Бірінші пайым
Коммерциялық емес акционерлік қоғам
ҒҰМАРБЕК ДӘУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
Әлеуметтік пәндер кафедрасы
№ 1 С Е М Е С Т Р Л І К Ж Ұ М Ы С
Философия пәні
Тақырып: " Ф.Ницшенің асқақ адам идеясы"
Мамандығы: Автоматтандыру және басқару
Орындаған: Курбанов Бақдәулет Тобы:АУк-20-4 Тексерген: Апашов С.
_____________ _________________ _______2021_ж.
(бағасы) (қолы)
Алматы 2021
Жоспары
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1
Бірінші пайым ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2
Екінші пайым ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Үшінші пайым ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
Кіріспе:
Мораль генеалогиясы (1887) Фридрих Ницше 1844 жылы 15 қазанда Лейпциг қаласының жанындағы Реккенде пастор отбасында дүниеге келген. Бонндағы және Лейпцигтегі оқудан кейін, доктор дәрежесі болмаса да, оны Базель университетіне классикалық филология кафедрасына шақырады. Ол Шопенгауэрді құмарта оқып, шығармашылықпен әуестеніп, әуен жазды. 1840 жылы Ницше өз еркімен француз-герман соғысына санитар болып қатысады. Базельге оралып, жергілікті интеллектуалдық қауыммен - тарихшы Якоб Буркхардпен, этнограф И.Я. Бахофенмен, Люцерн қаласының жанында тұратын Рихард Вагнермен жақын араласады. Ол Вагнердің жары - композитордың соңғы шығармаларындағы Дионисийдің Арианнасы болған Листқызы Козимамен танысады. Ницшенің алғашқы шығармасы Трагедияның тууы 1872 жылы жарық көріп, Германиядағы университеттік ортада қызу пікірталас туындатады. 1873 жылдан 1876 жылға дейін ол Беймезгіл ойлардың төрт эссесін, одан кейін 1878 жылы - Адами, тым адамиды жариялайды. Сол жылы Вагнер екеуінің қарым-қатынасы үзіледі. Денсаулығына байланысты Ницше өзін ұстаздық міндетінен босатуды өтінеді. Осыдан бастап оның Ниццадағы, Ментондағы, Сильс-Мариедегі және Италияның көп қалаларындағы кезбе өмірі басталады. Лу Саломеге үйленбек ойы 1882 жылы сәтсіздікке ұшырайды. Осы кезде кітаптары бірінен соң бірі шыға бастайды: Таң сәрі (1881), Көңілді ғылым (1882), Заратуштра осылай деген (1883 - 1885), Ізгілік пен зұлымдықтың арғы жағында (1886), Мораль генеалогиясы (1887), Вагнер оқиғасы (1888), Пірлер ымырты (1889), Антихрист (1888 жазылып, 1906 жарияланған), Ecce Homo. Адам қалай өзінен-өзі бола алады (1888 жазылып, 1908 жарияланған). 1889 жылдың басында Ницше Туриннің бір көшесінде есінен тана құлайды. Германияға жеткізіліп, анасы мен әпкесінің қолына тапсырылған ол қайтадан есін жия алмайды. 1900 жылы 25 тамызда өмірден озады. Үш тұжырымнан тұратын мәтін алғы сөзбен басталады, онда Ницше мораль өзінің шаруасы екенін баса айтады. Ол 13 жасынан бастап өз алдына осы мәселені қалай қойғаны туралы түсіндіреді. Балалық тырнақалды туындысында ол өзіне зұлымдықтың қайдан пайда болатыны туралы сұрақ қойған. Осы алғашқы философиялық шығарма тәжірибесінде Ницше Құдайды зұлымдықтың әкесі деп елестетеді. Кейін де оның мораль мәселесіне қызығушылығы басылған емес. Ол Адамдар ізгі, зұлым деген мағынасы бар пайымдарды қандай жағдайларда ойлап тапты? дегенге ауысты, содан соң Олардың өз мағынасы қандай еді?, одан кейін Адамның дамуын олар қандай дәрежеде ілгерілетті немесе тежеді? деген сұрақтарға жалғасты. Пауль Ренің 1877 жылы жарық көрген Адами сезімдердің шығу тегі атты кітабын оқыған Ницше осы мәселеге қатысты өз ойын білдіру қажеттілігін сезеді. Оның позициясы Ренің позициясына қайшы еді. Адами, тым адами, Кезбе және Таң сәрі осы еңбекпен - мораль туралы ой-толғаулармен үндес болатын. Сол кезге дейін Ницше үшін моральдың құндылығы басты мәселе болған. Өзінің осы жұмыспен беріліп айналысқаны үшін ол Шопенгауэрге қарыздар. Оның ұзақ уақыт көтермелеген безушілік, өзінен безу, аяушылық, эгоист емес ұғымдарына аса сенбесем де, онымен замандасым сияқты сырластым, - деп жазады Ницше Шопенгауэр туралы. Ницше осы құндылықтардың өзінің құндылығы туралы мәселе көтеру керек деп есептейді. Ал егер осы құндылықтардың өзі құндылық болмай шықса не болмақ? - деп сұрайды ол өзінен. - Ал егер мұның бәрі адамдарға келешектің есебінен өмір сүргізіп жатқан қауіп, азғыру, у, есірткі болып шықса ше? Сұрақ осы қырынан қойылған сәттен бастап, біз бір тарихи тактиканы таңдаудың алдында тұрамыз. Мораль генеалогиясы ешқашан құрылған емес. Иә, моралистер оған арналған құрылымдар, идеялар ұсынды, алайда ешқашан мораль туралы ой қайдан пайда болатынын түсіндіретін жалғыз жолды көрсеткен емес.
I. Бірінші пайым: Ізгі мен зұлым, жақсы мен жаман Бірінші пайым Ізгілік мен зұлымдықтың арғы жағында кітабында берілген екі мораль мәселесін қарастырады. Жақсы деген ұғым сапасы төмен, орташа, бұқаралық және жеккөрінішті нәрсенің бәрімен салыстырғанда өздерін тандаулы жан, лайықты мағынасында жақсы сезінген, құдіретті де бекзат адамдардың санасында дүниеге келді. Бұл лайықтылар күш-қуат, қақтығыс, би секілді нақты құндылықтар тілімен сөйледі. Дегенмен моральдің мұндай негіздемесі күйреді. Бұл күйреу өздерін бағындырып алған бекзат басқыншыларды жек көрген еврей халқына байланысты болды. Ол дінбасыларының қолына билік берді. Дінбасының құндылықтары бекзаттікінен өзгеше: ол соғыстан қорқады. Күресуге әлсіздігі оның бойында күшке деген жан шошырлық жабайы, рухани әрі улы жек көрушілікті туындатады, өзінің болмысын өзінен іздейді. Дінбасыларының жетегіндегі еврей халқы, бекзаттардың жақсы құндылықтарын қирата отырып, өш алып, өзі үшін кек қайтарды. Ол ақсүйектер моралінің жақcы = бекзат = құдіретті = бақытты = құдайдың сүйген құлы деген формуласын төңкеріп тастап, ең төменгілер мен шеттетілгендерді ғана жақсы деп жариялады. Еврейлер былай деді: Тек шеттетілгендер ғана жақсы; тек жарлылар, әлсіздер, езілгендер ғана жақсы; қорлық көргендер, мұқтаж жандар, аурулар мен кемтарлар - тек осылар ғана Құдайға шын сенген, Құдайдың сүйікті құлдары. Осылай мораль ұғымы негізінде бүгінде жеңіске жеткен құлдар көтерілісі басталды. Бұл қалай болды? Құндылықтар жасампазы - еврейлердің жек көру сезімінен, Иса кейпіндегі жаңа махаббат туындады. Барша кедейлерге, ауруларға, күнәһарларға мол бақыт әкелген құтқарушы иудалық идеал ұғымын, соның құндылықтарына айналма жолмен жетелеп келе жатқан кәнігі арбаушының өзі емес пе екен? Әлем үшін бұл өте күшті арбау болды. Халық басым түсті. Бұл мәселеде қожайындардың шаруасы бітті. Қарапайым адамның моралі жеңіске жетті. Тіпті қазір Ницше жазған уақыттың өзінде, шіркеудің соншалықты мықты арбау күші болмаса да, оның уыты қоғамға бәрібір таралып жатыр: Біз шіркеудің өзін жек көреміз де, оның уытын байқамаймыз. Осыдан соң Ницше екі қарама-қарсы моральды сараптайды. Бекзат мораль дегеніміз - Иә: оның негізгі ұғымы - мейірім - дейді ол. Бекзат бағалау бұрмалаусыз тура сеніп, қарекет етеді, ол өзінің антитезасын тек бұдан да зор қуанышпен, ризашылықпен өзіне иә деу үшін ғана іздейді. Бекзат адам өз жауын танымайды. Оған өшпенділікпен қарамайды. Ол оларды ұмытып кетеді. Ол - кекшіл емес, өзін-өзі танып, анықтағанын қанағат етеді. Керісінше, құлдардың моралі ашу-ызаға байланысты құндылықтарды туындатады. Бұл пенделерге ісәрекетпен, адекватты жауап беруге тыйым салынған, сондықтан олардың ашу-ызасы тек қиялдағы кекпен ғана шығады. Құлдардың моралі - Жоқ: оның басты ұғымы - зұлымдық, бекзат моральда ізгілік деп сипатталатын зұлымдық. Мұндай терминологиямен әлсіздер күштілерді кінәлайды. Өйткені олар өздерін күшті сияқты ұстайды, ал күштілер қалай өздерін әлсіз сияқты ұстағанын мақтан тұтып, өздерін әлсіз сезінуін ізгі қасиетке айналдырып алады. Бүгінде ешкім адамның дамуы үшін жанын салып, алға ұмтылмайды: Бәрінің екпіні үнемі бәсеңсіген сайын, бәсеңсіп келеді, жұқарған үстіне жұқара түсуде, жуасыған, есепті ақылға көшкен, бетегеден биік, жусаннан аласа, қытайланған, христианданған - адамның сүйкімді пендеге айналатынына күмән жоқ... Еурапаның құдай атқан тағдыры осындай (Ф. Ницше). Ницше екі моральдің күресінің тарихын қарастырады. Ол бүкіл әлемді мыңжылдық сұмдық қақтығысқа араластырған екі қарсы құндылықтың жақсы мен жаман бір жағынан, ізгілік пен зұлымдық екінші жағынан, күресі немен аяқталатынын аңғарту үшін оның негізгі кезеңдерін оқшаулап көрсетті. Ницше бұл тарихтың үш сәтін қарастырады. Алдымен, Рим мен еврейлерді қарсы қойып салыстыру: Римдіктер сияқты әрі қайратты, әрі бекзат ешкім бола алған емес; олардан бізге жеткен кез келген айғақ, кез келген жазу бізді тәнті етеді, соларды кім жазғанын білсе ғой деп, біз әлі күнге дейін таңдай қағамыз. Еврейлер, керісінше, ерекше кекшіл, діншіл халық болған. Кім жеңді? Иуда, өйткені бар әлем Римнің - христиандықтың орталығының алдында тізе бүгеді. Әрине, Қайта Өрлеу классикалық идеалдардың мәдениеті мен құндылықтарын биікке көтерген әдемі реакция болды. Алайда Реформа оны тез тұншықтырып тастады. Француз революциясы кезінде аристократтық идеалдарды күйрету аяқталды: XVII ғасырдағы Еуропа мен XVIII ғасырдағы француз саясатының соңғы игі жақсылары зұлымдықтың халықтық түйсігінен жеңілді. Жер бетінде ешқашан мұндай ұлы шаттық пен кемерінен асқан масаттану болған емес. Бірақ бұл соңғы күйрей жеңілу ме еді? Идеалдардың мұндай ғаламат шарпысулары осымен біржола ұмытыла ма, әлде кейінге шегерілді ме? Тым ұзақ қоздап жатқан қоламта қашан тұтанады? Ницше осыны өзінен сұрайды. Ізгілік пен зұлымдықтың арғы жағында дегеніміз - жақсы мен жаманның арғы жағында дегенді білдірмейді деп, ол бірінші пайымды нақтылай түседі.
II. Екінші пайым: Кінә, бұрмаланған сана және соған ұқсайтындар Екінші пайым кінә идеясының пайда болуын зерделейді. Хайуандар үшін ұмыту қабілеті өте күшті қасиет, төзімділіктің белгісі саналады. Көптеген тіршілік иелерінің жүйке тыныштығын қамтамасыз ететін ұмыту қасиетін адам баласы жоғалтып үлгерген. Қайта ол, керісінше, есте сақтау қасиетін тауып алды. Соның салдарынан ұмыту көп жағдайда кейінге шегеріледі. Әңгіме - өткен-кеткеннің әсерінен енжарлықпен құтыла алмау туралы емес, белсенді түрде арылғысы келмеу турасында да емес, бір рет қалағанын тағы да қалай беретін ерік, дәлірек айтқанда, еріктің жады турасында болып тұр. Адам мұқият және тәртіппен жүретін болды, сақтыққа көшіп алғаны сондай, алдын ала бәрін жоспарлап қоятынды шығарды. Бұл жауапкершіліктің тарихы ұзақ: Еркіндіктің мұндай сирек түрін білу, өзін және тағдырын билей алу, адамның бойына терең із қалдырғаны сондай, оның түйсігіне, тіпті басты түйсігіне айналды. Бұл түйсікті адам өзінің санасы санайды. Адам өзінің берген сөзінде тұрып, уәдесін орындауы үшін өз мойнына алған міндеттемесін, атап айтқанда, төленбеген қарызының бағасын басында сақтауы керек. Мұны қиналмай жасау мүмкін емес. Түйсік дененің ауырсыну сезімінен мнемониканың қуатты қосымша құралын тапты... Адамзаттың жады неғұрлым нашар болса, оның тұрмыс-салты да сұрықсыз сипат иеленеді. Мәселен, қылмыстық заңдардың қатаңдығы бізге ұмытуды жеңіп, заңды аттап өткісі келген құлдарды, әлеуметтік өмірдің қарапайым талаптарын есте сақтауға қажет ұмтылыстың үлгісін көрсетеді, - дейді Ф. Ницше. Ол азаматтық кінәні, атап айтқанда, дебитордың кредитормен есеп айырыса алмағандағы жағдайын зерттейді. Неміс тілінде кінә сөзі (Schuld) парыз (Schulden) сөзіне жақын. Шынында да, көпке дейін жауапкершілік ұғым ретінде болған емес. Шығын кредитордың жанына батуы тиіс деп есептелген, сондықтан ол сол үшін кек алуына ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz