Мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивті оқытудың педагогикалық шарттарын анықтау


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Курстық жұмыс

Тақырыбы: «Қазақ шығармалары арқылы инклюзивті білім беру»

Орал, 2021 жыл

Мазмұны

Кіріспе . . . 2

Негізгі бөлім

І. Инклюзивті білім беру

  1. Инклюзивті білім беру мәні мен мазмұны . . . 5
  2. Инклюзивті сыныптарда білім беруді ұйымдастыру . . . 13

ІІ. Қазақ шығармалары арқылы инклюзивті білім беру

2. 1 Инклюзивті сыныптарда қазақ әдебиеті сабағында қазақ шығармаларын оқыту арқылы функционалдық сауаттылықты арттыру жолдары . . . 18

2. 2 Қазақ әдебиеті сабақтарында инклюзивті сыныптарда визуалды тапсырмаларды қолданудың тиімділігі . . . 22

Қорытынды . . . 25Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 26

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан қоғамының қазіргі даму кезеңінде мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық дамуының құдіретті факторы ретінде білім беру жүйесін модернизациялауға ерекше назар аударылып отыр. Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Әлеуметтік-экономикалық жаңарту - Қазақстан дамуының басты бағыты атты Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанда адами капиталдың сапалы өсуі мәселесі қойылады. Мемлекет басшысы білім берудің қолжетімділігін кеңейту қажеттігін атап өткен, «оқу жастарға тек білім беріп қана қоймай, сонымен бірге оларды әлеуметтік бейімделу үдерісінде пайдалана білуге үйретуі тиіс» деген.

Сондықтан бүгінгі таңда денсауылығы шектеулі балалар да басқа барлық оқушылар сияқты сапалы, әлеуметтік бейімделуге, қоғамда өз орынын табуға толық жағдай жасайтын білім алуға тиісті екендігін ерекше айту қажет. Арнайы білім беру мекемелеріндегі жағдайлар мүмкіндігі шектеулі балаларды қоғамнан, әлеуметтік ортадан бөлектеніп қалуына әкеліп отыр. Олардың қоғамның басқа бөлігі мен қарым-қатынас жасау мүмкіндіктері өте аз. Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында инклюзивті оқыту білім жүйесін дамытудың ең бір өзекті бағыттары қатарынан орын алып отыр. Бағдарламада мүмкіндігі шектеулі балалардың санының ұлғайғандығы, 2002 жылы олардың саны 120 мың құраса, 2009 жылы 149 246 құрағаны, олардың 38% -ы ғана арнайы білім беру бағдарламаларымен қамтылғаны жазылған. Алға қойған мақсаттарға жету үшін міндеттерді орындау қажеттілігі қатарында жалпы білім беретін мектептерде инклюзивті білім беруді жетілдіру көрсетілген. Сондай-ақ барлық өңірлерде ерте жастағы балаларға түзету - педагогикалық қолдау көрсету үшін және инклюзивті білім беру кабинеттері құрылатыны, мектептер үлесі жалпы санына 10 % - дан 70 % -ға дейін артатыны көрсетілген .

Соңғы жылдары мүмкіндігі шектеулі балаларға деген көзқарас өзгеріп, оларды дамытуға ерекше мән беріліп отыр. Жалпы білім беретін мектептерде

қалыпты дамыған оқушылармен қатар мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту бүгінгі таңда өзекті мәселеге айналды.

Инклюзия - бұл балалардың жынысына, этникалық және діни құрамына, бұрынғы оқудағы жетістіктеріне, денсаулығының жағдайына, жетілу деңгейіне, ата-аналарының әлеуметтік-экономикалық дәрежесіне және т. б. өзгешеліктеріне қарамастан, жалпы білім беру барысында балаларды интегралды түрде оқыту процесі. Инклюзивті білім беру барлық балалардың түрлі қажеттіліктері үшін тиісті оқу кеңістіктерін құру негізінде сапалы білім алуға қол жеткізуге және бірігіп оқытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті білім беру - бұл бала және оның әртүрлі білім алу барысындағы қажеттіліктерін қамтамасыз етудің шешімі.

Әлемнің дамыған елдерінде мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балалармен қосып оқытуға көп көңіл бөлінеді және бұл салада елеулі тәжірибелер жинақталған. Біздің отандық жалпы білім беретін мектептің іс тәжірибесі үшін инклюзивті оқыту педагогикалық жаңашылдық деп бағалануы мүмкін. Себебі мәселенің жаңалығы қазақстандық жалпы білім беретін мектептердің іс - тәжірибесінде инклюзивті оқыту жан-жақты зерттеуді талап етеді.

Инклюзивті оқыту мәселелері педагогикалық ойлармен, мектептің дамуы тарихында жаңа мәселе емес. Өз кезінде белгілі педагогтар мен психологтар И. Г. Песталоцци, Л. С. Выготский т. б. еңбектері мен педагогикалық іс-тәжірибесінде мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты дамыған балалармен бірге оқытудың білімдік және тәрбиелік рөліне көп мән берілген. Соңғы он жылдықтарда шетелдік педагогикамен білім тәжірибесінде инклюзивті оқыту мәселелері педагогикалық жұртшылықтың назарынан кең орын алып отыр. ЮНЕСКО инклюзияны оқушылардың сан алуандығына және балалардың жеке басындағы ерекшеліктер проблема емес, керісінше білімін байытуға мүмкіндік ретінде қарауға жағымды әрекет етеді деп санайды. Мүмкінділігі шектеулі тұлғалар қоғамның басқа да мүшелері сияқты білім алуға, өмір сүруге, жергілікті жерде жұмыс жасауға, өз үйінде тұруға, достарын таңдауға және олармен дос болуға, қоғамға сай қажетті адам болуына толық құқығы бар.

Сондықтан да оларға мемлекет тарапынан үлкен көмек көрсетілуі қажет. Ғаламдық педагогика және психологияда инклюзивті оқыту мәселелері көптеген ғалымдар тарапынан зерттелінген. Атап айтқанда, жақын және алыс шетелдік ғалымдар A. К. Эвербейн, У. Хеймлич, С. Майлз, Эйнссов Митколл, М. Ж. Коутинчо мен A. C. Рипп, Н. Форман мен А. Пратен, В. П. Гудонис т. б. еңбектерінде инклюзивті оқытудың проблемалары теориялық тұрғыдан қарастырылған.

Соңғы жылдары Ресей ғалымдары С. Г. Шевченко, Д. В. Лернер, Н. Н. Малофев, Н. Д. Шматко, А. А. Дмитриев, Ф. Л. Ратнер мен А. Ю. Юсупова, И. Н. Хафизуллина, Н. М. Назарованың зерттеу жұмыстарында инклюзивті оқытудың көптеген аспектілері ашылып көрсетілген.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында күрделі әлеуметтік-саяси өзгерістерге тәуелді мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқықтарын қамтамасыз ету, бүкіл әлемдегі беталысқа сәйкес келтіру шаралары басталуда.

Отандық білім беру жүйесіндегі демократиялық реформалар, білім берудің гумандық парадигмаларының басымды орын алуы арқасында жалпы білім беретін мектептерде мүмкіндігі шектелген балаларды инклюзивті оқыту мәселесі өзекті проблемалардың біріне айналды. Мектепте инклюзивті оқытудың заңнамалық - нормативтік негіздерін қалайтын кейбір құжаттар қабылданды.

Қазақстандық ғалымдар Р. А. Сулейменова, А. К. Жалмухамедова мен А. Т. Баймуратова, Г. Д. Хакимжанова, А. А. Айдарбекова, А. М. Рахимжанов, С. А. Алейникова мен М. М. Маркович, А. А. Байтұрсынованың зерттеу жұмыстарында инклюзивті оқытудың кейбір мәселелері қарастырылған. Инклюзивті оқыту қазақстандық білім беру жүйесінде соңғы жылдары енгізіле бастаған жаңашыл идея болып табылады. Қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты дамыған құрдастарымен мектепте қосып оқытудың маңыздылығы, қажеттігін және тиімділігін педагогикалық жұртшылық мойындай бастады. Дегенмен, инклюзивті оқыту отандық мектеп тәжірибесі үшін жаңалық болғандықтан оны іске асырумен байланысты көптеген психология-педагогикалық, ұйымдастырушылық проблемалар туындайды. Сол себепті осы саладағы дамыған елдер тәжірибесін зерделеу және одан қазақстандық жалпы білім беру жүйесінде шығармашылықпен пайдаланудың жолдарын анықтау үлкен ғылыми теориялық және практикалық маңызға ие. Сондықтан, арнайы білімнің өзекті мәселелерінің бірі - арнайы мекемелердің санын көбейту емес, сол мекемелердегі білім беру қызметінің сапасын көтеру, жетілдіру. Бұл деген, әлемдегі білім беру саясатымен ұштасады, яғни, мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру процесіне біріктіруге жол ашады.

Алайда жалпы білім беретін мектептерде инклюзивті оқытудың көптеген проблемалары теориялық тұрғыдан да шешімін таппаған. Сондықтан қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептерде мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивті оқытудың қажеттілігі мен оның педагогикалық ерекшеліктерінің айқындалмағандығы, технологиясының жасалмағандығы қарама-қайшылықты туындатады. Бұл қарама-қайшылық «жалпы білім беретін мектептерде инклюзивті оқытудың педагогикалық ерекшеліктері неде?» деген проблеманы тұжырымдауға мүмкіндік жасайды.

Зерттеудің мақсаты: жалпы білім беретін мектептерде мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивті оқытудың педагогикалық ерекшеліктерін айқындау.

Зерттеу нысаны : жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие процесі. Зерттеудің міндеттері:

1. Инклюзивті оқыту ұғымының мәнін нақтылау, мектепте инклюзивті оқытудың педагогикалық ерекшеліктерін айқындау.

2. Жалпы білім беретін мектептерде инклюзивті оқытудың теориялық тұрғыдан негіздеу;

3. Мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивті оқытудың педагогикалық шарттарын анықтау.

1. 1. Инклюзивті білім беру мәні мен мазмұны

Қазіргі таңда білім беру жүйесінде даму мүмкіндігі шектеулі балаларға айрықша орын бөлінген. Бұл балаларға қатысты біздің алдымызда тұрған негізгі міндет - олардың әлеуметтік ортаға бейімделуіне, қоғамдағы толыққанды өмірге дайындалуына жағдай жасау және көмек көрсету. Инклюзивті білім беруді қолдау бағытында жалпы білім беретін мектептерде белгілі себептермен ақыл-ой дамуында ауытқуы бар немесе психикалық дамуы тежелген оқушылар білім алуда. Әр оқушының эмоционалдық және психикалық таным процестерінің дамуы деңгейі әртүрлі болғандықтан білім алуда өз ерекшеліктері бар. Десек те, қазіргі таңда әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, саналы тәрбие сапалы білім беруөмір талабы болып табылады. Бүгінде еліміздің барлық аймағында мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беруді қолдау негізінде жалпы білім беретін мектептерде түзете-дамыта оқыту сыныптары біртіндеп ашылып жатыр. Бұл сыныптың мақсаты: әр сыныптағы мүмкіндігі шектеулі оқушыларды бір сыныпқа топтастырып, әр оқушыға жекелеп сыныбы мен оқу бағдарламасына сай білім беру. Бұл сынып ашылғанымен өз алдына үлкен қиыншылықтары бар. Себебі: бұл сыныпқа кей мектептерде әртүрлі сыныптан жиналған оқушылар оқиды. Екіншіден, олардың жас ерекшелігі әртүрлі болғандықтан әр сыныпқа өзінің сыныбына сәйкес білім берілу керек. Үшіншіден, білім беру бағдарламасының әртүрлілігі. Төртіншіден, мұндай сыныпқа сабақ беретін пән мұғалімдерінің арнайы педагогикалық білім көлемінің аздығы. Осының нәтижесінде балаларды оқытудың бірінші сатысынан-ақ қиыншылықтарға тап болады.

Инклюзивті білім берудің мақсаты: даму мүмкіндігі шектеулі балаларға қалыпты балалармен бірге білім беру, яғни, сау балалармен бірге жалпы білім беру мектептерде немесе арнайы құрастырған топтарда, сыныптарда дамуда мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту, адамның жынысына, дініне, шығу тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі болып табылады.

Инклюзивті оқыту мүмкіндігі шектеулі баланың жалпы білім беретін ортада әлеуметтенуі мен оның дамуына және оқыту процесінде баланың жетістіктерге жетуіне мүмкіндік туғызады. Инклюзивті білім беру жалпы білім беретін мектепте мүмкіндігі шектеулі оқушыларды бірлесіп (интеграциялы түрде) оқуын ұйымдастыру болып табылады. Кемтар балалардың ата-аналары көмекші не арнайы мектептерге, арнайы интернаттарға немесе балабақшаға баласын бергісі келмесе жалпы балалар оқитын мектептерге ПМПК-ның ұсынысы бойынша жеңілдетілген бағдарлама бойынша оқытуға толық құқылы. Жалпы білім беретін мектептер, балабақашалар ПМПК-ның қорытындысы бойынша көрсетілген баланың деңгейіне қарай жеңіл бағдарламамен білім беруге тәрбиешілер мен мұғалімдер инклюзивті білім беруге дайын болғаны жөн. Мемлекетіміз алғашқы қадам жасай отырып, Мемлекетік білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған бағдарламасына бірінші рет инклюзивті білім беруді дамытуды қосқан болатын. Бүгінгі таңда іс-тәжірибе көрсетіп отырғандай, елімізге мүмкіндігі шектеулі балаларға білім берудің ұлттық бағдарламасын жасау қажет.

Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балалар арнайы мекемелерде оқытылатындықтан, олар өзге балалардан бөлектенген. Бұл мекемелерде көбінесе медициналық әдістемелер қолданылады. Қазақстанда қазір оларда бір жағынан кемістік болғанымен, екінші жағынан олардың да дені сау екендігін түсіндіріп, оларды дені сау балалармен қатар, жалпы ортаға бейімдеу керек. Тек олардың сырқаты мен өзгешеліктерін ескере отырып, жай мектептің оқу бағдарламасына кіріктірген жөн. Ол үшін мемлекеттік деңгейде стратегиялық реформа жүргізу керек.

Мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивті оқыту мәселесін зерттеу ең алдымен оның негізгі ұғымдарының түпкі мағынасын ашып беруді қажеттейді. Отандық жалпы білім беру мектептерінің іс-тәжірибесінде инклюзивті оқыту жаңа құбылыс. Сондықтан біздің зерттеуіміз үшін инклюзивті оқыту ұғымын нақтылау, оған синоним ретінде пайдаланылатын ұғымдардың мәнін қарастырудың рөлі мен маңызы ерекше. Атап айтқанда халықаралық білімдік тәжірибеде инклюзивті білім берумен қатар интегративті оқыту, интеграциялық оқыту сияқты ұғымдар да кең қолданыс тапқан.

ХVІІ ғасырдa Швецарияның ұлы математигі (1654-1705) Я. Бернули математика ғылымына интеграл терминін енгізген. Бұл термин соңғы жүз жылдар ішінде басқа ғылымдарға ене бастайды, атап айтқанда алғаш филоософияға, кейіннен психологияға, соңында педагогикаға енгізілді. Мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты дамыған балалармен бірге оқыту мәселесін қарастырғанда екі ұғым қарастырылады. Ол интеграция және инклюзия. Осы ұғымдырға толық тоқталайық.

Шет елдердің сөздіктеріне назар аударсақ интеграция (латын тілінен аударғанда integratio - қалпына келтіру, толықтыру; integer - бүтін) мынадай мағынаны білдіреді:

1. элементтердің қандай да бір бөлшектерін бір бүтінге біріктіру;

2. өзара бейімделу мен бірлесу процессі.

Интеграция орыс тілінде бір бүтінге біріктіру және өзара бірігу мен бірлесу процессі, ал интегрант - біртұтастықтың бөлшектенбейтін бір бөлігі болып табылады. Интеграциялық оқыту мен нклюзивтік білім берудің айырмашылықтарының критерилерін отандық зерттеушілеріміз Р. А. Сүлейменова мен А. Т. Баймуратова анықтап көрсетті.

Инклюзивтік білім беру - дамуында ауытқуы бар балалардың дұрыс, сапалы білім алуына жан-жақты жағдай жасап, білім беру ұйымына (балабақшалар және жалпы білім беретін мектептер) қосу жүйесі.

Интеграциялық оқытудың мақсаты - білім беру аясында жұмыс жасайтын әлеуметтік және білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жалпы білім беру мекемелерінде мүмкіндігі шектеулі балалардың денсаулығын сақтау қажеттіліктерін қамтамасыз ету болып табылады.

Интеграция терминімен бірге кеңестік арнайы педагогикаға ғылымында қалыпты балалар мен мүмкіндігі шектеулі балаларды біріктіріп оқытуда инклюзивтік оқыту термині жиі қолданылады. Бұл терминдер арнайы педагогтар А. А. Дмитриев, Н. Н. Малофеев, Н. М. Назарова, Т. В. Егорова Н. В. Шевцова және Н. Д. Шматконың жұмыстарында орын алған. Инклюзивті білім беру барлық қатысушыларға(мүмкіндігі шектеулі адамдарға да) толық көлемде өмір ұжымында балабақшада, мектепте, жоғары оқу орындарында білім алып, тәрбиелене алуына мүмкіндік береді.

Интеграция немесе инклюзивті білім беру термині - жалпы білім беретін көпшілік мектептерінде ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту процесін сипаттау үшін қолданылады. Интеграция (біріктіру) - арнайы білім беруді ұйымдастырудың жаңа формасы, яғни мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арнайы білім беру мен тәрбиелеуді және қалыпты балалармен біріктіре отырып оқыту, тәрбиелеу болып саналады. Өкінішке орай Қазақстанда инклюзия және инклюзивті білім беру түсінігі қоғамдық кең ортаға таныс емес. Бірақта дамыған елдерде бұл терминдер тек таныс қана емес, сонымен қатар заңнамалық түрде бекітілген, ал білім беру, оқытуды көптеген халықаралық ұйымдар қолдайды (мысалы ЮНЕСКО және ЮНИСЕФ) .

Арнайы оқытуды қажет ететін балалар жалпы мектепке бара алатындай мүмкіндікке ие болады. Олардың ерекшеліктеріне және педагогикалық әдісті таңдау баланың қажеттіліктеріне бағытталған болады. Инклюзиялық мектептер барлығына ашық - әр балаға және жасөспірімдерге. Инклюзивті мектептер - барлық балаларды, психологиялық, ақыл-ой, әлеуметтік, эмоционалды, тіл және кез-келген ерекшеліктеріне қарамастан өз қарамағына бейімдейді. Ол жерде мүгедек балаларда және ерекше таланты бар балаларда оқытылады; жұмыс жасайтын және көшеде тұратын балалар; көшпелі халықтың және халықтың, оқшауланған жағдайда өмір сүретін: шеттегі елді мекенде немесе таулы аймақта; тілдік, этникалық және мәдени жетіспеушілікке жататындарда; қамтамасыз етілмеген өңірлерде және әлеуметтік құқықтары қысылған балалар тобы.

Инклюзивті оқыту өзінен өзі туындамайды. Осындай оқытуды дамыту және қолдау, қойылған мақсатқа және қазіргі жұмыстардың көбісі табандылықты қажет етеді. Қоғамның мектептік жұмысқа қатысуының бағалығы күмән тудырмайды. Инклюзивті мектептер қоғам мүшелерінің бірігіп әрекетесуі мен мейірімді қатынасына байланысты, сонымен қатар оларға шешім қабылдауға көмектеседі. Сондықтан инклюзия - жай ғана әрекет бейнесі немесе мекеме таңдауы емес. Оның негізі қоғамға қатысуымен бекітіледі - достар тобында, көршілер, мектептік қауымдастық. Инклюзивті оқыту адамдар арасындағы айырмашылықты бағалайды. Бұндай келушілік, жеткіліксіз білімді жеңуге және ұқсас емес адамдармен өзара әрекетте, тәжірибенің жоқтығын жеңеді. Түрлілікте адамдар құндылықты байқай бастайды. Тура сол сияқты, қауымдастық өз қорларын мектепке қосқан сияқты, мектепте оларға әсер етеді. Инклюзия мектептік қауымдастыққа пайда әкеледі. Мектептік қауымдастық өзіне барлық оқушыларды, мұғалімдерді, ата-аналарды және басқа отбасы мүшелерін, әкімшілікті, қызметкерлер құрамын және басқа да мектеп алдында тұрған мақсаттарды орындайтындарды қосады. Дүние жүзінде толығымен және қоғамдағы әр алуан түрде мектептік қауымдастықтықтың ішінде жағдайлар бар. Әр жаңа күн сайын мектеп қоғамының әр мүшесіне алуан түрлілікпен байланысты қиын сұрақтарды түсінуге мүмкіндік береді. Бұл мектептер инклюзивті мектептен шығып әрекет етеді, мектеп қауымдастығының мүшелері бұл сұрақтарды өте жақсы түсініп қана қоймай, жаңа жүйеге құнды түрде қатынас жасап және қоршаған ортамен өте жақсы қатынаспен, олардың ұқсастығына қарамастан әрекеттесуіне идеалды жағдай жасайды.

Инклюзивті оқыту мектептік қауымдастыққа көптеген себептермен пайдалы. Иклюзивті оқытудың дисткриминациядан айырмашылығы қорқуды жеңуге көмектеседі. Балалармен, жасөспірімдердің, адамдардың арасындағы әр түрлілікті және ерекшелікті түсінуге, бағалауға, қабылдауға үйретеді. Бұл мектептер адамдар арасындағы айырмашылықты, қалыпты құбылыс екендігіне сендіреді және оқыту үрдісі баланың қажеттілігіне қарай болуы тиіс. Балалар тура оқыту үрдісінің құрылымына лайықты болмау керек. Инклюзивті оқыту барлық балаларға керекті көмект көрсетсе, оларда білім алатынын дәлелдеп, көтермелейді. Инклюзивті мектепте балалар сондай демеулерді ала алады. Көмек көрсету акценті баланың мүгедектігіне байланысты, бала өзінің мүгедектігін біліп өзін-өзі кемсітпей, ұялмай білім алу ортасына қалай сіңіп кету жолын көрсетеді. Білім беруге демеу шоғыры, көмектесу жағдайында мектептік спекторлардың кең көлемде дамуына көмектеседі. Білім берудің дамуына демеулік мектеп қауымдастығының мүшелеріне білім берудің қиындығы тек балаларда ғана еместігін және балалар түзетуді талап етпейтіндігін және қиындықта білім беруге дұрыс, орынды тәсілдермен келе білу керек екендігін көрсетеді.

Инклюзивті оқыту білім алу сферасында теңдікті, әлеуметтік әділдікті, бірлікті және жайлы қатынасты сезіне алу мүмкіндігін жасайды. Инклюзивті білім беру педагогтардың кәсіби білімдерін кеңейтеді. Бұндай білім беру сабақ өткізудің жаңа және икемді тәсілдерін қолдануға, оқушыларға білім беруде сапалы сабақ жоспарларын жасауға мүмкіндік туғызады. Инклюзивті мектеп барлық жергілікті, өнірлік және жалпы мемлекеттік қауымдастыққа пайда әкеледі. Инклюзивті оқыту сапалы, сәтті болуы үшін қоғаммен тығыз қатынаста болуды қалайды. Бұл өзара байланыс екі жақты. Мектеп және қоғам бір-бірімен тығыз байланысты. Сондықтан, осы қатарда белгілі ауыл шекараларына, қала, штат және елдер өздеріне инклюзивті оқытудың пайдасын қосады: иклюзивті мектеп ерекше қажеттілікті керек ететін жандарға бағдар жасайды, олардың түрлілігі мен адами ар-намысын қадағалайды. Әр инклюзивті мектепте қызымет ететін адамдар, олардың мүмкіндіктерін, қажеттіліктерін едәуір білетін болады. Оларға адамгершілікпен қарап, сыйлап, түсінетін болады.

Инклюзивті мектеп мемлекеттік деңгейде әлеуметтік теңдікті қалайды, өмірде барлық балалар білім алуға, қоғамда қалыпты адамдар секілді барлық мүмкіндіктерді алуын демонстрациялап, дәлелдейді. Интернет, электронды почта сияқты технолгиялардың арқасында үнемі өсіп келе жатқан адамдардың саны әр түрлі еледерде бұрынғыдан әлде қайда өсіп келеді. Барлық дүниені қол астына ұстаған, саяхат жасауды ұнатпайтын адамдар аз ғана уақыт ішінде кез - келген жерде бола алады. Бұл байланыстардың бәрі қамау мүмкіндіктерін шектейді. Білім - жеке тұлғалар мен мемлекет келешегін құрудың негізі. Біздің әр қайсысымыз әлеуметтік теңдікке жету үшін басқалардың білім алуын қолдауымыз керек.

Инклюзивті білім берудің қажеттілігі:

- адамдардың және балалардың құқықтары бойынша жауапкершіліктер әртүрлі деңгейде қарастырылуы тиіс;

- әрбір баланың ақиқат қызығушылықтарын анықтап, оған не қажет екенін айқындап сараптама жасай білу. Дәйектемелерге сүйенсек, институттарда (мысалы, мектеп-интернаттарында) сол адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайды;

- сараптама бойынша, әлеуметтік қызметтер икемді болған кезде ғана жақсарады;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инклюзивті білім берудің ерекшеліктері
Бастауыш сыныпта инклюзивті білім беруді ұйымдастыру ерекшеліктері
Инклюзивті білім берудің ерекшелігі
Америка Құрама Штаттарында мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту
Сенсорлық бұзылыстары бар балаларды оқыту ерекшеліктері
Мүмкіндігі шектеулі балалардың оқу процесін ұйымдастыру
Мектепте мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивті оқытудың педагогикалық және психологиялық шарттары
Инклюзивті білім берудің халықаралық тәжірбиесі
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ МЕН ФИЗИКА ПӘНІНІҢ БАЙЛАНЫСЫ
Қарапайым топтар variant Арнай топтар variant Күрделі топтар variant Уақытша топтар variant Аралас топтар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz