КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ МОНАРХИЯНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ НЫСАНЫ РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫ


Жұмыс түрі:  Диссертация
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 96 бет
Таңдаулыға:   
ТҮЙІНДЕМЕ

Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диссертациялық жұмыс конституциялық монархияны басқару нысаны ретінде зерттеуге арналып жазылған. Зерттеу жұмысында конституциялық монархияның қалыптасуы мен ерекшеліктері, сондай-ақ қазіргі заманғы конституциялық монархияларда, оның ішінде дуалистік, парламенттік және аралас монархияларда мемлекеттік биліктің ұйымдасуы мәселелері зерттелген.

Диссертациялық жұмыс кіріспеден, 3 бөлімнен, 7 бөлімшеден, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыстың жалпы көлемі - 83 бет

Зерттеу жұмысының негізгі идеялары мен қорытындылары

Дүние жүзінде конституциялық монархияның қалыптасуына төмендегідей негізгі факторлар әсер етті: ішкі әлеуметтік-саяси дамудың ерекшеліктері; француз буржуазиялық-демократиялық революциясының әсері; 1848-1849 ж. ж. буржуазиялық-демократиялық революциялардың әсері; еуропалық емес елдердің еуропалық жаңару жолына түсуі. Монархия күні өткен, ескірген басқару нысаны емес екендігін мемлекеттік-құқықтық дамудың қазіргі заманғы дүниежүзілік тәжірибесі көрсетіп отыр. Қазіргі таңда дүние жүзінің 30 елінде монархия орныққан. Оның ішінде 11 монархия Еуропада орналасқан. Еуропалық мемлекеттер - бұл жоғары дамыған мемлекеттер. Қазіргі заманғы монархияларды: абсолюттік және конституциялық деп бөлу қажет. Соңғысы - парламенттік монархиялар, дуалистік монархиялар, дуалистік типтегі парламенттік монархияға бейім аралас монархия, дуалистік типтегі абсолюттік монархияға бейім аралас монархия деп жіктеледі. Қазіргі таңда дүние жүзінде неғұрлым кеңінен тараған монархиялық басқарудың түрі парламенттік монархия болып табылады.

Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығы

Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығы - конституциялық монархия басқару нысаны ретінде тарихи-құқықтық және салыстырмалы- құқықтық аспектілерде кешенді түрде зерттелді. Қазіргі заманғы монархияларға, сондай-ақ қазіргі заманғы конституциялық монархияларға авторлық жіктеу жасалды. Сонымен бірге, қазіргі заманғы парламенттік монархиялардың негізгі белгілері айқындалды.

Зерттеудің теориялық және тәжірибелік маңызы. Диссертациялық жұмыстың негізгі қол жеткізген байлам-түйіндерін мемлекет және құқық теориясы, құқықтық және саяси ілімдер тарихы, конституциялық құқық саласындағы жеткен ғылыми жетістіктерді одан әрі дамытуда басшылыққа алуға болады.

РЕЗЮМЕ

Структура и объем работы. Диссертационная работа посвящена к изучению конституционной монархии как формы правления. В работе исследуются формирование, особенности, а также вопросы организации государственной власти в конституционных монархиях современности, включая дуалистические, парламентские и смешанные монархии.

Диссертационная работа состоит из введения, трех разделов, объединяющих семь подразделов, заключения и списка использованных источников.

Основные идеи и выводы исследования.

Основными факторами становления конституционной, монархии в мире являлись: особенности внутреннего социально-политического развития; влияние французских буржуазно-демократических революций; влияние буржуазно-демократических революций 1848-1849 гг. ; модернизация не европейских стран по европейскому пути. Современная мировая практика государственно-правового развития доказывает, что монархия вовсе не является какой-либо отжившей формой правления. В настоящее время монархия установлена в 30 странах мира. При этом 11 монархий, расположено в Европе. Европейские монархии - это как правило, высокоразвитые государства. Современные монархии следует делить на абсолютные и конституционные. Последние делятся на парламентские монархии, дуалистические монархии, смешанные монархии дуалистического типа с тяготением к парламентской форме правления и смешанные монархии дуалистического типа с тяготением к абсолютной монархии. Наиболее распространенной формой монархического правления в современном мире является парламентская монархия.

Научная новизна диссертационной работы. Научная новизна диссертации заключается в комплексном исследовании конституционной монархии как формы правления в историко-правовом и сравнительно- правовом аспектах. Автором предложены классификации монархий современности в целом и конституционных монархий в частности. Также, выявлены основные признаки парламентской монархии в современном мире.

Практическая значимость диссертационной работы. Практическая значимость исследования заключается в том, что ее результаты могут быть использованы при подготовке лекций, других учебно-методических материалов по теории и истории государства и права, истории политических и правовых учений, конституционному праву и т. д.

SUMMARY

The structure and amount of work. The thesis deals with the constitutional monarchy as a form of government. This paper investigates the formation, characteristics, and the organization of government in the modern constitutional monarchy, including the dualistic and mixed parliamentary monarchy.

The present paper consists of introduction, three chapters from seven paragraphs, conclusion fnd list of used literature.

The basic ideas and conclusions of the study.

The main factors of a constitutional, monarchy in the world were the features of the internal socio-political development, the influence of the French bourgeois- democratic revolution, the influence of the bourgeois-democratic revolutions of 1848-1849, modernization. Non-European countries in the European way. The modern world practice of state-legal development proves that the monarchy does not obsolete form of government. It is now established in 30 countries of the monarchy. Thus, 11 monarchies located in Europe. European monarchies - is, as a rule developed countries. A modern monarchy should be divided into absolute and constitutional. Last fall, a parliamentary monarchy, the Austro-Hungarian monarchy, mixed Dual Monarchy type with gravity to a parliamentary form of government, and mixed monarchy dualistic tendencies type to absolute monarchy. The most common form of monarchical rule in the modern world is a "parliamentary: the monarchy.

Scientific novelty of the dissertation. Scientific novelty of the thesis is a comprehensive study of the constitutional monarchy as a form of government in historical and comparative law and in the legal aspects. The author suggests the classification of modern monarchy in general and constitutional monarchy in particular. In addition, to identify the main features of a parliamentary monarchy in the modern world.

The practical significance of the work. The practical significance of the study is that its results can be used in the preparation of lectures and other educational materials on the theory and history of state and law, the history of political and legal doctrines of constitutional law.

МАЗМҰНЫ

АНЫҚТАМАЛАР 3

КІРІСПЕ. 4

  1. МОНАРХИЯНЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН МӘНІМонархияның түсінігі, негізгі белгілері және ерекшеліктері 10Басқару нысаны ретінде монархияның негізгі түрлері 20
  2. КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ МОНАРХИЯНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ НЫСАНЫ РЕТІНДЕ монархияның мемлекеттік басқару нысаны ретінде қалыптасуына әсер еткен факторлар 27Француз буржуазиялық-демократиялық революциясы идеясының әсерімен конституциялық монархияның қалыптасуы 37Еуропадағы 1848-1849 жж. буржуазиялық-демократиялық революциялар әсерімен конституциялық монархияның қалыптасуы 45
  3. ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ МОНАРХИЯЛАРҚазіргі заманғы конституциялық монархиялар және оларды түрлерге жіктеу 51Қазіргі заманғы парламенттік монархиялар. 77

ҚОРЫТЫНДЫ. 89

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 91

АНЫҚТАМАЛАР

Абсолюттік монархия - мемлекеттік биліктің шексіз түрі, яғни монархтың билігін ешкім шектемейді, оның қолында биліктің барлығы болады.

Атқарушы билік - қабылданған заңдарды жүзеге асыратын және жедел түрде шаруашылық істерімен айналысатын биліктің тағайындалмалы немесе сайланбалы атқарушы-орындаушы органдары.

Вето (тыйым) - парламент қабылдаған заң жобасына мемлекет басшысының қол қоймауы, яғни қабыл алмауы.

Вотум - сайлау корпусының немесе өкілді мекеменің белгілі бір мәселе бойынша көпшілік дауыспен қабылдаған шешімі.

Дара басшылық - басқаруды ұйымдастыру нысаны (формасы) . Мұнда тиісті мемлекеттік органның мекеменің, кәсіпорынның басшылығында заңдық міндетті шешім қабылдайтын, кұқықтық өкілеттігі бар бір ғана адам (түлға) билік басында болады.

Деспотия - өзіндік державалық биліктің нысаны (формасы) - бұл да шексіз монархия. Билік - өз қол астындағылардың құқықсыздығы мен билік тарабынан зорлық-зомбылықтың аса зор болуымен ерекшелінеді.

Дуалистік монархия - шектеулі монархияның бір түрі. Мұндайда монарх конституция шеңберінде қызметтер атқару барысында әрі формалды, әрі шындығында да өзінің билік құзырын кең түрде сақтайды.

Конституциялық монархия - атадан балаға мұра болып қалған билік иесінің мемлекеттің сайланып қойылатын басқару органдарымен біте қайнасып, демократиялық ұстанымдармен үйлесім тауып басқаруы

Лауазым иелері - ұйымдастырушылық және өкілдік қызметтер атқаратын тұлғалар. Лауазым иелерінің құқықтық жағдайының бір ерекшелігі - олардың өкілдігі өздері қызмет атқарып жүрген мекемелері, кәсіпорындары немесе ұйымдары шеңберлерінде жүзеге асырылады. Бұл өкілдіктердің лауазым иелерімен қатынастары қызмет жөнінен бағынышты болып келетін қызметкерлерге, сондай-ақ оларға тікелей бағынышты органдарға да таралады.

Мемлекеттің басқару нысаны - жоғарғы мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуын, оның органдарын құрудың тәртібін және олардың азаматтармен болатын өзара қатынастарын сипаттайтын мемлекет нысанының элементі.

Мемлекет нысаны - мемлекеттің басқару нысанын (формасын) мемлекеттің құрылыс нысаның (формасын) және мемлекеттік құқықтық режимді қамтитын саяси билікті ұйымдастырудың жиынтық түрі (тұрпаты) .

Монархия - мемлекеттік басқару нысаны, мұнда ең жоғарғы билік сайланбайды, тағайындалмайды, ондай билік атадан мұраға қалдырылып, ұрпақтан ұрпаққа ауысып отырады, мерзімі көрсетілмеген түрде жүзеге асырылады.

Парламенттік монархия - монарх билігі мемлекет Конституциясымен шектеліп, монархтың заң шығару билігіне құзыры жетпей, тек өкілдік қызмет атқаратын билік түрі.

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі . Басқару нысаны - мемлекет және құқық теориясының, әсіресе мемлекетпен байланысты мәселелерді зерттейтін бөлімінің негізгі категориясына жататын мемлекет нысанының негізгі элементі болып табылады. Кез келген елдің мемлекет және құқық тарихын зерттеуде ең алдымен оның басқару нысанына баса назар аударылады. Басқару нысаны сонау антикалық заманнан бастап-ақ көптеген еңбектердің арқауына айналды. Басқару нысаны мемлекет және құқық теориясынан басқа, конституциялық құқықта қарастырылады, сонымен қатар заң ғылымдарының қатарына жатпайтын саясаттануда да оны назардан тыс қалдырмайды. Осылайша басқару нысанына қатысты мәселелер пәнаралық мазмұнға ие болып табылады.

Әдетте мемлекеттер басқару нысанына қарай монархиялық және конституциялық болып бөлінеді. Ғылыми салада республикалық басқару нысанына және оның түрлерін зерттеуге негізінен басымдық беріледі. Дегенмен адамзат тарихының даму барысында монархиялық басқару нысаны ХХ ғасырдың басына дейін мемлекеттердің басым бөлігінде үстемдік етті. Монархия қазіргі таңда да басқару нысаны ретінде өмір сүріп келеді. Ол әлемнің 30 мемлекетінде үстемдік етіп отыр, оның 11-і Еуропада орналасқан, айта кетерлігі ол елдердің барлығы дерлік дамыған, тұрақты демократиялық институттары орныққан мемлекеттер. Сонымен бірге, бірқатар елдерде монархия ХХ ғасырдың 2-жартысында қалпына келтірілді (Испанияда 1975 ж., Камбоджада 1993 ж. ) . Бұл монархияның басқа да елдерде түлеуінің мүмкіндігі бар екендігін көрсетсе керек. Осы айтылған жағдайлардың барлығы конституциялық монархиялық басқару жүйесін өткен тарихтың кейіпкері ретінде қарамай, бүгінгі дамыған қоғамның шындығы ретінде бағалауға жол ашатындай. Осыған байланысты конституциялық монархияны басқару нысаны ретінде зерттеу ғылыми тұрғыдан өзекті болып табылады.

ХІХ ғасырдың басынан бастап монархияның басымдыққа ие болған түрі конституциялық монархия болып табылды. Сондықтан да қазіргі конституциялық монархияның түпкі мәнін түсіну үшін оның тарихи-құқықтық аспектісін қарастыру маңызды болып табылады. Мәселенің салыстырмалы- құқықтық аспектісі де өзекті. Ал қазіргі конституциялық монархияларды зерттеу оның басты сипаттарын анықтауға, қазіргі таңдағы монархиялық мемлекеттерді анықтаудың негізгі критерийлерін жасақтауға мүмкіндік береді.

Қазақстанның мемлекеттілік тарихына көз жүгіртетін болсақ, көшпелі далада монархиялық басқару жүйесіне негізделген талай ірі империялардың өмір сүргендігін көреміз. 2012 жылғы 14 желтоқсанда ҚР Тәуелсіздігі күніне арналған салтанатты жиналыстың барысында сөйлеген Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында былай делінеді: «Біз әкімшілік-әміршілдік жүйенің басқару дәстүрлерінен түбегейлі бас тартып, басқарушылардың заманауи әрі тиімді корпусын құруға тиіспіз. Барлық азаматтар тең құқықтар мен мүмкіндіктерге ие

болатын, кадрларды іріктеу мен жоғарылатудың біз жасаған жүйесі мемлекеттік аппарат қызметінің кәсібилігі мен ашықтығының барынша жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Біз мемлекеттік басқаруда өзіндік тұрғыда төңкеріс жасауға қол жеткіздік, оны халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыруға қайта бағдарладық. Қазақстан - қазіргі заманғы мемлекет. Біздің мемлекетіміз кемелдікке жетті. Сондықтан да бүгінгі күн тәртібі мемлекеттің қалыптасуы кезеңіндегіден өзгеше. Біздің мақсатымыз - мемлекеттік басқарудың жаңа түрін қалыптастыру. Ол қоғамға қызмет ету мен мемлекеттілікті нығайтудың жаңа міндеттеріне сай болуы тиіс» [1, 4 б. ] . Бұл айтылған ойға мән беретін болсақ, қазақ даласында өткен мемлекеттердің басқару жүйесін тарихи-құқықтық тұрғыда зерделеудің бүгінгі таңда тәуелсіз мемлекетімізді дамытуда да, маңызды орын алатындығын көреміз.

Қазақ даласында ежелгі дәуірлерден бері көшпелі монархиялар өмір сүріп келді. Қазақ хандығы тұсында хан билігін жүзеге асырудың өзіндік тетігі қалыптасқан болатын. Бұл бізге көшпелі монархияның көріністерін елестетеді. Осы жерде Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың мына ойлары хан билігінің сипатын беретіндей: «Қазақ мемлекетінің іргетасын тап осы төре тұқымының өкілдері қалады. Қазақ қоғамындағы жоғары мәртебе иесі сұлтандар, яғни Шыңғысханның ерке кіндікті ұрпақтары-шыңғысзадалар болды.

Олар қазақ қоғамындағы ең бір ықпалды күшке айналды. Шыңғыс тұқымынның балалары туғаннан-ақ сұлтан атағын иемденіп, осынау әлеуметтік топтың тұқым қуалайтын мүшесі ретінде құқыққа ие болды. Былайынша, хан тағының заңды үміткері саналып, әскери қызметтен басқаға араласпады, жазаланудан, билер сотына түсуден азат болды» [2, 206 б. ] . Бұл айтылған жағдайлар қазақ тарихында өткен көшпелі монархиялық мемлекеттердің ерекшеліктерін әлі де болса, терең зерделеуге, оның мәнін түсінуге бізді итермелейтіндей.

Монархиялық басқару нысанындағы мемлекеттердің тәжірибесін зерделеу және оның бүгінгі таңдағы жай-күйіне ерекше мән беру, еліміз үшін стратегиялық тұрғыдан да маңызды болып отыр. Сол арқылы ғана біз, монархиялық басқару нысанындағы мемлекеттермен жемісті қарым-қатынас жасауға негіз қалай аламыз.

Жоғарыда айтылған жағдайлардың барлығы, магистрлік диссертация тақырыбының бүгінгі күн талабына жауап беретіндігін және тарихи-құқықтық тұрғыдан ғана өзекті болып табылмай, қазіргі өмір шындығында да, маңызды екендігін көрсетеді.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Монархиялық басқару туралы ұғым- түсініктер ежелгі дәуірдің өзінде қоғамдық өмірде орын алған болатын. Монархиялық басқару нысаны ежелгі дәуірлерден бері келе жатқан құбылыстың бірі болып табылады. Сондықтан да, монархиялық басқару жүйесі туралы ой-тұжырымдар да, өз бастауын ежелгі дәуірлерден алады. Ежелгі дәуірдегі шығыстың саяси-құқықтық ой-пікірінде жеке тұлғаның мемлекеттік басқарушы ретіндегі сипаттамасы әрқашанда бөлініп алынып, қарастырылатын.

Жеке дара патшаның билік жүйесі туралы шығыс ойшылы Конфуцийдің, мемлекет қайраткерлері Шан Янның, Каутильяның шығармаларында жан- жақты қарастырылған.

Монархия идеясының классикалық деңгейдегі ұғым-түсініктері антика дәуірдегі ойшылдардың көзқарастарында қалыптаса бастады. Мәселен, антика дәуірінің ойшылдары Платон, Аристотель, Полибий, Цицерон т. б. өздерінің еңбектерінде монархиялық басқару мәселелерін жан-жақты талдап, оның мәнін түсіндіруге тырысты.

Орта ғасырлық ойшылдардың көзқарастарындағы монархия идеясының мазмұнына мемлекет пен дін арасындағы күрес өз әсерін тигізді. Бұл кезеңдегі ойшылдар А. Августин, Ф. Аквинский, И. Солберийский және т. б. мемлекетте діни биліктің үстемдігін қолдаған болатын. Ал Н. Макиавелли бір билеушінің мұрагерлікпен мемлекетті басқаруының артықшылық жақтарын көрсетуге тырысты. Орта ғасырлық Қазақстан ойшылдарының монархиялық басқару жүйесіне қатысты ойлары Орхон, Енисей жазбаларында, М. Х. Дулати еңбектерінде, Әл-Фараби, Ж. Баласағұн және т. б. ойшылдардың көзқарастарында көрініс табады.

Жаңа заман кезеңінде монархиялық басқару жүйесі құқықтар мен бостандықтарды, саяси қақтығыстарды реттеудің бірден-бір оңтайлы нысаны деп бағаланды. Мұндай көзқарастарды сол кезеңнің ойшылдары Ж. Боденнің, Э. Роттердамскийдің, Т. Гоббстың, Дж. Локктың, Ш. Л. Монтескьенің, Г. В. Ф. Гегельдің, И. Канттың және т. б. пікірлерінен кездестіреміз.

Сонымен қатар, монархиялық басқару жүйесінің зерттелуіне ресейлік ғалымдар мен ойшылдарда көптеп ат салысты. Ресейлік ойшылдардың ішінде К. Д. Кавелин, В. М. Гессен, М. М. Коркунов, Б. М. Чичерин және т. б. монархиялық басқару жүйесіне халық өкілдігін астастыруды қолдаған болатын. Ал, К. Н. Леонтьев, Л. А. Тихомиров, И. Л. Солоневич, И. А. Ильиндер Ресей мемлекетінің гүлденуін тікелей монархиялық басқарумен байланыстырды.

Монархиялық басқару жүйесінің зерттелуіне ресейлік ғалымдар мен ойшылдарда көптеп ат салысты. Басқару нысандарын А. Э. Калипович, А. А. Лизин, Л. Р. Симоношвили, Г. В. Тарабан, және т. б. зерттеген. Басқару нысанына қатысты мемлекет механизмі мәселесі Э. П. Григонис еңбектерінде көрініс тапты. Монархия басқару нысаны ретінде С. П. Александрова, С. А. Каминский, О. В. Погожева, Л. А. Тихомиров туындыларында да жарық көрген.

Кеңестік кезеңде таптық идеологияның салқыны қоғам өмірінің барлық саласын шарпып өткен болатын. Бұл мемлекет және құқық теориясына да, өзінің көлеңкесін түсірді. Соның салдарынан кеңестік кезеңде мемлекет нысанына байланысты, оның басқару жүйесіне қатысты мәселелер қарқынды зерттеле қоймады. Кейінгі кезеңде мемлекеттің басқару нысанына байланынысты А. Б. Венгеров, А, В. Малько, М. И. Матузов, В. Е. Чиркин, В. С. Нерсесянц, З. М. Черниловскийлер кеңінен қалам тартты.

Қазіргі кезеңде Қазақстандық ғалымдардың монархиялық басқару жүйесін зерттеуге ат салысқандардың қатарына: С. З. Зимановты, С. С. Сартаевты, Ғ. С. Сапарғалиевті, М. Т. Баймахановты, С. Н. Сабикеновті, З. Ж. Кенжалиевті, А.

Ағдарбековты, Е. К. Нұрпейісовті, Б. А. Майлыбаевты, Н. А. Сейдалиевті және т. б. жатқызуға болады.

Монархиялық басқару жүйесінің зерттелуіне қосылған мұншама үлеске қарамастан, осы уақытқа дейін конституциялық монархия мемлекеттік басқару нысаны ретінде арнайы қойылып жүйелі түрде отандық заң ғылымында әлі толық деңгейде өзінің бағасын ала қойған жоқ.

Біздің зерттеуіміз дер кезінде осы олқылықтың орнын толтыруға бағытталып отыр.

Зерттеу жұмысының объектісі және пәні. Магистрлік диссертациялық жұмыстың негізгі зерттеу объектісіне конституциялық монархия тұсында мемлекеттік билік органдары ұйымдарын құқықтық реттеу процесі барысында туындайтын қоғамдық қатынастар жатады. Зерттеудің нақты пәнін конституциялық монархиялық басқару нысанының теориялық аспектілері және қазіргі кезеңде конституциялық монархиялық басқару нысанының жүзеге асу тетігін зерделеу құрайды.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты

  • мемлекеттік басқару нысаны ретінде конституциялық монархия және оның бүгінгі таңдағы даму болашағы туралы пікірлер мен көзқарастардың тұтас және үйлесімді жүйесін құрастыруға негіз боларлық тұжырымдарды қалыптастыру болып табылады.

Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді шешу көзделеді:

  • монархияның түсінігі, негізгі белгілері және ерекшеліктеріне ғылыми саралау жүргізу;
  • конституциялық монархияның мемлекеттік басқару нысаны ретінде қалыптасуына әсер еткен факторларға ғылыми саралау жасау;
  • қазіргі заманғы конституциялық монархияларды түрлерге жіктеуді жүзеге асыру;
  • қазіргі заманғы парламенттік монархиялардың дамуына талдау жасау.

Зерттеудің әдістемелік және теориялық негіздері. Диссертациялық жұмысты жазу барысында жалпы қоғамдық ғылымдарға ортақ әдістер: анализ, синтез, диалектикалық, статистикалық әдістер қолданылды. Сондай-ақ, мемлекет нысанын айқындау барысында ғылым саласына белгілі әдістердің ішінде хронологиялық, тарихи-салыстырмалы, құқықтық-салыстырмалы, жүйелеу т. б әдістер кеңінен қолданылды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Мемлекет нысаны түсінігі, түрлері және ерекшелігі»
МОНАРХИЯЛЫҚ БАСҚАРУ НЫСАНЫ ТАРИХЫ МЕН ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
Мемлекет басқару нысаны
Монархиялық басқару формасы бар мемлекеттердің салыстырмалы талдауы
Мемлекеттің құрылымдық нысананың ерекшеліктері
Мемлекеттік басқару және мемлекеттік саясат
Мемлекет басқару нысанын зерттеудің теориялық құқықтық негіздері
Мемлекет басқару нысаны ретінде
Мемлекеттің құрылымдық нысаны
Мемлекет нысандары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz