Мұғалім еңбегінің профессиограммасы - мұғалім тұлғасының моделі
Дәріс №2. Педагогикалық кәсіп пен іс-әрекеттің жалпы сипаттамасы
Жоспар:
1. Педагогикалық мамандықтың пайда болуы және қалыптасуы.
2. Мұғалім еңбегінің профессиограммасы-мұғалім тұлғасының моделі.
3. Педагогикалық іс-әрекеттің кәсіби стандарты педагогтың білімі, білігі, іскерлігі және тұлғалық қасиеттеріне қойылатын талаптар жүйесі.
4. ҚР-ғы педагогикалық білім беруді модернизациялау.
Мұғалім мамандығын мәңгілік деп атайды. Адам баласы өмір сүріп отырған кезеңдерден бері әр дайым оқып-білуге, өз тәжірибесін жас ұрпаққа таратуға - өмір тәжірибесін саналы, мақсаткерлік тұрғыда меңгертуге талпынады.
Жастар тәлімгері, әдетте, біршама көп білетін, әрі құрметті адамдар болады. Осыдан 300 жыл бұрын өмір сүрген, ғылыми педагогиканың негізін қалаушы, славяндық ұлы педагог Ян Амос Коменский мұғалімдерге "ең тамаша міндет жүктелген, күн астында одан жоғару тұрған ешнәрсе жоқ" деп жазады. Орыстың ұлы педагогы К.Д.Ушинский мұғалім мамандығын былайша бағалады: "Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен - тарихтағы ең ұлы істәң бірі". В.Г.Белинский былай дейді: "Мұғалімдік мамандықтың тәрбиелік мәртебесі қаншалықты маңызды, ұлы, әрі қастырлі десеңізші: оның қолында адам өмірінің тұтас тағдыры тұр".
Мұғалім еңбегінің ерекшелігі неде? Бұл ерекшелік сірә, мұғалімнің адам баласымен жұмыс істейтіндігінде болар? Бірақ басқа мамандық иелері де: юристер, дәрігерлер, әртістерде ... адамдармен қарым-қатынаста болады. Педагогикалық мамандықтың ерекшелігі мұғалімдердің қоғамдағы орнына қарай анықталады.
Мұғалім - қоғам мен өскелең ұрпақ арасындағы сарапшы. Адамзат көп ғасырлық тарихында өте мол тәжірибе жинақтады. Жас ұрпақ үшін қоғам олардан және бұқаралық информация құралдары арқылы өздеріне қажетті ақпараттарды алады. Ал негізінен мұғалім арқылы оқушы жастардың санасына жеткізіледіг. А.С.Луначарскийдәң айтуынша, мұғалім балаларға өткен ата-бабамыздың ең таңдаулы тәжірибелерін, жақсы қасиеттерін беруі және ескінің сарқыншағын кемістік пен кеселді бермеуі тиіс. Мұғалім жас ұрпаққа білімді ғана емес, ғылыми-материалистік дүниетанымды,азаматтық позицияны қалыптастырады, рухани-адамгершілік тұрғысында тәрбиелейді.
Кәсіп - адамның дене және рухани күшінің шектеулі ғана саласы, еңбек іс-әрекетінің белгілі бір түрі.
Мамандық - берілген кәсіптің бір түрі.
Мысалы, кәсіп - мұғалім, мамандық - физика пәнінің мұғалімі.
Қазір ғылыми тілде мұғалім және педагог деген екі ұғым бар. Соңғы кезде педагог кеңірек ұғым деп жүр.
Профессограмма - мұғалімнің, оқытушының, сынып жетекшісінің, педагогтың идеалды үлгісі, эталоны, моделі.
Жіктеу:
Мұғалімнің атқаратын қызметін жіктеу:
- ақпараттық (ақпарат беру);
- дамытушылық (ойлауы, елестетуі, тілді дамыту);
- мобилдік (мобилизационная) (істің, тапсырманың, жаттығудың орындалуын қадағалау);
- қалыптастырушылық (сабақты, сыныптан тыс іс-әрекетті, әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар, өз бетімен жұмыс, т.б.);
- коммуникативті (ата-аналармен, басқа мұғалімдермен, әкімшілікпен, психологтармен, валеологтармен қарым-қатынас);
- ұйымдастырушылық (оқуышыларды, басқа мұғалімдерді, ата-аналарды, өзін, сабақты, сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырады);
- зерттеушілік (жеке тұлға ретінде зерттеу);
Сынып жетекшісі, тәрбиешілердің атқаратын қызметтері:
- ұйымдастырушылық (сынып сағаттарын, сауалнамалар, экскурсия, т.б. ұйымдастыру);
- тәрбиелілік (оқушылардың қабілеттерін кез келген әдіспен тәрбиелеу, қалыптастыру, дамыту);
- ынталандыру (балалардың іс-әрекетін ынталандыру);
- құжаттармен жұмыс.
Мұғалім мамандығы - біздің еліміздегі ең көп тараған мамандықтың бірі. Соңғы жылдарыдың өзінде ғана біздің институтымыздан білім алып, өмірге мұғалімдік мамандық алып шыққан мұғалімдердің саны бірнеше мыңдап саналады. Мамандықтың бұқаралылығы оның маңыздылығын көрсетеді, дегенмен әрбәр мұғалімнен педагогикалық кәсіптің қоғамдық мәртебесін көтеру жөнінде айырықша қамқорлықты қажет етеді.
Мұғалім - бұл болашаққа ұмтылған адам. Оның қызметі адамды қалыптастыруға, солардың алдағы жағдайдың өзгеруіне қарай белсенділігін арттыруға бағытталған. Л.Н.Толстой былай деп жазды: болашаққа жарамды адамды тәрбиелеу үшін, оларды тамаша жетілген азамат етіп тәрбиелеу қажет - тек сонда ғана тәрбиеленуші өз ортасында өмір сүретін ұрпақтың лайықты мүшесі бола алады.
Мұғалім ең күрделі процесс - жеке адамды қалыптастыру процесін басқарады. Бұл процестің күрделілігі тәрбиеленушінің жеке өзінің үнемі өзгеріп тұратындығына байланысты. Бұл яғни оқушыға тек бір өлшеммен ғана қарауға болмайтындығын көрсетеді, жас ерекшеліктері қағидаларын үнемі есте ұстауды қажет етеді. Мұғалім қызметінің ерекшелігі сол, көптеген мамандықтар секілді педагогтің қолында өлшеуіш немесе басқалай проиборлар жоқ. Оның ең басты жұмысы - оқыту мен тәрбиелеу барысында пайда болған қарым-қатынасты басқару. Мұғалім көптеген нақты жағдайда қысқа уақыттың ішінде ең дұрыс педагогикалық шешімді таба білуі тиіс.
Қорыта келе: қоғам мұғалімге ерекше жауапкершілік жүктейді. Әрбір мұғалім біздің еліміздің экономикасын жандандыру бағдарламасына өз үлесін қосуы тиіс. Оның міндеті шәкірттеріне әлем туралы ғылыми түсінікті айтуы, оқушыларды өз бетіне және творчестволвқпен ойлауға баулу, ғылыми таным тәсілін меңгерту, программалауды және компьютерлік техникамен жұмыс істеуге үйрету. Еңбекті ғылыми ұйымдастыру мен еңбекшілердің творчестволвқ ынтасы ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуге, экономикамызды көтеруге, халықтың тұрмыстық әл-ауқатын жақсатуға ықпал етеді. Оның қай-қайсысының да негізін мұғалім класта, оқу шеберханасында, оқушылардың өндірістік бригадаларында қалайды. Қазіргі таңдағы 12 жылдық білім беру бағдарламасының нәтижелі болуы да, қарапайым ауыл мұғалімнің қолында.
Мұғалім біздің үмітімізді және біздің қоғамымыздың болашағын - үйлесімді жеке басты тәрбиелейді. Мұғалім балаларға әлем мәдениетін таныстыра отырып, шын мәнінде, бақыт негізін қалайды.
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТ: МӘНІ, МАҚСАТЫ, МАЗМҰНЫ
Жоспар:
1. Іс-әрекет түсінігінің жалпы сипаттамасы
2. Педагогикалық іс-әрекеттің мәні
3. Педагогикалық іс-әрекеттің мотивациясы
4. Педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты
5. Оқытушы іс-әрекетінің мазмұны
Іс-әрекет біздің түсінігімізше, бір жағынан, ғылыми білімнің категориясы, адамдардың қоғамдық-тарихи болмысының спецификалық формасы, басқа жағынан, олардың бар болуы мен дамуының әдісі, табиғатты және әлеуметтік мақсатты бағытталған түрлендірілуі арқылы түсіндіріледі. Табиғат заңдарына қарағанда әлеуметтік заңдар ақиқаттың жаңа формалары мен қасиеттерін құрып, қандай да бір бастапқы материалды өнімге айналдыратын тек адам іс-әрекеті арқылы табылып жатады. Субъектпен орындалатын кез келген іс-әрекет мақсат, түрлендіру үрдісінің өзі және оның нәтижесін қамтиды. Болмыстың бір түрі мен адамның өмір сүру әдісі ретінде іс-әрекет:
- адам өмірінің материалдық жағдайларын құру, адамның табиғи қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыздандырады;
- адамның рухани дүниесінің даму факторы, оның мәдени қажеттіліктерінің жүзеге асырылуының шарты мен формасы болып табылады;
- адамның өзінің тұлғалық потенциалының жүзеге асырылуының, өмірлік мақсаттарға, табыстарға қол жеткізу саласы болып табылады;
- адамның қоғамдық қарым-қатынастар жүйесінде өзін өзі табу үшін, өзінің әлеуметтік қызығушылықтарын жүзеге асыру үшін жағдайлар жасайды;
- ғылыми таным, өзін өзі тану мен өзін өзі дамыту критериі мен көзі болып табылады;
- қоршаған әлемді тану мен түрлендіруді қамтамасыздандырады;
Іс-әрекеттің маңызды сипаттамалары болып табылатындар:
- пәнділік - ол іс-әрекет үрдісі кезінде түрлендірілетін объективті дүниенің қасиеттері мен қатынастарына бағынады;
- әлеуметтілік - адам іс-әрекеті әрқашан өзінің өнімімен, ақпаратпен алмасуға, жеке мақсаттар мен жоспарларды үйлестіруге, өзара түсіністікке жетелейтін қоғамдық сипатта жүреді.
- саналылық - іс-әрекетті ұйымдастыру мен жүзеге асыру кезінде сана әртүрлі функцияларды орындайды: ақпараттық, бағытталған, мақсаттылық, мотивті-түрткішіл, реттеушілік және бақылаушыл.
Іс-әрекеттің нәтижелері оңай аңғарылады және сапалы-сандық көрсеткіштерде көрсетілуі мүмкін.
Қажеттілік - аса қажеттіліктен және оны жүзеге асыру мен дамыту үшін қажет объекттер мен әрекеттерде туындайтын адамның күйі, сондай-ақ оның белсенділігінің көзі болып келетін, танымдық үрдістерді, қиял мен жүріс-тұрысты ұйымдастырады және бағыттайды.
Мотив - қажеттілікті қанағаттандыруға байланысты іс-әрекетке түрткі болу; әрекеттер мен қылықтардың таңдауы түсіндірілетін сезінімді себеп; әрекеттерді таңдауға түрткі болатын зат(материалды немесе идеалды).
Мақсат - күтілетін нәтиженің сезінімді бейнесі, адамның іс-әрекеті соған қол жеткізуге бағытталған.
Есеп - қандай да бір жағдайларда берілген және осы жағдайлардың түрлендірілуі кезінде орындалатын іс-әрекет мақсаты.
Әрекет - іс-әрекет бірлігі, сезінімді мақсатқа жетуге бағытталған кездейсоқ, қасақана белсенділік.
Операция - берілген жағдай шарттарымен анықталатын әрекетті жүзеге асыру әдісі.
Іс-әрекетке адам қажеттіліктерін қанағаттандыратын санасында сәйкес объекттер мен әрекеттер түрінде келетін әртүрлі қажеттіліктермен жетеленеді. Іс-әрекеттің мотивация сипатына орындалуындағы табандылығы, яғни мақсатқа жетудегі табысы да тәуелді. Іс-әрекеттің мотивтері мен мақсаттары адам өмірінің қоғамдық шарттарына және оның жеке дамуының деңгейіне тәуелді. Іс-әрекеттің жеке дамуындағы маңызды рөл индивидтің қоғамдық тәжірибені меңгеру ойнайды. Іс-әрекет бірқатар ішкі, бір бірімен байланысқан әрекеттер арқылы жүзеге асып, біршама автоматтандырылған компоненттерден құрылған. Алайда жалпы алғанда әрбір іс-әрекет сезінімді, мақсатты бағытталған сипатта болады. Сезінімді мақсат заң сияқты адам әрекеттерінің әдісі мен сипатын анықтайды (К.Маркс). Ол күтілетін нәтижені алуда кездестірілетін кедергілерді белсенді түрде жеңуге жетелейді. Адамның іс-әрекетінің негізгі түрі болып оның физикалық және ой еңбегі табылады. Физикалық өнімділік еңбек қоғам мен оның әрбір мүшесінің өмір сүруі үшін қажет материалдық құндылықтарға бағытталған. Ой еңбегі ақиқатты үйренуге, ғылыми теориялар, әдеби, көркем және басқа да рухани құндылықтарды құруға бағытталған.
Адам іс-әрекеті - оның дамуына қажетті шарт, бұл үрдіс кезінде өмірлік тәжірибе пайда болып, қоршаған айнала танылып, білім сіңіріліп, дағды мен икемділік пайда болуының арқасында іс-әрекеттің өзі де дами түседі. Леонтьев А., Рубинштейн С., Теплов Б. және басқа да ғалымдардың зерттеулері және басқа ғалымдардың зерттеулері іс-әрекет кезінде психикалық үрдістер дамып, тұлғаның ой, сезім мен қайсарлық қасиеттері, қабілеттері мен мінез-құлығы жетіле түседі. Іс-әрекетті тұлға дамуының бір факторы ретінде қарастыра отырып, оның рөлі орта факторынан біршама өзгеше екендігін ескеру қажет. Шынында да, егер орта дүние мен өмір бейнесін құрып, баланы оның дамуы үшін қажетті материалмен қоршай отырып, әлеуметтік даму алғышарты болып келсе, онда іс-әрекет - тұлғаның өздігінен өзін-өзі дамытуы, даму үрдісінің субстанциясы, оның материалдық жолы (жүру арқылы жүруге үйрену және т.б.). Даму, мысалы, адамгершілік, эстетикалық, саясаттық, еңбек және басқа да - бұл әрқашан іс-әрекет үрдісі, мақсатты бағытталған белсенділік кезінде пайда болған тұлғалық құрылымдағы жаңа түзулер.
Іс-әрекет - субъекттің объектке қатынасының белсенді формасы:
- танымдық - ақиқатқа жету, оны ашу, зерттеу;
- еңбектік - материалдық құндылықтар құрылып, сақталып, жетілдіріле түседі;
- көркемдік - көркем бейненің қабылдануы, интерпретациялануы, қайта қалпына келуі, тасымалдануы;
- қоғамдық - қоғамдық-құндылықты идеялар декларацияланады, жайылады, таратылады.
Егер іс-әрекет объектісі болып басқа субъект шықса, онда берілген іс-әрекетті қарым-қатынас, ал оның құрылу формасын - қимыл, қылық деп атайды.
2. Педагогикалық іс-әрекеттің мәні
Педагогикалық іс-әрекет - мақсатты бағытталған адам іс-әрекетінің ерекше түрі, себебі педагог өзінің алдына белгілі бір мақсат қоймауы мүмкін емес: мысалы, географиялық картаны оқуды үйрету, патриотизм сияқты тұлға қасиетін тәрбиелеу. Кең мағынада педагогикалық іс-әрекет жинақталған адамзат тәжірибесін болашақ ересектерге беру мәңгі әлеуметтік функциясын орындауға бағытталған. Осыдан шығатыны педагогикалық іс-әрекет адам баласын қоғамдық өмірге кірістіру бойынша ерекше, әлеуметтік және тұлғалық детерминацияланған іс-әрекет.
Берілген контекстте педагогикалық іс-әрекет оқытушы, тәрбиеленушінің оқушы немесе оқушыларға оның тұлғалық, парасатты және іс-әрекеттік дамуына бағытталған, әрі өзін өзі дамыту мен жетілдіру негізі ретінде шығатын тәрбиелейтін және оқытатын әсер. Ол үшін педагогикалық мақсат қоюшылық пен педагогикалық басқарушылық тән. Іс-әрекеттің бұл түрі В.В. Давыдов белгілеген өсіп келе жатқан ұрпаққа әлеуметтік қимыл іс-әрекет нормалары мен өнеркәсіптік іскерлік үлгілерін (эталондарын) құру, сақтау мен беру сияқты қоғамдық маңызы бар есептерді шешу барысында өркениет таңының атуында пайда болды.
Өзінің дамуы барысында қоғам бір бірімен тығыз байланысты үйренуден, яғни балалар үлкендерден оларға еліктеуден класс, мектеп, гимназияларды құруға дейін қадам басты. Әртүрлі елдерде әртүрлі тарихи сатыларда білім беру мақсаты, мазмұны мен формаларында елеулі өзгерістерді басынан өткеріп, мектеп негізгі тағайындалуы - тиімді педагогикалық іс-әрекет ұйымдастыру болып келетін басты әлеуметтік институт болып қалыптасты. Ескере кететіні, бұл іс-әрекетті маманды түрде тек оқытушылар жүзеге асырады, ата-аналар, өнеркәсіптік ұжымдар, қоғамдық ұйымдар, көпшілік ақпарат құралдары білім-тәрбиелілік үрдістің ерікті немесе еріксіз қатысушылары болды.
Мамандандырылған педагогикалық іс-әрекет қоғаммен арнайы ұйымдастырылған білім беру орындарында: мектепке дейінгі мекемелер, маманды-техникалық училищелерде, орта арнайы және жоғарғы оқу орындары, қосымша білім беру, квалификацияны жоғарылату мен қайта дайындау мекемелері. Педагогикалық іс-әрекет адам іс-әрекетінің кез келген түріне тән сипаттамаларға ие: мақсатқоюшылық, мотивтендіру, пәнділік. Педагогикалық іс-әрекеттің мәнін А.Н. Леонтьев белгілеген мақсат, мотивтер, әрекеттер (операциялар), нәтиженің бірлігі ретінде оның құрылымын талдау арқылы ашуға болады, сондай-ақ оның жүйе құрылымдық сипаттамасы ретінде ол мақсатты санады.
Осылайша, педагогикалық іс-әрекет дегенде адамзат жинаған мәдениет пен тәжірибенің үлкеннен кішіге беруге олардың жеке дамуы үшін шарттарды құру мен қоғамдағы белгілі бір әлеуметтік рөлдерді орындауға бағытталған әлеуметтік іс-әрекеттің ерекше түрін түсінеміз.
Педагогикалық іс-әрекеттің мәнін түсінуге ыңғайлы болу үшін жүйелік ыңғайды қолданып, мұғалімнің іс-әрекетін педагогикалық жүйенің бір түрі ретінде елестетейік.

Педагогкалық іс-әрекеттің маңызды құраушыларының бірі болып оның мотивациясы саналады. Бұл термин мотив сөзінің туындысы болып есептелінеді. Л.И. Божовичке сәйкес мотивке сыртқы орта заттары, көріністер, идеялар, сезімдер мен толғаныстар - бір сөзбен айтқанда қажеттілік көрініс тапқан барлық нәрселерді жатқызуға болады.
Мотивация түснігін бір ғалымдар тұлғаның мінез-құлқы, іс-әрекетінің сипаты мен бағыттылығын, мазмұнын анықтайтын мотивтер, түрткі болған нәрселердің жиынтығы ретінде тапшылайды. Басқалары, біз де олардың көзқарасына қосыламыз, мотивацияны мотивтердің әрекетінің үрдісі, басымдығы бар тұрақты тұлғаның бағыттылығын, құндылықты бағыттылықтар анықтайтын және тәрбиелеу үрдісінде пайда болатын мотивтер жиынтығы деп санайды.
Б. Н. Додонов 4 құрылымды құраушыны бөліп шығарған, мотивация құрылымы қызығушылық туғызады: іс-әрекеттің өзінен ләззат алу, тікелей нәтижесінің тұлға үшін мәнділігі, іс-әрекет үшін марапаттылықтың мотивациялайтын күші, тұлғаға күштеу қысымы.
Мотивацияның жалпы аспектілері жайлы әңгімені аяқтай отырып, А. Маслоудың қажеттілік үшбұрышын келтірейік. Онда, бір жағынан, адамның әлеуметтік, интербелсенді тәуелділігі, ал басқа жағынан - оның өздік бекіту мен байланысқан танымдық, когнитивті табиғаты (8-сұлбаны қараңыз).
Жоғарыда аталғандай, педагогикалық мотивацияны, бір жағынан іс-әрекеттің мотивтер әрекетінің үрдісі ретінде, басқа жағынан, басымдығы бар тұрақты тұлғаның бағыттылығын, құндылықты бағыттылықтар анықтайтын және тәрбиелеу үрдісінде пайда болатын мотивтер жиынтығы деп санайды.
Мотивациондық бағыттар ретінде мұнда сыртқы мотивтер (мысалы, жету мотиві) және ішкі мотивтер (мысалы, үрдіске бағытталу мен іс-әрекеттің нәтижесі) шығуы мүмкін болады. Сыртқы мотивтер:
· белгілі бір оқу мекемесінде жұмыстың қадірлігі;
· жеке және маманды өсу мотивтерімен сәйкестендірілген еңбек ақысынң дұрыстығы;
· өзін-өзі бекіту;
Сонымен қатар, мазмұны үлкен мен баланың өзара әрекеттесуі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz