Оқушылардың тілін дамытуда қолданылатын технологиялар


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Шымкент университеті

Амантай Диана Нұрланқызы

ТАҚЫРЫБЫ: ОҚУШЫЛАРДЫҢ СӨЗ БАЙЛЫҒЫН ДАМЫТУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖОЛДАРЫ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В010200 - Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі білім беру бағдарламасы

Шымкент, 2021

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Шымкент университеті

« Педагогикалық ғылымдар » факультеті

«Педагогика» кафедрасы

Қорғауға жіберілді

Кафедра меңгерушісі,

Алпейсова Н. А.

қолы аты - жөні

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Оқушылардың сөз байлығын дамытудың психологиялық жолдары»

5В010200 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығы

Орындаған: Амантай Диана Нұрланқызы

Ғылыми жетекші Толешова У. Б

Ғылыми дәрежесі Педагогика ғылымдарының кандидаты,

аға оқытушы

Норма бақылаушы

қолы аты - жөні

Шымкент, 2021


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 2-6

I БӨЛІМ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ- ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.

1. 1 Оқушылардың сөйлеу тілінің бұзылуына ықпал ететін биологиялық фактор . . . 7-17

1. 2 Оқушылардың сөйлеу қабілетін дамытудың өзіндік негіздері . . . 17-23

1. 3 Оқушылардың тіл мәдениетінің қоғамдақ ортадағы маңызы . . . 23-38

II БӨЛІМ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТЕХНИКАЛАРЫН ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ.

2. 1 Оқушылардың тілін дамытуда қолданылатын технологиялар . . . 38-42

2. 2 Бастауыш сынып оқушылардың тіл байлығын дамыту амалдары. . . . . 43-52

2. 3 Жүргізілген іс- тәжірибесі . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .

ҚОСЫМШАЛАР . . .

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі :

Тіл дамытудың қайнар бұлағы - баланың өзін қоршаған ортасы, басынан өтіп жатқан оқиғалар.

Тіл - ұрпақ тәрбиесінің пәрменді құралы, рухани байлықтың баға жетпес құдіретті, қуатты қайнар көзі. Ана тілі - халықтың өткен ұрпағы, қазіргі және келешек ұрпағы арасындағы тарихи жалғастықты жүзеге асыратын бірден - бір сенімді құрал. Елімізді, туған жерімізді ана тіліміз арқылы танып білеміз, халықтың рухани байлығының сарқылмас бастауы да осында. Ана тілін оқыту тіл дамыту жұмыстарынсыз жүзеге аспайды. Тілі жақсы дамыған бала ойы да дамыған, жақсы мен жаманды толық айыра алатын, әділдік пен әділетсіздікті тани алатын азамат деуге болады. Адам тілі арқылы ойын дәл жеткізе алады. Дұрыс сөйлеп, дұрыс жаза білуге дағдыланған баланың сөйлеген сөзі де, жазғаны да түсінікті болатыны айқын. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім берудің ізгілікті, дамытушылық сипаты және адамды қалыптастырудағы рөлі, жеке шығармашылық қабілеттерің дамуы үшін жағдай жасау қажеттігі болып отыр деген саясатты ұстана отырып, қазіргі заманға сай технологиялардың үлгілерін таңдап, сабақ барысында пайдалана білу - бүгінгі заманның талабы. Қазіргі таңда мемлекеттік тілді меңгерту өзекті мәселенің бірі екендігі баршаға мәлім. Бүгін заман өзгерді, қоғам алмасты, еліміз тәуелсіздік алды, тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болып, қайта жанданып жатыр. Тіл дамыту арқылы оқушылардың ақыл - ойы кеңейеді, адамгершілік, эстетикалық тәрбие, бір - бірімен достық қарым - қатынас мәселелері де дұрыс жолға қойылады. Тіл дамыту тәрбиелеу жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын молайту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, одан әрі күнделікті іс- әрекет кезіндегі тілдік қарым- қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.

Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі- тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді. Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр- түсін және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым- қатынас жасай білуге үйретеміз. Мектеп жасындағы балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде мұғалімнің:

-балалардың сөздік қорларын дамыту;

-жаңа сөздерді меңгерту;

-үйреген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет саналады.

Осы аталған міндеттерді мұғалім үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын молайтуда ойын, тапсырма жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын- баланың шын тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Ол озін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады.

Тілдік норма жетілу үшін оқушының ауызекі сөйлеу тілін, жазба тілін дамыту керек. Осы мақсатта тіл дамыту оқушыларға еркін тақырып аясында ауызша мәтіндер құрастыруға, өздері оқыған шығармаларын мазмұндап, көркемдеп баяндауға, ертегі, әңгіме құрауға үйретіледі. Сөйлеу арқылы ауызша тіл дамыса, еркін тақырыпқа жазылған мақала, эссе, ойтолғау, әңгіме, мазмұндама, шағын шығарма жазу арқылы жазба тілді дамытуға болады. Әр сыныпта белгілі бір тақырыптар қайта қайталанғанымен оқушылардың жас ерекшелігіне қарай жұмыс көлемі күрделенетіні анық. Осы жұмыстардың ішінде сабақ барысында өте жиі қолданылатыны мәтінмен жұмыс.

Мәтінмен жұмыс істегенде әр түрлі әдіс-тәсілдер қолданылады. Бірақ сол қолданылатын әдіс-тәсілдердің мақсаты оқушыларға айкын болуы керек. Қазақ тілі сабағында жүргізілетін басты жұмыстар - балаларды қазақша сөйлетіп үйрету, сұраққа жауап бергізу, өздерін бір - бірімен сөйлестіру, оқығандарын ауызша айтқызу, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру. Міне, осыған орай оқулықтағы мәтіндер, жаттығулар, өлең, жұмбақтар оқу, ауызша әңгімелеу, тіл дамыту және грамматикалық тұлғаларды меңгертіп, қазақ тілінде дұрыс сөйлеу үшін пайдаланылады және соған лайықтап беріледі. Кітаптағы мәтіндердің күрделілігі сол мәтіндермен жұмыс істейтін оқушылардың білім деңгейіне сай келу керек.

Зерттеудің мақсаты: Баланың ойлай білу, оны сыртқа дұрыс қорытып айта білу қабілетін қалыптастыру. Қазақ сөзінің құдіреті, сөйлеудегі керемет тіршілігін сезіндіру, ана тілінің сырларын білу, сөйлеу өнерін игеруге ұмтылу.

Тіл дамыту мақсаты:

  • дыбыстарды дұрыс айтуға, оларды бір - бірінен ажырата білуге үйрету;
  • өз ойын еркін жеткізуге, байланыстырып сөйлеуге машықтандыру;
  • тіл мәдениетіне, көркем сөз өнеріне баулу.

Зерттеу міндеттері:

1. Баланың сөздік қорын қалыптастыру, оны белсенді түрде байыту;

2. Бала тілінің дыбыстық жағын жетілдіру, мәнерлі де мәдениетті сөйлеуін тәрбиелеу;

3. Тілдің грамматикалық жағын қалыптастыру, грамматикалық

формалардан ауытқымай сөйлеуге машықтандыру;

4. Ауызекі сөйлеу тілінің қалыптасып, дамытылуын іске асыру;

5. Өз ойын монологты түрде байланыстыра жеткізе білуге үйрету;

6. Көркем сөзге баулу;

7. Сауаттылыққа үйрету.

Зерттеу пәні: Оқушылардың тілін дамытудың педагогикалық- психологиялық негіздерінің үрдісі

Зерттеу әдістері: Бақылау әдісі, тест, сауалнама, анкета, эксперименттік әдіс.

Зерттеудің объектісі: Бастауыш сынып оқушылары.

Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері: Танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру мәселесі бойынша зерттеу жұмыстарын ғалымдар А. Әбілхасымова, Р. Омарова, С. Смаилов, Ж. Қараев, С. Бегалиева, М. Құдайқұлов, Т. Сабыров т. б. жүргізгені белгілі.

Зерттеу әдісі: осы зерттеп отырған мәселеге байланысты психологиялық, педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау. Педагогикалық жаңа технологиялар мен әдіс тәсілдер.

Ғылыми жаналығы: Психологтардың зерттеуі анықтағандай кіші мектеп жасындағы оқушылардың оқуға деген ынтасы, қызығуы ең алдымен, оқу әрекетімен тығыз байланыста туады. Яғни, оқуға деген қызығуы жеке пәндердің мазмұны бойынша ғана емес, оқу әрекетінің түрлері бойынша да пайда болады. Ортаңғы буын кезеңі - оқушыда оқу әрекеті қалыптасуының өте ыңғайлы кезеңі. Оқушының оқу-әрекетінің тиімді

4

меңгеруі нәтижесінде онда оқуға деген талап, ынта, құлшыныс туып, оқу біліктері қалыптасады, яғни оқушы әртүрлі оқу тапсырмаларын өздігінен шешіп, орындаудың жалпы ортақ тәсілдерін меңгереді, өз әрекетін бақылау, бағалауды, нәтижесін үлгімен салыстыруды үйреніп жұмыс істейді.

Зерттеу көздері: зерттеу проблемасы бойынша психологтардың, педагогтардың және әдіскерлердің еңбектері; психологиялық журналдардағы мақалалар авторефераттар.

Практикалық мәнділігі: оқушылардың тілін дамытудағы оқыту үрдісінің, сондай-ақ оны қолданудың тиімділігін жетілдіру жолдары әлі терең зерттелмей келеді. Бұл мәселенің ғылыми-теориялық жағынан зерттелуі жеткіліксіз болғандықтан мектеп тәжірибесінде белгілі кемшіліктер орын алып келеді.

Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер, оқушылардың тілін дамытуды оқу-тәрбие жұмыстарында тиімді қолданудың педагогикалық және психологиялық негіздері айқындалып, оқу-тәрбие үрдісінде ескеріліп отырса, оқытушы оқушының тіл байлығынын арттырудың нақты жолдары мен тиімді әдіс-тәсілдерін терең меңгереді.

Зерттеудің негізгі кезендері:

Бірінші кезеңде зерттеу проблемасы бойынша психологиялық-педагогикалық, ғылыми - әдістемелік, әдебиеттер туралы материалдар жиналып талдау, қорытынды жасалып жүйеленеді, зерттеудің нысаны мен пәні, мақсаты мен міндеттері анықталып, болжамы жасалынады

Екінші кезеңде тіл дамытуға байланысты қатысты материалдар, теориялық және практикалық тұрғыда талқыланалды.

Үшінші кезеңде тәжірибиелік психологиялық-педагогикалық жұмыстардың нәтижелері талдаңып, жүйеленіп, қорытындыланады және алынған нәтижелерге статистикалық өңдеулер жасалынады. Қолданылған әдебиеттер тізімі жүйеге келтірілді.

Зерттеудің тәжірибелік базасы: Шымкент қаласы, №91 жалпы орта білім беру мектебі, бастауыш сыныптар.

Зерттеу жұмысының құрылымы: Зерттеудің жұмысы кіріспеден,

екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен

тұрады.

5

Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, білім берудің басты міндеттері көрсетілген.

Бірінші тарауда орта мектеп оқушыларының педагогикалық - психологиялық ерекшеліктері, оқушылардың сөйлеу тілінің бұзылуына ықпал ететін биологиялық факторлары жайлы мағұлматтар берілген. Оқушылардың сөйлеу қабілетін дамытудың өзіндік негіздері мен оқушылардың тіл мәдениетінің қоғамдағы маңызы жайлы айтылған.

Екінші тарауда орта мектеп сынып оқушылардың тілін дамытуда қолданылатын технологиялар көрсетілген. Сонымен бірге бастауыш сынып оқушылардың тіл байлығын дамыту амалдары мен нәтижелері берілген.

Қорытындыда жинақталған мәліметтерге сүйене отырып, теориялық және практикалық зерттеу нәтижелері бойынша тиісті тұжырымдар мен ұсыныстар, зерттеуі келешегте көрсетіледі.

БӨЛІМ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ- ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.

  1. Оқушылардың сөйлеу тілінің бұзылуына ықпал ететін биологиялық фактор

Адам өмірінде қарым-қатынас аса маңызды, ал қарым-қатынас сөйлеу арқылы жүзеге асады. Сондықтан шыр етіп дүниеге келген бала қоршаған ортамен, анасымен дыбыс, тіл арқылы қарым-қатынас жасайды.

Сөйлеу - адамның бір-бірімен қатынасында ойын, еркін, сезімін білдіріп жеткізу үшін тілді қолдану үрдісі. Тілі шықпаған нәрестенің алдымен сөйлеу мүшелері дамиды. Жалпы, дүниеге келген сәби еріксіз дыбыс шығарады: қарнының ашқанын, ауырғанын немесе тағы да басқа әрекеттерін айғай салуы, жылау, қыңсылау және басқа да дыбыстар арқылы білдіреді. Бұл дыбыстар сөйлеудің ізашары болып табылады, олардың интонациялық мәнерлігіне қарап анасы баласының қарнының ашқанын, оның бір жерінің ауырып тұрғанын және тағы басқаны ұға алады. Бірақ та бұл дыбыстардың әлі де ешқандай сөйлеуге қатысы жоқ болса да, олар өте маңызды. Ол жіңішке және әртүрлі қозғалысты сөйлеу мүшелерінің дамуына себеп болады: тыныс алу, дыбыстық және артикуляция мүшелері. Бала дауысқа өте тез үйренеді және бірінші айдың аяғында сөйлеген дауысқа әрекет ете бастайды. Оған еркелік интонация ұнайды, әуенді ән оның тынышталуына және ұйықтауына көмектеседі. Тағы да біраз уақыт өткеннен кейін бала дыбыс шыққан жаққа қарай басын бұрып немесе көзімен оны қадағалайды. Егерде баланың бір жері ауырса, мазасызданса бала жылай бастайды. Баланың сыртқы дүние әсеріне реакция жасауы жылаудан басталады. Жылаудың әсерінен баланың тыныс мүшелері мен сөйлеу органдары нығая түседі. Бірінші дыбыс артикуляциясының әрекет жасауы екі - үш айында гуілі белгіленеді, одан кейін бес айдай шамасында бала үлкендердің ерін артикуляциялық қозғалыстарын қайталауға тырысады. Бұл бірнеше қайталау қозғалыстары қозғалыс дағдысының қатаюына әкеледі. Алты айдан бастап бала бөлек буындарды анық айтады (мысалы: ше-ше, ә-ке және тағы басқа), және ақырындап үлкендерден тек барлық сөз элементтерін ғана емес, сонымен қатар интонацияны, ритмді, екпінді ұға бастайды. 9-10 айында бала бөлек сөздерді бірдей жұпты буындармен айтады (мысалы: ма-ма, па-па және тағы басқа) . Бұл жылда сөздік қоры 10-15 сөзден тұрады. Ал белгілі ғалым А. Н. Леонтьев бұны даярлық этабы дейді, себебі бұл уақытта сөзді меңгеру дайындығы өтуде. Балалар төрт жасында фразалармен еркін сөйлейді, олардың сөйлемдері біршама қиын, ал бес жасында дыбыс шығаруы дұрыс дамиды. Егерде адам дыбыстарды қалай болса солай шығара беретін болса, ешкім оны тіл деп санамас еді. Сондықтан сөйлеу мүшелерінің қозғалыстары дәл, белгілі заңдылыққа бағынып отырады.

Адамда сөйлеуге арналған негізгі органы жоқ, сөйлеуге өкпе, өңеш, жұтқыншақ, тіл, тіс, ерін, ұрт қатысады. Дауысқа негізі ауыз қуысы мен мұрын қуыстары қатысады. Қатты сөйлеуде мидың үлкен жарты шарында орналасқан бөліктері реттейтін тыныс алу, фонациялық және артикуляциялық бұлшықеттер қатысады. Адамның сөзі анық және түсінікті болу үшін сөйлеу органдарының қозғалысы нақты және автоматты түрде болу керек. Сөйлеу аппараты - бас миында орналасқан орталық және тыныс алу, сөйлеу, артикуляциялық бөлімдерінен тұратын перифериялық болып екіге бөлінеді. Тыныс алу бөлімі кеуде қуысындағы өкпе, бронхы, трахеядан тұрады. Сөйлеу дем шығару кезінде пайда болады, сондықтан да сөйлеген кезде тыныс алуға қарағанда дем шығаруы көбірек. Дауыс бөлігі дыбыс қатпарлары бар кеңірдектен тұрады.

Артикуляция мүшелеріне қысқаша тоқталып кетейік. Оның негізгі органдары болып ерін, тіл, жоғарғы-төменгі жақ, жұмсақ және қатты таңдай, альвеолдар жатады. Тіл, ерін, жұмсақ таңдай және төменгі жақ қозғалу органдары болып табылады. Дауыс буындарының қысылуына байланысты дыбыс кеңірдектен шығады. Дауыс жоғарлығымен, күшімен, екпінімен сипатталады. Дауыстың жоғарлығы дауыс буындарының толқуының жиілігіне байланысты. Ол ұзындығымен жуандығына байланысты болады. Дауыс күші демнің ішке тартылуына байланысты шығады, ал дауыс буындарының қозғалыс қарқынына байланысты болады. Баланың сөйлеуі бойының өсуімен және дамуымен бірге қалыптасады және дамудың әртүрлі қатардағы сатыларынан өтеді. Алайда тіпті кейбір балалардың естуі мен интеллектісі қалыпты болған жағдайда да, сөйлеуінің дамуында кідіріс болуы мүмкін. Бұндай балаларға дыбыс шығаруының бұзылуы, фонематикалық естуінің дамымауы, сөз қорының аздығы және грамматикалық қатарының дұрыс болмауы тән. Бірақ сөйлеу тілін меңгеру процесі барлық балаларда ойдағыдай біркелкі жетіле бермейді. Кейбіреулерінде оның жетілу барысы кешеуілдейді, екіншілерінің сөйлеу тілдеріндегі дыбыстардың айтылуы бұзылады немесе бұрмаланады, үшіншілерін-де сөздердің және сөйлемдердің түзілістері немесе олардың мағыналары бұзылады.

Сөйлеудің жалпы дамымауы түрлі дәрежеде көрінеді, сондықтан сөйлеудің дамуының 3 деңгейін бөліп көрсетуге болады:

Бірінші деңгейі - сөйлеудің жоқтығымен сипатталады. Баланың сөйлеуі былдырға ұқсас. Алайда, егер сөйлеу орташа дамып келе жатса, бұл үрдіс 5 айға созылады, ал науқас балаларда көпке дейін созылады.

Балалар қандай да бір ойын жеткізу үшін былдырлы сөздерін жестермен және мәнерлі мимикасымен толықтырады.

Екінші деңгейі - былдырлаған сөзден басқа күнделікті қолданылатын сөздермен фразалардың едәуір мәнді болуымен сипатталады. Бірақ та сөздері бұзылған, сөзді жеткізулері нашар болады, бала негізінен айқындалған заттармен әрекеттерді атап кетумен ғана тежеледі. Егер балаға сурет бойынша әңгіме құрауын ұсынса, онда ол үзіндіден құралады, сонда да ол дұрыс, қысқа фразаға қатысты болып келеді. Мазмұнын айтқанда қарапайым қателері - септік жалғауын ауыстыруы және санның түрін дұрыс қолданбау болып табылады. Жалғаулар, бөлшектер өте сирек қолданылады.

Үшінші деңгейі - балаларға түрленген фразалармен айтуын сипаттайды. Алайда дамымаған лексико-грамматикалық және фонетико-фонематикалық элементтері болады. Бала суреттерді бейнелейді, өзі туралы, жанұясы, жолдастары туралы әңгіме құрайды, бірақ бұның алдында оның жақсы сөйлесетін құрдастарына қарағанды үлкен қиыншылықтарды басынан кешіреді. Сонымен қатар дыбыс шығаруының өте нашар болуынан қарым-қатынас өте күрделенген. Егер бала тіпті жеке дыбыстардың дұрыс айтылуын үйреніп алса да, сөйлеудің өзбеттілігінде олар түсініксіз естіледі. Сөйлеудің бұзылуына биологиялық және психологиялық факторлар ықпал етеді. Осыған байланысты тіл мүкістіктерінің бұзылуының бірнеше түрлерін ажыратып кетуге болады:

1. Дислалия - сөйлеу тіліндегі ең көп тараған мүкістіктер. Мұнда тек дыбыстардың айтылуы ғана бұзылады.

2. Дизартрия - сөйлеу тіл аппаратындағы ағзалар мен тіндердің нервпен қамтамасыз етілуінің органикалық жеткіліксіздігінен сөйлеу тілінің дыбыстарды айту жағынан бұзылуын көрсетеді.

3. Ринолалия - ең алдымен сөйлеу тіл аппаратының анатомо-физиологиялық құрылысы бұзылады, ал оның зардабынан дауыстың реңі мен әуезділігі және дыбыстардың айтылуы бұзылады.

4. Алалия - тіл мүкістіктерінің ішіндегі ең ауыр түріне жатады. Мүкістіктің мұндай түріне шалдыққан баланың сөйлеу тілі іс жүзінде қатынас құралы бола алмайды. Баланың ана құрсағында және сәбилік кезде дамуындағы ми қабығының сөйлеу орталықтарына табиғи байланыстардың бұзылу әсерінен сөйлеуінің дамымауы немесе мүлдем болмауы деген сөз. Алалия сөйлеудің болмауы, сөйлей алмау деген мағынаны білдіреді.

5. Афазия - бұған бас миының белгілі бір жеріне жинақталған зақымнан сөйлеу тілінің мүлде немесе жартылай жойылып кетуі жатады. Бұл көбнесе үлкен ми сыңарларының белгілі бір бөлігінің зақымдануынан болады. Афазия көбіне мидың белгілі бір жеріне қан құйылу, ми тамырларының тромбоз сырқатына шалдығуы, мидың ісуі, қабынуы, жарақаттануы салдарынан болады. Сөйлеу екпіні оның мәнерлі тәсілдерінің бірі болып табылады. Аз ғана сөйлеп үйренген барлық балалар дерлік бір нәрсені бөлісуге асығады және олардың сөйлеу екпіні тым жылдам болады. Көптеген жағдайда жас үлкейген сайын бұл басылады, бірақ та кейде екпінінің патологиялық бұзылуы - тахилалия пайда болады.

Тахилалия (грек сөзінен tachus - тез, lalia - сөйлеу деген мағына береді) - сөйлеудің патологиялық жылдамдауы. Бұл ауруға жүйке жүйесі тозған, қоздырылған, шыдамсыз балалар бейім, алайда ауру кейде тұқым қуалайды. Бала тез сөйлегендіктен, тіпті оның дыбыс шығаруы дұрыс болғанымен оны түсіну ақылға сыймайтындай қиын. Бала демі жеткенше сөйлей береді және сөздерін қолдың жестикуляцияларымен; кейде аяғының және барлық денесінің ретсіз қозғалыстарымен жеткізеді.

Бала оқыста қатты қорқып, шошынып қалса тұтығу пайда болуы мүмкін.

Тұтығу - бұл сөйлеу ырғағымен сөйлеу екпінінің бұзылуы. Әдетте тұтығу сөйлеудің интенсивті даму кезеңінде пайда болады, көбінде бала 2-5 жасында фразалармен айта бастаған кезде көрінеді. Тұтығу балаларда үнемі жүйке жүйесінің әлсіреуінен болады. Сонымен қатар тәрбиелеу кемістігі, жанұядағы конфликтілік жағдайлар және тағы басқалары үлкен роль алады. Тұтығу - ең ауыр кесел. Оның себептері:

1. Қорқу;

2. Баланың түрлі инфекциялық аурулармен жиі ауруы;

3. Ата-анасының тұтығуы;

4. Шамадан тыс жазалау әдістерін қолдану.

Бұл әдетте, 2-5 жас арасында кездесетін құбылыс. Алдын-ала оларға шара қолданбаса, ол асқынып, кей уақытта бой бермей кетуі мүмкін. Тұтығудың пайда болу себептері көп. Кейде олар жұқпалы аурулардан кейін, дене әбден әлсірегенде пайда болады. Баланың қоршаған ортаның оған көзқарасы, ол туралы әділетсіз баға да, жалтақ сөйлеуге, қорқып сөйлеуге әкеп соғады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Вербалды қарым - қатынас
Психикалық дамуы тежелген төменгі сынып оқушыларының үрдісін ұйымдастыру
Шетел тілін оқытудағы жоба технологияларының әдістері
Ағылшын тілі сабағында жоғары сынып оқушыларының аудармашылық құзіреттілігін дамыту ерекшеліктері
Ана тілі сабақтарында сын тұрғысынан ойлау жобасын қолдану арқылы оқушылардың тілін дамытудың әдістемелік негізі
Шет тілін оқытудағы Еуропалық деңгейлер жүйесіне сипаттама
Дамуында бұзылысы төмен сынып оқушыларының сөйлеу тілін дамыту төмен сынып оқушыларының сөйлеу тілін дамыту туралы
Жаттығулар арқылы тіл дамыту жолдары
Бала сезімін дамыту орталығы
Ағылшын тілін оқыту технологиялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz