Қазақстан мен шетелдердегі шағын және орта бизнестің дамуындағы қоғаммен байланыстың рөлі


БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЖУРНАЛИСТИКА ФАКУЛЬТЕТІ
ЮНЕСКО және халықаралық журналистика кафедрасы
ҚАЗАҚСТАН МЕН ШЕТЕЛДЕРДЕГІ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ ДАМУЫНДАҒЫ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫСТЫҢ РӨЛІ
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Орындаған:
Қолы:
Ғылыми жетекші:
Қолы:
Қорғауға жіберілді: кафедра меңгерушісі
Қолы:
Алматы 2021
1. 2. Шағын және орта, ірі кәсіпкерліктегі PR айырмашылықтары мен түрлері
Қазақ фонетикасындағы жаңа теориялық болжамдар.
Ә. Жүнісбек еңбектеріне зерттеу жасайсыз
. . .
РЕФЕРАТ
Дипломдық жұмыстың тақырыбы: Қазақстан мен шетелдердегі шағын және орта бизнестің дамуындағы қоғаммен байланыстың рөлі
Жұмыс көлемі: 60 бет.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 56 бірлік.
Түйінді сөздер: қоғамдық байланыс, бизнес, өсу, экономика, шетелдегі пиар, Қазақстандағы пиар, жаһандану, шағын бизнес, орта бизнес.
Зерттеудің мақсаты: Қазақстан мен шетелдердегі шағын және орта бизнестің дамуындағы қоғаммен байланыстың атқаратын рөлін анықтау, шағын және орта бизнестің маңызды әлеуметтік-экономикалық рөлге ие екенін және оның әлеуметтік және саяси тұрақтылықты сақтайтын маңызды нарық қажеттілігі екенін көрсету.
Қойылған мақсат келесі нақты міндеттерді шешуге негіз болды:
• Жаһандану жағдайындағы шағын және орта бизнес ұғымына түсінік беру;
• PR ұғымын анықтап, оның кәсіакерліктегі айырмашылықтарын келтіру;
• Әлемдік кризистен шығу үрдістері кезінде PR-дың ШОБ-тағы атқаратын рөлін анықтау
Жұмыстың жаңашылдығы - . . . тұжырымдаманы кеңейту
Тәжірбиелік маңыздылығы - кез-келген оқу орындарында қоғамдық байланыс мамандығына қатысты, оның қоғамдағы рөлін анықтау мақсатында біздің жұмыс қазақ тілінде ақпарат бере алады.
Зерттеу әдістері ретінде аналитикалық әдіс , зерттеу және егжей-тегжейлі талдау сияқты жалпы теориялық және эмпирикалық әдістер қолданылды.
Жұмыстың теориялық маңыздылығы ғаламтор кеңістігінде ШОБ тақырыбына байланысты немесе PR түсінігіне қатысты қазақ тіліндегі дереккөздерін аздығынан, аталмыш жұмыс материал ретінде ұсыну маңыздылығы болып табылады.
Дипломдық жұмыстың зерттеу нысаны қазіргі замандағы экономикадағы ШОБ-тың даму құбылыстары, және оның дағдарыс жағдайындағы мәселелерді шешу жолдары.
Жұмыс құрылымы: жұмыс кіріспеден, бірнеше бөлімнен тұратын екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған көздер тізімінен тұрады.
РЕФЕРАТ
Тeмa дипломной работы : Роль пиара в развитии малого и среднего бизнеса в Казахстане и за рубежом
Объем работы: 60 cтр.
Список использованной литературы: 56 ед.
Ключевые слова : общественная связь, бизнес, рост, экономика, пиар за рубежом, пиар в Казахстане, глобализация, малый бизнес, средний бизнес.
Цель исследования: выявить роль связей с общественностью в развитии малого и среднего бизнеса в Казахстане и за рубежом, показать, что малый и средний бизнес играет важную социально-экономическую роль и является важной рыночной потребностью в сохранении социальной и политической стабильности.
Поставленная цель послужила основой для решения следующих конкретных задач:
* Дать представление о понятии малого и среднего бизнеса в условиях глобализации;
* Определить понятие PR и привести его различия в профессионализме;
* Определить роль PR в МСБ при тенденциях выхода из мирового кризиса
Новизна работы - . . . расширение концепции
Практическая значимость заключается в том, что в любом учебном заведении наша работа может давать информацию на казахском языке, касающуюся профессии общественного общения, с целью определения ее роли в обществе.
В качестве методов исследования использовались общие теоретические и эмпирические методы, такие как аналитический метод, исследование и детальный анализ.
Теоретическая значимость работы заключается в том, что в интернет-пространстве мало источников на казахском языке, связанных с тематикой МСБ или имеющих отношение к понятию PR, данная работа представляет собой материал.
Объектом исследования дипломной работы являются явления развития МСБ в современной экономике и пути решения ее проблем в кризисных ситуациях.
Структура работы: работа состоит из введения, двух глав, состоящих из нескольких разделов, заключения, списка использованных источников.
ABSTRACT
The topic of the thesis: The role of micro and medium-sized buisnesses in the development society in Kazakhstan and abroad
Scope of work : 60 pages
List of used literature: 56 units.
Key words: public relations, business, growth, economy, PR abroad, PR in Kazakhstan, globalization, small business, medium business.
Purpose of the study: to identify the role of public relations in the development of small and medium-sized businesses in Kazakhstan and abroad, to show that small and medium-sized businesses play an important socio-economic role and is an important market need in maintaining social and political stability.
This goal served as the basis for solving the following specific tasks:
* Give an idea of the concept of small and medium-sized businesses in the context of globalization;
* Define the concept of PR and bring its differences in professionalism;
* Determine the role of PR in SMEs in the trend of overcoming the global crisis
The novelty of the work - . . . expansion of the concept
The practical significance lies in the fact that in any educational institution our work can provide information in the Kazakh language concerning the profession of public communication in order to determine its role in society.
General theoretical and empirical methods such as analytical method, research and detailed analysis were used as research methods.
The theoretical significance of the work lies in the fact that there are few sources in the Kazakh language in the Internet space related to the topic of SMEs or related to the concept of PR, this work is a material.
The research object of the thesis is the development of SMEs in the modern economy and ways of solving its problems in crisis situations.
The structure of the work : the work consists of an introduction, two chapters, consisting of several sections, a conclusion, a list of sources used.
Кіріспе
Жаһандану жағдайындағы қоғамның әл ауқаты тікелей оның табыс көзімен байланысты, қазіргі таңда қоғамда кез-келген елде шағын және орта бизнесі кең таралғаны бізге мәлім. Шағын және орта бизнес кез келген елдің экономикасында маңызды рөл атқарады, өйткені ол халықтың жұмыспен қамтылу проблемаларын шешуге ықпал етеді, экспорттық әлеуеттің өсуін және ішкі нарықты тұтыну тауарлары мен қызметтерімен толықтыруды қамтамасыз ете отырып, бәсекелестікті туғызады. Дамыған елдердің ШОБ қызметіне арналған ғалымдарының зерттеулерінде олар жұмыссыздық мәселелерін шешіп, саланың да, жалпы ұлттық экономиканың да экономикалық өсуіне және бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететіндігі атап өтілді. Көптеген дамыған елдер экономикадағы ШОБ тиімділігін сезінді және шағын көлемде жұмыс істейтін фирмалармен байланысты мәселелерді шешуді үйренді.
Қазақстан Республикасында қазіргі таңда кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру және дамытуға, әсіресе, шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы мен тиімді қызмет етуіне ерекше көңіл бөлініп отыр.
Заманауи бизнесте компания қызметін әртараптандыру маңызды талаптардың бірі болып табылады, жалпы PR ағылшын тілінен алғанда «public relation», яғни «қоғамдық қатынас» деп аударылады. «Паблик рилейшнз» тіркесінің тікелей мағынасы жұртшылықпен байланыс дегенді білдіреді. Қазіргі басқару қызметінде онсыз жұмыс істеу мүмкін емес. Әсіресе басқару, ұйымдастыру, қоғаммен тікелей байланыс жасау салаларының қызметкерлері үшін оның маңызы зор. Өйткені серіктестерімен, тұтынушылармен өзара түсіністікке қол жеткізіп алмай басқару қызметін жүргізу мүмкін емес. PR шын мәніндегі стратегиялық коммуникация болып табылады. Онда белгілі бір мақсатқа қол жеткізу үшін жүзеге асырылуы тиіс іс-шаралар ұзақ уақытқа жоспарланады, қандай да бір ұйымның немесе жеке тұлғаның мүддесін көздейтін ақпараттық басымдықтар айқындалады. Қоғамдық қатынастар саласы коммуникативті мәселелерді шешу қабілеті ретінде адамзатқа барлық жерде және барлық уақытта бірге жүреді, ал дағдарыс - бұл күтпеген жағдай немесе бақылаудан тыс бірқатар оқиғалар, ұйымның қалыпты жұмысын тоқтататын, зиян келтіретін, қоғамдық назар аудартатын қаупі бар, ұйымның беделіне тән ерекше дағдарыстық жағдай болып табылады. Көптеген әлемдік шағын, орта немесе ірі компаниялар дағдарысқа тиісті түрде жауап бере алмағандықтан жоғалып кетті.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі : біздің жұмысымызда қозғауға тырысатын мәселелердің бірі әлемдік қоғамдастықта және Қазақстандағы қоғамның экономикалық жағдайына тікелей әсер беретін шағын және орта кәсіпкерліктің даму стратегиясын қарастыру және оның дамуына қоғамдық қатынастар мамандығының тікелей байланысын анықтау. Мәселенің өзектілігі дағдарыстың экономикаға және елдегі жалпы жағдайға әсерін азайтудың оңтайлы жолдарын табу.
Жұмыстың мақсаты - Қазақстан мен шетелдердегі шағын және орта бизнестің дамуындағы қоғаммен байланыстың атқаратын рөлін анықтау, шағын және орта бизнестің маңызды әлеуметтік-экономикалық рөлге ие екенін және оның әлеуметтік және саяси тұрақтылықты сақтайтын маңызды нарық қажеттілігі екенін көрсету, сондай-ақ ШОБ-тың қоғамдағы рөлінің PR-мен тікелей байланысын сипаттау.
Қойылған мақсаттарға негізделе отырып жұмыстың келесі міндеттерін анықтаймыз:
- Жаһандану жағдайындағы шағын және орта бизнес ұғымына түсінік беру;
- PR ұғымын анықтап, оның кәсіакерліктегі айырмашылықтарын келтіру;
- Әлемдік кризистен шығу үрдістері кезінде PR-дың ШОБ-тағы атқаратын рөлін анықтау
Жұмыстың жаңашылдығы - . . . тұжырымдаманы кеңейту
Тәжірбиелік маңыздылығы - кез-келген оқу орындарында қоғамдық байланыс мамандығына қатысты, оның қоғамдағы рөлін анықтау мақсатында біздің жұмыс қазақ тілінде ақпарат бере алады.
Зерттеу әдістері ретінде аналитикалық әдіс, зерттеу және егжей-тегжейлі талдау сияқты жалпы теориялық және эмпирикалық әдістер қолданылды.
Жұмыстың теориялық маңыздылығы ғаламтор кеңістігінде ШОБ тақырыбына байланысты немесе PR түсінігіне қатысты қазақ тіліндегі дереккөздерін аздығынан, аталмыш жұмыс материал ретінде ұсыну маңыздылығы болып табылады.
Дипломдық жұмыстың зерттеу нысаны қазіргі замандағы экономикадағы ШОБ-тың даму құбылыстары, және оның дағдарыс жағдайындағы мәселелерді шешу жолдары.
Құрылымы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТЕГІ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС ТҮСІНІГІ
- Жаһандану жағдайындағы шағын және орта бизнес ұғымы және оның қоғамдағы рөлі
Бүгінгі таңда жаһандануға байланысты бірқатар мәселелер кеңінен талқылануда. Бұл көбінесе капитал мен жұмыс күшінің қозғалыс еркіндігінің артуын, әртүрлі елдер мен аймақтардың геоэкономикалық тәуелділігін білдіреді. Бизнесті, оның ішінде шағын және орта бизнесті ауқымды дамыту жаһанданудың ажырамас шарты болып табылады. Экономиканың жаһандануы жағдайында шағын және орта бизнес кәсіпорындары ірі корпорациялармен қатар көптеген дамыған және дамушы елдерде сыртқы экономикалық қызметтің белсенді субъектілері болып табылады.
Жаһандану - үдеріс, орын алып отырған, әлі өз мәресіне жетпеген, аяқталмаған іс. «Жаһандану» бүкіл жер жүзінде жайылу, таралу деген мағынаны да, әлемдік елдердің біртұтас адамзаттық мәдениет қалыптастыру екпініне ілесу дегенді де білдіреді. Ғаламдық әділетсіздік мәселелерін шешу үшін әлемдік басқару институттарын кеңейтіп, күшейтіп, демократизациялау қажет. Жаһандану - күрделі және даулы процесс. Бір жағынан, бұл мемлекеттер арасындағы экономикалық қимылды жеңілдетеді, адамзаттың озық жетістіктеріне қол жеткізуіне жағдай жасайды, ресурстарды үнемдеуді қамтамасыз етеді және әлемдік прогресті ынталандырады. Екінші жағынан, жаһандану процесі теріс салдарға әкеліп соғады: экономиканың аймақтық моделінің шоғырлануы, елдердің өз ресурстарының жоғалуы, шағын бизнестің күйреуі, бәсекелестік жаһандануының әлсіз елдеріне таралуы, өмір сүру деңгейінің төмендеуі және тағы басқа.
Жаһандану жағдайындағы қоғамның әл ауқаты тікелей оның табыс көзімен байланысты, қазіргі таңда қоғамда кез-келген елде шағын және орта бизнесі кең таралғаны бізге мәлім. Бизнестің шағын және орта түрлері бар. Шағын бизнес - ешқандай монополистік бірлестікке кірмейтін және экономикада монополияға қатысты бағынышты рөл атқаратын жеке меншіктегі ұсақ және орта кәсіпорындардың қабылданған жиынтық атауы. Дамыған елдерде сыртқы экономикалық байланыстардың негізгі бөлігі Шағын бизнестің үлесіне тиеді. Кәсіпкерлер табы - нарықтық дамудың ажырағысыз нышаны, экономикалық қатынастардың дербес субъектісі. Шағын кәсіпкерлік секторы бірқатар әлеуметтік атқарымдарды орындайды, олардың қатарына жұмыспен қамтылу, әлеуметтік шиеленісті бәсеңдету және нарықтық қатынастарды демократияландыру жатады. Шағын бизнесті шағын кәсіпкерлік деп те атайды.
Әлемдік тәжірибеде кәсіпорындарды «шағын және орта» санатына жатқызудың бірыңғай тәсілдері жасалмаған және олар елдер бойынша айтарлықтай ерекшеленеді. Қазіргі уақытта кәсіпорындарды «шағын және орта» санатына жатқызудың негізгі критерийі қызметкерлердің саны болып табылады, ал шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын айқындау кезінде басқа да көрсеткіштер ескерілуі мүмкін.
Экономиканы жаһандандырудың қарқыны дамып келе жатқан жағдайда шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы да үлкен маңызға ие. Қазіргі әлемдік нарықтарда болып жатқан бәсекелестіктің күшеюі шағын және орта бизнеске (ШОБ) өзінің маневрлігі мен салыстырмалы түрде аз капитал сыйымдылығына байланысты нарық жағдайының өзгергіштігіне тезірек және оңай бейімделуіне мүмкіндік береді. ШОБ кез келген елдің экономикасында маңызды рөл атқарады, өйткені ол халықтың жұмыспен қамтылу проблемаларын шешуге ықпал етеді, экспорттық әлеуеттің өсуін және ішкі нарықты тұтыну тауарлары мен қызметтерімен толықтыруды қамтамасыз ете отырып, бәсекелестікті туғызады. Сондықтан әлеуметтік-экономикалық дамудың әртүрлі деңгейі бар көптеген елдердің үкіметтері шағын және орта кәсіпорындарға (ШОБ) үлкен мән береді, олардың қызметіне жан-жақты қолдау көрсетеді, соның ішінде әртүрлі жеңілдіктер мен субсидиялар береді.
Тарихи тұрғыдан алғанда, шағын және орта кәсіпкерлік тауарлар мен қызметтері сыртқы нарыққа емес, жергілікті ішкі нарыққа бағытталған тәуелсіз, экономикалық қызмет болды және оның бұл ерекшелігі бүгінгі күнге дейін сақталған. Әдебиеттегі "шағын және орта бизнес" және "шағын және орта кәсіпкерлік" анықтамалары тиісті сипаттамаларды көрсететін ресми-логикалық сипаттамадан бастап, неғұрлым егжей-тегжейлі, ең маңызды аспектілерді қамтиды.
Біріншіден, шағын және орта кәсіпкерлік дегеніміз "нарықтық экономика субъектілері заңдарда, мемлекеттік органдарда немесе басқа да өкілді ұйымдарда белгіленген, осы тұжырымдаманың мәнін құрайтын критерийлермен жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызмет" деген көзқарасты жатқызуға болады [1, б. 137] .
Құқықтық және экономикалық әдебиеттерде шағын және орта бизнесті ерекшелейтін әртүрлі белгілерге назар аударылады. Мәселен, шағын және орта кәсіпкерліктің мынадай белгілері дұрыс болып көрінеді:
- компанияға сатылатын тауарлардың бағасы мен көлеміне айтарлықтай әсер етуге мүмкіндік бермейтін шағын нарық;
-меншік иесі немесе серіктес-меншік иелері бизнесті басқарудың барлық аспектілеріне, барлық шешімдер қабылдау процесіне қатысады және сырттан бақылаудан босатылады [2, б. 5] .
2012 жылғы қазан айының соңында Дүниежүзілік банк "бизнесті жүргізу - 2013" баяндамасын жариялады, онда бизнесті жүргізуге қолайлы әлем елдерінің рейтингі ұсынылған. Зерттеуде 2011-2012 жылдары 108 ел ШОБ-ты реттеу жүйесінің қызметін жүргізу үшін неғұрлым қолайлы жағдай жасау мақсатында 201 реформасын жүзеге асырғаны атап өтілді .
"Бизнесті жүргізу" зерттеуінің деректері бойынша 2002 - 2003 жж. бастап 180 ел кәсіпкерлік қызметті реттеу жүйесінің 2000-ға жуық реформасын жүзеге асырды.
Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдері үздік нәтижелерге қол жеткізді, ал бизнес жүргізу үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар ЖІӨ-ның табыс деңгейі жоғары елдерінде бұрынғысынша бар.
Қазіргі уақытта әртүрлі елдерде жұмыс істейтін кәсіпкерлік қызметті реттеу процедураларының біртіндеп жақындасуы байқалады, өйткені бастапқыда төмен көрсеткіштері бар елдер жоғары көрсеткіштері бар елдерден артта қалуды қаламайды [3] .
Республикада шағын кәсіпкерлік тиімді нарықтық экономиканың дамуы үшін құрылымдық түзуші фактор ретінде маңызды рөл атқарып отыр. Ол бәсекелі ортаның дамуына жол ашты, нарықты тауарлармен және көрсетілетін қызметтермен толықтырды, халықтық кәсіпшілікті жаңғыртты, жергілікті билік органдарының экономикалық базасын нығайтты, ауылдардың, шағын және орта қалалардың дамуына септігін тигізді. Шағын кәсіпкерліктің артықшылығы - жұмсалған күрделі қаржының тез өтелуі, өндірушілердің аймақтық нарыққа бағдарлануы, сұранымның өзгеруіне жедел икемделуі, жұмыспен қамтылудың өсуі болып табылады. Қазақстан Республикасы жүргізіп отырған әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарының бірі - шағын бизнесті дамыту. Халықаралық сыртқы ортаға қатысты бүкіл потенциялды қиындық қазіргі кезде өте белсенді талқылануда, оның себебі, шағын және орта бизнестің тек қана ішкі нарыққа бағдарлануына байланысты бәсекелік қабілеттің төмендігінде. Сондықтан егер біздің еліміз БСҰ - ына (Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымы) кірсе, онда осы сектордың елімізде экономикамызды әртараптандыруға мүмкіндігі болмай қалады. Осыған орай әлемдік ұйымға кірер алдында осы сектордың бәсекелік қабілеттерін жоғарлатуға бағытталған.
Шағын және орта бизнес түсінігінің мәнін ашпас бұрын, алдымен оның қалыптасу көздерін анықтап алу керек. Шағын және орта бизнесінің әртүрлі критерийлерін түсіну, оның қоғаммен байланыс қызметі экономикалық өмірдің дамуымен өзгеріп, жан-жақты бола бастағанын білеміз. Шағын және орта бизнес - бұл тек аумақтық шектеулі жергілікті тауарлар және/немесе қызметтер нарығына бағытталған, тиісті нарықта, әдетте, шағын көлемді өндіріс факторларын, өндірісті ұйымдастырудың және бизнесті жүргізудің нақты әдістері мен тәсілдерін қолданумен сипатталатын аз үлес салмағын алатын, тәуекелі жоғары коммерциялық қызмет, атап айтқанда, меншік иесі өз кәсіпорнын жеке басқарады және әдетте оның өндірістік процесіне тікелей қатысады.
Шағын бизнестің дамуы экономиканың ойдағыдай реформалануы көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Кәсіпкерлер табы - нарықтық дамудың ажырағысыз нышаны, экономикалық қатынастардың дербес субъектісі. Шағын кәсіпкерлік секторы бірқатар әлеуметтік атқарымдарды орындайды, олардың қатарына жұмыспен қамтылу, әлеуметтік шиеленісті бәсеңдету және нарықтық қатынастарды демократияландыру жатады. Шағын бизнесті шағын кәсіпкерлік деп те атайды. Республикада шағын кәсіпкерлік тиімді нарықтық экономиканың дамуы үшін құрылымдық түзуші фактор ретінде маңызды рөл атқарып отыр. Ол бәсекелі ортаның дамуына жол ашты, нарықты тауарлармен және көрсетілетін қызметтермен молықтырды, халықтық кәсіпшілікті жаңғыртты, жергілікті билік органдарының экономикалық базасын нығайтты, ауылдардың, шағын және орта қалалардың дамуына септігін тигізді [4, б. 123] . Шағын кәсіпкерліктің артықшылығы - жұмсалған күрделі қаржының тез өтелуі, өндірушілердің аймақтық нарыққа бағдарлануы, сұранымның өзгеруіне жедел икемделу, жұмыспен қамтылудың өсуі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz