Қазақстан тарихы пәні



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Химия-география кафедрасы

Курс жұмысы

Тақырыбы: Жаңартылған білім беру негізінде 8-сынып Қазақстан тарихыпәнінің оқу-әдістемелік кешені.
Мамандық (шифр):5В012900 Геогарфия Тарих

Орындаған: Кажикенов З.К.қ
Тексреген: Мукатаева З.К.
(Ғылыми атағы) т. ғ. к., профессор

Семей 2020.
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І. 8 сынып Қазақстан тарихыпәнінен білім берудің қазіргі құрылымы
1.1.Нормативтік құжаттар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.2. Қазақстан тарихынан оқу құралдары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .12
ІІ. 8 сынып Қазақстан тарихыпәнінен оқу әдістемелік кешен.
2.1. ҚМЖ - Қысқа мерзімді сабақ жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
2.2. Оқушылардың білімін зерделеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес Қазақстан тарихы пәніне талдама жасау. Қазақстандық білім саласындағы реформалардың бірі білім мазмұнын жаңарту болып табылады. Білім беру мазмұнын жаңарту елдегі жалпы білім беретін мектептегі білім сапасын анықтайтын білім мазмұны мен құрылымына өзгеріс енгізу, оқытудың белсенді әдістері мен тәсілдерін, оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін тиімді іске асырумен сипатталады. Негізгі орта білім беру деңгейінде Қазақстан тарихы пәні бойынша білім мазмұнын жаңарту оқушыларда тарихи сананы, қазақстандық патриотизмді, өз елінің тарихына құрмет көрсетуге, ұлттық және жалпыадами құндылықтарды қалыптастыруға баулу, ойлау, коммуникативтік және зерттеу дағдыларын дамытуға негізделген.
Пән мазмұны тарихи оқиғалар, фактілер, деректерді жаттанды оқуға емес, олардың мәнін түсінуге, яғни тарихи концептілер негізінде тарихи ойлау дағдыларын дамытуға бағытталады. Өйткені қазіргі кезеңде оқушылардың дұрыс таңдау жасай білу, дұрыс шешім қабылдау, қоғам өміріне жасампаздықпен қатысу, қоршаған ортаны объективті түрде көрсету қабілеттері ерекше маңызға ие. Бұл ретте оқушылардың бойында аталған қабілеттерін дамыту тарихи ойлау дағдыларын қалыптастыру шеңберінде жүзеге асырылады.
Оқу пәнінің міндеттері:
1) Қазақстан аумағындағы XVIII ғасырдың бастап бүгінгі күнге дейінгі 370 қоғамның әлеуметтік, мәдени, саяси, экономикалық дамуының негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері туралы білімін қалыптастыру;
2) Қазақстанның тарихи дамуы барысында қалыптасқан ұлттық құндылықтар жүйесі туралы білім беру;
3) Қазақстанның тарихи дамуының негізгі оқиғалары, құбылыстары мен процестердің мәні туралы түсінік қалыптастыру;
4) тарихи оқиғаларды, құбылыстар мен процестерді және тарихи тұлғалардың қызметін Отандық тарих контекстінде сын тұрғысынан талдау және баға беру дағдыларын қалыптастыру мен дамыту;
5) тарихи деректердің негізінде дәлелді пайымдау дағдыларын дамыту;
6) тарихи зерттеу жүргізу дағдыларын қалыптастыру мен дамыту (гипотезаларды ұсыну, зерттеу сұрақтарын құрастыру, деректерді талдау, әртүрлі көзқарастарды салыстыру, нәтижелер мен қорытындыларды шығару, өзінің ұстанымын анықтау);
7) қазіргі кездегі саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени процестерде бағдарлану үшін тарихи білімдерін қолдана білу дағдыларын қалыптастыру; 8) коммуникативті дағдыларды қалыптастыру, өз ойын ауызша және жазбаша түрде анық білдіру, командада жұмыс істей алу, түрлі деректерден алынған ақпараттарды қоса алғанда,жарияланым мен электронды құралдарды қолдану.
Жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқу пәндерін тарихи түсініктер негізінде оқыту тарихи оқиғалардың мәні мен маңыздылығын, үдерістер мен оқиғаларды тез түсінуге бағытталған, бұл пәннің мазмұнын терең түсінуге көмектеседі. Тарихи түсініктер негізінде тарихи материалды талдау жүзеге асырылады. Нәтижесінде, оқушыларда тек пәндік білім, білік, дағдылар ғана емес, материалдарды жинау және реттеу әдістері, сұрақтарды құрастыру және дереккөздермен жұмыс жасауда проблеманы қоя білу біліктілігі, сәйкестендіру әдістері мен дереккөздерді сыни бағалауы, зерттеу жоспарларын әзірлеу, материалдарды жинақтау және нәтижелерді тексеру сынды кең ауқымды дағдылардың қалыптасуына мүмкіндік береді.
Қазақстан тарихы пәні бойынша жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасына қойылатын міндеті талаптардың бірі - сабақ барысында зерттеу жұмысын ұйымдастыру болып табылады. Зерттеушілік тәсілі негізінде білім берудің жаңартылған мазмұнына көшу іске асырылады. Зерттеу тәсілі: − ғылыми зерттеудің жалпы және жеке әдістерін оқу танымының барлық кезеңдерінде енгізу (қабылдаудан практикада қолдануға дейін); − оқу және оқудан тыс іздестіру-шығармашылық қызметті ұйымдастырумен сипатталады.
Зерттелу объектісі, тақырыбы, мақсаты мен міндеттері тақырыптың негізгі өзектілігі болып табылады.
Зерттеу объектісі: 8-сыныптың Қазақстан тарихы пәні
Зерттеу тақырыбы: Жаңартылған білім беру мазмұны негізінде 8-сыныпта Қазақстан тарихы пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Зерттеу мақсаты: Жаңартылған білім беруге сәйкес жасалынған 8-сыныптың Қазақстан тарихыпәнімен, оқытудың әдіс-тәсілдерімен,құралдарымен танысу
Зерттеу міндеттері - зерттеу жұмысында келесі міндеттер зерттеліп, қарастырылады:
- Негізгі нормативтік құжаттар
- Мектеп оқулығына кең ғылыми түрде сипаттама беру
- Қысқа мерзімді сабақ жоспарын жасау
- Оқушылардың білімін зерттеру және зерделеу
Жаңалтылған білім беру мазмұны негізінде 8-сыныпта Қазақстан тарихы тарихы пәнінің оқу әдістемелік негізі тақырыбындағы курстық жұмысы: кіріспеден, екі тараудан, төрт параграфтан, қорытынды бөлімнен және пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

1. Қазақстан тарихынан білім берудің қазіргі заманғы құрылымы
Нормативтік құжаттар:
ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру)
"ҚР бала құқығы туралы" Конвенция
"Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды атестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 18 наурыздағы № 125 Бұйрығы (2018 жылдың 14 маусымындағы № 272 бұйрығымен бекітілген өзгерістер мен толықтырулармен)
2011-2020 жылдардағы ҚР білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасы
" Қазақстан тарихы " оқу пәнін енгізуді ұйымдастыру туралы бұйрық
Негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық
" Қазақстан тарихы " пәні бойынша қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы
" Қазақстан тарихы " кабинетін жабдықтау жөніндегі ұсыныс
" Қазақстан тарихы " пәні бойынша жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар
"Орта білім беру ұйымдарының жеке санаттағы педагог қызметкерлері жүргізу үшін ұсынылатын құжаттардың тізбесін анықтау туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 32 бұйрығы
Өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық
Оқу орындарындағы ең маңызды нормативті құжаттардың бірі - білім берудің мемлекеттік стандарттары болып табылады, солардың негізінде жалпы және кәсіптік білім беру бағдарламалары жасалады. Стандарттар білім беру мекемелерінің барлық түріне міндетті болып саналатын және білім беру ісінің әрбір деңгейінің мазмұнына қойылатын талаптарды, оқушылар мен тәрбиеленушілердің оқыту жүктемелерінің көлемін, білім сапасын тексеретін мемлекеттік бақылау орындарының ережелерін, оқу бағдарламаларының орындалғанын дәлелдейтін құжаттарды анықтайды.Білім берудің мемлекеттік стандарттарының негізгі қызметтері - азаматтардың толық білім алуы мен оның сапасын жоғарлатуы, Республикадағы оқыту кеңістігі бірлігі қызметтерін сақтау, білімнің гумандық қызметтері және оны басқару болып табылады.
Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған Қазақстан тарихы пәнінен оқу жүктемесі төмендетілген үлгілік оқу бағдарламасы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Оқу бағдарламасы Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген) бекітілген Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.
2. Тарихи сана - тарихты білу, тарихи тәжірибе мен оның сабақтарын ұғынып түсіну, әлеуметтік болжау, өз іс-әрекеті үшін тарихи жауапкершілікті түсіну. Оқу-тәрбие процесінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын тарихи білім тұлғаның, азамат пен патриоттың қалыптасуына көмектеседі.
3. Қазақстан тарихы оқу пәнінің мазмұны әлем тарихындағы Қазақстанның алатын орны мен рөлін, оның жалпыәлемдік өркениеттің дамуына қосқан үлесін түсінуге мүмкіндік береді.
4. Қазақстан тарихы оқу пәнінің мақсаты - білім алушылардың бойында тарихи сана, қазақстандық патриотизм, өз елінің тарихы мен мәдениетіне құрмет, өз ата-бабаларының жетістіктеріне деген мақтаныш сезімін қалыптастыру, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды дарыту, зерттеушілік, ойлау, коммуникативті дағдыларды дамыту.
" Қазақстан тарихы " пәні мұғалімдерінде
- өзін-өзі шыңдаудағы келешекке арналған жоспар
- Қазақстан тарихы пәні бойынша ҚР БМЖМС 2.3.4.01 -2010білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
- Қазақстан тарихы пәні бойынша оқу бағдарламасы
- Қазақстан тарихыпәнібойынша сабақ жоспары
- кабинеттің құжаты
- пән бойынша үнтаспалар мен бейнетаспалар
- Қазақстан тарихы пәні бойынша дидактикалық және көрнекілік құралдар

1.2 Қазақстан тарихынан оқу құралдары
8-сыныпқа арналған Қазақстан тарихы оқу пәнінің базалық білім мазмұны келесі тараулардан тұрады:
Бірінші бөлім
ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН
ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан. XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси үдерістер. XX ғасырдың басындағы Қазақстанның экономикалық дамуы. Столыпиннің аграрлық реформасы және шаруалардың Қазақстанға жаппай қоныс аударуы. XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы. Сауданың дамуы. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс. Қазақ ұлттық зиялылар қауымы және оның XX ғасырдың басындағы қоғамдық-саяси үдерістерге әсері. Ұлттық баспаның дамуы (Қазақ газеті, Айқап журналы). 1917 жылғы революциялар. Алаш партиясының құрылуы. Алаш-Орда үкіметі. Қазақ халқының саяси көшбасшылары (Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Б. Қаратаев, М. Тынышпаев, М. Шоқаев). XX ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының ғылыми еңбектері;

Екінші бөлім
ҚАЗАҚСТАНДА КЕҢЕСТІК БИЛІКТІҢ ОРНЫҒУЫ
Қазақстандағы Кеңес үкіметінің орнығуы. Үш Жүз қазақ социалистік партиясы. Азамат соғысы жылдарындағы (1918-1920 жылдар) Қазақстандағы соғыс қимылдары. Кеңес билігі органдарының Алаш-Орда үкіметі, Қоқан 374 автономиясымен қарым-қатынасы. Әскери коммунизм саясаты.1921 жылғы жұт және аштық. Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасының құрылуы. Қазақ АКСР-ы аумағының қалыптасуы. Қазақ жерлерінің біртұтастығын қалпына келтірудегі қазақ зиялыларының рөлі. Қазақстандағы Жаңа экономикалық саясат (1921-1925 жылдар). ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы әміршіл-әкімшіл жүйе саясаты. Кеңес үкіметінің діни саясаты;
Үшінші бөлім
ҚАЗАҚСТАН ТОТАЛИТАРЛЫҚ ЖҮЙЕ КЕЗЕҢІНДЕ
Қазақстан тоталитарлық жүйенің нығаюы кезеңінде. Қазақстандағы социалистік индустрияландыру (мәні мен ерекшеліктері). Кіші Қазан (мазмұны және жүзеге асырылуы). Бай шаруашылықтарының тәркіленуі. Ауыл шаруашылығындағы күштеп ұжымдастыру саясаты. Қазақстандағы күштеп ұжымдастыру саясатының экономикалық салдары. 1931-1933 жылдардағы аштық - ХХ ғасырдағы қазақстандық қасірет. Қазақстандағы ұжымдастырудың демографиялық салдарлары. Ұжымдастыруды жүзеге асырудың әдістеріне қатысты ұлттық зиялылардың (Бесеудің хаты) қоғамдық-саяси көзқарасы мен қатынасы. 1920-1930 жылдардағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси процестер. Сталиндік репрессиялар. Қазақстан аумағындағы кеңестік еңбек түзеу концентрациялық лагерлері (Степлаг, Карлаг, Алжир және тағы басқалар);
Төртінші бөлім
КЕҢЕСТІК ҚАЗАҚСТАННЫҢ МӘДЕНИЕТІ: БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМ, ӘДЕБИЕТ ПЕН ӨНЕР
Кеңестік Қазақстанның мәдениеті: білім мен ғылым . Халыққа білім беру (жалпыға бірдей міндетті сауат ашу, орта білім, қазақ жазуының араб тілінен латын тіліне көшуі, орыс графикасына негізделген жаңа әліпбиге көшу). А. Байтұрсынов - ұлт ұстазы. Жоғары оқу орындарының ашылуы. КСРО Ғылым Академиясының Қазақ филиалы. Қ.Сәтбаевтың Қазақстан ғылымын дамытудағы рөлі. Қазақстандық ғалымдар мен олардың ғылыми жетістіктері. Әдебиеттің дамуы (Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, Б. Майлин, І. Жансүгіров, С. Сейфуллин, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, Ғ. Мұстафин шығармашылығы). Театр, кино, бейнелеу өнері және оның қайраткерлері. Мәдениет саласындағы кеңестік идеология. Социалистік реализм;

Бесінші бөлім
ҚАЗАҚСТАН ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫНДА
Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында. Ұлы Отан соғысының басталуы. Қазақстандағы мобилизация және қазақстандық әскери бөлімдердің құрылуы. Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлігі мен тағдыры. Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы шайқастарына қатысуы. Қазақстандықтар - Кеңес Одағының батырлары. Б. Момышұлы - аңызға айналған тұлға. Қазақстан - майдан арсеналы. КСРО халықтарының Қазақстанға депортациялануы. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы мәдениет. Ғылымның дамуы. Әдебиеттегі жетістіктер (М. Әуезов, Ж. Жабаев, Д. Снегин, И. Шухов және тағы басқалар). Өнердің дамуы (театр, кино).
Жалпы білім беретін мектептерде оқу - тәрбие жұмысының табысты өтуі, материалдық-техникалық базасына тығыз байланысты. Қолданылып жұрген оқыту құралдарының информация беру мүмкіндігі бойынша бір-бірінен айырмашылықтары бар. Оларды төмендегідей топтарға бөлуге болады.
Баспасөз әдісімен жасалған - оқулықтар, анықтамалар, есептер мен жаттығулар жинағы, нұсқаулар, нұсқау технологиялық картталар плакаттар карточкалар, оқыту программалары.
Экранды құралдар - диапоизтивтер дияфильмдер транспоранттар кинофильмдер бейнежазбалар, телехабарлар.
Дыбысты құралдар - грамжазбалар радиохабарлар магнит лентадағы жазбалар.
Көлемді құралдар - нақты обьектілер модельдер макеттар, муляждар және тенажерлар.
Муляждар (макеттер) деп табиғи объектілерді өздеріне өте ұқсас етіп көрсететін көрнекілік құралдарды атаймыз. Муляждар мен макеттерді жасаған кезде нақты объектілер нақты бейнеленеді, яғни шартылыққа жол берілмейді. Дәлірек айтқанда олардың көлемі, тұсі, формасы және құрылымы өте дәлдікпен берілуі қажет.
Оқу кестелері (плакат, схема, диаграмма, графика және т.б.). Бұлардың барлығы да білім берудің жазықтықтық сипаттағы материалдық құралдары болып саналады. Оқу кестелеріне қалыптасқан дәстүр бойынша оқу барысында көрсетілетін құралдарды жатқызамыз, алайда соңғы уақытта үлестірілетін материалдар түріндегі кестелер сериялары (әсіресе, анықгамалық мазмұндағы) кеңінен қолданыс таба бастаған сияқты.
Қажетті хабарларды беруге байланысты кестелерді бірнеше түрге бөледі: түрлі табиғи объектілер мен құбылыстарды бейнелейтін (суреттер, фотосуреттер) және олардың өзара ұйлесімділігін бейнелейтін (плакаттар) объектілік-композициялық; графикалық (чертеждар, графикалар, диаграммалар, схемалар және т.б.); белгілер, формулалар, әріптер, жасанды және табиғи тілдердің сөздері арқылы берілетін белгілік (рәміздік).
Диапозитивтер (слайдтар) - бұлар статикалық экрандық көрнекілік құралдардың қатарына жатады. Олар оқылатын пәннің өзіндік ерекшелігіне байланысты көп мәселелерді қамтиды. Диапозитивтегі бейнелер плакаттардағы бейнелерге қарағанда әлдеқайда жақсы қабылданады, өйткені экран көлемінің ұлкен болуы мен оған түсірілетін жарыққа байланысты бейнелердің көріну сапасы өте жоғары болып келеді.
Карталар. Картографиялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тарихты оқыту әдістемесінің міндеттері
Жиынтық бағалау рәсімдері
Педагогикалық пәндер жүйесіндегі тарихты оқыту әдістемесі
Мектепте тарихты оқыту әдістемесінің орны мен рөлі
Бастауыш мектеп оқушыларының экономикалық тәрбиесі
Педагогика тарихы курсының мазмұны
Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихының пәні, әдісі
Оңтүстік Қазақстан кәсіби тарихшыларының мәртебесі
Шымкент қаласы тарихшы мамандарының кәсіби деңгейі
Тіл мәдениетінің сипаты
Пәндер