Ұйымдағы стратегиялық менеджмент
Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және
инжиниринг университеті
СОӨЖ №10
Реферат
Пән: Менеджмент
Тақырып: Ұйымдағы стратегиялық менеджмент. Нақты кәсіпорынның SWOT-талдауын жүргізу
Орындаған: Әзімбаев Нұрғиса
Группа: ГМУ 20-1
SWOT-талдау: саяси жарнама Менеджмент саласының дамуы XX ғасырдың басында орын алып, басқаруды ғылыми түрде ұйымдастыруға болады деген түсініктер қалыптасты. Бұл менеджмент саласындағы жаңа кезеңді бастады. Дегенмен, менеджмент нақты ғылымдарға ұқсамайды. Себебі, басқару барысында нақты ұсыныстармен бірге, алдын ала болжау мен кейбір түсініспеушіліктер орын алады. Ғылыми және әдістемелік әдебиеттерде стратегиялық менеджмент ұғымына қатысты бірнеше анықтамалар ұсынылады. Дегенмен, олардың барлығы төмендегі үш әдістердің бірімен байланыста болады: 1) ұйымдастырушылық өлшемдеріне назар аударатын әдіс (қоршаған ортаны сараптау); 2) ұйымның ұзақмерзімді мақсаттары мен оған жету жолдарына сүйенетін әдіс (мақсаттары мен құралдары); 3) стратегияны орындау барысында қызметтік әрекеттерді басты мақсат тұтатын әдіс (қызметтік тәсіл) . Бірінші әдіс стратегиялық жоспарлау тәсілдерімен тығыз байланыста. Қолданылу барысында қоршаған ортаның ықпалы көп әсер етеді. Екінші әдіс бойынша ұйымның мақсаттары анықталу негізіндегі оған жетудің басты құралдарына сүйенеді. Ал, үшінші әдісте стратегиялық сараптама, таңдау және орындау қимылдарына мән беріледі. Сондықтан стратегиялық менеджмент бәсекелестік күнделікті орын алатын қоғамда пайдаланылады. SWOT-талдау әдісін саяси ғылымдарда осы уақытқа дейін А.А. Нұрмағамбетов пен Е.Қ. Алияров сынды т.б. ғалымдар қолданды. Әдісті қолдану барысында мәселенің жағымды және жағымсыз жақтарына сараптама беріледі, оның мүмкіндіктері бағаланып, орын алатын қатерлері туралы айтылады. SWOT-талдау жүргізу барысында автор жоғарыда аталған ғалымдардың ережелеріне сүйенді.
Сондықтан, SWOT-талдау барысында төмендегі нәтижелер анықталды:
Жағымды жақтары (Strengths): жарнамалық қызметтің заңнамалық, нормативті-құқықтық негіздері қалыптасты, жарнама саясатын мемлекет қолдайды және реттейді, ел тұрғындарының компьютерлік сауаттылығының жоғарылығы және ақпаратты алудың жоғарғы деңгейде болуы, саяси жарнама билік пен халық арасындағы өзара байланысты орнатады, мемлекеттік БАҚ-тармен қатар, жеке БАҚ-тардың қалыптасуы, билік орындары мен саяси партиялар, халық саяси нарыққа дағдыланды, саяси жарнамалық ақпаратты алудағы және таратудағы мүмкіндіктердің тең дәрежеде пайдаланылады, қоғам саяси құндылықтарды байыпты қабылдайды, әлеуметтік-саяси реформалардың орындалуы хабарланады, азаматтардың саяси тұрақтылықты күшейту қызығушылығын тудырады, саяси лидерлердің қоғамдағы жоғарғы рөлі көрсетіледі, сайлау науқаны кезеңінде электорат тек тұғырнамамен танысып қана қоймай, олардың нақты ұстанымдарын ұрандар арқылы қабылдайды.
Жағымсыз жақтары (Weaknesses): саяси жарнамада манипуляциялық тәсілдерге ерекше мән беріледі, аталған сала бойынша мамандардың аздығы, заңнамалық құжаттарда саяси жарнама туралы тек үгіт ретінде көрсетіледі, жарнамада саяси нарықтың сегментация принциптеріне, яғни, географиялық, мінез-құлықтық, демографиялық себептеріне мән берілмейді, азаматтар саяси жарнаманы тек сайлауалды үгіт-насихат кезеңінде тікелей түрін қабылдайтындықтан, электораларалық кезеңдегі жанама (тікелей емес) әсерін байқамайды.
Мүмкіндіктері (Opportunities): қоғам мен мемлекет арасындағы өзара байланыс шарттарын қамтамасыз етеді, сәтті орындалып жатқан саяси реформалар жаңа заңнамалық, нормативті-құқықтық негізін қалыптастырады, қоғам мүшелері саяси реформалардың жүргізілу маңыздылығын түсінеді, адамгершілік құндылықтарын үндейді, саяси жарнаманың қолдану салаларына мемлекеттік көмек, электораттың саяси мәдениетінің деңгейін көтереді.
Қатерлері (Threats): жасанды саяси имидж дайындалады, саяси жарнаманы реттеудегі заңнамалық базаның әлсіздігі жөнсіз жарнаманы пайдалануға әкеледі, мамандарды дайындаудағы тиімді жүйенің жоқтығы, сайлау науқаны кезеңінде "лас" технологиялар қолданылады.
Стратегиялық басқару есебін зерттеуде ғалымдар бірнеше позиция тұрғысынан қарастырады, ең алдымен зерттеу "стратегия", "басқару" және "есеп" түсініктерінің жиынтығы ретінде айқындалады. Сонымен қатар, стратегиялық басқару есебінің дамуы стратегиялық менеджменттің дамуымен ұштасады. Қазіргі экономика жағдайында стратегиялық менеджментке теориялық және тәжірибелік қызығушылық артуда. Себебі заманауи экономика жағдайында бұл басқару технологиясы отандық ұйымдардың келешектегі позициясын анықтауға және жоғарғы нәтижеге жету жолында уақытылы жоспар дайындауға мүмкіндік береді.
Стратегиялық менеджмент - талдау, жоспарлау және бақылаудың үздіксіз үрдісіндегі ұйым басшылығының жүйелі стилі ретінде айқындалады. Осыған байланысты сенімді стратегиялық шешімдерді қабылдау әртүрлі ақпараттың үлкен көлемін қажет етеді. Ал ақпараттың алуандылығы шешімдер қабылдау үрдісін қиындатады, ал стратегиялық жоспарлау ұйымның әртүрлі деңгейінде қолданылады. Сондықтан басқару есебінің стратегиялық менеджмент аясындағы пайдалы функциясы - белгілі бір кезең аралығында әртүрлі деңгейдегі бөлімшелер шешім қабылдау үшін қажетті ақпаратпен қамтиды.
Стратегиялық шешім дайындау кезінде ұйым менеджментінің қажеттілігіне қызмет көрсету үшін басқару есебінің жаңа әдістері қажет етіледі. Сол әдістердің жиынтығын заманауи немесе стратегиялық басқару есебі деп атауға болады.
Стратегиялық басқару есебінің бір элементі ұйымның стратегиясын жасау және басқару стратегиясын жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.
"Стратегиялық басқару есебі" термині ХХ ғасырдың 20-жылдарында пайда болды. Ал стратегиялық басқару есебі аясындағы үлкен дискуссия ХХ ғасырдың 80- жылдарының аяғынан бастау алады. Баспаларда басқару есебінің дәстүрлі әдістері сынға алынып, сол уақыттың бизнесті жүргізудің бәсекелестік ортасына сәйкес келетін жаңа тәсілдерін насихаттау жүргізілді. Соның ішінде жаңа тәсіл ретінде стратегиялық басқару есебі белсенді ұсынысқа ие болды. Бірақ қазіргі уақытқа дейін стратегиялық басқару есебінің толық негіздемесі жоқ.
Колин Друри өзінің "Басқару және өндірістік есеп" атты жұмысының бір бөлімін стратегиялық басқару есебіне арнады. Автор бұл жұмысында стратегиялық басқару есебі проблемалары жөніндегі әртүрлі авторлардың анықтамаларын келтіріп,стратегиялық менеджмент үрдісіндегі стратегияны айқындауда қолдануға болатын ұйымның біріктірілген көрсеткіштерін өңдейтін жалпы тәсілдерін қарастырды.
Екінші тараптан, Дж. Иннз стратегиялық басқару есебін стратегиялық шешімдерді қабылдау үшін ақпаратпен қамтамасыз ететін тетік ретінде қарастырады. Негізінде стратегиялық шешімдер ұзақмерзімді болып келеді, ұйымның барлық жағынан қызметіне әсер етеді, ішкі құрамына бағытталмаса да, сыртқы бағыттылығы болады. Стратегиялық басқару есебінің мұндай анықтамасын қабылдау, ұйымның ұзақмерзімді негізгі шешімдерін қабылдауға ұсынылған ақпарат стратегиялық басқару есебінің категориясына жатқызылады.
Мұндай көзқарасты Купер мен Капланда ұстанды. Олар стратегиялық басқару есебінің тәсілдері ең алдымен ұйымның жалпы бәсекелестік стратегиясын қолдау, негізінде өнім мен қызметтің өзіндік құн есебін жетілдіру үшін информациялық технологияларды қолдану үшін өңделеді деп жазды. Бірақ арнайы ғылыми әдебиеттерде стратегиялық басқару есебінде басты назар сыртқа бағытқа аударылған басқа да анықтамалар ұсынылған. Мысалы, К.Симмондз стратегиялық басқару есебі терминін өз бизнесі стратегиясын өңдеу мен қадағалауға қолданылатын өз бизнесі мен бәсекелестер бизнесін талдау әдісі ретінде қарастырған.
К.Симмондздың анықтамасы бойынша, стратегиялық басқару есебі - компания, оның бәсекелестері туралы экономикалық стратегияны жүзеге асыруды өңдеу және бақылау үшін, әсіресе нақты шығындар мен бағаның, нарық көлемі мен үлесі, ақша қаражаттары мен фирманың қажет жалпы ресурстарының үлесіне қатысты деңгейі мен тенденциясын қолдану үшін басқару есебі мәліметтермен қамтамасыз ету және талдау. Келтірілген анықтамадан стратегияны әзірлеуші, яғни компанияның стратегиялық жағдайындағы өзгерістер туралы өз іс-әрекеттеріне қажетті тиімді өзгертулер қажеттілігіне негізделген стратегиялық есептің логикасы көрініс табады.
"Оксфордтық бухгалтерлік түсіндірме сөздігінде" стратегиялық басқару есебі менеджмент қажет ететін ұзақмерзімді стратегиялық шешімдерді орындау үшін, дәстүрлі тәсілден өзгеше, тактикалық шешімдерді қабылдау үшін ақпаратты қалыптастыруға мүмкіндік беретіндей етіп ұйымдастырылған жүйе ретінде анықталған. [1]
Стратегиялық есепке деген қызығушылық Саутгемптон университетінің менеджмент мектебінің профессоры Боб Райанның "Басшы үшін стратегиялық есеп" монографиясының жарық көруінен кейін едәуір арта түсті. Боб Райан стратегиялық есептің теоремаларын тұжырымдап, "С-цикл" моделі ретінде көрініс тапты. Оның көзқарасы бойынша стратегиялық есеп қаржылық талдау проблемаларына, яғни "4 С" төрт фактормен байланысты (ағылшынша commitment, control, cash, capability): міндеттемелер, бақылау, қолма-қол ақша және потенциал. Бұл теоремалардан негізі түрлі ұйымдардың проблемаларын қарастыруға болатын қағидалар туындайды. Оның ойынша, стратегиялық есеп дегеніміз ұйымның қаржылық және есептік проблемаларын көрсететін белгілі бір әдіс болып табылады. Боб Райан стратегиялық есепті кәсіпорын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz