Бала тәрбиесі әрдайым қозғалыста


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 220 бет
Таңдаулыға:   

БАЛАНЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ

БІРІНШІ БӨЛІМ

ПЕДАГОГИКАНЫҢ НЕГІЗДЕРІ - ОҚУ ПӘНІ

Бірінші тақырып

Баланың жас ерекшеліктеріне байланысты

педагогика негіздерінің объектісі, пәні,

логикалық құрылымы

Жалпы педагогиканың объектісі - Адам, оның әртүрлі іс-өрекеті, ңарым-ңатынасы, дамуы т. б. болса, баланың жас ерекшелігіне байланысты педагогиканың объектісі -Бала, оның туғаннан бастап есейгенге дейінгі кезеңдегі психологиялың әрекеттері болып табылады.

Жалпы педагогика пәні - оқу-тәрбие процесінің заңдылыңтары, нысаны, әдістері, қүралдары болса, баланың жас ерекшелігіне байланысты педагогиканың пәні - баланың әр кезеңдегі оқу-тәрбие процесінің психологиялық түрғыдан заңдылықтары, әдістері, қүралдары, соған сәйкес оқу-тәрбие үрдісінің технологиясы.

Педагогикадағы "балалық" деген түсінік психологиядағы "балалық" деген түсінікпен үштасып жатыр.

Балалықты екі тұрғыда қарауға болады:

Біріншіден, балаларды ересектердің биологиялық, рухани, материалдық жағдаймен қамтамасыз етуі.

Екіншіден, баланың өзінің іс-әрекетінің нәтижесінде жағымсыз қылықтарға қарсы тұра білуі.

Көрсетілген екі жағдайда да баланың өзіндік қасиеті жетекші рөл атқарады.

Кешегі бала мен бүгінгі баланың арасындағы айырмашылық жер мен көктей.

Бүгінгі балалардың жас ерекшеліктерін бұрынғысынша "мектепке дейінгі", "төменгі сынып оқушылары" немесе

"балалың шақ", "жасөспірімдер" және "жастық шақ" деп бөлеміз.

Мектепке дейінгі бүлдіршіндер көбінесе үлкендердің қамқорында болып, іс-өрекетті өз бетінше жасай бермейді. Олар ересектердің қамқорлығына мұқтаж.

Төменгі сынып оқушылары да ересектердің қамқорлығына мұқтаж. Әсіресе отбасы мен мектептің ықпалында болады. Дегенмен бұл жаста оларда өзіндік "Мен" деген қасиет пайда бола бастайды. Осы менмендік оларды жағымсыз қылықтардан аулақтатады. Бірақ ата-ананың, мектеп ұстаздарының ықпалынан толықтай аса алмайды.

Жасөспірімдік кезеңді балалардың қиын кезеңі деп те атайды. Олай дейтін себебі жасөспірімдерде менмендік асқындай береді. Материалдық, рухани жағынан отбасына, мектепке тәуелді болғанымен, бұл жастағы балалар жаман қылықтарға әуес болады, көп мәселені өз бетінше шешкенді дұрыс көріп, төуелсіздігі асқындайды.

Жастық шақта балалар отбасының тәуелдігінде, мектептің ықпалында бола тұрып көп мәселеге өзіндік тұрғыдан қарайды, өмірге көзқарасы өзгеріп, жасөспірімдік кезеңдегі жағымсыз іс-әрекеттерге сын көзбен қарайды.

Бала жасының осы төрт кезеңін талдай отырып, жас ерекшілік педагогикасының мазмұны мен қүрылымында мына төмендегідей логикалық байланыс бар екеніне көзіміз жетті:

Біріншіден, баланың психофизиологиялық дамуы.

Екіншіден, әсіресе оның психологиялық-педагогикалық дамуының басымдылығы.

Үшіншіден, осы төрт кезеңде де баланың өзіндік іс-әрекетінің жетекші рөлінің басымдылығы.

Төртіншіден, балаға дұрыс тәрбие беруде негізгі педагогикалық идеяларды өз уақытында пайдалана білуде.

Бесіншіден, педагогикалың қызметтің технологиясы мен оның басымдылық бағыттары.

Осы көрсетілген бес бөліктің әрқайсысы баланың өсу, даму кезеңдерінде өртүрлі ықпал етеді. Міне, осылардың әрқайсысына тоқталып көрейік.

Сонымен, баланың психофизиологиялық дамуы оның биологиялық түрғыдан қалыптасуын көрсетеді. Баланың

түрлі іс-әрекетке араласуы, жолдас-жораларымен қарым-қатынасы, жеке психологиялық қасиеті, әлеуметтік қатынасы, құрбы-құрдастарының ортасындагы орны.

Психологиялық-педагогикалық дамуының басымдылыгына баланың іс-әрекетіндегі жетекші рөл атқаратын қажеттіліктен туындайтын, іс-әрекетке итермелейтін мотив, соның арасындағы қайшылықтар жатады.

Іс-әрекеттің жетекші рөлінде баланың жас және жеке басының ерекшелігін ескере отырып, ол неге сондай әрекетке барды деген сұраққа жауап іздеген жөн. Мұндайда баланың сол іс-әрекетке баруына қандай қолайлы жағдай туды, не себепті тежелді, не қозғаушы болды деген сұрақтарға жауап іздеу керек.

Негізгі педагогикалың идеяда осы жағымды іс-әрекеттерді іске асырудың жолы қарастырылады. Ол балалар ұжымы арқылы орындалады.

Педагогикалың қызметтің технологиясы мен оның басымдылық бағыттары балалар ұжымы арқылы орындалады. Бұл бөлімге оқу-тәрбие процесінің заңдылыңтары, әдіс-тәсілдері, іс-әрекет, қарым-қатынасты ұйымдастыру қүралдары, ұстаздық қызмет жатады.

Осы көрсетілген бөлімдер балалардың жасына байланысты әрбір төрт кезеңдерінде кездеседі. Сондықтан барлығына жалпы ортақ қасиеттер болуы мүмкін. Бірақ баланың әрбір жасына байланысты кезеңдері және жеке ба-сының ерекшелігіне байланысты қасиеттер болады. Соны біз әр уаңытта есте ұстауымыз қажет.

Сонымен бірінші тақырып бойынша қорытынды:

Жас ерекшелік педагогиканың объектісі - бала, оның туғаннан есейгенге дейінгі кезеңдегі психологиялық әрекеттері.

Жас ерекшелік педагогикасы пәні - баланың әр кезеңіндегі оқу-тәрбие процесі барысындағы психологиялың заңдылықтары, әдістері, құралдары, технологиясы.

Логикалық байланыс бес бағыттан тұрады.

Қайталауға арналған сұрақтар:

1. Жалпы педагогиканың объектісін атаңыз.

2. Жас ерекшелік педагогикасының объектісін атаңыз

3. Жалпы педагогиканыңпөнін атаңыз.

4. Жас ерекшелік педагогикасы пәнін атаңыз.

5. Жас ерекшелік педагогикасындағы логикалық байланыс ба ғыттарын атаңыз

Әдебиеттер тізімі:

1. Жарыцбаев Қ. Жалпы психология. - Алматы, 2004.

2. Возрастная педагогическая психология. - М., 1996.

3. Педагогика. Лекциялар курсы. - Алматы, 2003.

4. БелкинА. С. Основы, возрастной педагогики. - М., 2002.

5. Вегалиев Т. Б., Мцсаева СА., Тасболатов Қ. Педагогикалык терминдер сөздігі. - Жамбыл, 1989.

Екінші тацырып Мектеп жасына дейінгі балаларға мінездеме

Мектеп жасына дейінгі балаларға баланың туғанынан мектепке барғанға дейінгі жас аралығындағы балалар жатады. Олар 2-3 жастан бастап өзара қарым-қатынаста болып, мектепке өзінше тәжірибе жинақтап барады. Бүл кезеңдегі балаларды тек күн тізбегіне байланысты қарамауымыз керек. Оларды әлеуметтік тұрғыдан да қарағанымыз дұрыс. Себебі оның өскен ортасы, денсаулығы, үйтұрмысы, әлеуметтік-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруына, сол туған күнінен бастап 6-7 жас аралығындағы (мектепке барғанға дейінгі) баланың жалпы дамуына да байланысты.

Мектеп жасына дейінгі балаларға тән қасиеттер:

- Біріншіден, осы жастағы балалар өзіне негізгі өмірлік қажеттілікті ересектердің көмегі арқылы қанағаттандырады.

- Екіншіден, материалдық, рухани, қызығушылық қажеттілігін отбасынан алады.

- Үшіншіден, бұл жастағы балалар қолайсыз жағдайда өзін-өзі қорғай алмайды.

Сондықтан да, ұстаз осы жастағы баланың психологиялық-педагогикалық дамуының басымдылығын ескергені абзал.

2. 1. Психологиялық-педагогикалық даму басымдылығы

Сөйлеу және ойлау қабілетінің дамуы. Бала сөйлеу арқылы ойлау қабілетімен қатар өзінің психикасын да дамытады. Сөз бен ой қатар жүреді. Екеуі бір-бірімен байланысты. Дегенмен, екеуінің арасында алшақтық та болуы мүмкін.

Кейбір ұстаздарда жөнді сөйлей алмаған баланың ақыл-ойы дұрыс дамымаған деген қате пікір бар. Ол дұрыс емес. Жөнді сөйлей алмаған бала күндердің күнінде сөйлеп кетуі де мүмкін, немесе керісінше, жақсы сөйлеп жүрген баланың бір нәрсенің әсерінен нашар сөйлеуі немесе тілі байлануы мүмкін.

Егер де баланың тіл мен ойлау қабілеті төмен болса, ондай балалар психикалық тұрғыда нашар дамиды. Осыдан барып ақыл-ойы нашар дамиды.

Ақыл-ойы кем баланың ми құрылысы зақымданған. Мұндай балаларды да білуге болады. Ол аздаған ақыл-ой кемдігінен бастап есуастыққа дейінгі аралық. Баланың мұндай болуы көп жағдайға байланысты. Мәселен, нәсіл-дік жолмен келуі, анасының құрсағынан пайда болған кемістік немесе дүниеге келгенде қиналып босанудан, болмаса түрлі жарақаттан, аурудан пайда болуы.

Бірақ туа біткен аңыл-ой кемістігінен туғаннан кейінгі ақыл-ой кемістігінің ерекшелігі - туғаннан кейінгі кемістікті жойып, аңыл-ойды жетілдіруге болады.

Осындай балаларға арналған арнайы мектептер бар. Сол ортада мүндай балалар өзін еркін ұстай алады, дамиды. Зейін мен естің дамуы. Мектепке дейінгі жастағы балалардың зейіні, еске алуы, есіне сақтауы еріксізден ерік-тіге, көрнектіден мазмұнды ойға, сөзге қарай дамиды. Әсіресе, түрлі-түсті заттар, есте саңтауға болатын қимыл-қозғалыс немесе есте қалатындай сөздер, яғни көрген нәрсені сөйлеу арқылы бекіту.

Ұстаздардың, ата-аналардың кемшілігі - баланың ес, зейін, сөйлеу, жеке ойлау ңабілеттеріне мән бере бермейді. Ересектер баланың сөзін қызықтай отырып әрі дамытпайды. Керісінше, кішкентай баланың сөзін қызыңтай отырып, баланың сөзін қайталаумен, кекетумен шектеледі. Ересектер кішкентай баланың сөздік қорын байытып, ойлау қабілетін тереңдетуге тиіс. Сонда ғана зейін мен ес қалыпты дамиды.

Еріктің дамуының бірнеше жолдары бар. Олар:

- ересектердің талабын орындау;

- өздерінің іс-әрекетін ересектердің іс-әрекеттерінен

бөліп қарау;

- ересектердің іс-әрекетін үлгі ретінде қабылдау;

- ересектерге еліктеу;

- өз іс-әрекетіне баға бере алу, жақсы мен жаманды

ажырата білу;

- қоршаған әлеуметтік ортамен қарым-қатынас жасай

алу.

Бала кездесетін кедергілерді жеңуге талпынса, жеңе білсе, онда баланың ңалыптасуы дүрыс дамып келеді деуге болнды. Ал ол кедергіні жеңуден қашқақтаса, онда жалтақ, "ауырдың үстімен" жүретін адам болып өседі. Жігерсіз немесе ерке болып өскен баланың болашағы бұлыңғыр. Ондай балаларда ерік дұрыс дамымайды. Қиқарлың ерікке жатпайды. Қиқарлық пен жігерлілік бір түсінік емес.

Бұл жастағы балаларды артық маңтаудың да, жазалаудың да керегі жоқ. Артың мақтасаң бала дандайсып кетеді де, жеңіл мінезді болып, ал артық жазаласаң жасқаншақ, тұйық болып өседі. Бұл екі жағдайда да эгоист, өзім-шіл, ортамен есептеспейтін адам болып өседі.

Мұндайдан аулақ болу үшін ересектер мақтауды да, жазалауды да өз уақтысында, өз орнында қолданғаны дұрыс. Әр нәрсенің өзінің орны бар. Бірақ ауру бала мен сау баланы шатастырмау керек. Жүйкесі ауру баланың дөрекілігіне кешірімді болып барып, төрбиелеу керек болса, сау балаға тікелей тәрбиенің керекті әдістерін қолдану қажет. Осы әдісті қолдануда әр баланың жеке ерекшелігін ескерген жөн.

Іс-әрекет, қылығына өзінің баға беру кезеңдері: - Сәбидің өзінің іс-әрекет, қылықтарына берген ересектердің бағасын түсінбеуі, жақсы-жаманды ажырата алмауы;

- Өсе келе біртіндеп сондай іс-әрекет, қылықтарға ересектердің берген бағасын түсіне бастауы;

- Жаман мен жақсыны ажырата білу;

- Енді іс-әрекет, қылық түгіл, жалпы өзінің кей жағдайда көрсеткен мінезін бағалауға көтерілуі;

- Өзінің ішкі жан дүниесін бағалау.

Баланың өзінің жан дүниесін, іс-әрекет, қылығын бірдей бағалай білмей өсуі оны жақсы жолға апармайды. Ол оны жарға соқтырады.

Ал өзін-өзі дұрыс бағалай білмейтін, өзін басқадан кем санайтын балалардың, көрінгеннің жетегінде жүретін адам болып өседі. Бұл да жақсы қасиет емес.

Сонымен мектепке дейінгі жастағы балаларды өздерінің іс-әрекет, қылығына баға беруі бойынша екіге бөлуге болады.

Бірінші, өз іс-өрекет, қылығын артық бағалау. Бұл эгоистікке, өзімшілдікке, еркелікке, менмендікке соқтырады.

Екінші, өз іс-әрекет, қылығын кем бағалау. Бұл ынжық, өз ойын айта алмайтын бос кеуде етіп өсіреді.

Осының екеуі де дұрыс емес. Сондықтан ересектер баланың жас кезінен бастап, оның дамуын, қалыптасуын қадағалап, баланың өз іс-әрекет, қылық оқыс мінезіне өзінше әділ баға бере алатындай етіп тәрбиелеуі қажет. Мақсат - баланың өзін жаман демей, оның істеген қылығына түсінетіндей баға беру.

Баланың алғашқы адамгершілік туралы түсінігін қалыптастыру - жаман мен жақсы, әсемдік пен көріксіздік, сыпайылық пен дөрекілік сияқты т. б. қарама-қарсылықтағы түсініктер мен іс-әрекет, қарым-ңатынасты ажы-рата алудан басталады. Мұндай түсініктер:

- ересектердің баға беруі арңылы;

- нақты бір іс-әрекет, қылық, мінез көрсету кезінде;

- немесе баланың өз ісіне немесе жолдастарының ісіне баға беруі арқылы қалыптасады.

Жас балалардың нақты бір жақсы мен жаманды, көріктілік пен көріксіздікті ажыратуы көп жағдайда нақты үлгі арқылы жүреді. Мәселен, "аяу", "біреуге жақ болу", "біреумен бөлісу", "біреудің айтқанына көну", "біреуді жаңсы көріп, бір затын сыйлау", т. б.

Балалардың адамгершілік түсінігі тәртіптіліктен, мәдени қатынас, сыпайылық, жүрек жылуынан басталып қалыптасады. Ол үшін баланы соған үйрету керек. Ойыншықтың өзін тірі жандай көрсетіп, оған дөрекілік жасамауды әр уақытта баланың есіне салып отыру керек. Осыдан барып оның мөдени қатынасы қалыптасады да, осы қатынасты өзімен ойнап жүрген балаға да қолданады.

Сонымен бірінші параграфқа қорытынды:

6-7 жасқа дейінгі балаға адамгершілік қасиетті сөзбен қалыптастырмайды. Оны іс-әрекет, үлгі, соны қайталау, бекіту арқылы қалыптастырады. Осындай жолмен баланы мектепке дайындауға болады.

2. 2. Педагогикалың қызметтің технологиясы мен оның негізгі бағыттары

Бірішігі бағыт. Балалардың ойынын ұйымдастыру. Осы

жастағы баланың психикасы ойын арқылы өзгеріп қалыптасады, мектепке дайындалады. Озібасқалардыңңы-лығына баға беруге үйреніп, өмірді тани бастайды.

Баланың ойыны арқылы оның қалай өсіп келе жатқанына баға бере аламыз, қисық жерін түзетуге кірісеміз. Қазақ "Баланы жастан" деп тегін айтпайды . Ойын арқылы бала өзінің қалай өсіп, дамып келе жатқанын білдіреді. Ойын - экспериментті құрал.

Ойынның ішінде сюжеттік ойындар бар. Ол өзінше спектакль. Сондықтан біріншіден, ересектер осы бір қолайлы жайтты ұтымды пайдаланғаны жөн. Мәселен, отбасы ойынын ойнағанда көргенін қайталайды, түзетулер ішгізеді, әр отбасы мүшесінің міндет, құқықтарын, т. б. көрсетеді.

Осы рөлдік, сюжеттік ойындарда мынаны есте сақтаған дүрыс:

- біріншіден, балалардың ойынына араласпай, мұқият бақылау;

- екіншіден, осы бақылаудан қорытынды шыгару;

- үшіншіден, кемшіліктерді түзетуге ойындық әдіс-тәсілдерді қолдану.

Ойын барысына араласу, түзетулер енгізу, ескерту жасау, бақылау балалардың ойынын бұзады, жалтақ қылады, оның дамуына кесірін тигізеді.

Екіншіден, ересектер рөлдік ойындардың сюжетіне зер салганы жөн. Себебі осы ойындар балада қатыгездік, жүрексіздік, өзімшіл, өркөкірек сияқты мінезді қалыптастырып жүрмесін. Содан баланы сақтау керек. Ойын баланы жалыктырмауы тиіс. Себебі күндегі бір сарынды ойын өзінің тәрбиелік құндылығын жоғалтады.

Екінші бағыт. Отбасының баламен қарым-қатынасын ұйымдастыру.

Қарым-қатынас - тек әлеуметтік-психологиялық құбылыс емес, бұл әдептілік, адами құбылыс.

Шетелдік психико-физиологтардың (Боулди) пайымдауынша омыраудағы баланы омыраудан шығарғанда, ол біраз уақытқа дейін жылайды, мінез көрсетеді. Баланы емізу - ол да қарым-қатынас. Сол қарым-қатынас үзілсе немесе сол қарым-қатынас дұрыс болмаса, сәби қарсылық білдіреді.

Бүгінгі айтып жүрген қиын балалардың 92 пайызы -отбасында дұрыс қатынаста болмағандар.

Сондықтан да ата-аналарға айтарымыз - балалармен қарым-қатынасты үзбеу керек. Қарым-қатынас сөз жүзінде, іс жүзінде, ойын арқылы, күнделікті өмір арқылы жүреді. Отбасылық қатынас дегеніміз - ата-ана, ата-әже, бала-шаға және осылардың бір-бірімен қатынасы. Отбасылық қатынас дегенде біз қаңғыбас, маскүнем ата-аналар туралы айтып отырғанымыз жоқ. Ондайдан аулақ болайық. Ондай ата-ананың "барынан жоғы". Осы жерде орыстың белгілі ғалымы Бестужев-Ладаның "Отбасы академиясы" еске түседі, яғни бір отбасында үш буын-ның ата-әже, ата-ана, балалардың бірге түруы. Бүл - адамгершіліктің тірегі, өзегі, қайнар бұлағы, үлгісі.

Біз отбасылық тәрбиенің балаға ыңпалын айта отырып, мына қағидаларды есте ұстағанымыз жөн:

- біріншіден, ата-ананың баламен қанша уақыт бірге болғанында емес, сол уақыт аралығында баланың жүрегінде қандай жақсы, ізгі қасиет қалдырғанында. Негізі уақыт мөлшерінде емес, оның нөтижесінде.

- екіншіден, бала отбасы мүшесі екенін әр уақытта сезінуі тиіс, яғни отбасында оның да өзіндік орны бар.

Осы екі қағида орындалмаған жағдайда бала дұрыс тәрбие алмайды. Ол адамгершілік, ізгілік, инабаттылық деген түсініктерді игеруден, сол қасиеттерді бойына сіңіруден аулақ болады.

Бала осы қасиеттерді бойына дарытқанын немесе дарытпағанын, оның эмоциясынан, сезімінен, жылау, күлуінен, көңіл-күйінен білуге болады. Оның өзінің жылауы, күлуі арқылы қандай бағытта дамып бара жатқанын білесің. Бала қулық жасай алмайды. Ол өзінің жан дүниесін сезімі, көңіл-күйі арқылы білдіріп ңояды.

Келесі бір отбасы қатынасының тағы бір түрі - бала-мен бірге еңбектену, саяхат жасау. Бұл қатынастың ең жоғарғы түрінің бірі. Орыстың психолог-ғалымдары О. А. Пинт, А. И. Кочетов: "Отбасының баламен 2-3 апталық саяхаты, оған оның (жас баланың) психологиялық, санаткерлік дамуына бір жылдық азық болады", - деп айтқан екен.

Үшінші бағыт. Баланы қанағаттылыққа үйрету. Баланы қанағаттылыққа ес білгеннен бастап баулу керек. "Қанағаттылық қарын тойғызады, қанағатсыздың жалғыз атын сойғызады" дейді қазақ. Материалдық байлың пен рухани байлық егіз. Екеуін екі ажыратуға болмай-ды. Баланың рухани байлығы болса, ол материалдық бай-лықтың не екенін түсінуге жол салады. Өрине, материалдық байлықты көруге, ңолмен үстауға болады, ал рухани байлыңты көруге де, ұстауға да болмайды. Дегенмен рухани байлық жоқ жерде, материалдық байлықтың не екенін бала түгіл үлкендер де түсінбейді. Сондықтан да бала материалдық байлыққа көп көңіл бөледі. Осы жер-де ересектер баланы қанағаттылыққа баулыса, ол рухани баюдың бастауы болар еді.

Баланың қанағаттылығына не жатады?

Біріншіден, өз қатарынан артық киінбеу, материалдық жағынан артықшылықты көрсетпеу.

Екіншіден, өз қатарын менсінбеу, кем көруден өзін аулақ ұстау.

Үшіншіден, бар нәрсені бағалай, сақтай білу.

Төртіншіден, балаға әр уақытта отбасылық бюджет-тен ақпарат-қүлаққағыс етіп түру керек. Отбасылық бюджет материалдық байлықты көтере ме, жоқ па? Бұл жерде бар нәрсені жоқ деуге де болмайды. Ал бар екен деп тасуға да болмайды. Осы жерде қазақтың тағы мынандай сөзі бар: "Әкенің малы балаға мал болмайды". Баланың болашақта өзінің еңбектенуінің керек екенін есіне салып отырған жөн.

Төртінші бағыт. Мектепке дейінгі балалардың ұжымдағы адами қатынасы. Осы жастағы балалардың өзара қарым-қатынасы үжымда дамиды. Ол балабақшада неме-се аулада, өзінше қауымдасқан топта болуы мүмкін. Бүл ересек балалардың, ересектердің қарым-қатынасындай жеке түлға, үжым, осылардың қарым-қатынасы арқылы жүреді. Бұл жерде де өзінің серке, топ бастаушысы болады. Мұнда мектептегідей "сенікі дұрыс, сенікі дұрыс емес" - деп айтатын ұстаздар жоқ. Мұны реттейтін не ересек балалар, не тәрбиеші, болмаса жанында жүрген ата-ана. Сондықтан осы мәселені шешуде ата-ананың рөлі жоғары.

Осы жастағы балалардың ұжым арқылы қатынасында мына мәселелерге мән берген жөн. Ол адами қатынас, соның ішінде жолдастық, достық қатынас, үлкендерді сыйлау, бір-біріне қол үшін беру, көмектесу, бірін-бірі қамқорлыққа алу, жолдасы үшін жақсы көретін затын да қию. Ол үшін үжымда түсіністік, қимастық, өзін еркін

сезіне алу көңіл-күйі болуы керек. Баланың көңіл-күйі сынаптай толңитын сезімге байланысты. Сол көңіл-күйді ата-ана өр уаңытта көтермелеп, түсіндіріп отыруы тиіс. Көңіл-күйді көтерудіңжолдарыбар. Мөселен, баланы жарқын жүзбен ңарсы алу; еркелетіп, жақсы ісін ма-даңтап, кейбір орындай алмайтын ісіне көмектесу; көтер-мелеу керек. Бірақ мүның барлығы барлың балаларға не-месе кез келген уақытта емес. Әр нөрсенің өз орны, уақы-

ты бар.

Дегенмен, бүгінгі күні баланың үжымдағы адами қа-сиетін ңалыптастырудың, дамытудың өзіндік мәселелері

бар. Олар:

Біріншіден, біз кеңестік тоталитарлық жүйеге үйренген қалпымыздан ажыраған жоқпыз. Ал бүгінгі балаларға де-мократиялың жүйе өзіндік өсер етуде. Былайша айтңанда, ескі жүйе мен жаңа жүйе үйлесімін таба алмай жатыр.

Екіншіден, балаға үжым арңылы адами ңасиет беруде істен гөрі сөзге көп жүгінеміз. Адами қасиет, инабатты-лың, ізгілік сөзбен емес, іс, қарым-қатынас, сезім арқы-лы ңалыптасады. Біраң сезімді де өз мөлшерінде пайда-ланып қолданған жөн.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дене тәрбиесі ерекшеліктерін анықтау
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене және ақыл - ой дамуының бұзылуы
Спорттық ойындар және олардың өткізілуі жайлы
Мектепке дейінгі педагогика ғылымының ерекшелігі
Дене тәрбиесі жаттығулары
Дене шынықтырудың қағидалары
Спорттық ойындар және олардың өткізілуі
Негізгі қимыл-қозғалыстар жалпы сипаттамасы мен түрлері
КҮН ТӘРТІБІНДЕГІ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ШАРАЛАРЫ
Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастырудың ғылыми- теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz