Пайдақорлық - зорлық қылмыстарының түсінігі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 396 бет
Таңдаулыға:   

1 уголовные правонарушения против личности

2 уголовные правонарушения против семьи и несовершеннолетних

3 уголовные правонарушения против конституционных и иных прав и свобод человека и гражданина

4 преступления против мира и безопасности человечества

5 уголовные правонарушения против основ конституционного строя и безопасности государства

6 уголовные правонарушения против собственности

7 уголовные правонарушения в сфере информатизации и связи

8 уголовные правонарушения в сфере экономической деятельности

9 уголовные правонарушения против интересов службы в
коммерческих и иных организациях

10 уголовные правонарушения против общественной
безопасности и общественного порядка

11 уголовные правонарушения против здоровья населения и
нравственности

12 медицинские уголовные правонарушения

13 экологические уголовные правонарушения

14 транспортные уголовные правонарушения

15 коррупционные и иные уголовные правонарушения
16 против интересов государственной службы и государственного управления

17 уголовные правонарушения против порядка управления

18 уголовные правонарушения против правосудия и
порядка исполнения наказаний

19 воинские уголовные правонарушения

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . … . . . . . . 3

1 ПАЙДАҚОРЛЫҚ-ЗОРЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАР ҮШІН ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫ . . . 11

1. 1 Пайдақорлық-зорлық қылмыстарының түсінігі… . . . … . . . …. 11

1. 2 Пайдақорлық-зорлық қылмыстарының объектісін сипаттайтын белгілер . . . . . . … . . . 15

  1. Пайдақорлық-зорлық қылмыстарының объективтік жағын сипаттайтын белгілер . . . … . . . … . . . 31
  2. Пайдақорлық-зорлық қылмыстарының субъективтік жағын сипаттайтын белгілер . . . … . . . … . . . 61

1. 5 Пайдақорлық-зорлық қылмыстарының субъектісінің қылмыстық құқықтық сипаттамасы . . . …. . 68

  1. Пайдақорлық-зорлық қылмыстарды ауырлататын мән-жайлар . . . … . . . … . . . …. . …76

2 ПАЙДАҚОРЛЫҚ-ЗОРЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ КРИМИНОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ . . . …… . . . … . . . 104

2. 1 Пайдақорлық-зорлық қылмыстарының соңғы он үш жылдағы жай-күйі мен динамикасы (бандитизм, тонау, қарақшылық және қорқытып алушылық) . . …. . . . . …. … . . . 104

  1. Пайдақорлық-зорлық қылмыстарының құрылымы . . . 114
  2. Пайдақорлық-зорлық қылмыстарының негізгі себептері мен жағдайлары . . . …. . . . … . . . . . . 121
  3. Пайдақорлық-зорлық қылмыстарының виктимологиялық аспектілері . . . . . . ………. . . . . … . . . 151

3 ПАЙДАҚОРЛЫҚ-ЗОРЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАРДЫ ЖАСАУШЫ ҚЫЛМЫСКЕРДІҢ ТҰЛҒАСЫ . . . . . . 162

3. 1 Пайдақорлық-зорлық қылмыстарды жасаушы тұлғалардың әлеуметтік-биологиялық белгілері . . . … . . . … . . . 167

3. 2 Пайдақорлық-зорлық қылмыстарды жасаушы тұлғалардың әлеуметтік- демографиялық белгілері…. ……… . . . … . . . …… . . . 172

3. 3 Пайдақорлық-зорлық қылмыстарды жасаушы тұлғалардың әлеуметтік-адамгершілік және әлеуметтік-психологиялық белгілері……. . …… . . . 179

3. 4 Пайдақорлық-зорлық қылмыстарды жасаушы тұлғалардың әлеуметтік-құқықтық белгілері . . . … . . . . . . … . . . 184

4 ПАЙДАҚОРЛЫҚ-ЗОРЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ НЕГІЗГІ ШАРАЛАРЫ . . . . 188

4. 1 Пайдақорлық-зорлық қылмыстарының алдын алудың жалпы шаралары . . . ……. . . . ……… . . . …. . 188

4. 2 Пайдақорлық-зорлық қылмыстарының алдын алудың арнайы шаралары . . . … . . . . . . … . . . 206

4. 3 Жаза - пайдақорлық-зорлық қылмыстарымен күресудің құралы және оның ұтымдылығын арттыру проблемалары. … . . . ……… . . . 225

ТҰЖЫРЫМДАР . . . …… . . . …… . . . 275

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . … . . . 287

ҚОСЫМША . . . . . … . . . . ……315

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасындағы 80-жылдардың аяқ шені мен 90-жылдардың басында басталған өндірістік қатынастардың өзгеруі, осыған сай қоғам мұқтаждықтары мен мүдделерінің өзгеруі пайдақорлық-зорлық қылмыстарға, жалпы қылмыстылық проблемаларына, жаңаша көзқарасты талап етті. Дегенмен, базистік қатынастардың толық орнықпауына сай, сондай-ақ оған сәйкес болуға тиісті қондырмалық институттардың толық бекімеуінен пайдақорлық-зорлық қылмыстылықтың жаңа себептері мен жағдайлары туындады да, оның деңгейі бұрын-соңды болмаған көрсеткіштерге жетті. Мысалға, 1993 жылмен салыстырғанда 2003 жылы бандитизм 183%-ке (1993 жылы - 6; 2003 жылы - 17), ал қорқытып алушылық 17, 1%-ке (1993 жылы - 919; 2003 жылы -1077) өссе, қарақшылық 2, 9%-ке (1993 жылы - 2335; 2003 жылы -2279), тонау 46, 3%-ке (1993 жылы - 13872; 2003 жылы -7449) кеміді.

Қазақстан Республикасында 90-жылдардың орта шенінде мемлекеттің әлсіреуі тұсында жіберілген ақтаңдақтардың кесірінен, әсіресе, жекешелендіру кезінде, сол сияқты Кеңестер Одағының ыдырауы салдарынан жұмыс орындарының жаппай жабылуынан жұмысқа жарайтын азаматтардың ауыл-селолардан жұмыс орындары бар қалаларға ағылуы себепті республикада біршама тұрақсыз жағдай қалыптасты. Дәл осы кезең пайдақорлық зорлық қылмыстарының шарықтау шегіне жеткен тұсы болатын. Мысалға, жаппай өрістеген қорқытып алушылық қылмысы тек 1995 жылы республика көлемінде жүргізілген ‘’Құқықтық тәртіп’’ атты шарадан соң ғана саябырсыды. Сондай-ақ, Қазақстанда мемлекеттік институттарды реформалау аяқталды десек те, әлі де халық ішіндегі өзгерістердің болып жатқаны айқын. Мұның өзі де пайдақорлық-зорлық қылмыстары себептерінің өзгермелілігіне алып келеді. Елімізде жұмыссыздар санының өсуі де пайдақорлық-зорлық қылмыстарының өсіміне де өз үлесін қосады.

Сол сияқты халық менталитетінің өзгеруіне байланысты виктимологиялық аспектілерді зерттеу де бір төбе мәселе.

Дегенмен, 2003 жылғы Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауында, сол жылдан бастап экономикалық өсім болатындығына міндет қойылды. Бұл үрдістің Қазақстанның саяси, экономикалық өмірімен қоса, қылмыстылықты, соның ішінде, пайдақорлық-зорлық қылмыстарды бәсеңдетуде де маңызы зор.

Сол сияқты 2003-2005 жылдардың ауылдарды көтеруге арналуы және қаржы бөлінетіндігі де Қазақстандағы экономикалық ахуалды жақсартып, халықтың әлеуметтік жағдайына оңды ықпал ететіндігі және осы айтылған шаралар қылмыстылықтың алдын алудың жалпы әлеуметтік шараларына айналатындығы сөзсіз.

Қоғамдағы базистік қатынастар мен қондырмалық қатынастардың сай келмеуіне байланысты қылмыстылықтың, соның ішінде, пайдақорлық-зорлық қылмыстарының себептерін былай қойғанда, базистік (экономикалық) қатынастары ТМД елдері сияқты түбірлі өзгермеген шет елдерді де, дәлірек айтқанда, бүкіл дүние жүзін қамтып тұрған трансұлттық қылмыстылықтың өсуі де Республиканың криминалдық өміріне ықпал етпей қоймайды. Мысалға, соңғы уақытта өршіп тұрған ''зорлық әрекеттері арқылы саяси күрес жүргізудің тактикасы'' болып табылатын халықаралық терроризм қылмысына байланысты БҰҰ-ның бас Ассамблеясы әр жылдары ондаған қарарлар қабылдады. 1996 жылы әлемнің маңдайалды елдерінің басшылары бас қосып, осы проблеманы әңгіме арқауы етті.

Жалпы пайдақорлық-зорлық қылмыстарының ішінде, соңғы кездері, топтасып жасаған қылмыстың үлесі ылғи көбейіп келеді. Барлық қылмыстардың ішіндегі зерттеліп отырған пайдақорлық-зорлық қылмыстарының үлес салмағы 1990 жылы 6, 5%-ті құраған болса, 1991 жылы - 6, 6%, 1992 жылы - 7, 7%, 1993 жылы - 8, 3%, 1994 жылы - 7, 6%, 1995 жылы - 7%, 1996 жылы - 6, 9%, 1997 жылы - 7, 7%, 1998 жылы- 9, 3%, 1999 жылы - 9, 5%, 2000 жылы - 8, 4%, 2001 жылы - 8, 5%, 2002 жылы - 8, 8%, 2003 - 9, 1%-ті құрап отыр1.

Пайдақорлық-зорлық қылмыстарын зерттеу өзектілігі уақыт өткен сайын артып отырса да, Қазақстанда, тіпті, Ресейдің өзінде де арагідік пайдақорлық-зорлық қылмыстарының кейбір жақтарын қарастырғаны болмаса, тұтастай әлі қылмыстық-құқықтық және криминологиялық аспектілерін кешенді түрде қарастырған еңбектер жоқ.

Осы уақытқа дейін әр түрлі авторлар пайдақорлық-зорлық қылмыстылықты қылмыстылықтың басқа түрлерімен бірге қарастырып келді. Тек қана бірлі-жарым еңбектер ғана, мысалға, алпысыншы жылдардың аяқ шенінде пайдақорлық-зорлық қылмыстарының әртүрлі қылмыстық-құқықтық және криминологиялық аспектілерін, соның ішінде, ұрлық, қарақшылық, тонауды, алпысыншы-жетпісінші жылдары С. С. Степичев, Г. З. Моисеенко, Г. Л. Кригер, А. Н. Кардава сынды авторлар қарастырып өтсе, сексенінші жылдардың аяғы мен тоқсаныншы жылдардың басынан бастап зерттеушілердің жаңа толқыны пайдақорлық зорлық қылмыстарға қалам тартты. Мысалға, В. А. Владимиров, Ю. И. Ляпунов, Ю. Л. Щевцов, В. Верин, В. Н. Куц, В. В. Щербина, Н. И. Мельник сынды авторлар қорқытып алушылықты, А. М. Калиев, Н. К. Горя сияқты зерттеушілер зорлық қылмыстарының криминологиялық мәселелерін, С. М. Качои сияқты ғалымдар пайдақорлық қылмыстарды қарастырса, А. Д. Черняковский сияқты авторлар тек пайдақорлық-зорлық қылмыстарға қалам тартты. А. Ю. Арефьев, В. С. Миньская, А. М. Дьячков, В. Н. Косарев, Ю. Карекетов, пайдақорлық-зорлық қылмыстарының әр түрлі қырларын қарастырған болса, Ю. И. Евстратов, Д. В. Ривман, Ю. М. Антонян сияқты зерттеушілер оның виктимологиялық аспектілері мен оларды жасаушы қылмыскерлердің тұлғасына назар аударды.

Тұтас қалпында аталған қылмыстылықтың криминологиялық және қылмыстық-құқықтық проблемалары елімізде зерттелген жоқ. Пайдақорлық-зорлық қылмыстар проблемасының ішінде топ болып жасалған түрлерін алғашқы болып зерттеген Қазақстандық ғалым А. Ш. Ещанов болды (Профилактика органами внутренних дел Республики Казахстан групповой корыстно-насильственной преступности. Караганда, 1999) . Ал, О. В. Вербовая бандитизм қылмысын зерттесе (1999 жыл), Ә. А. Темірбеков қорқытып алушылықтың қылмыстық-құқықтық мәселелерін (1998 жыл) зерттегендігі белгілі. Сол сияқты аталған тақырыптың әр түрлі қырларын зерттеудің теориялық негізін қалаған ғалымдардың қатарынан Қ. Абдрасулова, А. Н. Ағыбаев, А. Айқынбаев, З. О. Ашитов, Н. М. Әбдіров, К. Ж. Балтабаев, К. Ә. Бегалиев, Ғ. И. Баймурзин, И. Ш. Борчашвили, Н. О. Дулатбеков, С. Х. Жадбаев, Е. Ғ. Жәкішев, Ү. С. Жекебаев, Б. Ж. Жүнісов, З. С. Зарипов, А. А. Исаев, М. М. Кадыров, Е. Көбеев, Е. І. Қайыржанов, М. Ч. Қоғамов, К. Құрманов, Қ. А. Мәми, А. М. Мамытов, А. Машабаев, Г. С. Мәуленов, Ә. Х. Меңдіғұлов, Б. Нақыпов, М. С. Нәрікбаев, Б. Нұрғалиев, Р. Т. Нұртаев, Е. А. Оңғарбаев, С. М. Рахметов, И. И. Рогов, Г. Р. Рүстемова, М. Х. Рустамбаев, М. Самалдықов, М. А. Сәрсенбаев, Л. Ч. Сыдықова, Г. Д. Тіленшиева, Ж. А. Тұяқбай, Б. Х. Төлеубекова, К. Халиков, Д. С. Чукмаитов, А. Ш. Шаршеналиев сынды ғалымдарды көруге болады.

Сондықтан да, бұл тақырып кешенді түрде Қазақстан аумағында алғашқылардың бірі болып қолға алынып отыр.

Диссертацияның мақсаты. Пайдақорлық-зорлық қылмыстарға қатысты заңдылықтарды анықтап, оларды талдау жолымен пайдақорлық-зорлық қылмыстарының алдын алудың теориялық мәселелерін кеңінен ашып, практикалық тұрғыдан алдын алудың тиімді ұсыныстарын енгізу.

Диссертацияның міндеттері. Жоғарыда келтірілген мақсатты орындау үшін жұмыс алдына мынандай міндеттер қояды:

  • пайдақорлық-зорлық қылмыстарының (бандитизм, қорқытып алушылық, тонау және қарақшылық) соңғы жылдардағы жәй-күйін, динамикасын және құрылымын айқындап, осы көрсеткіштерге байланысты пайдақорлық-зорлық қылмыстарының заңдылықтарын анықтау;
  • пайдақорлық-зорлық қылмыстылықтың себептері мен жағдайларын талдау;
  • пайдақорлық-зорлық қылмыстарды жасаушы тұлғаларды сипаттап, олардың негізгі белгілерін көрсету;
  • пайдақорлық-зорлық қылмыстарының виктимологиялық аспектілеріне назар аударып, бұл жолда социологиялық-психологиялық талдауларға сүйене отырып, алынған нәтижелердің пайдақорлық-зорлық қылмыстылықтың алдын алудағы рөліне тоқталу;
  • пайдақорлық-зорлық қылмыстарының алдын алушы шаралардың тиімділігін аша отырып, оларды әрі қарай жетілдіруге байланысты Қазақстанның қазіргі жағдайына сай келетін нақты ұсыныстар жасау;
  • пайдақорлық-зорлық қылмыстылықпен қылмыстық-құқықтық күрес жүргізу проблемаларын талдау.

Зерттеудің методологиясы мен методикасы. Жоғарыда көрсетілген міндеттерді орындау жолында зерттеу философиялық диалектиканың заңдары мен таным әдістерін басшылыққа алды. Сол сияқты формальдық логиканың да ережелері, салыстырмалы-құқықтық әдістер де қолданылып, кей тұстарда өзге ғылым салаларының да әдістері, заңдылықтары мен ережелерін басшылыққа алдық. Соның ішінде, социологиялық, психологиялық және статистикалық әдістерге жиі арқа сүйедік.

Зерттеудің объектісі - пайдақорлық-зорлық қылмыстылықпен байланысты Қазақстанның қазіргі уақыттағы өмірдің әр саласындағы құбылыстары.

Зерттеудің нақты заты. Пайдақорлық-зорлық қылмыстарының генезисі, оның психологиялық, әлеуметтік аспектілері, оған әсер ететін экономикалық, ұйымдастырушылық т. б. факторлар, пайдақорлық-зорлық қылмыстарды жасаушы адамдардың және олардың құрбаны болған адамдардың мінез-құлқы мен тұлғасы, пайдақорлық-зорлық қылмыстылықтың алдын алушы нақты шаралар мен алдын алуды реттейтін заңдар мен нормативтік актілер, пайдақорлық-зорлық қылмыстылықты құрайтын нақты қылмыс құрамдарының элементтері мен белгілері.

Диссертациялық зерттеудің ғылыми жаңалығы. Пайдақорлық-зорлық қылмыстылық проблемалары кешенді түрде Қазақстанда тұңғыш рет қарастырылып, ''жаңарған'' өмір салты туындатқан пайдақорлық-зорлық қылмыстылықтың себептері мен жағдайлары анықталып отыр. Осы негізгі себептерге байланысты пайдақорлық-зорлық қылмыстылықтың алдын алу туралы тың ұсыныстар даярланды.

Пайдақорлық-зорлық қылмыстылықты құрайтын төрт қылмыс құрамына қатысты оларды қылмыстық-құқықтық тұрғыда жетілдіруге байланысты да заң шығарушылық ұсыныстар да еңбектің жаңалығын құрай алады. Онымен ғана шектеліп қоймай өзге де қылмыстық-құқықтық болып табылмайтын заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар да еңбектің ғылыми жаңалығын құрайды.

Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар.

1. Пайдакүнемдік ниетте қасақана адам өлтіру және қарақшылықпен шабуыл жасау әрекеті де, себебі де, мақсаты да бірдей қылмыстар болғандықтан сол адам өлтіргеннен кейін жасалған қарақшылық шабуылды қайталанған қылмыс деп санап, қылмыстық заңға, дәлірек айтқанда, ҚК 175-бабының ескертуіне тиісті өзгерту енгізу керек.

2. Ұйымдасқан топтардың немесе қылмыстық қауымдастық басшыларының, ұйымдастырушыларының және оларға қатысушылардың шартты-мерзімінен бұрын босануға еш үміті болмауға тиіс. Сондықтан да заңда (ҚК 70-бабы) шартты-мерзімінен бұрын босатуды бұл адамдарға қолдану үшін олар жаза мерзімінің кемінде төрттен үшін нақты өтеуге тиіс деп көрсетілуі керек.

3. ҚК 181-бабына суық немесе атылатын қару қолдану сияқты саралаушы белгі қосу керек, өйткені қорқытып алушылықтың 71%-інде суық және атылатын қару қолданылады.

4. Айыппұл салуда экономикалық ықпал бар, қылмыскердің пайдакүнемдік ұмтылысына тежеу салады, дегенмен, егер күш қолданып тонау, қарақшылықпен шабуыл қылмыстар жасалса, оны қосымша жаза ретінде тағайындау заңда қарастырылуы тиіс.

5. Өлім жазасына Қазақстан Республикасында ол туралы проблема түбегейлі шешілгенше мораторий жарияланғаны белгілі, егер де мәселе оны қалдыру бағытында шешілетін болса, алпыс жасқа толған адамдарға да қатысты қолданылмаса нағыз адамгершілік қадам болар еді.

6. Қылмыстық кодекстің 51-бабының онша сәтті құрастырылмағанын ескеріп, бұл бапқа төмендегідей толықтыру енгізуді ұсынамыз: «Мүлікті тәркілеу пайдакүнемдік ниетпен жасалған онша ауыр емес, ауыр және аса ауыр қылмыс үшін белгіленеді және осы Кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті баптарында көзделген жағдайларда ғана тағайындалуы мүмкін. Мүліктің бір бөлігі тәркіленгенде сот мүліктің қай бөлігі тәркіленетінін көрсетуге немесе тәркіленетін заттарды атауға тиіс».

7. Түзеу жұмыстарының ең төменгі және ең жоғарғы деңгейлері арасындағы алшақтық соттарды жазаны дұрыс тағайындау және оны жеке даралап тағайындау мүмкіндіктерінен айырады. Осы мән-жайды ескеріп және заңдарды жетілдіру үшін ҚК 43-бабы мынадай редакцияда толықтырылса: «Түзеу жұмыстары алты айдан үш жылға дейінгі мерзімге белгіленеді», сол сияқты түзеу жұмыстары қолданылмайтын адамдардың шеңберін кеңейтуді ұсынамыз, олардың қатарына 43-бапта көрсетілген адамдармен қоса «жүкті әйелдерге, 16 жасқа толмаған адамдарға; алпыс жасқа толған ер адамдарға; елу бес жасқа толған әйелдерге; әскери қызметкерлерге; жасаған қылмысы үшін берілген жазамен қоса маскүнемдіктен немесе нашақорлықтан мәжбүрлеп емдеу шарасы тағайындалған адамдарға; 1 және 2 топтағы мүгедектерге» қолданылмауы керек. Сонымен, қоса біздің пікірімізше, «Түзеу жұмыстарында жүрген кезде 1 және 2 топтағы мүгедек деп танылған адамдар бұл жазадан босатылуға» тиісті және осыған сәйкес ҚР ҚК 43-бабына тиісті өзгерістер енгізілуі қажет.

8. Виктимология өзінше құқықтық пән болып бөлініп, заң оқу орындарының оқу жоспарына кіруі тиіс. Бұл пән бойынша дәрістер оқылып, практикалық сабақтар жүргізіледі, ол: қасақана виктимология және абайсыздағы қылмыстылық болып екіге бөлінеді. Сол сияқты, оқу орындарында ''Мемлекет және құқық негіздері'' және ''Құқықтану'' пәндерін оқытудың сапасын жақсарту. Оқылатын сағат санын 60-қа дейін көбейтіп, курс аяғында емтихан алуды қарастыру.

9. ''Бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жазаларды орындайтын мекемелер мен органдар туралы'' Қазақстан Республикасының Заңын қабылдау керек, онда мына мәселелер көрініс табуы тиіс: қылмыстық-атқару жүйесін ұйымдастыру және оның қызметін қамтамасыз ету, жазаны орындайтын мекемелердің қызметін ұйымдастырудың негіздері, қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері, күш қолдану, арнайы құралдар мен қару қолдану, қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерін құқықтық және әлеуметтік қорғау, қылмыстық-атқару жүйесінің қызметін бақылау. Әкімшіліктік қадағалаудың тиімділігін арттыру қажет. Әкімшіліктік қадағалау туралы Ережеге өзгертулер енгізу, онда жазасын өтеп жүрген кезде дұрыс жолға түспеген және жазасын өтеп келгеннен кейін де заңға қайшы қылығын қоймаған адамдарды жеке дара қадағалауға алу қажеттігін көрсету керек. Түзеу жұмыстарын өтеу туралы Ереже қабылданғаны жөн. Мұнда түзеу жұмыстарын өтеуге байланысты маңызды мәселелер көрініс тапса, атап айтқанда: түзеу жұмыстарын жазалау шарасы ретінде сипаттайтын негізгі баптар; бұл жазаны өтеу тәртібі; сотталғанның құқықтары мен міндеттері; түзеу жұмыстарын өтеуді басқаратын органдардың құрылымы мен өкілеттігі; тәрбие жұмысын ұйымдастыру; түзеу жұмыстарын өтеу мерзімін санау; сотталғанның табысынан ұстап қалу тәртібі; шартты мерзімінен бұрын босатумен, жалтаруға байланысты жауапкершілікпен, тағы басқаларымен байланысты мәселелер.

10. Қылмыстылықтың алдын алу шараларының жүйелі түрде жүзеге асуын қамтамасыз ету мақсатында «Қылмыстылықтың алдын алу туралы» заң қабылданғаны жөн. Қоғам мүшелерінің қылмыстылықпен күресте ролін күшейту мақсатында «Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы» туралы заң қабылданып, осының негізінде ''Қоғамдық инспекторлар туралы'' жаңа Ереже шығаруға және оны республика Үкіметі бекітуге тиіс. Сол сияқты кәмелетке толмағандардың қоғамға жат көзқарастары жас күнінен қалыптаспас үшін «Кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылығының профилактикасы және балалардың қараусыздығының алдын алу» туралы заң қабылдау керек.

11. Пайдақорлық-зорлық қылмыстарының алдын алуды жалпы қоғамдық деңгейде қарастырғанда Қазақстан үшін өзекті проблема - адамдарды жұмысқа орналастыру мәселесін шешу. Сондықтан да ''Халықты еңбекпен қамтамасыз ету туралы'' Заңның негізінде Қазақстан халқын еңбекпен қамтамасыз етудің 2004-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын жасау керек. Бұл бағдарлама халықты еңбекпен қамтамасыз етудің облыстық, қалалық және аудандық бағдарламалары негізінде жүзеге асырылуы тиіс. Ол үшін әртүрлі мемлекеттік органдардың, жұмыс берушілердің және қоғамдық ұйымдардың өзара тығыз байланыста болуы шарт. Мемлекеттік бағдарлама 4 бөлімнен тұруға тиіс: а) көрсетілген кезеңде республиканың еңбек рыногында қалыптасқан жағдай; б) еңбек рыногын болжау; в) еңбекпен қамтамасыз ету, жұмыссыздар санын азайту және жұмыссыздарға әлеуметтік қолдау көрсету шаралары; г) 2004-2010 жылдардағы еңбекпен қамтамасыз ету қоры.

12. Жазаны орындау колонияларында тәрбие жұмысын жетілдіру қажет, ол үшін:

а) барлық сотталғандарды жұмыспен және оқумен қамтамасыз ету керек;

б) колония қанша адамға есептелсе сонша адам қабылданады, себебі, кейбір жағдайларда сотталғандардың әрқайсысымен жеке тәрбие жұмысын жүргізу мүмкін болмай қалады;

в) колонияны білікті кадрлармен қамтамасыз ету қажет.

Зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы. Пайдақорлық-зорлық қылмыстылықты құрайтын қылмыстар туралы соның ішінде, оның құрылымы, динамикасы, халыққа шаққандағы коэффициенті, оның себептері, оларды жасаушы тұлғалар туралы ғылыми талдаудың нәтижесінде қол жеткен тұжырымдар ғалымдар мен оқырмандардың теориялық білімін толықтыруға атсалыса алады. Ал пайдақорлық-зорлық қылмыстылықтың алдын алу туралы ұсыныстар, егер қолданыс табатын болса, практикалық маңызға ие болатыны сөзсіз. Дәл осы әңгімені пайдақорлық-зорлық қылмыстылықтың алдын алуға әсерін тигізе алатын бірқатар заңдар мен Ережелерді жетілдіруге байланысты ұсыныстар жөнінде де айтуға болады. Сол сияқты, автордың виктимологиялық аспектілерге қатысты зерттеулер нәтижесінде алынған тұжырымдары, ұсыныстары практикалық тұрғыда өте тиімді болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пайдақорлық-зорлық қылмыстарын зерттеу
Пайдақорлық зорлық қылмыстарының криминологиялық сипаттамасы
Тонау қылмысының қылмыстық құқықтқ аспектілерін толыққанды ашу
Пайдақорлық қылмыстарының қылмыстық-құқықтық сипаттамасы
Кәмелетке толмағандардың пайдақорлық қылмыстарының алдын алу проблемасы
Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар ұғымы
Пайдақорлық қылмыстары
Криминология пәнінің түсінігі
Жеке адамның денсаулығына қарсы қылмыстардың түсінігі және жіктелуі
Бандитизм қылмысының криминологиялық сипаттамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz