Когнитивтік лингвистиканың лингвомәдениеттану және этнолингвистика ғылымдарымен сабақтастығы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

I тарау. Когнитивтік лингвистиканың тарихи танымдық негіздері.

1. 1. Когнитивтік лингвистиканың лингвомәдениеттану және этнолингвистика ғылымдарымен сабақтастығы.

1. 2. Концепт- негізі

  1. мақал-мәтелдер негізі ретінде
  1. Тілдерін зерттеудің когнитивтік және қырларыКонцепт негізі

Лингвомәдени концептілерді зерттеудің концептуалдық

тәсілдері

2 Мереке (мейрамның) тарихи әлеуметтік сипаты: шығу тарихы, әлеуметтік рөлі, қызметі . . .

2. 1 Қазақ тіліндегі мереке (мейрам) аттары . . .

2. 1. 1 Қазақ тіліндегі мереке (мейрам) атауларының фразеологиялық және паремиологиядағы орны

2. 2 Орыс тіліндегі мереке-мейрам атауларының семантика-когнитивтік

сипаты . . .

2. 3 Ағылшын тіліндегі мереке-мейрам атауларының семантика-когнитивтік сипаты . . .

Қорытынды . . .

Әдебиеттер . . .

Қосымша . . .

1. 2. Тіл мен мәдениеттің екі жақты біртұтастығы.

Жоспар:

Кіріспе:

I тарау. Когнитивтік лингвистиканың тарихи танымдық негіздері.

1. 1. Когнитивтік лингвистиканың лингвомәдениеттану және этнолингвистика ғылымдарымен сабақтастығы.

1. 3. Концепт - концептуалды жүйенің бір бөлігі.

Кіріспе

Мақал-мәтелдер -сөздік құрамның халық өміріндегі әрқилы кезеңдерді, қарым-қатынас пен қоғамдық құбылыстарды бейнелей сипаттайтын, көңілдегі ойды шебер де ұғымды жеткізетін, қысқа да нұсқа тұжырым жасайтын, мән-мазмұнға бай бөлігі. Демек, халық өмір шындығын, көңілге түйгенін мақал-мәтел ретінде өз ұрпағына үлгі-өнеге етіп қалдырып отырған. Аталмыш тілдік бірліктер арқылы жас ұрпақты елін-жерін сүюге, ерінбей еңбек етуге, білім алуға, адал, кішіпейіл болуға үндеп, жалқаулық, өсек-өтірік, мақтаншақтық тәрізді қасиеттерден бойын аулақ салуға тәрбиелей білген.

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасының егеменді ел, халықаралық қатынастар субъектісі болуына және қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуына байланысты, Республтканың, мемлекеттің тілі ретінде оның халықаралық қатынастар деңгейіндегі коммуникацияда қолданылу иқтималдығын жоққа шығаруға болмайды. Өзара қарым-қатынастың нығаюы, тіларалық байланыстардың, ағылшын-қазақ қостілділігінің жандануы, дамуы, осыған орай, классикалық, көркем әдеби шығармалардың, саяси ақпараттардың, халықаралық зор мәнділікке ие құжаттардың аралық тілі ықпалынсыз тікелей қазақ тіліне аударылуы таяу болашақта өрістей түседі. Ал, шет тілін үйретуде және уйрену жұмысында аса бір қиындық туғызатын тілдік бірліктер- мақал-мәтелдер. Оның себебін тілдің паремиологиялық жүйесіндегі тұрақты тіркестердің ұттық сипатының, ұлттық нақышының ерекшелігімен түсіндіруге болады. Тілдік бірліктердің тұтас мағынасын жете түсінбей, тіркес құрамындағы сыңарлар мәнін негізге ала отырып аудару әртүрлі келеңсіз жағдайларға, «сәтсіздіктерге» ұшыратуы әбден мүмкін. Сондықтан мақал-мәтелдердің тіларалық семантикасын салыстыра зерттей отырып, ондағы жалпы адамзаттық, жалпыхалықтық мәнділіктер мен заңдылықтарды және этностық ерекшеліктерді, сондай-ақ ұлт, тіл, мәдениет және өркениеттің өзара сабақтастығын айқындау да аса өзекті мәселелер қатарына жатады.
Мақал-мәтелдердің тіл білімінде, оның ішінде, қазақ және ағылшын тілдерінде әр тұрғыдан азды-көпті зерттеліп келгені мәлім. Зерттеу нысанына қатысты еңбектерге тоқталар болсақ, мақал-мәтелдердің тілдік табиғаты, олардың басқа тұрақты тіркестермен ұқсастықтары немесе ерекшеліктері А. Байтұрсынов, І. Кеңесбаев, Р. Сәрсенбаев, Б. Адамбаев, Ә. Донбаева, Д. Бегалықызының, Ғ. Мұсабаев, М. Рабдуллин т. б жұмыстарында қарастырылған. Жалпы және орыс тіл білімінде В. В. Виноградов. Н. Н. Амосова, М. Т. Тагиев, Н. М. Шанский, Г. Л. Пермяков, Л. А. Булаховский сынды ғалымдар соны бағыт, ұстанымдарымен, құнды пайымдауларымен, нақты теориялық түйін-тұжырымдарымен, белгілі. Ағылшын тіліндегі ұлттық болмыс және таныммен тығыз байланысты тұрақты тіркестерді мақал-мәтелдерді жан-жақты, түбегейлі зерттеген ғалымдар-Н:Барли, А. Дундәс, А. Қоикман, М. Куузи, Г. Мильнер, А. Тәйлер, Линда және Роджер Флавәлдер. Аталған ғалымдардың зерттеулері жұмысымызда теориялық және әдістемелік тұрғыдан басшылыққа алынды.
Дегенмен, халықтық ұғым-түсініктер мен рухани, мәдени құндылықтардан мол мағлұмат беретін қазақ және ағылшын тілдеріндегі аталмыш бейнелі тізбектер халықаралық, экономикалық, саларалық байланыстар кең өріс алған осы кезеңге дейін салғастырыла зерттелмей келді.
«Ұлт пен тіл біртұтас» деген қағидаға сәйкес, қазақ және ағылшын мақал-мәтелдерің тек тілдік емес, этнолингвистикалық тұрғыдан қарастыру бірлік астарындағы ұлттық болмысты тану жағынан да өзекті мәселе қатарына жатады.
Сондай-ақ, этнолингвистика мен лингвомәдениеттану малаларының жалпы тіл білімінде дербес пән болып қалыптасқан тұсында мақал-мәтелдерді тілдің «таза» ішкі жүйесі тұрғысынан қарағаннан гөрі, олардың тіл мен мәдениеті алшақ жатқан басқа халықтардың тілдік бірліктерімен салыстыра зерттеу арқылы олардың семантикалық құрылымындағы ерекшеліктері мен ұлттық сипатты айқындау аса маңызды болып отыр.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері
Жұмыстың негізгі мақсаты - қазақ-ағылшын тіліндегі «Достық» және «Бақыт» тақырыбы аясындағы мақал-мәтелдерін салыстыра зерттей отырып, олардың қазақ және британ елдерінің менталитетін көрсететін мазмұн аясындағы ұқсастықтары мен ұлттық сипатын ашу. Аталған тілдік бірліктердің семантикалық құрамындағы ортақ тұстары мен ерекшеліктерін және олардың себеп-салдарын айқындау. Осы мақсаттарды орындау үшін төмендегі міндеттерді шешу көзделді:

- зерттеу жұмысына тиянақ болатын теориялық, әдістемелік қағидаларды айқындау және негіздеу;

-концепт ұғымымен танысу;
-қазақ-ағылшын мақал-мәтелдерінің концептілерінің семантикасындағы ұқсастық пен айырма белгілерін айқындау үшін прецедентті мәтіндерді сұрыптап талдау;

- мақал-мәтелдерді топтастыру принциптерін айқындау және «Достық» және «Бақыт» тақырыбтар бойынша жүйелеу;
- мақал-мәтелдер мағына межесіндегі сәйкестіктері мен айырмашылықтарын анықтау, олардың себебін айқындау.
Мақал-мәтелдер- сөздік құрамның халық өміріндегі әрқилы кезеңдерді, қарым-қатынас пен қоғамдық құбылыстарды бейнелей сипаттайтын, көңілдегі ойды шебер де ұтымды жеткізетін, қысқа да нұсқа тұжырым жасайтын, мән-мазмұнға бай бөлігі. Демек, халық өмір шындығын, көңілге түйгенін мақал-мәтелретінде өз ұрпағына үлгі-өнеге етіп қалдырып отырған. Аталмыш тілдік бірліктер арқылы жас ұрпақты елін-жерін сүюге, ерінбей еңбек етуге, білім алуға, адал, кішіпейіл болуға үндеп, жалқаулық, өсек-өтірік, мақтаншақтық тәрізді қасиеттерден бойын аулақ салуға тәрбиелей білген. Мақал-мәтелдердің қазақ және ағылшын тілдеріндегі зерттеулеріне тоқталмас бұрын отандық және әлемдік тіл мамандары арасында пікірталас туғызған, олардың қай салаға қатыстылығы жөнінде айтылған тұжырымдарды атай кеткен жөн. Мысалы, фразеология саласының қалыптасуына, дамуына өзіндік үлес қосқан В. В. Виноградов, Н. М. Шанский, В. Н. Телия, М. Чернышева, М. М. Копыленко, А. В. Кунин, И. В. Арнольд, І. Кеңесбаев, Ә. Т. Қайдар, Б. Манасбаев т. б. сынды ғалымдар мақал-мәтелдерді фразеология саласының еншісіне тиесілі деген ғылыми негіздемелер ұсынады.
Ағылшын тілінің мақал-мәтелдеріне қатысты кешенді зерттеулерімен, дәйекті тұжырым, пайуымдауларымен танымал А. В. Кунин де жоғарыда айтылғанғалымдардың көзқарасын ұстанады, алайда, аталмыш тұрақты тұлғалардың құрылымдық-мағыналық ерекшеліктерін негізге ала отырып, оларды «коммунативтік фразеологиялық бірліктер» деп атап, жеке қарауды ұсынады. Сондай-ақ, автор құрамындағы сыңарлары тура мағыналы болып келетін мақалдар тобын яғни, «all is well, that ends well» (сөзбе-сөз ауд. : сәтті аяқталған істің бәрі жақсы), «Appearances are deceptive» (сөзбе-сөз ауд. : ештен кеш жақсы) тәрізді оралымдарды фразеологиядан тыс, «фразеологиялық емес тұрақты құрылымдар» аясында қарастырды.
Осы жоғарыды айтылған тұжырымға қарсы пікірді ұстанушы белгілі ғалымдар-М. А. Филипповская, Н. Н. Амасова, А. М. Бабкин, В. П. Жуков, М. Т. Тагиев, А. Н. Кожин т. б. Мақал-мәтелдерін фразеология саласынан тыс қарайтын ғалымдардың көпшілігі олардың ауыз әдебиетінің зерттеу нысаны қатарына жатқызады. Ал осы бағыттағы көлемді зерттеулерімен танымал ғалым Н. Н. Амосова «мақал-мәтелдерді фразеология қорына жатқызуға болмайды, олардың мазмұны жағынан да, сөйлемде атқаратын қызметі тұрғысынан да фразеологиялық бірліктердің белгілеріне жауап бермейді» деген пікір ұсынады.
Осы келтірілген ой-пікірлерге және өзіндік зерттеу нәтижелеріне сүйенер болсақ, мақал-мәтелдердің тұлға тұрақтылығы, тіркес тиянақтылығы, мағына тұтастығы, қолдануға даярлығы тәрізді сипаттары оларды фразеологизмдер қатарына қосып, осы салада зерттеуге толық мүмкіндік береді.

I тарау. Когнитивтік лингвистиканың тарихи танымдық негіздері.

1. 1. Когнитивтік лингвистиканың лингвомәдениеттану және этнолингвистика ғылымдарымен сабақтастығы.

Ғылыми ой-тұжырымдардың негізінде халық тілінің еншісі мәдениетпен толығатынын, ұлт мәдениеті сол этностың тілінде сақталып, болашаққа аманатталатыны сияқты астарлы ой-пікірлер туындау төркіні тереңде жатыр. Айтылған ой жайында В. фон Гумбольдттің: “Тіл -халық рухы, халық рухы тіл арқылы көрініс табады» деген тұжырымы - жаңа ғылыми жолдың концепциясының алғашқы нышаны немесе қағидасы. Сондай-ақ оның мәдениет тілдің ішкі құрылымдық бөлшегі деп қарастыруы да тіл табиғатын таныта түсумен қатар, жарыққа шығып келе жатқан ғылыми жаңалықтардың шығу тегіне арқау болғаны сөзсіз. Атап айтқанда, ғалым пікірінше: біріншіден, мәдениеттің екі түрі - материалдық және рухани мәдениеттер ізі халық тілінде сақталады. Екіншіден, мәдеиет - ұлт мен табиғатты жалғастырушы күш, төртіншіден, мәдениет пен халықтық рух - тілдің ішкі формасына тән”, - деп көрсетеді. /1. 32/. Ал, мәдениеттің көне, жанасын, мәдениеттің арғы-бергі тарихын сөйлетуші де, жеткізуші де тек ана тілдің құдіреті екені әр халықтың өзіндік тұрмыс-тіршілігі тілі арқылы өрнектелуінен, мәдениеті тіл арқылы басқа елге танылуынан тіл мен мәдениет арасында ажырағысыз байланыстың торабы бар екенінен көрінеді. Мұның нақты ғылыми тұжырымын американдық ғалым Э. Сепир : “Тілдің бір тұғыры бар. Ол мәдениеттен тыс өмір сүрмейді. Ол дәстүр болып жалғасқан біздің тыныс тіршілігіміз мүлде қабысып кеткен салт-дәстүр мен наным-сенімдерден арыла алмайды. Тілдегі лексика өзі қызмет етіп отырған мәдениетті өз қалпында көрсетеді. Ол тұрғыдан алғанда тілдің тарихы мен мәдениет тарихы жапсарлас дамиды деуге болады” /2. 186/ деп анықтай келе, әр халықтың танымдық ерекшелігі тек тілінің табиғатынан танылатынын көрсетіп, дәлелдейді. Соның негізіндегі адамзаттың дүниені тану мен ойлау арасындағы тәсілінің тіл құрылысының байланыстылығын этнолингвистикалық болжам ретінде баяндаудан туған “ Сепир - Уорф болжамы ” халықтық тіл мен ұлттық дүниетанымды танудың ғылыми алғышарты іспеттес болғаны - ғылымның жаңа сатыға аяқ басқандығының дәлелі.

Тіл - тек мәдениетті танушы құрал ғана емес, тілдің бойында оның (мәдениеттің) арқауын құрап, негізін қалайтын ұлттық рухтың ізін айқындап тұратын ұлы күш анықталады. Тіл рухының ұлы күші халықтың ой-танымында, мінез-құлқында, әлеуметтік өмірінде сақталған. Өйткені адам баласының ой-санасы, сол арқылы істеген еңбегі, мінез-құлқына сай табиғатын қалыптастыруы, өз танымына сай өмір салтын қалыптастыруы тұтастай бір мәдениеттің дүниеге келуінің үлкен себепшісінің бірі. Осымен байланысты этностың психологиялық жайын тілге қатысты болжаулармен дәлелдеген В. фон Гумбольдт концепциясында: “Тілдің табиғаты мен тегі тіл мен ойлаудың халық рухымен байланыстылығында” деген құнды пікірмен бағаланды. Осы пікірді ғылыми жолға сүрлеп түсірушілер Г. Штейнталь мен М. Лацарус . Олар өз еңбектерінде халық психикасының этнотанымдық мәні, тілдің ішкі мазмұны адамның мінез-құлқымен байланысты деп түсіндіріп “тіл мәдениетке қатысты алғанда индивидтің творчествалық әрекеті”, “халық рухы алдымен тілде” /3. 92. 117/ деп түйіндеген. Осы ғылыми тұжырымдардың бастамасымен бұл үрдіс ғылымда өз жалғастығын тапқандығын төмендегі сияқты пікірлерден көреміз. Ғалым А. Вежбидская бұл туралы: “Каждый язык национально спецефичен. При этом в языке отражаются, не только особенности природных условий и культуры, но и своеобразие национального характера его носителей”, - деп көрсетеді. /4. 19/. Демек, этнопсихология ілімінің тіл аясында мәдени факторларсыз анықталуы оның жете танылуын қамтамасыз ете алмайды.

Тілдің ерекшелігін әлеуметтану тұрғысында зерттеген ғалым В. Вундт өз еңбектерінде күрделі интеллектуалдық әрекеттердің ұлттық мәдениетті танудағы орнына ерекше назар аударылады. Ол - ұлттық рухты жаңғыртатын факторлар, салт-дәстүрлер олардың дамуы мен халық мәдениетіндегі рөлін әлеуметтік рухани құбылыс деп бағалаудың бағытын көрсетті. Расында да, ұлттық рухтың нағыз келбетін танытатын - салт-дәстүрлер деп танимыз. Этностың бар өміріне рухани азық болған, тұрақты ұрпақ жалғастығына себепкер құбылыс салт-дәстүрлердің ұлттық мәдениет бастауы екендігі сөзсіз. Осы құбылысты дер кезінде мойындап, ғылыми тұрғыдан жаңа бағытқа жол салушы - ресейлік тілші-ғалым А. Потебня . Ол тіл халық мәдениетімен біте қайнасқан ұғым деген түсінікті қалыптастыра келіп: “Тіл - халықтық “рухтың” жемісі, сондықтан тіл ұлттық ерекшелікті көрсетеді” деп анықтайды. Мәдениет - тілдің таңбалану қасиеті арқылы танылатынын, оған дәлел халық ауыз әдебиеті үлгілері екендігін Жан-жақты сөз ете келе: “Халық рухы” алдымен тілде, содан кейін барып әдет-ғұрып, салт-дәстүрінде, ән өнерінде, фольклорында көрініс береді” /5. 117/ деп қорытады. Жоғарыда біз сөз еткен ғалымдардың зерттеулері ұлттық тіл мен халық мәдениеті арасындағы сабақтастықты о бастан болжап, тілдің ішкі формасына саятын қасиеттерін танытудан туған. Оның (ішкі форманың) тілдегі көрінісін өзек қылған ғылыми құнды ойлар мен тұжырымдар тіл ғылымының жаңа бағытымен ерекшеленетін лингвомәдениеттану пәнінің болжамы іспеттес. Асылында, адамзат қоғамының дамуында - әлеуметтік сананың өрлеуі, ой-сананың жетілуі, тіл, мәдениет, тарихтың тоғысуы маңызды фактор. Ал, әр халықтың этномәдени тұрмысын ұлт тілінің жетегінде, әлемдік мәдениеттің ауқымында, дүниетанымын қоғамдық ғылымдардың саясында сөз ету мәселесі тіл ғылымының бүгінде ғылыми өрісін тереңге жайған этнолингвистика саласында сәтті бағытта іске асуда. Осымен тығыз байланысты ұлттық мәдениет пен ұлттық тілдің өзара байланыстары бір-біріне әсері айқын деректің белгілі бір этносқа тән екендігін танытуда бізге кешеуілдеп жеткен жаңа бағыттың бірі - лингвомәдениеттану. Бірақ тіл ғылымында XV ғасырдың бас кезінен бастап ерекше қалыптасқан жоғарыда атлған ғалымдардың ( Ф. Соссюр, В. Гумбольдт, А. Потебня, В. Штейнталь тағы басқа) ғылыми ой-тұжырымдарын одан әрі ұластырушы Ресейдегі фразеологиялық мектептің өкілдері В. Воробьев, В. И. Телия, Е. М. Верещагин, В. Т. Костомаров, В. Маслованың зерттеулерінің лингвомәдениеттануды дербес ғылыми пән дәрежесіне көтерілуіне, қалыптасуына зор ықпал еткенін ерекше атап өткен жөн.

Тіл мен мәдениет ұғымдарының сыбайластығы әсіресе Е. М. Верещагин мен В. Т. Костомаровтың зерттеу еңбектерінде жаңаша қырынан танылады. Олардың: “Тіл - тек сөйлесу, қарым-қатынас құралы емес, ол Адам өмірінің материалдық және рухани мәдениетінің сол ұрпаққа тән тума қасиеттерін жинақтаушы, сақтаушы құрал, осы арқылы болашақ ұрпаққа жеткізуші құрал. Мұны тілдің кумулятивтік қасиеті деп танимыз. Тілдің тағы бір қоғамдық қызметі - әлеуметтік өмірде адамдарды жеке тұлға ретінде, ұлт өкілі ретінде қалыптасуы” /6. 10/ деген ойлары бүгінде лингвомәдениеттану пәнінің қоғамдағы әлеуметтік орнын нақтылай түскендей.

Мәдениет - қоғамдық фактор, бірақ оның мәдени тұғырға көтерілуіне әлеуметтік ортаның ықпалы зор. Өйткені бір этностың мәдениеті екінші халыққа оның тілдік деректері арқылы баяндалады. Ал тілдік деректер деп отырғанымыз - мәденитті сипаттаушы сөз символдары мен тілдік таңбалар. Осы жайт туралы мәдениеттің тілге қатысты ерекшелігін зерттеген ресейлік мәдениеттанушы Ю. М. Лотман төмендегідей пікірмен сабақтастырады:

“Всякая культура, обслуживающая сферу социального общения, есть язык. Это означает, что она образует определенную систему знаков, употребляемых и соответствии с известными членами данного коллектива првилами. Знаками же мы называем любое материальное выражение (слова, рисунки, вещи и. т. д. ), которое имеет значение и, таким образом может служить средством передачи смысла. Следовательно, культура имеет, во-первых, коммуникационную и, во-вторых, символическую природу. ” /7. 6/

Ендеше жоғарыда аталғандай мәдениет ұлттық менталитет құндылықтарының түп негізі тіл қасиетінде көрініс табады. Тілдің құдыретімен бейнеленіп, шынайылықты танытады. Осы тұрғыда әр халық тілінде өзі жасаған және табиғат дарытқан ұлттық мәдениеттің ізі бар деуге болады. Бұл - тіл мен мәдениеттің тоғысу жолын көздеген лингвомәдениеттану пәнінің негізі болмақ. Сонымен, лингвомәдениеттану дегеніміз не? Ол жеке ғылыми сала ретінде нені зерттейді?

Лингвомәдениеттану (лингвокультурология) латынның Lingua- тіл , Gultura -мәдениет, Logos - ілім деген терминдердің жинақталуынан туындап, лингвистика мен мәдениеттану пәндерінің тоғысуында пайда болып, халық мәдениетінің тілдегі әсерін, ерекшелігін, жаңаша көзқараспен салыстыра зерттейтін сала. Осы орайда В. Н. Телия: “Лингвомәдениеттану - тілдің корреспонденциясы мен мәдениеттің өзара қатынасының синхронды түрін зерттейтін және сипаттайтын этнолингвистиканың бір бөлшегі”, /8. 217/ деп сипаттаса, лингвомәдениеттану ғылымының теориялық және әдістемелік жолын сүрлеуші ғалым В. В. Воробьев оны “менталингвистика” ғылымы ретінде танытуға ғылыми бағыт бұрып, бұл саланың тіл мен мәдениеттің өзара әсерінің негіздерінен туындағанын дәлелдейді, әрі мынадай ғылыми анықтама береді: “Лингвокультурология - комплексная научная дисциплина синтезирующего типа, изучающая взаимосвязь и взаимодействие культуры и языка в его функционировании и отражающая этот процесс как целостную структуру единиц в единстве их языкового и внеязыкового (культурного) содержания при помощи системных методов с ориентацией на современные приоритеты и культурные установления (система норм и общечеловеческих ценностей) ” /9. 37/.

Ғалым В. А. Маслова бұл пәнді халық мәдениетін танытушы ғылым деп санап, былайша анықтайды: “ Лингвокультурология - это наука, возникшая на стыке лингвистики и культурологи и исследующая проявления культуры народа, которые отразились и закрепились в языке” /10. 8/

Көріп отырғанымыздай, Воробьев, Маслова, Телияның бұл ғылыми тұжырымдарына арқау болған мәдениет пен тіл арасындағы байланыстың сыры американдық ғалымдар Э. Сепир мен Б. Уорфтың “Лингвистикалық ықтималдық теориясының” негізін танытқан “этнос дүниетанымындағы ерекшеліктің ізі халық тілінде сақталады” деген қағидамен астасып жатқандығы сезіледі. Бұл жайт лингвомәдениеттану пәнінің этнолингвистика ғылымы мен туыстығын ашық көрсететіндей. Көп жағдайда этнолингвистика мен лингвомәдениеттану пәндерінің ортақтық, тіпті ұқсас жақтары бірізді сөз етілгенімен, В. Воробьев атап көрсеткендей, этнолингистика ғылымының өзіндік ерекшелігін былайша түсіндіруге болады: “ Этнолингвистика комплексті этнографиямен шектес, халық мәдениеті, тарихтың шығу тегі мен таралуын зерттейді. Бүгінгі ғылымда этнолингвистиканың зерттеу мақсаты - тілдің қызметі мен дамуына лингвистикалық, этномәдени, этнопсихологиялық факторының әсерін ерекше қарастыру, ұлттық болмыспен ұштастыру” /9. 15/

Тіл ғылымында лингвомәдениеттану-лингвистика мен мәдениеттанудың түйіскен тұсынан туындап отырған, әрі этнолингистика мен елтануды да ортақтастыратын жаңа ғылым. Сонымен, лингвомәдениеттану - ұлттық сипаты бар деп танылатын әлеуметтік, танымдық, этикалық, эстетикалық, саяси, адамгершілік, руханилық, тұрмыстық қағидалар мен заңдылықтарды тілдік құралдар арқылы жеткізуді зерттейтін тіл білімінің бағыты. Осы тұрғыдан лингвомәдениеттанудың ең негізгі мақсаты - ұлттық болмыстың тілдегі көрінісін, тіл фактілері мен халықтың танымдық, этика-эстетикалық категориялары арқылы рухани мәдениетін танытып, олардың қызметі мен орнын анықтау деп түйіндеуге болады. Лингвомәдениеттану пәнінің мақсатына қатысты негізделген ойымызды маман-ғалым В. Воробьевтің мына пікірі толықтыра түскендей: “Исследование “загадки” России, русской литературы и цивилизации - одна из важнейщих задач лингвокультурологиии: она позволяет открыть и освободить от всяческих наслоении духоный источник силы русского народа, может дать разгадку многих устоичивых языковых выражении, словесных и художественных образов, “подтекст”, которых иначе останется не вполне ясным, осознанным” /9. 9/. Осы орайда лингвомәдениеттану пәнінің зерттеу объектісінің ауқымы ұлттық мәдениеттің және рухани құндылықтардың тілдегі көрінісі әдебиет, фольклорда тағы басқа да берілуі арқылы кеңи түсетіні көрінеді. Олай болса, бүгінгі қазақ тіл білімінде лингвомәдениеттану ғылымы пән ретінде жаңа қадам басып жатқанымен, ұлттық мәдениет пен болмыстық ерекшеліктерді таныту,

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Когнитивтік лингвистиканың тарихи танымдық негіздері
Қазақ эпостарының лингвомәдениеттанымдық, лингвокогнитивтік тұрғыда зерттелу жайттары
Когнитивті лингвистика ғылымының теориялық мәселелері
Когнитивті лингвистика мен қазақ тіл білімінің байланысы
АНТРОПОӨЗЕКТІК ПАРАДИГМА БАҒЫТТАРЫ
Қазіргі қазақ тілінің жаңа бағыттары негізіндегі лингвомәдениеттану мәселесінің зерттелуі
Когнитивтік лингвистика тілдің танымдық табиғи болмысын зерттейтін ғылым
Қазақ-ағылшын тілдеріндегі гендерлік сипаттағы коммуникативтік бірліктер
Тіл мәдениет құралы ретінде
М.Мағауиннің «Аласапыран» тарихи романындағы ұлттық мәдениеттің тілдік көрініс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz