Саяси партиялар мен Қазақстанның партиялық жүйесі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Ө.А. Бақоңыров атындағы Жезқазған университеті

РЕФЕРАТ

Тақырыбы:
Қоғамдық-саяси дамудағы алға басулар.
ҚР-ның жастар саясаты және рухани жаңару бағыты

Пәні: Қазіргі Қазақстан тарихы

Орындаған: Құсайынова А.Қ.
ИИиЧ 21-1

Қабылдаған: Алланиязов Т.К.

Жезқазған - 2021

Мазмұны:

І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
ІІ. Негізгі бөлім. 1Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси
демократияландыру және жаңарту.

2.1. Қазақстан халқы келісімі мен бірлігінің қоғамдық институты - халқы
Ассамблеясының (ҚХА)құрылуы және қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 8

2.2. Жастар істері бойынша саясаттың негізгі
бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.3.Қазақстанда жаңа конфессионалдық шындықтың
қалыптасуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 20

III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 23
IV. Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 27

І. Кіріспе
Қоғамдық-саяси дамудағы алға басулар Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси өмірін демократияландыру және жаңарту. Қазақтардың тұңғыш дүниежүзілік құрылтайы. Азаматтық қоғамның және оның саяси және қоғамдық институттарының дамуы. Қазақстан халқының форумы. ҚР-ндағы қоғамдық қозғалыстар мен саяси партиялар. Саяси партиялар мен Қазақстанның партиялық жүйесі. Нұр Отан ХДП - жетекші әлеуметтік-саяси күш ретінде. ҚР-ның саяси партиялар туралы Заңы және оның маңызы. Қазақстан - 2050 стратегиясы мен Нұр Отан. Нұрлы болашақ жолында атты Саяси доктрина - Нұр Отан партиясының көшбасшылығының кешенді бағдарламасы. Демократиялық үрдістің дамуы. Парламентке сайлаудың пропорционалды жүйесін енгізу, партиялық тізім бойынша сайлаудың нәтижелері. Үкіметтік емес ұйымдардың, кәсіподақтардың, азаматтық қоғам институттарының дамуы. І-ші Азаматтық форум және оның маңызы. Ұлтаралық татулық - Қазақстан Республикасында тәуелсіздік пен демократияны нығайтудың негізі. Президент жанындағы консультативтік және кеңесші орган Қазақстан халқы келісімі мен бірлігінің қоғамдық институты - Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) құрылуы. ҚХА-ның бірінші сессиясы, оның шешімдері. Ортамерзімді кезеңге арналған Қазақстан халқы Ассамблеясының стратегиясы. Ұлтаралық келісімнің қазақстандық моделінің ерекшелігі. Қазақстанның ұлттық бірлігінің доктринасы. ҚР-ның ақпараттық саясаты, БАҚ-тың дамуы. Қазақстан Республикасының Ұлттық кеңесінің қызметі. Азаматтық қоғамды одан ары демократияландыру және дамыту бойынша ұсыныстар әзірлейтін тұрақты жұмыс істейтін Кеңес ұйымдастыру. Демократияландыру және азаматтық қоғам мәселелері бойынша Ұлттық комиссияның қызметі. Құқық қорғау және сот органдарының қызметін жетілдіру. 2003 жылғы 2 желтоқсандағы азаматтық және саяси құқықтар туралы пакт және оны жүзеге асыру.
Қазақстан Президенті жанында адам құқықтары жөніндегі Комиссияның
3
құрылуы және оның қызметі. ҚР-нда адам құқы жөніндегі өкілетті институттың (Омбудсмен) енгізілуі. Өлім жазасына мораторий енгізу. Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік, мәдени құқықтар, азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық пактілерді бекітуі. Заңдарды ізгілендіру. Саяси реформалардың жалпыұлттық бағдарламасы. Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту тұжырымдамасы: мақсаты мен міндеттері. Қазақстандық бірегейлік пен бірліктің іргетасы - мәдени, этностық, тілдік және діни әралуандылыққа негізделген жалпыұлттық құндылықта. Тұжырымдаманы іске асыру тетіктері. Азаматтық бірегейлік пен бірлікті қалыптастыру саласындағы әлемдік тәжірибе. Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы: Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында.
ІІ.Негізгі бөлім. 1.Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси демократияландыру және жаңарту.
90-шы жылдардың ортасына дейін Қазақстандағы саяси партиялар әлсіз
болғандығы және олардың президенттік биліктің көлеңкесінде қалып
қойғандығы туралы Президенттің еңбегінде ашық айтылады. Тәуелсіз
пікірді келтірейін. Ресейдің стратегиялық зерттеулер институтының
деректері бойынша, қазақстандық саяси партиялар мен қозғалыстар өзіне тән
орын ала алған жоқ. Институтционалдық жағынан әлсіз және электоратты
жұмылдырудағы мүмкіндіктерді тым шектеулі. Президент бұл ұйымдардың
басшыларының үстінен электоратқа сөз айтып оның басым бөлігін өзіне
қарата алады. Тұрғындардың басым көпшілігі саяси партиялардың арасында
нақты айырмашылықтар жоқ деп есептейді. Әлеуметтік зерттеулер
көрсеткендей саясиланған қала - Қазақстанның астанасының өзінде 1994 жылғы сайлауға 3 күн қалғанда тұрғындардың 13 пайызы ғана қоғамдық -саяси ұйымдардың сайлау алдындағы бағдарламалармен таныс болған - деп
жазады Н.Назарбаев. Сондықтан Қазақстан басшылығы және Қазақстан халқы елдің демократиялық таңдауында өз жолымен жүруді көздеді. Бұл жолды
4
демократиялық таңдаудың қазақстандық моделі деп те атайды. Елдегі
саяси партиялардың басым көпшілігі осындай эволюциялық демократияны
таңдауға дұрыс дұрыс деп тапты. Оның мақсаты - охлократияға жол бермеу,
хаос пен анархияны ауыздықтау. Ашық қоғамды белсенді құра отыр аазамат- тық қоғам институттарын біріншіден дамыту,сөз бостандығын және жиындар бостандығын қатаң заң шеңберінде ғана жүргізу.Саяси партиялар өзара бәсекесін, саяси және идеологиялық плюрализмді ел халқының саяси
мәдениеті мен саяси санасының дамуы дәрежесіне сәйкес дамыту. Елде
жұмсақ авторитаризм демократия үрдістерін қуаттауға көмектесті.
Елдегі саяси партиялардың мемлекет өмірін демократияландыруға
қатысуын эволюциялық үрдіс ретінде зерттеуді дұрыс деп есептейміз. Себебі,
саяси партиялардың қалыптасуы мен дамуының объективті жағдайы бұл
үрдіске биліктің белесіне араласумен сипатталады. Қазақстанның саяси
партиялары жұмсақ авторитаризм жағдайында қалыптасып дамығаны
ақиқат. Саяси шындықта Саяси шындықта авторитаризм мен демократияның
қос қабат жүруі ақылға сыимсыз сияқты болуы мүмкін.Саяси ғылым дәстүрін- де авторитаризм мен демократия дихотомиялық құбылыстар болып есептеледі. Бірақта, ТМД елдерінде, қалыптасқан саяси - әлеуметтік ахуал жас мемлекеттердің бірден демократияны таңдауына мүмкіндік бермеді. Авторитарлық билік ел бірлігін, тұтастығын сақтай отыра демократиялық
институттар біртіндеп енуіне өзі көмектесті.Бұл құбылысты ТМД сарапшылары басқарылатын демократия деп те атады. Қазақстан басшылығы қоғамды реформалауды объективті дайындауды мақсат тұтты.
Саяси биліктің аралық сипатта болуы саяси партиялар қызметіне әсер етпей қойған жоқ. Біріншіден, саяси партиялар өркениетті елдердегідей жалпыхалықтық сипат алып экономикалық, ұлттық және әлеуметтік саясатта
шешуші рөлге ие бола алмады. Екіншіден, вертикалды президенттік билік пен атқарушы биліктің аймақтардың барлығындағы басымдылығы саяси плюрализмді ғана емес, митингілік демократияны да тежеді. Халық негізінен
5
ресми билік айқындаған саяси экономикалық басымдылықтарды ғана жақтаумен болды. Үшіншіден, басқарылатын демократия, немесе транзиттік демократия жағдайында ел халқының саяси белсенділігі, саяси мәдениті мен саяси санасы әлсіз болды. Соның нәтижесінде халық үлкен саясатқа белсене
араласқан жоқ. Шындығында қарапайым қазақ халқы мен қазақстандықтар өз
тағдырын ресми мемлекеттік билікке тапсырды. Олардың саяси партиялар
мен қоғамдық қозғалыстарға белсене индеференттілігінің негізгі себебі де осында болатын. Төртіншіден, Қазақстандағы билік Президенттің маңында шоғырланған аз санды саяси элитаның қолында болды. Өтпелі кезеңде шешуші мемлекеттік мәселелерге бизнес элитада ықпал ете алмады. Саяси элита Президенттің тікелей басшылығымен қызмет ете отыра Қазақстанның
тағдырлық мәселелерін шешуде басым болды. Кейінірек осы аз санды элита
Қазақстанның негізгі бөлгімен бірге негізгі байлықтарынаии ие болып оның
саяси - әлеуметтік дамуын айқындаушы күшке айналды. Бесіншіден, Қазақстанның саяси элитасы өз тағдырын Қазақстан тағдырымен толық байланыстыра алды. Ол өзінің саяси билігін және экономикалық қуатын мемлекеттік мүдделері шешуге бетбұрыс жасата білді. Билік өзінің эгоистік мүддесін жалпыұлттық мүдделерге біртіндеп бағындра бастады. Бұл іске Президентің саяси еркі мен талапкерлігі шешуші рөл атқарды. Саяси элита экономикалық модернизацияны саяси модернизацияға трансфармациялады. Қазақстан жұмсақ авторитаризмнен демократияға бетбұрыс жасауды қолға алды. Алтыншы, Қазақстандағы бизнес элитаның бизнес олигархияға айналуы процесі анық байқалады. Бизнес олигархтар өз мүдделерін жақтайтын БАҚ-ты ғана емес саяси партияларды да құруға тырысты. Олигархтар Қазақстанның табиғат, кен байлықтарын, еңбек ресурстарын еркін пайдаланғанымен қоймай саяси билікті де өз ықпалдарымен шығармауды көздеді. Бірақта, ресми мемлекетік билік жалпымемлекеттік мүдделерді бірінші кезекке қоя алды. Жетіншіден, Қазақстанның түрлі аймақтарындағы этносаяси және этнодемократиялық ахуал саяси партиялар құрылысына өз ықпалын тигізді.
6
Солтүстік пен Шығыс аймақтарында славян тектес орыс тілді халықтардың
басым болуы сепаратистік пиғылдағы саяси топтардың болуына әкелді. Орталық пен жергілікті билік сеспаратистік топтардың бұқаралық сеспаратистік партияларға айналып кетпеуі үшін күресті. Оңтүстік аймақта керсінше қазақтың ұлтшыл топтарының ықпалы зор болды. Азат, Алаш сияқты қозғалыстар ұлтшылдық идеологиясы мен платформасындағы партияларды құра алды. Алайда қарапайым халық саясат акторларының сеспаратистік пиғылдарын да, ұлшылдық ұрандарын да қолдамады. Қазақстан халқына қажетті татулық, тыныштық жағдайында болатын экономикалық реформалар нәтижесінде әлеуметтік, этникалық және тілдік мәселелердің шешілетініне сенді. Сегізіншіден, 70 жылдан астам үстемдік еткен этатистік социализм құрылысы Қазақстан халқының санасы мен саяси мәдениетіне өз ықпалын бірден жойған жоқ. Ел халқы бір партиялық коммунистік идеология жағдайында тәрбиеленді. Коммунистік партия мен кеңес өкіметіне халық өзінің ең қасиетті арман, мақсаттары байланыстырды. КОКП-ның халық мүддесін ақтамауы оның партияларға деген жалпы сенімін нашарлатты. Қазақстан халқы санасы тоталитарлық, коммунистік идеологияның нәтижесінде қалыптасты. Коллективтік, ұжымның сана, қоғамның дамуының перспективалары туралы біркелкі ойлау, адамның жеке мүдделерінен мемлекеттік ортақ мүдделері бірінші қою, ұлттық өмірдің мақсат - мұраттарын біріккен Кеңес халқының мақсат - мұраттарына бағындыру, коммунистік партия көрсетіп берген ортақ линиядан ауытқымау сияқты догмалардан құтылмайынша Қазақстанда өркениетті елдерге тән көппартиялық жүйені жасау қиын болатын. Маркстік - лениндік социализм теориясында көптүрлі әлеуметтік мүдделерге негізделген партиялық жүйенің мәселелері мүлдем қарастырылмайтын. Өтпелі кезеңдегі Қазақстан халқының саяси мәдениеті мен дүниетанымы Қазақстанда партиялық құрылыстың жылдам бел алып, күшейіп кетуіне бөгет болды. Жаңадан құрылған саяси
партиялар өмірге жылдам келіп, жылдам тарап жатты. Оның себебі халықтың
7
басым көпшілігі жас партиялар қызметтеріне қатыспады. Бұрынғы көпсанды партия КОКП-ның мүшелері Кеңес Одағы тарағаннан кейін партиялық жұмысқа жаңа жағдайда араласуға ниет білдіре қойған жоқ. Партиялар құрылысының елдегі экономикалық даму басымдылықтарына, психологиялық ахуалға, саяси дүниетаным мен этнодемократиялық ахуалға қатысты дамитындығын Қазақстанның саяси шындығы толықтай дәлелдеді. Жас партиялардың әлеуметтік базасы әлсіз болғандықтан демократиялық қоғам принциптерін Қазақстанда тез мерзімде қалыптастыруға шамалары жетпеді.
2.1. Қазақстан халқы келісімі мен бірлігінің қоғамдық институты - халқы Ассамблеясының (ҚХА)құрылуы және қызметі.
Қазақстан халқы Ассамблеясы-1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган. Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді. Аталған бастама мәдениет аралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып табылды. Он жеті жылдық тарихында Ассамблея қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Оның дамуы барысында Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасты. Осы жылдар ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының институционалдық құрылымы нығайып, қоғамды ұйыстырушы әлеуеті толысты, ол халық дипломатиясының маңызды күретамырына айналды. Бүгінде Ассамблея ел Президенті Төрағалық ететін конституциялық орган болып табылады. Бұл оның ерекше мәртебесін айқындайды. Бұл бірегей институт еліміздегі барлық
8
этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыстыра отырып, республикадағы тұрақтылықты сақтау мен ел дамуының мақсатына айтулы үлес қосып келеді. Ассамблея қызметінің арқасында Қазақстанда этностық немесе діни ерекшелігіне қарамастан әрбір азаматтың Конституциямен кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен еркіндігі толығымен қолданылатын этносаралық және конфессияаралық келісімнің айрықша үлгісі қалыптасты. Қазақстанның көпэтностық бай кеңістігінде сенім, келісім мен өзара түсіністік үлгісі орнады. Бүгінде республикада Қазақстан этностарының мәдениеттері, тілдері, дәстүрлерінің дамуына қажетті барлық жағдай жасалған. Этномәдени бірлестіктердің өзінің саны тұрақты өсуде, қазір олар 800-ден асады, оның ішінде 28-і республикалық. 15 тілде газет-журнал, 8 тілде радиобағдарламалар 7 тілде телебағдарламалар шығады. Білім беру толықтай өзбек, тәжік, ұйғыр және украин тілдерінде жүргізілетін 88 мектеп жұмыс істейді. 108 мектепте 22 этностың тілі жеке пән ретінде жүргізіледі. Осымен қатар, балалардан басқа үлкендер де 30 этнос тілдерін оқуға мүмкіндік алған 195 этно-білім беру кешендері, жексенбілік және лингвистикалық мектептер ашылды. Қазақ және орыс театрларын қоспағанда елімізде тағы төрт ұлттық - өзбек, ұйғыр, кәріс және неміс театрлары жұмыс істейді. Әр жыл сайын Қазақстан этностарының тілдерінде бірнеше ондаған жаңа кітаптар жарық көреді. Жыл сайынға халықтық мерекелер Наурыз, 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесі, масленица, сабантой дәстүрге айналды. Егер мемлекеттің қалыптасу кезеңінде басты міндет этносаралық төзімділік пен қоғамдық келісім негізінде қоғамды ұйыстыру болса, ел дамуының жаңа кезеңінде, стратегиялық басымдық ретінде, қоғамның барлық азаматтары мойындаған ортақ құндылықтар мен қағидаттар жүйесіне негізделген Ұлт Бірлігіне жету болып табылады. Сондықтан 2010 жылы сәуірде азаматтық қоғам мен мемлекеттік институттардың, азаматтардың сындарлы ұсыныстарын жинақтаған Қазақстанның Ел Бірлігі Доктринасы қабылданды. Қазақстанның Ел Бірлігі Доктринасы - халықтың, уақыт талабына сәйкес, бірігу қажеттігін түсінуіне
9
негіз. Бұл - бізді қандай күш біріктіреді және біртұтас етеді - соны түсінудің тәсілі. Бұл - болашаққа бірігіп ұмтылудың серпіні. Ел Президенті еліміздегі тіл мәселесіне ерекше көңіл бөліп келеді. Этносаралық қатынастар жүйесінде мемлекеттік тіл ел бірлігін қалыптастырудың маңызды факторы болып танылған. Сондықтан да Ассамблея қызметінде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту маңызды орынға ие. Ассамблея қызметі этносаралық қатынастар мәселелерін тиімді шешіп келе жатқан ел ретінде Қазақстан Республикасының халықаралық беделінің өсуіне ықпал етуде. Бүгінде Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісім үлгісі әлем назарын аударып отыр. Қазақстандық үлгі Біріккен ұлттар ұйымында, ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдерде, Копенгагенде, Венада, Женевада, Нью-Йоркте өткен халықаралық форумдарда таныстырылып оң бағаға ие болды, ЕҚЫҰ-ға қатысушы 56 мемлекет тіліне аударылды. БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун елімізге сапары барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметімен танысып Ассамблея принципі БҰҰ-ның жұмыс принципімен толық сәйкес келеді деп атап өтті. Қазақстандық үлгі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ЕҚЫҰ-ның ұлттық азшылықтар ісі жөніндегі Жоғары комиссары арасындағы өзара іс қимылдың негізгі бағыттарының біріне айналды. Қазақстандағы қоғамдық келісім үлгісіне қызығушылық танытушы мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар саны күн санап артып келеді. Ассамблея туралы заң 2008 жылғы 20 қазанда Қазақстан Республикасының Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы Заңына қол қойылды. Осы заң этносаралық қатынастар саласындағы негізгі принциптерді айқындай отырып, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен оның құрылымдарының мәртебесін заң деңгейінде бекітті. Этносаралық қатынастар субъектілерінің жұмысының елімізде жүргізіліп келе жатқан саяси бағытпен үндес жаңа жүйесін қалыптастырды. Заң Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыруға, қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге, мемлекеттік және қоғамның азаматтық институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-
10
қимылының тиімділігін арттыруға бағытталған Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын ұйымдастыру тәртібін айқындайды. Заңға сәйкес Қазақстан халқы Ассамблеясы ол - заңды тұлға құрылмай, Қазақстан Республикасының Президенті құратын, мемлекеттік ұлттық саясатты әзірлеуге және іске асыруға ықпал ететін мекеме. Ассамблеяның мақсаты қазақ халқының топтастырушы рөлін арқау ете отырып, қазақстандық патриотизм, Қазақстан халқының азаматтық және рухани-мәдени ортақтығы негізінде қазақстандық азаматтық бірегейлікті және бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыру процесінде Қазақстан Республикасында этносаралық келісімді қамтамасыз ету болып табылады. Ассамблеяның негізгі міндеттері
1) Этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік органдармен және
азаматтық қоғам институттарымен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету,
қоғамда этносаралық келісімді және толеранттықты одан әрі нығайту үшін
қолайлы жағдайлар жасау;
2) Халық бірлігін нығайту, қазақстандық қоғамның негіз қалаушы
құндылықтары бойынша қоғамдық келісімді қолдау және дамыту ;
3) Қоғамдағы экстремизмнің және радикализмнің көріністері мен
адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына қысым жасауға
бағытталған әрекеттерге қарсы тұруда мемлекеттік органдарға жәрдемдесу;
4) Азаматтардың демократиялық нормаларға сүйенетін саяси-құқықтық
мәдениетін қалыптастыру;
5) Ассамблеяның мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу үшін этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестіктердің күш-жігерін біріктіруді қамтамасыз ету;
6) Қазақстан халқының ұлттық мәдениетін, тілдері мен дәстүрлерін өркендету, сақтау және дамыту болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті Ассамблеяны құрады және қайта ұйымдастырады, Ассамблея қызметінің бағыттарын айқындайды, Ассамблея басшылығының лауазымды адамдарын қызметке тағайындайды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш
11
Президентіне -- Елбасына Қазақстан халқы Ассамблеясын өмір бойы басқару құқығы тиесілі. Ассамблеяның құрылымын Ассамблея Сессиясы, Ассамблея Кеңесі, Ассамблея Хатшылығы, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ассамблеялары құрайды. Ассамблея Сессиясы - Ассамблея мүшелерінің жиналысы Ассамблеяның жоғары басқарушы органы болып табылады. Сессияны Қазақстан Республикасының Президенті қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде бір рет шақырады. Кезекті Сессияны шақыру туралы өкім кезекті Сессияның еткізілетін күні, орны жене күн тәртібі көрсетіліп, ол басталғанға дейін отыз күннен кешіктірілмей қабылданады, бұл туралы ресми бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланады. Кезектен тыс Сессия Ассамблея Төрағасының, Ассамблея Кеңесінің бастамасы бойынша немесе Ассамблея мүшелері жалпы санының кемінде үштен бірінің өтініші бойынша шақырылады жене оны өткізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бір ай мерзімде өткізіледі. Ассамблея тарихында 18 сессия өткізіліп, онда қоғам өмірінің маңызды мәселелері мен мемлекет дамуының негізгі бағыттар талқыланды. Сессиялар аралығындағы кезеңде Ассамблеяны басқаруды Қазақстан Республикасы Президентінің шешімімен құрылатын Ассамблея Кеңесі жүзеге асырады. Кеңестің құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмыс органы оның Хатшылығы дербес құрылымдық бөлім ретінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құрамына кіреді. Ассамблеяның және облыстар (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ассамблеяларының құрамы - этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестік өкілдерінің, мемлекеттік органдар өкілдерінің және олардың қоғамдағы беделі ескеріле отырып Қазақстан Республикасы азаматтарының қатарынан қалыптастырылады. Қазіргі уақытта Ассамблеясының құрамында 390 мүше бар. Ассамблеяға мүшелікке кандидатуралар облыстардың этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестіктерінің ұсыныстары негізінде облыстардың ( республикалық маңызы бар қаланың, астананың )
12

ассамблеялары сессияларының шешімі бойынша, сондай ақ республикалық, өңірлік этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестіктердің жоғары органдарының шешімі бойынша ұсынылады. Ассамблея қызметін ғылыми сүйемелдеу үшін Ғылыми-сарапшылық кеңес құрылып, қызмет атқаруда. Ғылыми-сарапшылық кеңестің құрамына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, этномәдени бірлестіктердің, ғылыми және білім беру ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ ғалымдар, тәуелсіз сарапшылар мен мамандар кіреді. Этносаралық мәселені жариялаудың ерекшелігі ескеріле отырып Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан Журналистер мен сарапшылар клубы құрылған. Клуб жұмысының басты бағыты журналистер мен сарапшылар үшін этносаралық тақырыпты жариялаудың лайықты дәстүрін қалыптастыру, сондай-ақ Ассамблея мен БАҚ арасындағы байланысты тереңдету болып табылады. Барлық аймақтарда Достық үйлері өз жұмысын тиімді атқарып келеді, Мемлекет басшысының тапсырмасымен Астана қаласында - Бейбітшілік және келісім сарайы салынды. Мұнда жыл сайын Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиялары, әлемдік дәстүрлі діндер съездері, өзге де маңызды іс-шаралар өтеді.
2.2. Жастар істері бойынша саясаттың негізгі бағыттары
Жас ұрпақтың дүниетанымындағы өзгерістердің мәнін ой елегінен өткеріп, зерделеу теориялық міндеттер тұрғысынан қалай зәру болса, өмірлік
мақсат-мүддеден де солай маңызды. Қоғам дамуынын жаңа арқаға түсуі, яғни
еліміздің егемендік алуы - тәуелсіздігіміз қаншама құндылықтарға жол ашты.
Қоғамның күллі бағыт-бағдары, ізгі мұраттары, қажеттіліктері мен себеп -
салдарлары түбегейлі өзгерді, мұның өзінің жастардың ой-санасына, өмірлік
ұстанымдарына әсер-ықпалы болмай қалған жоқ. Алдыңғы толқын - ағалардың кейінгі толқын - інілерге, яғни ересек, егде кісілердің өскелең ұрпаққа деген көзқарасы калай? ''Қорқамын кейінгі жас балалардан" деген Абай атамыз сияқты олар да күдікпен үрке қарап жүрген жоқ па? Бүгінде шау
13
тартқан сол " ересектеріміздің " өзі күні кеше кандай еді? Ұлы суреткер
Мұхтар Әуезов өсиет еткендей, бесігімізді түзедік. Бірақ балаларымыз қандай болмақ? Төрткіл дүниеден хабардар, көргені де, естіп жатқаны да жетерлік. Барлығын алақанға салғандай өз көзімен көріп, соның тірі куәсі - бүгінгі ұрпақ қайда бармақ? Осынау сұрақтардың қай-қайсысы да айрықша ден қоюды қажет етеді және оларға түп-түгіл, егжей-тегжейі жауап беру, әрине, оңайға түспейді. Біз ешкімді енжар қалдырмайтын қызықта таңғажайып уақытта өмір сүріп отырмыз: қоғам өмірінде, адам санасында, жастар дүниетанымында жүріп жатқан орасан зор өзгерістер оқымыстылар ортасында ғылыми талас үшін таптырмайтын азыққа айналды. Дәл осы тұста оқырман назарын мынаған аудара кеткім келеді: XX ғасырдың алпысыншы жылдарындағы жастар мен адамзат баласы естіп-білмеген неше алуан оқиғалармен басталған XXI ғ. - бүгінгі таңдағы жастар арасында, жер мен көктей демей-ақ қояйын, бірақ елең етерліктей айырмашылық еріксіз қайран қалдырады.Олар, шынында да, қандай еді? Өткен ғасырдың алпысыншы-жетпісінші жылдарындағы жастар жарқын болашақ - коммунизмді орнату идеясына алаңсыз сеніп өсті, олардың санасында күллі тіршілігіне деген қатынасты айқындайтын біртұтас ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
2004 жылғы парламенттік сайлаудағы саяси партиялардың белсенділігі
Қазақстанда көппартиялы жүйенің қалыптасуы және олардың тәуелсіздікке қосқан үлесі
Саяси партиялардың пайда болуы ,құрылысы
Саяси партиялар. Дәрістер
Саяси партиялар
Саяси партиялар және партиялық жүйелер
Саяси партияларды құқықтық тұрғыдан зерттеу
Қазақстанда саяси партиялардың – қоғамдағы ролін, институционалды қалыптасуын зерттеу
Саяси партия және партиялық жүйелер
Саяси партия ұғымы
Пәндер