Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . . . .

1Контрабанданың теоретикалық аспектілері . . .

1. 1 Контрабанда түсінігі және экономикалық контрабанданың классификациялық белгілері . . . .

1. 2 Контрабанда үшін қылмыстық жауапкершілік туралы заңнамалардың қолданылу тәжірибесі . .

2Экономикалық контрабанданың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы . . .

2. 1Экономикалық . . .

2. 2Экономикалық түрлері және оның ҚР ҚК250-бабымен қарастырылған қылмыстан айырмашылығы . … . . .

3Экономикалық контрабанданы тергеудіңмәселелері мен ерекшеліктері . . .

3. 1 Экономикалық контрабанданы тергеуді жоспарлау және оның мәселелері.

3. 2 Бастапқы тергеу әрекеттерінің тактикалық ерекшеліктері . .

Қорытынды . . . . . . . . .

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . . . .

Кіріспе

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының қаржы полициясы және кедендік бақылау органдары елдің экономикалық дамуында стратегиялық рөл атқаратыны сөзсіз факт болып табылады және олар елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауап береді, алаяқтық, жалған кәсіпкерлік, экономикалық контрабанда, ақшаның заңсыз айналымы және т. б. фактілердің жолын кеседі [1, 2 б. ] .

Соңғы кездері қылмыстық ортада контрабанда, әсіресе экономикалық контрабанда кең етек жайып барады.

Оның түп тамыры ежелгі уақыттан бері белгілі. Бұл құбылыс тауарлық-ақшалық қатынастар дами бастаған XIV ғасырдан бастап пайда болған.

Әлемнің көптеген елдерінде контрабанда қылмыстық әрекеттің ең қауіпті түріне жатқызылады. Жалпы қылмыс секілді, контрабанда, шамасы, мемлекеттік шекара қанша болса, соншалық болатын құбылыс. Тіпті АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Франция сияқты жоғары деңгейде дамығанелдерде де контрабанда бар. Бұл елдерде осы қылмыстың түбегейлі жою туралы міндеттер тіпті қойылмайды. Тек оның ауқымын бақылауға алынарлықтай шеңберге дейін қысқарту туралы ғана сөз қозғалады.

Контрабанданың өсу себептері: салық пен баждардың кейбір түрлерінің ақтаусыз жоғары ставкалары; салықтық және кедендік бақылаудың төмен деңгейі; құқыққорғаушы және бақылаушы органдардағы сыбайлас жемқорлық; салықтық және кедендік ставкалардың дейгейінің сәйкес келмеуі, сондай-ақ, экономикалықжағдайдың, азаматтардың тұрмыстық деңгейінің төмендігі, өйткені, табысы аз адамдар, амалдың жоқтығынан, заңсыз бизнеске саналы түрде қатысуы.

Қазақстан Республикасында 90-жылдардан бастап экономикалық контрабанда санының өсуі байқалуда. Оның ауқымы жоғары болғаны соншалық, Қазақстанның ұлттық мүдделеріне елеулі қауіп төндіреді. Бұдан басқа, контрабанда көбіне наркотикалықбұйымдар менпсихотроптық заттар, қарудың, мәдени-тарихи құндылықтардың заңсыз айналымымен байланысты болып келеді. Ол лаңкестік әрекеттерге әсер етіп, оған ыңғайлы жағдайлар жасайды.

Контрабанда мемлекеттің барлық маңызды салаларына зиян келтіреді. Оның қоғамдық қауіптілігі мыналарда көрініс табады:

- мемлекеттерге экономикалық зиян келтіріледі, оның ішінде, олардың сыртқы-экономикалық қызметі ақсайды, себебі, елдердің ұлттық бюджетіне кедендік төлемдер мен әкелінген және әкетілген тауарлардың төлемдері түспейді;

- контрабандистердің табысы ұлғайып, олардың ары қарай заңсыз әрекеттер жасауына мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасында контрабандалық әрекеттердің өсуіне тікелей немесе жанама түрде әлеуметтік-экономикалық факторлар қатары, атап айтқанда: елдегі экономикалықахуалдың күрделілігі, халықтың табысының төмен деңгейі; тауарлардың әлемдік экспорттық және ішкі бағаларының сәйкессіздігі;

- бұрынғы КСРО мемлекеттері арасындағы шекаралық және кедендік инфрақұрылымдарының нашар дамуы; республика шекарасындағы бақылау функцияларын атқаратын құрылымдардың заманауи техникалық құралдармен қамтамасыз етілмеуі;

Сыбайлас жемқорлықтың кең етек жаюы, ұйымдасқан қылмыстық топтардың кедендік органдардың мемлекеттік қызметшілерімен тығыз байланысы; контрабандамен халықаралық дәрежеде күресу саласында кедендік бақылау органдарының республикалық қауіпсіздік қызметтермен өзара әрекеттерінің реттелмеуі.

Мемлекеттік кеден комитетінің төрағасының айтуы бойынша, қазіргі кезде Қазақстан Республикасының тауар айналымының 80% контрабанда құрайды. Алкогольдік өнімдердің контрабандасы салдарынан, жыл сайын 200 млн. доллардан астам қаражат республика бюджетіне түспей отыр. Осы тектес, темекі өнімдерінің көрсеткіші бойынша, жыл сайын 50 млн. доллардан астам қаражат мемлекет қазынасынан тыс өтуде.

Соңғы кездері сыртқы сауда саясатын қорғау ерекше маңызға ие болуда. Экономикалық контрабанда - мемлекет мүддесіне елеулі нұқсан келтіру болып табылады, сондықтан онымен күресудің әсерлілігі қылмыстық-құқықтық шаралардың үйлесімділігіне байланысты.

Экономикалық контрабанда мәселесінің актуалдығы (ҚР ҚК 209-бабы), қылмыстың осы түрі Қазақстанда қазіргі кезде кең тарап, мемлекеттің маңызды экономикалық мүдделеріне теріс әсер етуі және барған сайын ұйымдасқан түрге енуі. Қазіргі таңда контрабанда ұлттық қауіпсіздік саласын қамтуда. [2, 332 б. ] .

Қазіргі қылмыстық құқықта экономикалық контрабанда экономикалық қылмыстар тарауына жатқызылады және оның қоғамдық қауіптілігі, оның Қазақстан Республикасының экономикасының дамуына зор маңызы бар сыртқы экономикалық қызметіне елеулі нұқсан келтіретіндігінде.

Осы дипломдық жұмыс экономикалық контрабанда секілді экономикалық қылмыстың түсінігі, заңды табиғаты, қылмыстық-құқықтық сипаттамасына қатысты сұрақтар шеңберін айқындап, оның квалификациялық ерекшеліктерін ашуды көздейді.

Қойылған мақсаттарды жүзеге асыру үшін мына міндеттерді шешуді талап етеді:

- контрабандамен қатысты мәселелерді реттеуші нормативтік қормен танысу (ҚР ҚК, ҚР КК және басқа заңдар, кедендік қызмет актілері мен басқа дереккөздер) ;

- осы мәселені зерттеушілердің монографиялары мен ғылыми мақалаларымен оқып танысу;

- контрабанданың квалификациясына байланысты мәселелерді талдау;

- оларды шешу жолдарын қарастыру.

Осы жұмысты жазу кезінде, зерттеудің әдістемелік негізі алынды: Қазақстан Респбуликасының норматитік-құқықтық актілері, қазіргі заманғы қазақстандық авторлардың ғылыми еңбектері, оқулық-анықтамалық әдебиет, ұдайы баспа материалдары және т. б.

Зерттеу мақсаты. Тарихи тәжірибені, теориялық зерттеулерді және эмпириттік материалдарды оқып танысу арқылы, экономикалық контрабандамен күресуді ары қарай жетілдіру және оны тәжірибеде қолдану ұсыныстарын жасау осы жұмыстың негізгі мақсат болып табылады.

Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі - экономикалық контрабанда жасау кезіндегі және қылмыстық жауапкершілікке тарту кезіндегі қоғамдық қатынастар болып табылады. .

Осы дипломдық жұмыстың зерттеу бұйымы - Қазақстан Республикасының құқыққорғау органдарының қылмыстардың алдын алуға бағытталған қызметін, сондай-ақ, кеден ісі саласындағы қылмыстардың әртүрлі сандық және сапалық көрсеткіштерін, экономикалық контрабандамен байланысы бар кедендік қылмыстар үшін қарастырылған қылмыстық жауапкершіліктің құқықтық нормалары болып табылады.

1 Контрабанданың теоретикалық аспектілері

1. 1 Контрабанда түсінігі және экономикалық контрабанданың классификациялық белгілері

Контрабанда құқық бұзушылық ретінде Батыс Еуропада XIV-XVI ғасырларда, тауарлы-ақшалық қатынастардың қарқынды дамуы тұсында пайда болған, ол кезде мемлекеттер тауарларды шектеусіз әкелу мен әкетуді өздеріне тиімсіз деп санап, тауарларды мемлекеттік шекарадан өткізу тәртібін заңды түрде белгілеген. [3, 196 б. ] .

Тауарларды тасымалдау мен мемлекет бекіткен баждар мен басқа да төлемдерді өндіруді бақылау үшін, құрғақ шекара мен порттарда арнайы мемлекеттік органдар - кедендер құрылды.

Заңмен және басқа да нормативтік актілермен бекітілген тауарлар мен құндылықтарды өткізу кезіндегі кеден органдарының бақылауынан тыс заң бұзушылықтардың барлығы контрабанда деп аталып, ал кінәлі адамдар жазалануы тиіс болды.

«Контрабанда» сөзінің өзі итальян тілінен алынған және қазіргі кезде көптеген тілдерге енген (contra - қарсы және bando- үкімет жарғысы мағынасын білдіреді) . Ол мемлекеттің заңын немесе үкімет қаулысын бұзу деген ұғымды білдіреді. [4, 720 б. ] .

«Контрабанда» сөзі, сондай-ақ, мемлекет шекарасы арқылы әкелуге немесе әкетуге тыйым салынған тауар немесе басқа да зат дегенді білдіреді.

Кедендік баждар мемлекеттік сауда саясатының рөлін атқара бастады. Бұл процесс әртүрлі елдерде ерекше және әрқалай түрде өтті, барлық жерде ол кедендік шектеулерден басталып, соның өзі контрабанданың дамуына себеп болды.

Басқаша айтқанда, контрабанда енгізілген шектеулер мен бекітілген кедендік кедергілерге қарсы тұру ретінде пайда болып, дамыды.

XVI-XVII ғасырлардағы Еуропада болған соғыстар контрабанданың тағы бір - әскери түрін туындатты.

Контрабанданың бұл түрі дербес мемлекеттердің соғысып жатқан елдердің біріне басқа соғысушы елде тыйым салынған заттарды заңсыз сатуы болып табылады. [ 5, №9]

Соғысу және олардың арасындағы кездерде, көптеген мемлекеттердің арнайы заңдар қабылдауына қарамастан, олардың арасындағы контрабандалық сату өсе түсті, егер бастапқы меркантилизм тұсында контрабандамен кейбір көпестер айналысқан болса, дамыған меркантилизм тұсында контрабандалық сатумен Еуропаның сауда компаниялары айналыса бастады.

Ары қарай, Еуропадан кейін контрабанда Қазақстанда да пайда бола бастады.

Қазақстанда контрабанданың пайда болуы, елде бірыңғай нарық қатынастары пайда болған және мемлекеттік шекарада кедендік кедергілер орнатылған тұста пайда болған. Бұл XVII ғасырдың басы болатын.

Көпестерді бақылау міндеттерін бекіткен Соборлық тәртіп бойынша, үкімет Кедендік устав (1653 ж. ) және Жаңасаудалық устав (1667 ж. ) бекіткен, олар елдегі протекционизмнің бастамашысы болған.

Осы уставтар бойынша шетелдік көпестердің саудасы шектеулі болып, оларға ендігі жерде өз тауарларын тек қана көтерме саудамен және шекаралас қалаларда ғана жүргізуге рұқсат етілді. Шетелдік көпестердің елдің ішкі аудандарына кіруіне арнайы рұқсат қажет болды, ол үшін олардан, кедендік төдемдерден басқа, қосымша алымдар мен баж алынды.

Қазақстанның Балтық жағалауына шығуымен тауарлардың теңізбен контрабандалық тасымалын бақылау үшін, 1-Петр порттарда арнайы кедендік қызметтер құрды.

Контрабандамен күресті күшейту мақсатында, Қазақстанда 1754 ж. мемлекеттік шекараларды кедендік және әскери-полицялық тұрғыдан қорғау үшін, шекара күзетшілері корпустары құрылды. Кейінірек шекаралық казактар күзеті және арнайы кедендік күзет құрылды.

Қазақстанда крепосттық құқық алынып тасталғанға дейін күрделі баптық қылмыстық құқық жиынтығы болды. Жазалар туралы тәртіп (1845 ж. ) контрабанда туралы жүйелі заңнама болды.

1864 ж. сот реформасынан кейін бұл тәртіп өзгеруге ұшырады. Осы тәртіптен Кедендік уставқа «Тауарларды әкелу мен әкету тәртіптерін бұзғаны үшін өндірулер мен жазалар туралы», «Тауарларды бір кеденнен екіншісіне тасымалдау туралы», «Азиялық (астрахандық, сібірлік, кавказдық) саудада кедендік тәртіпті бұзғаны үшін өндірулер туралы», «Кедендік ұйғарымдарға қарсы тұру үшін жазалар туралы» заңдар көшірілді.

Бұл ережелердің Кедендік уставқа көшірілуі олардың сипаттамасын өзгерткен жоқ, сондықтан, оларға кейін де 1885 ж. «Қылмыстық және түзету туралы тәртіптің» жалпы бөлігінің нормалары қолданылып, ол Қазан төңкерісіне дейін күшінде болды.

Осылайша, контрабанданың пайда болу себептері айқындала түседі - контрабанда құқық бұзушылық ретінде тауарлық-ақшалық қатынастар дами бастаған тұста пайда болды және оны қалай бақылағанмен де, әлі күнге дейін көп ғасырлар бойы жойылмай келеді. [6, 413 б. ] .

Қазіргі кездегі қылмыстық құқықта контрабанда экономикалық қылмыстар тарауына жатқызылған.

Экономикалық саладағы қылмыстар болып, Қылмыстық кодексте қарастырылған, қоғамдық қатынастарға нұқсан келтіретін, материалдық пайда мен қызметтерді өндіру, тарату, ауыстыру мен тұтынуға қатысты қауіпті әрекеттер болып табылады. Қазақстан Республкасының Қылмыстық кодексінде экономика саласындағы 38 қылмыс түрлері үшін жауапкершілік қарастырылған. Салыстыру үшін айтсақ, 1959 жылғы Қазақ ССР Қылмыстық кодексінде олар тек 11 болған. [7, 480 б. ] .

Контрабанда деп көлік құралдары мен арнайы заттардың (наркотикалық құралдар мен психотроптық заттар, қару, оқ-дәрі, мәдени-тарихи құндылықтар және т. б. ) кедендік шекара арқылы, бір мемлекеттің ұлттық құқықнамасы арқылы, бір ауданнан екінші ауданға заңсыз өтуі немесе кез келген жасырын түрде жасалуы.

Заңға қайшы әрекеттің негізін құрайтын тауарлар мен басқа да заттардың өткізілуі оған тек қана белсенді сипат береді, яғни, іс-әрекет түрін береді.

«Кедендік шекара арқылы өткізу» мен «Кедендік шекараны өту» түсініктері синоним сөздер емес. ҚР кедендік шекарасы арқылы тауар өткізу кедендік заңнамада тек қана іс жүзіндегі өтуді ғана емес, сондай-ақ, ҚР кедендік аумағына тауарлар немесе көлік құралдарын ҚР кедендік шекарасына енгізу және кедендік декларация тапсыру немесе басқа да тауарларды енгізу мен шығаруға бағытталған іс-әрекет (ҚР кедендік шекарасы арқылы тауар немесе көлік құралдарын өткізу) .

Контрабанданың жасалу жері болып ҚР кедендік шекарасы танылады. Кедендік шекараның шектеулі белгіленген аумағы және еркін зоналары мен қоймалары бар. Бұл жерде кеден аумағын ҚР құрғақ аумағы құрайды, аумақтық, ішкі сулар және әуе еркіндігі. ҚР кедендік аумағы, сондай-ақ, ҚР заңнамасына жатқызылатын теңіздік ерекше экономикалық зонада орналасқан жасанды аралдар, құрылғылар мен ғимараттар кіреді.

Қазіргі кезде қаралып отырған қылмыстың қоғамдық қауіпі өсе түсуде. Бұл стратегиялық шикізаттың, мәдени құндылықтардың, валюталық контрабандасының Қазақстанның тек қана экономикалық емес, қоғамдық қауіпсіздігіне нұқсан келтіретіндігінде. Көптеген ірі мөлшердегі ұрлау қылмыстары осы контрабандамен байланысты жасалады. Ядролық, радиоактивті және басқа заттардың контрабандасы туралы анықталған фактілер, лаңкестік және экстремистік әрекеттердің өрши түскенінің айғағы болып табылады. Сондықтан да контрабандамен күрес өтіп жатқан процестермен тығыз байланысты және құқыққорғау органдарының ең басты бағыттарының бірі болып табылады.

ҚР кедендік саясаты елдің мемлекеттік билігі мен басқаруының жоғарғы органдары арқылы жүзеге асады және мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі құрамдас бөлігі болып табылады.

Контрабандамен байланысты қылмыстардың қоғамдық қауіптілігі, оның елдің экономикалық егемендігіне және экономикалық қауіпсіздігіне нұқсан келтіретіндігінде. [8, 32 б. ] .

Контрабанда объектілері өте көп түрлі, ал оның ауқымы қауіпті мөлшерді қамтиды. Ерекше қауіпті тауарлар - ол наркотикалық құралдар, қару, мәдени құндылықтар. Осы тауарлармен айналысып жүрген, өте жақсы ұйымдасқан ұлтаралық тасымал нарығы бар.

Қазақстанға ерекше экономикалық залал келтіретін - бұл экспорттық операциялыр жасау кезіндегі экономикалық контрабанда. Экспорттық операциялыр жасау кезіндегі экономикалық контрабанданың негізгі заттары - түсті және сирек кездесетін металдар, орман, стартегиялық маңызы бар шикізат, био-өнім.

Мемлекет көмірсутекті шикізатты табу, өндіру және экспорттау кезінде орасан зор зиян шегуде. Батыс еуропалық сарапшылардың мәліметтері бойынша, Қазақстан Республикасы шикізат пен қорларды ұйымдасқан тиісті деңгейде сатумен айналысқан жағдайда, таза табыс ретінде жылына 22 млрд. долларға дейін қаражат табу мүмкіндігі бар екен.

Экспорт кезіндегі контрабандалық операцияларды қарастырайық:

«Дәстүрлі» тәсіл. Кедендік шекараны заңсыз түрде, кедендік бекетті айналып өту немесе құжаттарды жалған жасау арқылы өту. Бұл тәсіл ең көп тараған жерлер - Қытай мен Ресей Федерациясының шекаралары. Кей жағдайларда әскери-әуе, құрғақ жол, әскери-теңіз күштерінің көлік құралдарын, теңіз базалары мен арнайы әуежайларын пайдалану арқылы кеден бақылауынан тыс өтеді.

Ішкі кедендік транзит жолымен заңсыз шығару. Әсіресе бұл операциялар Қазақстанның индустриалдық дамыған аймақтарында орын алған.

Экономикалық контрабанданың бұл тәсілінің негізі келесіде: шикізат қорлары құжаттары бойынша Қарағанды облысына, жоқ фирмалардың немесе тек құжат жүзінде бар фирмалардың мекен-жайларына жөнелтіледі. Жол-жөнекей жергілікті фирмалар жүктерді алыс шетелдердегі фирмаларға қайта аттандырады. Жүкті алушы-фирма жүкті алғандығы туралы жалған құжаттармен қамтамасыз етіледі.

Бұл тәсіл, сондай-ақ, шикізат қорларын ТМД елдерінен келген және Қазақстан арқылы транзитпен өтетін жүк ретінде көрсетілу арқылы да пайдаланылады. Жалған декларациялар жасалып, кеден қызметшілеріне пара беріледі. Ерекше көрініс мұнай, металл, орманды Қытай, Иран, Орта Азия мен Кавказ елдеріне жөнелту кезінде көптеп кездеседі.

Заңсыз экспорттың ауқымын бағамдау үшін ҚР ІІМ басқа да министрліктер мен ведомстволармен бірлесіп 1994-95 жылдары жүргізген «Транзит» жедел-профилактикалық операциясын мысалға келтіруге болады. Сол тұста, материалдық құндылықтарды жүздеген миллион теңгеге жүк ретінде жөнелтіп жүрген 2 мыңнан астам қазақстандық және шетел шаруа субъектілері тексерілді. Нәтижесінде, тек қана бастапқы сатыда ғана 1, 3 мыңнан астам экономикалық контрабанда, ұрлау, парақорлық және басқа да өз үшін пайдаланушылық фактілері анықталды, олардан келген шығын көлемі 15 млрд. теңгеден асады, 100-ден астам ұйымдасқан қылмыстық топ әшкереленді. Қылмыстық істер бойынша қылмыскерлерден құны 23 млрд. теңгеден астам тұратын мүлік тәркіленді. 25 жалған және 50 жұмыс істеп тұрған фирмалар анықталды, қылмыскерлер олардың реквизиттерін пайдаланған. Сол тұста құны 12 млрд. теңгеден асатын жүкті өткізуге әрекеттенген топ ұсталды . [9]

Шетелге аттандырылатын құжаттарды жасақтау арқылы жасалатын экономикалық контрабанданың тәсілі бойынша, шикізат қорларының құжаттары бойынша, жоқ фирмалардың немесе тек құжат жүзінде бар фирмалардың мекен-жайларына жөнелтіледі. Жол-жөнекей жергілікті фирмалар жүктерді алыс шетелдердегі фирмаларға қайта аттандырады. Жүкті алушы-фирма жүкті алғандығы туралы жалған құжаттармен қамтамасыз етіледі.

Мысалы, Қазақстаннан мұнай мен мұнай өнімдерінің ірі партиялары экспорттық шарттар жасалмай, Ресей Федерациясы мен Белоруссияға жөнелтіледі, содан кейін, уақытша сақтау шарттарын бұза отырып, Батыс Еуропа мен АҚШ-қа жөнелтіледі. Бұл шарттарды жасыру мақсатында, кеден органдарына Қазақстанға әкелінген тауарлар туралы жалған құжаттар тапсырылады . [ 10]

Шетелде ашылған өз фирмалары арқылы ресми түрде экспорттық шарт рәсімдеу жолымен де жасалады. Бұл кезде ресми экспорттық шарттың бағалары төмендетіледі. Бұл тәсіл сирек кездесетін металдарды және басқа да мұқият сараптама жасау мен мамандардың қорытындысын қажет ететін шикізат тауарларын экспорттау кезінде қолданылады.

Шетелдік шикізатпен толлингтік операциялар жасау тәсілі. Кей жағдайда, кері қарай Қазақстанға дайын өнім емес, қазақстандық шикізат қайта әкелінеді. Өнім мен шикізатқа жалған құжаттар пайдаланылады.

Шетел инвеститциялары мен бірлескен кәсіпорындармен бүркемеленген заңсыз шығару тәсілі. Өз өнімі болып табылмайтын шикізат немесе бажсыз шығаруға рұқсат етілген тауар ретінде рәсімделеді.

Қазақстандық стратегиялық маңызы бар шикізат тауарларын шетелге заңсыз шығару тәсілі көбіне парақорлықпен, салық төлеуден жалтарумен және басқа да кереғарлықпен ұштасып жатады. Қылмыстық құрылымдар өз мақсатына жету үшін отын-энергетика, металлургия және орман кешендерінің шаруашылық және қаржылық қызметіне белсенді араласуда, әртүрлі заңсыз коммерциялық кәсіпорындар ашуда.

Қазіргі кезде қаралып отырған қылмыстың қоғамдық қауіптілігі артып келеді. Бұл стратегиялық шикізаттың, наркотиктердің, қарудың, валютаның және мәдени құндылықтардың контрабандасының мемлекеттің экономикалық ғана емес, қоғамдық қауіпсіздігіне де нұқсан келтіретіндігінде. Контрабанда жолында көптеген ірі ұрлаулар мен қызметтік қылмыстар жасалады. Ядролық, радиоактивті және басқа заттардың контрабандасы туралы анықталған фактілер, лаңкестік және экстремистік әрекеттердің өрши түскенінің айғағы болып табылады. Сондықтан да контрабандамен күрес өтіп жатқан процестермен тығыз байланысты және құқыққорғау органдарының ең басты бағыттарының бірі болып табылады.

ҚР кедендік шекарасынан заңсыз өткізу осы қылмыстың негізгі белгісі болып табылады.

ҚР КК 6-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының аймағы Қазақстан Республикасының бірыңғай кедендік аймағы болып табылады .

Қазақстан Республикасының аймағында республикалық заңдарға сәйкес құрылған ерекше экономикалық зона болуы мүмкін. Бұндай зонаның аймағына енгізілген тауарлар кедендік баждар, салықтар тұрғысынан Қазақстан Республикасының бірыңғай аймағынан тыс болып есептеледі.

ҚР ҚК 209-бабымен қарастырылған қылмыс болып мына іс-әрекеттердің біреуі есептеледі :

- Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарларды немесе басқа да заттарды кедендік бақылаудан тыс немесе жасыру арқылы тауарларды немесе басқа да заттарды ірі көлемде өткізу;

- Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарларды немесе басқа да заттарды жалған құжаттар жасау арқылы ірі көлемде өткізу;

- Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарларды немесе басқа да заттарды декларациясыз немесе жалған декларациялау арқылы ірі көлемде өткізу;

- Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізуге тыйым салынған немесе арнайы тәртіппен өткізілуге жататын тауарларды немесе басқа да заттарды өткізу;

Контрабанда мәселесін толығырақ түсіну үшін көрсетілген белгілерді бөлек қарастыру қажет.

Кедендік бақылауды кеден органдарының лауазымды тұлғалары құжатарды және мәліметтерді тексеру арқылы жүргізеді; ауызша сұрау; түсініктеме алу; кедендік байқау; тауарлар мен көлік құралдарын кедендік қарау; тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ашып қарау; жеке қарау; тауарларды арнайы маркалармен белгілеуді тексеру, оның салыстырмалы белгілерін тексеру; ғимараттар мен аймақтарды кедендік бақылау мақсатында қарау; кедендік ревизия; сондай-ақ, заңдармен қарастырылған немесе тыйым салынбаған басқа да жолдармен тексеру.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тарифтік емес реттеуге жататын тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу кезінде
Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттері
Көлік құралдарына қолданыланатын кедендік режимдер
Кедендік бақылаудың жетілдіру жүйесі
Тауар мен көлік құралдарын рәсімдеу және кедендік бақылау механизмін жетілдіру жолдары
Қазақстан Республикасында кедендік ресімдеудің жеңілдетілген түрін жетілдіту
Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік режимінің аяқталуы
Кедендiк шекара арқылы тауарлар мен транспорттық құралдардың өту принципi
Кеден органдарының кедендік рәсімдеу мен кедендік бақылау жүргізудегі ролі
Кеден әкімшілігін жүргізу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz