Абылай хан туралы ақпарат



Абылай хан Әбілмансұр (1711 [ Ресей деректерінде 1713] — 23.5.1781 , Оңтүстік Қазақстан Арыс жағасы) — ұлы мемлекет қайраткері, қолбасшы және дипломат. Арғы тегі Жошы хан, бергі бабалары Қазақ даласының негізін салған Әз . Жәнібек, одан соң Еңсегей бойлы Ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан: Абылай . Жәңгір ханның бесінші ұрпағы. Жәңгір қайтыс болып таққа Тәуке отырғанда, Уәлибақы хандыққа өкпелеп, Үргенішті билеген нағашы атасы Қайыр ханның қолында болады. Уәлибақының баласы Абылай жекпе . жекке шыққанда жауы шақ келмейтін батыр болып, Қанішер Абылай атаныпты. Осы Абылайдан Көркема Уәли туады. Оның Әбілмансұр (кейін қазаққа хан болып Абылай атанған) «ақтабан шұбырынды» жылдарында жетім қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді. Аш жалаңаштықтан жүдеген өңіне, өсіп кеткен шашына қарап Төле би оған «Сабалақ» деп ат қойып, түйесін бақтырады. Әбілмәмбет төренің жылқысын да бағады. Бұл, Шоқан Уәлихановтың айтуына сүйенсек, Абылайдың 13 жасар кезі болса керек Онда Абылайдың 1710 жылы туған деугенегіз бар) Төле бидің Тәлім . тәрбиесінде болуы Абылайға зор ықпал жасады. Қазақ даласының даналығын бойына жинаған баба ақылы мен парасатына, ел билеу қабілетін, анталаған жауға қарсы қазақ халқы басы біріске ғана тойтарыс бере алатынын жас баланың санасына ұялата білген. Оған қоса бала кезінен көрген жұпыны тіршілік, өмірлік тәжірибе Абылайдың ел өміріне ерте араласуына себепші болды. Бұқар, Үмбетей жыраулардың т.б. Ауыз әдебиетінің ірі өкілдерінің мәліметтеріне қарғанда, Абылай 20 жасында қан майданда ерлігімен танылған. Бұқардың Абылайға «Сен жиырма жеткен соң, Алтын тұғыр үстінде Ақ сұңқар құстай түледің» деуі осының дәлелі. Қай жылы туса да, 1730 . 1733 жылдар аралығында болған бір ұрыста бұрын белгісіз жас жігіт Әбілмансұр жекпе жекке шығып, қалмақтың бас батыры, қоңтажы Қалдан Сереннің жақын туысы (кейбір деректерде: күйеу баласы) Шарышты өлтіреді Үлкен әкесінің аруағын шақырып, жауға Абылайлап ат қойған Әбілмансұр жеңісті ұрыстан соң, Орта жүздің сұлтаны деп танылып, қазақ даласындағы ең беделді әміршілердің біріне айналады. Бұдан соңғы жерде Әбілмансұр есімі ұмытылып, Абылай атанды. Абылайдың 20 жасы қай жылға сәйкес келуіне байланысты, қай шйқасқа қатысқаны туралы болжам айтуға болады. Бұл Әрине Абылай қатысқан алғашқы соғыс емес. Ел әңгімелері, тарихи жырлап Сабалақ әуелде Бөгенбай жасақтарының құрамында жорық . жортуылдарға қатысқанын айқындайды, Аңырақай шайқасына қатыспады дегенінің өзінде де, Абылайдың 1730 . 1733 жылдары да (бірнеше үлкен ұрыстар) болған бір ірі шайқасқа қатысқаны дау тудырмайды.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Абылай хан
Абылай хан Әбілмансұр (1711 [ Ресей деректерінде 1713] — 23.5.1781 ,
Оңтүстік Қазақстан Арыс жағасы) — ұлы мемлекет қайраткері,
қолбасшы және дипломат. Арғы тегі Жошы хан, бергі бабалары
Қазақ даласының негізін салған Әз – Жәнібек, одан соң Еңсегей
бойлы Ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан: Абылай – Жәңгір
ханның бесінші ұрпағы. Жәңгір қайтыс болып таққа Тәуке
отырғанда, Уәлибақы хандыққа өкпелеп, Үргенішті билеген нағашы
атасы Қайыр ханның қолында болады. Уәлибақының баласы Абылай
жекпе – жекке шыққанда жауы шақ келмейтін батыр болып, Қанішер
Абылай атаныпты. Осы Абылайдан Көркема Уәли туады. Оның
Әбілмансұр (кейін қазаққа хан болып Абылай атанған) ақтабан
шұбырынды жылдарында жетім қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді.
Аш жалаңаштықтан жүдеген өңіне, өсіп кеткен шашына қарап Төле би
оған Сабалақ деп ат қойып, түйесін бақтырады. Әбілмәмбет
төренің жылқысын да бағады. Бұл, Шоқан Уәлихановтың айтуына
сүйенсек, Абылайдың 13 жасар кезі болса керек Онда Абылайдың
1710 жылы туған деугенегіз бар) Төле бидің Тәлім – тәрбиесінде
болуы Абылайға зор ықпал жасады. Қазақ даласының даналығын
бойына жинаған баба ақылы мен парасатына, ел билеу қабілетін,
анталаған жауға қарсы қазақ халқы басы біріске ғана
тойтарыс бере алатынын жас баланың санасына ұялата білген. Оған
қоса бала кезінен көрген жұпыны тіршілік, өмірлік тәжірибе
Абылайдың ел өміріне ерте араласуына себепші болды. Бұқар,
Үмбетей жыраулардың т.б. Ауыз әдебиетінің
ірі өкілдерінің мәліметтеріне қарғанда, Абылай
20 жасында қан майданда ерлігімен танылған. Бұқардың Абылайға
Сен жиырма жеткен соң, Алтын тұғыр үстінде Ақ сұңқар құстай
түледің деуі осының дәлелі. Қай жылы туса да, 1730 – 1733
жылдар аралығында болған бір ұрыста бұрын белгісіз жас жігіт
Әбілмансұр жекпе жекке шығып, қалмақтың бас батыры,
қоңтажы Қалдан Сереннің жақын туысы (кейбір деректерде:
күйеу баласы) Шарышты өлтіреді Үлкен әкесінің
аруағын шақырып, жауға Абылайлап ат қойған Әбілмансұр жеңісті
ұрыстан соң, Орта жүздің сұлтаны деп танылып, қазақ
даласындағы ең беделді әміршілердің біріне айналады. Бұдан
соңғы жерде Әбілмансұр есімі ұмытылып, Абылай
атанды. Абылайдың 20 жасы қай жылға сәйкес келуіне
байланысты, қай шйқасқа қатысқаны туралы болжам
айтуға болады. Бұл Әрине Абылай қатысқан алғашқы соғыс
емес. Ел әңгімелері, тарихи жырлап Сабалақ әуелде
Бөгенбай жасақтарының құрамында жорық – жортуылдарға қатысқанын
айқындайды, Аңырақай шайқасына қатыспады дегенінің өзінде де,
Абылайдың 1730 – 1733 жылдары да (бірнеше үлкен ұрыстар) болған
бір ірі шайқасқа қатысқаны дау тудырмайды. Тарихи деректерден Орта
жүз жасақтары мен жоңғарлардың арасында 1930
– 1931 жылдарда бірнеше үлкен ұрыстар 7 мыңнан
астам әскері Орта жүздің шығыс шетіндегі
ауылдарына шабуыл жасап, тегеурінді Тойтарысқа тап болады (Ресей
саясатының архиві, Жоңғар істері қоры, 1131 – т, 1 – іс, 95 – 96
парақ) Абылайды жиырма жасы 1733 жылға сәйкес келсе, дәл сол жылы
қазақ пен қалмақ арасында үлкен майданы болған қытай деректерінде
атап көрсетілген Абылайдың әскери қайраткерлігі, қолбасылық
қабілеті 30 – 40 жылдардағы шайқастарда көрінді. Осындай жан алысып
жан беріскен соғыстардың бірін Бұқар жырау Қалдан менен ұрысып,
жеті күндей сүрісіп... деп суреттейді. Ол соғысқа Абылайдың қанды
көйлек жолдастары Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақ
Жәнібек, Қарақалпақ Қылышбек, Шапырашты Наурызбай, т.б. қазақтың
белгілі батырлары тізе қоса қатысады. Бұл да Абылайдың жауға қарсы
қазақ халықтың басын біріктіре білгендігінің дәлелі болып табылады.
Бірте – бірте ұлыстағы бар өкім Әз – Тәуке ханның немересі
Әбілмәмбет ақылшы аға болып қалып, кеңесші хан дәрежесімен
шектеледі. 18 ғасырдың 30 жылдарының аяғында Абылай есімі бізге
белгілі құжаттарда Әбілмәмбет ханмен қатар аталады Орыс тарихшысы
А.И. Левшин : 1739 жылы Орта жүзде Сәмеке ( орта жүздің батысындағы
аз санды руларды биледі) ханның орын хан сайлаудан бұрын
Әбілмәмбет пен Абылай екеуі бірдей хандық билік жүргізген — деп
жазды. Шоқан Уалихановтың осы пікірді қолдайды 1738 – 1741ж
Абылайхан бастаған қазақ қолы жоңғар басқыншыларына бірнеше мәрте
соққы берді. 1742 жылы Абылайхан тұтқиылдан шабуыл жасаған
жоңғарлардың қолына тұтқынға түседі. Сол кездегі ойрат
басқыншыларына қарсы күрестің ең белсенді ұйымдастырушыларының
біріне айналған Абылайдың жау қолына түсуі қазақ қоғаммында
абыржушылық туғызып, Абылайды босатып алу үлкен саяси мәселеге
айналды. Тарихи жырларда қазақ билеушілерінің атынан Төле би мен
Әбілқайыр хан Орынбор әкімшілігінен Абылайды тұтқыннан босатып алуда
ара түсуге өтініш жасайды. Бұл Деректің шындық екенін осы кезеңде
Орынбор генерал – губернаторы И.И. Неплюев пен Әбілқайырдың өзара
жазысқан хаттары да дәлелдей түседі. Қазақтың үш жүзінен Төле би
бастап 90 адам елші барып, келіс сөз жүргізіп, 1743 жылы 5
қыркүйек Абылайды тұтқыннан шығарып алады. Бұл жөнінде Неплюевтің
Сыртқы істер коллегиясына жазған хатында қазақтар мен қалмақтар
бітімге келіп, Бірігіп кете ме деген қауіп те білдірген. Абылай
билігінің күшейе түсунің жана кезеңі 1744 жылы Әбілмәмбеттің
Түркістанға көшіп кетуі уақытына саяды. Абылай көреген саяси
қайраткер бола отырып, қалмақтармен аса ауыр соғыстардан қалжыраған
елінің есін жиғызу үшін дипломат. Жолдары да тиімді пайдаланады
1740 жылы тамызда ол Орта жүз ханы Әбілмәмбетпен, тағы да басқа
120 старшынмен Орынборға келіп орыс өкіметінің қамқорына кіруге
келісімін білдіреді. Сонымен бір мезгілде қазақ халқының тұтастығын
сақтау мақсатында Шың империясымен де қарым – қатынасын суытады.
Петербург пен Пекинге елшіліктер аттандырды (1757 – 1777 жылдары
Пекинге 10 елшілік жіберген) Ол Ресей мен Қытай империяларының
өзара қайшылықтарын қазақ хандығы мүддесін пайдаланып отврады.
Абылай 1745жылы Қалдан Серен дүние салғаннан кейін Жоңғарияның
билеуші топтарының тақ таласынан әлсіреп, бұрынғы әскери қуатынан
айырыла бастауынан және жоңғар – қытай соғыстан Шығыс Түркістанмен
іргелес өңірдегі ойраттардың уақытша билігінде қалған қазақ жерлерін
қайтаруға, елдің дербестігін толық қалпына келтіруге пайдалану үшін
барынша күш салды. Абылай қазақ елінің тәуелсіздігіне нұқсан
келтіретін жағдаяттармен аянбай күресіп дербес сыртқы саясат ұстанып
өтті1745 жылы Орта жүздегі Әбілмәмбет, Абылай және Барақ сұлтаны
қатар аталса 34 жылдан кейін мұндағы жағдай мүлдем өзгерді. 1749
жылы тамыз айында Неплюевтің кездесуіне Жәнібек тархан: бұрын Орта
жүзде Әбілмәмбет хан болған, бірақ ол біраздан бері Ташкентте
тұрып жатып ел басқарудан қалған. Бірақ сұлтан ғанабилік жүргізіп
отыр, — деп көрсетті. Жазба деректерде Абылайдың шетел
басқыншыларына қарсы табанды соғыс жүргізгендегі айқын көрсетіледі.
1752 жылы ол бастаған қазақ әскері шамасы 15 – 20 мың адамдай
ойраттар қолының шабуылына тойтарыс берді. 1753 жылы желтоқсанда
Абылай 5 мың жауынгерімен жоңғар әскерлерімен жоңғар шайқасып,
бірталай қазақ жерін азат етті. 1754 жылы сәуірде Абылай бастаған
1700 қазақ әскері 10 мың қалмақпен соғысуға мәжбүр болса, сол
жылдың шілде – тамыз айында 4 мың әскермен Жоңғарияға жорық жасап,
3000 қалмақты тұтқынға алып келген.
1753 жылы Абылайдың 6 мың әскері қытайдың 40 мың әскері
Қытайдың 40 мың әскерімен шайқасынан соң, қытайлар Абылайдан бітім
сұрады. 1753 — 1754 жылы шайқастарға Қабанбай, Бөгенбай Жанатай,
Керей, Жәнібек, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі сабақтарында сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолдану
Батыр Баян поэмасындағы антропонимдер
Ауызша тарихи деректер
Абылай хан даңғылы» бойынша туристік-экскурсиялық маршрутты өңдеу
М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы онімдердің сипатын анықтау
Жырау шығармаларының зерттелу тарихы
Абылай хан қонақ үйінің жалпы сипаттамасы
XVIII Электрондық тарихымыздың оқулыққа тұлғасы
Қаракерей Қабанбай батырдың дәуірі
Қазақ хандары мен билері
Пәндер