Лазерлік және магниттік терапия


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Реферат

Тақырыбы: Лазерлік және магниттік терапия

Орындаған: Шаяхмет С. Ж

Қабылдаған: Тастемирова Ж. Е

МАЗМҰНЫ

*Магнитотерапия

*Қолдануға болмайтын жағдайлар

*Тірек қимыл аурулары кезиндегі лазерлік терапия

*Қарқындылығы төмен лазерлік терапия басымдықтары

Магнитті өрістердің физиологиялық және емдік әсерінің негізінде іргелі физика заңдары жатыр. МӨ адам ағзасының ұлпаларына әсер ету үрдісінде оларға электр токтары енеді; иондалған күйдегі биологиялық макромолекулалардың қайта бағытталуларының және бол радикалдардың, сонымен қатар ағзаның су жүйелерінің физикалық-химиялық қасиеттерінің нәтижесінде. Биохимиялық және биофизикалық үрдістер жылдамдықтарында жылжулар пайда болады. Жасушалық және цитоплазмалық мембраналардың негізі болып табылатын сұйық кристаллдардың магнитті қайта бағытталуы осы мембраналардың өткізгіштігіне және жасушаның ерекше функцияларына әсе етеді.

Магнитті өріс әсерінен митохондриялардағы тыныс алу ферменттерінің (цитохромдар) тізбегі бойынша электронның тасымалдануы тездетіледі, ол тотығу фосфорлану үрдістерінің күшеюіне және АТФ жасуша ішінде жиналуына әкеледі. Бәсекелес ингибирлеу механизмінің есебінен бұл ретте гликолиз тежеледі, ұлпалардың сілтіленуі орындалады. Сілтілену реакциясы қабыну үрдісін басады.

Магнитті-механикалық әсер электрлі белсенді жасушалар мен ұлпалар деңгейінде жүзеге асырылады: нейрондар мен жүйке талшықтары, орталық және шеткі жүйке жүйесінің құрылымдары, көлденең-жолақты және тегіс типті бұлшық ет жасушалары. мембраналық өткізгіштіктің, жасушалық мембранада бекітілетін ферменттермен тездетілетін көптеген биохимиялық реакциялардың бағыты мен ағымының жылдамдығының өзгерулерімен қатар болады.

Бас миының қабығының және қабық асты өзектердің (гипоталамус, таламус) нейрондарының әрекеттерінде, көбінесе тежеу реакцияларының қалыптастырумен, ретикулярлы формация нейрондарының белсенділігін тежеумен және гипоталамустың парасимпатикалық бөлімдерін ынталандырумен бағанның ретикулярлы формациясының айқын өзгерістері орын алады. Жүйке жүйесінің перифериялық бөлімі сезімталдығы әр түрлі жабатын ұлпалар рецепорларының, әсіресе ауыру рецепторларының, қозу шегін жоғарылатумен, жоғары көтерілетін және төмен түсетін жүйке өткізгіштері бойынша импульсті өткізуді тездетумен магнитті терапиялық әсер етуге жауапты.

Магнитті өрістерді емдік әсерлі барлық компоненттеріне жету үшін магнитті терапия курсы ұзағырақ болуы тиіс. Курс барысындағы әрбір келесі шара жеткізілген нәтижелерді жоғарылатады және күшейтеді. 8-12 шарадан кейін алынған емдік әсерлер тұрақты және ұзақ уақытқа сақталады (3-6 айға дейін) .

Магнитті терапия физикалық емдеудің ең аяйтын және жеңіл өтетін әдістеріне жатады. Байқалатын субъективті сезімдерді, орталық гемодинамика жылжуларын, жылу әсерлерін шақырмай, магнитті терапия кексе және қарт жастағы науқастарда, балаларда, ауыр ілеспелі соматикалық патологияларда кеңінен пайдалана алады.

Магнитті терапия табиғи және адам ағзасына, ағза ұрықталу мезгілінен бастап болатын жаратылыс ортаға жақын. Магнитті өрістер емдік үрдісте басқа физикалық жағдайларға әсер етеді.

Тірек - қимыл аппаратының аурулары кезінде лазерлік терапияны кешенді қолдану омыртқаның, омыртқааралық дисктердің және буындардың жалғаушы аппаратын коллагеннің жинақталуы, капиллярлардың тез өсуі, зақымдалған сегмент аумағындағы қабынудың жойылуы есебінен қалпына келуіне ықпал етеді.

Остеохондрозды және омыртқаның басқа да ауруларын емдеу кезінде лазерлік терапия қанайналымын жандандырушы ретінде тиімді. Остеохондроз кезінде омыртқааралық дисктердегі дегенеративтік процестер көбіне осы аумақтағы қанайналымының бұзылуына байланысты, ал лазерлік сәулелеу зақымдалған аумақтардағы қанайналымын нәрлендіруді қамтамасыз етуге ықпал етеді, осындай жолмен аурудың одан арғы дамуын тежейді.

Лазерлік терапия әсері тіндердегі ісінулерді, ауырсынуларды жою, иммундық жүйеге әсер етуге ықпал етуші қабынуға қарсы іс-әрекеттерден, аллергияға қарсы әсер, репаративтік іс-әрекеттерден (жазылу процестерін жақсарту) тұрады. Лазерлік терапия сонымен қатар омыртқа мен буындардың дегенеративтік - дистрофиялық аурулары кезінде алмасу процестерін ынталандырады.

Лазерлік терапия:

  • омыртқаның дегенеративтік аурулары (омыртқаралық жарықтар, диск протрузиялары, остеохондроз, радикулиттер) ;
  • буын мен сүйек тінінің аурулары (иық сүйегі эпикондилиті, бурситтер, артриттер және артроздар, буындық сіресімдер) ;
  • байлам және буын аурулары мен жарақаттары;
  • бұлшықет аурулары (миозиттер) ;
  • сіңір аурулары (тендиниттер) ;
  • хирургиялық аурулар: операциядан кейінгі және ұзақ уақыт жазылмайтын жаралар, трофикалық ойықжара, келлоидты тыртық (жеделдеу сатысындағы), жарақаттар (механикалық, термиялық, химиялық), остеомиелиттер, аяқтағы тамыр аурулары;
  • нерв жүйесі аурулары: перифериялық нервтердің невралгиясы және невриттер, үшкіл нерв невралгиясы, бет нервісінің невриті, ми-тамырлық жетіспеушілік, ұшықты симпатоганглиониттер, перифериялық нервтердің жарақаттық зақымдануы, симпатикалық адреналдық криздермен ВТД, бас сақинасы, БЦС, шашыраңқы склероз, жарақаттанудан кейінгі сипаттағы аурулар сирингомиелиясы;
  • тірек-қимыл аппаратының аурулары - өзгеріске ұшыраған остеоартроз, артрит, құздамалық артрит, периартрит, өкше сүйек сүйелі, эпикондилит кезінде ұсынылады.

Қарқындылығы төменгі лазерлік терапия басымдықтары:

  • терапиялық әсер етудің кең диапазоны;
  • фармокологиялық препараттардың әсер етуіне тән жанама әсерлердің, аллергиялық реакциялардың іс жүзінде болмауы;
  • лазерлік терапия жүргізуге қарсы көрсетімдердің аз болуы;
  • лазерлік терапияны әдеттегі емдеу әдістерімен (жергілікті және жалпы әсер етуші) кешенді қолдану мүмкіндігі;
  • жанасусыз, қолданудың зарарсыздығы.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Медициналық техниканы жіктеу
Магнитотерапияға қарсы көрсеткіштер
Магнитотерапия
Инсульттан кейінгі науқастарды оңалту әдістері
Көз ауруларының микробиологиялық диагностикасы
Лазерлер
Ұйым қызметкерлерінің функциялары
Хирургиялық кесу
Компьютердің перифериялық құрылғылары
Электр машиналары саласындағы маңызды әзірлемелердің авторы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz