Фарабидің энциклопедиясы
Жоспар
I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
II.Негізгі бөлім. Әл-Фарабидің педагоикадағы тәлім-тәрбиелік ой-
пікірлері
2.1 Әл-Фарабидің өмірі мен еңбектері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .4
2.2 Әл-Фарабидің ұстаздық шеберлігі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
2.3 Әл-Фараби еңбектеріндегі жалпы педагогикалық идеялар ... ... ... ... ..11
2.4 Әл-Фарабидің педагогикадағы оқыту теориясы мәселелері ... ... .13
III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
IV. Пайдаланылғн әдебиетер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..16
Кіріспе
Бірнеше ғасырдан бері Әл-Фараби мұрасы әлемдік көркем ойға өз үлесін
қосқан педагогикалық мұраның қатарында көрінді. Осындай биік рухани өсу
біздің қазақ педагогикасының өткені мен оның даму тарихына,яғни Әл - Фараби мұрасына қатысты екені ақиқат.Сондықтан да оның қазіргі кездегі мұрасы сан-салалы гуманитарлық - педагогикалық арналары бойынша қазақ ғалымдарының зерттеуімен Әл-Фарабидің әрбір ғылымының арнасы айқындалып,ол біздің еліміздің рухани Фарабидің өмірі жөнінде бізге жеткен мағлұматтар үзік-үзік,аңыз-шыны аралас болып келеді. Әл-Фараби түрік тайпасының дәулетті бір ортасынан шыққаны бізге мәлім, бұған дәлел оның толық аты -жөнінде "Тархан" деген атаудың болуы. Әл- Фараби 870 жылы Сыр бойындағы Арыс өзені Сырға барып құятын өңірдегі,Фараб қаласында дүниеге келді. Фарабидің толық аты-жөні Әбу-Насыр Мұхаммед иби Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан Әл-Фараби, яғни әкесі Ұзлағ, арғы атасы Тархан. Туған жері қазақтың ежелгі қаласы Отырарды арабтар Барба-Фараб деп атап кеткен, осыдан барып ол Әбунасыр Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбунасыр атанған. Бұл қаланың орны қазіргі Шәуілдір ауданы, Шымкент облысының территориясында. Сол тұста өмір сүргендерді қалдырған нұсқаларына қарағанда, Отырар қаласы IX ғасырда тарихи қатынастар мен сауда жолдарының торабындағы аса ірі мәдениет орталығы болған.
Әбу-Насыр әл-Фараби орасан зор маңызы бар ғылыми мұра қалдырды, оның ғылыми көкжиегінің кеңдігі, батыл идеялары, әмбебап ғұламалығы әлі де аса өзекті.
Ежелгі грек ғылымы мен араб ғылымының арасын қосқан Әл-Фараби дүниетанымы екі әлемнің -- көшпелілер мен отырықшылар өркениетінің және Шығыс пен Грек-Рим мәдениетінің өзара байланыстарының нәтижесі. Әл-Фараби заманының әлеуметтік-саяси көзқарастарын, тіл мәдениетін, философиялық-гуманистік (философия, логика, этика, эстететика, саясат, социология, лингвистика, поэзия, шешендік, музыка) және жаратылыстану (астрономия, астрология, физика, химия, география, космология, математика, медицина) ғылымдары салаларын терең меңгеріп, осы бағыттарда өзі де құнды ғылыми жаңалықтар ашты.
. Зерттеулерге қарағанда оқу-ағарту жүйесінің дамуы мен пайда болуы орта ғасырлар заманындағы ғұлама оқымысты,ұлы энциклопедист Әл-Фарабидің ғылыми мұраларымен тығыз байланысты.Оған американдық ғалым Николас Решердің еңбектері дәлел.Ол ұзақ ізденістің нәтижесінде 1962ж.ағылшын тілінде Фарабидің аннотацияланған библиографиясы деп аталатын Әл- Фарабиді зерттеулер үшін құнды кітап жариялады.Мұнда мың жыл бойы Әл- Фараби жөнінде кім не жазды,оның шығармалары қай тілге аударылды,оның мұрасы жайында алдағы уақытта қолға алынатын жұмыстар жөнінде айтып,мәселелер қойылды.
2.1 Әл-Фарабидің өмірі мен еңбектері
Әбу Насыр Мұхаммед ибн Узлағ Тархан Әл-Фараби (870-950 ж.) ойшыл, философ, әлеуметтанушы, математик, физик, астроном, ботаник, лиангвист, логик, музыка зерттеушісі. Қазіргі Шымкент облысының жеріндегі көне Фараби (бертін замандағы Отырар) қаласында туған. 20 жасына дейін сонда оқып тәрбиеленіп, кейін Самарқанд, Бұхара, Хиуа және мұсылман шығысының көп жерлерін аралаған, ұзақ уақыт бойы араб халифатының саяси, мәдени орталығы - Бағдатта тұрған. Арабтың мәдениеті мен ғылымы дәуірлеген шақта сонда оқып, білім алып, ғылыми жұмыстармен айналысқан. Өмірінің соңғы жылдарын Каирда, Алеппода, Дамаскіде (Шам шахарында) өткізген.
Фараби есімі дүние жүзі мәдениеті мен тарихынан берік орын алады. Оны Шығыстың Аристотель деп атаған. Артында қалған ғылыми мұрасы өте мол. Екі жүз қырыққа жуық трактат жазған. Олар ғылымның алуан түрлі саласын - философия мен логиканы, математика мен физиканы, астрономия мен ботаниканы, минералогия мен лингвистиканы, медицина мен музыканы қамтиды. Осынау ұлан-ғайып еңбектерінің ішінде философия мен әлеуметтанудың, этика мен эстстиканың проблемалары үлкен орын алады.
Фараби шығыс перипатетизмнің аса көрнекті өкілі, араб тілінде әлемге тараған прогресшіл қоғамдық философияның негізін салушылардың бірі. Ол философияның, логиканың, әлеуметтанудың, этика мен эстетиканың әр түрлі саласына сан қырлы үлес қосты.
Ол жаратылыстану, философия, астрономия, математика, медицина, логика, этика, метафизика, жағрафия, əдебиеттану, тіл білімі, музыка сияқты ғылым салаларынан 164 трактат жазғаны мəлім.
Бір қызығы, Фараби шығармаларының санын неміс ғалымы Ш. Штейшнейдер 117 еңбек десе, түрік ғалымы А. Атеш -- 160, ал тəжік ғалымы Б. Ғафуров 200 трактат деп көрсетеді Келтірілген еңбектер санының өзі Фарабиден бізге көп мұра қалғанын байқатады. Мың жылдан асса да осынша рухани мол дүниесінің қолдан қолға өтіп бізге аман жетуі Фарабидің ұлылығының, данышпан білімпаздығының тағы бір айғағы болса керек. Ендігі парыз осы еңбектердің барлығын жинап, екшеп-талдап ұрпақтар кəдесіне жарату болып отыр.
Əл-Фарабидің мұрасын зерттеуге жол ашқан немістің атақты ғалымы Дитерици болды. Осынау зерделі зерттеушінің бағалауынша, əл-Фараби ғылымдағы ержүрек қаһармандар санатына қосылады. Ол соқыр сенім кесапатына қарсы, өзінің тарихын қанмен жазған, рухани бостандық пен гуманизмнің қасиетті заңдарын таптау үшін бар зұлымдығын жасап баққан баққұмар мансапқорлыққа қарсы аянбай күресті [6].
Əбу Насыр əл-Фараби өзінің барлық жұмыстарын адамға арнады. Әл-Фараби ежелгі грек ғалымдарының еңбектерін өз бетінше оқып, талдап, түсіндірмелер жазып, ары қарай дамытқан, трактаттар жазған. Ол шамамен Аристотельдің барлық кітаптарына түсініктеме берген. Птоломейдің Алмагесіне жəне Порфирийдің Эйсогесіне түсініктеме жазған. Эфклидтің геометрия жайындағы кітаптарын терең зерттеген. Платонның күллі кітаптарын оқыған .
Өкінішке орай, ұлы ғалымның ұшан-теңіз еңбектерінен біздің заманымызға дейін сақталып, бүгінгі ұрпақтың қолына тигені қырыққа жуық ғылыми еңбек деуге болады. Осы шығармалардың ежелден бері-ақ жұртшылыққа танымал болып, философиялық жəне ғылыми ойдың одан кейінгі дамуына тигізген əсері толассыз.
Фарабидің энциклопедиясы
Ғылымның даму тарихында жинақталған білім қорларын сұрыптап, реттеп белгілі бір жүйеге салу тəртібі ежелден бар.
Бабамыз Фараби бұл тұрғыда да қарап қалмай, өзінің ең атақты шығармаларының бірі Ғылымдар энциклопедиясы деп аталатын трактатын жазған. Бұл еңбектің ғылым тарихында алатын орны ерекше үлкен. Осы трактат Ғылымдар энциклопедиясы, Ғылымдар реті, Ғылымдар классификациясы, т.б. аттармен Шығыс пен Батыс елдерінде өте ертеде-ақ мəлім болып, одан көп ғұламалар тəлім алды.
Бұл кітап мындай бес тараудан тұрады:
1. Тіл білімі жəне оның тараулары;
2. Логика жəне оның тараулары;
3. Математика, яғни арифметика, геометрия, оптика, математикалық
астрономия, музыка, статистика, айла-əрекет жөніндегі ғылым
(механика);
4. Физика мен метафизика жəне олардың тараулары;
5. Азаматтық ғылым жəне оның тараулары, заң ғылымы жəне кəлəм (дін
ғылымы) .
Тіл білімі. Фараби тіл білімін 7 тарауға бөледі: дербес жəне қарапайым сөздер мен сөйлемдер туралы; мəнерлеп оқу ережелері; тілдің заңы мен ережелері жайлы ғылым; дұрыс оқу ережелері; өлең жазу; шайырлық туралы ғылым немесе поэтика. Кейінгінің өзі ырғақ, ұйқас жəне поэзия болып үшке бөлінеді.
Логика. Фарабидің анықтауы бойынша, логика -- ойлаудың заңдары мен ережелері туралы ғылым. Бұл ғылымның арқасында адам өзінің ойлау əрекетін тəрбиелей алады; өзінің ойын анықтап айқын, жүйелі түрге келтіреді; ой қорыту, талқылау барысында логикалық қателер жіберуден аулақ болады.
Математика. Фарабидің энциклопедиясында математика ғылымдарына көп орын берілген. Ол математиканы үлкен-үлкен жеті тарауға бөлген. Арифметика, яғни, сан туралы ғылым. Оған практикалық жəне теориялық арифметика деп айрықша мəн берді. Фарабидің түсіндіруі бойынша, сан объективті ақиқат нəрселердің сезіп-түйсінуге болатын, яғни көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын жақтарын елеусіз қалдырып, тек саналуға, есептеуге тиісті қырларын бейнелейді. Бұл өте дұрыс материалистік түсінік.
Геометрия. Бұл ғылымның мазмұны мен мəнін ғалым төмендегіше тұжырымдайды. Геометрия екі ғылымды біріктіреді: біріншісі -- практикалық геометрия; екіншісі -- теориялық геометрия. Практикалық геометрия сызықтар мен беттерді, ағаш ұстасы, темірші, тас қалаушы, жер өлшеушілердің ыңғайына лайық ағаш, темір, тас денелердің бетінде қарастырылады. Теориялық геометрия сызықтардың, жазық фигуралардың, геометриялық денелердің формасы мен мөлшерін, теңдігі мен теңсіздігін, олардың түрлері, реті жəне басқа осыларға байланысты барлық нəрселерді зерттейді.
Оптика. Фарабидің жіктеуі бойынша, математикаға оптиканы да жатқызған. Бұл туралы ол былай дейді: Оптикада геометрия тəріздес форма, шама, рет, тəртіп, орын, теңдік, теңсіздік, т.б. нəрселерді қарастырады. Оптиканың мəні мен ақиқаты, анық пен оның алдамшы көрінісінің парқы ажыратылады, қатаң дəлелдеу жолымен мұның себебі айқындалады, көзбен көруде кездесуі мүмкін болатын қателердің барлығы ескеріледі, одан құтылуға көмектесетін, яғни қарастырылып отырған нəрсенің мөлшері, формасы, орны, құрылысы, т.б. туралы ақиқатқа жеткізілетін əдіс, айлалардың түрлері көрсетіледі.
Астрономия. Астрономия деген бір атпен екі ғылымды түсінеміз, -- дейді ғалым. Олардың біреуі -- жұлдызнама. Бұл ғылым жұлдыздарға қарап болашақта не болатынын, кейде қазіргі кезде болып жатқан жəне өткенде болған оқиғаларды болжауға арналған. Екіншісі -- математикалық астрономия. Астрономияның осы бөлігі ғана математикалық ғылымдардың қатарына жатады, ал қабілет -- өнердің бір түрі; ол арқылы не болатынын адам болжамдай алады; мəселен, түс жору, құстың ұшуы бойынша жорамалдау, бал ашу, т.б. қабілеттер.
Жаратылыстану мен метафизика. Фарабидің анықтауы бойынша, физика, яғни жаратылыстану, -- табиғат туралы, оның негізгі принциптері мен бөліктері жайлы, табиғи денелерге тəн акциденциялар туралы, табиғи деректер мен элементтердің өзара əсері жайлы ғылым. Ал метафизика болмыстың жалпы принциптері мен категорияларын зерттейді.
Қала, заң жөніндегі ғылымдар жəне дін ғылымы (кəлəм). Ғылымдардың бұл салалары этика, тəрбие, мемлекет басқару мəселелерімен айналысады.
Фарабидің энциклопедиясы ХІІ ғасырда арабшадан латын тіліне екі рет аударылған. Одан кейінгі ғасырларда бұл еңбек толық немесе үзінді түрінде ескі еврей, неміс, ағылшын, француз, түркі, т.б. тілдерге тəржімаланған. Роджер Бэкон, атақты Əбу Əли ибн Сина (980 - 1037) жəне басқалар тікелей соның əсерімен өздерінің көпке мəлім энциклопедиялық еңбектерін жазған.
Ұлы ғұламаның бұл еңбегінің құндылығы, оны басқа халықтардың өз қажетіне жаратып, оның еңбек заңдарына, еңбек адамдарының өз жұмысына саналылықпен, ұқыптылықпен қарап, өндірісті дамыту, еңбек өнімін, жеке адамның еңбекке құштарлығын, ьнта-жігерін арттыру мақсаты көзделгендігінде.
Ғылымдар энциклопедиясында ойшыл ғалым Аристотельден өзіне дейінгі 1300 жылдай уақыт ішінде өркендеген ғылымдарға талдау жасаған, пəнін тағайындаған, мазмұнын анықтаған, үйрену жəне үйрету жолдарын белгілеген. Бұл еңбек Фарабиден кейін де 500 жыл бойы Шығыс, Батыс оқымыстыларының қолынан түспес кітабына айналды. Жоғары мектептерге ғылым негіздері жөніндегі басты оқулық болды.
2.2 Әл-Фарабидің ұстаздық шеберлігі.
Ұстаз шеберлігі дегеніміз -- тек мұғалімнің жан-жақты және методикалық сауаттылығы ғана емес, ол әр сөзді бойға сіңіруі, ұстаздық әдеп жайын сөз еткенде біз әрдайым ғалымдардың зерттеулеріне назар аударамыз.
Ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда "Ұстаз", "Тәрбиеші, "Мұғалім" деп қастерлі мамандық сыр сипаты 200-ден астам компоненттерден тұрады екен. Осы ұстаз өнегісінің, озат үлгісі жөнінде ғұлама ғалым Әл-Фарабидің айтуы бойынша нағыз ұстаз ғана айтқанын екі еткізбейтін, ешкім шағым жасауға батылы бармайтын, білімі телегей - теңіздей, ақыл-ой парасаты да, ерік жігеріне де ешкім тең келе алмайтын адам. Осындай қасиеттері бар ұстаз ғана шәкіртке үлгі-өнеге көрсетеді, ол халықты соңына ертіп, оның мұң мұқтажын, талап- тілегін орындай алады.
Әл-Фараби түсінігінде, ұстаз да қала басшысы сияқты ел жетекші, халық
қадірлісі. Медресе балаларды оқытып, тәрбиелесе, қала бастығы олардың ата-анасына өнеге көрсетеді, халықты ізгі қасиеттерге баулиды. Олай болса мұның екеуі де "сегіз қырлы, бір сырлы" қай жағынан да болса барша халықтан қош ілгері тұрған кісілер. Сондықтан бұл екеуіне де мынадай 12 түрлі қасиет сәтті қабысып келсе нұр үстіне нұр болған болар еді:
1 Тән ерекше жетілген түрлі іс-әрекетті нәтижелі етіп орындауға ыңғайлы
2 Нені болса да жақсы айырып, тез тұжырымға келе алатын;
3 Өзінің түсініп, сезгенін көріп, білгенін есіне жақсы сақтай алатын;
4 Көреген ойлы, талғампаз, ақылды адам болуы;
5 Ойын анық, дәл бере алатын, көркем сөйлей алатын шешен;
6 Ілім-білімді, оқу-ғылымды жан тәнімен, ұңғыл-шұңғылын ақыл-ой
жұмысының үлкен бейнетін тек ләззат санайтын адам;
7 Қайда жүрсе де өте ұстамды;
8 Өтірік-өсекті, мылжыңдықты жек көріп, шындықты, әділдікті
бар ынтасымен сүйе білу;
9 Өр кеуделі, жан мен арын бірдей кіршіксіз ұстайтын адам;
10.Мал-мүліккке, дүние-жиһазға, мәнсіз ұсақ тіршілікке қызықпау;
11 .Табиғатынан әділ, шынайы, шыншыл;
12.Басқаға дау, өзіне де қиянат қыңыр-қиқар болмай, әркез шешімге келе
алатын байсалдығы мен батылдығы қатар жүре алатын, қорқыныш пен үрейге жол бермейтін адам.
Осылайша бабамыз Әл-Фараби өнегелі ұстаз бен әділ билеушіге ортақ 12 қасиетке мән береді де, бұған қосымша жұртты аузына қаратқан даналық, заң
әдеп-ғұрыптарға жетістік, іс-әрекеті осыларға сәйкес. Жаратылысында әрбір адамға өз тіршілігі үшін және ең жоғары кемелділік дәрежесіне жету үшін көп нәрсе керек, ал мұны ол жалғыз жүріп таба алмайды және бұған жету үшін ол қандайда бір адам қауымын қажет етеді, осы қауымдағы адамдардың әрқайсысы оған қажетті нәрселердің жалпы жиынтығынан қандай да бір затты тауып беріп отырады. Оның бер жағында әрбір адам өзінен басқа екінші адам жөнінде де нақ осындай күйге түседі. Міне, сондықтан да бір - біріне көмектесіп отыратын, біреуі екіншісінің өмір сүруіне қажетті нәрселерінің бір бөлігін тауып беріп отыратын көптеген адамдар бірлестіктері ғана адам өзінің жаратылысына сай кемелділік дәрежесіне жете алады. Осындай қауымның барлық мүшелерінің іс - әрекеті жиналып келгенде олардың әрқайсында өмір сүру үшін және кемелділікке жету үшін керекті нәрсенің бәрін тауып беріп отырады. Міне, сондықтан да, адамзат индивидтері көбейе түсіп, жер жүзіндегі әр түрлі мекендерге қоныс тепті, осының нәтижесінде адам қоғамдары пайда болды.
Әл-Фараби ұстаз бен шәкірт арасындағы ара- қатынастарды олардың моральдық қатынастың қандай болу керектігін де ескерген. Ұстаз өз шәкірттерінен адалдық, сыпайылық, ізгілік, әділдік сияқты қасиеттерді көргісі келсе, онда оның өзінде де осы қасиеттер болу қажет. "Мұғалімдік" (ұстаздық) еткен адамның өлшеуі тым өкпелі болмасын және тым асыра босаңсытқан төмендікпен де болмасын. Егер тым қатты үнемі ызғармен болса, онда оқушылар мұғалімді жек көретін хәлге жетеді. Егер тым босатып жіберген кішіпейілдік болса, онда оқушылар жағынан мүғалімдерді кем санау, оның ғылымына жалқау қарау қаупі тұрады деп жазды өзінің "Философияны үйрену үшін алдын-ала не қажет" деген еңбегінде. Ешбір жанға бағынбайтын басшы - адам, міне, осындай. Ол - иман, ол -қайрымды қаланың бірінші басшысы, ол - халықтың басшысы және жер жүзін мекендейтін елдің басшысы. Өз бойында туа біткен он екі қасиетті ұштастырған адам ғана осындай бола алады. Біріншіден, бұл адамның мүшелері мүлдем мінсіз болуға тиіс, бұл мүшелердің күші өздері атқаруға тиісті қызметті аяқтап шығу үшін мейлінше жақсы бейімделген болуы тиіс, сонда егер, осы адам әлде бір мүшесінің жәрдемімен әлденендей бір іс істемек болса, ол мұны оп - оңай атқаратын болады; жаратылысынан өзіне айтылғанын бәрін жете түсінетін, айтылған сөзінің сөйлеушінің ойындағысындай және істің жай -- жағдайына сәйкес ұғып алатын болуы керек; өзі түсінген, көрген, есіткен және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, бұлардан ешнәрсені ұмытпайтын болуы керек; әйтеуір бір заттың кішкене ғана белгісін байқаған заматта сол белгінің ишаратын іліп әкетерліктей алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі болуы шарт; өткір сөз иесі және ойына түйгенін айдан - анық айтып бере алатын тілмар болуы шарт; өнер - білімге құштар болу, оқып - үйренуден шаршап шалдықпай, осыған жұмсалатын еңбектен қиналып азаптанбай бұған оңай жететін болуы керек: тағамға, ішімдік ішуге, сыр - сұхбат құруға келгенде қанағатшыл болуы керек, жаратылысынан сауыққұмарлықтан аулақ болып, бұдан алатын ләззатқа жирене қарауы шарт; шындықпен шыншыл адамдарды сүйіп, өтірік -- жалған мен суайттарды жек көру керек; жаны асқақ және ар- намысын ардақтайтын болуы шарт; оның жаны жаратылыстан пасық істердің бәрінен жоғары болып, жаратылысынан игі істерге ынтызар болуы тиіс;дирхем, динар атаулыға, жалған дүниенің басқа да белгілеріне жирене қарау керек; жаратылысынан әділеттілікпен әділеттілерді сүйіп әділетсіздікпен озбырлықта және осылардың иелерін жек көруі керек; жақындарына да, жат адамдарға да әділ болып, жұртты әділеттілікке баулып, әділетсіздіктен зардап шеккендердің залалын өтеп, жұрттың бәріне өз білгенінше жақсылық пен ізгілік көрсетіп отыру қажет; әділ болу керек, бірақ қыңыр болмауы керек, әділеттілік алдында ойыс мінез көрсетіп қасарыспау керек, бірақ әділетсіздікпен пасықтық атаулыға мүлдем рақымсыз болуы шарт; өзі қажет деп тапқан істі жүзеге асырғанда шешімпаздық көрсетіп, бұл ретте қорқынышпен жасқану дегенді білмейтін батыл, ер жүрек болуы керек.
Кімде -- кім туған кезінен бастап және жас жеткіншек шағында
жоғарыда аталаған шарттарды бойына дарытқан болса және есейгеннен
кейін басқа алты шартқа сай келетін болса, біріншісінің орнын басатын
екінші басшы сол болады:
- Бірінші шарт - дана болу.
- Екінші шарт - қалаға арнап бірінші имамдар белгілеген заңдарды,
ережелер мен әдет - ғұрыптарды жадында сақтап, жетік білу, өзінің
барлық іс
-әрекетін осыларға сәйкес жүргізу.
- Үшінші шарт - бұрынғылардан тиісті заң сақталмаған жағдайда, бірінші
имамдардың үлгісімен әрекет жасай отырып, бұл жөнінде тапқырлық
көрсету.
- Төртінші -- бірінші имамдар аңдай алмаған нәрселерді,
бұрыннан қалыптасып қалған жағдайды да, болашақ оқиғаларды да
қалаған
кезінде танып - біліп отырарлықтай тапқыр да білгір болу; өзінің осындай
іс - әрекетінде ол халықтың әл - ауқатын жақсартуды мақсат етуге тиіс.
- Бесінші - бірінші имамдарының заңдарын және солардан кейін,
солардың үлгісі бойынша өзі белгілеген заңдарды орындауға жұртты өз
сөзімен жігерлендіре білу.
- Алтыншы - әскери істерді жүргізу үшін қажетті дәрежеде қайратты
болу,
ның бер жағында әскери өнерді қызмет бабындағы өнер ретінде біліп
алу...
Фараби ең әуелі ұстаз, ағартушы, оның бүкіл философиялық ізденістері мен пайымдаулары адамды барынша кемелдендіру, дамыту мақсатына арналған. Ол-адамдарды шынайы бақытқа жеткізу жолдарын табуды мұрат тұтады. Ұстаздың айтуы бойынша адам ғылым, философия, тәрбие арқылы кемелдікке жетеді. Ол шартты түрде адамды нағыз бақытқа, мұратқа бастайтын негізгі кредосы - адамдар бақыт жолында өзара көмек, достық, бейбітшілік қатынаста өмір сүруі ләзім. Бала тәрбиесі қоғам мен халықтың балаларды оқыту жөніндегі қамқорлығы, жастарды халық өміріне байланысты білімдермен қаруландыру, балаға оның жеке және жас ерекшеліктерін ескеріп шын жүректен қамқорлықты қарым- қатынас мұның бәрі ұлы ұстаздың педагогикалық жүйесінің құрамды бөлігі. Халықтан алып пайдаланылған көптеген ережелер оның ілімінің демократикалық, гуманистік өзегін құрады және оның педагогикасының озық бағыттылығын күшейтеді.
Әрине, ұлы педагогтің халықтық тәрбие дәстүрлерін алып пайдаланып және өз жүйесіне негізін салып қана қоюымен шектелмеуі әбден табиғи жағдай. Ол педагогикалық құбылыстардың жиынтығын байыптады. Тәрбие және тәрбиелеу орындары мәнін түсіндіруге жаңа мазмұн беріп, әрі қарай шығармашылықпен дамыта алды.
Ұстаздың пікірінше, оқу, білім алу, ғылым адамы болу, адамгершілік және тәрбие мәселелерімен тығыз байланысты. Мәселен, "Философияны үйрену үшін алдын-ала не қажет" деген еңбегінде бірінші алғышарт ретінде жан тазалығын, ар тазалығын қойған. Адам өмірі үшін, әсіресе ұстаздарға бұл құралдың қажеттігі түсінікті. Ұстаздың негізгі мақсаты- өз шәкіртіне білім беріп, ізгілікті мінез-кұлыққа тәрбиелеу деп білсек, сол тиянақты білім, ізгілік ұстаздың өз бойында болуы шарт. Егер де өзінің бойында кездеспейтін болса, онда логика саласында надан деп есептелініп, қайсыбір мәселеде кімдікі жөн екенін, оның қалайша жөн екенін ажырата алмайды. Бұл жағдай ұстаз бойында кездесетін болса, сөзсіз оның беделін түсіріп, өз шәкірттерінің мінез-құлық, іс-әрекеттеріне дұрыс баға бере алмағандықтан, олардың арасында түсінбеушілік, кейде бір-біріне деген дөрекілік, жүрген жерде әрине, логика, парасаттылық туралы дұрыс түсінік болуы мүмкін емес. Сол себепті шәкірттің ой-талағамын жетілдіру, оның іс-әрекет жасауына көмектесу-ұстаз парызы.
Кемеңгер ұлы ғалым ұстаз туралы былай деген екен: "Ұстаз жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны жақындарына да жай адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақындық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек".
Сонымен, Әл-Фараби бабамыз шәкірт пен ұстаз арасындағы қарым- қатынастың тиімді әдістерін пайдалана білгендіктен, оның ұстаздық шеберлігі жоғары деңгейде бағаланып, оны "ұлы ұстаз" деп танимыз.
Яғни, ол өз дәуіріндегі замандастары оны "Шығыстың екінші ұстазы" деп мойындағанынан-ақ көруге болады және де Әл-Фараби ең әуелі ағартушы болғандықтан, оның бүкіл философиялық ізденістері мен пайымдаулары адамды барынша кемелдендіру, дамыту мақсатына арналған. Әл-Фараби -- адамдарды шынайы бақытқа жеткізу жолдарын табуды мұрат тұтады.
2.3 Әл-Фараби еңбектеріндегі жалпы педагогикалық идеялар.
Әл-Фарабидің педагогикалық теориясында оқыту мен тәрбие өте тығыз да біртұтас байланыста қарастырылғанымен, олардың педагогикалық құрал ретінде ерекше, әрқайсысына ғана тән жақтары да ажыратылады. Оқыту адамдар мен халықтарда теориялық қайырымдылық дарыту болады, ал тәрбие-білім-білікке негізделген өнер арқылы оларға этикалық қайырымдылық дарыту тәсілі. Оқыту сөз арқылы жүзеге асырылады, ал тәрбие кезінде адамдар мен халыққа белгілі қимыл-әрекет дағдысын егеді. Былайша айтқанда, Фарабидің пайымдауы бойынша оқу-философия негіздерін, теориялық білімдерді игеру, ал тәрбие-ол мұғалімнің, тәлімгердің, адамға белгілі бір адамгершілік, кұлық қалыптарын және практикалық өнерді игеру дағдыларын қалыптастыру бағытындағы іс-әрекеті, ол шәкірттерге белгілі бір оң қасиетті, сапаны дарыту үшін қалай болса солай емес, белгілі бір мақсатты көздеген, саналы тәрбие жұмысына басты мән береді. Ғұлама тәрбие кезінде тәрбиеленушінің ерекшелігін ескеріп, әрбіріне жеке әдіспен дара қатынас жасауды талап етеді.
Әл-Фарабидің пікірінше, тәрбиеге көнбейтін, жөндеуге, түзетуге болмайтын жас болмайды. Тек ретін тауып үйретуден, баулудан жалықпау керек. "'Жаман қылық -- ол жан ауруы. Бұл ауруды кетіру үшін тән ауруын емдеуші дәрігерге ұқсауымыз керек" -- дейді ғұлама. Фарабидің "Бақытқа жету жолы" атты трактатында жастарды батырлық, жомарттық, қайырымдылық, қанағаттылық, шешендік, доспейілділік, т.б. қасиеттерді қалай тәрбиелеу қажеттігі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz