Қазақ зиялыларының қалыптасуы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 110 бет
Таңдаулыға:   

1. ”Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы” пәні қоғамдық тарихи сананы қалыптастырудағы маңызын айшықтаңыз

«Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәнінің негізгі мақсаты - отандық тарихтағы негізгі оқиғалардың мазмұны туралы ғылыми дәлелденген фактілер негізінде міндетті толық білім беру, тарихи-мәдени дамудың үздіксіздігі мен сабақтастығын дәлелді көрсету, рухани мұрагерліктің терең тамырларын, бұрынғы ұрпақтың қажырлы еңбегін, халықтың жеке тұлғаларын, тарихи тәжірибені және ұлттық дәстүрлерді құрметтейтін жастардың ұстанымын қалыптастыру.

Осыған байланысты төмендегідей міндеттер қойылады:

ü студенттерді қазіргі тарих ғылымының жетістіктерін пайдалана отырып, хронологиялық тәртіпке сай ауқымды және нақты материалдармен таныстыру;

ü проблемалық дәрістер әдісін қолдану жолымен студенттерді шығармашылық ойлауға жаттықтыру;

ü Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының гуманитарлық пәндер жүйесіндегі орнын, оның объектісі мен пәнінің ерекшеліктерін, ең өзекті проблемаларын анықтау;

• бүгінгі тарих және тарих ғылымының рөлі, оның салалары мен бағыттары, тарихтың белгілі кезеңдеріндегі әлеуметтік және саяси проблемалар туралы түсінік қалыптастыру.

Қазақстанның қазіргі заман тарихының кезеңделуін төмендегіше жазуға болады:

1. ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағыұлттық мемлекет құру идеяларының кезеңдері.

2. Қазан төңкерісі және Қазақстанның саяси өмірі.

3. Кеңестік мемлекеттік құрылыс үлгісінің жүзеге асырылуы.

4. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы кеңестік реформалар.

5. ТәуелсізҚазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымының қалыптасуы.

6. Қазақстан - замануи әлем мойындаған ел.

Қазіргі тәуелсіз Қазақстан тарихын зерттеудегі негізі деректер, құжаттар мен материалдар:

- Республиканың басым бағыттары мен даму нәтижесін, мақсат-міндеттерін айқындайтын мемлекет басшысының жарғылары, жолдаулары, баяндамалары, сөйлеген сөздері;

- Парламент тарапынан қабылданған заңнамалық құжаттар;

- Еліміздің ішкі және сыртқы дамуын, Қазақстан дамуының саяси-өңірлік, әлеуметтік экономикалық қырларын нақтылайтын үкіметтік қаулылар мен құжаттар;

- Атқарушы биліктің орталық және өңірлік органдарының құжаттары, түрлі деңгейдегі мәжілістер материалдары;

- Азаматтық қоғам институттарын, саяси партиялардың, шетел сарапшыларының ұстанымдарын бейнелейтін материалдар;

- Тәуелсіз Қазақстанды құруға ат салысқан тұлғалардың естеліктері; - Әлеуметтанулық сауалнамалар материалдары мен статистика мәліметтері;

- Қазақстанның қазіргі заман тарихы бойынша қазақстандық және шетел ғалымдарының тұжырымдамалық және іргелі еңбектері;

- Мерзімді басылым материалдары;

- Өзекті мәселе бойынша интернет-қорлары

2. Қазақстанның ұлттық бірегейлігі мен мәдени тұтастығы жолындағы бағыттарды сипаттаңыз

Тұжырымдаманы әзірлеуге Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан халқы Ассамблеясы (бұдан әрі - ҚХА), Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институты, Қазақстан әлеуметтанушылар қауымдастығы, Қазақстан саясаттанушылар конгресі, "Қазақстанның азаматтық альянсы" заңды тұлғалар бірлестігі, "Қазақстан - 2050" жалпыұлттық қозғалысы, "Қазақстан бас редакторлар клубы" қоғамдық бірлестігі, "Қазақстан Жазушылар одағы" және басқа да шығармашылық одақтар тартылды.

Негізгі орындаушылар: ҚХА, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдары, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы "Қоғамдық келісім" республикалық мемлекеттік мекемесі, ЖОО базасындағы ЮНЕСКО және ҚХА кафедраларының қауымдастығы, азаматтық қоғам институттары (келісім бойынша) .

Іске асыру мерзімі: 2015 - 2025 жылдар.

2. Кіріспе

Осы Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту тұжырымдамасын (бұдан әрі - Тұжырымдама) әзірлеу қажеттілігі "Қазақстан - 2050": қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" стратегиясының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың "100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет" Ұлт жоспарының болашағы біртұтас ұлтты қалыптастыру жөніндегі "Бірегейлік пен бірлік" атты төртінші бағытының міндеттерімен негізделген.

Тұжырымдама Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы", "Білім туралы", "Тіл туралы", "Мәдениет туралы" заңдарына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бірегейлікті қалыптастыру тұжырымдамасына, Қазақстанның Ұлт бірлігі доктринасына, ҚХА-ның даму тұжырымдамасына негізделеді.

Тұжырымдама мынадай басты қағидаттарға негізделеді:

1) негізгі бағыт - ел Президенті Н. Ә. Назарбаев ұсынған "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық патриоттық идеясы;

2) "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық патриоттық идеясының біріктіруші құндылықтары - азаматтық теңдік, еңбексүйгіштік, адалдық, ғылым мен білімге құрмет, зайырлы ел;

3) қазақстандық бірегейлік пен бірліктің іргетасы - мәдени, этностық, тілдік және діни әралуандылыққа негізделген жалпыұлттық құндылықтар;

4) қазақстандық бірегейлік пен бірлік - ұрпақтан ұрпаққа үзілмей жалғасатын процесс. Ол әрбір азаматтың этностық тегіне қарамастан өзінің тағдыры мен болашағын Қазақстанмен байланыстыруына негізделеді. Ортақ тарихымыз, бүгінгі тіршілігіміз, болашаққа деген ортақ жауапкершілігіміз қоғамды біртұтастыққа бастайды: "Біздің бір ғана атамекеніміз, бір ғана Отанымыз бар - ол Тәуелсіз Қазақстан". Бұл таңдаудың мәнін ұғыну - бірігудің басты негізі.

Тұжырымдаманы әзірлеу барысында мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың, ғылыми және шығармашыл зиялы қауымның ұсыныстары ескерілді. Тұжырымдама Қазақстанның барлық өңірлерінде талқыланды.

Тұжырымдама қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту мен дамытуға бағытталған құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, саяси, басқарушылық шаралар жүйесін қабылдауға негіз болады.

ҚХА Хатшылығы Мемлекет басшысына орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың осы Тұжырымдаманы, сондай-ақ "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық патриоттық идеясын іске асыру жөніндегі жұмысы туралы жыл сайын есеп береді.

3. Ауған соғысы және оған қазақстандықтардың қатысуы туралы баяндаңыз

Ауған соғысы (пушт. : په افغانستان کې شوروی جګړه‎‎, парсы: جنگ شوروی در افغانستان‎‎) - КСРОҚарулы күштерінің Ауғанстанға басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанған соғыс. КОКП және КСРО басшылығы Ауғанстандағы 1978 жылғы сәуір төңкерісі нәтижесінде билікке келген “халықтық-демократяиылық үкіметті” қолдап, көршілес елдің соцмалистік бағытпен дамуын көздеп, “интернационалдық әскери жәрдем береміз” деген желеумен оның ішкі істеріне араласты. [1] Бұл “қырғи қабақ соғыс” кезеңі өткеннен кейінгі уақытта да КСРО-ның өзге елдерді өз ықпалына қарату саясатының айқын көрінісі еді. 1965 жылы қаңтарда Ауғанстанда Кеңес Одағы Мемлекеттік қауіпсіздік крмитеті (МХК) тыңшыларының қатысуымен жартылай астыртын қызмет атқарған халықтық-демократиялық партия (ХДП) құрылып, біраздан соң ол екіге бөлінген. “Хальк” тобын Н. М. Тараки, Х. Амин, ал “Парчам” тобын Б. Кармаль басқарды. 1977 жылы мамырда Мәскеудің нұсқауымен ХДП-ның екі тобы бірігіп, астыртын қимылдарын ұлғайта түсті. Мұхаммед Дауд үкіметі ХДП-ға қысым жасап, 1978 жылы 26 сәуірде оның басшыларын қамауға алды. Ертеңіне Кабулдағы әскери күштер көтеріліп, Дауд бала-шағасымен қазаға ұшырады. Сөйтіп Ауғанстанда ХДП билігі орнады. Жаңа үкімет КСРО-ның айтқанынан шықпай, бірден социализм негізін қалауға кірісті. Жер реформасын енгізу, діндарларды қудалау, ағарту саласындағы өзгерістер, кеңестік мамандарды көбірек пайдалану, жергілікті көшпелі тайпалардың әдет-ғұрпымен, салт-мүддесімен санаспау, т. б. бұқара халықтың наразылығын тудырды. 1978 жылы қазанда ірі қарулы қарсылықтар басталды. Ауған үкіметі КСРО-мен достық, тату көршілік және ынтымақтастық туралы шартқа отырып (желтоқсан, 1978), Мәскеуге арқа сүйеді. Алайда халық күресі одан әрі күшейе түсті. 1979 жылдың ақырында 26 уәлаятта 18 көтеріліс өрті лаулады. Сондай жағдайда ХДП басшылары өзара тартысып, Кармаль тобы жеңіліп (1978, шілде-тамыз), оның өзін Чехословакияға елші етіп жіберді. Келесі жылғы қыркүйекте Тараки Аминнің қолынан қаза тауып, ХДП мен мемлекет басына Амин отырады. Бұл жағдайды Мәскеу өз мүддесіне қауіп ретінде қабылдады. КСРО МХК Аминді қызметінен шеттетіп, “парчамшылдарды” билікке әкелуге әрекеттенді. 1979 жылы 12 желтоқсанда Кеңес Одағы басшыларының шағын тобы (Л. И. Брежнев, Ю. В. Андропов, М. А. Суслов, Д. Ф. Устинов, А. А. Громыко) Ауғанстанға кеңес әскерін енгізу туралы шешім қабылдады. Сөйтіп, 1979 жылы 27 желтоқсанда КСРО әскерлері Ауғанстан шекарасынан өтіп, онда 1989 жылдың 15 ақпанына дейін соғыс қимылдарын жүргізді.

Қазақстаннан Ауған соғысына 22000 адам қатысып, олардың 761-і қаза тапты. 21 адам хабарсыз кетті. Бүгінгі таңда Қазақ елінде 1-ға жуық ауған ардагерлері бар. Олардың 3000-дайы мүгедектер қатарында. Ауғандық ардагерлер қоғамы өкілдерінің сөзінше кеңес заманында мемлекет тарапынан бұларға айтарлықтай көңіл бөлінді. Ал қазіргі кезде аталмыш жеңілдіктерден мүлдем алынып тасталды. Елбасының 1998 - жылдың 28 - сәуірінде шыққан жарлығы аталған жандарға берілетін қаржылық көмектің мөлшерін анықтап берді. Бүгінде ол 2 мың теңгеден сәл ғана асады.

4. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының Ұлы дала тарихымен сабақтастығын баяндаңыз

XX ғасырдан бастап Қазақстанның әлеуметтік және қоғамдық өмірінде күрделі өзгерістер болды. Қазақ қоғамында демократиялық ой-пікір, ұлттық сана өсті . Отаршылдық -әкімшілік басқару жүйесі қазақ халқының алдыңғы қатарлы азаматарының сана -сезімі, ұлттық намысының оянуына түрткі болды.

Патша үкіметінің Қазақстандағы саяси тәртібі, оның салдары және соған байланысты қазақ қоғамында саяси -қоғамдық ой -пікірдің қалыптасуы дамуы туралы ғылыми зерттеулер жазылып, кеңестік дәуірге сәйкес бағасын алды. Бірақ оларда қазақ ағартушыларының және зиялыларының еңбектеріндегі саяси-құқықтық идеяларына ұлттық мүдде тұрғысынан баға берілмеген.

XX ғасырдың алғашқы ширегінде орын алған I орыс революциясы, ұлт -азаттық қозғалыс, Ақпан және Қазан төңкерістері ж/е т. б оқиғалар қазақ қоғамдық- саяси ойдың дамуына зор ықпал тигізді . Осы оқиғалармен қатар ел өміріндегі саяси өзгерістер қазақ ұлттық интеллигенциясының қалыптасуына әсерін тигізді . Ұлттық интеллигенция тобы қазақ қоғамдық -саяси ойдың дамуына елеулі ықпалын тигізді . Мысалы :

1.

А. Байтұрсынов Маса *, М. Дулатұлы *Оян қазақ! кітабін жазып, қазақ халқының сол кездегі ой-санасын оятты .

2.

Ә. Бөкейханов неше түрлі саяси-құқықтық идеялар мен бағдарламалар жасаумен айналысты.

3.

1913 жылдан бастап жарық көрген Қазақ газеті либералдық демократиялық бағыттағы идеяларды білдірді . * Қазақ* газеті арқылы Алаштың зиялы қауымы қазақ халқының саяси сауатын ашты .

4.

Қазақтың тұңғыш магистрі Ж. Ақбаевтың саяси күресі мен құқықтық идеялары қазақ халқының ұлттық -саяси бағытын айқындауда зор рөл атқарды

Қорыта келгенде, қазақ халқының қоғамдық- саяси ойдың дамуы қазақ ұлттық интеллигенциясымен тығыз байланыста болды . Ол болмаса қазақ халқының қоғамдық -саяси сауаты ашылмай, мәңгі түнекте қалар еді.

Қазақ балалары үшін білім алу өте маңызды рөл атқарды . Елдің дамуы үшін, саяси көзқарастың өзгеруі үшін, қазақ халқының жер бетінен ұлт болып жойылып кетпеуі үшін саяси интеллигенцияның тұрақты түрде қалыптасуы, білімділердің саны артуы маңызды рөл атқарды. Тарих сахнасына жаңа білімді, саяси интеллигенция толқыны келген сайын, саяси көзқарас өзгеріп отырды. А. Бөкейханов, Т. Рысқұлов бастаған саяси топ осының дәлелі еді. Ол кездегі басты мақсат ҚАЗАҚ ұлтын сақтап қалу, Егеменді тәуелсіз ел құру еді.

5. ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамдық саяси ойдың дамуын сипаттаңыз.

XX ғ. Қазақстан тарихы оқиғалы материалдың көптігі, ең бастысы, идеологиялық күштеушілік және одан босану әрекеттерінің салмақтылығы жөнінен Отандық тарихымыз шежіресінің негізгі бөлімдерінің бірі болып саналады. Тарихи тұрғыдан алғанда бұл ең алдымен адамзат табиғатына жасалған көз көріп, құлақ естімеген ұзаққа созылған экспериментті баяндау, сонымен қатар осы жағдайдан ұлттық-мемлекеттік деңгейде шығудың Оптималды Қазақстандық моделі. Екінші жағынан, отандық тарихнама (Кеңес кезіндегі) Кеңестік-маркстік схемамен қатаң негізделгендіктен ғылыми даму деңгейінде дүниеге көзқарастың барабар адекватты көрінісін бере алмайтын еді. Өйткені оның өзі тоталитарлық мемлекеттік системамен біте қайнасқан, соның идеялық-саяси қажетіне қарай қызмет етуге бейімделген еді. Мұның өзі алдымен кейінгі онжылдықтарда. Кеңестендіру және модернизациялау кезеңдеріне баға беруге түрліше әдіснамалық тұрғыда қарауда байланысты пайда болған тарихисофиялық, «информациялық» (Л. Тофлер) «Технотромдық» (З. Бжезинский), «Ғылыми рационалистік» (Ю. Хабермас), «техникалық-информациялық» (Дж. Мартин, Т. Сувер), "өркениеттілік-шиеленістілік» (С. Хангиктон) т. б. бағыттардан еді.

Бүтіндей алғанда КСРО-ның 70 жылдық даму тарихында оның халықтары тоталитарлық тәжірибеден трагедиялық білім алды. Осыған байланысты Ресейге де, басқа республикаларға да большевизмнің менің ғана емес, таптық езгінің терең тамырларын түсіну де маңызды, мұның өзі қазір димып келе жатқан елдердің нағыз демократиялық жолға түсуіне кепілдік береді

ХХ ғасырдың басында Қазақстанның әлеуметтік -экономикалық және саяси дамуында болған өзгерістер қазақ халқының рухани өміріне терең әсер етті. Саяси, экономикалық экспансиямен қоса, құлдыққа салушылардың мәдениеті күштеп таңылды.

Патша өкіметінің кертартпа саясаты халыққа білім беру саласынан мейлінше айқын аңғарылады. Отаршыл билік қазақ халқының мүдделері мен құқықтарын елемей, оның рухани дамуын тежеді.

Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде қарастырылып отырған кезеңде орын алған соны құбылыстар қазақ қоғамының қоғамдық санасындағы елеулі өзгерістерге әкеп соқты. Мұндай елеулі өзгерістер ұлттық сана-сезімді оятуға жағдай жасады, қазақ қоғамында жаңа идеялардың, ой-пікірлер мен көзқарастардың қалыптасуын анықтап берді. Мәдениет тұрғысынан алғанда, дәуірдің жаңалықтары ең алдымен еуропалық өркениетті, жаңа құндылықтарды бастапқы әлеуметік үстем топ өкілдерінің, адамдардың шағын тобының меңгеруі орын алғанынан көрінеді.

ХХ ғасырдың басындағы саясат, дәлірек айтқанда, отаршылдық басқау жүйесі кезіндегі қазақ халқының жағдайы кейінгі кезеңдегі әдебиет дамуында өзекті проблема болып қала берді. Сол кезеңдегі әдебиетке келген М. Жұмабаев, С. Сейфуллин, Б. Майлин, С. Мұқанов және басқалары сияқты жас таланттар демократиялық -ағартушылық дәстүрлерді жалғастырып, оны бостандық идеяларымен байытып, өздерінің алғашқы туындыларын жариялай бастады .

Сонымен, ХХ ғасырдың басындағы қазақ халқының қоғамдық санасы- тарихтың жол айрығына душар келген қоғамның өзі сияқты күрделі құбылыс. Біз қарастырып отырған кезеңде шовинистік отаршылдық идеология мен бостандық, тәуелсіздік идеологиясы арасында ымырасыз күрес жүріп жатты. Қазақ даласында қалыптасып келе жатқан жас қазақ зиялылары белсене таратқан саяси идеялар қазақ қоғамының оянуына жәрдемдесіп, бұл халықтың құқықтық эстетикалық санасы мен өнегелі ой -өрісіне зор ықпал жасады.

6) . ХХ ғасыр басындағы мемлекеттілік идеясының жаңғыруның алғышарттарын атаңыз

Отарлаудың сорақылықтарын біле-көре тұра туған елінің өсіп-өнуін империя тағдырынан тыс көз алдына елестетпеген, Ресей құрамында қала беріп, өркениетке жетуді мүмкін санаған тұлғалардың, әлеуметтік қауымның әр кезеңдегі - XVIII, ХІХ ғасырлардағы, ХХ ғасыр басындағы дүниетанымы арнайы зерттеуді талап етеді. Өлке болашағын Ресеймен байланыстыра қарастырғандар маңызды мәселе ретінде бірде саяси тәуелсіздікті, ұлттық қауіпсіздікті, әлеуметтік-экономикалық дамудың, индустриялы жолға түсудің мүмкіндіктері мен нұсқаларын сөз қылса, екіншіде ағартушылыққа, оқу-білімге үлкен үмітпен қарады.

Патшалық билік тұсында мемлекеттілігінен айырылған Қазақстан бiрнеше әкiмшiлiк-аумақтық бағыныштылық пен талапайға ұшырады. Бұған ақпараттық тұтас кеңiстiгiнен айрылу, демографиялық, діни жаңа үрдістер қосылған соң, жалпыұлттық идея өзiнiң міндеті мен көздегені жағынан әр аймақта әр түрлi болғанына методологиялық мән берген абзал. Айталық, отарлық қанаудың күшеюiмен Бөкей Ордасында 1836-1838 жылдары Исатай-Махамбет көтерiлiсi жүрiп жатқанда, оңтүстiк аймақта патшалықтың өктемдiгi әлi орныға да қойған жоқ болатын. Мұнда дәуренi өткен, ертең өзi де отарға айналатын ортаазиялық билеушiлер Ұлы жүз қазақтарын зар илетіп, мықтымсынып жүрген едi. Осылайша, қазақ даласының әр аймағында қалыптасқан нақты-тарихи ахуалға қарай мұраты бір, мiндетi әр алуан қазақ идеясы дүниеге келдi. Тек ХХ ғасыр басында ғана, яғни отар өлкеге айналу аяқталғаннан жарты ғасырдай уақыт өткенде, бүкiл өлкенiң азаттығын, қазақ мемлекетін құруды, оянуды ту еткен жалпықазақ идеясы Қазақстанның түкпiр-түкпiрiн аралап кеттi. Ал, оның бастау бұлағында бұрындары, кеңес заманында айтқандай пролетарлық революцияны дайындаған большевиктер емес, аз таралыммен-ақ қазақтың тілі, құлағы, көзі бола алған - «Қазақ», «Айқап» сынды газет-журналдар, алаш автономиясы идеясын ұсынған А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, М. Дулатов басқарған либералды-демократиялық зиялылар тұрды.

Әдетте, ұлттық идея мен мемлекеттік билік талабына жауап берген ұлт-азаттық қозғалысының тізгінін Абай айтқан елбасы, топбасы мәртебесі бар тұлғалар ұстады. Тап осындай мәнді белгілерге ие ұлт-азаттық қозғалысы Отан тарихында терең із қалдырғаны және рас. Большевиктер үстем тап өкілдері деп жақтырмайтын ақсүйектердің, батырлардың, хандардың қозғалыс жетекшісі ролін атқаруы қазақ қоғамындағы таптық қанау мен жіктелістің Ресейдегіден, Еуропадағыдан мүлде өзгешелігін айғақтайды.

Үлкенді-кішілі ұлт-азаттық қозғалыстарының барысында жұрт мойындаған басшыны хан сайлау дәстүрінің табиғатына тереңірек үңілуіміз керек. Бұл әлемдік тарихи үрдісте ежелден желісі үзілмей келе жатқан құбылыс екенін ескерсек, Отан тарихының жалпыадамзаттық заңдылықтар аясында өрбігенін методологиялық тұрғыдан бекемдей аламыз. Айталық, жаңаша жыл санауымызға дейінгі Спартак та, ХVІІІ ғасырдағы Е. Пугачев та өздерін патшамын деп жариялаған болатын. Біздің ойымызша, ұлт-азаттық қозғалысына қатысушылардың хан сайлап алуы отарлаушы жартыпатша жандаралдан қайырымдырақ билеушіні табу ниетін емес, қоғамдық санада ұлттық мемлекет құндылықтарының айрықша қастерленіп отырғанын, қазақ хандығын қайта түлетуді азаттыққа қол жеткізудің басты шарты ретінде қабылдағанын көрсетеді.

Қазақстанға социалистік идеяның орнығуы Қызыл әскер түсінігі арқылы жүзеге асырылды. 1918 жылдың мамыр айында басталған кеңестік Ресейге қарсы шетел интервенциясы мен азамат соғысы Қазақстанды қамтымай қалмағаны белгілі. Большевиктермен соғысқан Колчак, Дутов, Толстов армияларына қарсы тұрған Арал, Ақтөбе, Жетісу майдандарының Қызыл әскерлері Кеңес өкіметін қалпына келтіру барысында Қазақстанға социалистік идеяны да бекемдеді. Азамат соғысының аласапыранында өлке тұрғындары ақтардан да, қызылдардан да зор жапа шекті. Дегенмен, жеңіс большевиктер жағында қалғандықтан социалистік қоғамды құру жалғаса берді. Қазақ зиялы қауымы бұл саясатты сын көзбен қабылдап, сенімсіздік танытқан кез мол болды. Бірақ, ұлт теңдігі, автономия алу, еркіндік идеялары халықты баурап алды ХХ ғасыр басындағы Қазақстанда мемлекеттік идеология мен мәдениет құрылысына үлкен мән берілді. Сауатсыздықты жою, мектептер мен арнайы орта оқу орындарын ашу, газет- журнал шығару, кітап басуды ұйымдастыру халықтың санасына маркстік-лениндік идеологияны сіңірумен ұштастырыла қолға алынып, мәдениетке таптық, партиялық көзқарас ұлықталды. Социалистік құрылыстың идеясы мен практикасын қабылдамайтындарды қуғындау мемлекеттік саясаттың мәнді белгісіне айналды.

7) . Қазақстанның қазіргі заманғы тарихын дүниежүзілік тарихи оқиғалар аясында қарастыру

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалысының мәселелері қазақ зиялылары еңбектерінде
ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫ
ХІХ ғасырдың екінші жартысы - ХХғасырдың басындағы қазақ ұлт - зиялыларының қалыптасуы
Ташкент қаласының хіхғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында қазақ интеллигенциясының қалыптасуындағы маңызы
Қазақ қоғамындағы білім жүйесінің даму деңгейі
XIX ғасырдың екінші жартысы XX ғасырдың басында қазақ ұлт зиялыларының қалыптасуы
Саяси қуғын-сүргін құрбандары болған қазақ зиялыларының педагогикалық көзқарастары
Қазақ ұлт зиялыларының қалыптасуы және тарихтағы ролі
ҚАЗАҚ ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯСЫ ЖӘНЕ САЯСИ КҮРЕС
Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы пәні және оның міндеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz