың субъектісі, мысалы, республика немесе облыс емес, олардың әкімшілігі болып табылатынын білдіреді. Бұл қоғамдық бірлестіктерге де дәл осылай қатысты болады (партияның өзі емес, оның жарғылық басқару органдары) . Азаматтық-құқықтық реттеуге сипатты болатын міндеттер мен құқықтар қолданылып жүрген заңнамаларға сәйкес заңды тұлға ретінде кәсіпорынға беріледі. Соған сәйкес, кәсіпорынның әкімшілігі азаматтық құқық қабілеттіліктің субъектісі болып табылмайды. Бірақ тап сол әкімшілік кәсіпорынның азаматтық-құқықтық әрекет қабілеттілігін жүзеге асырады. Әкімшілік және азаматтық құқық-және әрекет қабілеттілігінің мұндай айырықша арақатынасы ең алдымен мынаған байланысты, кәсіпорын мемлекеттік орган, тіпті - атқарушы биліктің субъектісі болып табылмайды. Сондықтан да оған, яғни кәсіпорынға, әкмішілік-құқықтық мәртебенің негізін құрайтын, басқарушылық құзырет берілмеген. Осыған байланысты ол, әкімшілік құқықтың субъектісі болғанмен, әкімшілік-құқықтық қатынастардың тікелей қатысушысы да бола алмайды. Осы тұрғыдан алғанда мемлекеттік емес сипаты бар әр коммерциялық құрылымдарды дәл осылай сипаттауға болады. Жалғыз айырмашылық белгісі әкімшілік құқық және әрекет қабілеттілігі оларды мемлекеттік тіркеген кезден бастап пайда болады. Бұл жағдай әкімшілік құқықтың және әкімшілік-құқықтық қатынастардың

қатынастар құқықтық қатынастардың бір түрі болып табылады. [6] . Әкімшілік-құқықтық қатынастар әкімшілік құқық нормалармен реттелінген басқарушылық қоғамдық қатынастар, ондағы тараптар әкімшілік-құқықтық нормалармен тағайындалған және олар реттейтін басқарушылық қызметтен туындайтын ерекшеліктері бар. Кепілденген өзара байланысты міндеттер мен кұқықтарды иеленуші болып табылады. Әкімшілік құқық конституциялық және азаматтық құқықтармен қатар Қазақстан құқық жүйесінің негізгі салаларының бірі болып табылады. Оның мұндай орын алатын себебі «әкімшіліктің» әрқашан және қазір де сөзсіз үлкен қоғамдық, тіпті өмірлік зор маңызы бар деп айтуға болады. Әкімшілік құқық - құқықтық нормалардың жиынтығы, солардың көмегімен мемлекет атқарушы билікті нақты жүзеге асыруға байланысты және сол туралы пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейді. Әкімшілік құқықтық актілердің көпшілігіне жүйе құратындай белгілер бар. Бір жағынан, мұндай актілер қатынастардың белгілі бір тобын (жиынтығын) реттейтін болғандықтан (мысалы, органның, лауазымды адамның мәртебесін немесе өкілеттігін) онда өзіндік маңыз болады, екінші жағынан нақты мәселелерді шешудегі оның қызметінің шеңберін анықтау қажеттілігі сақталады (мысалы, көлік инспекциясы органдарының әкімшілік құқық бұзушылығы туралы істерді жүргізуі жөніндегі нұсқаулық) . Және мемлекеттік басқару органдары заңдарының орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған ниеттегі жан-жақты шараларының қабылдануын талап етеді. Мұндай мән-жайлар әкімшілік заңнаманың бірқалыпты дамуын қамтамасыз етеді. Әкімшілік заңнаманың жүйеге келтіру нормативтік материалдарды жинақтауы арқылы жүзеге асырылатындығымен келіскен жөн. Бірақ бұл пікірге қарағанда, әңгіме тек әкімшілік құқықтың ішінде ғана емес, сонымен қатар құқық салаларының арасында да құқықтық реттеу өрісін бөлу жайында болып отыр. Бұл қатынастар өрісін кейде мемлекеттік басқару шеңберімен шектей алмайсың, бірақ көптеген адамдар оның шектелуін қалайды. Біріншіден, басқару негізгі ұғым болғанымен және әкімшілік құқықтың тиісті нормалары басқару тәртібін қамтамасыз ететіндігіне қарамастан, мұндай жағдай (басқарылуы) өмір тірлігінің басқа өрістеріне де тән. Екіншіден, ауытқушылық әрекетті әрқалай анықтауға және бағалауға болатындығын ескеру керек. Басқару тәртібін құқықтың әртүрлі салаларының нормаларымен қалпына келтіруге болады. Үшіншіден, іс-әрекетті түзету мақсатында әлеуметтік субъектілерге ықпал жасау институттық және институттық емес болуы мүмкін, ал іс-әрекетті қалыптастырудың соңғы сценарийінде атқарушы билік органдарының рөлі айқын байқалады. Әкімшілік құқық, шын мәнінде, тек басқару құқығы ғана емес; демек, әкімшілік құқық проблемаларын талдауды мемлекеттік басқару мәселелерін талдаумен ғана алмастыруға болмайды.

Кейде әкімшілік құқық және әрекет қабілеттілік тура келмейді, бұл әкімшілік құқықтың субъектілері және әкімшілікқұқықтық қатынастардың қатысушылары ретінде азаматтардың әкімшілік-құқықтық мәртебесіне тән жағдай: құқық-қабілеттілік туған кезден, ал әрекет қабілеттілік, әдетте, 16 жастан бастап пайда болады. Әкімшілік құқық және әрекет қабілеттілік жалпы және арнайы (мысалы, әскерге шақырылған азаматта), немесе шектеулі (мысалы, мемлекеттік қызметшілердің кәсіпкерлікпен айналысуға құқы жоқ) болуы мүмкін. Әкімшілік деликт қабілеттілік әкімшілік құқық субъектісінің өзінің іс-әрекеті үшін дербес заңдық (әкімшілік немесе тәртіптік) жауапты болатын мүмкіндігін білдіреді. Қағида бойынша, ол әкімшілік әрекет қабілеттіліктің құрамдас бөлігі болып табылады. Әкімшілік құқықтың субъектілері жеке-дара және ұжымдық болулары мүмкін. Қазақстанның азаматтары, шет ел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар жеке-дара субъектілер болып табылады. Олардың қатарына мемлекеттік қызметшілерді де жатқызуға болады. Ұжымдық субъектілерге әр түрлі мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар жатады. Біріншілердің қатарында атқарушы билік органдары, мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер және олардың бірлестіктері (мысалы, корпорациялар, концерндер, т. с. с. ), дербес құзырет берілген атқарушы билік органдарының құрылымдық бөлімшелері (мысалы, министрліктердің комитеттері) болады.

Әкімшілік құқықтың мемлекеттік емес субъектілері қоғамдық бірлестіктер (партиялар, одақтар, қоғамдық қозғалыстар, т. с. с. ) ; жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің атқарушы органдары; коммерциялық құрылымдар, олардың ішінде жеке меншік кәсіпорындар мен мекемелер болып табылады.

Әкімшілік құқықтың ұжымдық субъектілерінің әкімшілік құқық қабілеттіліктері болады, бірақ олар нақты әкімшілік-құқықтық қатынастарға қатыспайды. Олардың атынан әкімшілік құқық әрекет қабілеттілікті олардың басшылары немесе өзге уәкілеттік берілген адамдары жүзеге асырады.

  1. Әкімшілік құқықтың ҚР-сы құқығы жүйесіндегі орны

Қағида бойынша бірде бір құқық саласы “таза” болмайды. Осыған орай құқық салаларының қарым-қатынас туралы мәселенің жалпы, ал әкімшілік құқық жөнінде әсіресе елеулі маңызы бар. Қазіргі кезеңдегі қүқық жүйесінің аталған ерекшеліктерінің салдары әкімшілік құқықты құқықтың өзге салаларының реттеушілік қызметінің аясына «енуге» келтірді. Бүл құбылыстың негізіне бұған дейін бірнеше рет атап көрсетілген қандай да болмасын құқық саласының пәніне сәйкес оның реттеушілік ықпалына жататын аяларда өзінің мәні бойынша басқарушылық болып табылатын қатынастардың шындығында бар болатындығы жатады. Сондықтан тіпті азаматтық құқықта да, аз болса да, бірақ әкімшілік-құқықтық ретінде сипаттауға болатын нормалардың белгілі бір саны болады.

Мемлекеттік басқарушылық қызметтің өзгешелігі әкімшілік құқықтың маңызды ерекшелігін айқындайды: ол өзінің реттеушілік ықпалымен қоғамдық қатынастардың үлкен тобын қамтиды. Осыдан әкімшілік-құқықтық реттеудің әр түрлі болатын нысандары көрініс табады. Мысалы, қаржылық құқық өзінің пәнінің шегімен қатал шектелген қоғамдық қатынастарды реттейді. Әкімшілік құқық мұндай қатал шектерді білмейді. Соған сәйкес таза әкімшілікқұқықтық деп атайтын, яғни өзге құқықтық салалардың мүдделерін қозғамайтын қандай да болмасын арнайы мәселе табу қиын.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік басқарудың нысандары мен тәсілдерінің ұғымы, және түрлері
Мемлекет нысаны және құрылым
Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері, атқаратын қызметтері
Басқару іс-әрекетінің өнімділігін көтеру мәселелері
Мемлекеттік басқару және атқарушы билік: түсінігі мен мазмұны және арақатынасы
Мемлекеттік басқарудың обьектілері мен субьектілері және негізгі әдістері
Мемлекеттік басқару және мемлекеттік саясат
Мемлекеттік басқаруды қамтамасыз ететін құқықтық реттеудің қазіргі жағдайы
Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтау ұйымдарының теориялық негіздері
“МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ ИНСТИТУТЫ РЕТІНДЕ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ”
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz