Қысқаша айтқанда, рухани жаңғырудың бағыттарын айқындайтын өмір сүру философиясы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Реферат

Тақырыбы: Қазақстанның қазіргі дамуының басымдықтары аясындағы прагматизм философиясы

Орындаған: Шадибекова Назерке
Тобы: МС20-13к2
Қабылдаған:Назира Болатқызы

Шымкент 2022ж

Жоспар

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1) Прагматизм философиялық ағым ретінде;
2) Қазақы прагматизм;
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе
Елбасы өзінің Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру атты мақаласында ХХI ғасырдағы ұлттық сананың өзгеруі бүгінгі қоғам дамуының басты талабы екенін көрсете отырып, оны экономикалық, саяси, рухани дамудың өзегіне, қозғаушы күшіне айналдырудың маңыздылығын атап өткен. Заман талабына сай біртұтас ұлт болу үшін Елбасы рухани жаңғырудың әдістемелік ұстанымдары мен қағидаларын, дүниетанымдық бағыттары мен құндылықтарын саралай отырып, өз көзқарасын оқырман назарына ұсынған.
Елбасы бүгінгі радикалды идеологиялар ғасыры келмеске кетті. Енді айқын, түсінікті және болашаққа жіті көз тіккен бағдарлар керек. Адамның да, тұтас ұлттың да нақты мақсатқа жетуін көздейтін осындай бағдарлар ғана дамудың көгіне темірқазық бола алады. Ең бастысы, олар елдің мүмкіндіктері мен шама-шарқын мұқият ескеруге тиіс. Яғни, реализм мен прагматизм ғана таяу он жылдықтың ұраны болуға жарайды деген ойды алға тартады. Сонымен, прагматизм идеологиясы - қазақ қоғамының басты қозғаушы күштерінің бірі, дүниетанымымыздың негізі, іс-қимылымыз бен ұстанымдарымыздың, құндылықтарымыздың темірқазығы. Қысқаша айтқанда, рухани жаңғырудың бағыттарын айқындайтын өмір сүру философиясы. Ол бәсекелікке қабілеттіліктің де, білім сапасы мен салтанат құруын да, жаңа сана үлгісін де, өмір салтымыз бен адами қатынастарымызды, санамыздың ашықтығы мен өзгеру бағытымызды айқындайтын парадигмаға айналмақшы.

Негізгі бөлім
Жалпы, оқырманға түсінікті болу үшін, прагматизм ұғымына сәл үңілген артық болмас. Прагматизм термині - іс, іс-әрекет дегенді білдіреді. Кейіннен, ХIХ ғасырда, ол америкалық философ Чарльс Пирстің атымен тығыз байланысты болды. Прагматизмді таза АҚШ-тық философия деп түсінуге болады, ол күні бүгінге дейін АҚШ қоғамында ерекше ықпалға ие. Прагматизмнің басты қағидалары: ақиқатты тиімділік тұрғысынан мойындау, нақты тәжірибе бәрінен де маңызды, адам мақсат үшін өмір сүреді, адам бірдеңеге қол жеткізу үшін салыстырмалы білім де жеткілікті, ақиқаттың өлшемі практика, іс-әрекетте жетістікке жету үшін күмәнді еңсеріп, сенімге ие болу, адам ақиқаттан бұрын сенімге ұмтылу керек деген қағидаларды ұсынады.
АҚШ қоғамының табысты өмір салты негізінде өнімді, тиімді қозғалыс идеясы жатыр. Мұндай философияның өзгерістер кезеңінде дүниеге келетінін өмірдің өзі дәлелдеді. Өмірдің әрбір сәтіне сәйкес келу, өмір сүре білу үшін өзгере білу және соған сәйкес әрекет ету, оны ұлттың жиған тәжірибесімен ұштастыру практикалық философияның өзегі десек те болады. Елбасының прагматизм философиясына назар аударып отырғандығының басты себебі де осында болса керек. Мақалада, ұлттың рухани жаңғыруының күре тамыры прагматизм ұстанымдарының ұлт санасына сіңуімен тікелей байланысты екенін, ол үшін қанымызға сіңген, ментальдық болмысымыздың сипатына айналған кейбір дағдылардан арылу қажеттігі туралы ой айтылады. Солардың бірі - аста-төк ысырапшылдық, даңғойлық, астамшылдық. Әу баста, бұл қасиеттен нарық құтқарады, ұлтты үнемшіл болуға, байлықтың құны мен қадір-қасиетін бағалауға үйретеді деген ой-пікірдің де болғаны белгілі. Нарық заманының ширек ғасырын артқа тастасақ та, әлі сол ысырапшылдыққа жол берудеміз. Үнемдеуді үйрене алмай келеміз. Ысырапшылдық - жеке тұлға, ұжым, әлеуметтік топ, тіпті мемлекет деңгейінде көрініп отырғаны мәлім.
Біздің әлі де болса, еңбекті, байлықты бағалай алмай жүргеніміз байқалады. Келген байлық адал еңбектің нәтижесі болса, маңдай теріңмен келсе, мүмкін ойланған болар ма едік? Байлық шашуды емес, жинауды, еселеуді, үнемдеуді қалайды. Байлықтың иесі мен киесі болады. Біздегі байлықтардың иесі болғанмен, киесі жоқ. Киесіз байлық кетуге, шашылуға дайын тұрады. Абай сөзімен айтқанда, иттікпен тапқан малды, адамшылықпен жұмсайтын уақыт жеткен тәрізді. Бұл - бүгінгі байлықты ұқсату мен жаратудың формуласы. Оның менталдық негізіне жататын қасиеттер - надандық, мақтаншақтық, жалған бақталастық пен бәсекелестік, шектен шыққан тұтынушылық психология. Бұл жағымсыз қасиет жеке бастың деңгейінен асып, қоғамдық нормаға айналып бара жатқаны да белгілі. Рухани жаңғырудың менталдық кедергілері де осында.
Елбасының прагматизмнің жарқын үлгілерін бабаларымыздың өмір салтынан іздеп, оны бүгінгі өскелең ұрпақтың мінез-құлықтық негізі, іргетасы ретінде қалыптастыру, бүгінгі ұлттық идеологияның басты бағыттарының бірі екенін баса көрсетуі өте орынды. Ұлт менталитетінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Прагматизм туралы түсінік
Қазақы прагматизм
Қазақстанның қазіргі даму басымдықтары
Қазақстанның қазіргі дамуының басымдықтары аясындағы прагматизм философиясы
Халықтың құқықтық санасы
Қазақтың маркстік философиясы
Қазақстан Республикасының ақпараттық саясаты, бұқаралық ақпарат құралдарының (БАҚ) дамуы
Философидағы сана мәселесі
Болмыс пен ойлау арақатынасы мәселесі
Мәдени модернизацияны арнайы зерделеудің басты тақырыбы мәдени модернизация
Пәндер