Патриоттық тақырыптың музыка өнеріндегі көрінісі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

1. Музыка мәдениетінде патриоттық тақырыптың қалыптасу аспектілері . . . . . . 5

1. 1 Патриоттық тақырыптың музыка өнеріндегі көрінісі . . . 5

1. 2 Дәстүрлі қазақ музыкасындағы патриоттық әндердің семантикасы . . . 14

2. Қазақстан эстрадасындағы патриоттық әндердің алатын орны . . . 20

2. 1 Қазақ эстрадасының классик композиторларының шығармашылығындағы патриоттық тақырып . . . 20

2. 2 Тәуелсіздік кезеңіндегі патриоттық әндердің өрістеуі . . . 27

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 32

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 34

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Елбасымыз, Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында ең басты қағидалардың бірі «Ұлттық бірегейлікті сақтау» деп анықталған: «Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты - ұлттық кодыңды сақтай білу»[1] . Ұлттық сана-сезім, ұлтқа жанашырлық - патриоттық тәрбие берудің, саналы, парасаты мол азаматты тәрбиелеудің негізгі діңгегі, өзегі. Қазақстан жағдайындағы патриоттық тәрбие беру мәселесінің ерекшелігін де күн тәртібінен тыс қарастыруға болмайды. Себебі көпұлтты мемлекетіміздің халқы этносаралық қарым-қатынас орнатуда патриоттық қағидалардан тыс кемелдене алмайды.

Өз халқыңның тарихының өнегелі жақтарын білу, өз еліңнің кешегі және бүгінгі қаһармандарын мақтаныш ету, олардың ерлігіне тағзым ету, оларға сай болу патриотизмнің басты құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл тұрғыда алғанда, республикамыздың оқу-тәрбие мекемелерінде белгілі деңгейде әр түрлі шаралар жүргізілуде. Көп ретте жастардың бұқаралық, тіпті кейде арзан мәдениетке елтіп, этномәдени, дәстүрлі, ұлттық бастаулардан алыстап кетуі, өкінішке қарай, қалыпты және кеңінен тараған үрдіске айналды. Біздің ойымызша, одан шығудың басты жолы - қазіргі білім беру мекемелерінде, өнерде этномәдени білім мен тәрбие беруге ерекше көңіл бөлу.

Қазіргі таңда елді патриоттыққа тәрбиелеу, болашақ ұрпақтың, халықтың бойында ұлттық сана-сезімді ояту маңызды міндеттердің бірі болып отыр. Бұл тұрғыда музыканың алар орны ерекше. Зерттеу жұмысымызда патриоттық тақырыптағы әндердің халық арасында таралу мәселелері мен олардың семантикасы жайында баяндайтын боламыз.

Ғылыми жаңалық және практикалық маңыздылығы:

  • Патриоттық тақырыптың музыка өнеріндегі көрінісі қарастырылды;
  • Дәстүрлі қазақ музыкасындағы патриоттық әндердің семантикасы анықталды;
  • Қазақ эстрадасының классик композиторларының шығармашылығындағы патриоттық тақырыптар талданды;
  • Тәуелсіздік кезеңіндегі патриоттық әндердің өрістеу деңгейі айқындалды.

Шешілетін ғылыми проблеманың қазіргі жай-күйін бағалау.

Патриоттық тақырыптағы әндердің кез келген халықтың шығармашылығында бар екені рас. Алайда, оны ғылыми тұрғыдан қарастыру өте маңызды. Музыка арқылы халықты тәрбиелеу біздің алға қойған міндетіміз болса, оның ішінде патриоттық рухты көтеру ең маңызды мәселелердің бірі. Әннің құдіреті мен оның әсері туралы көптеген еңбектерде айтылып жүргенімен, патриоттық тақырыптың музыка өнеріндегі көрінісі толыққанды зерттелмеген.

Зерттеудің мақсаты - Қазақстан эстрадасындағы патриоттық әндердің орындалу ерекшеліктерін теориялық тұрғыдан негіздеу және мазмұнын жүйелеу.

Зерттеудің міндеттері:

  • Патриоттық тақырыптың музыка өнеріндегі көрінісін қарастыру;
  • Дәстүрлі қазақ музыкасындағы патриоттық әндердің семантикасын анықтау;
  • Қазақ эстрадасының классик композиторларының шығармашылығындағы патриоттық тақырыптарды талдау;
  • Тәуелсіздік кезеңіндегі патриоттық әндердің өрістеу деңгейінайқындау.

Дипломдық зерттеу объектісі. Жалпы қазақ эстрадасындағы патриоттық әннің орындалуы.

Зерттеу пәні. Қазақстан эстрадасындағы патриоттық әндер

Дипломдық жұмысты жазудың теориялық және әдіснамалық негізі және практикалық негізі. жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтардың диалектикалық өзара бірлігіне байланысты тарихи, философиялық, әлеуметтік және мәдени ілімдер; тарихи-педагогикалық құбылыстарды зерттеуге аксиологиялық және жүйелілік қатынас теориясы; білім беру философиясы туралы ілім; тұлға дамуының жалпы диалектикалық принциптері; тұлғаға бағдарланған білім беру және білім беруді ізгілендіру теориясы; тарихи құбылыстар мен процестерді, фактілер мен оқиғаларды талдау мен педагогикалық ой-пікірлердің қалыптасуы және дамуын зерделеуге қатысты отандық және шетелдік ғалымдардың тұжырымдамалық зерттеулері алынды.

Зерттеу жұмысының құрылымы.

Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

  1. МУЗЫКА МӘДЕНИЕТІНДЕ ПАТРИОТТЫҚ ТАҚЫРЫПТЫҢ ҚАЛЫПТАСУ АСПЕКТІЛЕРІПатриоттық тақырыптың музыка өнеріндегі көрінісі

Әсем ән мен әуезді үнді естігенде өне бойыңды керемет сезім билеп, ерекше әсер ететіні анық. Жан дүниең рахатқа бөленіп, қиялыңа қанат бітіп, ғажайып әлемге сапар шегіп кетесің. Кейде керісінше сағынышыңды арттырып, көз алдыңа өткен күндердің көрінісі елестесе, енді бірде жігерленіп, рухтанып кетесің. Осыншама, сан алуан сезімге бөлей алатын құдіреті бар, бұл - музыка өнері. Музыка (грек. musike, тура мағынасында «музыкалар өнері») - белгілі биіктіктегі дыбыстардан тұратын, адамға өзінің үйлесімді ұйымдасқан сазды әуенімен әсер ететін, дыбыстық көркем бейнеге негізделген өнердің бір түрі. Қазақтың халықтық музыкалық өнері саласында кең сахара, дархан даладай мол көсіліп иен тараған бір жанр бар. Ол -ӘН.

Ән -поэзиялық және музыкалық әуен бірлестігінен туған, халық арасына мол тараған вокалдық жанр, ғасырлық мәдениетіміздің көркем формасы, заманның тарихи шежіресі, бүгінгі күннің белсенді жаршысы. Халық даналығы -әнді ертеден-ақ ерекше бағалап, халықтың жаны деп атаған. Бұл өте дәл, мейлінше әділ баға. Өйткені, жақсы ән мен жақсы күй қай заманда, қай халықтың болса да ең асыл арманы мен тілегін айқын бейнелеп, олардың бақытты өмірге ұмтылған ыстық сезімін жеткізе білді, оның жан дүниені тебірентетін үні адамға қайғы үстінде де, демалыс уақытында да көңіл серігі болды. Адам өмір тіршілігін ғана емес, сонымен бірге келешектен күткен, аңсаған арманын да, көңіл түпкіріндегі үмітін де, әлеуметтік теңсіздіктерін де ән арқылы білдіріп, әнмен өрнектеген.

Қазақ халқының тарихында күрделі орын алған ұлылы-кішілі оқиғалардың қай-қайсысы болса да әннен өзінің көрінісін тапқан. Оның өміршеңдігі де осындай қасиетінде.

Әрине, Абай айтқандай: «Әннің де естісі бар, есері бар». Мирасқоры біз болған ән дүниесі халықтың өткен тарихының куәгері саналарлық «есті ән». Мұнда көне заман шындығын шертетін көп деректер мен бірге халық басынан өткерген тарих көшінің де тізбегі секілді мол мағлұматқа кенелетін жайлар бар. Ән -сан ғасырлық тарихы бар, талай-талай ұрпақтан өткен жол-жөнекей жөнделіп, өңделіп, жаңарып бізге жеткен жанр. Ғасырлар елегінен өткен әндер айшықтана, әрленіп музыкалық өнердің інжуіне, асыл қазынасына айнала берген[2] .

Кез келген ұлттың өзіндік кескін-келбеті мен болмыс-бітімін айқындайтын ұғымды оның өзіне тән ұлттық мәдениеті дейтін болсақ, қазақ мәдениетіндегі ән өнерінің алар орны ерекше.

Данышпан Абайдың “Туғанда дүние есігін ашады өлең, Өлеңмен жер қойнына кірер денең” деген сөздері қазақ өмірінің бүкіл тыныс-тіршілігі өлеңмен өрнектелетінін айқын көрсетеді. Шындығында сәби дүниеге келгенде “бесік жырымен” әлдилеп қарсы алып, адам дүниеден өткенде “жоқтау” айтып шығарып саламыз. Ғасырлар қойнауынан басталатын осы тамаша дәстүр әлі күнге дейін жалғасын тауып келеді.

Бүгінгі күн жастарының тойы да “жар-жар”, “беташармен” өтетіні ата-баба салтына адалдықтың айқын көрінісі іспеттес. Орыстың тамаша ғалымы Г. Потаниннің “Маған бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай көрінеді” деген сөзі қазақ тұрмысының осындай даралығынан туған тұжырым болса керек[3] .

Қазақтың даласы кең, қай өңіріне қарасаң да ән мен жырға толы болған. Бұл жөнінде қазақ өнерін зерттеуші А. В. Затаевич «қазақтың даласы - әннің теңізі» деп атап көрсеткен [4] . Қазақ халқы әннің құдіреттілігіне бас иген халық. Олар өздерінің әншілеріне, өнерпаздарына үлкен құрметпен қараған. Қазақтың музыкасы жайлы келелі пікір айтқан Август Эйхгорн [5] : « . . . қазақ әндері құдіретті де күшті, өктем, әрі сонымен бірге жатық, құлаққа жағымды естіледі. Жапан түзде немесе ауылда, болмаса мал арасында, айдала мен жазық өңірлерде, таулар мен көсілген алқаптарды аралаған кезімде, жым-жырт аспан астында жалғыз келе жатып оның салған әні тіпті әдемі естіледі. Түнде де, күндіз де, таңертең де, кешке де, жазда да, қыста да қашан, қай кезде болмасын қазақ қиялсыз жүрмейді, не ыңылдаған сарынмен көңіл-күйін білдіреді немесе ән салады, болмаса өлең шығарады, енді бірде шежірелік сөздерді мақалдап айтумен болады. Олардың қарапайым сөздері мен саздары айналадағы табиғат жағдайына сай келеді де оның сырт өмірден алған әсерін табиғи қалпында беріп, сезімдерін ешбір қалтқысыз айқын баяндайды» - деп жазады.

Сол сияқты П. Тихов та қазақтың дархан даласына үндесіп, үйлесіп жатқан басқаны жатырқамас, жарасымды ән мәдениетін, оны орындайтын, қағып алып қайта салатын өнерпаздарды ізетпен, ілтипатпен ауызға алады, таңырқай, тамсана сөз қылады. «Адам - табиғат перзенті десек, оның рухани қорегі - әннің табиғи қалпы мен жаратылыс түзілісіндегі оның адамгершілік сипаттардағы ажырамас құбылыс» - деп түсіндіреді [6] .

Көрнекті психолог Б. М. Теплов: «Музыка жаңа фактілер мен идеялық білім бере алмайды, бірақ игерілген білімді эмоциалық жағынан толықтырып, оны жоғары деңгейде тереңдетіп, сапасын көтереді»[7] - дей келе музыканың адамның эмоциалық сферасында терең толғаныс тудыратыны туралы мағыналы байлам жасайды.

Музыка өнерінің қаншалықты құдіретті екендігі жайында жаза беруге болады. Оған көптеген мысалдар да бар. Музыканың құдіреттілігі сонда, оның көмегімен кез келген бағытта тәрбие де бере аламыз. Бұл жұмысымызда музыка арқылы тәрбиелейтін бағыттар жөнінде кеңірек тоқталатын боламыз. Соның бірі - патриоттық тәрбие, патриоттық сезім.

Бүгін біз жеке тұлғаның тәрбиесі мен дамуына тікелей байланысты қоғамдағы патриотизмді, руханилықты, мәдениетті жаңғырту қажеттілігі туралы айтып отырмыз. Сондықтан бүгінгі таңда шешілуі керек ең өзекті және күрделі мәселелердің бірі - жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру.

«Патриот» сөзі 1789-1793 жылдардағы француз революциясы кезінде пайда болды. Өз Отанын сүйетін, қызмет қылатын, өз мүддесін ел мүддесі жолында құрбан қылатын, басқа ұлттар мен ұлыстарға кеңпейілділікпен қарайтын адам[8] . Бүгінгі біздің түсінігімізде патриотизм дегеніміз - Отанға деген сүйіспеншілік, адалдық, оның мүдделеріне қызмет етуге тілек және оны қорғауға дайын болу. Патриотизм адамның кішігірім Отанына деген сүйіспеншілігінен туындайтын, жалпыұлттық патриоттық жеке тұлғаға айнала отырып, адамның іс-әрекеті мен қызметінен көрінеді.

Патриотизм - адамның тұрақты сипаттамаларының бірі, ол оның дүниетанымында, адамгершілік мұраттары мен мінез-құлық нормаларында көрінеді. Сонымен қатар, ол өз халқына, оның өмір салтына, тарихына, мәдениетіне, мемлекетіне және негізгі құндылықтар жүйесіне қатысты көрінетін қоғамдық сананың маңызды бөлігін білдіреді. Патриотизм - кез-келген мемлекеттің өміршеңдігінің моральдық негізі. Ол интернационализммен тығыз байланысты және ұлттық эксклюзивтілік идеясын жариялайтын ұлтшылдыққа жат.

Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, патриоттық музыканың келесі тұжырымдамасын алуға болады - бұл Отанына арналған, өз жеріне деген сүйіспеншілігін білдіретін шығармалар. Әр түрлі уақытта пайда болғанмұндай шығармалардың саны өте көп және олардың жанрлық алуан түрлілігі кең болады.

Кез келген өнердің тарихына үңілсек, түрлі құндылықтарға тап болатынымыз анық. Музыка өнерінің бастауы ежелгі замандарда қалыптасқанын ескерсек, сан мың ғасырды ноталармен байланыстырып жатқан үлкен өнер екенін аңғарамыз. Шын мәнінде музыка арқылы халықты тәрбиелеудің түп-тамырын ғасырлар тоғысынан іздесек қателеспейміз. Әу бастан музыканың пайда болуы туралы мыңдаған аңыз туған. Ежелгі гректер музыканы Құдайдың құдіреті деп білген. Ежелгі Грекияда театрлық қойылым, жыр кештері алдында музыка ойнап тұрған. Атақты философ, математик Пифагор музыкалық акустикаға негіз салған. Музыкалық терминдердің басым көпшілігі бастауын Ежелгі Грекиядан алған. Гректердің ұлы ойшылдары Платон мен Аристотель де музыкаға ерекше мән берген.

Ежелгі адамдар расымен музыканы ерекше бір тылсым күш деп түсінген. Құстың сайрауы, ағаштың тербелуі, теңіздің толқыны адамдардың қиялын сан-саққа жүгіртіп, музыка Құдайдың құдіреті деген тұжырымға алып келген.

Алғашқы музыкалық аспаптарға зер салсақ, олар алғашқы қауымның еңбек ету құралдарынан аса ерекшеленбеген. Осылайша адам музыканы қарапайым еңбек құралдарының арқасында ашты деуге болады. Хор аң аулау кезіндегі бір топ аңның қылықтары арқасында пайда болған. Хор арқылы әуен пайда болған деген болжам бар. Орфей жайлы грек аңызында, Орфейдің ғажайып әнінің арқасында адам мен жан-жануар ғана емес, ағаш пен тау-тас оған бағынған делінеді.

Музыка - адамды сүю мен жек көруге итермелейтін ғаламат күш. Бұл ой ежелгі грек философтарының санасында мыңдаған жыл бұрын туындаған. Ежелгі грек мәдениетінің кезінде патриоттық рухты көтеретін, отанын сүюге тәрбиелейтін шығармалар көп болған. Әсіресе, аспаптар музыкасы жақсы қалыптасқан.

Әлем мәдениетін араламай, өз еліміздің тарихына үңілсек, музыка өнері арқылы тәрбиелеу сонау ықылым заманнан бастау алғанын аңғарамыз. Жаугершілік замандарда елі үшін күрескен батырлардың «аттандап» айтқан ұрандары, соғыс кездерінде әскерлердің жігерін көтеретін рухты әуендер, көшпенділер кезінде елін, жерін аңсаған халықтың зар-мұңы, отанын қорғаған батырлардың ерлігі туралы әндер, жырлар, олардың ұрандары. Міне уақыт кеңістігінің арасын жалғап жатқан оқиғалар тізбегі, ғасырлар тоғысын жалғастырып, музыка арқылы біздің заманымызға дейін жетіп отыр.

Музыка арқылы тәрбиелеу - тұлға болып қалыптасудағы ең тиімді тәсілдердің бірі. Себебі, ән арқылы бала бойында патриоттық сезімді, отанына, еліне, жеріне, өз тарихына деген махаббатын ояту, бір жағынан өнерге баулу арқылы оны тәрбиелесе, екінші жағынан еш күштеусіз, немесе қинап тәрбие беруден тым алыстайды. Бала бойында ешкімнің итермелеуінсіз сондай ұлттық сезімдер пайда болады.

Қазақ эпосы жаугершілік заман мен батырлар өмірін айқын суреттеген жырлардан бастау алған бұл тақырып қазіргі таңға дейін өз күшін жоймағаны айдан анық. Текті, кеудесінде еліне, жеріне деген асқақ рухы бар қазақ батырларының болмысы ақын жазушыларымызға шабыт беріп, солардың елді, жерді қалай және қандай қиын жолмен қорғағандығы музыкамен оның ішінде қазақ эпосымен бізге дейін бұрмаланбай жеткізілген.

Қазақтың қисса, жыр өнерінде патриоттық тақырып кең орын алу себебі, бізде батырлар жыры өте көп болды. Себебі халықтың болмыс тіршілігі жаугершілікпен тығыз байланыста болғасын, бүкіл өмірі жаушылықпен өткерілгесін әсте басқаша болуы екіталай еді. Мысалы Қабанбай батыр, Алпамыс батыр, Қамбар батыр, Мұңлық Зарлық жырлары осыған дәлел.

Қазақ халқының өз елін шапқыншылықтан қорғауда ерлігі аңыз болып өлең-жырға қосылған Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғын, Қабанбай т. б. батырлар жастайынан халық тәрбиесінің бесігінде тербеліп өскен, елін, жерін сүйген батырлар. Мұндай батырларға арналған батырлар жыры да қазақтың елін, жерін, Отанын сүюуінің негізі болып табылады. Қазақтың ұлтжандылығы, отансүйгіштігі ертеден қалыптасқан. Оған қазақтың жыр-дастандары мен күй-термелері дәлел. «Туған жерім, атамекенім, кең байтақ далам» деп еліне деген махаббатын, сағынышын кез келген ақын, жыршы, күйші, термеші өз жырларына арқау еткен. Мұндай шығармалардың өзі қазақтың елін, жерін, Отанын сүюуіне негізделіп, өз елін, туған жерін құрметтеуге табиғатын сүюге жастарды тәрбиелеу көне заманнан өзімен бірге дамып келе жатқанын есімізде ұстағанымыз жөн.

Бүгінгі күндегі патриоттық сана-сезімнің әлсіреуі, адамдардың өз елі мен оның жетістіктері үшін ұлттық мақтаныш сезімінің өзгеруі - бұл қоғамның өнегесізденуінің, халықтың тұрақсыздануы мен ыдыраушылығының ажырамас сипаты. Қазірде Қазақстанда Отанға деген сүйіспеншілік қоғамдық қатынастарды демократияландыру және гуманизмдендіру негізінде патриотизмге тәрбиелеу қажет.

Патриоттық музыканың әсерінен адамның Отанға деген көзқарасын өзгерту таптырмас құрал деп ауыз толтырып айтуға болады. Патриоттық тақырыптың музыка өнеріндегі көрінісін, әйгілі әлем композиторларының шығармаларынан көруге болады. Кейбіреуін айдауға алып, ендігісін соғыс майданына сүйрегенде, тағы біреуін зынданға салғанда, олардың ішкі сезімдерінің бірі және бірегейі, ол өз отанына деген сағыныш еді. Өз жеріне, өз еліне деген қимас сағыныштың салдарынан қайталанбас музыкалық туындылар дүниеге келгендігі тарих сахнасында айқын көрінеді.

Музыка кеңінен жазылған уақытта адам рухына терезе ретінде қаралады. Патриоттық музыка - бұның жарқын мысалы. Ұлттың тәжірибесі патриоттық музыка арқылы музыканың басқа түрлеріне қарағанда жиі сағынатындай етіп айтылады. Жеңістің мақтанышы немесе ұлттың сұлулығының дауысты көрінісі болсын, патриоттық музыкада ұлттық бірегейлікке тікелей қатысты бір нәрсе бар. Бірақ музыка әр кезеңде дами бермейді. Өткен ғасырдың ортасында ән авторларының патриотизм мен ұлттық мақтаныш тақырыбына деген көзқарасы күрт өзгерді. Эдвин Старрдың «Соғыс», CSNY-дің «Огайо» және Боб Диланның «The Times They Are a-Changing» сияқты әндері наразылық музыкасының өсіп келе жатқан қозғалысының бөлігі болды. Бұл қозғалыс сұрақ туғызды, музыканы патриоттық ететін нәрсені кеңірек түсіндіруге мүмкіндік бар ма? Патриотизм сіздің ұлтыңыздың қасында болып, оның шешімін арттыра ма, жоқ па, оған сыни пікір білдіруге кіре ме? Осы ашық сұрақтар пікірсайысқа әкеліп соқтырды.

Патриоттық музыка - бұл тек оқиғалар тұрғысынан емес, көзқарастар тұрғысынан да тарихқа терезе болып табылады. Тарихтан шыққан көптеген ең жақсы патриоттық әндер бүгінгі күнге дейін танымал, бұл біздің болмысымыздың табиғаты туралы айтады. Біз әлемнің қараңғы түкпірлерінде белгілі емес бостандықтары бар, өзімізге қымбат дәстүрлерге берік халықпыз. Бұл біз патриоттық әуендерді ойнаған кезде атап өтетін шындық және оларды болашақ ұрпаққа қалдырған кезде бөлісетін өмір салты.

Әлемдік әнұрандардың өзгеріске ұшырап тұруының кейбір нұсқаларын атап өтуді жөн көрдік. Патриоттық тақырып дегенде ең алдымен осы гимн көзге елестегендіктен, бұл тақырыптан аттап кетуге болмайтындығын түсіндік. Әнұран құрылғаннан бері патриоттық сана да, арандатушылық та музыкалық өзгеріске ұшырады. Ұлттық әнұран ретінде әдеттегі орындау әскери жеңісті тойлау болып келетін, бірақ адамның санасы даму барысында, музыкалық көзқарастың сан алуан болуы кесірінен, және әуенді тежеу ​​үшін нүктелі ырғақты қолданған мемлекеттерде аз болмады. Мысалы Америкалық Джими Хендрикстің 1969 жылғы Вудстоктағы мемлекеттік әнұранды орындауында «зымыранның қызыл жарқылын» және «бомбалардың ауада жарылуын» бейнелейтін психоделиялық кескіндік бейнелер қосылып, «Таптар» деген қателіктерді интерполяциялайды, сірә, Американың Вьетнамдағы соғысы мен үйдегі нәсілдік тәртіпсіздіктерді сынау мақсатында осындай өзгерістерге ие болды, және жалпы халық қолдаған болатын.

1798 жылы Франциямен жарияланбаған теңіз соғысы кезінде «Салам сәлем!» Джозеф Хопкинсон Джордж Вашингтонның инаугурациясына арнап жазған Филипп Филестің әуеніне жазылған. Ол 1931 жылға дейін АҚШ-тың мемлекеттік әнұраны ретінде жиі қолданылып келді. Өлеңнің үшінші шумағында британдықтарды «тирандар» деп атайды, бірақ қуанышқа орай бүгінде бұл ән айтылмайды.

«Колумбия, Мұхиттың жауһары» американдық ән бе, әлде британдықтардың «Британия, Мұхит мақтанышы» шығармасы ма деген дау туды. Алайда, американдық ән АҚШ-та 1843 жылы «Колумбия батылдар елі» деген атпен авторлық құқықпен қорғалған, «Колумбия» АҚШ-тың алғашқы тарихында Христофор Колумбтың ашылуына сілтеме ретінде жиі қолданылатын есім болған. Ән туралы тағы бір балама ол ұлттық әнұран болды. Бұл ән АҚШ-та да, Англияда да екі елдің туларының түстерінен кейін «Қызыл, Ақ және Көк» деп аталады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ бейнелеуі өнерінің дамуы
Пейзаж өнердің дербес жанры ретінде
Бейнелеу өнерін оқытудағы оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың интеграциялық мазмұны
ЭСТЕТИКАЛЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Балалардың музыкалық аспаптарына сипаттама
Михаил Иванович Глинка творчествосы
XХ ғасырдағы батыс еуропа музыкасы
Эстетика туралы
Бейнелеу өнері пәніндегі Натюрморт тақырыбы
Эстрадалық өнер жанрлары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz