Өнер - өмір дейтін жұмбақ әлемнің жарқ етіп көрінген көркем көшірмесі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды Университеті

Реферат
Тақырыбы: Д.Исабековтің Актриса, Тор драманың шығармасындағы идея

Орындаған:Камерият А.Т.
Тексерген:Төлеубаев К.Т.

Мазмұны
I Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
II Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4-8
Дулат Исабеков
Д.Исабековтің Актриса
III Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
IV Әдебиеттер тізімі

I Кіріспе
Тақырып өзектілігі:
Жұмыстың мақсаты:
Жұмыстың міндеті:
Курстық жұмыстың зерттеу обьектісі:
Курстық жұмыстағы қолданылған әдіс:
Өнер - өмір дейтін жұмбақ әлемнің жарқ етіп көрінген көркем көшірмесі.Сахнада ойналатын қайсыбір шығарманы алсаңыз да, оның өне бойынан өмірге деген құштарлықтың лаулаған жалыны өріліп тұрады. Содан да болар, сіз бен біз мына тірліктен зерігіп не болмаса шаршап, әлде қажи бастаған сәттерде театрға келеміз. Театрға шаршаған көңіл күймен кіріп, қайта тысқа шыққанда жігерленіп, ойымыз тұтанып, көңіліміз кеңейіп, жанымыз жадырап сала беретіні - айтып жеткізгісіз ақиқат. нер - өмірге жалын беретін, от беретін құдіретті күш!Содан да болар, біз театрды сүйеміз. Театрға қай кезде де жан-тәнімізбен ынтығып, бөлекше ықыласпен баруға, көруге асығып тұрамыз.Сол театрдың күре тамырын қуалай өн бойына нәр беріп, барынша қуаттандыратын - ең алдымен қаламы жүрдек драматургтер. Драмалық шығарма - болашақ көркем спектакльдің алтын діңгегі һәм алтын қазығы!Шын талантты, айтары салмақты, ойлы пьеса, тіпті, жартылай әзір спектакль десек те артық емес.

II Негізгі бөлім 1
Дулат Исабеков (20.12.1942 ж., "Ленин жолы" ауылы, Арыс ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы) -- жазушы, драматург, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері
Дулат Исабеков 1942 жылдың желтоқсанның 20-сы күні Арыс ауданының "Ленин жолы" ауылында тұлғаның. Шыққан руы қоңырат .
Мектепті бітірген соң Ташкенттегі институтқа екі рет тапсырып, түсе алмаған.
1966 ж. - Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген;
1967 -- 68 ж. - Қазақстан Республикасы Телевизия және радио хабарын тарату жөніндегі мемлекеттік комитетте аға редактор;
1968-70 ж. - Қазақ Совет энциклопедиясы бас редакциясында аға ғылыми редактор;
1971 -- 76 ж. - "Жұлдыз" журналында бөлім меңгерушісі;
1976 -- 80 ж. - "Жалын" баспасында редакция меңгерушісі;
1980-88 ж. - Қазақстан Республикасы Мәдениет министр репертуарлық-редакциялық коллегияның бас редакторы;
1988 -- 97 - жылы Қазақ теледидарының бас редакторы, "Жазушы" баспасының директоры, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы;
1997 жылдан Қазақстан Республикасы Мәдениеттану ғылым зерттеу институтының директоры.
Алғашқы әңгімесі "Жолда", "Замандастар" атты жинақта 1963 жылы жарияланды. "Бекет" (1966), "Ащы бал" (1969), "Мазасыз күндер" (1970), "Қара шаңырақ" (1973), "Тіршілік" (1975) повестер мен әңгімелер жинақтары, "Қарғын" (1980) романы басылды.

Тандаулы повестері "Екі жиырма" (1983) деген атпен жарық көрді. Бір-қатар шығармалары орыс тіліне аударылып, "Полынь" (1978), "Отчий дом" (1979), "Смятение" (1986), "Новоселье в старом доме" (1986) деген атпен басылды. Жекелеген туындылары венгр, неміс, поляк, чех тілдерінде жарияланды. Исабектің "Ректордың қабылдау күндері" (1975), "Әпке" (1977), "Ертеңгі күту" (1979), "Мұрагерлер" (1982), "Алыстан келген ананас" (1984), "Кішкентай ауыл" (1986), т.б. пьесалары республика, облысы театр сахналарында қойылды. Тандаулы пьесалары "Жеті желкен" 1987 жылы жарық көрді. Жекелеген туындылары бойын-ша "Гауһар тас" (режиссер Ш.Бейсембаев, 1975), "Дермене" (режиссер Асанәлі Әшімов, 1986) көркем фильмдері түсірілді. "Мұрагерлер" пьесасы үшін оған Қазақстан Жазушылар одағында Мұхтар Әуезов атындағы сыйлығы берілген (1985)

2
Дулат Исабековтің Алтын тордағы тоты (Актриса) деген пьесасы.
Мұндағы оқиға да бір театрдың ең танымал актрисасы - Айгүл Асанованың басынан өтеді. Ол өте талантты актриса. Атағына бүкіл ел қанық. Алайда, өмірдегі өз тірлігі қалай етсе де қиюласпай-ақ қояды. Қыздай шыққан күйеуі қызғаныш сезіміне ерік беріп, ажырасып кетеді. Содан, бірер жыл жалғыздан-жалғыз өмір кешуге тура келеді. Өз ойынша мына тірлікте, енді ешқандай қызық қалмаған іспетті. Бәрі де өтірік, бәрі де алдамшы. Әсіресе, еркектер...
Сондай селқос, селсоқ күндердің бірінде оған Ғимарат бизнес серіктестігі басшылығы атынан арнайы хат келеді. Серіктестіктің құрылғанына 10 жыл толыпты, сол салтанатқа құрметті қонақ болып қатысып, өзі ойнаған спектакльдерден бірнеше үзінділер орындап беруін өтініпті. Ақысы да қомақты екен, Фольксфаген автомашинасын сыйға тартпақ.
Пендешілігі ұстады. Әлде... дүниеге қызықты. Әйтеуір, Ғимарат серіктестігінің 10 жылдық мерейтойына баруға келісе кетеді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақындық мектеп дәстүрі (Ж. Жақыпбаев шығармашылығы негізінде)
Қазақ әдебиетінде проза жанры
Роза Мұқанованың шығармашылық лабораториясы
Монография, оқулықтар мен оқу құралдарына сараптама жазу
Ақындық тұлғаның лирикалық кейіпкерге қатысы
Ақын мұрасының тақырыптық, жанрлық, көркемдік аясы
Естай Мырзахметов шығармашылығының қазақ әдебиетіндегі орны
Қазақ әдебиетінің прозасы
Зейнолла Серікқалиевтің публицистикасы
Төрт деп қой
Пәндер