Компьютерлік оқыту жүйелерін жобалау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

I КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3

II Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .. 5
Компьютерлік оқыту жүйелерін дайындау құралдарын таңдау
критерилері
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 5-12
2.2 Компьютерлік оқыту жүйелерін
жобалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13-16

2.3 Үшбұрыштарды үйретуші программаның алгоритмі ... ... ... ... .. 17
2.4 Үшбұрыштарды үйретуші программаның cипаттамасы ... ... ... ... ...
18-28

III
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .. 29-30

IV ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ..
31

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше
маңызды болып табылатын мәселелердің бірі – оқытуды ақпараттандыру, яғни
оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады.
Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының
көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Білім беру саласында
ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім
беру үрдісін интенсификациялау мен модернизациялаудың тиімді тәсілдерін
іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстардың тиімділігі мен
нәтижелілігі бірнеше оқу-әдістемелік, психологиялық-педагогикалық
мәселелердің шешімін ғылыми түрде негіздеуді талап етеді.
Қоғамды ақпараттандыру және оның барлық салаларының міндеттері қатарына
білімдендіру де кіреді. Өткен ғасырдың 90-жылдарынан бастап мемлекет
тарапынан қоғамды ақпаратандырудың даму үдерісіне қажеттілік сезіле
бастады. 1990 жылы Қоғамды ақпараттандыру тұжырымдамасы қабылданды, ал
ақпараттандыру түсінігі ғылыми, қоғамдық-саяси териясында кең қолданыла
бастады. Компьютерлендіру түсінігін ығыстыра басталады [1].
Курстық жұмыстың мақсаты: үшбұрыштар тақырыбын ақпараттық
технологияны қолданып оқыту.
Курстық жұмыстың міндеті: үшбұрыштарды үйретуші программа құру.
Курстық жұмыстың дерек көздері: Аккуланова Б.Б. Ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білім беру деңгейін
көтеру.-Алматы: Білім, 2007 ж., , Мордкович А.Г. Элементарная математика.-
М.: Наука, 2004 г., Абдрахманов Қ. Ермекбаев А. Математиканың бастауыш
курсының негіздері. Астана, 2011 ж., О. Камардинов. Х.Жантелі, DELPHI
5–6, Оқу құралы. Шымкент, 2002 ж., Попов В. Паскаль и Дельфи: Санкт-
Петербург, Питер-2003 г., Баженова И.Ю. Delphi 7-Москва: Кудиц-Образ, 2003
г.
Білімді ақпараттандыру (БА) психологиялық-педагогикалық мақсатымен
тәрбиелеу үшін білім саласында жаңа білімдерді қалыптастыруды жүйелеуін
қамтамасыз ететін ақпаратты тарату, сақтау және өңдеу технологияларын
пайдалануға бағытталған адам тіршілігінің ғылыми практикалық саласы болып
табылады.
Заманға сай білім жүйесінің әртүрлі салаларына ақпараттық технология
(АТ) енгізу масштабты, әрі комплекстік сипатқа ие болып келеді.
БА екі түрлі стратегиялық мақсатқа жетуді көздейтінін түсіну маңызды.
Біріншісі - ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар негізінде
оқу әрекетінің түрлерінің тиімділігін арттыру. Екіншісі – ақпараттық қоғам
талаптарына сәйкес жаңаша ойлайтын мамандар типін дайындаудың сапасын
арттыру.
БА арнайы компьютерлік аппараттық және программалық құралдарсыз
практикада қолданылмайды, мұндай құралдарды БА құралдары деп атайды.
БА құралдары деп ақпараттық және программалық қамтамасыз етуді
атаймыз, сонымен бірге БА мақсаттарына жету үшін олардың мазмұны
толықтырылуын айтуға болады.
Тек БА құралдарын пайдалану білімдендіруде ақпараттық және
телекоммуникациялық технологияларын толыққанды қолдану үшін жеткіліксіз.
Практикада білімді ақпараттандырудың идеологиялық базамен толықтыруды
сонымен бірге БА мақсаттарына жетуде әртүрлі білім саласындағы мамандардың
қатысуын қажет етеді.
БА іске асыру бағытына тәуелсіз білім жүйесінің қызмет етуіне әсерін
тигізетін адам әрекетінің көп аспектілі саласы болып табылады. БА жаңа
оқыту дисциплиналарды пайдаланатын ақпараттық құралдар мен технологиялар,
оқу курсының дәстүрлі әдістерін қайта қарастырады. Информатиканың құралдары
мен мен әдістері көмегімен болашақ маман ретінде сұрақтарға жауап бере алуы
тиіс, қандай ақпараттық ресурстары бар, олар қайда орналасқан, оларды
қалай алуға болады және өз мамандығының тімділігін арттыру мақсатында қалай
пайдалануға болады?
БА құрамына электрондық басылымдар мен ресурстарды қолдану, ғылыми
негізде құру және экспертизадан өткізу кіреді. Бұл салада көптеген
мәселелер әлі де шешілмеген. Оларға ақпараттандыру құралдарн мазмұнын
ғылымилық, мағыналылық және стилистикалық мәдениет деңгейін көтеру, әрбір
білімдендірудегі электрондық басылымдар мен ресурстар (БЭБР) арасында
интерфейстік, технологиялық және ақпараттық байланыстардың қажеттігі жатады
[2].
Білім жүйесін ақпараттандырудың басты бағыттарының бірі – оқытудың
компьютерлік құралдарын қолдану. Компьютермен оқытудың негізгі құралы
компьютерлік оқыту жүйелері (КОЖ) болып табылады. Бүгінде бізге оқытушы-
программа, бақылаушы-программа, программалық жаттықтырғыш (тренажер),
дидактикалық ойын, гипермәтіндік жүйе т.с.с. көптеген компьютерлік оқыту
программалары кеңінен танымал. Сонымен қатар оқу процесінде сараптаушы-
оқытушы жүйелер мен автоматтандырылған жобалау жүйелері де пайдаланылуда.
Бірақ, қазіргі кезде қолданыста жүрген мұндай программалар білім жүйесінің
талаптарын толығымен қанағаттандыра алмауда. Көптеген компьютерлік оқыту
программаларының ортақ кемшілігі, олардың дәстүрлі оқу-әдістемелік
құралдардың көшірмесі ретінде ғана ұсынылуында. Әрине, біз компьютермен
оқытуда дәстүрлі оқыту құралдарының қажеті жоқ деген пікірден аулақпыз.
Негізінде оқытудың компьютерлік программалары дәстүрлі оқыту құралдарының
тиімді жақтарын қамтып, оны жаңа сапалық көрсеткіштермен толықтыруы тиіс.
Бұл компьютерлік оқыту программаларын құруда ескерілуі қажет негізгі
ережелердің бірі [3].
Құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, Оқыту процесінде компьютерлік
оқыту жүйелерін пайдаланудың теориялық негіздері, Үшбұрыштарды үйретуші
программа деген екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер
тізімінен, 31 беттен тұрады.

2.1 Компьютерлік оқыту жүйелерін дайындау құралдарын таңдау
критерийлері

Құралдарды таңдауда мынандай бағалаулар қажет:
- белгілі бір конфигурациялы аппараттық құрылғылар;
- сертификацияланған программалық құралдар;
- қажетті деңгейдегі маман;
Сонымен бірге құрастырылатын компьютерлік оқыту жүйесінің мақсатын,
жаңа мәліметтерді қосу арқылы түрлендіру қажеттілігін, жад көлеміне
қойылатын шектеулерді және т.б. есепке алу керек.
Өте қарқынды дамып отырған технологияның арқасында мультимедиа және
гипермедиа құралдары өте арзандап отыр және оны өз дербес компьютеріңе
орнатып ала аласың. Сонымен бірге аппараттық құрылғылардың қуатталығы мен
жылдамдығы жоғарыдағы құралдарды пайдалануға мүмкіндік береді.
Компьютерлік оқыту жүйелерін жасау және қолдану үшін оның түрлерінің
мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін білу керек. Негізгі КОЖ түрлері келесі
белгілері бойынша топтастырылады:
- пән мазмұнына бойынша;
- жүзеге асыра алатын педагогикалық мәселелері бойынша;
- оқу материалын қамту көлемі бойынша;
- телекоммуникациялық технологияларды пайдалану мүмкіндігі бойынша;
- оқыту деңгейі бойынша;
- информацияны бейнелеу формасы бойынша.
Пән мазмұны бойынша КОЖ-рі жаратылыстану, гуманитарлық, техникалық
мазмұндағы болып бөлінеді.
Жүзеге асыра алатын педагогикалық мәселелері бойынша жіктеу үшін
алдымен КОЖ-рі шеше алатын мәселелерді қарастыру керек. Олар:
1. Пәнді оқудың мақсатымен танысу, оның негізгі ұғымдары мен
тұжырымдарын түсіну;
2. Түрлі деңгейдегі базалық дайындық жұмыстарын орындау;
3. Пәннің практикалық есептерін шешу дағдысы мен ебдейліктерін
қалыптастыру;
4. Эксперименттік жұмыстар жасау дағдысын қалыптастыру;
5. Стандартты емес жағдайлардағы есептерді шешу қабілетін
қалыптастыру;
6. Зерттелетін объектілерді, процесстерді игеру;
7. Білімді, дағды мен ебдейлікті бекіту, орнықтыру;
8. Білім мен дағды деңгейін бағалау.
Осы аталған педагогикалық мәселелерді шешу мүмкіндігіне қарай КОЖ-рі
келесі топтарға жіктеледі:
- теориялық және техникалық дайындық құралдары;
- практикалық дайындық;
- көмекші құралдар;
- кешенді құралдар.
Бірінші топқа келесі КОЖ-рі кіреді:
Компьютерлік оқулық (КО) – баспа оқулық негізінде жасалған, белгілі
бір курс бойынша базалық ұғымдар мен процесстер жайлы мейлінше толық
материалдар қамтылған КОЖ;
Білімді тексерудің компьютерлік құралы (БТКҚ) – белгілі пән бойынша
студенттің теориялық білімін тексеруге арналған көпнұсқалы, көпдеңгейлі
тапсырмалар жүйесі.
Практикалық дайындық КОЖ-рі:
Компьютерлік практикум (КП) – пәннің типтік есептерін шығаруға және
есептер арасындағы байланыстарды анықтуға арналған тапсырмалар жинағы;
Компьютерлік тренажер (КТ) – іс-әрекет дағдысын қалыптастыруға және
оған қатысты қабілетті дамытуға арналған құрал.
Көмекші КОЖ-рі:
Компьютерлік лабораториялық практикум (КЛП) – автоматтандырылған
лабораториялық жұмыстар жинағы;
Компьютерлік анықтамалық (КА) – пән бойынша ұғымдарға, терминдерге,
анықтамаларға қысқаша түсініктемелер беретін құрал;
Кешенді құралдар қатарына келесі КОЖ-лері енеді:
Компьютерлік оқу курсы (КОК) – теориялық, практикалық және техникалық
дайындық функциялары мен құралдары біріктірлген түрде қарастырылатын
белгілі бір курс бойынша берілген құрылымданған оқу материалдары;
Компьютерлік бекіту курсы (КБК) – квалификацияны көтеру үшін
берілетін стандартты және стандартты емес жағдайлар туралы және игерілген
курс мазмұнындағы білімді, дағдыны, ебдейлікті қайта бекітуге арналған
материалдар жиынтығы.
Оқу материалдарын қамту көлемі бойынша интегралды және интегралды
емес КОЖ-рі бар. Интегралды КОЖ-рінде курс мазмұны толығымен қамтылады және
теориялық білім мен дағдыны, ебдейлікті қалыптастыру мәселелері өзара тығыз
байланыста құрылады. Интегралды емес КОЖ-рі студенттің кейбір жеке
қабілеттерін дамытуға арналған.
КОЖ-рі телекоммуникациялық технологияларды пайдалану мүмкіндігі
бойынша жергілікті және желілік болып бөлінеді.
Желілік КОЖ-рі есептеу техникасының түріне қарай жергілікті желіге
бағытталған (Іntranet) және жаһандық желіге бағытталған (Іnternet) болып
бөлінеді. Сонымен қатар желілік КОЖ студенттердің өзара байланысын
қамтамасыз ету мүмкіндігіне қарай да екі түрге бөлінеді: өзара байланысты
және өзара байланыссыз.
Оқыту деңгейі бойынша КОЖ-лері орта білім беруге, арнайы білім
беруге,
жоғары білім беруге және кәсіптік квалификацияны көтеруге арналған болып
жіктеледі.
Информацияны бейнелеу формасы бойынша мультимедиялық және
мультимедиялық емес КОЖ-рі бар [4].
Компьютерлік оқыту жүйелерінің классификациясы 1-сұлбада көрсетілген:

Сұлба 1. Компьютерлік оқыту жүйелерінің классификациясы

Оқу процесінде компьютерлік оқыту жүйелерін пайдаланудың алғы
шарттары.
Қазақстан Республикасындағы білімді ақпараттандыру жүйесін ары қарай
дамыту процесін оқып-үйренудің ақпараттық ресурсы болып табылатын КОЖ
дайындамай жүзеге асыру мүмкін емес. Олардың атқаратын қызметтерінің де
ауқымы кең, мысалы, бақылайтын және тест жүргізетін программалар,
компьютерлік ойындар, ақпараттық жүйелер, оқыту орталары, электронды
оқулықтар және мультимедиялық программалар. Осы оқытуға арналған
программалық құралдардың әр түрлі нұсқаларын әзірлеу Республикалық білім
беруді ақпараттандыру ғылыми әдістемелік орталығының (РБАО) негізгі жұмысы
болып табылады.
Қазіргі кезде РБАО негізінен білім жүйесінің барлық сатылары үшін КОЖ
жасаумен шұғылданып келеді. КОЖ құрастыру технологиясы оқыту процесінің
заңдылықтарына негізделіп жасалып, бір-бірімен тығыз байланыстағы төрт
бөліктен тұрады олар: мотивациалы-мақсаттық, мазмұндық, операциялық және
нәтижелік бақылау компоненттері.
КОЖ-нің мотивациалы-мақсаттық компоненті модульдерді
(микромодульдерді) құрастырудан тұрады. Модуль дегеніміз – жергілікті
(локальды), жүйелік және функционалдық білім жиындары. Ол студенттің өз
танымдық әрекетін ұйымдастыратын “түйіні” болып саналады.
КОЖ-нің мазмұндық компоненті гипермәтін арқылы жүзеге асырылады.
Гипермәтін – терминдерден, ұғымдардан, әртүрлі концепциялардан,
кестелерден, графиктерден және диаграмммалардан тұратын мәліметтер базасы
ретінде берілетін ақпараттық оқыту ортасы. Мәтіндерді қазақ, орыс, ал
кейбірін ағылшын тіліндегі дыбыстар арқылы айтуға болады. Гипермәтін бейне
материалдарымен толықтырылған.
КОЖ-нің операциялық компоненті интерактивті формада берілген
тапсырмаларды орындау арқылы жүзеге асырылады.
КОЖ-нің нәтижелік бақылау компоненті тест алу жолымен жүргізіледі.
КОЖ-де тестердің екі түрі берілген: бір дұрыс жауабы немесе бірнеше дұрыс
жауабы бар. Тест соңында студент өзі қателескен сұрақтарды тексеріп көре
алады, әрбір тесттен соң сұрақтардың реттік орны ауыстырылып отырады.
Студенттер үшін КОЖ – ЖОО-да оқыған жылдардың барлығында да өздері
толықтырылып отыра алатын және нәтижелік емтиханға дайындалуға көмектесетін
мәліметтер базасы болып келеді. КОЖ-мен жұмыс істеу әрбір студенттің өз
мүмкіндігін есепке ала отырып, оқып үйрену ісін жеке дара жүргізуі болып
саналады.
Мұғалім үшін КОЖ бұл күнбе-күн дамытылып отыратын, ашық түрдегі
әдістемелік жүйе, оны әрбір оқытушы өз педагогикалық тәжірибесіндегі
материалдармен толықтыра отырып, ары қарай жетілдіре алады. КОЖ
студенттердің сыныптан тыс өз бетімен жұмыс істеуіне толық мүмкіндік
туғызады. Жүйенің модульдік жүйеге негізделіп құрылғаны, осы құралдың
тиімділігін айқындай түседі. Модульдерді бөлуде грамматикалық
заңдылықтардың лексикалық тақырыптарға сәйкес келуі негізге алынған.
КОЖ – дисплей экранында көрінетін жай ғана мәтін емес, ол студентке
өз
жолымен керекті материалдарды жеке меңгеруге арналған күрделі, көп ажетті
бөлімдерін қайталап, игеру тәсілі мен логикасында өзіне тән етіп таңдап
алып, осы сәтте ең керек деген материалды қарап шығуға мүмкіндік береді.
Оның гипермәтіні нақты құрылымдардан тұрады да, бір-бірімен тығыз
байланысқан ықшам логикалық жүйе болып табылады. Бұл жүйемен танысу арқылы
студент практикалық негізде алгоритмдік ойлау қабілетін дамыта алады. Ал
өзіне қажетті мәліметті компьютер жадының керекті ұясынан іздеп таба білу
де әрбір баланың бүгін талап етілетін стратегиялық ойлау қабілетін
қалыптастырады [5].
Модульдерде берілген алгоритм студенттерге өз бетімен жұмыс істеу
мүмкіндігін береді. Мұнда сабаққа деген қызуғушылық пайда болып, білім алу
кезіндегі олардың белсенділігі арта бастайды. КОЖ-ні пайдалану мұғалімнің
де ғылыми-әдістемелік потенциалын дамытып, оның сабақ үстіндегі еңбегін
жеңілдетеді.
Оқытудың әр сатысында компьютерлік тесттер арқылы студентті жекелей
бақылауды, графикалық бейнелеу, мәтіндер түрінде, мультимедиялық, бейне
және дыбыс бөлімдерінің бағдарламасы бойынша алатын жаңалықтарды іске
асыруға көп көмегін тигізеді.
Барлық оқулықтардың материалдарын модульдік түрде қарастыру оның
мазмұнын бірыңғай тұрғыдан қарастыруға негізделген. Студенттердің танымдық
ерекшеліктері мен жас өзгешеліктеріне байланысты ғылыми теориялық ұғымдар
жүйесі арқылы жалпыдан жалқыға, абстрактылықтан нақтылыққа көтерілу
мұғалімнің бұрынғы ролін өзгертеді. Енді мұғалім білім мен ақпарат беретін
тұлға емес, ол алға қойылған мақсатқа жету жолындағы керекті мәліметтерді
әр жерден тауып алуға көмектесетін кеңесші әрі әріптеске айналып кетеді.
Қазіргі ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану
негізінде жаңа педагогикалық әдістерді қалыптастыруға бағытталған білім
беру жүйесін ақпараттандыруды зерттеу істері оқулықтар шығарумен қатарласа
немесе оның алдында атқарылуы керек [6].
Компьютерлік оқыту жүйелерінің құрылымы.
Программалық жүйенің құрылымы дегеніміз оның пайдаланушылармен
байланысы мен ішкі компоненттерінің өзара қатынасы. Құрылым жүйенің негізгі
программалық бөліктері мен ақпараттық компоненттерінің байланысын және
сыртқы қолданбалы программмалармен байланысын бейнелейді. Программалық
компоненттерді (модульдерді) жіктеу функционалдық принцип бойынша
ораындалады. Ақпараттық компоненттер (массивтер, блоктар, файлдар,
берілгенде қоры, т.с.с.) қызметі, пайдаланылуы, берілгендерді бейнелеу
форматтары, қол жеткізу тәсілдері т.с.с. белгілері бойынша бөлшектенеді.
КОЖ-нің жалпы құрылымы 2-сұлбада келтірілген. Арнайы жағдайларда
құрылымдағы кейбір компоненттері болмауы да мүмкін.
Объект түрлері:
-программалық компонент - ақпараттық комопнент.

Байланыс түрлері:

- ақпарат басқару және алмасу; -ақпараттық және программалық

объектілерге
сілтемелер.
КОЖ-сінде болуы міндетті компоненттер жұлдызша (*) белгісімен
ерекшеленген. Қарастырылып отырған схемада келесі қысқартулар қолданылды:
▪ ОМЖІМ - оқу материалдарымен жұмыс істеуді қамтамасыздандыру
модулі;
▪ ОМІМ - оқу материалын іздеу модулі;
▪ ТЖМ - тапсырмалар жүйесі модулі;
▪ ТТМ - тапсырмаларды тіркеу модулі;
▪ ОПБМ - оқу процесін басқару модулі;
▪ ОТАМ - оқушыларды тіркеу және анықтау модулі;
▪ ОЖХМ - оқушылардың жұмыс хаттамалары модулі;
▪ ОИМ - оқытушы интерфейсі модулі;
▪ КОЖКСМ - КОЖ-нің конфигурасын сипаттау модулі.

Сұлба.2. КОЖ-нің жалпы құрылымы

КОЖ-нің ақпараттық компоненттері үш класқа жіктеледі:
1. КОЖ құрамына кіретін ақпараттық компоненттер. Мұндай компоненттер
өз ішінде тағы да екі түрге бөлінеді. Біріншісіне оқытылып жатқан пән
мазмұнына сәйкес ақпараттық компоненттер кіреді. Оған оқу материалының
түрлі құрылымдары мен тапсырмалар жүйесі кіреді. Программалық құралмен
сәйкес келетін ақпараттық компоненттер тобы құрайды: КОЖ-сін орнықтыру және
КОЖ-мен жұмыс істеуге арналған анықтамалық нұсқаулар.
Оқу материалы мен таспырмалар жүйесі ақпараттық және программалық
объектілерге сілтеме жасауы мүмкін. Оқу материалының құрылымдық
компоненттері тапсырмалар жүйесіне және сыртқы КОЖ-дарға сілтеме жасайды,
ал тапсырмалар жүйесінде оқу материалына және сыртқы КОЖ-не сілтемелер
болады. Енді оқу материалының құрылым мен оның тапсырмалар жүйесімен
байланысын қарастырайық.
КОЖ-де оқу материалдарына қол жеткізудің негізгі үш тәсілі
қарастырылады:
▪ элементтері оқу материалының сәйкес құрылымдық бірліктеріне
сілтеме жасайтын мазмұн блогы арқылы;
▪ көрсеткіштер арқылы (анықтамалық сөздік, терминдер жинағы,
тезаурус, глоссарий, т.с.с.);
▪ оқу матриалының іздеу жүйесі арқылы;
Іздеу процесін оқу материалдарын іздеу модулі (ОМІМ) толық мәтіндік,
не кілттік сөздер көмегімен орындайды. Екінші жағдайда кілттік сөздер
индекстелген болуы қажет.
2. КОЖ орнатуға арналған ақпараттық компоненттер. Бұл ақпараттық
компоненттің бір бөлігі баспа кітаптың титул бетінің қызметін атқарады.
Мұнда КОЖ-нің қысқаша сипаттамасы, авторлары және авторлық құқық жайлы
мәліметтер келтіріледі.
Екінші бөлігінде жүйенің орнатылуы, КОЖ конфигурациясының пайдаланушы
өзгерте алатын тұстары сипатталады және оны орындауға арналған қысқаша
нұсқаулар блогы болады.
3. Оқушылардың жұмыс нәтижелерін бейнелейтін ақпараттық компоненттер.
Мұнда оқушылар модулі мен олардың КОЖ-сінде жұмыс істеу барысының
хаттамалары сақталады.
Хаттамаларға пайдаланушының КОЖ-мен байланысын бейнелейтін
мәліметтер енгізіледі. Оқу материалымен жұмыс істеу барысы оны оқуға кеткен
уақытпен, анықтамалық жүйелерге сілтеме жасау бірліктерімен, өтіп кеткен
оқу материалдарына қайта көңіл бөлу санымен анықаталады.
Оқушы модуліне оқушының игеріп жатқан пән бойынша ағымдық білім
деңгейі, оқу процесінде анықталған негізгі дербес ерекшеліктері жайлы
мәліметтер кірістіріледі [7].
Енді КОЖ-нің құрылымдық схемасындағы негізгі модільдердің атқаратын
қызметтерін сипаттап өтелік:
1. Оқу материалдарымен жұмыс істеуді қамтамасыздандыру модулінің
(ОМЖІМ) атқаратын негізгі қызметтері:
▪ мазмұн, сілтемелер, анықтамалық сөздік, терминдер сөздігі,
тезаурус көмегімен оқу материалының бірліктеріне қол жеткізуді
қамтамсыз ету;
▪ оқу материалының белгілі бір бөлігін баспадан шығарып алуға
мүмкіндік жасау;
▪ оқу маетриалының мазмұны толық болу қажетті демонстрациялық,
иллюстрациялық маетриалдарды шығаруды қамтамасыз ету;
▪ оқу материалында гиперсілтемелер жүйесімен жұмыс жасауды
Ұйымдастыру;
▪ оқу материалының құрамына енгізілген таспырмалар жүйесін орындау
және нәтижесін талдау жұмыстарын жүргізу;
▪ гиперсілтемелері оқу материалының құрамына енгізіліп қойылған
сыртқы КОЖ-н шақыру.
2. Оқу материалын іздеу модулінің (ОМІМ) негізгі қызметі ОМЖІМ-мен
жұмыс істеуді толықтыру.
3. Тапсырмалар жүйесі модулі (ТЖМ) келесі функцияларды атқарады:
▪ пайдаланушыға орындауға арналған тапсырмалар тобын тапсырмалар
жиынынан кездейсоқ не жүйеленген түрде беруді ұйымдастыру;
▪ тапсырмаларды біртіндеп, кезеңдерге бөліп беру;
▪ тапсырмаларды орындау нәтижелерін талдау және дұрыс орындалмаған
тапсырмалар үшін оқу материалының сәйкес бірлігіне сілтеме жасау;
▪ пайдаланушының тапсырмаларды орындау барысы туралы хаттамаларды
ұйымдастыру;
▪ пайдаланушының білім деңгейін тексеру және бағалау.
4. Тапсырмаларды тіркеу модулі (ТТМ) ТЖМ-нің қосымша қызметтерін
атқарады.
5. Оқу процесін басқару модулі (ОПБМ) оқытудағы психологиялық-
педагогикалық стратегияны тиімді іске асыруды қамтасыз етуі тиіс. Ол
келесілерден тұрады.
▪ оқушының оқу материалымен және тапсырмалар жүйесімен байланыс
деңгейін тіркеу;
▪ жоғарыдағы мәліметтерге сүйене отырып оқушының моделін құру;
▪ оқушының білім деңгейін бағалау;
▪ оқушының моделіне сүйене отырып, оқыту процесінде оқу
материалдары мен тапсырмалар жүйесін беруге өзгерістер мен
реттеулер енгізу;
▪ оқытушыға оқушының оқу барысы мен нәтижелері жайлы мәліметтер
беру;
6. Оқушыларды тіркеу және анықтау модулі (ОТАМ) КОЖ-ні орнату және
алғашқы рет іске қосқан кезде оқушы жайлы мәліметтерді тіркеуге алады. Ол
мәлеметтер оқушының аты-жөні, тобы, алғашқы тестен өту нәтижесі, т.с.с.
7. Оқушылардың жұмыс хаттамалары модулі (ОЖХМ) – пәнді игеру барысы
жайлы оқушыға не оқытушыға мәліметтер беруді Ұйымдастырады.
8. Оқытушы интерфейсі модулі (ОИМ) – оқушының оқу барысы,
тапсырмаларды орындау барысы, оқушының белсенділігі, психологиялық-
педагогикалық стратегияның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты
Қазіргі заманғы автоматтандырылған жобалау жүйесінде машина жасау
Оқу курсын құру технологиясы
Кәсіпорынның құрылымдалған кабельдік жүйелері мен желілерін жобалау, монтаждау, қызмет көрсету және олардың жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету
Информатика курсы бойынша оқу үрдісін түрлендіріп, оқушыларды оқытудағы тапсырмалар
Балабақшадағы оқыту технологиялары
Компьютерлік оқытудың ерекшеліктері
Кәсіптік оқыту сабақтарында автоматты жобалау жүйесі элементтерін пайдалану
Визуалды бағдарламалау ортасының оқыту-тексеру программасын құру технологиясы
Жаңа ақпараттық (информациялық) технологиялар
Пәндер