Ойын арқылы балаларды оқыту және тәрбиелеу


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   

G:\Сейф 1\Картинки\Кайнар\Логотип Кайнар\logo.png «Қайнар» білім беру және бос уақытты қамту кешені.

Ойын арқылы балаларды

оқыту және тәрбиелеу

Құрастырушы: Мухтарова Р. З

Қосымша білім беру педагогы

Екібастұз қаласы, 2022 ж

Ұсынылған жинақ мектепке дейінгі педагогтар мен бала -бақша тәрбиешілерге көмекші құрал ретінде болашақ ұрпақтың сана сезіміне әсер ету арқылы қызықтыра отырып, түрлі ойындар арқылы балаларды жан-жақты дамыту мақсатында ұсынылып отыр.

Мазмұны

Кіріспе . . .

I. Аналитикалық бөлімі

1. 1 «Мектепке дейінгі жастағы балалардың тілін ойын арқылы

дамыту

1. 2 Дидактикалық ойындар арқылы балалардың ой-өрісін дамыту

1. 3«Мектеп жасына дейінгі балалардың қимыл-қозғалыс ойындарын

ұйымдастыру және ерекшеліктері . . . II. Практикалық бөлім . . .

2. 1 . Ойын арқылы балаларды жан-жақты дамыту . . .

2. 2. Балалардың ойын әрекетін ұйымдастыру ерекшеліктері . . .

2. 3 Ойын -балаларды тәрбиелеу және дамыту құралы . . .

2. 4 Мектеп жасына дейінгі балалардың ӛміріндегі ойынның орны . . .

Қорытынды . . .

Пайдаланылған әдебиеттер . . .

Қосымшалар . . .

КІРІСПЕ

Халық даналығы «Ойлы бала ойыннаң белгілі», - дейді. Балалардың ойынға деген қызығушылығын, ынтасын оқу қызметі процесімен ұштастырудың маңызы зор. Ол үшін оқу қызметінде ойын түрлерін ретіне карай пайдаланып отыру қажет. Ойынның түрлері кӛп. Біз солардың ішінде, ең алдымен оқу қызметі барысында жиі пайдаланатын дидактикалық ойындарға тоқталамыз.

Баланың ақыл-ойын жүйелеу, ойлау, қабілетін жетілдіру, дәлдікке үйрету, шындыққа тәрбиелеу мақсатында сауаттылыққа баулу - бүгінгі күн талабы. Балалық шақ - бұл қызықты әлем. Бұл кезеңде әр бала ӛзінің жаман қылықтарын біледі, айналасын ӛте әдемі, таңғаларлықтай қызықты ете алады. Ойын арқылы балалардың шығармашылық ой-қиялы, елестету қабілеті шарықтайды.

Ойын - тәрбие құралы. Ойынның арқасында, жан-жағын қоршаған орта, балаға қостаушы болып табылады. Сондай-ақ ойын- ұйымдастырылған оқу қызметін ұйымдастырғанда тәрбиеге тиімділігін үнемі ескеруіміз қажет. Ойын процесінде балалардың жағымды мінез құлық белгілері, адалдық

мақсатқа жетуге талпынушылық, кӛпшілік мүддесімен

Жұмыс тәжірибемнің мақсаты:

Балалардың ықылас зейінін, сөздік қорын, байқампаздығын, есте сақтау, қабылдауын дамыту, икемділікті арттыруға, өзінің жеке құрбыларының іс- әрекетін бағалай, құрметтей, өз ісінің дұрыстығын дәлелдей білуін анықтау, қалыптастыру, іс-әрекеттерді, қарым-қатынастарды белсенді түрде өзіндік ерекшеліктерімен қайталап, ойнауға дағдыландыру, ойын әрекеті кезінде ақыл ойды дамыту, балалардың тілдерін, сөздік қорын байыту, өмірді тани білуге, сезімдерін кеңейте білуге тәрбиелеу.

Міндеттері:

-Ойындар арқылы баланың ойлау қабілеті мен сөздік қорын дамыту, түрлі дағдымен шеберлікті меңгеру, қиындықты жеңуге, төзімділікке баулу;

- Бір-бірін тыңдай білу іскерліктерін дамыту,

сүйікті ойыншықтарының көңіл-күйін, өмірін, тәртібін суреттеп айтуға тәрбиелеу;

- Баланың қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру;

-Балаларды заттарға деген ұқыптылыққа, қамқорлық сезімге тәрбиелеу.

-Ойын арқылы балалардың ойында әртүрлі ережелерді сақтауға үйрету;

Күтілетін нәтиже:

Коммуникативтік немесе қарым-қатынастық

Диагностикалық (ойын барысында өзін-өзі тану) ·

Коррекциялық (өзін-өзі түзету) ·

Баланың бойында ойлау, шыдамдылық, тапқырлық, белсенділік, ұйымдастырушылық қасиеттері қалыптасады. Балаларды ойындар арқылы жауапкершілікке мол ақыл-ойы дамыған дәрежеге жеткізу. Көп жылдық тәжірбиеден түйгенім - тәрбиеге көнбейтін бала болмайды.

I. Аналитикалық бөлім

1. 1«Мектепке дейінгі жастағы балалардың тілін ойын арқылы дамыту»

Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні - мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Отбасында ата-ананың ықыласы мен мейірімінен нәр алған бала студияда педагогтарының шұғылалы шуағына бөленеді. Баланың бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып, олардың өнегелі де тәрбиелі болып тәрбиеленуіне педагогтардың маңызы зор. Балаларды тәрбиелеуде ойын әдісінің маңызы көп. Ойын дегенміз - жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл-күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын-төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігінің, көп білуді, сондай-ақ, басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттердің қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық, тиімді әдістерінің бipi.

Мектепке дейінгі жастағы баланың ойынға деген құлқы, қарым- қатынасы, мінез- құлық көріністері олар өсіп- есейгенде де жалғасы береді.

Ойын барысында бала өзін қоршаған үлкендер сияқты, өзінің сүйікті әңгімелері мен кейіпкерлері сияқты өмір сүреді, әрекет жасайды. Ойынды қолданумен бірге ойлауға, тілді дамытуға, шығармашылық әрекетін байытуға бағыт алады.

Баланың ойын кезіндегі қимыл- қозғалысы дене бітімін жетілдірсе, ал қарым- қатынастағы пайымдаулары өзіндік таным- түсінік, мінез- құлық әдептерін бекітуіне әсер етеді.

Ойын түсінігі .

Адам іс-әрекетінің ерекше бір түрі - ойынның пайда болуын зерттеушілердің біразы өз еңбектерінде өнер және ойын көркемдік іс-әрекеттің алғашқы қадамы деп түсіндіреді. Ойында шындықтың көрінісі, оның бейнелі сәулесі көрінеді. Жалпы ойынға тән нәрсе өмірдің әртүрлі құбылыстары мен үлкендердің түрлі іс-әрекеттеріне еліктеу екені белгілі. Ойынның шартты түрдегі мақсаттары бар, ал сол мақсатқа жету жолындағы іс-әрекеттер бала үшін қызықты.

Балаларға ақыл-ой, адамгершілік, дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды тетігі ойында жатыр. Ойын барысында балалар өзін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекет байқатады. Сезіну, қабылдау, ойлау, қиялдау, зейін қою, ерік арқылы түрлі психикалық түйсік пен сезім әлеміне сүңгиді.

Мектепке дейінгі жаста ойын әрекетінің маңызы:

Мемлекеттік тілге үйрету сабақтарын құру және оны оқыту мағынасын іріктеу кезінде бірқатар принциптерді ескеру қажет. Басты принциптердің бірі - тәрбие мен оқуды бірыңғай үрдіске біріктіру.

Ойын - балалардың ойлау қабілетін арттыратын іс- әрекет

Құрылыс ойынында бала сызық бойына әдемі үй құрылысын жасап, оның бояуларының бір-бірімен келісімді болуын қадағалайды. Құрылыс материалдарын пішіні, түсі бойынша симметриялы орналастырып, оларды көлемі (кең, тар), биіктігі (биік, аласа) бойынша салыстырады. Геометриялық пішіндерді, өлшеулерді қайталайды. Ойын барысында шығармашылық танытып, жаңа мазмұн ойластырып, белсенділік көрсетеді. Өзінің және жолдастарының тұрғызған құрылыстарының сапасына баға береді.

Осыдан келіп ойын туралы мынандай тұжырым жасауға болады:

- ойын - тәрбие құралы, ақыл-ойды, тілді ұстартады, сөздік қорды байытады, өмірді танытып, сезімді кеңейтеді тәрбиелейді. -

  • ерік жіне мінез қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді.
  • ұжымдық сезім әрекеттері өсе түседі.

- эстетикалық тәрбие беру

- өнерді, көркемдікті түсіндіру құралына айналады.

  • еңбек тәрбиесін беру мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді.
  • дене күшінің жетілуіне көмектеседі
  • ойын баланы жан-жақты жарасымды тәрбиелеудің психологиялық және физиологиялық негіздері болып табылады.

Ойынның маңызы:

1. Тәрбиеленуші үшін:

Ақыл-ойы дамиды, оқуға қызығушылығы белсенділігі, шығармашылығы, артады, тұлғалық қасиеттері қалыптасады.

2. Педагог үшін: Бала бойындағы жағымсыз қылықтарды, ойын арқылы тәрбиелейді . Ойын түрінде оқыту жалықтырмайды, оқушы білімінің сапасын арттыруда, сабақты қызықты өткізуге, педагог үшін тиімді.

Ойын түрлері:

Құрылымдық ойындар- балалар әрекетінің бір түрі. Оның негізгі мазмұны қоршаған өмірді алуан түрі құбылыстарды және соларға байланысты ісәрекеттерді бейнелеу болып табылады.

Құрылыс ойыны бір жағынан сюжетті-рӛлді ойнауға ұқсас келеді. Балалар ойын үстінде көпірлер, стадиондар, темір жолдар, театрлар, цирктер т. б. ірі құрлыстар салады.

Дидактикалық ойындар баланың ақыл- ойын дамытып, оқу іс-әрекетке деген қызығушылықтарын арттырады.

Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіні тұрақсыз, импульсивті болғанымен, қабылдау есте сақтау мүмкіндіктері жақсы дамыған.

Сондықтан кез- келген оқу іс-әрекетті өткізу үшін дидактикалық ойындар қолдана білу керек

«Ұлттық қазақ ойындары: «Қыз қуу», «Орамал тастау, «Асықтар», «Бәйге» ойындары. Бала өмірінің кезеңі ойын арқылы жетіледі.

Ойындар әр топта жас ерекшелігіне сай жүргізіледі.

Таным қабілетін дамытуға арналған ойындар

Төрт құбылыс.

Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші «су» - десе қолдарын алдына созады, «ауа» десе жоғары көтереді, «от» дегенде екі қолын айналдырады, «жер» дегенде қолдарын түсіреді. Кім шатасса ойыннан шығарылады.

Көңілді шеңбер

Балалар шеңбер жасап отырады. Бір-біріне мұқият қарайды. Жүргізуші белгі бергенде балалар көздерін жұмады. Сол кезде жүргізуші отырған балаларға әртүрлі заттарды қыстырып қояды (гүл, орамал, көзілдірік . с. с. ) . Балалар көздерін ашқанда не өзгерді? - деп сұрайды. Ең зейінді балаға сыйлық беруге болады.

Ойыншықты сипатта

Жүргізуші балаларға қолындағы ойыншықты мұқият қарап алуға ұсынады

  1. минут) . Алынатын ойыншықтар түрлі-түсті және бӛліктері бірнешеу болуы шарт. Ойыншықты жасырып, балалардан сол ойыншықты көргендегі түр-түсі, көлемі, пішіні, дене бӛліктерін есінде сақтағанын сипаттап беруді талап етеді. Ойыншықты дәл, нақты сипаттап берген бала ойынды әрі қарай жалғастырады.

1. 2 Дидактикалық ойындар арқылы балалардың ой-өрісін дамыту

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ПЕДАГОГИКА ТУРАЛЫ
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу
Балабақша тәрбие бағдарламасының ерекшелігі мен қазіргі кезде қолдану жағдайын теориялық тұрғыдан негіздеу
Балаларды ойын арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛА ТӘРБИЕСІ
Сюжетті-рөлдік ойындар арқылы 4-5 жастағы балалардың тілін дамыту
Айқын интеллектуалдық бұзылыстары бар балалардың психологиялық - педагогикалық мінездемесі
Мектепке дейінгі балаларда қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесінің даму тарихы
Балабақшада балаларды тәрбиелеу ерекшелігі
Мектеп жасына дейінгі балалардың мектепке дайындық факторы ретінде сюжетті рөлдік ойында өзара әрекеттесу қабілетін дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz